115
Көркемдік тәсілдің бірі – орын ауыстырып қолдану
болса, оны «Қалтырап бір кетті Креслолар», «Тұрды тірі
Портреттер түр-өңі», «Сөйлеп жатты подъездер, балкон
-
дар, Сөйлеп жатты, терезелер, есіктер. Сөйлеп жатты мін
-
белер мен алаңдар» деген мысалдардан көруге негіз бар.
Патриоттық рухпен жазылған поэма Ұлы отан соғысы
жылдарында «Заман біздікі!» деп жар салған Б.Бұлқы
-
шевтің Шығыс ұлына қарата айтқан жалынды сөздерін
еріксіз еске салады. Себебі мұнда көтерілген негізгі мә
-
селе – Намыс ұлы. Ол – кешегі «Туған Отан. Туған қара
шаңырақ. Алып Отан. Атамекен, кіндік жұрттың» намы
-
сын қорғап, өзімсінген отаршылдарды жағасынан алып,
тәубасына таяндырған қазақ жастары. «Отыз екі... Отыз
жеті... Қырық бір... Бәрін кешіп, бәрін жеңіп көрген ел»
дейді ақын. Бірақ алаңға шыққан жастар отыз екі мен
отыз жетінің зұлматынан мүлде хабарсыз, соқыр сезімге
сенген, Коммунистік партияның адал құлдары мен ұлда
-
ры еді. 1941 жылы тыныштығымызды бұзып тұтқиылдан
шабуыл жасаған, фашистік Германияны жер жастандыр
-
ған «Мызғымас Кеңес Одағының» өршіл рухтағы қазақ
жастары имандай сенім артқан партиясының өздеріне оқ
ататынын білмей қапияда жер жастанды. Өршілдік рухпен
жазылған поэмада болашаққа сену, үміт күту сынды опти
-
мистік үн басым. Оны «Кім ұғады талықсыған барыстай,
Намысымды қабырғасы қайысқан» дейтін ақынның:
Достарыңызбен бөлісу: