Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет32/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Желтоқсанда көшеге,
Жендеттер кеп қан шашты,
Сабағынан гүлдердің,
Үзілді екен қаншасы?
Қызыл көзі қанталап,
Тайраңдады көшеде,
Төбеттердің тайшасы.
Қызыл қанға боялды,
Аналардың ақ шашы
[11],
– деп жан бітірген. Қайрат Рысқұлбековті Семей түр
-
месінде қанды қол жендеттің қолымен асып өлтіргені, 
талай жазықсыз жандардың жапа шеккені, кеңес өкіметі 
жандайшаптарының қазақ жастарын қынадай қырғаны 
бәрі де боямасыз шындық. Қазақ жастарының көз жасы 
Кеңес Үкіметінің де ғұмырын қиғандығымен түсіндірген 
ақын қазақты тәуелсіздік жолында шаһид болған ата-ба 
аруақтарының қолдағанымен түсіндіреді. 
Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұ
-
лы болғанын, оның қазақ елін әлемге таныту мақсатында 
түркі халықтарының Құрылтайын шақырғанын, сырт
-
та жүрген қандастарымызды бауырымызға басып, олар
-


126
ды елге қоныстандыра бастағанымыз, Біріккен Ұлттар 
Ұйымында Елбасының сөз алуы, қазақтың өз теңгесінің 
(валютасының) шығуы, Есік қаласынан «Алтын адам
-
ның» табылуы, Бозоқ қаласының табылуы, хандар мен 
батырлардың, билер мен төрелердің тарихтан әділ баға
-
сын алуы, Сарыарқаның төрінен Астанадай Ақ орданың 
қоныс тебуі, Қазақстанның астанасы Астана қаласына 
көшірілуі, Отанның жүрегі мен тәуелсіздіктің тірегіндей 
болған Бәйтерек, Достық Ассемблеясы – осының бәрі 
де тәуелсіздіктің жетістігі ретінде танылған. Поэманың 
негізгі лейтмотиві жер асты, жер үсті байлығын тиімді 
пайдаланып, «Бар айтарым сендерге, Қазақ жерін сат
-
паңдар» дегенге саяды. Қазақ тілі мен жерінің, діні мен 
ділінің көркейуін мақсат еткен ақын қазақ халқы жеңісінің 
көбірек болуын тілейді. 
Проза.
Бұл оқиға жөніндегі прозалық шығармалардың қата
-
рында Т.Сәукетаевтың «Қилы тағдыр» («Ай қараңғысы» 
1998), «Желқайық» (2011), Н.Қуантайұлының «Қараөзек» 
(2002), Ә.Ыбырайымұлының «Ұяластар», Ө.Тоқтаров
-
тың және Б.Тілегеновтің «1986 жыл» атты романдары мен 
Мир Шайырдың (ақын Мырзағали Іңірбаевтың) «О, Да
-
нышпан дүние» атты трилогиясын, Н.Ораздың «Тазқара», 
Ө.Ахметтің «Желтоқсан ызғары» хикаяттарын, А.Алтай
-
дың «Сібір офицері», «Прописка» әңгімелерін, т.б. ірілі-
ұсақты шығармаларды атауға болады. 
Үстіміздегі жылы аты шулы Желтоқсан оқиғасына 30 
жыл толғалы отыр. Осы аралықта біздің қаламгерлер де 
қарап қалған жоқ. Журналистер жекелеген желтоқсан
-
шылар, жекелеген оқиғалар туралы мақалалалар жазса, 
ақын-жазушылар күрескерлердің көркем бейнесін жасау
-
да. Осы қатарды толықтыратын эпикалық шығарманың 
бірі – Т.Сәукетаевтың «Айқараңғысы» романы.
Қазақ әдебиетіндегі негізгі жанрлардың барлығында да 
бұл оқиға түгелдей қамтылды. Қаламгерлер шағын жанр
-
дан бастап, кең құлашты эпикалық шығармаларға дейін 


127
арқау еткен Желтоқсан шындығы Т.Сәукетаевтың «Ай
-
қараңғысы» (1991-1993, 1995-1996, 2011) Н.Қуантайұлы
-
ның «Қараөзек» (2002) романдарына да негіз болды. Бұл 
романдардың екеуі де тарихи оқиғаны арқау еткендіктен 
қазақ прозасындағы тарихи шығармалар қатарын толық
-
тыратын туынды деп айтуға болады. Себебі, екеуінің де 
бас кейіпкерінің прототипі – Қайрат Рысқұлбеков. Екі 
романға негіз болған оқиғалар бір адам өмірінен алын
-
ғандықтан аталған романдарда оқиға қайталаулары кез
-
деседі. Оны бас кейіпкердің басына тағылған айып, сұ
-
рақ-жауапқа тартылу, жасамағанын күштеп мойындату, 
тар қапастағы адам аузы бармайтын қорлау, ату жазасына 
кесілу, соттың соңғы шешімін хабарлағанда еңіреп жы
-
ламай, керісінше қайраттанып, көзінен от шашып өршіл 
рухты өлең оқуы – барлығы да екі шығармада да бар. Мұ
-
ның өзі жазушылардың көркем шындықтан гөрі тарихи 
шындыққа баса көңіл аударғанын байқатады. 
Бір адам басынан өткен негізгі оқиғаны орталыққа 
ала отырып, желтоқсан шындығын көркем бейнелеуде 
Т.Сәукетаевтың біраз ізденгенін роман мәтініне талдау 
жасау арқылы көрсетуге болады. Оқиға жарты Алматы 
тау басына шығатын жексенбі күні Сәбира мен Әзиз-
Сұлтанның иықтарына шаңғы асып Шымбұлақтың қия 
беткейінде жүргенінен басталады. Сүйіскен екі ғашық
-
тың бақытқа толы осы сәттерін аяқ-астынан аспанды 
қара түнек қаптауы мен жарқылдаған найзағай оты бұ
-
зып жібереді. 1986 жылы желтоқсан айында найзағай
-
дың ойнауы қазақ әдебиетінде А.Егеубаевтың «Желтоқ
-
сан» поэмасына да арқау болған. Қазақта қыс ауасында 
найзағайдың ойнауын жаман ырымға жориды. Ондай 
кезде апаларымыз, – бала-шағамнан, халықтан аулақ, 
патшаның қара басына көрінсін, – деп жататын. Патша
-
ның деп айтатыны баяғы ақ патша ма, әлде кейінгі пат
-
шалар ма ол жағын жете білмейміз, әйтеуір, жағаларын 
ұстап, тіфә-тіфә деп шошынып жататынын көргенбіз. Бұл 
жолғы найзағайдың беймезгіл ойнауы патшаның басына 


128
(М.С.Горбачев) емес, қазақ жастарының қанына көрінген 
еді.
Шығармада түсті көркемдік құрал ретінде пайдалану – 
әдебиетте қалыптасқан тәсіл. Жазушы түсті алдағы оқи
-
ғадан хабар беріп, болашақты болжау үшін пайдаланған. 
Оқиға басындағы Әзиз-Сұлтанның түсіне әкесінің ұс
-
қынсыз түрмен енуі, қызылшақа баланы Сәбираның қо
-
лына ұстата салуы – алдағы болар оқиғадан хабар беріп 
тұр. Әкесінің бұл түрі оның хал үстінде ауырып жатқа
-
нын байқатса, қазақ халқы түске енген қызылшақа баланы 
ауыртпалыққа, қиыншылыққа жориды. Оқырман осы түс
-
тен Сәбираның алдында кесе көлденең қиыншылықтың 
болатындығын айтпай-ақ іші сезеді. 
Автор Желтоқсан оқиғасын ауыл, қала тіршілігімен 
бірлікте өрбітіп отырған. Кеңестік дәуір тұсындағы ауыл 
тынысын Әзиз-Сұлтанның елге келген кездегі сол отба
-
сының тыныс-тіршілігіне сыйғыза суреттеуге ұмтылған. 
Өмір бойы қой соңында жүріп, «өкімет өлтірмейді» деп 
тіршілік еткен қойшының жасы ұлғайған шақты сырқат
-
тануымен орынды ұштастырған. Ат үстінде жүргенде ау
-
дан мен облыстың бетке ұстарлары мен сырттан келген 
комиссиясының барлығына қолынан дәм татырып, елдің 
алғысын алып жүрген озат қойшының белі шойырылған 
кезде ескі тұлып құрлы керексіз болып қалуы – ащы болса 
да өмір шындығы. Ол кезде қазына ортақ болды да, ешкім
жекеменшік дүние жиюды ойлаған жоқ. Мал басы бір от
-
басыға қаншадан болу керектігін есептеп отыратын Ком
-
мунистік партия халықты жаппай кедейшілікте ұстады. 
Мұның өзі бірде аш, бірде тоқ халықты өз дегеніне көнді
-
рудің басты шарттарының бірі болатын. Әзиз-Сұлтанның 
екі інісі мектептің шалғайлығынан мектепке бірде барып, 
бірде бармай жатады. Мұның өзі адам өмірінің ешкімге 
қажет еместігін байқатса, олардың жасына жетпей ересек 
адамдарша ірі сөйлеп, есейіп кетуі –заманның ауырлығы
-
нан, жоқшылық пен тапшылықтан хабар берер эпизод. 


129
Қазақтың дұшпаны ұзақтан келмейтіндігі, қашан да 
жауды сырттан емес, іштен іздеу керектігі романдағы Ай
-
туаров бейнесімен суреттелген. Оны автор: «Айтуаров 
білім-парасаты, қарым-қабілетімен мойыны озып, ешқа
-
шан жарқырап көрінген емес. Бұл жағынан қоңыртөбел. 
Тек пысықтыққа келгенде алдына жан салмайтын. Жақсы 
атағы шығатын, көрініп қалатын жерді құр жібермейді. 
Ондайда ештеңеден қымсынбайды, ұят-намысты белден
басып жүре береді», – деп сипаттайды [12, 48]. Жоғары 
жаққа жағынып, «ұзын шалдың» 40% қазағы бар елдің 
басшыларының көпшілігін қазақтардан сайлап жүргенін, 
астанада қазақ жастарының көптеп білім ала бастағанын, 
завод, фабрика жұмыстарына қазақтардың тартыла бас
-
тағандығын, т.б. ұлшылдық әрекеттерін жіпке тізіп, оны 
кешегі Алаш орда партиясының сарқыншағы етіп көрсе
-
туге тырысқан Айтуаров ХХ ғасыр басындағы қазақтың 
біртуарларын жіпке көгендеп тізіп берген сатқындардың 
сарқыншағы еді. Оның: «... Қонаев бюджеттің қаржысын 
оңды-солды шашып, мектеп, балабақша салудың орнына, 
Алматыда қымбатқа түсетін салтанатты ғимараттар, сәу
-
летті сарайлар, шығыс үлгісінде монша салғызумен әуес
-
тенді!..» [12, 52], – деген сықылды арыздың неше атасын 
жазып, Қонаевтың ұлтшылдық әрекеттерін әшкерелеудегі 
негізгі мақсаты –біріншілікті иелену болатын. Өзінен 
білім-парасаты, қабілет-қарымы, іскерлігі мен алғырлығы 
әлде қайда жоғары тұрған Ардабековтің де жолын кес-
кестеп, өзінен басқаның бәрінің көзін жойған Айтуаров
-
тың билік үшін бәріне дайын екендігі нақты әрекет үстін
-
де толыға түскен. 
Қонаевты Айтуаров сатса, Әзиз-Сұлтанды бір бөлмеде 
жатып, бір үзім қара нанды бөліп жеген Қосымхан сынды 
бөлмелесі ұстап береді. Алаңдағы оқиға туралы Қосым
-
ханның жазып берген өтірігі алғашқы айғақтардың бірі 
ретінде танылды. Қосымхан сынды қорқау қасқырлар қай 
дәуірде де өмір сүреді. Ондай екіжүзділер болмаса, Әзиз-
Сұлтан сынды асылдардың бейнесі қалай көрінбек. Бұл 


130
жағынан келгенде жазушы бір-біріне ниет-пиғылы, мақ
-
сат-мүддесі қарама-қарсы кейіпкерлерді дұрыс таңдаған. 
Себебі олар әрбір оқиға тұсында бір-бірінің бейнесін то
-
лықтырып отырады. Осы тұста романға жетпей жатқан Сә
-
бираға қарама-қарсы бір қайсар, қайтпас қыздың кемдігі.
Кейіпкер жанына үңіле білген жазушы психологизмді 
терең игергенін байқатады. Оны қуаныш пен қайғы, шат
-
тық пен қасірет сынды бір-біріне қарама-қарсы сезімдерді 
басынан өткізген кейіпкерлерлер өміріне қатысты оқиға
-
лардан байқауға болады. Роман басындағы «Қойны-қо
-
ныштары толған қар. Мынау жалпақ әлемді жалғыз екеуі 
жайлағандай, еркелей асыр сап, сақылдай күліп мәз-мәй
-
рам» болып жүретін Әзиз-Сұлтан мен Сәбираның кейінгі 
күндері адам шошырлық еді. Осындай мысалды Д.А.Қо
-
наевқа қатысты да келтіруге болады. «Ал Қазақстаннан 
ұлтшылдық іздеу – жоқ жерден проблема жасау деген 
сөз. Сіз, Михаил Сергеевич, бүкіл совет халқының ли
-
дері, көсемісіз. Бәріне ортақсыз. Ал Сіздің алабөтен орыс 
халқының мүддесіне алаңдайтыныңызға қайранмын. Сіз 
менен бірінші кезекте Қазақстандағы әлеуметтік ахуал 
туралы сұрауыңыз керек еді. Мен сонда сізге қазақстан
-
дықтардың үлкен бір бөлігі қырық жылдан бері ядролық 
сынақтан зардап шегіп жатқаны, тың игеру, алып құры
-
лыстар салу салдарынан шетке ығысқан отыздан астам 
қазақ аудандарының суы тапшы, өмір сүруге өте қолайсыз 
шөлейт аймақтарға орналасқаны туралы айтар едім...», – 
деп, бас имей шалқайып шығатын оны бірінші хатшы 
сол күні-ақ қырына алып еді: «Бүгін мына ұзын шалдың 
иілмей, еңсесін тік ұстап кеткені арқасына аяздай батып 
отыр. Ең болмаса күмілжіп сәл аяқ тартса екен-ау Сіз, біз 
деп отырып-ақ дымын құртты» [12, 105]. Он бес респуб
-
ликадан құралған Кеңестер одағының бірінші хатшысына 
бас имейтін өркөкірек хатшыны орнынан түсіріп таста
-
ған кездегі мына күйі оған қарама-қарсы суреттелген: «... 
Президиумдағылар орнын тұрып, шығуға ыңғайланғаны 
сол-ақ екен, залдағылар жапырыла лықсып жаңа басшы
-


131
ның жолын кескестеді. Қаумалай қоршап жіберер емес. 
Жарыса қол созып қауқылдасып жатыр. Бұл президумның 
екінші шетінде состиып жалғыз тұр. Жан адам жуитын 
емес. Лезде ешкімге керегі болмай қалды. Бәрі жапырлап 
жаңа қожайынды шыркөбелек айналды. Зор денесі еңкіш 
тартып, көңіліне бір түрлі жалғыздық енгендей мүжіліп 
тұр. Бір жағынан өзіне жаза сияқты сезінді. «Шоқ-шоқ, 
өзіңе де сол керек, қасыңа кімдерді жинағаныңа енді көзің 
жетті ме!» деді көкірек түбінен бір табалаған дауыс. 
Күлкілі көрініске жиіркене қарап сәл тұрды да екінші қап
-
талдағы есікпен дәлізге шықты» [12, 113]. Иә, кеше ғана 
«Димеке!», «Димаш аға!» деп жүгіріп жүргеннің бірі де 
қасына жуымағанын көргенде Жұмабек Тәшенов сында 
төрт-бес жігітті қасына жинамағанын «Қонаев жоғарыға 
қызмет қылды, Тәшенов төменге қызмет қылды» деген 
халықтың сөзімен нанымды бейнелеген. Жұмабек Тәше
-
нов жөнінде кезінде академик С.Қирабаевтың: «Ұлттық 
намысы күшті, қаны бар азаматтардың кеңес басшылығы
-
на ұнамағаны бүгін елдің көбіне мәлім және олар жөнін
-
де айтылып та, жазылып та жүр. Ұлтжанды азаматтар 
отаршылдық режимнің орыс емес ұлттарды тежеп ұстап, 
ұлт саясатын бұрмалауына көнбеді, оған ашық қарсылы
-
ғымен көзге түсті. Ертеректе, кеңес өкіметінің алғашқы 
жылдарында Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов 
сияқты қайраткерлер Голощекин қуғындауына ұшырап 
елден безіп кетті, сыртта жүріп белгісіз жағдайда қайтыс 
болды. Кейін біз көрген тұста осындай қуғынға түскен үл
-
кен азаматтың бірі Жұмабек Тәшенев еді», – деп жазғаны 
белгілі (Халық ұлы. Кіт.: Өмір тағылымдары). 
Он жеті минутқа созылған Пленумның шешімі Қазақс
-
танның ойран ботқасын шығарды. Қонаевтың орнынан 
үміткер болып жүрген Айтуаровтың Пленум шешіміне на
-
разылық білдірмек ниетпен біреудің қолымен от көсемек 
болған пиғылы насырға шауып, КГБ бастығы Миронин 
екеуі өздері тұтатқан отты сөндіре алмай әлекке түседі. 


132
Горбачевтің қашаннан бері сынайтын жер таппай жүр
-
ген «Метель» операциясын сынау үшін жастардың бейбіт 
шеруін бейбіт шешуге тырыспағандығы Қонаевты алаң
-
ға жібермегендігімен түсіндірілген. Қазақтың шенеунік
-
тері керек етпей теріс айналған тұста, Қонаевтың алаңға 
шығуын талап еткен жастардың алдына шығып сөйлемек 
болғанында, оны КГБ адамдары күшпен тоқтатқанын жа
-
зушы дұрыс келтірген. Кешегі бірінші басшыға бір күн
-
де қатардағы әскердің қоқан лоққы көрсетуі оны жүрек 
талмасына дейін алып баруы жазушының әрбір детальды 
тиімді пайдаланудағы стильдік ерекшелігін байқатады. 
М.С.Горбачевтің алдынан басын имей шалқайып шы
-
ғатын Д.А.Қонавтың Колбиннің кабинетіне кіре алмай 
есіктің алдына сарылып отырған кездегі көңіл күйлері 
адам баласы бойындағы әртүрлі сезім күйлерін бейнелеу
-
дегі жазушы шеберлігін толықтыруға қызмет етеді. 
Күні бүгінге дейін саясаттанушылар мен тарихшылар 
әйгілі Желтоқсанның ресми бағасын бере алмай жүр. 
Оның тәуелсіздік үшін күрестің соңғысы және нәтижелісі 
екенін айтуға ауыздары бармайды. Бұл – жетпіс жылға 
жуық кеңестік империяның қол астында отарлаудың бар
-
лық түрін басынан өткізіп, титықтаған жалпы қазақтың 
бас көтеруі еді. Оны алаңға шыққан жастардың мына сөз
-
дерінен көруге болады: «...Ал біз ше? Миллиардтап астық 
береміз, миллиондап ет-сүт өткіземіз. Елу миллион қой 
өсірсек те көтенішегі аузымызға тимейді. Сонда да жақ
-
сы деп айтқан кім бар бізді? Қайда барсақ та шетқақпай 
көреміз!
– Рас айтасың! – Тәпелтек, қысық көз жігіт төсі қай
-
қайып алға ұмсына түсті. – Өз ел, өз жеріміз деп гүжіл
-
дейміз. Бізде ел де, жер де жоқ. Өгейміз. Өгей болмасаң, 
бір мекемеге барып бір жапырақ қағазды қазақша толтыра 
аласың ба? Жиналыста бір ауыз қазақша айта аласың ба? 
Жүз қазақтың ішінде бір орыс отырсын ше, қазақша сөй
-
лей бастасаң: «шо ты балтаеш на своем? Говори на понят
-
ном языке!» деп зекиді. Өгей болмасаң, осы тұрғандарың
-


133
ның қайсыңның пәтерің бар, қолдарыңды көтеріңдерші?.. 
Міне, көрдіңдер ме, бәріміз бала-шағамызбен жатақхана
-
ның жалғыз бөлмесінде тығылып, не көрінгеннің боса
-
ғасында қаңғып жүрміз. «Жетім бұрышқа» баршы, пәтер 
іздеп жаутаңдағанның бәрі – қазақ. Бір орысты көрмейсің. 
Жалғызбасты шал-кемпіріне дейін екі-үш бөлме үйі бар. 
Еріккен соң ит ұстайды. Қазақ сол ит құрлы да болмадық 
қой» [12, 62]. Өз қандасы Д.А.Қонаев ел басында отырған
-
да осындай мүшкіл халді басынан өткізген қазақ байғұс
-
тың Ресейдің бір түкпірінен, қазақ деген елдің барынан 
бейхабар, өзге ұлт өкілі келген кезде зәре-құты қалмағаны 
да шындық. Бұл күнімізге зар болармыз деген қорқыныш 
пен үрей олардың әрқайсысының көкірегінде жатыр еді. 
Романның негізгі жетістіктерінің бірі – Желтоқсан оқи
-
ғасына әділ бағаның берілуі. Оны бас кейіпкер басынан 
өткен оқиғалар арқылы суреттеген. Алғашында үйінде, тө
-
сек тартып жатқан әкесінің қасында болып, Алматыдағы 
оқиғадан бейхабар болған Әзиз-Сұлтан жол-жөнекей өз
-
бек проводникпен сөйлесіп, өмірі сынға ұшырап жүретін 
Өзбекстан мен Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігін са
-
лыстырып біраз ойға батады. Отанға миллиард пұт астық 
тапсыратын, жер қойнауында Менделеев элементтерінің 
бәрі шығатын қазақ халқының Шерхан Мұртаза тілімен 
айтқанда «Алтын сандықтың үстінде жалаңпұт отырға
-
нына» қайран қалған кейіпкердің алғашында Қонаевтың 
орнынан түскендігіне қызбаланбай, оны салқын қанды
-
лықпен қабылдауы орынды. Бірақ, өзі дүниеге келгеннен 
бері Қазақстанды басқарып, Л.И.Брежневтің сеніміне кір
-
ген басшының неге аяқ астынан керексіз болып қалған
-
дығы таң қалдырады. Ол кезде зейнетке шығатын басшы
-
ларды ел алдында қошеметтеп, бар сый-сияпатын жасап 
шығарып салатын. Міне, осындай ойлардың мазалауымен 
алаңға шығып, бейбіт шеру жасамақ болған жастар шын 
мәнісінде Қонаевты көргісі келді. Егер оны жастардың 
алдына шығарғанда ол қан төгілмейтін де еді. Осындай 


134
сауалдарға жауап іздеген жазушы сол қанды оқиғаның 
негізгі себептерін ашуға тырысқан.
Коммунистическая (қазіргі Абылай хан) көшесімен 
жоғары көтеріліп келе жатқан демонстранттардың жазу
-
шылар Одағының алдына келгенде ұлтжанды Олжастан 
(сол кездегі Қазақ КСР Жазушылар одағының бірінші 
хатшысы) демеу күтіп, сол жерде біраз саябырлағаны сол 
күндердің шындығы болса, жастары медет тұтқан ақын 
ағасын КГБ жендеттері қарауылдап үйіне қамап ұстаға
-
ны О.Сүлейменовтің азаматтық бейнесін толықтыруға 
қызмет етеді. Семей полигонын жабуға мұрындық болған 
ақын Олжас еркіне салса жастармен бірге болмақ болып 
алаңға ұмтылғанда, оған тап берген жендеттердің ақынды 
тырп еткізбей, тіпті ешкіммен хабарластырмай телефон 
сымын үзіп тастауы да романның шынайылық сипатына 
қызмет етеді. Сол күндері қалаға келетін – темір, тас, әуе 
жолдарының барлығы дерлік қатаң күзетке алынып, бай
-
ланыс жүйесінің үзілгендігі де рас. Жазушы оны Сүлей
-
менов пен Қонаев үйінің телефон сымының үзілуімен, 
Әзиз-Сұлтан келе жатқан поезд составына қазақтарды 
отырғызбау мен вагондарды тінтіп қазақтарды түсіріп 
тастау эпизодтарымен суреттеген. 
Романда көркемдік қиялдан гөрі деректілік, тарихи си
-
пат басым. Оны шығармадағы негізгі оқиғалар туралы 
кезінде әртүрлі мақалалардың газет-журнал беттерінде 
жариланғандығы растайды. Бір түнде Алматыны дүрлікті
-
ретін Мирониннің жансыздары, Сәбира басынан өткен 
Цирктің желке тұсындағы шағын гүлзардағы қасіретті 
оқиға, алаңға барған жастарды ұрып-соғу, қыстың көзі 
қырауда өрт сөндіргіш машинамен алаңдағы демонст
-
ранттарға су шашу, алаңда әлсіреп, қансырап жатқандар
-
ды жиып алып қала сыртына апарып төгу, тар қапаста
-
ғыларды тұздалған балықпен қақтау, т.б. оқиғалардың 
барлығы да желтоқсаншылардың өздері куә болып, газет 
бетінде жарияланған, Т.Айтбайұлы құрастырған 3 томдық 
«Желтоқсан» атты жинаққа және Қ.М.Табиев пен тарих
-


135
шы Б.Төлепбергеннің бірнеше еңбектеріне енген мақала
-
лардан, нақты деректерден алынған. М.Шахановтың жар 
құлағы жастыққа тимей айтып жүрген «Метель» опера
-
циясының қалай жүзеге асқандығын тәптіштей отырып 
түсіндірген жазушының тарихи шындықтан ұзап кетпеу
-
ге тырысқандығы әрбір оқиғаға қатысты детальдардан 
байқалады. Оны КСРО Ішкі істер министрінің бірінші 
орынбасары Елисевтің Алматыға шұғыл ұшып келуі, 
Новосибирск, Челябинск, Свердловск, Фрунзе, Тбилиси, 
Ташкент, Уфа қалаларынан әскер күштері тартылуы, қала
-
дағы жасақшылардың арматуралармен қамтамасыз етілуі, 
түрмеде ауыр жазамен отырған қылмыскерлерді уақытша 
босатып, қолдарына сойыл беріп алаңға жіберуі, бейбіт 
шерудің саяси мәнін бұрмалау мақсатымен алаңдағыларға 
арақ пен наша таратуы, Айтуаров пен Миронин жансыз
-
дарының демонстранттарды арандатуы, т.б. деректерден 
байқауға негіз бар. Әрбір детальды белгілі мақсатпен ой
-
ната қолданған автор негізгі көздеген мақсатына жеткен. 
Романда КСРО ішкі істер министрінің бірінші орынбаса
-
ры Елисев есімі Денисов етіп өзгертілгенімен оқырман 
оны жазбай таниды. Сол секілді бас кейіпкерлердің атта
-
рын қанша жасырғанмен, олардың прототиптерін жазбай 
тануға негіз бар. 
Мирониннің «Қазақтар балабақшаға басып кіріп орыс
-
тың балаларын бауыздап кетіпті», «Кіші станица жақта 
бір топ қазақ жігіті орыстың қыздарын зорлап, айуандық
-
пен өлтіріпті...» деген лақаптарды таратуы шиеленісті 
одан ары ушықтырып жібереді. Жазушы бұл оқиғаның 
ұлтаралық қақтығыс емес екендігін түсіндіру мақсатында 
орыс ұлтының өкілі Костя Новиковқа қатысты оқиғаны 
пайдаланған. Ол тың игеру кезінде келген тың игеруші
-
лердің баласы. Әкесі қайтыс болып, шешесі араққа салы
-
нып кеткенде қарындасы Ангелина екеуін қолдарынан 
жетелеп өсірген Сапарбай аға мен Күмісжан тәтенің жақ
-
сылығын қалай ұмытсын. Бұл олардың баласы Қайратпен, 
қарындасы Ангелина мен Жұмагүл жасты болғандықтан 


136
мектепте де бірге оқыды. Әскерге кеткенше қазақ көрші
-
лерінің қамқорлығында болған Костя қазақ деген дарқан 
халықты сол үшін де сыйлайды. Ангелина мен Жұмагүл 
сынды қарындастары болғандықтан да Сәбираға жасал
-
ған зорлық пен зұлымдыққа ортақтаспайды. Орыс ұл
-
тының атынан жасалып жатқан сұрқия әрекеттерге төзе 
алмаған ол екі күннің ішінде қасындағылардың жасаған 
есепсіз қылмыстарын беттеріне басқаны үшін соққыға 
жығылады. Араққа тойып алған өз қандастары тепкілеп 
өлтіріп, оны қай жерде қазақтардың қалай тепкілеп өлтір
-
геніне дейін келісіп алады да жаланы қазақ жастарына 
аударады. Шығармада алаңдағы операторды да, Костяны 
да өздері тепкілеп өлтіріп, солардың қанын Әзиз-Сұлтан 
сынды бейкүнә жастарға арқалатудың қалай жүзеге асқа
-
ны нанымды бейнеленген. Міне, Желтоқсан шындығы
-
ның толық ашылмайтындығы да осыдан. Жастардың қа
-
нын арқалаған жауыздарды әшкерелеу үшін ұрпақ ауысу 
керек, сондықтан жабулы қазанның жабулы жатқанына 
ширек ғасыр болды. 
Осындай шындықтың бірі Жұбан Молдағалиевка қа
-
тысты оқиға. Бірінші хатшының Жазушылар одағына кел
-
ген кезде Жұбан айтқан «Мен ұл-қыздарымыздың Алаңда 
итке таланып шыңғырған дауысын естігенде Отан со
-
ғысының от-жалынынан аман келгеніме өкіндім. Ұрпа
-
ғымызды өстіп қорлату үшін соғысып па едік!..» деген 
жалынды сөзі Желтоқсан туралы барлық шығармаларда 
тілге тиек болған. Кеңестік дәуірдің тұсында қазағым, 
халқым деп жар салған ақын бұл қорлыққа шыдамай көп 
ұзамай дүниеден озғаны белгілі.
Шығармада шындықтың шеңберінен асып барып, 
кейіпкердің рухани ахуалымен таныстырудың бір ама
-
лы ретінде реалды мекеншақта жоқ тарихи тұлғалармен 
сұхбаттарды сынамалап енгізу де кездеседі. Мұндай көр
-
кемдік тәсіл қазақ әдебиетінде бұған дейін де қалыптасқан 
болатын. Қ.Аманжоловтың әлем ақындарымен сұхбат
-
тасуын Н.Айтұлы «Мұқағали – Желтоқсан» поэмасында 


137
пайдаланғаны мәлім. Бұл дәстүрдің жалғасын Ш.Мұрта
-
заның «Тамұқ» романындағы Тұрарға әкесі Рысқұлдың 
келіп алып кететін эпизодынан да білеміз. Т.Сәукетаев қа
-
зақ әдебиетінде қалыптасқан осы дәстүрге өз тарапынан 
сынамалап жаңалық енгізген. Оны Алматы қаласында 
осыдан елу жыл бұрын Сәкен Сейфуллин жатқан НКВД 
түрмесіндегі №13 камерадағы оқиғаға негіздеген. Жазу
-
шының мақсаты айтылып, ақын туралы жазылып жүрген 
әңгімелерді кейіпкердің рухы арқылы оның аузына салып 
ақ-қарасын ашу. Бұған Сәкен Сейфуллиннің Әзиз-Сұлтан
-
ға айтқан сөздері мысал бола алады. Тар қапастағы НКВД 
жандайшаптарының зорлығына шыдай алмаған Сәкен 
өмірінің соңында есінен ауысып қалыпты деген қауесетті 
сейілтпек болған жазушы оны ақынның өз аузына салған. 
Сұлу Сәкеннің танымастай болып өзгерген, адам шошыр
-
лық түрінен шошып шегіншектеген Әзиз-Сұлтан: 
«– Сізді бұлай көрмей-ақ қойғаным жақсы еді!
– Бұл – менің бетім емес, заманның беті, жауыздықтың 
жазуы, бақиға алып кеткен еншім. 
– Сіз түрмедегі қинауға шыдай алмай, ақырғы сәтте 
жынданып кетті деген сөз бар. Сол рас па? – деді Әзиз-
Сұлтан ел аузында жүрген лақапты есіне алып.
– Есім ауысып кетсе, жақсы болар еді ғой, ештеңені ой
-
ламайтын, ештеңені білмейтін... – Аруақ басын төмен са
-
лып, мұңайып аз-кем үнсіз қалды. – Бекер. Гүлбаһрам бей
-
шараның түсінбей айтқан сөзінен елге тарап кеткен өсек 
қой. Гүлбаһрам соңғы рет жолығуға келгенде есімдерін 
әйелдің аттарына айналдырып, дос-жарандардың хабарын 
сұрадым. Құлағы едірейіп көк желкеде тұрған күзетші
-
ге білдірмей әдейі жұмбақтап отырғанымды ол түсінбеді. 
«Қайдағы қатындарды айтқанша, өз балаңның жағдайын 
неге сұрамайсың?» деді ашуланып. «Несін сұраймын, ол 
өліп қалған жоқ па!» дедім. Қайдағы өлген, не сандырақтап 
тұрсың? Ойбай, мынау жынданып кетіпті!» деп сол жерде 
бақырып, түрмені басына көтерді. Жалғыз ұлым Аянның 


138
бұ дүниелік емес екенін түсімде көріп, күдерімді үзгенмін. 
Көп өтпей түсім айна-қатесіз келді» [12, 422], – дейді. 
Жазушы революцияның қызыл сұңқары атанған Сә
-
кенді ақтау үшін емес, оның рухы жас революционердің 
көрген азабына көрде тыныш жата алмай, оған басалқа 
айтуға келгенін ұқтырады. Алаш арыстарымен келісе ал
-
мағанына, елі аштықтан қырылып жатқанда «Советстан, 
біздің Стан, Совстан, Экспресс, талма екпінді шабыстан... 
Тарт-тат-тат, жасасын, жасасын!» деп жырлағанына кеш 
өкінген Сәкен ақын Әзиз-Сұлтанның өлсе де арманы жоқ 
екеніне, оның өлімі ақ өлім болатындығына сендіріп оған 
күш-қайрат, жігер береді. 
Осындай мысалдың бірі Мұхаммед-Шәріптің (Әзиз-
Сұлтанның әкесі) түсіне Шегір атасы кіріп, шойырылған 
белін уқалап кеткен соң, ол аурудан құлан-таза айығып 
аяғынан тік тұрады. Қазақ халқында сан ғасырдан бері қа
-
лыптасқан, ислам дінінде жоқ наным-сенімдер бар. Ата-
баба аруағына сыйынатын қазақтар әулиелердің басына 
түнеп тілек тілейтін болған. Және сол әулиелердің аруа
-
ғы қолдап, тілегі қабыл болып жатады. Мұндай оқиғалар 
өмірде күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Кезінде мешіт 
салдырып, Аллаға құлшылық жасаған Шегір атасының 
да әулие кісі болғанын Мұхаммед-Шәріп былай еске ала
-
ды: «– Қорықпа, бәйбіше! – Орнықты дауыс қолын созып, 
күдіктің шырмауынан суырып алды. – Жаңа қасыма Шегір 
атам келді. Ол кісі әулие болған ғой жарықтық. Көкбастау
-
дағы зиратына бала кезімде ауру-ғаріп, құрсақ көтермеген 
әйелдер шырақ жағып түнеп жататын. Кейін Хрущевтің 
тұсында жаппай жүгері егу науқаны басталғанда Көк
-
бастауды да жыртып, шаңын аспанға шығарды емес пе. 
Арақ ішіп ап, зиратты таптап өткен екі троктаристің бірі 
жынданып суға кетіп өлді, екіншісі тіл-аузынан айрылып, 
мүгедек боп қалды. Қазір де сүйек жатқан жердің үстіне 
келгенде трактор өзінен өзі сөніп, тоқтап қалады екен» 
[12, 508]. Осы мысалға қарап отырып, екі дүние арасын
-
дағы тылсым күшті аңғаруға болады. Тәннен ұшып кет
-


139
кен жан өзінің ұрпақтарын желеп-жебеп, олардың басына 
қиыншылық түскенде төңірегінен кетпей, шыр айналып 
жүреді деп жатады. Автор ғылым дәлелдей алмаған, бірақ 
адам санасына сіңген, осындай табиғаттың адам күшінен 
тыс жасалып жататын құдіретін нанымды бейнелеген. 
Кеңестік дәуір тұсында ата-баба зиратының қиратылып, 
мүрделердегі сүйектердің қорланғаны белгілі. Әзиз-Сұл
-
тан тергеуге алына бастағанда коммунистер оны жеті ата
-
сына дейін тексеріп, Шегір атасының діншілдігі мен ұлт
-
шылдығын бетке ұстап, ұлтшылдықтың қайдан келгендігін 
дәлелдеп әлек болғанын да жазушы жадында ұстап отыр
-
ған. Тергеу тұсында Әзиз-Сұлтанның өзі ғана емес, оның 
отбасына да қысым жасалғаны белгілі. Осы оқиғаларды 
автор анасының совхоз басшыларынан бір шана шөп сұ
-
рап келген эпизодымен бейнелеген. Сол тұста істі болған 
жастардың бәрінің де шыққан тегі тексеріліп, олардың бо
-
йынан ұлтшылдықты іздеген коммунистер, ата-тегіне қа
-
рап, қылмысты бойына ілгені тарихи шындық. 
Жазушы роман мен тараулардың атын қоюда шеберлік 
танытқан. Шығармадағы қаралы оқиғалардың барлы
-
ғы айқараңғысында болған деп түсінген жазушы алдағы 
уақытта қазақ халқының айы тек оңынан тууын тілейді. 
Әрбір тараудың аты сол тараудағы оқиғаның мазмұ
-
нын толықтыра түседі. Мысал үшін «Қанатсыз самғау
-
да» дарынсыз Айтуаровтың қалай биікке көтерілгеніне, 
біріншіліктен дәмесі бар екендігіне қанықсақ, «Балқан
-
нан-Балконға» тарауында Д.Қонаев пен О.Сүлейменовтің 
балконнан түсе алмай, торға қамалған құстай шарқ ұр
-
ған күйіне кезігеміз. «Тәтті азап» тарауынан Шынарбай 
Әшетовичтің шырмауына түскен Сәбираның болашағы 
жарқын болатынын түсінсек, «Ботасын жоқтап боздаған» 
тарауына Мұхаммед-Шәріп пен Нұрғайшаның баласын 
жоқтап боздауы негіз болған. 
Мұхаммед-Шәріп ақсақалдың: « – Жарадың, құлыным! 
Атаның күшін, ананың сүтін ақтады деген осы. Біз естуге 
тиісті, бізден ілгерінді-кейінгі ұрпақ атқаруға тиісті ұлы 


140
ерлікті сен жасадың. Біз еңсе көтере алмадық, серіппеміз 
басылып, іштей булықтық; қарсылығымызды қанжардай 
жұтып, қорлық пен тепкіге үнсіз көндіктік. Ал, сен құ
-
лыным, тәңірдің таңдауына іліктің. Ерекше нұры түсіп, 
аруақ қонда... Сораңды ағызбай, тоқтат енді бәйбіше! 
Қазақтың қай баласының қолынан мұндай ерлік келіп 
еді. Осындай ұл тапқаныңа мақтанбайсың ба!.» [12, 509-
510], – деп кемпірін жұбатқанмен іші қан жылап тұрғаны 
белгілі. Ана байғұс тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін 
жібіткен баласын ауыл тұсынан қай күні алып кететінін 
білмесе де, жүрегі құрғыр сезіп, сол күні станция бойын
-
да торуылдап жүріп баласының даусын естіп қалғаны 
адам айтып жеткізе алмайтын, ана мен бала арасындағы 
шексіз махаббаттың көрінісі емес пе? Автор ана махаб
-
батын Нұрғайша ана бейнесімен нанымды бейнелегенін 
баса айтқан жөн. 
Тарихи оқиға арқылы замандас бейнесін сомдаған ро
-
манның осындай жетістерімен бірге атап өтетін кемшілік
-
тері де бар: 
Біріншіден, «Адамға табын, жер енді!» (1961) О.Сү
-
лейменовтің поэмасы екені белгілі. Ал оның басқа бір 
жазушысымақтың шығармасы етіп көрсетілуі оқырманды 
шатастырады. Қалай дегенмен мұнда бүгінгі замандаста
-
рымыздың көркем бейнесі жасалғаны белгілі. Оқырман
-
ды шатастырудың қандай қажеттіліктен туғаны неғайбыл. 
Автор мүмкін өзін ешкім танымайтын, бірақ бар атақты 
алып алған кейбір жазушысымақтарды емеурін арқылы 
көрсеткісі келген болар. 
Екіншіден, кез келген заттың екі жағы болатыны ес
-
керілмеген. Кеңестік дәуірді сыпыра даттау басым. Кеңес 
заманының сұрқия ұсқынсыздығы барлық оқиға тұсында 
ашылып жатқаны аздай, Сәбираны өзімен он жыл бір сы
-
ныпта оқып, туғанындай болып кеткен кластастарының 
басынуына жол болсын. Ол заманның жастары (біз де сол 
дәуірдің ұрпағымыз) қазіргі жастар сықылды ерте туып, 
ерте есейген емес. Бірге жүрген құрбыларына әйел, еркек 


141
деген көзқараспен қарау ол кезде болмаған нәрсе. Себебі, 
көгілдір экрандарда тек қана тәрбиелік мәні бар дүние
-
лер ғана көрсетілетін. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 
ғой балабақшадағы балаға дейін телевизордан сүйісуді, 
т.б. сұрқияларды көріп-біліп жүргені. Осы тұрғыдан алып 
қарағанда қай дәуірдің де өз жетістігімен бірге кемшілігі 
болғанын жазушы ағамыз жадында ұстап отыру керек еді.
Үшіншіден, кең құлашты эпикалық романның әрбір 
кейіпкері типтік дәрежеге көтерілуі керек еді. Бас кейіп
-
кер Әзиз-Сұлтанның көркем бейнесі типтік дәрежеге 
көтерілген, ал оның сүйгені Сәбираның не хат жазуға, 
не іздеп баруға жарамай, тек екі көзіне ерік берген дәр
-
менсіздігі, әлсіздігі жауынгер қазақ халқының батыр 
қыздарының бейнесін көрсете алмайды. Роман басында 
ғашықтық отына шырмалып сүйіскен, бірі-біріне адал
-
дық танытып (оңаша түнде арасына пышақ қойып жат
-
қан), қиналған сәтте сүйеу болған Әзиз-Сұлтанды басына 
іс түскенде Сәбираның іздеп келмеуі ақылға сыймайды. 
Желтоқсаншылар кешегі алаш азаматтарының жалға
-
сы болса, қыздар АЛЖИР-дегі аналарымыздың сарқыты 
емес пе еді? Бұл тарихи оқиғаға негізделген шығарма бол
-
ғандықтан мұндағы кейіпкерлердің барлығы да өмірден 
алынған таныс және бейтаныс кейіпкерлер. Осы тұрғыдан 
алғанда жігіттердің жанына жалау болып, оларды ерлікке 
бастаған қыздардың әлсіздік танытуы мен намыссыздығы 
шындыққа үйлеспейді. Құлақ естіп, көз көрмеген қорлық 
пен зорлыққа төзген Сәбираның өмір үшін күресе алмай
-
тын дәрменсіздігі желтоқсаншы қыздарды намыссыз етіп 
көрсетеді. Жазушы желтоқсаншы қыздардың «Арым – 
жанымның садағасы» деп өскен арлы да ибалы, намыс
-
ты да қайсар, жігерлі де төзімді бейнесін жасау керек 
еді. Олардың Желтоқсанның қырғынынан аман қалғанда 
бітіргені не? Міне, осы сауалға жауап іздеу жетіспейді. 
Осы жағынан келгенде жазушының әйел баласының жан
-
дүниесін аша алмағандығы байқалады. Бұл тұрғыда қа
-
зақ жазушыларының ішінде әйел жанын (психологиясын) 


142
терең игерген қаламгерлер қатарында Б.Нұржекеұлы мен 
қырқыншы жылғы келіншектердің сом бейнесін жасаған 
Ш.Мұртаза есімдерін ерекше атауға болады. 
Кез келген ата-ананың «Баламның табанына батқан 
шөңге, менің маңдайыма кірсін» деп тілейтіні белгілі. Ал 
Сәбира әкесінің өзгеден жапа шегіп қорланған қызына 
қамқор болудың орнына теріс айналып, оны өлдіге санап, 
бар-жоғын да байқамағансып теріс айналуы шындыққа 
қаншалықты үйлесер екен. Шығарманы оқып отырып, 
«жер дауы» мен «жесір дауын» қуалап, бір-бірімен ымы
-
раға келмеген қазақтың қаршадай қыздарының көз жасын 
жоқтайтын намысты азаматтың ХХ ғасырдың соңғы, ХХІ 
ғасырдың алғашқы ширегінде болмағаны ма деген ойға 
батасың. Бұдан «Қарындастың қамы үшін, Қатын менен 
бала үшін» деп атқа қонаған Махамбеттің бүгінгі ұрпағы 
қайда? деген сауал туады. 
Қорыта айтқанда, бұл – 1986 жыл оқиғасының бар шын
-
дығын көркем бейнелеген шығарма. Негізгі оқиғаларға 
қатысқан басты кейіпкерлердің барлығының да аяныш
-
ты тағдыры оқырманын бей-жай қалдыра алмайды. 1986 
жылы алаңға барғандардың бұл шығарманы көзіне жас 
ала отырып оқитыны анық. Алаңға шыққан жастардың 
бұл әрекетін жазушының тәуелсіздік, бостандық, азаттық 
жолындағы күрес етіп көрсетуі орынды. Романның негізгі 
жетістігі – Желтоқсанға қатысты көп сауалдың беті нақты 
деректермен, нақты кейіпкерлермен әшкереленуі. ХХ ға
-
сырдың соңғы ширегінде өзінің бар екенін білдірген қазақ 
жастарының бұл ерлігі тек қана көркем шығармаға арқау 
емес, тарих бетіне алтын әріптермен жазылатыны белгілі. 
Олай болса, шындықты бүркемелемей шынайы бейнеле
-
ген шығарманың да ғұмыры ұзақ болары даусыз. 
Желтоқсан шындығының бір қырына Н.Қуантайұлы
-
ның «Қараөзек» романынан қанығамыз. Аталған шы
-
ғармада жазушы 1986 жылғы қазақ жастары дүрбелеңін 
басып-жаншу кезінде нақақтан сотталған жас жігіттің өз
-
геше тағдырын кеңес түрмелері мен лагерьлерінде өткен 


143
ауыр жылдарымен бейнелеген. Тоқсаныншы жылдардың 
басындағы рынок деп аталатын қоғамдағы жаңа, тосын 
тіршілік бүкіл елдің басынан өткен заманауи өзгерістер
-
мен сабақтастырыла суреттелген. Тың дерек, бөлек тәсіл 
арқылы замана шындығын шынайы әрі әсерлі бейнелеу 
мақсатында автор ширыққан тартысты оқиғаларды ірік
-
теп алған.
Роман жас әдебиетшілердің 2001 жылы өткен респуб
-
ликалық кеңесінде жоғары бағаға ие болды. 
«Қапас түн жарық күнмен, қоңырсалқын көлеңке шы
-
жыған ыстықпен теңесе алмас» деген Құранның Фатыр 
сүресінің 20-21 аяттарын эпиграф ретінде алған жазушы 
жарық, бейбіт күн мен қапастағы өмірді салыстыра сөз 
еткен. Үш тараудан тұратын романның «Тар жерде» деп 
аталатын бірінші тарауы аты айтып тұрғандай, тар қа
-
пастағы оқиғаға негізделген. Құрмаштың хатымен бас
-
талған оқиға Хақанның не себепті түрмеде отырғанын 
лирикалық шегініспен түсіндіреді. Құрмаштың өз түсін 
«Жақсыға жорыдым. Босанып шығады екенсің. Декаб
-
ристер ақталды деп жатыр ғой. Сен де ораласың, Хақан.
Былтыр бізден шыққан әлгі депутат Мәскеуде, съезде 
сөйлепті ғой, сендерді ақтау керек деп. Так что қуаныш 
алда» деп жақсылыққа жоруы Хақанның алдынан жарық 
күннің туатынынан хабар берер штрих. Алайда, Мұхтар 
Шахановтың Мәскеуде съезде қазақ жастарын ресми ақ
-
тауды көтеруі 1988 жыл болатын. Ал, хат 1992 жылы 28 
наурызда жазылып отыр. Жылы жағынан осындай айыр
-
машылықтар болғанмен, бұл хаттың негізінде шындық 
бар. Автор тарихи мәліметтерді көркем деталь ретінде 
пайдаланған. 
«Ең ұстамды, жүйкесі темір кісінің өзі айлап, жылдап 
трюмде отырса, жынданып кететін шығар» деп ойла
-
ды тас еденде малдасын құрып отырып. «Адам баласы 
әлсіз. Азап пен қорлыққа шыдап жүре беретін жан жоқ. 
Ерте ме, кеш пе, морт етіп сынады. Иілмес, бірақ сынып 
тынар». Міне, алты жыл болыпты түрме мен лагерьдің


144
дәмін татқанына. Алты жыл. Ең асыл жылдары!.. Уыздай 
жас кезінде соттап жіберіп, қайран бал дәурен шақ зонада 
өтіп жатыр» [13, 12], – деген үзіндіден саяси қылмыскер 
ретінде танылған жастардың бірнеше жылдан кейін ғана 
ақталғандығы байқалады. Негізгі кейіпкердің осы күйге 
қалай душар болғандығынан хабар беру мақсатында жа
-
зушы оның өткен өмір белестерін өз аузына салады. Қа
-
сында жатқандардың Желтоқсан туралы түртпектеп сұрай 
беретіні, оларға айта-айта жауыр болған оқиғаны және бір 
қайталауға бет бұрған Хақан сол бір қасіретті күнге ойша 
оралады. Сөйтіп оқиға лирикалық шегініс арқылы өрбиді.
Жүйкені тоздырған сұрақ-жауап, бір сауалдың бірнеше 
түрленіп қойылуы, берген жауабыңның бірі де қабылдан
-
бай, өз дегенін істеген тергеушілердің құйтырқы әрекеті 
кеңестік дәуірдегі ғана емес, жалпы заң қызметкерлерінің 
екіжүзділігін ашуға қызмет етеді. «Алтын көрсе періште 
жолдан таяр» дейді атам қазақ, адам тағдырын тәлкекке 
айналдырып тапқан наны қалай тамағынан өтеді екен, 
өңешіне қадалып қалмай деп таң қаласың. Құлқынның 
құлы болған сондай жанкештілерді «Мың асқанға бір тос
-
қан» болмай, қара жер қалай көтеріп жүр екен деп те ой
-
лайсың. 
«Таңғы ауаны жаңғырықтыра, абалай үрген иттер жұл
-
қынып, жеп қоярдай болып тұр. Автозак артқы есігін ва
-
гонға қарата тоқтаған. Жамбасынды «Макаров» писто
-
летінің қайыс қабы ілінген, еңгезердей капитан: 
– Слезай по одному! Шаг влево, шаг впарво – считает
-
ся попыткой побега, стреляем без предупреждения! – деп 
айғай салған.
Осы кезде ғана бұлар өздерінің ауыз да аша алмайтын 
шын тұтқын екенін сезінген. Солдаттар вагонға артыла 
алмай кідіріп қалған бұларды резенке таяғымен ұрып, 
темір тақалы етігімен теуіп, малша айдап бірақ кіргізді.
Бесін ауғанша күн астында қаңтарылып тұрған тұтқын
-
дардың вагоны зорға дегенде пойызға тіркелген» [13, 61], 
– деген үзінді Хақанның аса қауіпті саяси тұтқын ретінде 


145
сотталғанын, оның алдағы өмірі бүгінгіден де жаман бо
-
латындығын байқататын сурет. Осылайша ана сүті аузы
-
нан кетпей жатып, оң-солын танымай, саясат деген сайқал 
иттің не екенін білмей жатып аса қауіпті тұтқын ретінде 
танылған оның өмірі бір сәтте шыр айналып кете барады. 
Алғашында Маңғышлақ, кейін Қостанай түрмесінде 
талай қиыншылықты басынан өткізген оны бір түрмеден 
екінші түрмеге ауыстырудың астарында да үлкен саясат 
жатыр. Қазақстандағы «еңбекпен түзеу» лагерьлерінің ең 
ауыры, ең жаманы Маңғышлақтағы зона болса, Хақанды 
сол жерге апарып ауыр еңбекпен тұралатып тастауды көз
-
дегендерінен түк те шықпайды. «Сені, сүмелек, итке тас
-
тап, сүйегіңді шашып жіберсем де, ешкім қой дей алмай
-
ды. Ешкім заңсыз деп айта алмайды, үйткені сен, – сұқ 
саусағын кезеген, – сен құлсың. Тем более политический 
заключенный! Резать всех надо!», - деп, тепкінің астына 
алғанда бүйрегінен қатты зақым алған оны кіші дәретке 
отыра алмай қиналып жатқанда санчастьтағы Валяның 
жедел жәрдем жасамақ түгілі декабрист деп маңына да 
жолатпай қойғандығы, т.б. осы секілді оқиғалар саяси 
тұтқындардың тағдыры қай кезде де оңай болмағанды
-
ғын байқататын эпизод. Тіпті Ұлы Отан соғысы кезінде 
де тұтқындарға қарсы жақтың дәрігерлері жедел жәрдем 
көрсеткенін еске алатын болсақ, желтоқсандықтарға бас
-
қыншы неміс әскерлерінен де қауіпті жау ретінде қара
-
ғанын түсіндіруге болады. Тепкілеп өлтіре алмайтынын 
білген олар Хақанды жұмыстың қайдағы ауырына салып 
бағады. Содан кейін ауылда күрек ұстаған қазақ баласын 
ауыр жұмыспен мұқалта алмайтындығын сезген ішкі істер 
қызметкерлері қазағынан гөрі өзге ұлты басым солтүстік 
өңірдегі Қостанай түрмесіне ауыстырады. Ондағы мақсат 
– жас декабристі көзін шел басқан жаналғыштардың ара
-
сына апарып жанын жаһаннамнан келтіру. Жаңа жерге ба
-
рып, оның басбұзарларына (пахандарына) үйренгенше та
-
лай қорлық көріп, итше таланып, құр сүлдері қалып, терісі 
сүйекке ілінген Хақан өмірі – тар қапастың қай жерде де 


146
тозақ екендігінің көрінісі. Жазушы тор көздің арғы жағын
-
дағы түрме шындығын нанымды бейнелеу мақсатында ке
-
ңес түрмесінде отырған қылмыскерлердің өмір тіршілігі
-
нен толық мағлұмат беру үшін сол жақта қолданылатын 
жаргон сөздерді молынан пайдаланған. Белгілі бір топ 
арасында ғана қолданылатын волчок, кормушка, гайдамак, 
трюм, шконка, кум, кумовя, наседка, компромат, бродяга, 
отстойник, промзона, чифир, ходка, крадун, щипач, писак, 
СИЗО, ДПНСИ, коньды, карцер, коневой, стаканчик, се
-
мейка, малява, положенец, т.б., жаргон сөздерге анықтама 
беріп отырған. Жаргон сөздер бір ортада өмір сүретін топ
-
тардың өмірінен хабар беріп қана қоймай, олардың өзіндік 
ерекшелігін аша түседі. Бұл жерде жатқандардың қылмыс
-
тары да түрліше. Бірі жастайынан жетім қалып, алғашын
-
да күнкөріс үшін, кейін әдетке айналған қалта ұрысы бол
-
са (Колян), екіншісі жазықсыз жазаланған бейкүнә жандар 
(Мұқан). Жазушының олардың әрқайсысының қылмысы 
мен кесілген жазасына айрықша тоқталғандағы мақсаты – 
«әділ сот» деп ел сенген, халық мол үміт артқан кеңес со
-
тының әділетсіздігін әшкерелеу. Жаламен құрдымға кету 
тек қана Хақанның басында еместігін, қасындағылардың 
әңгімелерінен байқауға негіз мол. 
1986 жылы 17 желтоқсан күні Брежнев алаңындағы 
жиналғандардың не талап етіп жатқанын, бейбіт шерудің 
неге ұзаққа созылып кеткенін білгісі келген жастардың 
ұстаздарының қадағалауынан қашып шығып, алаңға жет
-
пей қолға түсіп, қуғын болуы сол күндердегі тарихи шын
-
дықтың бір көрінісі. Біреудің мұрынын қанатпақ түгілі, 
алаңға жетпей ұсталған Хақан өмірін 86 жылы жазықсыз
-
дан жазықсыз сотталған, қуғын көрген (жұмыстан боса
-
тылып, оқудан шығарылған) мыңдаған жастардың типтік 
бейнесі ретінде тануға болады. Себебі, оның тағдыры 
Қайрат Рысқұлбековтің басынан өткен оқиғаға да ұқсас. 
Алаңнан қашып шыққан қызды сапер күрегімен сұла
-
тып салып, шашынан сүйрей жөнелгенін көрген Хақан 
оған араша түсіп, прапорщикті иек тұстан салып қалға
-


147
ны үшін алты жылға сотталып кететінін қайдан білсін. 16 
желтоқсан күні бейбіт шеруге шыққан жастар келесі күні 
осылайша мұздай қарумен құрсанып, бес қаруын асынған 
әскерге жолығып еді. Жастарды алаңға кіргізбей, осылай
-
ша топтап-топтап тоғытып, қойша иіріп, сапер күрекпен 
сұлатып салып, машинаға лақтыра бергені де рас. Батыр 
бір оқтық дегендей, алпамсадай жігіттердің қарумен құр
-
санған, қатыгез әскерге қарсылық көрсете алмай, баудай 
қырылғаны да содан. Міне, осы шындықтың бәрін көзі
-
мен көрген Хақан сынды жандар болмаса, көпшілік үшін 
теле экраннан көріп жүрген көркем фильмнің белгілі сю
-
жеттері секілді әсер ететіні жасырын емес. Алайда, қас 
пен көздің арасында өткен осы оқиға қаншама жастардың 
өміріне балта шапты. Олардың көпшілігі алаңда не бол
-
ғанынан бейхабар еді. Жастарға үгіт-насихат жүргізілді, 
оларды бастап алып барған белгілі топ бар дегенге де сене 
беруге болмайды. Мүмкін белгілі топ жұмыс жасаған 
шығар. Бірақ олардың үгіті барлық жастардың құлағына 
жеткен жоқ. Керісінше, «Ит қорыған жерге өш» деген
-
дей, «бармаңдар, болмайды, арты жаман болады» деген 
ұстаздарының үркітуінің артында қаншалықты шындық 
жатқанын білгісі келген жастардың көпшілігі алаңға өз 
еріктерімен барғандығын автор Хақан бейнесі арқылы 
көрсетуге тырысқан: «Рас, ес жидырмады. Осының бәрі 
қас пен көздің арасында өтіп еді. Хақназарға түс сияқты 
көрінген. Тіпті өз көзіне сенбей отыр еді: бір ауыз сөзге 
келмей, итше сабағанды кім көрген» [13, 21].
Милиция, өрт сөндірушілер, шекара әскерінің курсант
-
тары, ішкі істер әскерінің бір жерге жиналып, жасақтал
-
ғанын көрмеген жастардың кинодан ғана көретін мұндай 
оқиғаны өз көздерімен көру үшін қызықтап барғандары 
қаншама. Сондай қызығушылықпен барғандардың бірі – 
Хақан. Он сегіз жастағы балаң жігіттің қай бір саясаттан 
хабары бар дейсіз. Ал, оларды саяси тұтқын ретінде ұс
-
тап, бірнеше жылға соттап жіберу де басқа сыймайды. Ха
-
қанға болмаған жайтты айғақ етіп, бір емес екі куәгермен 


148
істі дәлелдеп жүрген жәбірлеуші Звягинцев пен куәгер 
Рыжова екенін ескеретін болсақ, осындай арсыздардың 
бір Шығаевқа емес, қаншама жастың мойнына жасамаған 
қылмысын қиып салғаны да белгілі. Осы романдағы Қа
-
қанның жалғыз ілікті ананың құрсағынан шыққан жалғыз 
басты жігіт екенін ескеретін болсақ, алдын ала жоспарлан
-
ған, тайдырмайтын айғақтарды ішкі істер қызметкерлері 
осындай іздеушісі жоқ жандарға жапқанын аңғаруға бо
-
лады. Қолына рупорды ұстап, бір емес, екі-үш күн алаңды 
шарлаған кейбір белсенділердің сотталмақ түгілі, бір тал 
шашы түспегенін, көп ұзамай-ақ, желтосандықтар ресми 
ақталмай жатып асығы алшысынан туып алшаңдап, тасы 
өрге домалап шыға келгенін ескертін болсақ, осы оқиға
-
ның артында ашылмай жатқан қаншама шындықтың бар 
екендігі күмән туғызбайды. Жазықсыз сотталған жүз төрт 
адам мен әртүрлі жауапкершілікке тартылған жеті жарым 
мың адамның ақтау қағазына осы күнге дейін қол қойыл
-
мағаны бұл сөзіміздің айқын дәлелі [14]. 
« – 1986 жылы 17, 18 желтоқсан күндері Отаныма бо
-
рышымды өтеп, Алматыдағы Брежнев алаңында өз қыз
-
метімді атқарып жүргем. Өздеріңіз білесіздер, сол күні 
экстремистік, террористік топтар белгілі бір мақсатқа
жету үшін сол жерде қоғамдық тәртіпсіздікке жол берді 
ғой... Мен адал қызметімді көрсеттім ол кезде», - деп, 
Отанына адал қызмет ететін Звягинцев екі беті бүлк ет
-
пей жалған сөйлеп, жазықсыз жанға жала жауып, оның 
жас өміріне балта шапқанымен ісі де жоқ. 
Көркем тәсілдің бірі – шығармада кейіпкер түсін орын
-
ды пайдалану. Жазушы түсті алдағы уақытта, болашақта 
болатын оқиғалардан алдын ала хабар беру мақсатында 
пайдаланған. Осындай көркемдік деталь қатарында шы
-
ғарманың басындағы Құрмаштың түсі мен Хақанның түр
-
меден босар алдындағы түстерін атауға болады. 
Ертеректе болған ертегі-аңыздарды айтылар негізгі 
оқиғамен ұштастыра пайдаланып, оқырманға үлкен ой 
салу да көркем тәсілдің бірі. Осы тұрғыда автор негізінен 


149
Адам ата Хауа ана мен Пайғамбарлар өміріне қатысты 
аңыз-әңгімелерді молынан пайдаланғандығын баса айту 
керек. Оның да өзіндік бірнеше себептері бар. Бірінші
-
ден, жазушы сол оқиғалар арқылы қазіргі таңдағы иман
-
дылықты ұмыта бастаған замандастарымызға ой салса, 
екіншіден, қазақ әдебиетіндегі ислам тақырыбын жаңаша 
түлетуге ден қойған. 
«Қияда» деп аталатын тарауға Хақан мен Самал, Құр
-
маш пен Айгүл арасындағы махаббат линиясы арқау бол
-
ған. Шет тілдер институтында оқитын қыздармен бірге 
тауға барып коньки теуіп, таза ауада демалып жүрген сәт
-
тер Хақан өмірінің бір сәт дамыл тапқанын байқатқанмен, 
оның аяқтан таусылып пәтер іздеуі, екі қолға бір күрек 
таба алмай сандалуы – сол тұстағы қоғам өмірінен хабар 
береді. Осындай тығырыққа тірелген Хақан тосыннан жо
-
лыға кеткен курстасы Ернардың ұсынысын қабылдауға 
мәжбүр еді. Алғашында Ернардың барахолкадағы бір кон
-
тейнерін жалға алып, саудамен айналысқан ол қожайы
-
нының ұсынысына қалай көніп қалғанын өзі де білмейді. 
Бірге сауда жасап жүрген серіктес бір қытайды жиырма 
мың (20 000) АҚШ долларымен лақтырып кетуді көздеген 
Ернар отты Хақанның қолымен күрейді. Осылайша алаяқ
-
тардан ат тонын алып қашқан Хақан қалайша сыбайлас 
болып қалғанын өзі де білмейді. Ақша қалай келсе, солай 
кететінін Хақанның қалтасынан 500 АҚШ долларын ұр
-
латып алуымен түсіндірген жазушы арам ақшаның титтей 
құны болмайтындығына сендіріп баққан. Алайда, қалтаға 
түсетін, киімнің ішіндегі ақшаны іліп кететін, сумканы 
тіліп кететін ұрылардың тоқсаныншы жылдары барахол
-
каны ғана емес, қоғамдық көліктерде де қаптап кеткенін 
еске алатын болсақ, Хақанның басынан өткен бұл оқиға 
сол кездегі алаяқтардың ісін айғақтауға қызмет етеді. 
«Қаза» деп аталатын үшінші тарауда жетпіс жылдан 
аса өмір сүрген Кеңестер Одағы ыдыраған соң, өз алдына 
тәуелсіз ел болған Қазақстанның экономикалық тығырық
-
қа тіреліп, базар біткеннің бәрін жаулап алған қытайлар 


150
мен ала қап арқалап, базар жағалаған қазақтардың мүшкіл 
халі сөз болған. Құрмашты іздеп жүріп базарда жолығып 
қалатын Алданғордың әйелінің өтініші бойынша затын 
тасып бермек болған Хақанның баяғы қытайдың қолына 
түсіп, ішке сұққан пышақ жарақатынан бауыры зақымда
-
нып, үш күн Қалқамандағы ауруханада жатып жан тапсы
-
руы, оның жансыз денесін ауылдағы анасына алып баруы 
– бәрі де қайғылы қазаның көркем суреттері. Көктемнің 
қараөзек шағында қазаға ұшыраған Хақан өлімі, тоқса
-
ныншы жылдардағы тәуелсіз жас мемлекеттің қараөзек 
шағын көз алдымызға елестетеді.
Осы тараудағы Консерваторияны бітірген Құрмаштың 
табиғат берген өнерінің түкке жарамай, жұмыс таппай 
сенделіп ақыр аяғында барахолкадан тиянақ табуы – дом
-
быраның құлағында ойнаған күйшілермен бірге ұлттық 
өнеріміздің құрдымға кетіп бара жатқандығынан байқатар 
эпизод. Қысы-жазы аяқтан өткен сыз ақыр түбі Құрмаш
-
тың екі өкпесін тесіп тынады. Шығарманың эпилогында 
республикалық Тубдиспансерде жатқан Құрмаштың тесік 
өкпесі қазақ біткеннің жанын мазаласа керек. Сол секілді 
шиеттей бала шағасын асыраудың қамымын алғашында 
шемішке сатып, кейін Ерланнның бір контейнерін жал
-
ға алатын Алданғор мен Үрзипа сынды ерлі-зайыптылар 
өмірі, Шет тілдер институтында оқып жүрген қыздардың 
құрбыларының көпшілігі бастарына қиыншылық түскен
-
де кришна дініне өтіп кетуі – ащы болса да өмір шын
-
дығы. Тоқсаныншы жылдары жеке дербес ел болған Қа
-
зақстанның экономикалық тығырыққа тірелуінен қазақ 
отбасыларының жаппай тұрмыстық әл-ауқатының нашар
-
лауы, ауылдағы совхоз, колхоздар таратылған соң, қалаға 
қарай ағылып ала қап арқалаған қазақтар мен ислам діні
-
нен хабары жоқ жастардың басқа дінге топ-тобымен өтіп 
кетуі – бәрі де тоқсаныншы жылдардағы Қазақстанның 
астанасы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін көз алды
-
мызға шынайы қалпымен алып келеді. 


151
Хақанның жан дүниесінде болып жатқан сезім толқы
-
нын шынайылықпен бейнеленген шығарма оқырманын 
тез баурайды. Алайда, шығарманың шешімі үлкен ой сала
-
ды. Алты жыл тар қапаста талай қорлықты көріп, өмірдің 
тек қана ақ түстен емес, ақ пен қара түстен тұратынын 
білген жанның, екі аяқты хайуандардың арбауына түсіп, 
аңғалдық танытқаны көңілге сыймайды. Тәуелсіздік жо
-
лындағы соңғы күрестің құрбаны болған Желтоқсандық
-
тардың болашақ өмірі нұрлы болуы керек еді. Оқырман
-
ның күткені Хақназардың емес, Звягинцевтің қазасы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет