Грек metaphora ауыстыру) троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы



бет5/10
Дата06.01.2022
өлшемі451,46 Kb.
#12958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сонымен қазақ тіл білімінде метафораға А.Байтұрсынов, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ə.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлдарының анықтамалары бар. М.Балақаев «Метафора деп заттардың, құбылыстардың ішкі-сыртқы ұқсастығына қарай ауыс мағынада жұмсалуын айтамыз» [6] деп анықтама береді. Профессор Б.Хасанов «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» атты еңбегінде тілдік метафораларды арнайы қарастырып, тура мағынадан ауыспалы мағынаның туындауы көбінесе метафораның негізінде пайда болатынын айтады [7].

  • Сонымен қазақ тіл білімінде метафораға А.Байтұрсынов, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ə.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлдарының анықтамалары бар. М.Балақаев «Метафора деп заттардың, құбылыстардың ішкі-сыртқы ұқсастығына қарай ауыс мағынада жұмсалуын айтамыз» [6] деп анықтама береді. Профессор Б.Хасанов «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» атты еңбегінде тілдік метафораларды арнайы қарастырып, тура мағынадан ауыспалы мағынаның туындауы көбінесе метафораның негізінде пайда болатынын айтады [7].
  • Ғалым қазақ тіліндегі метафоралардың лексикалық жəне грамматикалық басты ерекшеліктерін өзінің теориялық еңбегінде айқындады. «Метафоралы сөз саптауда таныс емес зат пен құбылыс міндетті түрде жақсы таныс нəрсемен салыстырылады» [7; 18].«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады» [8].
  • Қазір тіл білімінде метафораның адамның ойлау үрдісін қалыптастырушылық қасиетін ескере отырып, оны басқа қырынан қарастырады. Когнитивистикамен айналысушы ғалымдар осы тақырыпқа қызығушылықтарын білдіреді. Метафора ұғымдарды қалыптастырып, дайын таңбалар арқылы оларды атайды. Мəселен, Б.Қасым өз еңбегінде когнитивтік феномен ретінде танылған метафораның аталым жасаудағы маңызына тоқталады: «Метафора — тілде əмбебап құбылыс. Оның əмбебаптығы тілдің құрылымында жəне қызметінде көрінеді. Ол тілдің түрлі аспектісі мен қолданыстық қызметін қамтиды». Б.Қасым метафораның тілдік сипаты туралы «Тілдік метафорлар — туынды сөздерде метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нəтижесінде жаңа лексемалардың пайда болуы. Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді» [9], — дейді.
  • Метафора заттар мен құбылыстардың белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалады, ойды дамытады. Əр түрлі салыстырулар шығарма тіліне көркемдік береді.Метафора сөздердің мағына ауыстырып жұмсауы. Метафораны тілдік қолдану сипатына қарай түрлерге бөлушілік бұрыннан қалыптасқан. Ғалымдар метафораның құрылымын түрліше саралайды. Мысалы, Б.Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «Біріншісі — белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі — халықтық сипат алған дəстүрлі метафоралар» [7;138].
  • А.Ысқақов былай дейді: «Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі — бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем əдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал, ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дəл мұндай дəрежеде кездеспейді» [10]. Ғалым Т.Қоңыров метафораның жасалуына теңеудің негіз болатындығын айтады: «Əрбір теңеудің көлеңкесінен метафоралық мағына көрініп тұрады» [11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет