Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бөдешұлы Ж. Бұрылыс. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. –
296 б.
2.Айтхожина М. Желтоқсанның желі гулеп.
3.Бақтыгереева А. Ақ Шағала. Өлеңдер. – Алматы: Өлке, 2001.
– 252-253-б.
4.Аманжол Қ. Мешітті ғалам. – Алматы: Алатау» баспа-полиг
-
рафиялық корпорациясы, 2009. – 136 б.
5.Шарахымбай Б. «Желтоқсан» атты шоғырлы өлеңдерінен
6.Кәріпжанәулеті А. Желтоқсанның төлі едік түнекте өнген //
Жалын. – №12. – 2009. – 20-22 б.
7.Егеубаев А. Аламан: Дастандар. – Алматы: Тұлға, 1996. – 212 б.
8.Жақан Д. Жерлеу ғұрып фольклоры. Кіт.: Қазақ әдебиетінің
тарихы. Он томдық. 1-том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008. – 812 б.
9.Бөдешұлы Ж. Құбылыс. – Алматы: «Глобус» Баспа үйі, 2009.
– 400 б.
10.Айтұлы Н. Құланойнақ: Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2009.
– 160 б.
11.Бектемірова М. «Тәуелсіздік – тірегім. Кіт.: Отанымыздың
тәуелсіздігіне тарту. – Алматы: AIAN-Media, 2006. – 380 б.
12.Сәукетаев Т. Ай қараңғысы.
13.Қуантайұлы Н. Қараөзек. – Алматы: Қаламгер, 2002. – 240 б.
14.Асылбекұлы С. Шығармалары. – Астана, 2008. – Т.2. – 416 бет.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ПОРТРЕТТЕР
164
ӘДИ ШӘРІПОВ
(1912-1993)
Мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиеттанушы-ға
-
лым, филология ғылымдарының докторы, партизан жа
-
зушы Әди Шәріпов 1912 жылы 19 желтоқсанда Шығыс
Қазақстан облысы, Жарма ауданының Мариновка село
-
сында (қазіргі таңдағы Әди ауылы) дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тә
-
мамдаған Әди Шәріпов өмірінің дені шәкірт тәрбиелеу
-
ге арналды. Еңбек жолын Красноводскідегі педагогика
-
лық техникумда (1937), Қаскелең қаласындағы мектепте
(1938) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бас
-
таған ол 1939 жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін
әскер қатарына алынады. Соғыстың алғашқы күндерінен
бастап, Белоруссия жерінде басқыншы жаумен бетпе-бет
келген ол 1944 жылы жараланып елге оралады.
Алғашында ұлағатты ұстаз, кейін қаһарман партизан,
одан қоғам және мемлекет қайраткері, атақты жазушы,
білікті ғалым болған Әди Шәріповтің қаламынан «Азамат
жолы», «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Қапастағы
жұлдыздар», «Тон», «Сойқанды жылдар» секілді деректі
хикаялармен бірге «Сахара қызы» сынды эпикалық роман
да туды.
Партизан жазушының «Сойқанды жылдар» атты деректі
хикаясына майдандағы емес, Оқу министрлігінде (халық
комиссариатында) қызмет еткен жылдарындағы аты шулы
айтыс-тартыстар негіз болған. Ол өзі куә болған оқиға
-
ларды өзгеріссіз, шынайы қалпында баяндаған. Сондық
-
тан да мұнда өмірде болған адамдар мен нақты оқиғалар
таратыла сөз болады. Жекелеген оқиғаларды баяндау ба
-
рысында Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші
165
хатшысы П.К.Пономаренко, Орталық партия комитетінің
үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Гаврилов
Журин, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұ
-
мабек Ташенов, Орталық партия комитетінің үгіт-насихат
және мектеп бөлімінің меңгерушісі Храмков сынды бас
-
шылардың толымды бейнесі жасалады.
Орталық партия комитеті Оқу комиссары Әбдіхамит
Ібінейұлы Сембаевқа орынбасар етіп, соғысқа дейін
ұстаздық еткен, Отанды жаудан қорғауда жанкешті ба
-
тырлығымен танылған Әди Шәріповты тағайындайды.
Алғаш жұмысқа келген сәтінде министр кезекті еңбек
демалысында болады да, өзіне беймәлім жұмысты неден
бастарын білмей дал болғанын: «Жұмысты неден бастап,
неден қоятынымды білмеймін. Күніне әрқилы кеңсе қыз
-
меткері келіп-кетіп жатады. Олардан бір нәрсені сұрайын
десем намыстанамын», – деп есіне алады. Алғашында
осылай қысылған Әдекең көп ұзамай, Оқу министрлігін
(Оқу комиссариаты осылай аталды) толық игеріп, мек
-
теп жұмысын басқаратын орынбасардың қызметін өз
дәрежесінде атқарды. Бұл – білім, ғылым саласындағы
сойқанға толы қырқыншы жылдар еді. Бүкіл елді алаң
-
датқан 1947 жылғы «Қазақ Ғылым академиясының Тіл
және әдебиет институтының өрескел саяси қателер ту
-
ралы» Қазақстан КП (б) Орталық Комитетінің аты шулы
қаулысы ұлттық мұраларымызға қауіп төндіргені белгілі.
Ал, осы қаулыға тікелей жауап беретін Оқу министрінің
мектеп жұмысын басқаратын орынбасары екені айтпаса
да түсінікті. Орталық партия комитетінің үгіт-насихат
бөлімін басқарған Храмков «кертартпа, ұлтшыл ақын»
саналған Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Дулат және Ғұ
-
мар Қарашев сияқты ақындарды мектеп оқулықтарынан
алып тастауды талап етеді. Ә.Шәріпов басқарған Оқу-ме
-
тодикалық кеңестің С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев,
Қ.Жармағанбетов, Ә.Сыздықов, Н.Сауранбаев, С.Аман
-
жолов, С.Кеңесбаев тәрізді мүшелері оларды түгел алып
тастауға болмайтындығын ескеріп, шығармаларын ашық
-
тан-ашық сынап айту керек дегенге тоқтайды. Осы тұста
166
коммунист Ә.Шәріпов партияның шешіміне қарсы шы
-
ғып: «Әр халықтың әдебиетінде екі түрлі ағым болады.
Қазақ әдебиетінде кертартпа, оған қарсы прогрессивтік
бағыт болды, Сондықтан біз екі түрлі ағымдағы әдебиетті
қарама-қарсы қойып талдаймыз», – деген пікірді бетке
ұстап, оларды түгелдей алып тастауға болмайтындығын
дәлелдеп, табандап тұрып алады. Бірақ Қ.Жұмалиев пен
Е.Ысмайылов сынды авторларды мектеп оқулығында қал
-
дыруға шамасы жетпей дал болады. Тұрақты авторлары
-
нан айрылған тұста Әдекең тағы бір батырлыққа барып,
1951 жылы орта мектептің ҮІІІ-ІХ сыныптарына арнал
-
ған «Қазақ әдебиеті» оқулығын «Редакциясын басқарған
– М.Ғабдуллин» деп шығарып жібереді. Екі батырдың
осы ерлігін ол кезде баспада редактор болып жұмыс іс
-
теген Тұрсынбек Кәкішев «Қамқоршы» деген естелігінде
тарата айтқан болатын. Қ.Жұмалиевтің аты-жөні алынып
тасталғанмен, оқулық мазмұны сол қалпында қалған
-
дықтан Әдекең бұл ерлігі үшін жауап берді. Басшылық
осындай өрескел қателікке барған, «Оқу құралдарының
авторларын дұрыс іріктеп алмаған» баспа директоры
Әбу Сәрсенбаевты қызметтен босатады. Сонымен бірге
тексеру комиссиясы мектеп оқулықтарына «И.Маманов,
Ш.Кәрібаев, Ә.Шәріпов, Ғ.Бегалиев, С.Кеңесбаев сияқты
тағы басқа ірі байлардың балалары авторлардың құра
-
мында әлі жүр» деген айып тағады.
Мектеп оқулықтарының тұрақты авторлары сотталып
кеткен соң, жаңа оқулық жазатын жас авторларды дайын
-
дауға бел шеше кіріскен Ә.Шәріпов сол тұста әдебетке
белсене араласып жүрген З.Қабдолов, А.Нұрқатов, М.Ба
-
зарбаев, С.Қирабаев, Б.Сахариев тәрізді жастарды оқулық
жазуға тартады. Аға буын өкілдерінің жаппай қуғын-
сүргінін көрген бұл буынға заманның, қоғамның өзі үлкен
міндет жүктеді. Сондықтан бұлардың авторлығы ұзақ сақ
-
талып, ХХ ғасырдың екінші жартысы мен тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарындағы мектеп оқулықтарында қалды.
Мұның артынша 1951 жылы «Қазақстан тарихын
маркстік-лениндік бағытта игеру үшін» деген мақала
167
шығады. Мұнда профессор Бекмахановқа соққы бері
-
леді. Мақала авторлары: «ХІХ ғасырдың орта шенінде
болған Кенесары-Наурызбай көтерілісі Ресейге қарс бол
-
ған көтеріліс еді. Профессор Бекмаханов осы көтеріліске
прогрессивтік көтеріліс деген баға беріп, жеке-дара кітап
шығарды. Сөйтіп, саяси қате қорытынды жасады. Ол ұлт
-
шылдық сарында жазылған еңбек», – деп соқты. Осы
-
лайша Қазақстан Орталық партия комитетінің үгіт-наси
-
хат жөніндегі хатшысы Ілияс Омаровтың тұсында жұрт
бірінің үстінен бірі негізсіз арыздарды қаптатып жатты.
Бұлар – І.Омаров пен Ә.Шәріповке қарай тасадан атылған
тастар еді. Тексеру комиссиясы 1950-1951 оқу жылында
-
ғы кәмелеттік аттестатқа арналған тарих пәнінің емтихан
сұрақтарына: «Ұлт аймақтарының Россияға қосылуы
-
ның прогрессивтік мәні өте зор болғанын ашық айтпай
-
ды, оның орнына орыс халқы мен Россия халықтарының
мәдени байланысын (астын сызған біз) ғана айтады да,
біздің еліміздің халықтарының мәдени өсуіне алдыңғы
қатарлы орыс мәдениетінің жетекші қасиетінің басты мә
-
селе екенін естен шығарады (45-билетке қара, 2-сұрау)»,
– деген айып тағады. Осы тұста оқулықтар мен емтихан
билеттерінен табылған саяси қателіктерге тойтарыс беру
оңай шаруа болған жоқ. Осы даудың бәрін басу үшін Әде
-
кең бар күш жігерін, білік-білімін жұмсап, майдан дала
-
сынан жинап келген атақ абыройын салды.
Мектеп оқулықтарын ары сынап, бері сынап оны қыз
-
метінен босата алмағандар енді шыққан тегінен кілти
-
пан іздеуге тырысады. Екі жасында дүниеден өткен әкесі
Шәріп пен атасы Қайранбайдың Меккеге барып қажы
-
лық жасағанын, олардың ауқатты кісілер болғанын беті
-
не салық етіп, енді өз басына тиісе бастайды. Бұл тұста
Әдекеңді Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші
хатшысы П.К.Пономаренко: «Шәріпов – Ұлы Отан соғы
-
сы кезіндегі еңбегі үлкен адам. Жудың тлында жүріп, пар
-
тизан отрядын ұйымдастырып, ерлік істеген кісіні оның
екі жасында өлген әкесі мен әкесінің іні-ағалары үшін
айыптау, қызметінен босату ешқандай әділдікке жатпай
-
168
ды. Мұндай адамды қошеметтеудің орнына қудалау – ба
-
рып тұрған солақайлық, сорақылық», – деп қорғап, се
-
бепсіз арыздардың жөнсіздігін айтып тойтарып тастайды.
Осылайша, оны атеизм тұсында қажы аталарының аруағы
қолдап, аман алып қалады.
Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші хат
-
шысы И.Д.Яковлев болып тұрған тұста тағы бір дүрбе
-
лең басталады. Бұл қазақ газеттерін орыс тілінен ауда
-
рып шығару жөніндегі тартыс еді. Мұнда да Ә.Шәріпов
Ж.Тәшенов сынды азаматтармен бірге жолсыздыққа жол
бермей, Журиншілдермен (екінші хатшы) ашық күреске
түсті. Осы кезде ана тілінің жырын жырлаған Рахманқұл
Бердібаевтың мақаласын басқан «Қазақ әдебиеті» га
-
зетінің өзін жабу керек деген «данышпандар» да табыл
-
ды. Ушығып кеткен бұл мәселе Қазақстан орталық партия
комитетінің бюросында қаралады. Ол жөнінде: «Ай
-
налдырған құдай алмай қоймайды» дегендей, Журин өз
ұсынысын өткізеді. Ол бюроға қатысушылардың ішінде
Жұмабек Ташеновтен басқа қазақ атаулылар ауыздарын
буған күйінде отырыпты. Ал Жұмекең болса, Журиннің
республика газет-журналдарын орыс тілінен аударма
-
ға айналдыру – қазақ тілінің келешегіне ор қазцу, біздің
мәдениетіміздің тоқырауына, құлдырауына мүдделі болу.
Мен бұл ұсынысқа қарсымын деген ойын ашықтан-ашық
айтады. Бірақ «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы
шықпастың» кері болды», – дейді Ә.Шәріпов. Жұмабек
Ташеновтің халқы мен елі, ана тілі алдындағы көзсіз ба
-
тырлығы кейін өз басына сор болып жабысқаны белгілі.
Оқу министрлігінде жүргенде оның тындырған тағы бір
ісі – «Қазақстан мұғалімі» («Учитель Казахстана»), «Қа
-
зақ тілі мен әдебиеті» сынды мұғалімдерге арналған рес
-
публикалық газет-журналдардың шығуы. Бір ашылып, бір
жабылған бұл басылымдар күні бүгінге дейін елге қызмет
етуде. Сонымен бірге бұл жылдары мектептерді өндіріс
орындарымен байланыстырып, оқушыларды еңбекпен
тәрбиелеу ісіне көңіл аударылды. Ауылдық жерлердегі
мектептерге жер бөліктері беріліп, мектеп жанынан әр
-
169
түрлі шеберханалар ұйымдастырыла бастады. Ә.Шәріпов
ұлт тілін орыс мектептерінде міндетті түрде оқыту, ұлт
мектептеріндегі ана тілі мен әдебиетінің сағатын көбейту
сынды пікірлерін РСФСР оқу министрлігіне сынамалап
жүріп өткізді. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде
аралас мектептер көбейіп, қазақ мектептері жабыла бас
-
тады. Бостандық ауданы Өзбекстанға өткенде 150 қазақ
мектебі тұтасымен Өзбек Республикасына қарады. Қазақ
мектептерінің санын көбейту, аралас мектептерді жою
Оқу министріне оңай болған жоқ. Оның жолында шыдам
мен төзім таусылып, жүйке жұқарды.
Оқу министрі тындырған игілікті шаруаның бірі – ау
-
дан, облыс орталықтары мен Алматы қаласында шал
-
ғайда жатқан малшылардың балалары оқитын мектеп-
интернаттар салу. Осындай интернаттардың қатарында
Алматы қалдасындағы №4 мектеп-интернатты атауға бо
-
лады. Сонымен бірге ол Шымкенттен химия-технология,
Алматыдан Қыздар педагогикалық, Консерватория, Дене
шынқтыру, Семейден Медициналқ және Мал дәрігерлік,
Оралдан Ауылшаруашылық, Қарағандыдан Медицина
және Кооператив институттарын ашып, оларды құрал-
жабдықтармен, оқытушылармен қамтамасыз етті. Ав
-
тордың өзі айтқандай сойқанға толы бұл жылдар Ә.Шәрі
-
повтің өмірінен ғана емес, қазақ халқының тарихынан
үлкен орын алар айтыс-тартыстарға толы еді. Ол дауға
айналған кез келген мәселені қазақ халқының, өз ұлты
-
ның пайдасына шешуге тырысты. Айтыс-тартыстардың
мемлекет тарапынан оң шешімін табуға атсалыса жүріп,
майданда ғана емес, бейбіт өмірде де партизандық жұ
-
мыстарды шебер ұйымдастырды.
Әди Шәріпов Әзілхан Нұршайықовтың – Әр күнді қан
-
дай тілекпен бастайсыз? – деген сауалына – Әр күнім
адамдарға пайда келтірумен өтсе екен деймін, – деп жауап
берген екен. Әр күнін адам баласына пайда келтіруге ар
-
наған ол қазақ халқының жарқын болашағы үшін жаудан
да, даудан да қорықпай ашық күресті. Майданның алғы
шебінен табылған партизан бейбіт өмірде де алдыңғы
170
шепте қызмет етті. Біз оның Оқу министрлігінде қыз
-
мет еткен кезіндегі тек білім, ғылым жолындағы күрес
-
керлігін ғана сөз еттік. Ал, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі
төрағасының орынбасары, Жазушылар одағының бірінші
хатшысы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти
-
тутының директоры болған жылдары талай игілікті шара
-
ларды жүзеге асырғаны өз алдына бөлек әңгіме...
* * *
Ел өмірінен ерекше орын алып, өшпес із қалдырған
тарихи оқиғаның бірі – Ұлы Отан соғысы. Оны батыр
Бауыржан Момышұлының сөзімен айтатын болсақ, «Қа
-
зақта соғыс өрті шалмаған шаңырақ қалған жоқ». Қазақ
тарихынан үлкен орын алған бұл айтулы оқиға қазақ әде
-
биетінен де өз орнын алды. Бірсыпыра қаламгерлер ел
басына күн туған алмағайып заманда қаламдарын қаруға
айырбастап, Отанды басқыншы жаудан қорғау үшін май
-
данға аттанып, елі мен жері үшін шаһид болса, келесі бір
топ қан майданды кешіп келіп, майдандастары туралы
өздері куә болған оқиғаларды қағаз бетіне түсірді. Қазақ
әдебиетінде не соғыс даласындағы кескілескен шайқас
-
ты, не тылдағы еңбек майданын арқау етпеген қаламгер
жоқтың қасы. Себебі, басқыншы жау олардың бірсыпы
-
расының жалындаған жастық шағын қайғы мен қасіретке
айналдырса, ендігі бір парасының бақытты балалық ша
-
ғын ұрлады. Ана құрсағында қалған тағы бір топтың әке
-
лері майдан даласында қалып, жетімдіктің күйін кешті.
Сөйтіп, соғыс қасіреті үш буын өкілдерінің жан жарасына
айналды.
Соғыстың алғашқы күндерінен басқыншы жаумен бет
-
пе-бет келіп, Ұлы Жеңіс күнін халқымен бірге тойлаған
майдангерлер қатарында Әди Шәріпов есімін атауға бо
-
лады. Қазақ әдебиетіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбына
мол үлес қосқан майдангер қаламгер қаламынан «Азамат
жолы», «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Қапастағы
жұлдыздар», «Тон» секілді деректі хикаялармен бірге
«Сахара қызы» сынды эпикалық роман да туды. Жазушы
171
бұл шығармаларында майдандастарының ел басына күн
туған қасіретті жылдарда Отанды қорғау жолындағы жан
-
кешті ерліктерін арқау етті. Қазақ әдебиетінде Москва мен
Курляндия түбіндегі шайқастар Б.Момышұлы мен Ә.Нұр
-
шайықов шығармаларына негіз болса, Беларусия, Украи
-
наның партизандық жорықтары даңқты партизандар Әди
Шәріпов, Жұмағали Саин, Қасым Қайсенов, Тоқтағали
Жанкелдиндердің әңгіме-повестері мен өлеңдеріне арқау
болды. Бауыржан Момышұлы, Әди Шәріпов, Мәлік Ғаб
-
дуллин, Қасым Қайсенов, Тоқтағали Жанкелдиндердің
арпалыс жылдардағы майдандас достары туралы жаз
-
балары өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейтіні
даусыз.
Әди Шәріпов – соғыстың алғашқы күндерінде қор
-
шауда қалып, Беларус ормандарында партизан соғыста
-
рын ұйымдастырушылардың бірі. Оның қаламынан ту
-
ған шығармалар – осы майдандағы оқиғалардың көркем
шежіресі. Сондықтан да аталған туындыларды бір-бірі
-
нен бөлек қарауға болмайды. Олар – бір-бірінің жалғасы
ретінде, бірін-бірі толықтырып отыратын дүниелер.
Жазушы өзімізден бірнеше есе күші басым басқыншыл
-
дарды қалай жеңдік деген сауалға көркем шығармалары
арқылы жауап беруге тырысқан. Ол соғыстың бір бағытта
ғана емес, жан-жақты жүргендігін жау тылындағы парти
-
зандық қақтығыстар арқылы растайды. Алғашында орман
ішінде адасып қалған партизандар қатарының күн санап
өскендігі, олардың Отан үшін жасаған жанкешті ерліктері
оқырманын шынайылығымен баурайды.
«Қапастағы жұлдыздар» (1969-1970) хикаясы «Сол
жылы Рославль қаласы ерекше көркейіп келген еді. Ұзын
-
нан көсіліп жатқан көшелердің екі қапталы қуалай өскен
қалың ағаш. Жасыл жапырақ арасынан шашырай орна
-
ласқан аласа үйлер ағараңдап әзер көрінеді» (Әди Шәрі
-
пов. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Екінші том. Жол
хикаясы және повесть. – Алматы: Жазушы, 1971. – 337 б.),
– деп басталады. Уақыт пен кеңістік жағынан бұл шығар
-
маны соғыстың батыс майданындағы алғашқы күнінен
172
бастап арқау еткен туындылар қатарына жатқызуға бола
-
ды. Себебі, оқиға соғысқа дейінгі бейбіт өмірден баста
-
лады. Рославль қаласындағы жеміс-жидек техникумының
толық курсын сырттан оқып бітірген Лидия Андреевна
Герасимова заводта жұмыс істей жүріп, алдағы уақытта
осылайша сырттай оқып, жоғары білім алуды арман етеді.
Жазушы жекелеген кейіпкерлерінің бейнесін олардың
ой-армандарымен, мақсат-мүдделерімен, іс-әрекеттері
-
мен, сөйлеген сөздерімен толықтырып отырған. Оған хи
-
кая басындағы мына бір диалогтан үзінді келтіруге бола
-
ды.
«– Енді қызметің де, еңбек ақың да өсетін болар? – деді
Зина дипломды Лидаға қайтып беріп жатып.
– Қызметтің жоғары, төмен болғанын қойшы. Әйтеуір,
жұртқа пайдам тисе болды да.
– Кісіге не үшін керек? Меніңше, ең алдымен өз басың
-
ның бақыты үшін оқыдың емес пе?
– Зина сен тым ұшқары ойлайсың, өзгеге пайдаң тиме
-
се, адамдығың қайсы? Сен де оқы. Білімің болса, сенің
де халыққа пайдаң тиеді» [338-б.], – деген диалогтан апа
-
лы-сіңлілі Лида мен Зинаның өмір туралы көзқарастарын
байқауға болады, Ә, дегеннен екі түрлі пікірмен көрінген
Лида мен Зина ел басына күн туған сәтте де екі қырынан
танылады.
«Рославльдің шаһар іші ғана емес, сол жылы оның
бүкіл айналасы да құлпырып кетті. Маусым айында қала
маңындағы орман ағаштарының сұлу көркі жер жаннаты
-
на ұқсайды. Алуан түсті бояуға малынып, жүз құбылады.
Сұлулығына көзің де, көңілің де тоймайды. Баяу соққан
жел екпініне елбең қаққан жапырақ үні асыл жібек суды
-
рындай адам жүрегін қытықтап, бір рахат тыныштыққа
бөлейді» [341-б.]. Фашистік Германия міне осындай ма
-
мыражай тыныштықты бұзып, бейбіт елге соғыс ашты.
« – Соғыс! Соғыс! Германия бізге қарсы соғыс бастап
-
ты...» деп, опыр-топыр жүгірген жұртты басу үшін завод
партия ұйымының хатшысы Андрей Васильевич Беляев
митинг ашады. Ол мінбеге шығып жиналған жұртқа әс
-
173
керді азық-түлікпен қамтамасыз ету керектігін айтып, за
-
вод жұмысшыларының алдағы міндеттерін түсіндірді.
Сол күні-ақ бүкіл коммунистерге әскерге шақырту
келіп жатты. Олардың ішінде Андрей Иванович те екі қы
-
зын халқына аманаттап әскерге кете барды.
1941 жылы екінші августа қаланы неміс фашистері ба
-
сып алды. Олар қалаға келген бойда өз тәртіптерін жүргі
-
зе бастады: «Қала тұрғындары неміс командованиесінің
жаңа тәртібіне бағынуға міндетті. Қалада жасырынып
қалған коммунистерді, еврейлерді, совет солдаттарын ұс
-
тауға көмектесіңдер! Егер оларды жасырып қалған адам
-
дар болса, неміс комендантына хабарлаңдар. Осы тәртіпті
бұзған адамдардың бәрі сотсыз өлім жазасына бұйыры
-
лып, дарға асылады» деп өз үндеулерін таратты. Олар бұл
айтылғандарды бұлжытпай орындады да.
Қалалық партия комитеті партия қатарындағы жастар
арасынан сенімді топ құрып, басқыншыларға қарсы ас
-
тыртын жұмыс істейтін топ ұйымдастырады. Оның құ
-
рамына Лида Герасимованы, Владимир Ольховты, Аня
Петрованы, Ольга Тимофеевнаны, Нинаны тартады. Бұ
-
лардың барлығы да Отанға адал қызмет ету үшін «Мен
Отан үшін бір қасық қаным қалғанша қызмет етемін. Бар
-
лаушы қатарында болып, неміс-фашистерінен уақытша
басып алған жерді босатып алу жолында барлық күшімді
жұмсаймын» деген тіл хат жазып береді. Осылайша Лида
бірге туған сіңлісі Зинаға айтпай, партияның тапсырма
-
сын мүлт жібермей атқара береді.
Жау әскері басып алған жерлеріне өз әмірлерін жүргі
-
зе бастайды. Жергілікті халық ендігі жерде оларға жал
-
данып күнелтуге мәжбүр болады. Күнделікті тамақты
табу мақсатымен Зина қаладағы теміржол комендатура
-
сына үй сыпырушы болып, Лида өсімдіктен жасалатын
май заводында жұмыс болмай, асханаға жұмысшы болып
орналасады. Зина күні үшін қала коменданты Фольбердің
ашынасына айналып өзінің әлсіздігін танытса, Лида оған
қарама-қарсы кейіпкер. Жазушы бір анадан ала да құла
да туатынын осы екі қыздың тағдыры арқылы нанымды
174
бейнелеген. Асханада екі айдай жүріп өзінің дәмді тамақ
дайындауымен көзге түскен Лиданы генерал Рихтер өзіне
жеке аспаз етіп алады. Неміс тілін мектепте жүргенде еркін
игерген Лида аспаз бола жүріп, немістердің құпияларына
қаныға түседі. Генералға келіп-кететін, бірге тамақ ішетін
адамдардың әңгімелерін партизандарға жеткізе жүріп, аэ
-
родромға алып келген техникалар мен қару-жарақтарды
бомбалату да осы қаршадай Лиданың тірлігі. Ол өз басы
-
на төнген қауіптен қорықпай, Отан үшін көзсіз батырлық
әрекеттер жасап, көрген-білгенін дер кезінде жеткізіп оты
-
рады. Генерал Рихтерге аэродромға тамақ апарып берген
болып, ол жердегі самолеттер мен зенит зеңбіректерінің
қай жерге қалай орналасқанын мүлт жібермей көңілге
тоқып, көрген-білгенін сол қалпында партизандарға ха
-
барлайды. Партизандар ақпаратты алған күні-ақ ертеңіне
қалдырмай сол жерді бомбалап немістерді мол шығынға
ұшыратып отырады. Тіпті Батыс майдандағы әскер бөлім
-
дерін Шығыс майданына әкеле жатқанын, қай күні қай
эшолонға қандай қару-жарақ артатынын, келесі келетін
зенит зеңбіректерін аэродромнан жыраққа апарып, көзден
таса болу үшін жермен бірдей етіп орналастыратынын да
генералдың әңгімесінен естіп алған Лида партизандарға
сол күннен қалдырмай хабарлайды.
Партия комитеті астыртын жұмыс істейтіндерді бір-
бірінен құпия ұстағанмен, вагон жөндейтін заводтағы ин
-
женер Володя, аудармашы Алтай Сырымбетов, аспазшы
Лида, фельдшер Аня «Мылтық», «Автомат», «Зеңбірек»
деген парольдар арқылы бір-бірімен кездесіп, партияның
тапсырмасын бірлесе атқарады.
Жазушы кейіпкер бейнесін басқа кейіпкерлердің си
-
паттамасы, мінездемесі арқылы да толықтыруды мақсат
етеді. Оны Мария Павловнаның округтік полицияның
бастығы Артемовқа берген мінездемесінен байқауға бола
-
ды: «Ол дүниенің түзу кезінде де көзі қызарып, қасқырға
ұқсап, біреуді жеп қоятындай боп жүретін, қолына билік
тиген соң, кімді аяйды ғой дейсің. Өзі мына осы жердегі
кулактың баласы» [384-б.]. Басқыншылар совет өкіметіне
175
наразы кісінің қолына билік беру арқылы өз дегендерін іс
-
теп бағады. Себебі ол – шаш ал десе, бас алатын баскесер.
Артемов немістердің тапсырмасы бойынша деревнялар
-
дан азық-түлік, тон жинап оларға жағына түседі. Қасына
он шақты полицай ертіп, Г.Деревнясындағы қамбадағы
астықты алып кетуге келген Артемов қамбаның есігі шал
-
қасынан ашылып, қамбада бір дән қалмағанына таң қала
-
ды. Оны қасындағы аудармашы Алтайдың айтуы бойын
-
ша сол түні партизандардың алып кеткенін қайдан білсін.
Жазушы жекелеген эпизодтар арқылы кейіпкерлер бо
-
йындағы ерекшеліктерге де назар аударып отыруды жөн
санаған. Мәселен Генрих Гейненің өлеңдер жинағын оқып
отырып, Әбділда Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңін оқуы
Алтайдың әдебиетке жақын екендігін байқататын эпизод.
«Өз жеріңді, өз суыңды, өз еліңді, міне, біздің Әбділдадай
сүйе біл», деді Алтай ішінен жырдың соңғы шумағын ай
-
тып болып.
Бұл өлеңнің аяғы қиялға айналып, Алтайды еріксіз
өзінің туып-өскен Ертіс баурайына, Алтай тауына алып
кетті» [423-б.], – деген үзінді Алтайдың Қазақ даласынан
барған партизан екендігінен хабар береді.
Ал: «Нинадан ертеңіне түс ауа хабар келді. Оның ай
-
туынша, жаудың жазалаушы тобы ертең таң сәрісінен
Ворга поселкасын басып, түс кезінде Ершичи қаласына
барып жетпек. Кешке таман Артемовка, Трансо-Исае
-
во деревнялары арқылы Сукромля деревнясына бармақ.
Онан әрі қарай баратын жолы белгісіз. Еш жан білмейтін
көрінеді. Бұл хабардың бірде-бірін шашау қалдырылмай,
сол күні-ақ, партизан командирлеріне жеткізілді. Оның
ертеңінде, дәл Нинаның хабарлаған мезгілінде, сол көр
-
сетілген маршрутпен орманға қарай жаудың жазалаушы
тобы жүріп кетті деген хабар бүтін қала тұрғындарына
белгілі болды» [427-б.], – деген үзінді партизандардың
көзі мен құлағына айналған жандардың деревня ішінде
басқыншылармен бетпе-бет жүргендігіне мысал. Парти
-
зандардың ел ішіндегі сенімді өкілдері ел мен жерді бас
-
қыншылардан азат ету үшін олардың әрбір ісі мен алда
-
176
ғы жоспарларын қалт жібермей қадағалап, дер шағында
жеткізіп отырады.
Орманда жатқан партизандардың өздерінің әрбір ісін
көріп-білгендей бақылып отырғандығынан сезіктенген
басқыншылар жергілікті тұрғындардың бәріне үрейлене,
күмәндана қарап, күдіктілердің артына тыңшыларын са
-
лып қояды. Өздерінің артына адам түскенін сезген Лида:
«...сол күні-ақ барлық барлаушыларды өте сақ болуға
шақырды. Ол өз маңайындағы жұрттың үнін қас қақпай
тыңдаумен, байқаумен болды. Жау қаланың өзінде де
ойранды бастады. Көрінген кісіні ұстап алып, ату-асуды
көбейтті. Қолына түскен адамдардан жөн сұрамай, жа
-
бық машинаға бүктеп апарып тығып жіберетін болды. Өз
адамдарынан осы дүбірлі күндерде жүріп-тұруды азайту
-
ды талап етті» [427-б.].
Жазалаушы топ партизан отрядтарына қарсы ұрысты
он күннен аса жүргізіп, көп шығынға ұшырап, арып-ашып
қалаға қайта оралды. Олар партизандарды түп-тамыры
-
мен құртып-жойдық деп көкіді. Міне, осы кезде бірінші,
екінші, үшінші Клетня партизан бригадалары темір жол
-
дарды әр жерінен бұзуға кірісті.
Қаладағы жаңалықтарды дер кезінде жеткізу үшін Петь
-
ка мен Алексейді радиоқабылдағыштарымен қалаға жібе
-
руге тура келеді. Антонина Ивановнаның үйіне тоқтаған
бұл екеуі талай ақпаратты партизандарға жеткізіп үлге
-
реді. Иісшілдердің таяқ астында қалған оларды өздерінің
сенімдеріне кіріп алған неміс солдаттары құтқарып қала
-
ды. Тінту-тексеру көбейе бастаған соң, бастарына қауіп
төнгенін сезген олар кемпірдің көмегімен орманға қашып
құтылады.
Жазушы пратизандардың «отқа салса жанбайтын, суға
салса батпайтын» ертегі кейіпкерлері емес, ет пен сү
-
йектен жаралған пенде екенін жадында ұстап отырған.
Сондықтан, олардың әрекеттері де түрліше. Мәселен, Ал
-
тайдың көмегімен қамаудан қашып шыққан Павел Соло
-
монович аштыққа шыдамай өзін ұстап береді. Кешке дейін
шыдамай, сиыр сауып жүрген әйелден нан сұраймын деп
177
партизандар көмекке келмей жатып қайта қолға түседі.
Тепкінің астында қалған Павел көп қинаудың бірінде
«Чистяков» деген фамиляны айтқаны сол екен, жауыздар
Нина Чистякованы тұтқынға алады. Нина олардың айуан
-
дығына шыдай алмай, тергеудің бір ауыр түрінде – Бізді
басқарып жүрген бас барлаушы – Лидия Андревна Гера
-
симова, – деп айтып салады. Осылайша Лиданың Генерал
Рихтердің сейфіндегі картаны ұрлап алғаны әшкере бо
-
лып тұтқынға алынады. Көріп отырғанымыздай, партия
-
ның тапсырмасын әркім әртүрлі орындайды. Жекелеген
кейіпкерлердің ерік-жігері мен төзімділігін байқататын
осындай оқиғалар шығарманың шынайылығына қызмет
етеді. Себебі мұндағы кейіпкерлердің барлығы дерлік
бірыңғай ержүрек батырлар емес. Мұның өзі көркемдік
қиялдан гөрі шындыққа жақын.
Бұл кезде Алтай мен Володя Аня мен Рудольфты алып
қаладан қашып шығады, бірақ Лида басқыншылардың қо
-
лында қалып Отан үшін азаптың барлық түрін тартады.
1943 жылдың август айының бір күнінде фашистер Лида
-
ны қала зиратының басына алып барып дарға асады:
«– Қандай тілегің бар, – деп сұрады.
– Жасасын коммунизм!... Сендердің де дарға тартылар
кездерің жақын қалды, жауыздар, күресі жа... – дей бер
-
генде соңғы сөзінің аяғын айттырмай, кендір арқан Лидия
Андреевнаның денесін жоғары қарай созып, тартып бара
жатты... Бір күн өткен соң достары ұрланып барып, оның
денесін сол зиратқа жерледі» [486-б.].
Осыдан кейін тура қырық күннен соң Алтай Сырымбе
-
тов, Владимир Ольхов, антифашист Рудольф және басқа
достары қаланы басқыншы жаудан босату шабуылына қа
-
тысып, жауды батысқа қарай қусыра жөнелді.
Неміс әскерінің ішінде жүрген чех, поляк жігіттерінің
өзі де басқыншылыққа қарсы. Хикаядағы Рудольф, Антон
сынды жігіттердің астыртын партизандар жағына шы
-
ғып кетуі гестапа әскерінің күшпен жиналғанынан хабар
береді. Басқыншылық әрекетке қарсы болған осындай
жандар «орыстардың Гитлерге қарсы күресіне қолым
-
178
нан келгенше көмек көрсеткім келеді» деп, жолын тауып
кеңес әскеріне қарай ауысып кетеді. Рудольф темір жол
вокзалына барған болып, ол жердегі бүкіл жаңалықты
партизандарға жеткізіп, әскер мен әскери техника тиелген
эшолондарды дер кезінде Аня арқылы көрсетіп беріп жү
-
реді. Тіпті жерге түсіп қалған неміс әскерінің хатындағы
Москва жақтан қайтарылған әскерді Харьков жаққа жібе
-
ретіндігін де олар біліп алады.
Жазушы жау тылындағы партизандар санының күн
санап өсіп отырғандығын басқыншылық әрекетке қарсы
кейбір неміс солдаттарының партизандар жаққа өтуімен,
неміс тұтқынындағы кеңес әскерінің құтқарылуымен, бас
-
қыншылардан жәбір-жапа шеккен жергілікті халық өкіл
-
дерінің партизандарды паналап орманға келуімен сурет
-
тесе, партизандардың жау тылында жүріп оларға шексіз
зиян келтіргендігін қару-жарақ, әскер, азық-түлік тиел
-
ген вагондардың қисапсыз қиратылуы, темір жол рельс
-
терінің үздіксіз миналануы, көпірлердің бұзылуы арқылы
нанымды бейнелеген.
«Партизан қызы» хикаясы: «1941 жылдың июні. Совет
армиясының Н. бөлімі Брест қаласынан жиырма шақырым
жердегі үлкен селоға орналасқалы бес-алты ай болған-ды.
Баталон штабында бір тәулікке жуық көз ілмей, орта бой
-
лы, кең иықты, жүзі қатыңқы келген, қара торы жігіт біре
-
се стол үстіндегі беті ашық жатқан кітапқа үңіліп, біресе
телефоннан жауап қайтарып отыр. Кезек ауысатын уақы
-
ты жақындағанын білгісі келді ме, қалтасынан сағатын
алып қарай бергенде, телефон ұзақ шылдырады.
– Сізді тыңдап тұрған кезекші кіші лейтенант Ақәділов,
айта беріңіз, – деді де, өңі бір қуарып, бір қызарып, даусы
дірілдеп шықты.
Сөзін бітірген Жылбек:
– Герман фашистері соғыс бастапты. Роталар тез қам
-
данып, жауға тойтарыс беруге дайын болсын. Қосымша
бұйрықты батальон командирінен күтсін. Ал, тез өз ро
-
таларыңа хабарлаңдар, – деп полк штабының бұйры
-
179
ғын айтты», – деп басталады (Әди Шәріпов. Таңдамалы.
Бірінші том. Повестер. – Алматы: Жазушы, 1982. – 12 б.).
Міне, бұл хикаядағы оқиға да Соғыс басталған сәттен
басталады. Алғашқысы бейбіт халық тіршілігімен бастал
-
са, мұндағы оқиға әскер өмірімен бірге өрбиді. Жазушы
соғыс басталған сәтте бейбіт халық пен әскерде жүрген
жауынгерлер арасына бірдей ала құйын алып келгендігін
жекелеген шығармалары арқылы нақтылай түсті.
Штабқа ентіге кірген батальон командирінің – Шап
-
шаң, тревога беріңіз!, – деген бұйрығын орындаған Жыл
-
бек кезектен босаған соң, бөліміне келе жатқанда Қазақс
-
таннан шекараға жақында әкелген сүйген жары Жамал
түсті. Бұйрық бір сәтте орындалып, көзді ашып-жұмған
-
ша Жылбек Жамалмен қоштасып та үлгерді. Аяғы ауыр
Жамал офицерлер отбасыларымен бірге елге қайту үшін
Брестке баратын машинаға отырады.
Мүлгіген тыныштықтың аяқ астынан ойранын шығар
-
ған «Жендеттер самолетінің астынан тобықтай болып
үзіліп түскен бомбалар жерге жақындағанда үлкен бө
-
ренедей ысылдап келіп, бейбіт жатқан жердің қыртысын
ойдым-ойдым қып, шаңын аспанға шығарып, әлемді күн
күркірегендей етір жіберді» [13-14-б.]. Ел мен жерге қауіп
төнген кезде алғашқы кезекте әскери борышын өтеп жүр
-
ген солдаттар мен қатардағы коммунистер сапқа тұрды.
Бейбіт өмірде аң, не құс атып көрмеген өндірдей жастар
қолдарына қару алып басқыншыларға қарсы шықты. Өмір
мен өлім беттескен сәтте олардың алдында бір-ақ таңдау
тұрды. Ол – не өлім, не өмір. Жауды өлтірмесең, ол сені
өлтіретінін түсінген олар өз бастарын ғана емес, Отанын
жаудан қорғау керектігін түсінді.
Күні бойғы атыстан кейін түн ішінді Жылбек взводы
қорғанысты тастап кейін шегінетін болды. Үздіксіз айқас
кезінде шегінген полктің штабын қорғайтын Жылбек вз
-
воды полктан көз жазып, аз адаммен қоршауда қалып қоя
-
ды. Оншақты жауынгерімен Барановичи облысындағы бір
орманға еніп кеткен. Соғыс басталған жылдың декабрін
-
де жау қоршауында қалған совет азаматтарынан құралған
180
ат төбеліндей шағын-шағын партизан отрядтары әр түрлі
жолмен келіп осы Клетня орманында тоғысқан. Тимофей
Михайлович, Павлик Смирнов, Әлім Тілеулин, Петька, Ба
-
тырхан, Мәжит, т.б. бір тілек үстіндегі совет азаматтары.
Федор қарт партизандар штабына атылуға ұйғарыл
-
ған қырық шаруаны құтқаруын сұрап келеді. Азық-түлігі
таусылған партизандар басқыншылардың қолына өткен
қамбаның күзетшілерін өлтіріп, астықты қолдарына түсі
-
реді. Неміс әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, олардың
оқ-дәрілерін тартып алып, тұтқындарды босатып отыра
-
ды. Басқыншыдардың зорлығын көрген тұтқындардың
барлығы да партизандарға қосылып, олардың тобын кө
-
бейген үстіне көбейте түседі. Олар орман ішінде неше ай
аш жүргендеріне қарамай Петр Лебедов пен Коротченко
-
ның басқаруымен фашистерге әлсін-әлсін шабуыл жасап
оларды шығынға ұшыратып, ілгері басқан аяқтарын кейін
шегіндіртіп әлекке салады.
«Түнімен көз ілмеген партизандар шала-пұла тамақта
-
нып алды да, үстіндегі киімдерімен біріне-бірі қисайып,
ұйқыға кірісті. Бұлардың монша көрмегендеріне талай уа
-
қыт өтті. Ішкі киімдері кірден тұтқыштай қап-қара» [41-
б.]. Неше ай далада жүрген партизандардың ақ жағалы
жейдеден гөрі осылай жүргені шындыққа жақын. Бұл жа
-
ғынан алғанда жазушы шындықты бұрмаламай, сол қал
-
пында бейнелеуге тырысқаны белгілі. Василий Зарецкий
мен Жылбек Ақәділов роталарының жазалаушылармен
күресі де шығарманың шынайылығына қызмет етеді. Екі
жақтың қардай бораған оғынан аман қалған жау әскерінің
қарсыластарына бағынып қол көтеріп берілуі, жазалау
-
шылардың минадан қорқып алдына тұтқындарды салып
отыруы, көгілдір экраннан көріп жүрген көркем фильм
-
дерімізді көз алдымызға елестетеді. Он шақты күн пар
-
тизандардың қыр соңынан қалмаған фашистердің жаза
-
лаушы отряды оныншы күн дегенде сап тыйылып, кейін
қайтып кетеді.
Оқырманның есінде ұзақ сақталатын кейіпкердің бірі
– Жылбек Ақәділов. Дубровка деревнясының күншығыс
181
жағына майданнан зақымданып қайтқан жау самолетінің
еріксіз қонғанын, экипажының самолет жанында жүр
-
генін көріп, олардың экипажындағы радиоқабылдағыш
-
ты қолға түсірмек болған Жылбек Ақәділов жігіттерінің
немістермен қақтығысы, Будвинец деревнясын тонап
бара жатқан жау әскерін қолға түсіруі, тапсырмаларды
тиянақты орындауы – оның ерлігін паш етер эпизодтар.
Барановичи станциясына жете бергенде бомба астында
қалған Жамал Минск облысына таяғанда жолдастарынан
ажырап қалып, жаяу жалпы Будвинец деревнясына жетеді.
Жылбек пен Жамал қайта табысып, Жамал аяғы ауыр бол
-
са да партизандарға еріп орманға кетеді. Партизандардың
ортасында туылған қызға олар «Мая» деп есім қояды. Жа
-
зушы Маяны отбасының, бейбітшіліктің символы ретінде
алған. Жау әскерімен қатты қақтығыс кезінде Маяны бауы
-
рына басқан Жамалдың партизандардан көз жазып қалуы,
оларды Рябушин қарттың үйіне паналатуы, Жылбек пен
Мәжит бастаған партизандардың Жамал мен Маяны іздеп
табуы, өткелде Маяның суға кетіп қала жаздауы, оны Пав
-
ликтің құтқарып қалуы сынды эпизодтар оқырманын қы
-
зықтыра түсері даусыз. Орманда туған партизан қызының
тағдыры кім-кімді де ойландырмай қоймайды.
Маяның сүйкімді күлкісі мен былдырлаған тілі Жеңістің
белгісі іспетті. Жау тырнағынан аман алып қалған парти
-
зандардың барлығы Маяның жолында өлуге даяр болса,
Мая да оларды алаламай бәріне бірдей қыз болуға бейіл.
Тілі шыққан Маяның – Партизан қызымын, – деп айтуы
арқылы жазушы партизандардың арман-мүддесінің ортақ
екенін көрсеткен. Ол – жауды жеңіп Жеңіспен елге оралу,
отбасына аман-есен жету.
Жазушы шалғайдағы қазақ ауылынан келген Жамал
-
дың тағдырдың тауқыметімен орман ішінде босануы, от
пен оқтың ортасында жүріп шыңдалуы, жау тылына бар
-
лауға барып олжалы оралуы, қолына қару ұстап жауға
қарсы шығуы арқылы оның да партизандар ішінде жүріп,
Отанын жаудан қорғауға өз үлесін қосқанын мақтан етеді.
«Осындай араны ашылған ажал мен өлім үшін емес, өмір
182
үшін алысқан шайқастың нық ортасындағы от ішінде
Жамал да кегін жіберер емес. Ішінен: Маяны Роман қарт
-
тың үйіне қалдырып, жауға қарсы аттанған Жамалдың
да жаудан алар кегі бар еді. «Мая не болып жатыр екен.
Кім білсін мына қаптаған оқтың бірі жас сәбиді жалмап
кетер ме екен» дегенде, жүрегі дір ете түседі. «Жоқ сә
-
бидің жазығы не, өспей жатып өшетін», – деп, өзіне-өзі
қайрат беріп қояды» [195-б.], – деген үзінді ел басына
күн туған заманда жауынгер қазақ халқының қыздары да
атқа қонып, жаумен шайқасқандығын растайды. Жамал
-
дың Мәншүк, Әлия, Хиуаз сынды батырлар шыққан елдің
қызы ретінде бөбегі үшін, Отаны үшін батыл әрекеттерге
баруы қуантады.
Хикаядағы орталық кейіпкердің бірі – Иван Михайло
-
вич. Ол партизандарға көмек ету мақсатында немістерге
қызметке орналасады. Сол өңірді жақсы білетін адам бол
-
ғандықтан оны бургомистр етіп сайлап, әрбір үлкен елді
пункттерде полицай бөлімшелерін ұйымдастыруды тап
-
сырады. Осы мүмкіндікті пайдаланған ол полицайға өз
адамдарын өткізіп, немістердің басқан қадамын партизан
-
дарға жеткізіп отырады. Староста Дурновтың басшылы
-
ғымен ел арасынан жиналған азық-түлік пен жылы тон
-
дарын Сукромля деревнясында партизандар тонап алып,
қақтығыс кезінде Дурнов қашып құтылады да біраз по
-
лицайлар партизандар жағына өтіп кетеді. Осының бәрін
Дурнов пен Иван Михайлович Беляковтың мойнына іліп,
өзін асып өлтіртеді. Бұл жерде Иван Михайлович жаудың
назарын совет өкіметінің жауына аударса, Дурнов өзімен
бақталас адамның көзін жоюды ғана мақсат еткені анық.
Өзінен мандыртымды жауап ала алмаған подполковник
Ранкенау оны халық алдында дарға асып жазалады. Совет
өкіметінің қас жауының халық алдында дарға асылуын
халық қолдамаса, еш өкінген жоқ.
Иван Михайлович Епишево деревнясындағы шіркеу
-
ге священник етіп сенімді адам Кузьма Сергеевичті та
-
ғайындайды. Келім-кетімі көп жерде кездесу сырт көзге
күдік туғыза қоймас деген оймен олар шіркеуді де өз пай
-
183
даларына асырады. Иван Михайлович өз шәкірттері Сере
-
жа мен Валяны да нақты тапсырмалар беріп партизандар
қатарына қосады. Олардың міндеті – күндізгі атыс-ша
-
быстан кейін далада қалған жаудың қару-жарағын жинап-
теріп партизандар қолына жеткізу.
Жау қоршауында қалған партизандардың бас сауғалап
жата бермей, айнала қоршаған жауға тұтқиылдан тиісіп,
оларды қан қақсатып отыруы, барлаушылардың төңіректе
болып жатқан оқиғаларды мүлт жібермей, партизандардың
жергілікті тұрғындарға дер кезінде көмекке баруы парти
-
зандар мен халық арасындағы байланысты күшейте түссе,
басқыншылдардың жазықсыз халыққа жасаған озбырлығы
оларды өзіне қарсы әрекет жасауға итермелеп бақты.
Әлім бастаған партизандар тобы Артемовка деревня
-
сының күншығыс жағындағы орманмен түн қата жүріп,
орманның екінші жиегіне жеті-сегіз шақырым жол жүріп
келіп, арқалаған жүктерін темір жолды жағалай қойып
шығады. Жылбек пен Павликтің темір жолға қойған ми
-
налары жау әскерін ғана емес, олардың қару-жарағын да
күл талқан етіп, оларды мезгіл-мезгіл есеңгіретіп отыр
-
ды. Партизандардың бүлігінен шаршаған жазалаушы от
-
ряд жердің тілін білмеген соң, орман ішіндегі батпақтарға
кезігіп, әуре-сарсаңға түсіп, өкшелеп қуып келе жатқан
партизандарынан көз жазып қалады.
Иван Михайловичтің айтуымен автобазада істейтін үш
совет тұтқыны немістердің жөнделген машиналарының
ішіне мина салып жарып жібереді де өздері қашып парти
-
зандарға қосылады. Осылардың бәрін Иван Михайлович
істеп жүргенін білген подполковник Ганс Ранкенау оны
тұтқынға алып бес күн бойы азаптап ешқандай жауап ала
алмайды. Елдің алдында дар ағашына асып жатқанда:
«– Бауырлар, бақи болыңдар! Қорықпаңдар адал ажал
-
дан! Неміс басқыншылары жойылсын! Жасасын Комму
-
нистік партиясы! – деп ұран тастаған бойы қыл арқанмен
жоғары тартылып кете барды» [113-б.]. Партизандарға
осындай ержүрек адамдар қол ұшын бермегенде олар
басқыншылардың жоспарын білмейтін еді. Жазушы пар
-
184
тизандарға көп көмек көрсеткен жергілікті тұрғындардың
ішіндегі партияға адал коммунистердің жанкешті ерлігін
олардың өз істерімен паш етті.
Партизандар гитлершілерді жеңу үшін, оның тылын
-
дағы соғыстарды күшейте түсу мақсатында майданға
кетіп бара жатқан қару-жарақ тиеген, әскер тасыған поез
-
дарын мина қойып құлатып, жаудың тылдағы қоймала
-
рын, темір жол тораптарын, көпірлерді талқандап, жау
тылында бүлдірушілік әрекеттер жасаумен айналысады.
Осы мақсатпен олар деревняларға барып үгіт-насихат жұ
-
мыстарын жүргізіп, өз еркімен партизандарға қосыламыз
дегендердің қолына қару беріп, Отанды жаудан қорғауға
кіріседі. Партизандар саны күн санап көбейе бастаған
соң оларға «Бірінші Клетня», «Екінші Клетня», «Үшінші
Клетня» деген ат береді. Орман ішінде өз әскерлерінен
адасып жүрген босқындардың да қатарға келіп қосылуы,
өз ротасынан көз жазып қалған дәрігердің Сергейдің ая
-
ғына операция жасап, оны ажалдан аман алып қалуы,
жеркілікті халықтың партизандарды азық-түлікпен қам
-
тамасыз етуі – кеңес халқының басқыншы жауға бірлесе
күрескенін айқындайтын эпизодтар.
Тамара Подгурскаяның Пригорья станциясынан алып
келген ақпаратынан кейін «туған елінің әрбір ағашын
бекініске айналдырған партизандар» жаудың өздерінен
бірнеше есе басым екеніне қарамай, «атысса да, алысса да,
алған бағытқа жеткісі» келіп, үлкен шайқасқа дайындалды.
«Ормандағы от» хикаясын автор майдандас достарыма
ескерткіш деп атайды. Бұл хикаяны рельс үшін соғыс деп
атауға да болады. Себебі мұнда да өзімізге таныс Тимо
-
фей Михайлович, Әбдіғали Төлегенов (Батырхан), Тама
-
ра, Жамал (қызы Мая), Жора, Павлик, Зарецкий, Ақәділов
сынды партизандардың темір жол рельсі бойындағы соғы
-
сы суреттеледі. Әрбір партизанның темір жолға тол қоюы,
жарғыш капсюльді пайдалануы, шнур тұтандыруды жетік
білуі арқасында жауды мол шығынға ұшыратады. «Пана
-
сы – орман, серігі – түн» болған, кең даланың құсына ұқ
-
сайтын партизандар басқыншыларға жергілікті халықпен
185
бірлесе күрес жүргізеді. Мұнда «Үлкен жердің» тапсыр
-
масы бойынша партизандар рельс соғысын бастайды.
Берлин өз әскерінің тылындағы Н. қаласына әккі офи
-
цер Ранкенауды жіберген болатын. Оқиға өзі сақ, қырағы
Ранкенаудың жұмысқа келген бойда стол тартпасындағы
қағаз бетіндегі шаңнан өзге біреу қолының ізі түскенін
байқап, дереу бөлмені тексертуінен басталады. Тек
-
серушілер диван ішінен бір, темір пеш ішінен екі, стол
тарпасындағы қағаз астынан бір мина тауып алады. Бұл
миналарды партизандардың қай уақытта қойып кеткенін
білмей аңтарылған ол әр нәрсеге сезіктене қарайды. Бұл
жерге кіретін бір-ақ адам бар. Ол – тамақ тасушы қыз.
Бірақ одан мұндай шығады деп ойламаған олар жаудың
қай жақтан келіп қаларын білмей дал болады. Осы сәтте
партизандардың су қоймасының күзетшісін өлтіріп, оны
мина қойып жарып кеткені мәлім болады. Осылайша олар
ауыз суға зар болып, оны тездетіп жөндеуге кіріседі. Әккі
подполковник дереу қаладағы бар еркек біткенді алаңға
жиып, арамызда жүрген партизандарды ұстап беруін та
-
лап етеді. Елді қорқытып өз дегенін жүргізуді көздеген
подполковник өзіне тура қараған бір адамды сол жерде
қолма қол дарға асып, екі құлағын кесіп олардың алды
-
на лақтырып тастайды. Сөйтіп олардың ішінен Владимир
Хомяковты өзіне алдыртып түндегі оқиғаға қатысты не бі
-
лесің деп тексере бастайды. Володядан мардымды ештеңе
ала алмаған соң оны босатады. Володя үйіне келсе, есік
шалқасынан ашық жатыр. Көршілерінің айтысына қара
-
ғанда күндіз неміс әскері келіп, кемпірді партизандар
-
мен байланысың бар деп әбден қинаған, зорлаған, тіпті
арқасынан жұлдызша етіп ет кесіп алған. Қансырап жат
-
қан кемпірге дәрігер шақырады. Көмек көрсеткен дәрі
-
гер баласына адам болар-болмасы екі талай деп, көрші
кемпірге оның жүрек соғысы әлсірегенін, адам қатарына
қосылмайтынын жасырмай айтып кетеді. Көрші кемпір
Володяның қасында күйбеңдеп жүргенмен мола басына
баруға немістерден бата алмайды. Ел ішінде ат-арбаның
жоқтығынан Володя шешесін қол арбамен жалғыз сүйреп
186
апарып жерлейді. Бұл оқиғалар қала халқының басқын
-
шыларға тегіннен-тегін кектенбейтіндігін ашуға қызмет
етеді. Күні бойғы сұрақ-жауап Володяға біраз ой салса,
анасының жазықсыздан-жазықсыз басқыншылардың
азаптауынан қаза табуы, жолда күзетшілердің табытты
аштырып, анасының мәйітін аударып-төңкеріп тексергені
оған үлкен кек болып байланады. Дұшпанынан кек алуға
бекінген ол қолынан келгенін істеуге бел шеше кіріседі.
Қойылған минаны әшкерелеу үшін Ранкенау ақ көй
-
лекті жігітті дарға асты, жазығы жоқ кемпірді бейнетпен
өлтірді, көп адамды залогпен тұтқынға алды. Гестопа
бастығы өзінің қанішерлігін елге осылай әшкерелеп жат
-
қанда, қойылған минаның жарылмай қалғанына өкінген
партизандар «Атқан оқ нысанаға тисін; қойылған мина
жарылсын; ұшқын шашсаң, өрт болсын! Жеміссіз адам
болмасын!» – деген қорытынды жасап жатты.
Тамараны Н. қаласына Беседь өзеніндегі темір жол
көпірін бақылауға жібереді. Оның міндеті – сол көпірді
күзететін неміс бөлімшесінің күшін, дот, дзоттарын, мина
қойылған жер мөлшерін білу болса, Жамалдың міндеті –
Беседь өзенінің шығыс бетіндегі бес километр шамасында
орналасқан Бони разъезіндегі жау күшін анықтау. Тамара
мен Жамалдың алып келген ақпараты партизандардың
жоспар құруына көп септігін тигізіп, олар темір жол бо
-
йындағы басқыншыларға тікелей шабуылға шығады.
Батырхан мен Павлик ұстаған жансыздарынан біраз
мәлімет алады. Қолға түскен жансызбен арпалысу, қарсы
келіп қалған жаумен шайқасу, жазалаушылардың төпеген
оғының астынан аман шығуда ысылған партизандар өмір
мен өлім беттескен сәтте шұғыл қимылдар жасауға шебер.
Оқиғаға қатысатын негізгі кейіпкердің бірі – Шура.
Темір жол асханасында жұмыс істеп жүрген ол парти
-
зандарға Сталинград майданында тойтарыс алып, кейін
шегінген жау әскері, енді Орел Курс қалаларының маңы
-
на шоғырланып жатқанын дер шағында жеткізіп отыра
-
ды. Шураның жанкешті ерлігін үйінің шатырына шығып,
радиоқабылдағыш арқылы: «Н. станциясына жаудың бір
-
187
неше эшелоны келіп тоқтады. Франциядан келе жатқан
екі эшолон әскер, қалғаны әскери техника (танк, артил
-
лерия). Офицерлердің айтуынша, бара жатқан беті Орел
қаласы мен Курск қаласының бағыты. Мүмкіндігінше,
алдымыздағы түні самолет келіп бомбалайтын болсын.
Біздің самолетке беретін белгіміз – жасыл ракета. Жауа
-
бын түнгі ондағы сеансыда хабарлауыңызды сұраймын.
Барлық жолдастарға көптен-көп сәлем. 30-нөмір», – деп
хабарлауынан да байқауға болады. Басына қандай қауіп
төніп тұрғанын сезсе де ол түнде екі минуттық байланыс
-
қа шығып, түнгі бір шамасында самолеттерге белгі беру
керектігін анықтайды.
Темір жолда тұрған составты күл талқан етіп бомбалап
кеткеннен кейін, радиоқалдағыш арқылы хабар берілгенін
сезген басқыншылар ертеңіне үйме-үй жүріп тінту жұ
-
мыстарын жүргізеді. Шураны сенімді адам деп түсінген
олар оның үйін тінтімейді, бірақ ол кезде радиоқабылда
-
ғыш үй сыртындағы төбешікте жатыр еді. Сезікті адам
-
ның қай жерден белгі бергенін білген олар үйретілген ов
-
чаркаларын ізге салғанда, жазықсыз өз салдаттарын ұстап
береді. Франциядан шыққаннан қалтасында келе жатқан
ракета мен ракетницасын дәлелдей алмаған жазықсыз
солдат иттің қателігінен дарға асылады.
Радиоқабылдағышпен хабарласу қауіпті болған соң,
Шураны іздеп келген Тамара оған кешкі сағат сегізде
«Орман патшасының» өкілімен кездесуі керектігін айтып
хат тастап кетеді. Тамара, Шура, Володялар бір-бірімен
«Ай», «Күн», «Жер» парольдері арқылы табысып, Яков
қартпен бірлесе отырып, алдағы іске жұмыла кіріседі.
Володя қолына белгілі уақытпен жарылатын мина түссе,
анасының кегін қайтаруға бел байлап жүргенде оны Тама
-
ра іздеп келіп, көктен сұрағанын жерден тауып береді. Во
-
лодя вагондарды тексерген болып жүріп, жанар май цис
-
тернасының бір қуысына мина тығып жібереді. Барлауға
келген Тамара Яков қарт пен Володяның көмегі арқылы
Белинковичи станциясы мен Бони разъезіндегі жаудың
қарулы күшін анықтайды.
188
«Шура міне жұмысына күндегісінен ертерек келген. Ас
-
хананы айнадай етіп сыпыру, стол үстін беліне қыстырған
ақ орамалмен таза сүрту, жалпақ қалайы табаққа төрт бұ
-
рыштап тілінген кесек-кесек қара нанды қалау, стол басы
төрт жерден шанышқы, пышақ, қасық әкеліп қою – Шу
-
раның әдеттегі көрнекті ісі. Мұндағы өткінші қожаларға
Шура осындай таза жұмысымен жаққан, сенімдеріне де
кіріп алған. Немісше тілге жетіктігі және бар» [313-б.] де
-
ген сипаттама Шураның бейнесін толықтыра түседі.
Яков қарт пен Володя сияқты, ержүрек Шура тәрізді
жау алқымында тұрған партизан штабының жасырын
саусақтары олардың тірек пункттері еді. Володяның темір
жолдан естіп келген тағы бір жаңалығы «– Бүгін түстен
кейінгі хабарға қарағанда, түрмедегі жатқан біздің жігіт
-
терді тексерусіз, сотсыз ататын болыпты. Кеше түстен
кейін оларды қаланың шетіндегі былтыр жанып кеткен
түрменің қарсы алдындағы, бұрын астық құятын қамбаға
апарып қамаған көрінеді. Ранкенаудың ондағы ойы – олар
-
дың атылғанын қала халқына білдірмеу» [318-б.], – еді.
«Орман патшасына» хабарласатын уақыт тығыз бол
-
ғандықтан тұтқындағы жолдастарын ажал аузынан ара
-
шалауға Володя мен Яков қарт өздері аттанады. Сол күні
асханада неміс әскері ойын-сауық құрып, Ранкенау Шу
-
раны иемденіп қайта-қайта биге шақырып жүргенде олар
мылқау мылтықпен күзетшілерді өлтіріп, тұтқындарды
орманға қашырып жібереді де мылтықтарын жасырып,
үйлеріне келіп жата қалады.
Володя соңына тыңшылардың түскенін біліп, «Орман
патшасымен» иті Тигрды байланыстырып отырады. Тигр
екі жақтың хатын тасып жүріп, көзге түсіп оққа ұшады.
Бұл кезде Жамал да өз тапсырмасын орындап разъезд
жаққа барып керек мәліметтерін жинап алады. Жамалға
қол ұшын берген Тамара Подгурскаяның жіберген қария
-
сы оны келінім деп ертіп жүріп-ақ талай шаруаны тын
-
дырады. Жазушы бұрын соғыс көрмеген жандардың бо
-
йында қорқу, үрку сезімдерінің болатынын да ұмытпаған.
189
Оны разъезге үлкен тапсырмамен бара жатқан Жамал бо
-
йындағы қорқыныш сезімінен байқауға болады:
«– Сен, шырағым үндемей қалдың ғой? Өңің бірде қы
-
зарып, бірде қуаң тартып, қобалжып келесің. Тегі қорқып,
разъезге бару-бармауды ойлап, өзің екі ойлы болып келе
жатырсың ба, қалай? Істі қолға алғаның шын екен, онда
неде болса, тәуекел деу керек, шырақ! – деді қарт қайрат
-
ты үнмен» [331-б.].
Жау ордасынан мол мәлімет жинаған Жамал мен Та
-
мара түні бойы тоқтамастан суыт жүріп, ауыр жолды
еңсеріп, таң атқан соң ит тұмсығы батпайтын орманның
ішіне кіріп аялдады. Күндіз жүру қауіпті болғандық
-
тан партизандар түнде ғана жұмыс істеуге дағдыланған.
Дегенмен жазалаушы отрядтың бұл жерден шегінгенін
білген олар біраз тыным алған соң қайта жолға шығады.
Олар жолда аялдаған деревняларында басқыншылардың
қанішерлігіне куә болып, оларға тістерін қайраған үстіне
қайрай түседі. Қорғаны жоқ шал-кемпірлердің үйін тонап,
қалғанын өртеп кетіп бара жатқан басқыншылардың бұл
әрекеті – партизандарды қолына түсіре алмағандықтан
«ашуын тырнадан» алу еді.
Жоғарғы штабтан полковник шенін алған Ранкенау енді
жұмысқа құлшына кіріседі. Бұл кезде партизандар Жамал,
Тамара, Володялардың алып келген мәліметтері бойынша
Беседь өзенін кесіп өтетін темір жол көпірін бұзуға да
-
йындық жасалып жатыр еді.
Бұл хикаяда біз өзімізге таныс партизан қызымен және
кездесеміз. Ол жөніндегі авторлық ұстаным: «Мая қол
-
дан қолға көшеді, бірдің емес, көптің жұбаныш, ермегі де
сол. Бейбіт күн белгісі, үй, семья дегеннің белгісі де – сол
Мая» [348-б.], – дегенге саяды.
Жазушы табиғат суреттерін де орынды пайдаланған.
Жау самолеттерінің партизандардың жатқан жерін анық
-
тап бомбалаймыз деген күні күннің көзі ашылмай само
-
леттар күннің қолайсыздығынан әуеге көтеріле алмай
жатқанда партизандар мекендерін ауыстырып үлгереді.
190
Осының өзінен туған жердің табиғаты да өз перзенттеріне
қарасып жатқанын байқауға болады.
«Аспанды торлаған қара бұлт батальондармен бірге
ілесіп, бірге қатуланғандай. Қараңғылық жан-жақтан тү
-
неріп, жерді басып тұр. Қатая түскен жел де ышқынып,
күтпеген жерден үйіріле соғып кетті. Табиғаттың бұл құ
-
былысы да жаудың алқымынан алып, оны мынау парти
-
зандармен қосыла бірге қылқындырғалы тұрған тәрізді»
[350-б.], немесе «Жел дауылға айналды. Ышқынып,
үйіріліп, ойнақ салып ішін тартып тұр... Жерге етпетінен
жабысып жатқан Володя ішінен: «Соқ дауыл! Соға түс!
Сен де көмектес бізге» – деп қалды» [351-б.] деген жолдар
жауға қарсы күресте табиғаттың да септігі тигенін байқат
-
са, үлкен шайқастан кейін ауа-райының мейірлене түсуі
көңілге қонымды: «Шаңқай түс. Күн шайдай ашық. Ту
-
ған жердің биязы әуесі жанға тыныш, көңілге тоқ, мүлгіп
қалыпты. Баяу соққан самал жел күмістей сыңғырлаған
орман жапырақтарын ақ бас толқындай теңселтіп, жеңіл,
сазды бір күй шертіп тұрғандай көрінеді. Жел үні саусақ
-
тарынан бал тамған өнерлі күйшіге ұқсайды. Дәл осы бір
күн – бейбітшілікті елестеткендей, келешек тыныштық
өмірдің нышаны іспеттес еді». Бұл сурет табиғат ананың
күнәсіз перзенттерінің жеңісіне деген қуанышын байқат
-
қандай әсер берері даусыз.
Шешуші шайқаста полковник Ранкенаудың Володяның
қолына түсуін де құптауға болады. Себебі ол анасының
қанын жүктеген қанішер. Ендеше басқыншылық әрекет
-
теріне ар мен заң алдында жауап беруі орынды. Бұл қол
-
ға тірідей түсірген Володяның анасының бейіті басында
берген антымен ұштасып жатыр. Тимофей Михайлович
командованиенің тапсырмасын орындағанына риза бол
-
ғанмен, шайқаста Тамара мен Павликтің жарақаттанып
қалғанына қобалжулы.
«– Жолдас командир, сіздің тапсырмаңыз бойынша Пав
-
лик пен Тамараның жарасын көріп шықтым. Ешқандай
қауіп жоқ, екеуі де тәуір болады, – деді бригада дәрігері.
191
Дәрігердің бұл жақсы хабары Тимофей Михайловичтің
онсыз да көтеріңкі көңілін онан арман өсіре түсті.
– Бұл жерде көп аялдауға болмайды. Ілгері қарай жүр
-
ген жөн, – деген бұйрық болды. Партизандар жүріп кетті»
[354-б.].
Жазушы осындай алмағайып заманда да жастардың
болашаққа сеніммен қарауын Лида мен Владимир, Шура
мен Володя, Жамал мен Жылбек, Тамара мен Павел ли
-
ниялары арқылы жадында ұстап отырған.
Автор Қазақстандық жауынгерлердің қазақ екенін,
Қазақстаннан екенін естігендердің барлығы Қазақстан
деген жердің бар екенін, қазақ деген елдің бар екенін бі
-
летінін де жадында ұстап отырған. Себебі бұл кезде кеңес
жауынгерлері жыр алыбы Жамбылдың «Ленинградтық
өренім» өлеңін жатқа айтатын еді. Сталинград түбінде
ауыр соққыға душар болған басқыншылар амалсыз арт
-
қа шегініп бара жатты. Кеңестер Одағын тізе бүктірмек
болып, ентелей кірген басқыншылар Беларуссия орман
-
дарының әрбір талы мен ағашы өздеріне қарсы тұрып ай
-
бат шегетінін, кеңес жауынгерлері қасық қаны қалғанша
күресетінін білмей, қатты соққыға душар болып, көп шы
-
ғынға ұшырап кейін шегінеді.
Әди Шәріповтің жоғарыда сөз болған шығармалары Бе
-
ларусс жеріндегі партизандар мен жергілікті тұрғындар
-
дың басқыншы жаумен күресте жанкешті ерлік көрсет
-
кенін шынайы бейнелеген туындылар. Қаһарман партизан
өзіне пана болған Беларуссияның Мухин орманының әр
талы мен ағашына жан бітірді. «Екінші Клетня» партизан
бригадасы комиссарының орынбасары Ә.Шәріпов атал
-
ған шығармаларында майдандас достарының шынайы
бейнесін жасап, Отанды жаудан қорғау жолындағы пар
-
тизандардың өшпес ерлігін паш етті.
|