абстрактілі мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастырады. Мұндай метафоралар ғылымда концептуалды метафора деп аталады. Зерттеуші Д.Əлкебаеваның пікірінше, концептуалды метафора «өзінің бейнелілігін сақтай отырып, жаңа лексикалық мағынаға ие бола алатын сөздер тобы» [15].Жазушылар шығармаларында осы сынды метафоралар да өзіндік қолданыс тапқан. Мысалы: Біз Əулиекөлді жағалай жүріп, арғы бетке құлағанда, менің оқу мүжіп, ақ жемін шығарып тастаған миым жаңа бір қуатты нұрға шомылғандай, баяғыша, елдегіше жұмыс істей бастаған еді («Қайдасың, қасқа құлыным», 84-б.). Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ, тек астымыздағы аттардың деміккен танау пырылы мен тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана осы жүрістің өсекшісіндей маңайға дабырлайды («Қайдасың, қасқа құлыным», 115-б.). Əйнектері де дағарадай-дағарадай, көзіммен өлшеп жібердім («Əжем мен Емші жəне Дəрігер», 290-б.). Осы асықпауымның ар жағынан ындыны құрыған құмарлық, бұйыртса енді қашпайтынына көзі жеткендіктен туындап жатқан қасақана жайбарақаттық байқалады («Тіршілік», 339-б.).Оқу мүжіп, кірпігі құлап, көзімен жер шұқуы, көзімен өлшеуі, тіс жармауы, көзінің жеткендігідеген метафоралар — абстрактілі мағынаны білдіретін жаңа сөздер;