Грек әдебиеті



бет9/18
Дата28.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26608
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Ежелгі грек әдебиеті мен мәдениеті слайд

Феокрит


Феокрит (б.з.д. III ғ.). Феокрит Сиракуз аралында б.з.д. 300 жылы дүниеге келген деген болжам бар. Бірқатар шығармаларында ақын Птоломей II Филадельф патшаның кең пейілдігін, Береника ханшайымға арнап мадақтау өлеңдерін жазған. Ақынның тек 30 идиллиялар жинағы мен 23 эпиграммасы жеткен. Феокрит — «идиллия» жанрының негізін салушы. Бұл сөз тура мағынасында «көрініс», «шағын пьеса» дегенді білдіреді. Жаңа заманда бұл терминге бір қалыпты, тыныш, қара­пайым өмірді бейнелейтін мән берілген. Феокрит идиллиялары мазмұны жағынан келесідей топтастыруға болады:

а) Буколикалық немесе мал бағушылық (малшылық) өлеңдері. 11 санымен (I, ІІІ-ХІ, XX) таби­ғат аясындағы малшылардың өмірін, өзара айтысы түрінде бейнелейді.

б) Мимдер, 4 санымен (II, ХІҮ, ХҮ, XXI) драмалық көріністерді баяндайды. Мысалы, II идиллия­сында жас әйел өзін тастап кетфкен сүйген адамын қайтармақ болып магиялық әре­кет­терге жүгінгені бейнеленеді. Бұл әрекет оның қолынан келмей, ол түндегі жарық айға өз бақытсыздығын айтып, жас төгіп бұл тығырықтан шығатын жол жоқ екеніне налиды.

Мимдерге қарағанда Феокрит идиллиялары реалистігімен ерекшеленеді. «Сиқыршы­лар», «Сиракуз әйелдері», «Балықшылар» сияқты идиллияларда Сафрон мимдеріне еліктеу­шілік байқалады. Бұл туындылар қарапайым балықшылардың өмірін суреттеуге негізделген. Бейнеленген адамдардың өмірі кедейлік тауқыметін тартумен өтеді. Мұндай адамдардың өздерінде жоқ нәрселері түстеріне енеді. Мысалы, олар түсінде үлкен балық аулап алады, қараса алтын балық екен…

Феокрит идиллиялары жеке тұлғаның дамып, күрделене түсуін көрсетеді. Оның өнерін жалғастырушы Бион және Мосх болды. Римдік ақын Вергилий өзінің буколикалық шығарма­ла­рында Феокрит тәсіліне еліктеп, оны қайта өрлеу дәуіріне дейін жеткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет