Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет30/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Қара бұлт қалбаңдайды жан-жағында,
Жүніндей албастының алба-жұлба.
Шаһардың үсті толған қарға-құзғын,
Қаһарын төккен бе әлде Алла мұнда?
Құжынап құбыжықтар бәрі осында,
Бәлекет жынмен ауыз жаласуда 
[10], 
– деп бейнелеген.
Осылайша жын-перілер мен қарға-құзғындарды періш
-
телермен бетпе-бет кездестіріп, «Жаратқан, жар бола гөр, 
Жар бола гөр» деп тілейді. Қызыл өртке оранып, азан-қа
-
зан шулаған қаланың қақ ортасында «Әділдік!, Әділдік 
бер!» деп тілеген қалың жастар «қақаған қарлы боран ақ 
қырауда» өрт сөндіргіш машиналардың сумен атқылауы
-
ның астында қалады. «Өңкей бір темір аяқ, темір таяқ, 
Аяусыз тепкілеуде, соққылауда» деген жолдар бес қаруын 
асынған жаналғыш кеңес әскерлерінің қазақ жастарын 
дубинкамен ұрып-соққанын еске салса, «Жендеттің қо
-
лында жүр бұратылып, Бүлдіршін қыздарының бұрымда
-
ры» деген жолдар алаңға шыққандардың тек ұл балалар 
емес, олардың көпшілігі қыз балалар екенінен хабар бе
-
ретін деталь.
«Қарап тұр империя терезеден, Колбиннің көзіменен 
«тамашаға». Биікте қарап отыр қара қабан, Сескеніп 
аласұрған заманадан» деген жолдар Колбиннің сырт
-
қа шығуға қорқып, тек терезеден ғана бақылап отырға
-
нын, Орталыққа бар мәліметті сол сәтте жеткізгенін еске 
түсірсе, «Жастарды қызыл-ала қанға бөккен, Дамылсыз 
сүйрелеуде түрме жаққа...» деген жолдар сол күннің жан
-
ды суреті. Жастарды ұрып-тепкілеп, қолға түскенін ша
-
шынан сүйреп машинаға лақтырған көріністерді деректі 
фильмдермен көрген тарихи құжаттар да растайды. Міне 
осындай сұрапылды көрген ақын «Аталар, аттаныңдар, 
аттаныңдар, Аузында ұландардың аттарың бар... Аруақ
-
тар, ояныңдар барлығың да, Тірілер шақыруда, шақыру
-


122
да!» деп жар салады. Хан Абылай, Ер Қабанбай, Райым
-
бек батырлардың рухтарын атап шақырған ақын «Баласы 
барлық ақын бір ананың» деп қазақтың күллі ақындарын 
көмекке шақырады. Тәуелсіздік жолында құрбан болған 
Кенесарының Нысанбайды жоқтауы арқылы сол тұста
-
ғы кері кеткен кер заманнан хабар берсе, жыр дәстүрімен 
жырлай жөнелген Нысанбай абыздың «Ақсұңқардың ба
-
ласын, Құзғындарға талаттым», «Хас тұлпардың тұқы
-
мын, Қасқырларға жегіздім» деген зары Алаштың азатты
-
ғы Хан Кенемен бірге кеткен бе? дегенге мегзейді.
Батырлардан кейін ақын «Ақындар не кешпеген, не 
көрмеген? Көріп тұр қан-қасапты көгендеген» деп ақын
-
дарға кезек береді. Бұлттай боздап Асанқайғы бастаған 
қазақтың Махамбет, Дулат сынды бостандық, теңдік үшін 
күрескен ақындары алдымен жетеді. Автор осы тұста 
«Сен жақтан зауал соқты сар далама! Сенбесең, судай ақ
-
қан қанға қара» деп, Пушкиннің рухына шағынады. Бұл 
Кеңестер Одағының орталығы Мәскеуден Алматыға ағы
-
тылған зауалды тоқтатуға қазақ ақындарының ғана емес, 
орыс ақындарының да араласуынан туған тілек еді. Сон
-
дықтан да ол Пушкиннің аруағына қарата «Бар үміт сенде 
ғана, сенде ғана!» дейді. 
Тас тыққан тұқымдарың қалтасына,
Халқымның қанжар ұрды қолқасына!
Елімнің естігенше жылағанын,
Құрдымға неге ғана құламадым?
Бауырлар, тапсаңдаршы бір амалын, 
Сендерден сұранамын, сұранамын!?,
– деген зар тірілерден қолдау таппай, халі мүшкіл болған 
жанның жан айқайы, мұңы мен шері еді. 
Қаншама зұлматты көрсе де, мұндай сұмдықты құлақ 
естіп, көз көрмегені белгілі. Сондықтан да жастардың 
кескен баудай қырылып жатқанын көрген Момышұлы 
бастаған Мәншүк, Әлия сынды Ұлы Отан соғысының ба
-
тырлары мен жыр алыбы Жамбылдың да аруағы түреге
-
леді. Алаңды шырқ айналған Мұқағали аруағы өзі жырға 


123
қосқан батырларынан медет күтеді. «Бұл заман не боп 
кетті, Сәкен аға?!» деп кеңес ақындарынан медет күткен 
ол Ілиясқа қарата «Қызылдар қызыл етке болды жерік, 
Тұрсың ба, Ілияс аға, енді көріп?» дейді. Осылайша әр 
дәуірдегі батырлар мен ақындардың аруағы алаңға ағыла 
бастаған тұста Әлихан, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Шәкәрім, 
Жүсіпбек, Міржақып, Мағжан сынды Алаш арыстарының 
рухы алаңға бет түзейді. Бұл Алаш арыстарының ресми 
ақталмаған тұсы екенін еске алатын болсақ, осы оқиға
-
ның арыстарымыздың ақталуына септігін тигізгені. Ма
-
хамбеттің сарқытындай болған, кеңестік идеологияның 
тар ноқтасына басы сыймаған Мұқағали Алаш арыстары
-
ның алдынан шығып, оларды қарсы қалады. Осылайша 
алаңдағы жастардың жан айқайы тек қана қазақ батыр
-
лары мен ақындарын ғана емес, көне Түрік қағанатын да
оятады. Намыстан назаланған Мұқағали:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет