Группа: дги-101с Мазмұны



бет2/4
Дата02.05.2023
өлшемі136,18 Kb.
#89128
1   2   3   4
Байланысты:
«Туризмнің маңызы мен функциялары.

Халықаралық туристік алмасулардың даму перспективасы.
Соңғы жылдары халықаралық туризм бар әлемде біршама дамуда. шынын айтсақ, әр аймақтарда оның өсуі бірдей болмайтын Еуропада, Африкада,Латын Америкасында халықаралық туризм алмасуының көлемінің үлкейуі орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде болған ,Таяу Шығыс елдерінді ол 3,5 есе ұлғайды,; Оңт. Азияда – 6 есеге дейін, ал Шығыс Азияда 10 еседен артық.
Келесі 10-15 жылға халықаралық туристік алмасулардың даму перспективалары қандай болмақ? Бұл сұраққа жауап беру үшін, туризмнің дамуына әсер етіп тұрған факторларға назар аударған жөн.
Бұл жерде демографиялық факторлар тобын атап кету керек, оған ең алдымен әлемдегі халық қатынасуының өсуі жатады.Осының әсерінен әлемдік туристік потенциял ұлғаяды, туризмге жаңа адами ресурс қызық туғызады.Адам өмірінің ұзақтығының ұлғаюы және зейнетке шығу жасының төмендеуі туризімнің дамуына әкеп соқтырады. Қарт адамдарға арналған туризм(үшінші жастағы туризм) халықаралық туристік алмасудың ең бір керемет бөлігі болып саналады.
Әлеуметтік факторлар тобында, туризмнің дамуына әсер беруші, әр түрлі елдерде азаматтардың еңбекақысының жақсаруын және материалдық көмекпен қамтамасыз етілуін жатқызу керек. Одан басқа төленетін демалысқа берілген уақыттың ұлғайтылуы көп рөл атқарады,ол жұмыскерлердің бос уақытының көбейуіне әкеп соқтырады.
Тұрғындар арасында жалпы біліммен мәдениеттің өркендеуіде халықаралық туризімнің өркендеуіне әсер етеді, себебі басқа елдердің тарихын, мәдениетін, дәстүрін, өмір сүру салтын танып білуге құлшыныс артады.Экономикалық факторлар тобына континент және елдер арасындағы сауда және сыртқы экономикалық қатынастардың кеңейтілуін жатқызуға болады. Монополиялар-дың құрылуы, жаңа рыноктардың ізденуі халықаралық қатынастардың өсуін әкеледі.
Ғылыми технологиялық процесс транспортпен байланыстың өсуінде үлкен роль атқарады, әлем ортақ бір кеңістікке айналады, үлкен қашықтықтар басқа елге барам деушілерге кедергі болмады.
Халықаралық туризмнің әртүрлі сферада және мемлекеттік экономиканың әр саласында катализатор ретіндегі әсері зор. Туризм жаңа технологиялардың енуін, қолданылуын туғызад, әлемдік рыноктағы тауардың активизациясын арттырады, құралдармен әртүрлі өндірістердің инвестирленуіне әсер етеді, тұрғындардың емделуіне көмектеседі.Саяси факторларды ерекше атап кету керек. Демократиялық өзгерістер,хх ғасырда Шығыс Еуропа елдерінде 80 жылдың аяғы мен 90 жылдардың басында болған, «Суық соғыстың» аяқталуы және Шығыс пен батыс арасындағы қайшылық, Ресейде рыноктық қатынастың дамуы – осының бәрі халықаралық туризмнің кеңейюінде аса белсенді роль атқарады.
Туризмнің дамуына көңіл бөле бастаған мемлекеттердің аударған көңілін де атап айту керек. Олардың көпшілігі үшін, туризм – мемлекеттік бюджеттің өсуіне және ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін маңызды бөлімдердің бірі болып табылады.
Осы факторлардың барлығы халықаралық туризмнің, дамып келе жатқанын, қоғам өміріндегі ролінің артқанын және болашақта одан әрі арта түсетіндігін көрсетеді.
70-ші жылдардан бастап, дамушы елдер қатарында халықаралық турістік алмасулар жыл сайын ұлғайып келеді және Америка мен Еуропа мемлекеттерінің өсу деңгейінен асып кеткен. Бірақ, 80-ші жылдарда әлемдік туризмнің ортақ көлемінде оның үлесі салыстырмалы түрде жоғары емес болатын-32,6%. 90-шы жылдары ол өзгеріссіз қалды.
Бұдан қорытынды жасауға болады, соңғы он жылдықта Еуропа мен Америка шет елдік қонақтарды қабылдаудан лидерлік позициясын сақтап қалады, өз туристерін шет елге жіберу жағынан да солай болмақ.Белсенді түрде өз азаматтарын шет елге Жапония мен Австралия жіберіледі. Солтүстік Африка,Азия елдерінің Оңт.Еуропа елдерімен бәсекелестігі арта түседі, себебі оларда негізгі туристік ресурстар бар (теңіз, күн, жағажай)және қазіргі кезде инфрақұрылымның дамуына көңіл аударылып келеді және т.с.с.
Индустриялды дамыған елдерде халықаралық туристтік алмасудың 2/3-сі ішкі аймақтың саяхаттарды құрайды, ал дамушы елдердің көбінде – керісінше. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: Еуропа мен Америка сияқты индустриялды дамыған мемлекеттерден шет елдік туристерді қабылдайды.
Әлемде келесі он жылдықта, ішкі аймақтың туристік аймақтың туристік ағымдар сақталады, бірақ аймақтық бағыттардың көлемі ұлғаяды.
Халықаралық туризм ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі, ол жоғары көлемде табыс әкеледі(10%-валдық табыс).
1995 ж. АҚШ – та шет елдік қонақтарға туристік көрсетілетін міндет 58 млрд. доллар алды, Франция мен Италияда – 27 млрд., Испанияда – 25 млрд. доллар.
Бұл периодта негізгі екі туристік нарық қалыптасады - әлеуметі жақсы элитарлы туризм өкіметі және рекреациялық интеллегенциялық туризм. Осы уақытқа дейін отыз алты курорт және алпыс санатории құрылды. Бірақ бірінші дүниежүзілік соғыс бұл процесті тоқтатты. Көптеген туристік мекемелер бөлігі қызмет етпей қойды.
ІІ. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ

2.1 Астана қаласы бойынша туристік қызмет көрсету сапасын талдау


Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан бастау алған. Жылжыған жылдар көшімен сатылай дамыған туризм Тәуелсiздiк таңы арайлап атқан кезеңнен дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 жылдан Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше. 2001 жылы 13 маусымда «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» Заңы қабылданды. Онда туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары айқындалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.


Қазақстанның туристiк фирмалары бүгінде дүние жүзiнiң 80 аса елiмен қарым-қатынас жасайды. Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi бар. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға еліміздегі әр түрлi категориялы қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды. Осы заманғы дүниежүзілік экономикада туристік сала – аса жанды әрі перспективалы салалардың бірі, тіпті кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда Ішкі Жалпы Өнім көлемінің 1,5-2 % туризм үлесі құрайды.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сатысында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Зерттеу мәліметтері бойынша алыс-жақын шет елдерден республикамызға бет алатын туристердің 74 % - жабайы табиғатты, 63 % - көшпенділер мәдениетін, 59 % - тау жоталарын, 68 % - әсем табиғат көріністері мен шексіз кең даланы, 58 % - таза табиғатты тамашалауға құштар. Сондықтан да Қазақстандағы туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.
Елімізде жылдан-жылға туристік қызметке деген сұраныс өсіп келеді. Соған сәйкес туристік саладағы жұмыс орындарының көлемі де ұлғаюда. Туристік бизнестегі жұмыс технологиялары тегіс компьютерлендіріліп, өркендеуде. Осы замандық клиент талап қоюшы әрі таңдаушы. Олар сенімді серіктестер арқылы сапалы тур-тағамдардың жеткізілгенін қалайды. Мұның бәрі туристік сала қызметкерлерінен біліктілігін, жұмыс тәжірибесін және мамандығына машықтануын талап етеді. Сапалы туристік қызметті ұйымдастыру – осы замандық әрбір туристік фирманың алға қойған міндеті. Сапалы қызметпен қамту тағы да білікті маманға келіп тіреледі.
Төмендегі ұсынылған суреттердің үшеуінде де іскерлік және кәсіби мақсаттағылар саны - басым.
Төменде туристердің, бейрезиденттер мен резиденттердің Қазақстанға келу мақсаттары бойынша құрылымы ұсынылған.
Сурет-1, 2008 жылғы Қазақстанға туристердің келу мақсаттары бойынша құрылымы
Сурет – 2 - 2008 жылғы туристер мен бейрезиденттердің Қазақстандағы сапар мақсаты бойынша құрылымы

Сурет -3, 2008 жылғы туристер мен резиденттердің Қазақстандағы сапар мақсаты бойынша құрылымы


Туризмнің қазіргі индустриясы әлемдік экономиканың ең жоғары табысты және серпінді дамушы салаларының бірі болып табылады.


Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары болған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды нақты сұранысқа барынша жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар біздің еліміздің жас астанасы ретіндегі қалаға өсіп келе жатқан қызығушылық туризм саласын сипаттайтын көптеген көрсеткіштермен расталады.
2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында қала қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 84 қонақ үй жұмыс істеді. 2008 жылы қаланың туристік фирмаларымен және қонақ үйлерімен 340,3 мың туриске қызмет көрсетілді. Соның ішінде келу туризмі 53,0 мың адам, шығу – 31,1 мың адамды құрады. Ең үлкен үлес салмақ ішкі туризмге тиесілі – 256,2 мың адам (75,3%). 2008 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетілген туристер саны 35,4%-ға немесе 88,9 мың адамға көбейді. Бұл өсім 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскені келуші туризм есебінен болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет