Шетелдік футурологиялық зерттеулермен айналысатын ұйымдармен байланыс орнату, тәжірибе алмасу;
Шетелдік ұрпақтар теориясын жасаушы және осы саладағы ғалымдардың тұжырымдамаларын зерттеу, сондай ақ, шолу жасау, тәжірибе жинақтау;
2010-2020 жж. мұғалім мен оқушының оқыту мен оқу процесіндегі жетістіктері мен білім нәтижелілігінің даму динамикасына сараптама жасалынады;
Модернизацияланған орта білім беру саясаты аясында жүргізілген/жүргізіліп жатқан білім реформаларының нәтижелілігі бақыланады, форсайт технологиясымен зерттеу жүргізіледі;
Мұғалімдердің кәсіби дамуына реформалардың тигізген ықпалы анықталады;
2020-2040 жж. мұғалім мен оқушының оқыту мен оқу процесіндегі жетістіктері мен білім нәтижелілігінің даму динамикасын болжамдайтын футурологиялық карта құрастырылады;
Қазақстандық жас ұрпақтың орта білім саласындағы «Келешек концепциясы» жасалынады;
Тақырып аясында шетелдік және отандық жариялымдарға ғылыми мақалалар ұсынылады, анықтамалықтар, инфографикалар т.б. шығарылады.