Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Натрий тетраборатымен тұз қышқылының титрiн анықтау



бет6/29
Дата22.04.2023
өлшемі463,96 Kb.
#85690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Сандық анализ зерхана

Натрий тетраборатымен тұз қышқылының титрiн анықтау

Дайындалған ерiтiндiден 25 мл алып, титрлейтiн 250 мл колбаға құйып, оған 2-3 тамшы метилоранж индикаторын тамызады. Бюретканы 2 рет да-йындалған ерiтiндiмен жуып, белгiсiне дейiн толтырып, тексереді, еш жерiн-де ауа қалмауы тиiс. Колбадағы натрий тетраборатының ерітіндісін бюретка-дағы тұз қышқылының ерітіндісімен қызғылт сары түс пайда болғанша титр-лейді. Титрлеудi 2-3 рет қайталап, бiр-бiрiне сәйкес келетiн нәтижелердi алып, ортақ мәнiн табады:


V1 = 24,76 мл НСl
V2 = 24,80 мл НСl
V3 = 24,78 мл НСl

Ендi формула бойынша тұз қышқылының нормальдылығын табады:

Натрий (калий) гидроксидтерiнiң титрлейтiн ерiтiндiлерiн дайындау

NaOH, KOH гидроксидтері карбонаттардан таза, яғни химиялық таза зат күйлерiнде болуы шарт.


Химиялық таза натрий және калий гидроксидтерін дайындаудың бірнеше жолы бар:
1) Таза металдық калий мен натрийды жұмыс алдында дистилденген суда ерітіп дарлау.
2) Дайын тұрған натрий мен калий гидроксидтеріне барий немесе строн-ций хлоридін қосу арқылы карбонаттардан арылу.
3) Концентрлі (50%) натрий гидроксидін қайнату арқылы карбонаттардан арылу. Бұл әдіс калий гидроксидін тазартуға келмейді.
Үшінші әдіс бойынша натрий карбонатын тазарту үшін фарфор немесе ыстыққа төзімді стақанға 100 г натрий гидроксидін алып, оған 100 г дистил-денген су құяды. Суды абайлап, аз-аздан, үзбей араластыра отырып қосу қажет. Сол кезде карбонаттар суспензияға түсiп, астында қалады. Дайын бол-ған ерітіндіні 2-3 сағат қайнатып, суытып басқа колбаға, түзiлген суспензия-ны араластырмай, шыны сүзгiштен өткiзеді. Дайын болған концентрлі ерi-тiндiнi резина немесе әйнек қақпағы бар пластмасса немесе шыны ыдыста сақтайды.


50% NaOH-нен 1н ерiтiндi дайындау

Мысалы: 500 мл 1 н NaOH ерiтiндiсiн дайындау үшiн 50% ерiтiндiден қанша алу керек?



  1. Алдымен ареометрмен 50% натрий гидроксидi ерiтiндiсiнiң тығыздығын анықтау керек, ол 20оС-та d=1,50 г/см3 тең болады. Кестеден оның мөлшерін анықтайды, құрамында 47,33% NaOH бар.

  2. 500 мл 1 н NaOH ерiтiндiсiн дайындау үшiн 50% ерiтiндiден қанша көлем алу керектігін табады:

1000 мл ерiтiндiде ------ 40г (1 г-экв) NaOH бар,
500 мл ерiтiндiде ------ х г (г-экв) NaOH

100г ерiтiндiде ------- 47,33г NaOH
у г ерiтiндiде --------- 20г NaOH


Көрсетiлген мөлшерде NaOH натрий гидроксидін цилиндрмен өлшеп алып, 500 мл колбаға құйып, белгiсiне дейiн дистилденген сумен толтырып, араластырады. (Көзәйнекпен, өте мұқият орындау қажет керек). Басқа құрғақ ыдысқа құйып, ауадан көмiртек (IV) оксидiн бойына сiңiрмеу үшiн натрон әгiмен толтырылған хлорлы кальций трубкасын пайдаланып, бюреткаға жал-ғастырады. Содан соң тұз қышқылымен титрiн анықтайды.
Осы даярланған NaOH ерiтiндiсiнен 25 мл алып, 250 мл колбаға құйып оған белгiсiне дейiн су құяды (0,1н. ерітінді болады), содан кейiн осы ерiтiндiден 25 мл пипеткамен алып титрлейтiн колбаға құяды да, оған 2-3 тамшы метилоранж тамызып, тұз қышқылымен сары түстен қызғылт сары түске ауысқанша титрлейді. Жоғарыдағыдай 3-4 рет қайталап жасап, жуық үш мәндi алып, ортақ мәнiн табу керек.
Есептеу:
V1 = 24,42 мл НСl
V2 = 24,38 мл НСl
V3 = 24,40 мл НСl
НСl
Сонда, NNaOHVNaOH = NHCIVHCI







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет