Грек әдебиеті



бет4/18
Дата28.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ежелгі грек әдебиеті мен мәдениеті слайд

Софокл


Софокл (б.з.д. Y ғ.). Грекияның ұлы ақыны Софокл б.з.д. 496 жылы Афиныда дүниеге келіп, б.з.д. 406 жылы қайтыс болған. Белгілі адамның отбасында дүниеге келіп, жақсы тәр­бие алған Софокл, бала кезінен грек поэзиясын жаттап өседі. Ол Гомерден бастап, Эсхилге дейінгі грек поэзиясын сүйіп оқиды. Софокл 16 жасында грек жерінде болған Саламин шайқасында жеңісті дәріптейтін жастардың хорын ұйымдастырады. Ол өзінің музыкаға де­ген ынтасымен де ерекшеленеді. Софокл өз трагедияларының әуенін сомдайды. Осындай талант­тың иесі болған Софокл еңбексүйгіштік қасиетімен де ерекшеленген. Ол өз заманы­ның ұлы ақыны ғана болып қоймай, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер де атқарған.

Деректерге сүйенсек Софоклдың 123 шығармасы бар делінеді. Бізге жеткені — 7. Олар: «Аякс», «Трахинянки», «Антигона», «Эдип патша», «Электра», «Филоктет», «Эдип Колон­да» трагедиялары. Бұл трагедиялардың дәл қай уақытта жазылғаны белгісіз.

Софокл трагедияларында өзі өмір сүрген заманының проблемаларын басты мәселе етіп қояды. Олар адамдардың дінге және құдайға деген көзқарасы, заң туралы, жеке адамдардың кызығушылықтары, адамдардың және құдайлардың еркіндігі, мейірімділік пен ар мәселесі т.б. Софоклдың ойынша, адам өзін ертеңгі күні не күтіп тұрғанын болжауы мүмкін емес. Ол тек қана жаратушы құдайдың қолындағы іс дейді.

Дарынды ақын — артына осындай ұлы мұралар қалдырған тұлға. Б.з.д. ІҮ ғасырда Софоклдың трагедиялары Дионисийдің репертуарына енген. Афины театрында Софоклдың құрметіне ескерткіш орнатылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет