204
ШЕРИАЗДАН ЕЛЕУКЕНОВ
(1929 жылы туған)
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының іргесін ұстап
тұрған ғалымның бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреа
-
ты Шерияздан Рүстемұлы Елеукенов.
Әдебиеттегі қадамын журналистикадан бастаған ол
өз замандастары Кәкімжан Қазыбаев, Сапар Байжа
-
нов, Баянжан Мәдиев, Ұзақ Бағаев, Сматбек Төребеков,
Қайыркен Сағындықов, Мұқан Мамажанов, Бекежан
Тілегенов, Тельман Жанұзақов, Бекмырза Баймаха
-
нов, Хайдолла Тілемісов, Шерхан Мұртаза, Сейдахмет
Бердіқұлов, Әбілмәжін Жұмабаев, Әбілфайыз Ыдыры
-
сов, Темірбек Қожакеев, Камал Смайылов сынды сана
-
лы ғұмырын қазақ журналистикасының ыстық-суығына
арнағаны белгілі. Қазақ журналистикасының қоржынын
олжамен толтырған ол ұлттық әдебиеттану ғылымына
да қомақты үлес қосып келеді.
Академик Г.И.Ломидзенің жетекшілігімен «Қазақ ро
-
маны және қазіргі заман» (1996) деген тақырыпта кан
-
дидаттық, «Қазақ романының идеялық-көркемдік және
жанрлық ерекшеліктері» (1989) атты тақырыпта доктор
-
лық диссертация қорғаған ол – бүгінгі таңда әдебиетта
-
ну ғылымына айқын із салған білікті ғалым. Осы тұр
-
ғыда оның «Казахский роман и современность» (1968),
«Замандас парасаты» (1977), «От фольклора до рома
-
на-эпопеи» (1987), «Жаңа жолдан» (1989), «Мағжан»
(1995), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), «Ғасырмен
сырласу» (2004), «Тәуелсіздік биігінен» (2007), көптом
-
дық шығармалар жинағы т.б. тәрізді зерттеу еңбектерін
ерекше атаған жөн.
205
Ғалым зерттеулерін өз ішінен бірнеше салаға бөліп
сөз етуге болады. Олардың ішінен бірінші көзге түсетіні
– қазақ романы туралы зерттеулер. «Сүйекті жанрдың»
арғы-бергі тарихын жете зерттеген ол қазақ романын
Абайдың эпистолярлық романынан бастау керектігін
ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Ол жөнінде зерттеуші:
«Ұлы ақынымыз орыс поэзиясының елуге жуық өлең
-
дерін аударып, түп нұсқадан қай жағынан да кем түс
-
пейтін шеберлікпен қазақ поэзиясын жаңа түр, соны
сөзбен байытты. Пушкиннен шалыс ұйқас алды, өлең
жолын сегіз буыннан құрайтын өлшем енгізді» – деген.
Кең байтақ романның махаббат жырына айналуында,
Пушкиннен өзгеше бітім алуында бірқатар сыр бүгулі»,
– дей келіп, аталған шығармаға тыңғылықты талдау жа
-
сады. Нәтижесінде қазақ романының тарихы Абайдың
эпистолярлық романынан бастау алды. Мұның өзі оның
қазақ романының тарихы мен көркемдік қуатын жете
зерттеуге ден қойғандығын аңғартады.
Оның зерттеулерінің бір парасы – монографиялық
зерттеулер. Мағжан Жұмабаев, Әбділда Тәжібаев, Ілияс
Есенберлин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тахауи Ахтанов
сынды ақын-жазушылардың шығармашылық портретін
жасаған ғалым монографиялық очерктің өз ерекшелігін
танытты. Ол – кез-келген ақын-жазушының өмірі мен
шығармашылығын толық қамту арқылы олардың твор
-
честволық өсуін, ұлт әдебиетіне қосқан үлесін анық
-
тау. Зерттеулерінен қазақ әдебиеті туралы алыс-жақын
шетелдік ғалымдар мен сыншылардың, жазушылардың
жазғандарын мұқият қадағалап, назарда ұстау ерек
-
ше көзге түседі. «Мағжан» атты монографиясы үшін
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған ғалымның
тәуелсіз қазақ ақындары Кәкімбек Салықов («Мағжан
аға») пен Темірхан Медетбектің («Мағжан жыр») ақын
ағамен сыр бөліскен жырларына дейін назарда ұстап
отыруы – ғалымның зерттеу объектісіне деген шынайы
құштарлығын танытары даусыз.
206
Бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымының алдында
тұрған негізгі міндет – тәуелсіздік кезең әдебиетін зерт
-
теу. Тәуелсіздік кезең әдебиеті бүгінге дейін толық зерт
-
телмегендіктен оны басқарудың өзі оңай болған жоқ.
Жоғарыда аталған «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томы
«Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиетін» (1991-2001)
қамтиды. Әрбір жанрдың өз маманы болады. Ал, инс
-
титутта аталған кезеңді зерттеп жүргендер жоқтың қасы
еді. Осындай сәтте бар ауыртпалық аталған тақырып
-
тың басшысына түсері белгілі. Аталған кезең әдебиетін
зерттеуге белгілі ғалымдар тартылған. Соңғы жылдар
әдебиетін зерттеудің өз қиыншылығы да жетерлік. Оны
осы 10- томның 50 пайызын кітаптың бас редакторы өзі
жазғанынан көруге болады. Кітаптың құрылымы «Алғы
сөз», «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде (кіріспе)»,
«Проза: Роман», «Повесть, хикаяттар», «Әңгіме», «Де
-
ректі әдебиет», «Сатира», «Фантастика», «Лирика»,
«Поэма», «Драматургия», «Қазақстан халықтарының
әдебиеті», «Әдебиеттану», «Әдеби-көркем сын», «Қа
-
зақ әдебиетінің халықаралық байланыстары» сынды
негізгі шолу тараулармен бірге осы кезеңнің «Әдеби
өмір шежіресі» мен «Библиографиялық көрсеткішін»
қамтиды. Қазақ әдебиетінің белгілі библиограф ғалымы
Әбділхамит Нарымбетов бүкіл ғұмырын арнап келе жат
-
қан әдебиеттің библиографиясы мен шежіресін жасау –
екінің бірінің қолынан келмейтін шаруа. Олай болса, бас
редакторы авторларын үлкен талғаммен таңдай білген.
Шежіре мен көрсеткіштің толықтай көлемді етіп берілуі
де құптарлық. Себебі аталған кезең әдебиетін зерттеуде
мұндай көрсеткіштердің аса қажет екендігі анық. Со
-
нымен бірге Ә.Нарымбетов – қазақ поэмасын тұрақты
зерттеп жүрген бірден-бір ғалым. Ендеше, бұл тарауды
да негізгі маман жазғаны анық. Тақырып жетекшісі осы
-
лайша әр жанрдың өз маманын таңдап алуда ұтқырлық
танытқан.
Кітаптың алғы сөзінде Ш.Елеукенов: «Әрине, жаңа
кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына ілік
-
207
кен жоқ. Кейбір татымды туынды әртүрлі себеппен на
-
зарға түспей қалды да. Түспей қалуының өзге де себебі
болуы мүмкін. Әдебиет тарихы баспа жүзін көрген шы
-
ғарманың құнын айырмай шетінен тықпалай беруді кө
-
термейді. Қазір не көп – қағаз топаны көп. Проза әлемі
-
не де, өлең өлкесіне де кіруге лайықсыз, әдебиетпен үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын шалажансар шимайлар
бүгіндер қаптап кеткені жасырын емес. ...кітапта бүгінгі
тәуелсіздік әдебиетінің әжетке жарайтыны, жілігі тати
-
ды дегендері ғана іріктеліп талданды», – дейді. Аталған
кезең әдебиетіне еңбегі сіңген негізгі көрнекті ақын-жа
-
зушылардың шығармалары жанр бойынша сөз болған.
Ал олардың жекелеген шығармшылық портретін жасау
алдағы уақыттың еншісіне қалып отыр. Себебі, бұл –
қозғалыс, даму үстіндегі кезең әдебиеті.
Проза жанрының денін («Алғы сөз», «Кіріспе», «Ро
-
ман», «Повесть, хикаяттар») филология ғылымдарының
докторы, профессор Ш.Елеукенов зерттеген. Қазақ про
-
засын жете зерттеп жүрген, роман жанрының білікті ма
-
маны ретінде танылған ғалымның бұл жанрды зерттеуде
алдына жан салмасы белгілі. Прозаның жетекші жан
-
рын зерттеуде осы кезеңде жазылған негізгі шығарма
-
лар іріктеліп алынған. «Үлкен прозасыз үлкен әдебиет
жоқ», – деп М.Әуезов айтқандай бүгінгі қазақ әдебиеті
үлкен тұғырға шыққаны анық. Тәуелсіздік тұсында ро
-
ман жанры жаңа биікке көтерілді десек артық айтқан
-
дық емес. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», «З.Қабдо
-
ловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі, Ш.Мұртазаның
«Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», Қ.Ысқақовтың
«Ақсу – жер жаннаты», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмба
-
ғы», Ә.Таразидің «Жаза», Т.Әбдіковтің «Парасат майда
-
ны», С.Сматайдың «Жарылғап батыр», Қ.Жұмаділовтің
«Дарабоз», Қ.Исабаевтың «Шоң би», Б.Мұқайдың
«Өмірзая», О.Сәрсенбайдың «Шеңбер», К.Сегізбайдың
«Беласқан», Б.Нұржекеевтің «Әйел жолы жіңішке»,
Т.Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Ж.Ахме
-
дидің «Шырғалаң», Х.Әдібаевтың «Отырар ойраны»,
208
Ұ.Доспанбетидің «Қызыл жолбарыс», А.Алтайдың «Ал
-
тай новелласы», Ә.Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін
биігіңді», С.Елубайдың «Мінәжат», Т.Нұрмағамбетовтің
«Айқай» атты романдары осы жылдардың жемісі. Зерт
-
теуші роман жанрын зерттеуде осы аталған шығармалар
қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрді қалай жалғас
-
тырды, мазмұндық, түрлік қандай жаңалық қосты деген
мәселелер төңірегінде қарастырған. Жекелеген шығар
-
малардың жетістігі жазушылардың көркемдік шеберлігі
негізінде сараланған. Сонымен бірге зерттеуші бүгінгі
қазақ прозасының жанрлық табыстарын да тілге тиек
етіп, нақты шығармаларды талдаумен тың ғылыми тұ
-
жырымдарын ұсынған. Ғалымның: «Тәуелсіздік дәуірі
он жылдық әдеби процесс арнасын жаңа бағытқа бұрды.
Ел көңілінің гүлін ашқан әдеби дәуірдің алғашқы жеміс
-
терін тере де бастадық. Сөз өнерінің зор саласы – проза,
жетекші жанры – роман бабында екені ерекше қуанта
-
ды» немесе «ХІХ, ХХ ғасыр – әдебиетіміздің көркемдік
әлемінің шың-құздарына қанат қаққан ғасырлары», – де
-
ген пікірлері бүгінгі қазақ әдебиетіне берілген әділ баға.
Ал, фантастиканың негізгі маманы профессор А.Мар
-
хабаевтың «Фантастика», сатираны жете зерттеп жүрген
ғалым Ү.Уәйдаұлының «Сатира», аталған кезең лирика
-
сын ғылыми айналымға түсірген филология ғылымда
-
рының кандидаты Ә.Қайырбековтің «Лирика», белгілі
театр сыншысы Ә.Сығайдың «Драматургия», профес
-
сор Р.Тұрысбектің «Әдебиеттану», профессор Қ.Әб
-
дезұлының «Әдеби көркем сын», профессор Б.Мамраев
пен С.Ананьеваның «Қазақ әдебиетінің халықаралық
байланыстары» деген тарауларын жазуы да құптарлық.
Бүгінгі қазақ әдебиетінің білікті мамандарының бірі
Қ.Әбдезұлының: «Бір мүшелді толтырып, енді екінші
мүшелге аяқ басқан жас, егемен еліміздің туған әдебиеті
мен өнерінің бірден-бір жанашыры, яғни жақсы мен жа
-
манын, арзаны мен қымбатын қалт жібермей ажыратып
айтып, оқырман назарына әрдайым ұсынып отырған,
бүгінгі көркемдік дамуымыздың күре тамырындай бо
-
209
лып кеткен әдеби-эстетикалық сынымыздың әлі де алар
асулары алда», –деген сөзінен қазақ әдебиеттану ғылы
-
мының күн санап өсе беретінін аңғарамыз.
«Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары» атты
тарау тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстан Республи
-
касының әлемнің сан алуан елдерімен дипломатиялық
байланыста болғанын аша түседі. Соның ішінде шығыс
елдерімен мәдени және әдеби байланыстардың кеңейе
түсуі жан-жақты сөз болған. Түркі тілдес Түркия, Әзір
-
байжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және бас
-
қа елдермен бірге соңғы жылдары Монғолиядағы және
Қытайдағы қазақтардың әдеби байланыстары да кеңейе
түскендігін зерттеушілер жеткілікті түрде зерттей біл
-
ген. Туысқан түркі тектес халықтар әдебиетінің кейінгі
жылдары бірлікте қаралуы да осы кезең әдебиетінің
жетісітігі.
Бұл зертттеу тәуелсіздік әдебиетінің толық бағасын
берді деуден аулақпыз. Себебі, бұл даму үстіндегі кезең
болғандықтан, ол жөніндегі зерттеулер де тыңнан түрен
салғандығымен бағалы. Дегенмен, Бұл ұжымдық еңбек
– сол кезең әдебиетін зерттеудегі негізгі бағытты көр
-
сетіп, алдағы үлкен зерттеулерге жол салды.
Екіншісі – «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде»
(«Алатау» баспасынан шыққан) деп аталатын Ш.Елеуке
-
новтің зерттеу еңбегі. Бүгінгі базар нарқы шарықтап тұр
-
ған шақта әдебиетшілердің кітаптарын жарыққа шығару
да оңай шаруа емес. Аталған еңбектің Қазақстан Рес
-
публикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
және мұрағат комитетінің мемлекеттік бағдарламасы
бойынша шығарылғаны қуанарлық жай. Тәуелсіздік ке
-
зең әдебиеті ғылыми айналымға түсе қоймаған уақытта
мұндай сүбелі зерттеудің әдебиет сүйер қауымға ауадай
қажет екені айтпаса да түсінікті.
Алғашқы еңбекке басшылық жасау барысында ғалым
-
ның көп ізденгендігін оның екінші зерттеуінен байқауға
болады. Кітаптың құрылымы негізгі екі бөлімнен тұра
-
ды. Бірінші бөлімде аталған кезең әдебиеті проза, лири
-
210
ка, поэма сынды негізгі жанрлар бойынша сөз болады.
Екінші бөлімге бүгінгі заман тілегінен туған әдеби сын,
зерттеу мақалалар топталған. Бұлардың дені жекелеген
жазушылардың шығармашылық портретін жасаған мо
-
нографиялы очерк. Кітаптың кіріспесінде ғалым: «Бұл
кітап болашақ туындыларға ой түрткі боларлық қызмет
атқарса, қалың оқырманның қаптай шығып жатқан әде
-
би көркем дүниелер хақындағы білмекке құмарлығын
өтеуге септессе, – автор еңбегінің еш кетпегені», – дейді.
Біздіңше, автор алдына қойған мақсатына жеткен.
Олай дейтініміз, бұл – аталған кезең әдебиеті жөніндегі
бас-аяғы жинақы, толыққанды зерттелген тұғыш еңбек.
Ғалымның айтуынша ХХ ғасырда қазақ әдебиеті үш
кезеңді басынан өткізсе, соның үшінші кезеңі – «қазақ
халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңда
-
йы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үс
-
тем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген
1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады». Кіріспеде
осы аталған кезеңдегі қазақ әдебиетінің жай-күйі қан
-
дай болғандығы сол тұстағы мәдени, әдеби шаралармен
байланыстырыла сөз болады. Әдеби процесті жанды
қозғалыс ретінде таныта білген ғалым бүгінгі әдебиеттің
даму үстінде екендігін жан-жақты аша түскен. Кеңестік
дәуір тұсында цензура мен партиялық бақылауда бол
-
ған қазақ әдебиетінің тәуелсіздік тұсында қол жеткізген
табысының ұшан-теңіз екендігі де шынайылықпен көр
-
сетілген. Әдебиеттің «ақтаңдақ» беттерінің зерттеліп,
ұлттық әдебиетіміздің тұтас бір кезеңі, дәлірек айтқан
-
да, 20-30-жылдардағы қазақ әдебиеті жаңа есімдермен
толыға түскендігі де осы кезеңнің жетістігі екені белгілі.
«Тәуелсіз елдің еркін тынысты прозасы» атты тарауда
аталған кезеңдегі қазақ прозасы зерттеу нысанына алын
-
ған. Сүйекті жанр болып табылатын романның бүгінгі
күйі қандай деген сауалға ғалым нақты шығармаларды
талдау арқылы қол жеткізген. Қазақ әдебиетіне еңбегі
сіңген көрнекті жазушы Ә.Нұрпейісовтің кеңестік дәуір
тұсыннан бастап 25 жылда жазылып біткен «Соңғы
211
парыз» романы бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымынан
өз бағасын алған. Олай дейтініміз: «Қазақ әдебиетінің
ХХ ғасырдың ақырғы он жылының бетке ұстар туын
-
дыларын сөз еткенде, алдымен тілге үйірілетін туын
-
ды – жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз»
роман-дилогиясы (1999)», – дей келіп ғалым өзінің осы
ойын өзіне дейін жазылған еңбектермен дәлелдейді. Қа
-
зақ халқының мәдениеті мен әдебиетіне еңбегі сіңген
белгілі ғалым академик Зейнолла Қабдолов тағы басқа
-
лармен бірге алыс-жақын шетелдік сыншылар мен жа
-
зушылардың, Башқұртстанның халық жазушысы Мұс
-
тай Кәрімнің, Берлиндік жазушы-публицист Леонгард
Кошут тұжырымдарымен өз пікірін ұштастыра білген
ғалым ғылымдағы ізденімпаздығын да байқата түскен.
Жекелеген шығармаға талдау жасауда сол жөнінде өзіне
дейін кімдердің не айтқанын мұқият есте сақтап отыру
да ғылым мәдениетін танытар әдіс-тәсіл. Егер жеке өз
пікірін ғана білдірсе, ол зерттеуден гөрі жеке адамның
монологы болып шығар еді. Ендеше, бүкіл әдеби про
-
цесте не болып жатқанын жіті бақылап, оған өз көзқара
-
сын білдіріп отыру да ғылыми зерттеудің құнын арттыра
түсері даусыз.
«Лирика» тарауында бүгінгі жырдан сарай салған қа
-
зақ ақындарының көркемдік табыстары қазақ лирикасы
-
ның жетістігі ретінде танылған. Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Темірхан Ме
-
детбектің «Тағдырлы жылдар жырлары», Иран-Ғайып
-
тың «Қорқыттың көрі», Нұрлан Оразалиннің «Ғасыр
-
мен қоштасу», Марфуға Айтқожинаның «Аңсау» атты
жыр кітаптары зерттеу нысанына алынған. Т.Медетбек
«Тәуелсізбін» атты көлемді өлеңінде кешегі ХХ ғасыр
соңындағы қазақ жастарын қынадай қырған Орталық
-
қа деген ащы зарын төгіп, тәуелсіздік кезең лирикасын
ұлт мүддесі тұрғысынан сөйлетеді. «...Нұрлан жинағы
қам көңіл. Өзіне қояр сауалы көп», – деп түйген ғалым
ақын өлеңдерінің астарына үңіліп онымен сыр шерті
-
седі. Ақын қойған сан сауалға жауап іздейді. Мағжандай
212
ақын бабаларымен қайта табысқан тәуелсіз ел ақында
-
рының ата рухына айтары да шексіз. Темірхан Медет
-
бек «Мағжан жыр», Кәкімбек Салықов «Мағжан аға»
атты өлеңдерінде ақын ағамен сырласса, ғалымның да
Мағжанға ерекше ілтипат жасауы орынды. Бүгінгі қазақ
ақындарының бірін-бірі қайталамайтынын аңғарған ға
-
лым: «Мұхтар (Шаханов) өлеңдері капитализмнің қазақ
даласында алғашқы қордалануының жүген-құрықсыз
кеткен бейбастықтарын, былық-шылықтарын аяусыз
әшкерелейді», – десе, «Қабылхан (Күзембаев) ұйыстыр
-
ған өлең жолдары аруақ шақырып айбынданады, жырау
жылғаларына қайта су толтырып ағындатады. Орғытып
тоқсан толқытады. Тәуелсіз өмірдің қуатына қуат қоса
-
тын оптимизм халық жігерін арттыра түседі деп есеп
-
тейді. Өзі тарих боп сөйлейді», – деп тұжырымдайды.
«Поэма» тарауында бүгінгі кең құлашты эпикасы
-
мен танылып жүрген ақындардың шығармалары негізге
алынған. Аталған кезеңде «Ойлан, қазақ», «Желтоқсан»,
«Өліара», «Аламан», «Мың бір түннен соң», «Тайқазан»,
«Шу батыр», «Мыс шаһары», «Сарайшық», «Астана»,
«Жыл басы» дастарын жазған Асқар Егеубайды ғалым
«тыңнан жол салғыш дастаншы» деп бағалайды. Мұх
-
тар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты дастанын
тәуелсіздік кезең поэзиясының татымды жемістерінің
біріне балаған зерттеуші: «Дастанда басынан аяғына
дейін түзілген тұтас сюжет жоқ. Есесіне оның құрама
үзінділердің әрқайсысының шағын сюжеті бар. Сюжет
парадокске, күтпеген, шектен тыс оқиғаға құрылады да,
тәлімдік, танымдық маңызы бар қорытындымен аяқта
-
лады», – деп түйіндей келіп, осы пікірін нақты талдау
-
лармен дәлелдейді.
Ғалым назарын ерекше аударған шығарманың бірі –
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов
-
тың «Сарыөзен» поэмасы. «Есенғали поэмасы бүгінгі
тәуелсіздігіміздің құны қазақ үшін қандай қымбат екенін
тарихи оқиға негізінде көрсеткен. Өзге көп поэмалардан
артықтығы – төгіліп тұрған тілінде. Тисе қарғаға, тиме
-
213
се арбаға деп әйтеуір айтыла салатын дүдәмал тіркес,
олақ сөйлем кездеспейді. Әр сөз орнын тауып қалана
-
ды. Мүдіріс болса, тілге байланыс емес», – деп жоғары
бағаланады. Көріп отырғанымыздай ғалым шығарма
-
ның мазмұнын баяндаудан аулақ. Ол өзі тілге тиек еткен
туындылардың жетістігі мен кемшілігі неде деген сауал
-
дарға жауап бере отырып, бүгінгі қазақ поэзиясының
шыққан биігін бағамдайды.
Екінші бөлімнен көзге оттай басылатын тарау –
«Жүсіпбек Аймауытовтың роман айнасы». Олай
дейтініміз, Жүсіпбек Аймауытов шығармалары жөнінде
академик С.Қирабаевтан кейін не айтуға болады деген
ой туары даусыз. Алайда, ғалым жазушының әрбір шы
-
ғармасына өз тарапынан баға беріп, бұрынғы айтылған
-
дарды қайталамауға тырысқан. Мәселен, «Қартқожаны»
– роман хроника, «Ақбілекті» – психологиялық роман»
деп бергені ешбір дау туғызбасы анық. Себебі, мұндай
ғылыми тұжырым нақты зерттеуден жасалып отыр. Со
-
нымен бірге Ақбілек жөнінде, «Күнікейдің жазығын
-
дағы» Күнікей туралы тың пікірлер ұсынған. Осыған
қарағанда, қандай шығарма туралы да қанша көп жа
-
зылса, оның авторының сан қыры ашыла түседі екен.
Ендеше, бір тақырып неғұрлым көп зерттелсе, ұлттық
әдебиетіміздің өсуіне соғұрлым септігін тигізері даусыз.
Қолымыздағы еңбекті жапқан кезде мынадай ой келді.
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының еңсесін «Әдебиет
– ардың ісі» деп көтеріп жүргендер – аға буын өкілдері.
Соңғы он-он бес жылдың ішінде ғалым тәуелсіздік дәуір
әдебиетінің маманы болып алды. Ол қандай да бір жаңа
шығарма шықса, соған міндетті түрде алғашқылардың
бірі болып пікір білдіріп отыруды әдетке айналдырып
алған.
Қаламы жүйрік қаламгер осындай сүбелі зерттеу
-
лермен бірге көркем шығармадан да қол үзген жоқ. Әр
жылдары жарық көрген «Сұлулыққа іңкәрлік» (1999),
«Әттең, дүние...» (2001) атты кітаптарға енген Мұх
-
тар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Кенен Әзірбаев, Ғабиден
214
Мұстафин, Ғафу Қайырбеков, Кемел Тоқаев, Садықбек
Адамбеков, Зейнолла Қабдолов, Шерхан Мұртаза, Өз
-
бекәлі Жәнібеков, Тауман Амандосов, Сапар Байжанов,
Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев туралы эсселерді
оқырман қауымның ыстық ықыласпен қабылдағаны
белгілі. Өзімен жақын араласқан замандастарының тек
шығармашылығы туралы ғана емес, олардың табиғи
болмысы туралы сыр шерткен бұл эсселер қызғылықты
тілімен баурайды.
1951-1959 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық
«Алтай большевигі», кейін «Коммунизм туы» газетін
-
де қызмет істеген қаламгердің алғашқы туындылары да
осы газетте жарияланды. Әдебиет майданына елуінші
жылдары келген қаламгер алғашында «Тыңға шабуыл»,
«Үлкен жолда», «Ерекше көктем» тәрізді очерктер жаз
-
са, келе-келе ел өміріндегі келеңсіздіктерді арқау еткен
«Түймеден түйе», «Айлалы алаяқ», «Тартыста табыс
-
қандар» тәрізді фельетондар жазумен шұғылданды.
«Коммунизм туы» газетінде жарияланған «Сұрапылда»
әңгімесі мен «Шимайқан», «Қотыр торғай» атты сатира
-
лық өлеңі қаламгердің қаламын ұштай түсті.
Облыстық газетте әртүрлі жанрда қаламын ширай
түскен ол ендігі кезекте республикалық басылымдарда
да бағын сынап көрмек болып, 1959 жылы «Мас мол
-
да» атты фелетонын «Қазақ әдебиеті газетіне жібереді.
Газеттің сол кездегі бас редакторы З.Қабдолов заман
-
дасының шығармасы туралы былай дейді: «...редакция
ұжымы боп «Мас молда» деген сатиралық новеллаға таң-
тамаша қалдық... біз үшін Шериаздан Елеукенов деген
қаламгер осыдан басталды». Міне, осылайша елуінші
жылдардың соңын ала республика көлеміне танылған
қаламгер күні бүгінге дейін көркем шығарма жазуды бір
сәт те ұмытқан емес.
«Мас молда» былай басталады: «Марқакөлдің Шең
-
гелді ауылындағы Сапыш шал өлгенде жаназасын шы
-
ғарғаны үшін алған түйені екі мың сомға сатып, оны кіл
Ақмағамбетке жұмсап, біраз ләйліп алған Зұрихан мол
-
215
да енді садақа қаржыны тауысып алып, қолдан ашытқан
сыраға телміріп, үйінде жападан-жалғыз кіржиіп отыр».
Сөйлемді алғаш оқығанда үлкен әріппен жазылған Ақ
-
мағамбетті кісі есімі деп қабылдауыңыз күмән туғыз
-
байды. Алайда «басы зырқ-зырқ етіп, жас сыраны ты
-
жырына ұрттап» отырған молданың сыйқын көргенде
оқырманның өзі де тыжырына қалары даусыз.
Осылайша жазушы ХХ ғасырдың екінші жартысында
-
ғы «Аңқау елге арамза молда» болып жүрген екіжүзді
-
лердің бетін айызыңды қандыра тілгілейді. Ғасыр ба
-
сындағы әдебиеттен үлкен орын алған арамзалардың
кеңестік дәуір тұсында да Коммунистік партиядан қо
-
рықпай қулығын асырып, бір басып, екі асап жүргені
-
не таң қалсаң, бұл – әрине жазушының өмірдің көлең
-
келі жақтарын шынайы қалпында бейнелеген шеберлік
қыры. Жазушының осындай шеберлікпен жазылған
алғашқы шығармалары қатарында бір топ эсселері мен
әңгімелерін атау ләзім. «Әке сыны», «Тұңғыш», «Та
-
сыр», «Мүһмин атай», «Мұратжанның қазақшасы»,
«Базарлық» әңгімелерінің барлығы да өмірден алынған
шынайылығымен баурайды. Осы әңгімелердің ішінен
«Тұңғыш» әңгімесін ерекше атауға болады. Жазушы
көпшілік мән бере бермейтін ұсақ-түйектердің өмірде
үлкен мәні бар екенін ерлі-зайыпты Қойшыбек пен Бәну
тірлігі арқылы шынайы бейнелеген. Аспан айналып жер
-
ге түскен шілденің аптап ыстығында өкпесі өшіп дүкен
-
нен екі сөмкені арқалап келе жатқан Бәну – қайда жүрсе
де үйдегілердің ауыз суын ойлай жүретін әйелдер қауы
-
мының жиынтық бейнесі болса, көмектесудің орнына
ініне тығылған суырдай үйіне зып беретін Қойшыбектің
қылығын неге жоруға болады. Жазушы отызды еңсере
бастаған Қойшыбектің шаруаға қырсыздығы арқылы ер
-
кектер қауымының табиғи болмысына, өздеріне ғана тән
ерекшелігіне жан бітірген.
Жазушы Бәнудың: «–Неменеге қарайсың? Үш бала
-
ны тудым, бір баланы – тұңғышты асырап алдым. Сені
тұңғыш бала демей, не дейін? Қырқынан шықпаған
216
нәрестедей күтім тілейсің. Апыр-ау, менсіз қалай өмір
сүргенсің? Таңым бар. Бірақ онда шешең байғұс болды-
ау. Бір әйелден бір әйел асыраған екен-ау. Ер жұртының
бәрі дәп сендей болса, әйелсіз үш күн өмір сүре алмай
қырылар еді шетінен?», – деген сөзіне үлкен әлеуметтік
жүк арта білген. Қойшыбек – әйелі болмаса дәрменсіз
болып қалатын еркектердің жиынтық бейнесі.
Осындай шағын жанрлармен бірге кең құлашты эпи
-
калық шығармалар да жазды. Олардың қатарында «Әт
-
тең, дүние» романы мен «Қайдасың, сол күндер» роман-
эссесін, «Мұхамеджан –Мархума» хикаясын ерекше
атаған ләзім. Хикаяға әдебиеттанушы-ғалым, академик
Мұхамеджан Қаратаев пен Мархума анамыздың басы
-
нан өткерген өмір соқпақтары негіз болған. Бір отбасы
басынан өткен ауыр күндер қазақ халқының өткен тари
-
хынан сыр шертіп тұр.
2000 жылы жазылған «Әттең, дүние...» романы –
оның көркем шығармадан қол үзбегендігінің айғағы.
Роман бейбіт өмір тұсында шипажайда демалып жатқан
Можекеңнің шырт ұйқыдан шошып оянуымен бастала
-
ды. Егер сонау бір сұрапыл жылдар болса, мұндай де
-
тальға көңіл аудармауға болады. Алайда, ел аман, жұрт
тынышта «әскер қатарынан босап, отставкаға шыққаны
-
на жарты ғасыр болған қарт полковниктің мазасын алып
мезі еткен бұл не пәле? Бұнда не сыр бар?» деген сұрақ
қасындағы серігі Омарбектің мазасын алады. Осылайша
екі кейіпкердің диалогынан басталған роман лирикалық
шегініспен өрбиді.
Можан бейнесі әңгімелеу үстінде толығып отырады.
Можанның оң жақ санынан жараланып алғаш рет гос
-
питальда жатқан кезіндегі армян жігіті екеуінің арасын
-
дағы оқиға оның табиғатын ашуға мол септігін тигіз
-
ген. Жағдайын сұрай келген Машаға «Пошла ты на...,»,
– деп кружка лақтыратын армян жігіті мен оған араша
түсу үшін төсек астындағы уткасын лақтыратын қазақ
жігітінің қақтығысы арқылы олардың табиғи жаратылы
-
сы ашыла түскен. Осы көріністің өзі-ақ қазақ халқының
217
қыз балаға ерекше құрмет жасайтыны, оны өз еліне кет
-
кенше қонақ ретінде сыйлайтыны жөнінде хабар береді.
Себебі, Можан сондай ортада өскен жігіт. Осы арада
жазушы армян халқы мен қазақ халқының қыз балаға
деген атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық
қасиеттерін көрсетуге тырысқан. Осылайша бас кейіп
-
кердің өмір, адам жөніндегі түсінігі мен көзқарасы оның
бейнесін толықтыруға қызмет етеді. Бұл қасиет кейінгі
уақытта Можанның Инганы алақанға сала аялауымен
толығып отырады. Майдан шебіндегі жасаған ерлігін
бейнелейтін Мұқанның әңгімесі де оның батырлығына,
Отанға адалдығына мысал бола алады. Ал, туған жер, қа
-
зақ елінің тарихы, салт-дәстүрі, сөз өнері (жыр-дастан
-
дары, мақал-мәтелдері, көркем әдебиеті) туралы әңгіме
-
лері оның елі мен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін
толықтыруға қызмет етеді.
Можан мен Инга арасындағы махаббат – Можанның
өзі көп айтатын бір-біріне қосыла алмай махаббаттың
құрбаны болған Қозы мен Баян, Қызжібек пен Төлеген
сынды ғашықтардың сұрапыл соғыстан кейінгі жылдар
-
дағы жалғасы. Адам баласы не нәрсеге де тыйым салған
сайын құмарта түсіп білгісі, көргісі, дәмін татқысы келіп
тұратын әдеті ғой. Кеңес одағы жауынгерлері мен Гер
-
мания елінің жастарына қосылуға болмайтыны жөнін
-
де мемлекет тарапынан тыйым салынғанмен, жүрек
шіркінге ешқандай әмірдің жүрмейтінін Петр мен Эмма,
Можан мен Инга арасындағы үлкен махаббат сезімі рас
-
тай түскен. Автор махаббаттың ұлт талғамайтынын қа
-
зақ жігітінің неміс қызына құлай ғашық болуымен ашу
-
ға тырысқан. Араға жарты ғасыр уақыт салса да жүрек
шіркіннің аһ ұрып сол бір сәтті толассыз аңсауы, жыл
өткен сайын арта түсуі – махаббаттың жарасын уақыт
-
тың да емдей алмайтындығына мысал.
Қазақтың әрбір ырымға ерекше мән беретінін Можан
-
ның аяғы ауыр Инганың сүрініп қалуын жаман ырымға
жоруынан байқауға болады. Елде көрген түс те сол тұс
-
тағы Инганың жайынан хабар берер тәсіл. Олай болса,
218
автор түсті де белгілі бір мақсатпен пайдалана білген.
Түс адам ойының ұйқыдағы бейсаналы көрінісі болатын
болса, байғыздың елу жылдан аса Можанға маза бермеуі
сол бір қарғыс атқыр Бухенвальд концлагерінің қақпа
-
сына тормен бірге құйып жазылған «Jedem das Seinem»
(«Каждому – свое», «Пешенеңе не жазылса, соны кө
-
ресің») деген мәтел мен соның ішіндегі «Қаншама жұт
-
са да әкел-әкелдің астына алатын қомағай апан ауыз
сегіз пеш – сегіз айдаһар, сегіз тажалдың» 1945 жылдың
11-сәуірге дейін күндіз-түні бір толастамай будақтауына
себеп болған тағдыр иелерінің жан түршіктірер жазасы.
Гете мен Шиллердің қасиетті қаласындағы әсем ғима
-
раттарды көрмек болған қос ғашықтың түбіне жеткен
де сол Бухенвальд концлагері. Бухенвальдтің тор қақ
-
пасына құйылған темір сөзді автор Данте Алигьеридің
«Құдіретті комедиясындағы» «Бұл табалдырықтан ат
-
таған, үміт атаулыдан күдерін үзсін» («Оставьте всякую
надежду, входящий сюда») деген тамұқ маңдайшасында
-
ғы сөзбен салыстыру арқылы әлем әдебиетінен де хабар
береді.
Германия жерінде өтіп жатқан орталық оқиғаның төңі
-
регінде жүретін келесі кейіпкерлер – Мұқан мен Қизат.
Автор Можан, Мұқан, Қизат үшеуінің бейнесі арқылы
қазақтың үш жүзге бөлініп басы бірікпейтінін көрсету
-
ге тырысқан. Елден шалғайда жүрген үш жігіттің басы
бір жерге сыймауы ащы болса да шындық. Оны олардың
өмір жайындағы таным-түсініктерінің әркелкі болуынан
деп пайымдауға болады.
Финал – Инганың қайтыс болуы.
Романның прологы «Жүректе адал сезім сақтау – зор
бақыт! Осындай махаббат иесі бақытсыз болса да ба
-
қытты!» дегенді ұғындырады. Себебі, Можан – өзін ба
-
қытсыз санағанмен, махаббат атты үлкен сезімді ғұмы
-
рына азық еткен бақытты жан. «Көзінен сорасы аққан
теңіз тасбақасының суретін» өз суретінің орнына беруі
арқылы автор Можан мен теңіз тасбақасының ұқсас
тағдырын салыстыруда үлкен жетістікке жеткен. Бала
-
219
ларын тірі жетім етіп қалдыратынына жылайтын тасба
-
қа секілді Можан қарт енесінің қызының «көлденеңнен
тапқан көрдемшесін» ізім-ғайым жоғалтқанын ешқашан
ұмытпақ емес. Себебі, ол – Можаннан туған тірі жетім.
Олай болса, баласының не тірі, не өлі екенін білмейтін
Можанның да күйі теңіз тасбақасына өте ұқсас екендігін
автор осындай салыстыру арқылы ұтымды жеткізген.
Жазушының «Үмбет қасқа» атты деректі новелласын
бүгінгі ұлттық әдебиеттің жаңа табысы деп айтуға бо
-
лады. Оған бірінші себеп – тақырып сонылығы болса,
келесісі – деректілік сипаты. Автор Дәу қара бейнесі
арқылы ешқашан, ешкімге қиянат жасамау керектігін
ескертіп, Алланың құрығы ұзын екенін есімізге салады.
Шериаздан Рүстемұлының «Үмбет қасқа» атты деректі
новелласын бүгінгі ұлттық әдебиеттің жаңа табысы деп
айтуға болады. Оған бірнеше себеп те бар.
Новелладан бірінші көзге түсетін – тақырып сонылы
-
ғы. «Дін – апиын» деп ұрандаған тоталитаризм заманын
-
да қазақ жазушылары шектеулі тақырып аясынан шыға
алмағаны мәлім. Біз ХХ ғасыр басындағы әдебиетті ақ
-
таңдақ деп жүргенімізде, тұтас бір дәуір әдебиеті және
ақсап жатты. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің
үзіліп қалуы ұлттық әдебиетімізге ғана емес, қазақ хал
-
қына өз зиянын тигізіп бақты. Себебі, әдебиеттің өмірден
алынатынын, әдебиет пен адамның тығыз байланыста
екендігін ескерсек, мұның тек зиянды жағы ғана болға
-
нын көруге болады. Бұл жөнінде бас мүфти Ә.Дербіса
-
лы былай дейді: «Иә, біз 70 жыл бойы атеизмнің ұраны
мен үгіт-насихатының әсерінен дініміздің күллі адам
баласына ортақ адал да пәк құндылықтарынан айыры
-
ла жаздадық. Оны құбыжық етіп көрсеткен идеологияға
сендік. Сол себепті де Ислам дінінің достық, мейірбан
-
дық, тазалық, парасаттылық, адамгершілік діні екенін,
оның тек мұсылмандарға ғана емес, сондай-ақ өзге дін
-
дегілерді өзара бейбіт қатар өмір сүруге үндейтініне мән
бермедік».
220
Бүгінде тарих қойнауына «Алтын ғасыр» болып енген
ХХ ғасыр әдебиетінің ең үлкен дәуірі – кеңестік дәуір.
Ендеше, жетпіс жылдық тарихы бар кеңестік дәуір әде
-
биетінің де басты кемшілігі осында жатыр. Еліміз еге
-
мендік алғаннан бері осы олқылықтың орны толып келе
жатқаны қуанарлық жайт. Оның бір мысалы – алдымыз
-
да жатқан «Үмбет қасқа» новелласы.
Келесі ерекшелік – шығармадағы деректілік. Новелла
алғашында Қызылорда обкомының насихат және үгіт
бөлімінің меңгерушісі, Облыстық партия комитетінің
хатшысы, ұзақ жылдар Орталық Комитеттің идеология
-
лық бөлімінде жауапты қызметтер атқарған Дәуірхан
Айдаров туралы сыр шертеді. Бас кейіпкер төңірегінде
өткен оқиғаның негізгі лейтмотиві – имандылық. Шы
-
ғармада исламдық наным-сенімнің жалғасуы қазақ ара
-
сында сақталуы көзге түседі. Осыдан келіп Коммунистік
партияның идеологиясына адал қызмет еткен басшының
аяқ астынан діншіл бола қалағаны қалай? Оның сыры
неде? деген сұрақ туары даусыз. Қазақ баласы көзін аш
-
қаннан «Құдай қаласа», «Құдайдың көзі тура болсын!»,
«Алла жар болсын!», «Е,Алла жаратқаныңа шүкір»,
«Жаратқан ием, жар бола гөр!», «Адамның айтқаны бол
-
майды, Алланың айтқаны болады» деген сықылды сөз
-
дерді естіп өседі де Жаратушының бар екендігіне сенеді.
Материалистер тәрізді қолмен ұстауға, көзбен көруге
болмайтын құдіреттің бар екендігін іштей мойындап,
оны санасына сіңіріп өскен адамның атеист болуы да не
-
ғайбіл. Новелла кейіпкері де осындай таныс, бейтаныс
жүздердің, мыңдардың жиынтық бейнесін көз алдымыз
-
ға алып келеді.
Қазіргі таңда исламға біржола бет бұрып келеміз. Бір
қуанарлығы тәуелсіз қазақ жастары «Дін – апиын» де
-
генді естіген жоқ. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қа
-
зақстанда қаншама мешіт салынды. Бір ғана Алматы
қаласында 30 мешіттің елге қызмет жасап отырғанын
ескеретін болсақ, қазақ халқына 70 жылдан аса жүргізіл
-
221
ген идеологияның өзі ештеңе істей алмағанын байқауға
болады.
Келесі бір жетістік – шағын детальдар арқылы үлкен
мәселелерді көтеру. Оның бірі – қазақ халқының қасі
-
ретіне айналған 1937 жылдың ойраны. Новеллада 1937
жылы «Халық жауы» ретінде ұсталып кеткен Үмбеттің
қасқа жүйрігін бәйгеге қосқан Дәукенің әңгімесі арқылы
өрбіген оқиғаға шегініс жасалады. Өзі ұсталып бара жат
-
қанда «... сабыр, сабыр. Күләш, жылама, кішкентайы
-
мыз шошыр. Анау торы қасқа құнанның ендігі күтімін
Сүйеу сейістен сұра» деп кете барған Үмбеттің соңғы
аманаты да жүйрігі болғанын оқып отырғанда ат кекілін
тарамаса отыра алмайтын қазақты айнытпай танимыз.
Төрт түліктің де өз иесі, пірі болатындығына автор ерек
-
ше көңіл бөле отырып, оны нанымды бейнеленген.
Сонымен бірге «Алматының төрінде орналасқан
алты қабатты үйдің бірінші қабатындағы әдемі, жасауы
келісті, әрқашан шытынап таза тұратын пәтеріне анда-
санда соғып кетіп жүремін» деген жолдарды оқып отыр
-
ғанда кеңестік идеологияның жүргізген тағы бір жы
-
мысқы саясаты еске түседі. Ол не? Ол – қазақтарға тек
бірінші және ең жоғарғы қабаттағы пәтерлердің беріл
-
гендігі. Осындай әңгімелерді үлкен кісілерден естіп,
көзіміз көріп жүргенде соның тағы бір мысалына куә
болдық. Бар ғұмырын партия аппаратына арнаған жан
-
ның зейнетке шыққанға дейін бірінші қабатта тұрғанды
-
ғы әрине оқырманға ой салар дүние. Осындай мысал
-
дардан автордың шағын детальдарға үлкен ой сыйғыза
білгенін атауға болады.
Шығармада кейіпкер түсі көркемдік қызмет атқарған.
Оны автор болашақта болатын оқиғадан хабар беру үшін
пайдаланғаны анық. Бапкер Сүйеу сейіс атты бәйгеге
қосар алдында досы Үмбетті түсінде көреді. Ол ештеңе
айтпаса да қолымен нұсқап бұларға жол сілтейді. Міне,
осы арқылы автор екі дүние арасында тылсым күштің
болатындығына көңіл аударады.
222
«Аруақ атқан оңбайды» деген халық даналығын Дәу
қара өмірінен көруге негіз бар. Алты алашқа аты жайыл
-
ған Құлагерді мертіктірген Батыраш тұқымының тек
қайғы-қасірет арқалап, азып-тозып кеткені тәрізді. Дәу
қара да перзент сүйе алмай қу бас атанып кетеді. Міне,
осыған қарап отырып, жүйріктердің де пірі болатынды
-
ғын мойындауға болады. Олар адам болмағанмен, Алла
Тағаланың ерекше сүйіп жаратқан жануарлары. Ендеше,
Алланың нұры жауған жандарға (жануарларға) қолдан
қасастық жасағандар өздері қазған орға түсетіні рас.
Дәу қара бейнесі арқылы автор ешқашан, ешкімге қия
-
нат жасамау керектігін ескертеді. Авторлық ұстанымнан
елге жасаған жақсылығың да, жамандығың да алдыңа
келеді дегенді байқауға негіз бар. Ол жөнінде атам қа
-
зақ «Адамнан қайтпаса, Алладан қайтады» деп жатады.
Осы оқиға арқылы автор Алланың құрығы ұзын екенін
шынайы суреттей білген.
Қаламгер «Аруақ! Аруақ!» деп айқайға басқан бәйге
баланы өмір бойы Үмбеттің аруағы қолдап жүргенін
оның ғұмырының жарқын беттеріне сыйғызса, « – Қал
-
қам-ай, атқа шабуыңды ағаңнан өзім қолқалап сұрап
алып едім, обалыңа қала жаздадым-ау... Құдай сақтады,
әйтеуір. Рақмет, таудай жігіт бол, айналып кетейін, мың
жаса!» – деген Үмбет жесірінің батасы «Батамен ел кө
-
герер» деген халық даналығын растай түскен.
Шығармадан көзге түсетін үлкен тәрбиелік мәні бар
келесі мәселе – бала тәрбиесі. Қазақ халқында тұңғыш
баласын өз ата-аналарының баласы ретінде үлкен кісі
-
лердің бауырына салып, туған әке-шешесі онымен аға-
жеңгесі ретінде қарым-қатынас жасайтын дәстүр қалып
-
тасқан. Мұның негізгі мақсаты баланың еркін өсуіне
алып келеді. Кемпір мен шалды арқа тұтқан бала ба
-
тыл болып өседі. Олардың барлығы да ақылы бар тен
-
тек болатынын көріп те жүрміз (тентек дегенде бұзақы
емес, қайтпас, қайсар, өжет деген мағынада – Г.Орда).
Өзіндік айтары бар, өз көздегеніне жетпей қоймайтын
баладан болашақта үлкен жауапкершілікті сезінетін аза
-
223
мат өседі. Және бір көңіл аударатын нәрсе кемпір-шал
-
дың тәрбиесін көрген балалар ешқашан өрескел әрекет
-
ке бармайды. Себебі, аузында Алласы, қолында Құраны
бар қариялар біреудің ала жібін аттамау, ешқашан өтірік
айтпау керектігін өз істерімен көрсетіп, баланың сана
-
сына сіңіріп отырады. Қазақ қашан да баласын «Біреудің
ала жібін аттама», «Бас кеспес болса да тіл кеспек жоқ»,
«Ешқашан өтірік айтушы болма», т.б. сынды ұлағатты
сөздер арқылы имандылықпен тәрбиелеуге аса мән бер
-
ген. Сондықтан да кемпір-шалдың бауырында өскен ба
-
лалар үлкен жетістіктерге жетіп, биіктерді бағындырып
жатады. Бала тәрбиесіне қатысты авторлық ұстанымнан
осыны байқауға болады. Себебі, автордың өзі де кемпір-
шалдың қолында өсіп, өз балаларын да ата-анасының
бауырына сала білген жан. Оны «Сұлулыққа іңкәрлік»
(Толғау-эссе, хикая, әңгіме, очерк, пьесалар, әдеби сын-
зерттеулер) кітабындағы «Бұл кітабымды бауырында өс
-
кен батагөй әжем Зейнеп Дүйсекқызы Шөдік келінінің
аялы рухына арнаймын» деген сөзінен байқауға бола
-
ды. Әже бауырында өскендіктен, өз қызын да анасының
бауырына сала білгендіктен қызы Гүлнар күні бүгінге
дейін әкесін Ағабай деп атайды. Ендеше, автордың өз
басынан өткерген осындай жайлар оқырманды шынайы
-
лығымен баурап отырады.
Новелланың көтерген жүгі өте ауыр. Олай дейтініміз,
мұнда бүгінгі намазхандардың (иманды жандардың)
қайдан шыққандығы туралы үлкен келелі мәселе қозға
-
лады. Қазақ әдебиетіне исламның енуі туралы сөз еткен
-
де біздің ойымызға бірінші кезекте Ы.Алтынсариннің
«Мұсылманшылықтың тұтқасы» мен Шәкәрім Құдай
-
бердіұлының «Мұсылмандық шарты» еске оралады. Ис
-
лам діні келгеннен бері жазылған түркі тектес халықтар
-
дың әдебиетінен үлкен орын алған осы дәстүрге кеңестік
дәуір тұсында балта шабылса, сөз болып отырған шы
-
ғарма сан ғасырларда қалыптасқан дәстүрдің тәуелсіздік
тұсында қайта жалғасын тапқандығын көрсетеді.
224
Кез келген көркем шығырманың мақсаты оқырман
-
ға ой салу болса, автор бұл мақсатына жеткен. Олай
дейтініміз новелланың алғашқы жолдарын оқып отыр
-
ғанның өзінде әртүрлі ой мазалайды. Соның бірі – қазақ
халқының ғана бойына дарыған ұлттық ерекшелік. Ол
– «Айына көрмесе ағайын жат, жылына көрмесе жек
-
жат жат» дейтін халқымыздың бауырмалдығын көрсе
-
тетін мысал. Оны бас кейіпкердің кіндік қаны тамған
жерге «ат ізін суытпай» барып тұруынан көруге болады.
Той-томалаққа бармаса да ағайын мен жекжаттың өлім-
жітіміне міндетті түрде барып тұратын қазақ баласына
осы тәрбие қайдан келді деген сауал туады. Автор осын
-
дай сауалдарға жауап бере білген. «– Қазақта Құдайын
ұмытты деген сөз бар. Ал, Хақ тағала – жүректе. Ар-
инабат ше? Оны да жүрегіңмен сезесің» деген автордың
философиялық тұжырымы қазақ халқының жүрегінен
орын алған үлкен де ұлы сезімді ұзақ билік жүргізген
коммунистік идеологияның санамыздан өшіре алмаған
-
дығын танытады.
Автор мен кейіпкердің кездесуі олардың арасындағы
тең диологы – осы деректі новелланың өзекті сипаты.
Бір арнаға құятын екеудің пікір алмасуы өмірдің биік
мәнді мағынасын түсінуге жол ашады. Ауыл үшін... таң
емес немесе ат бәйгесін суреттейтін картинадан өмірдің
терең қойнауындағы ізгілік, әділдік, сенім секілді ада
-
ми қасиеттерді ашады. Жүйрік тұлпар киесі жолын
-
дағы кейіпкерлер арасындағы қақтығыстан автордың
біліктілігі байқалады. Жауыздың жазалануы – қазіргі
әдебиеттің өткір проблемаларының бірі екенін ескерсек,
бұл новелланың мәңгілік тақырыпты көтеріп тұрғаны
анық.
Жазушының 2002 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде
жарияланған «Шырғалаңда» эссесі жылдың үздік шы
-
ғармалары қатарында аталғаны оның көркем туындыла
-
рының бүгінгі таңдағы алатын орнын анықтап тұрғаны
анық.
225
Прозалық шығармаларымен өзінің бір қырын таныт
-
қан жазушы драматургия жанрында да бағын сынап «Ат
қоюдың әлегі», «Емтихан» пьесаларын жазды.
2008 жылдан бермен қарай «Қазығұрт» баспасынан
көп томдық шығармалар жинағы шығып келеді. Қолы
-
мыздағы көп томдық жөнінде автор былай дейді: «Көп
томдықтың негізгі мазмұны – тәуелсіздік кезеңіндегі
ізденістер. Бетбұрыс аталатын дәуірден бастап мен бі
-
рыңғай жазу-сызумен айналыстым. Жарияланған жиыр
-
ма шақты кітабымның тек үшеуі ғана кеңес кезінде жа
-
рық көріпті». Осы сөзге сүйенетін болсақ, қаламгердің
негізгі зерттеулері тәуелсіздік тұсында жазылғанын бай
-
қауға болады. Оның қолымызға тиген 6 томын парақтап
отырып біраз сырға қанықтық. Енді сол сырларымызбен
бөлісіп көрелік.
Қолымыздағы көп томдық 1929 жылы Шығыс Қа
-
зақстан облысының Аршалы ауданында дүниеге келген
Шериаздан Рүстемұлының саналы ғұмырын қазақ хал
-
қының мәдениеті мен әдебиетіне арнағанына көзімізді
жеткізеді. Киров атындағы Қазақ университетінің
(қазіргі әл-Фараби) журналистика факультетін үздік та
-
мамдаған ол туған өлкесіне барып, өзі сүйген маманды
-
ғына құлшына кірісті. Әдебиетке журналшы болып кел
-
ген қаламгердің қаламының жүйріктігі оған әдебиеттің
әр саласында қызмет етуге жол ашты. Облыстық газетте
қаламын ұштаған журналшы араға сегіз жылдай уақыт
салып өзі білім алған қара шаңыраққа келіп ұстаздықпен
айналысты. Ол кезде ғылыммен айналысқысы келетін
талапкерлердің Кеңестер одағының астанасы Мәскеуге
барып білімін толықтыратыны белгілі. Осылайша ол да
өз замандастары тәрізді Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар
академиясына барып үш жыл оқыды, білімі мен білігін
шыңдады.
Ғалымның Мемлекеттік сыйлық алған «Мағжан» атты
монографиясы көп томдықтың бірінші томының мазмұ
-
нын құрайды. Беташар ретінде берілген бұл еңбек – ға
-
лым зерттеулерінің ішіндегі жілігі татыры. Мұнда реп
-
226
рессия құрбаны болған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен
шығармашылығы тұтас зерттелді. Бұл – 1990 жылдарда
-
ғы қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған сүбелі еңбек.
Монографияның алғы сөзінде автор: «Әдебиетіміздің
үлкен тұлғасы, Абай шыңына иықтаса орналасқан
сеңгірі, сыршыл өлең жырдың бәйге бермес шабандозы
Мағжан Жұмабаев ұзақ жылдардан соң алды кең, тыны
-
сы еркін, адамгершілігі мол бетбұрыс заманының есігін
айқара ашып, ортамызға қайта оралды», – дей келіп,
Мағжан қазақ әдебиетінің боз үйіне сәлем беріп кіріп
келгенде оған төргі орындардың бірін босатуға тура
келгенін айтады. Араға біраз жыл салып барып ұлттық
әдебиет жаңа есіммен толықты. Екі бөлімнен тұратын
монографияның «Өмір өткелдері» атты бірінші бөліміне
ақынның сан соқпақты ауыр да қасіретті өмір жолы негіз
болса, «Сағындырған сұлу жыр» бөлімінде ақынның қа
-
зақ поэзиясына қосқан жаңалығы сарапталған.
Қаламгердің жазушылық қырын ашатын көркем шы
-
ғармалары екінші томға топтастырылыпты. Автор ірілі-
ұсақты көркем дүниелері бір кітапқа сыймағандықтан
олардың бірді-екілерін келесі томдарда беріп отыруды
жөн санаған.
Кейінгі томдардың барлығы дерлік ғалымның зерт
-
теушілігін танытатын еңбектер. Сондықтан да оларда
хронологиялық тәртіп сақталған. Келесі томға ғалым
-
ның «Казахский роман и современность» (1968), «За
-
мандас парасаты» (1977) атты зерттеу еңбектері енген.
«Қазақ романы және қазіргі заман» деген тақырыпта
кандидаттық дисертация қорғағанын есімізге түсіретін
болсақ, бұл – ғалымның алғашы монографиясы екенін
байқауға негіз бар.
Төртінші томның мазмұнын «Фольклордан роман-
эпопеяға дейін» монографиясы мен «Айлалы алаяқ»,
«Миллиард қалай жырланды?», «Қымыздықпен жазды
алды...», «Талмас қанат», «Боташевтің ботқасы», «Дү
-
ниеқор дүмшелер» тәрізді тырнақалды очерк, рецензия,
фельетондары құрайды. Қазақ романын тыңғылықты
227
зерттеуге ден қойған ғалым «Қазақ романының идеялық-
көркемдік ерекшеліктері» деген тақырыпта докторлық
диссертация қоғады. Бұл зерттеуінде қазақ әдебиетінің
бүгінгі жеткен биігін тақыр жерден пайда болмағанды
-
ғымен дәлелдеп, мифтер мен аңыз-ертегілерден бастап
тарата зерттеу арқылы ұлттық әдебиеттің қалыптасу, өсу,
көркею, даму белестерін тығыз байланыста қарастырды.
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаевтардың өмірі мен шығармашылғы туралы
зерттеулері «Жаңа жолдан» («С новой стоки») атты ең
-
бегіне енгені белгілі. Сондықтан да 5-томға ғалымның
аталған зерттеулері мен сыни мақалалары енген.
«Әдебиет жән ұлт тағдыры» атты еңбегіне енген зерт
-
теулері мен сыни мақалалары алтыншы томның мазмұ
-
нын құрап тұр. Кітаптың алғы сөзінде:
«Әдебиет және ұлт тағдыр...
Бұл тақырыптың нағыз атасы, шын мәнісінде, – бұ
-
рын болжауға да батыл бармас жаңа тірлік – Қазақстан
тәуелсіздігі», – дейді автор.
Сөйтіп ол Абайдан басталған қазақ әдебиетін
тәуелсіздік тұғырынан жаңаша бағамдайды. «Хакім
мен ақын» деген зерттеуінде: «Әр әдебиеттің айырық
-
ша жұлдызы жанатын кезеңі болады. Орыс әдебиетінде
Рушкин мен Лермонтов туғызатын алтын ғасыр іспетті.
Қазақ әдебиетінің сондай алтын ғасыры Абай мен Мағ
-
жаннан бас алады», – дей келіп, ұлттық әдебиеттің ал
-
тын ғасырын тілге тиек етеді.
Ғалым А.Құнанбаев, Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсі
-
репов, Ғ.Мұстафин, Ә.Шәріпов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Нұр
-
шайықов, Қ.Жұмаділов тәрізді ақын-жазушылардың
шығармалары арқылы әдебиеттің аяқ алысын бағамда
-
са, әдебиеттанушы-ғалым С.Қирабаев туралы мақала
-
сы әдеби сын мен ұлттық әдебиеттанудың өткені мен
бүгінінен сыр шертеді. Автор әр дәуір әдебетін зерттей
келе әдебиеттің ұлтпен бірге жасайтынын нақты мысал
-
дармен дәлелдейді.
228
Қолымыздағы кітаптарды қарап шыққанда көп том
-
дықтың алты томына қаламгердің 1960-1990 жылдары
жазған дүниелері енгеніне көзіміз жетті. Оның кейінгі
жылдары таза зерттеумен айналысып жүргенін еске
-
ретін болсақ, бұл жылдардың туындылары алдағы том
-
дардың еншісіне тимек. Соңғы оншақты жылдың ішінде
жарық көрген «Сұлулыққа іңкәрлік», «Ғасырмен сырла
-
су», «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде», «Тәуелсіздік
биігінен», т.б. зерттеулері – қазақ әдебиетінің әр дәуірі
мен тәуелсіздік кезеңінен мол мағлұмат беретін еңбек
-
тер.
Сонымен бірге ғалым Дулат пен Махамбет поэзия
-
сына да бүгінгі күн тұрғысынан баға берсе, Қ.Сәтбаев,
М.Әуезов, С.Мұқанов, К.Әзірбаев, С.Адамбеков, Т.А
-
мандосов, К.Тоқаев, Ө.Жәнібеков, З.Қабдолов, Ш.Мұр
-
таза, Сапар Байжан-Ата, Ә.Қалмырзаев, К.Смайылов,
С.Әшімбаев, Т.Нұрмағамбетов, А.Егеубаев туралы эс
-
селері мен естеліктері, зерттеулері мен мақалалары қа
-
ламгерлердің шығармашылығы мен сол тұстағы қоғам
өмірінен хабар береді.
Ол – 2004-2008 жылдары «Мемлекеттік «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген 10 томдық
«Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық еңбектің
8-9-10 томдарда бірнеше зерттеулерін ұсынды. Олардың
қатарында «Ғабидан Мұстафин», «Әбділда Тәжібаев»,
«Ілияс Есенберлин», «Тахауи Ахтанов», «Әбдіжәміл
Нұрпейісов» тараулары мен 1960-1980 жылдардағы
заманауи тақырыптағы қазақ романын «Осы заманғы
роман» деп зерттесе, тәуелсіздік тұсындағы әдебиетті
зерттеген 10-томына басшылық етті.
Қазіргі қазақ романын тұрақты зерттеп жүрген екі адам
болса бірі, біреу болса соның өзі – Шериаздан Рүстемұ
-
лы екендігі әмбеге аян. Ол сиясы кеппеген том-том ро
-
мандарды оқудан әсте жалыққан емес. Оның тәуелсіздік
тұсында жарық көрген Б.Жандарбековтың «Сақи»,
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Қ.Исабаевтың «Шоң би»,
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б.Қыдырбекұлы
-
229
ның «Алатау», Ж.Ахмадидың «Дүрбелең», «Шырға
-
лаң», Х.Әдібаевтың «Отырар ойраны», С.Сматаевтың
«Елім-ай», Ұ.Доспанбетовтың «Қызыл жолбарыс»,
«Абылайдың ақ туы», Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар ке
-
зең» тәрізді тарихи романдарына алғашқылардың бірі
болып пікір білдіруі – аттан түспеген жүйріктігінің ай
-
ғағы. Бұл еңбектеріне қарап, бір кезде Мағжанға қарата
айтқан «сыршыл өлең сөздің бәйге бермес шабандозы»
деген аталы сөзін ғалымның өзіне қарата «әдеби сынның
бәйге бермес шабандозы» деп айтуға әбден болады.
Бұл айтып отырғандарымыздың қатарында кейіп
-
керіміздің педагогтығы мен мемлекеттік қызметтері,
кітаптану ғылымының негізін қалағаны туралы айтыл
-
мағанын ескеретін болсақ, оқырман қауым олардың өз
алдына жеке әңгімеге арқау болатынын жадында ұста
-
ғаны жөн. «Жігітке жеті өнер де аз» деген халық дана
-
лығын жадында ұстаған Шериаздан Рүстемұлы – «Сегіз
қырлы, бір сырлы» дарын екенін күнбе-күн дәлелдеп
жүрген тума талант.
Қорыта айтқанда, қолымыздағы көп томдық шығарма
-
лар жинағына Ш.Елеукеновтің жазғандарының төрттен
бірі ғана енгеніне көзіміз жетті. Сондықтан алдағы уа
-
қытта ғалым қаламынан туған еңбектердің осы қатарды
толықтыруына тілектеспіз. Сырға толы, мазмұны терең
көп томдық шығармалар жинағы – Ш.Рүстемұлының
ғана емес, көркейген қазақ әдебиеті мен қазіргі ұлттық
әдебиеттану ғылымының сүбелі олжасы болмақ. Автор
-
ға оқырманын ынтықтырар жазары көбейсін дегіміз ке
-
леді.
|