Грек metaphora ауыстыру) троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы


Бұл мысалдардағы көзім көр, көңілім жер болып, жүрегім мұздап, етім өліп, сөз тұншығып сынды метафоралар — оқырман сезіміне бірден əсер ететін, экспрессивті-эмоционалды мəні жоғары метафоралар



бет9/10
Дата06.01.2022
өлшемі451,46 Kb.
#12958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бұл мысалдардағы көзім көр, көңілім жер болып, жүрегім мұздап, етім өліп, сөз тұншығып сынды метафоралар — оқырман сезіміне бірден əсер ететін, экспрессивті-эмоционалды мəні жоғары метафоралар.


Метафора — көркем шығармаларда ойды астарлы түрде, əсірелеп жеткізу үшін, сонымен қатар шығарманың көркемділігін, бейнелілігін арттыру үшін қолданылатын əдебиеттегі тілдік құбылыс. Ол қандай да туындының мағыналық нақышының қасиетін, эстетикалық күшін арттырады. Метафораны ойлы, тəрбиелік мəні бар, жалпы өлең не прозалық туынды баламасындағы кез келген шығармадан кездестіруге болады. Əдебиетте көркемдеуіш құрал деген атау алған бұл құбылысқа берілген анықтамалар өте көп. Мысалы, «Метафора белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстың бір атаумен аталуы. Бұл жерде ұқсастық дегеннің ұғымы кең: заттар мен құбылыстар түр-түсі жағынан əр түрлі болып келуі мүмкін: бір атаумен аталатын зат немесе құбылыстың бірі өмірде бар, нақты, ақиқат болуы, ал дəл сол атаумен беріліп, белгілі бір заттың өзі нақты болмауы мүмкін. Бірақ екеуіне де ортақ жайт — жалпы бір ұқсастық атаулы» [3; 144].

«Метафора — троптың бір түрі, ұқсастық, сəйкестік жəне т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы».«Метафора — көркем шығармадағы сөздерге қарағанда сапалы түр-бояу, бедерге тəн тəсіл болғандықтан, өз сөз зергерлерінің қолтаңбасын анықтайтын тілдік өрнек. Тілде сөз метафорамен түрленіп өңделеді, ажарланып бейнелі құралға айналып отырады. Кез келген шығармада метафораның екі түрі кездеседі: бүкіл халыққа түсінікті тұрақты ауыс мағынасындағы дəстүрлі қолданылып келе жатқан метафоралар жəне əлі халықтық сипат алмаған, жеке автордың тілдік қызметінде өзі шығарып қолданылатын метафоралар» [16].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет