леңдері толықтырады.
Кіндік қаным тамған жерге жетейін,
245
Бұл өмірден пәк перзент боп кетейін.
Қойынына алар мені ұлы анам,
Сол жұмаққа иман айтып өтейін!,
– дейтін ақын үшін туған жерден артық құт-мекен жоқ.
Ақын поэзиясында туған жерге деген сағыныш басым.
Оның «Қаршығалы, қайран жерім, қайран ел, Сағыныш
-
тан сарғаймауға айла бер» деп тілеуі сондықтан.
Жоғарыда аталған поэмаларында арғы тарихымызға
шегініс жасап, бостандық, азаттық жолындағы сан мың
-
даған шайқастарға жан бітірген ақын замандастарына
бүгінгі тәуелсіздігімізді бағалау керектігін «Бағалай біл,
ей халық, бейбіт күнді» деп түйіп айтады. Осы ойымыз
-
ды ақынның тәуелсіздік тұсындағы поэзиясы туралы ҚР
ҰҒА академигі С.Қирабаевтың: «Нұрғожа Ораз:
А, құдайым, еркіндікті бердің бе?
Ғайыптан бір бақыт күтті ел күнде.
Құл қылсаң да, күн қылсаң да пендеңді
Құдыреті, әр қашан да еркіңде
–
деп жырлады. Ақын азаттықтың оңай келмегенін,
талай ерлердің қаны мен тері арқылы жеткенімізді
өлеңге қосып, екі ғасыр бойы болған сәтсіз күрес
-
терді еске алды», – деген пікірі растайды. Бүгінгі қол
жеткізген тәуелсіздігімізді баға жетпес құндылық ретін
-
де қабылдаған ақын тәуелсіздікке «Ең қымбаттым осы
күн» және басқа өлеңдерін арнады.
Оның «Елбасына», «Сен бар жерде мен де аман»,
«Халқымен бірге Елбасы» сынды өлеңдеріне Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті негіз болса, Елба
-
сының бастамасымен іске асқан Астана қаласының кел
-
беті «Шабыт қала» және басқа өлеңдерінде бейнеленген.
Н.Назарбаев: «Астананың халқымыз мақтаныш ететін
қала боларына, жиырма бірінші ғасыр архитектурасы
-
мен тұрғызылатын жаңа ордамыз боларына күмән жоқ»,
– деген еді. Айтса айтқандай, Астана қаласы қазіргі таң
-
да сәулеті жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы қалалар
-
дың қатарына қосылды. Астана туралы кез-келген ақын
-
ның шабыттана жазатыны да сондықтан. Қазақ елінің
246
бүгінгі жеткен биігін Елбасының данышпандығымен
түсіндірген ақынның:
Нұрсұлтаның болмаса
Баққа, қазақ, кедейсің.
Ғұмыр тілеп ұлыңа
Соның қамын жегейсің!,
–
деп жырлауы да қисынға келеді.
Ақынның бұл жинағына соңғы жылдары жазған өлең
-
дері топталғандықтан мұнда адам баласының жетпіс
сынды жасына қатысты өлеңдер көп. «Әр жастың өзі
-
не сай лайығы бар» екенін білген ол замандастарына
жақсы қартаюды тілейді. Оның ұлғайған шағында жаз
-
ған өлеңдерінде үгіт-насихат, өсиет-өнеге басым. Ол да
Абай секілді өсек-өтірік, мақтанды, еріншектік пен жал
-
қаулықты, күншілдік пен қаскүнемдікті шеней отырып,
арамызда жүрген арамзаларды әшкерелейді. Ақын «Бір
адым алға озғанға Өшіккен итше қараған, Жөн айтқан
жанды жөнсіздер Жыбырлық сөзбен талаған» жандар
-
дың бүгінде арамызда жүргеніне күйінеді. Төңіректе
болып жататын келеңсіздіктерге ой сала білген ол өз
замандастарына сын көзбен қарап: «Бүгінде жаны ала
-
са «биіктер» көп, Солардан жанға түскен күйіктер көп»
дейді. Өмір сүріп отырған қоғамдағы замандастарының
шектен шыққан дарақылығы да ақын жанын жабырқата
-
ды. «Дарақылық» өлеңінде жалақысын ала алмай отыр
-
ғандардың дарақылығын жеткізе сынайды. Күнін әрең
көріп отырғандардың ең қымбат мейрамханаға той жа
-
сап, бір-бірімен бәсекеге түсуі де өмірден алынған ХХІ
ғасырдың шындығы. Өмірден өткендерді соңғы сапарға
шығарып салудың өзін бәсекеге айналдырған жандарға
қарата «Иман-шарт, шариғатта жоқты істеп, Жайлады-
ау астамшылық көрер күнің» дейді. Бүгінде «мұсылман
-
ның парызы – дұға қылу екенін» ұмытқандар өз білгенін
жасап, әлекке түсуде. Өлікті соңғы сапарға жөнелтудің
өзінде құранда жоқ жыртыс дегеннің бүгінде бәсекенің
құралына айналғаны өмір шындығы. Ондайды қазақ
«өлік жоқтың артын ашады, бардың атын шығарады»
247
дейді. Осындай келеңсіздіктерге куә болған ақын заман
-
дастарын имандылыққа шақырып:
Жыламай бір Аллаға сиыныңдар.
Кездесер алда талай қиының бар.
Қиыннан қиыстырып кәсіп жаса,
Ақыл тап нарықтың да күйін ұғар,
– деп, ақыл-кеңес береді. Оның ойында келмеске кеткен
кер заман кеңестік дәуірмен кеткендігі байқалады. Өткен
ғасырда атеистік тәрбие алған ұрпақты бүгінде иманды
-
лыққа шақыру тәуелсіз елдің өзекті мәселелерінің бірі
болса, ақын назарына осындай мәселелердің ілігуі қуан
-
тады.
Өсиет өлеңдердің қатарын «Заман толғауы» мен төрт
тағандары толықтырады. Төрт тармаққа белгілі бір ойды
сыйғыза отырып, замандастарына ақыл-кеңес айтуды
көздеген ол бірде:
Баяғыдан бүгінгіге келіп ем
Адасқан жан секілдімін елінен.
Шала қазақ шалдуарлар көбейді
«Атекені» «аташкаға» теліген,
–
деп, ана тілін білмейтін, қазақ тілінде сөйлеуге арлана
-
тын жаңа қазақтарды сынаса, енді бірде:
Ұлтқа бөлмей адам болу – ұлылық,
Ұлы Отанды сонда орар жылылық.
Осындай бір қағиданы Елбасы
Түбегейлеп, түптен тартып тұр ұғып
,
– деп адамзат баласын гуманизмге шақырады.
Ақынның келесі топты құрайтын өлеңдері – арнаулар.
Қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихынан мол орын ал
-
ған бұл өлеңдердің қатарын оның Мұхамеджан Сералин
туралы «Айқап» еді «Сарыарқаның» атасы», «Сұлтан
-
махмұтке», Тұманбай Молдағалиев туралы «Жасай бер»,
«Тұмаштың мерейтойына», «Хатпен жіберілген кітаптағы
қолтаңба», Сара мен Рамазан туралы «Достарды еске алу»,
«Қос қанатым – достарым», В.Гундарев туралы «Досты
-
ғымның парызы», С.Кулагин туралы «Ақынның алғы
-
сы», «Туған күніңмен, Мұқтаржан»» және «Бүркіт аға»,
248
«Күләнда жеңгеме», «Қонысбайға», «Ініме», ««Гүлжаным
туған күн», «Маралым – мақтанышым!» тәрізді арнаула
-
ры толықтырады. Қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар,
құда-құдағилар, туған-туыстарға арналған арнаулардың
қатарында құдай қосқан құдасы Кенжеғали мен құдағиы
Софияға арнаған «Арнау» өлеңін ерекше атауға болады.
Кенжеғали Сағадиевтің отбасын құт-мекенге балаған ол
«Меккедей үй ұйытқы болып туысқа Үлгі болған жүрген
орта – ұлысқа» деп, қасиетті Меккеге балайды. Құдалар
-
дың тойына арналған жыр-шашу қазақ халқының «құда
-
ларын құдайындай сыйлайтынына» қызмет етеді.
Ақын өз заманының ұлы ретінде өзі өмір сүрген дәуірдің,
дәлірек айтсақ ХХ-ХХІ ғасырдың күнгейімен бірге көлең
-
келі жақтарын да жадында ұстап отыруды көздеген. Ел ба
-
сына түскен ауыр да қаралы күндер ақын назарынан тыс
қалмауы орынды. Осы қатарда ХХ ғасырдың бірінші жар
-
тысындағы Ұлы Отан соғысы туралы «Ұмытылмас құр
-
бандар!», соңғы ширегіндегі Желтоқсан оқиғасы туралы
«Қарда үсіген жауқазындар...» атты тарихи оқиғаларды
өзек еткен өлеңдерін атауға болады. Жастық шағын соғыс
-
тың сұрапылы ұрлаған ақын есейген шағында тағы бір та
-
рихи оқиғаға куә болды. Аналардың көз жасымен, боздақ
-
тардың қанымен келген Жеңісті қадірлеуге шақырған ол
Желтоқсан оқиғасын да тәуелсіздік үшін күрестердің қа
-
тарына қояды. Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның
күн көсемінің «Ұлттардың өзін-өзі билеу» қағидасын көз
-
деп, «Қазаққа қазақтан басшы» сайлауды талап етіп алаң
-
ға шыққан өрімдей қазақ жастарының сол ерлігі бүгінгі
таңда қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарының біріне
айналды. Қазақта аты шулы Желтоқсан оқиғасы туралы
жазбаған қаламгер жоқтың қасы. Нұрғожа ақын – сол оқи
-
ғаға жан бітіргендердің бірі. Оның айтып отырған Жел
-
тоқсанның ызғарында үсік шалған жауқазындары қазақ
жастары екені айтпаса да түсінікті. Кекті үмітке жалғап,
аяздан да, бес қаруын асынып мұздай құрсанған әскерден
де тайсалмаған жастардың ерлігін ақынның көктен түскен
жасынға теңеуі орынды.
|