Грек әдебиеті



бет6/18
Дата28.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ежелгі грек әдебиеті мен мәдениеті слайд

Аристофан


Аристофан (б.з.д. Y ғ.). Көне грек көркем әдебиетінің негізін салушылардың бірі — Аристофанды бүкіл дүниежүзі комедия жанрының атасы ретінде біледі. Өкінішке орай, бізге Аристофан өмірінен жеткен мәлімет өте аз. Аристофан б.з.д. 445 жылы дүниеге келген. Ол — ертедегі антикалық комедия өнерінің дамуына үлкен үлес косқан тұлға.

Жас кезінде Эгин бұғазында жұмыс істеп, әскери қызмет атқарады. Оның шығарма­ла­ры: «Қарақшылық», «Вавилонда», «Ахарнях»[10], «Байлық» атты комедиясы, б.з.д. 388 ж. сахнаға қойы­лады. Бұдан кейін «Конад», «Эолосинион» оның ұлы Арардың атымен қойы­лады, бірақ бұл туындылар белгісіз болып қалды. Аристофан 40 аса комедия жазған, соның 11 ғана жеткен.

Оның «Алма», «Құстар» және басқа да бірқатар шығармаларында басынан аяғына дейін тұнып тұрған тәлім-тәрбие, адамдарды адамгершілікке баулу мәселесі қозғалып, автор­дың айтар ойынан ізгілік исі аңқып тұрады. Аристофанның ең маңызды сатиралары — әдеби пародияға өте ұқсас. Комедиялық образдардан жазушының өз характерін, көркемдік бейне­сін толық аңғаруымызға болады. Ең керемет бейне ретінде «Бағбаншы» комедиясындағы ролін Аристофан өзі ойнап шығады. Аристофан сомдаған Клеон рөлін ең ұятсыз, өтірікші, адам өлтіруші, елінің сенімін ақтамаған, байлардың зәресін алушы, өмірге қауіпті адам ретін­де әр азаматты кінәлаған демократияға қарсы дұшпан ретінде ойнайды. Аристофан өмірде болған, көзімен көрген жайттарды ғана қағаз бетіне түсіріп отырған. Сондықтан оның барлық шығармаларынан тарихи дәлдікті аңғарамыз. Аристофан комедиялары тез, шапшаң оқылуымен, оқиғасының мәнділігімен, сюжетінің сазды­лығымен, тақырыбының алуан түрлілігімен ерек­ше­ленеді. Комедияларының басты кейіпкерлері қай уақытта болсын табан астында тауып айтылған әзілдің арқасында қиыннан жол тауып кетіп отырады. Әлем әдебиетінде Аристофан Платоннан кейінгі ұлы ізбасар ретінде танылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет