Гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу туралы Өтініш жалпы мәлімет


) жобаны жүзеге асырудың сыни нүктелері, баламалы жолдары



бет8/11
Дата06.01.2022
өлшемі156,32 Kb.
#16603
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Наша тема

2) жобаны жүзеге асырудың сыни нүктелері, баламалы жолдары

Жобаның идеялық мақсаты орта білім беру саласының алдағы 20 жылдағы даму көрсеткішін болжай отырып, осы мерзім ішіндегі қарыштап дамуы немесе көмескіленуі мүмкін салаларды анықтауға мүмкіндік туғызу.

Жобаның сыни нүктелеріне жоба тиімділігінің басым критерийлерін таңдау және таңдап алынған өлшемінің ықтимал өзгеруіне ықпал ететін негізгі бастапқы көрсеткіштер жүйесін анықтауды жатқызуға болады.

Жобаны жүзеге асырудың баламалы жолдарына:



  • Шетелдегі және Қазақстандағы орта білім беру сапасын бақылайтын органдардың немесе тәуелсіз экспертиза агенстволар сараптамаларымен танысу, аталмыш бағыттағы ұйымдармен іскерлік қарым-қатынас түзу;

  • Халықаралық және республикалық олимпиадалардағы жүлделі оқушылар мен сабақ үлгерімі нашар оқушылардың жылдық баланстарын, сонымен қатар, жүлделі оқушылардың пәндік рейтингтеріне анализ жасап, болашақта қай саланың басымырақ болатынына болжам жасау негізінде футурологиялық карта құрастыру;

  • Жоба ұсынушы авторлық ұжым Азия мен шығыс Еуропадағы дамыған/дамушы елдердің орта білім беру саласына жасаған болжамдары мен олардың балама жолдарын қарастыра отырып, салыстырмалы және нақты ғылыми зерттеулердің соңғы деректерін пайдаланып қазақстандық жас ұрпақтың келешек концепциясын жасауды көздеп отыр.

3) жоба шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу этикалық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері

Ғылыми жетекші, сондай-ақ зерттеу тобының әрбір мүшесі зерттеу нәтижесін жариялауда ғылыми әділдік пен ғылыми-этика нормаларын сақтауға міндетті және өзара әңгімелесу немесе түпнұсқадан алынған идея, жаңа ақпаратты пайдалануда бұрмалауға, түзетуге, көшіріп алуға, авторларды мойынсынбауға жол берілмейді; мұрағаттық құжаттарды пайдалануда мұрағаттық құжаттарға қойылатын талаптардан ауытқымау, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және ЖОО-ның, академиялардың ұжымдық шарттары мен жарғысын, мемлекеттік заңдарын сақтамауға және зерттеу тобының мүшелерінің күмәнді немесе кәсіби емес тәртіпсіздігіне жол берілмейді. Ғылыми-этика нормаларын сақтау төмендегідей жүргізіледі:

- ұсынылатын тақырып бойынша пікірталасты ғылыми қауымдастық арасында және қоғам деңгейде ынталандыру;

- алғашқы алынған мәліметтерді сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және барлық алынған нәтижелерді есепке алып тіркеу;

- зерттеудің нәтижелерін өз кезегінде авторлық құқық сақталатындай ғылыми мақалалар, футурологиялық карта және келешек концепциясы ретінде жарыққа шығару;

- басқа ғалымдар мен зерттеу тобының мүшелері пікірталасқа және өзара сынға ашықтығы;

- өте құнды ғылыми жетістіктер авторлық куәлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инновациялық патенті арқылы қорғалады.

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысы барысында алынған барлық ғылыми нәтижелер зерттеу тобы мүшелерінің жеке меншігі болып табылады. Зерттеу тобының әрбір мүшесі жеке интеллектуалды еңбек нәтижесіне құқы бар.



4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулердің механизмін және бөлшектік тәртібін, жоспарланған зерттерулердің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігін сипаттау; қарастырылмайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет