Грамматика және оның салалары



бет8/9
Дата07.06.2023
өлшемі96,59 Kb.
#99537
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Грамматика және оның салалары Құралай

Аффикстердің кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, олардың өз ара қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, көлдің жағасы дегендегі -дің және аффикстері сөз тудырып тұрған жоқ, көл мен жага деген сөздерді байланыстырып; олардың бір- біріне қатысын білдіріп тұр.

  • Аффикстердің кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, олардың өз ара қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, көлдің жағасы дегендегі -дің және аффикстері сөз тудырып тұрған жоқ, көл мен жага деген сөздерді байланыстырып; олардың бір- біріне қатысын білдіріп тұр.
  • Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатысын білдіретін аффикстер сөз түрлендірушіаффикстер, ал олардың (сөз түрлендіруші аффикстердің) грамматикалық мағыналары реляциялық (Реляциялық - латынныңгеtаtіо (қарым-қатынас) деген сөзінен жассалған термин) мағына деп аталады.

Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі ұшырасатындары жұрнақтар мен жалғаулар. Жұрнақтар өз ішінде екі топқа бөлінеді: оның бірі-сөз тудырушы жұрнақтар, екіншгсі-форма тудырушы жұрнақтар.Сөз тудырушы жұрнак жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикаллық единицаға (сөзге) айналып, сөздіктерде өз алдына бөлек (дербес) реестр сөз ретінде қаралады. Мысалы, ек, су, қол деген түбірлерге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануынан жасалған мынандай туынды сөздер бар: 1) егін, егінші, егіншілік, егінді, егіс, егістік, екпе; сулы, сулык, сула, суландыру, сусау, сусыз; қолдау, қолдаушы, қолдан, қолданыс, қолдас, қолтық, қолтықта және т. б. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған осы туынды сөздердің әрқайсысы өзіне негіз болған түбірден мағынасы басқаша, өз алдына бөлек-бөлек лексикалық единицалар (сөздер) ретінде ұғынылады.

  • Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі ұшырасатындары жұрнақтар мен жалғаулар. Жұрнақтар өз ішінде екі топқа бөлінеді: оның бірі-сөз тудырушы жұрнақтар, екіншгсі-форма тудырушы жұрнақтар.Сөз тудырушы жұрнак жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикаллық единицаға (сөзге) айналып, сөздіктерде өз алдына бөлек (дербес) реестр сөз ретінде қаралады. Мысалы, ек, су, қол деген түбірлерге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануынан жасалған мынандай туынды сөздер бар: 1) егін, егінші, егіншілік, егінді, егіс, егістік, екпе; сулы, сулык, сула, суландыру, сусау, сусыз; қолдау, қолдаушы, қолдан, қолданыс, қолдас, қолтық, қолтықта және т. б. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған осы туынды сөздердің әрқайсысы өзіне негіз болған түбірден мағынасы басқаша, өз алдына бөлек-бөлек лексикалық единицалар (сөздер) ретінде ұғынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет