1. Дара / жалаң/
(Простые) 2. Күрделі (Сложные) Дара/жалаң/ зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі -
түбір зат есімдер,
екіншісі -
туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және
жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде
қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Мысалы:
ел, бала, қала, кітап т.б.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша
(жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы
жасалған заттық атауларды айтамыз. Мысалы:
елші, білім, аштық , кітапша т.б.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан
құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
1. Біріккен зат есімдер (сращенно-слитные)
2.
Қосарлаған зат есімдер
( парные)
3. Тіркес (құрама) зат есімдер (словосочетания)
4. Қысқарған зат есімдер (сложносокращенные)
. Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы
жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы:
қолжазба ( қол-рука , жазба-писменный), қолбасы, қолқанат, қолшатыр т. б.
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған
зат есімдер жатады.
Мысалы: әке-шеше (отец-мать=родители)
, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала- шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жауын-шашын, ой-пікір, ұрыс-керіс, т. б.
Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр
қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы:
ауыл шаруашылығы (сельское хозяйство), балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б.