Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі
1.Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы.
2.Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.
3.Грамматикалық мағынаның түрлері:
а) жалпы грамматикалық мағына;
ә) категориялық грамматикалық мағына;
б) қатыстық грамматикалық мағына.
4.Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі.
ЛМ мен ГМ арақатынасы
Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.
Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
1. Семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асатын белгілі бір топтағы сөздерге ортақ мағына.
Мысалы: дала: заттық мағына, деректі зат атауын білдіруі, жалпы зат атауын білдіруі, жансыз зат атауын білдіруі.
- грамматикалық мағынаның сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы берілуі.
ЖГМ
КГМ
ҚГМ
семантикалық тәсіл
синтетикалық тәсіл
аналитикалық тәсіл
ГМ мен ГФ сәйкестігі
“Грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына берілмейді”
1. ГМ-сыз ГФ кездеседі.
2. ГФ-сыз ГМ беріледі.
3. 1 ГМ бірнеше ГФ арқылы беріледі.
4. 1 ГФ бірнеше ГМ береді.
Әдебиеттер:
К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1972. 8- 16-беттер.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 7-
10, 13-18 -беттер.
С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А.,1992. 28-40-беттер.
С.М. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 32-45-беттер.
А. Ысқақов. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма. // Қазақстан мектебі. 1961. N4 60-66-б
С.Исаев. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нольдік тұлға// Қазақстан мектебі. 1976. N 8 92-96-б.
Дұрыс па?
1.Грамматикалық мағына сөйлеу барысында туады.
2.Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да жалпы болады.
3. Грамматикалық мағынаның 3 түрі бар.
4.Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына беріледі.
5.Қосымшалар арқылы берілетін мағына қатыстық грамматикалық мағына деп аталады.
6.Ноьдің форма арқылы грамматикалық мағына беріледі.
7.Грамматикалық форманың екі түрі бар.
8.Морфологиялық категориялар сөз таптарына байланысты емес.
9.Грамматикалық категорияның анықтамасы: тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.