Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет49/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
treatise38911

313
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВТІҢ 
РОМАНДАРЫ
Қазақ әдебиетіне 60-жылдары келіп, ұлттық поэзия
-
мыздың өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосқан Жұме
-
кен Нәжімеденовтің проза жанрында да өз еншісі бар. 
Ақынның поэзиялық туындылары әдебиетшілер тара
-
пынан өз бағасын алып келеді деп айтуға болады. Оның 
бір нышаны – Жүсіп Қадырдың 1996 жылы «Жұмекен 
Нәжімеденовтің ақындығы» атты монография жазып, 
кандидаттық, докторлық диссертация қорғауы. Осы
-
лайша ақын поэзиясы жүйелі түрде ғылыми айналымға 
енді. 2007 жылы «Жұмекеннің жүрегі» атты естеліктер 
жинағы жарыққа шықты. Үш бөлімнен тұратын жинақта 
ақын туралы естеліктер, өлеңдер мен мақалалар, зерт
-
теулер топтастырылған. 
Әдебиетке осы тұста келген ақын-жазушылардың 
көпшілігі 1932 жылғы ашаршылыққа, 1937 жылғы жап
-
пай қырғынға, Ұлы Отан соғысына әкесін беріп, өздері 
сол жылдары дүниеге келіп, әкесіз өскен жетімектер екені 
белгілі. Жұмекен өлеңдерінен де сол бір алапат жылдар
-
дың жазылмас жарасын көруге болады. Балалық шағын 
соғыс ұрлап, ерте есейген лирикалық кейіпкердің өмір 
жолы кешегі сан мыңдаған қазақстандық қандастарымыз
-
дың тарихы екені тарихтан мәлім. Азаматтың бәрі май
-
данға аттанып, колхоздың бар ауыр жұмысын жасөспірім 
жеткіншектер мен буыны қатпаған бүлдіршіндердің ат
-
қарғанын өмірдің шынайы картинасы ретінде көрсете біл
-
ген ақын өзінің шағын лирикалары мен поэмаларындағы 
негізгі орталық кейіпкерін проза жанрына да алып келді.
Поэзиялық шығармалары арқылы оқырманын 
сүйсіндірген ақын проза жанрында да бағын сынап көрді. 
Ә, дегеннен кең құлашты эпикалық туындыға ден қой
-


314
ған оның қаламынан «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ 
пен дақпырт» сынды бас-аяғы жинақы, өзіндік айтары 
бар шып-шымыр романдар дүниеге келді. Ақын кейінгі 
жылдары «Бетпе-бет» атты повесімен бірге «Домбыра 
және көсеу», «Шындық пен аңыз», «Аспан шақырады» 
(ертегі-хикаят) «Шындық немесе кесілген бұрым», «Құм 
әңгімелері» сынды әңгімелер жазып прозадан қол үзген 
жоқ. Алайда қазақ поэзиясындағы жаңашылдығымен 
танылған ақынның прозалық туындылары сол жылда
-
ры бірсыпыра сыншылар мен әдебиеттанушыларға қа
-
лам ұстатқаны белгілі. Олардың қатарында С.Қирабаев, 
Б.Сахариев, М.Сықақбаев, Т.Тоқбергенов, Б.Уақатов, 
Б.Ыбырайымовтардың есімдерін атауға болады. Алайда 
осы аталған туындылар соңғы жылдары тасада қалып 
жүргені де жасырын емес.
Нәжімеденовтың қаламынан туған романдардың ара
-
сына екі жыл салынып жазылғанымен, оларды бірінен-
бірін ажыратып сөз ету мүмкін емес. Себебі, үш романға 
да бір ауыл, бір кеңшар өңіріндегі оқиғалар арқау бол
-
ған. Олардың негізгі кейіпкерлері де ортақ. Сондықтан 
бұл романдарды тұтас бірлікте қараған жөн. «Ақ ша
-
ғыл» романының үзінділері 1971 жылы «Жұлдыз» жур
-
налы мен «Лениншіл жас» газетінде жариялана бастады. 
Кейін романның толық нұсқасы 1973 жылы жеке кітап 
болып шықты. Романға Ұлы Отан соғысы жылдарын
-
дағы шалғайда жатқан қазақ ауылының тыныс-тіршілігі 
арқау болған. Роман еңгезердей азаматтың нағашысы
-
на келіп: «Нағашеке-ай, құйыдық қой, құйыдым ғой!» 
– деп еңіреп қоя беруімен басталады. Сейсіметтің «со
-
ғыс, пионт тәңидің тәңиі болып тұйған жоқ па» деген 
сөзінің өзі-ақ, қу соғыстың түк қоймай жалмап жатқа
-
нын көрсетеді. Ә, дегеннен-ақ сыпырып кеткені аздай, 
елде қалған бірен-саран еркек кіндікті де алып кеткелі 
тұр. Ажалдың аузынан аман келеміз бе, жоқ па деген 
Сейсіметтің күдігі де орынды. Бірақ ол бүкіл елдің басы
-
на түскен үлкен қасірет екенін Әжімгерей қарт былайша 
түсіндіреді: «Қарағым Сейсімет, – деді қарт, айтар сөзін 


315
соның арасынан сүзіп алардай сақалын саусақтарымен 
кезіп, – қарағым Сейсімет, сені кемпір екеуміз қайратты, 
қажырлы жігіт деп мақтап отыратын едік. Мұның не? Ел 
басына күн туғанда ер боп, бізге ұсаған кәрі-құртаңдар
-
ға қайрат тастап, қатайып аттанудың орнына бала құсап 
(қатын құсап деуге аяды) балпылдап отырғаның?! Ортақ 
қасіретке ортаймас болар! – қиналып, қайғырып келген 
ағайынға қазақ жасайтын жақсылық – ақыл айту ғой, 
Әжімгерей де сол жақсылығын жамап-жасқап өткізіп 
жатыр, – Садықжанды беріп біз де отырмыз. Хат келме
-
генінің өзіне бүгін бір жыл, екі жұма, төрт күн болды. 
Жыласақ, өлмелі кемпір-шал, мына бір шикі өкпелермен 
омалып қалған, біз жылайық та. Сен неге жылайсың?! 
Мәруә келін шалымды адам. Екі балаңды еңбектеп жүр
-
се де асырайды. Кемпір екеумізді...».
Алғашында осылай еңкілдеп жылап отырған Сейсі
-
меттің әрбір ісі еріксіз күлкі үйіреді. Әскерден аман-есен 
келгенде елге айтқан әңгімелері оның фашист деген итті 
көрмегенін де байқатса, Германия жерін алғандағы доку
-
ментім бар деп отырғаны мынадай анықтама: «Справка 
дана рядовому Айстанову С. В том, что он временно осво
-
бождается от боевых занятий в связи с болезнью дизенте
-
рий...». 
Мәруаны қамшымен ұрғаны үшін Темірәліні сабамақ
-
шы болып барған Сейсіметтің ақырында өзі қашып құты
-
лып, үйіне аман-есен жеткеніне тәуба жасауы, Еділхан мен 
Мәруаның өсегін естіп қалып, әйелін талақ етуі – күлкі 
үйірер эпизодтар. Кінәнің кімнен екенін білмей Темірәлі
-
ге ұмтылуы, әйелін талақ етіп алып балаларын бір көруге 
зар болуы, шөпшілерге бригадир болып, оларға команда 
беруі, т.б. іс-әрекеттері оның бейнесін толықтыра түскен. 
Сейсімет бейнесі жөніндегі: «Жазушының, әсіресе, көбі
-
рек көңіл аударып, молырақ суреттеген, неғұрлым, жан-
жақты көрсетсуге тырысқан кейіпкері Сейсімет.
...Жұмекен айнала болмысқа юмористің көзімен қа
-
рап, өзіндік байлам-қорытындыларын реалист ретін
-
де түйіндейтін секілді. Сондықтан да жалғыз Сейсімет 


316
емес, романдағы бірталай кейіпкерлер юморлық-сатира
-
лық ыңғайдағы типтер болып шыққан», – деген М.Сы
-
қақбаевтың пікіріне сүйенетін болсақ, жазушы юморлық-
сатиралық сипатпен-ақ талай сырдың бетін аша білген.
Романда қанша кейіпкер болса, сонша тағдыр бар. 
Олардың бірі екіншісіне ұқсамайды. Өскен орта бір 
болғанмен әрқайсысының тағдырына әркелкі өмір тау
-
қыметі жазылған. Сондықтан олардың мінез-құлқы да 
бір-біріне ұқсамайды. Күйреуік Сейсіметке басу айтып, 
жалғызын соғысқа беріп, қамкөңіл болып отырған жа
-
рым көңіл Әжімгерей қарт – романның орталық кейіп
-
керінің бірі. Ол – ел сыйлаған, көпті көрген, өмірден 
алғаны мен көргені мол дария қарт. Жалғызынан қал
-
ған жалғыз тұяқты медет тұтқан жанның жан жарасы 
да осал емес. Садықжаннан келген соңғы хаттың күніне 
дейін санап отырғаны да содан болса керек. Қарт бей
-
несі Темірәлі туралы әртүрлі әңгімелерді басу үстінде 
толыға түседі. Ол – не нәрсені де ақылға салып, кең пі
-
шетін дана қария. Кейбіреулер секілді сөзге еру, ауыл 
үйдің әңгімесін теру оған жат мінез. 
Тылдағы ауыр еңбекті қажымай көтерген қайсар жан
-
ның бірі – «Әй, хақымақсың-ау, анаң-ды» деп жүретін, 
ер де өр мінезімен «еркек әйел» атанған Қарашаш. Ол да 
жалғыз ұлды соғысқа аттандырып, кебенек киген бала
-
сының артын тосқан көңілі күпті жан. Бір ауылда қанша 
шаңырақ болса, солардың бәрінің бас көтерері соғыста 
жүргеніне қарап, қарғыс атқыр майданға қазақ халқының 
қаншалықты азаматын аттандырғанын саралауға бола
-
ды. Сіңлімнің қызы деп Талжібегінің әкесін жасырған 
Қарашаш та тағдыры ауыр жанның бірі. Өсек-аяңмен ісі 
болмайтын оның тілі де батыл. Ел ағасы атанған Әжім
-
герей қарттың Қарашашты ерекше құрметтеуі оның 
да тегін адам емес екендігіне мысал. Қанша ер жігітке 
бергісіз еңбек еткенмен ол да жаны нәзік, жүрегі жара
-
лы төмен етекті әйел. Талжібегіне бойжеткенше әкесі 
туралы айта алмай жүруі – оның да табиғаттың тылсым 


317
күшіне қарсы тұра алмайтын әйел заты екендігін таны
-
тар эпизод. 
Жазушы негізінен өмірдің күнгей жағын емес, көлең
-
келі жағын көрсетуге тырысқан. Кеңестік дәуір тұсын
-
дағы жоспар-жоспар деп сан қуалаған шаруашылықтар
-
дың сапасы күрт төмендеп кетуі бір ауыл тіршілігімен 
ашыла түскен. Ендеше, бұл – ауыл ауданға жоспарды 
артығымен беріп, оның орнын толтыра алмай шаруа
-
шылықтары кейін кетіп жатқан ауылдардың жиынтық 
бейнесі. Шөпшілердің жоспарды артығымен орындаған
-
дықтарын көрсету мақсатында шөпті шоқалақтың үстіне 
жинауы, соның қырсығынан қыс ортасында малға шөп 
тауып бере алмай мал шығынының көп болуы – бәрі де 
жоспарды артығымен орындау ұранынан келген кесел. 
Автор жекелеген кейіпкерлерді де типтік бейнеге кө
-
теріп, сол кейіпкерлер арқылы көп сырды ашуға тырыс
-
қан. Оған ел мүддесін ойлап, күні-түні ерден түспейтін 
Темірәліні үстінен жала жауып соттатып жіберген Са
-
ғынайдың бейнесі мысал бола алады. Пошташы Ораз
-
ғалиды шақырып алып, асты-үстіне түсіп үш конвертті 
беретін жеріне жеткізіп, Темірәлінің соңына түскен Са
-
ғынай колхоз председательдігінен үміт күткенмен оның 
ойлағаны да бола қойған жоқ. Автор осылайша әрбір 
шағын оқиғаның соңы сәтсіз бітіп жатқанын көрсету 
арқылы ел ішіндегі дендеп кеткен дертті нысанаға дәл 
алып отырған. Сағынайдың екіжүзді екендігі Темірәлі 
мен Әжімгерей қарттың үйіндегі екі көрініспен толыға 
түскен. Әжімгерей қартқа Темірәлінің шаруаға қырсыз
-
дығын айту мақсатында сыпырта жамандаған Сағынай 
өзін көргенде алдында құрдай жорғалайды. Темірәлінің 
хабарын айтайын деп келген Орекеңе: – Білем оны, – 
деді анау, сөздің артын тосқысы келмей, – білем бәрін 
де. Ер-тұрманын үйіне апарып түсіріңіз де, атты осын
-
да әкеліңіз. Темірәлінің үстінен жазылған арыздарды 
берерде жік-жапар болып пошташыны қонақ еткен, Са
-
ғынай өз шаруасы біткен соң онымен сөйлескісі де кел
-
мейді. Автор осындай жекелеген сюжеттер арқылы әрбір 


318
кейіпкердің табиғи болмысын ашуға әрекет еткен. Оны 
Сағынайдың бір Орекеңе жасаған екі түрлі ілтипатынан 
анық көруге болады. Не тапсырма болса да оның аста
-
рына үңілмей орындауға тырысатын пошташы Оразға
-
лидың осы тапсырманы орындамауын автор былайша 
түсіндіреді: «Ат қазығында қалды. Бұл қарттың Совет 
үкіметі келгелі бергі орындамаған бірінші бұйрығы еді». 
Темірәлінің қызметімен қоса, астындағы торы айғырды 
қоса алмақ болған Сағынайдың пиғылы арман күйінде 
орындалмай қалады. Керісінше жаңа басшы Сағынайды 
торы айғырдан аударып өзі иемденіп алады.
Сол тұстағы әйел-аналардың бейнесін аша түсетін 
образдың бірі – Әжімгерей қарттың кемпірі. «Кемпір, 
кемпір! Қажағаны мен! Кеміріліп қал!» деп, бар ашуын 
құдай қосқан қосағынан алып жүретін Әжекең кемпірі 
де өмірден алынған шынайы кейіпкер. Автор қазақ 
кемпірінің типтік бейнесін жасауда оның осындай ерек
-
ше қасиеттеріне ден қоя білген. Үйге жолаушы келсе, қо
-
лынан самаурыны түспейтін еңкейген қарияның бейнесі 
ақын-жазушылардың көп жырлаған аналар образын то
-
лықтырары даусыз. Тоғыз жолдың торабында отыратын 
қарияның үйіне жоқ іздеген де, сөз іздеген де басын бір 
сұқпай өтпейтін болса, солардың бәріне қабақ шытпай 
ас-суын әзірлеп бір тынбайтын ана – қазақ әйелдерінің 
типтік бейнесі. Кебенек киген келеді деп, қара хат келсе 
де жалғызын жамандыққа қимаған ананың ұлына сақ
-
таған сарқытының таусылмайтыны ананың балаға деген 
махаббатының шексіз екендігін аша түссе, Сағит сынды 
алаяқтардың балаңды көрдім деп жездесі мен апасын 
алдап, жалғызға сақтаған сүрі біткенше өтірік айтып 
жатып алуын автор нанымды бейнелей білген. Қос мұң
-
лықтың «Құдай-ай өлеріміздің шағында есі, жөні дұрыс 
кісі де алдамады-ау» деп қамығуы олардың жан жара
-
сын тырнай түскен. Автор осы эпизод арқылы жезде мен 
балдыз арасындағы әзіл-қалжыңды орнымен қолдана 
білу керектігін Сағиттың жөнсіз өтірігімен шеней біл
-
ген. Осы секілді орынсыз жайттарды ащы тілмен сынап, 


319
дер шағында әшкерелеп отыру – жазушы қаламына тән 
стильдік ерекшелік. 
Әжімгерей қарттың келіні Мұғзиманың өміріне лири
-
калық шегініс жасаған автор ол туралы да мағлұмат бере 
білген. Алайда ол көбінде сол үйдің келіні ретінде ғана 
танылады. Балалардың бәрі де атасы мен әжесінен туған 
секілді өз аналарына бірі де жуымайды. Нәжімеденов 
поэзиясында кемпір болғанша ата-ене алдында именіп, 
өз баласын әжесінің тентегі, атасының бұзығы деп бір 
иіскеуге батпай жүретін қазақ келіндерінің жиынтық 
бейнесін жасаса, сол кейіпкерлерін Мұғзима арқылы 
прозаға да алып келді.
Жазушы әрбір кейіпкерін типтік бейнеге көтеруге ты
-
рысқан. Өмірден алынған әрбір шынайы оқиғаның ас
-
тында ащы мысқыл жатады. Бұл автордың ел ішіндегі 
дендеп кеткен кеселді жөндеу туралы көзқарасынан 
туғаны анық. Мәселен бір ауылдың ішінде хат танитын 
жалғыз Еділханның қаралы хаттың сыртын ғана көріп, 
Әжімгерей қартқа балаңнан хат келді деп түсіндіруі, 
сауатсыз Оразғали пошташының сүйінші алу мақса
-
тында қаралы хатты ешкімге көрсетпей шаба жөнелуі 
– өмірден алынған шындық. Автор осындай қолайсыз 
жайттарды суреттеу арқылы сол тұстағы ел өміріндегі 
келеңсіздіктерді сынай білген. Хабарсыз кеткен баласы
-
нан бір хабар келгеніне тәуба жасаған Әжімгерей қарт
-
тың қуанышы қайғыға, тойы қазаға жалғасуы жекелеген 
адамдардың кінәсі болса, ел ішінде кездесетін осындай 
жайттарды автор осы эпизод арқылы шенеп отыр. Осы 
тұрғыда қарағанда романда ащы тіл де жетерлік. Бірде 
жеңіл юмормен, енді бірде ащы сатираға кезігіп отыра
-
мыз. Жазушы қаламына тән осындай ерекшелікті кезін
-
дек сыншылар да байқай білді. Оған Төлеген Тоқтаров
-
тың «Даңқ пен дақпырт» жөнінде айтқан мына пікірі 
мысал бола алады: «Романның тілінде жеңіл әжуа бар. 
Оның өзі романның сипатына сай келген сыңайы бай
-
қалады. Автор сол уәждің өзін кейіпкер ойына тілшелеп 


320
қана сіңіріп, нәзік қайыра білген». Осылайша уақыт, за
-
ман трагедиясы романдардың өн бойынан байқалады. 
Осыған қарағанда, автор өмірден алынған шынайы 
оқиғаларды ешқандай боямасыз сол қалпында беруге 
тырысқан. Оны жекелеген кейіпкерлердің сөйлеген сөз
-
дерінен де байқауға болады. Әжімгерей қарт пен Сейсі
-
мет, Қарашаш пен Мәруа бір-біріне мүлде ұқсамайтын 
кейіпкерлер. Автор әрбір кейіпкердің бейнесін оның 
істеген ісі мен сөйлеген сөзі арқылы ашуға тырысқан. 
Мәруа – кебенек киген отағасының артын күте білме
-
ген тұрақсыз әйел. Темірәліге қылымсығаны үшін таяқ 
жегенімен тұрмай, Сағынайдың сөзіне еріп «арызда
-
нуы» оның санасыздығын көрсетсе, Еділхан сынды жас 
қайнысын ауыздандыруы ар тазалығын төсек құмарлы
-
ғымен жуып-шайған тұрақсыз да шыдамсыз, арсыз да 
төзімсіз, ақылсыз да санасыз жан екендігін байқатады. 
Автор осындай бір-біріне мүлде ұқсамайтын кейіпкер
-
лердің іс-әрекетін суреттей отырып, оқырманын төрелік
-
ке шақырған. Ол жаманнан жирену, жақсыдан үйрену 
керектігін кейіпкерлерінің ісі арқылы көрсете білген. 
Үлкендермен қатар көрінетін тағы бір белгісіз кейіп
-
кер – Идаят. Ата-әжесін көке-мама деп өскен ол өз ана
-
сын үлкендерге еріп келін дейді. «Жалғыздан қалған 
жалғыз» деп бетінен қақпаған қара бала өз мінезімен 
таныла түседі. Ол Талжібектен өз бетінше домбыра үй
-
реніп өнерге әуестігін аңғартса, бәйгеге қатысып және 
бір сыннан өтеді. Ұзаққа созылған соғыс Жеңіспен аяқ
-
талған соң, қатты қажыған халықты бәйге көріп, көңіл 
сергітсін деген ниетпен аудан басшылары ауылдар ара
-
сында бәйге ұйымдастырады. Құла қасқаны бәйгеге қо
-
суға бел буған Сатым оған Идаятты сай көріп, Темірәлі 
де қалап отыр деп, оны көкесінен сұрап алады. Бәйге 
атты баптау үстінде өзіне деген үлкен жауапкершілікті 
түсіне білген Идаят дауға қалса да құла қасқаның арқа
-
сында «бәйге бала» атанады. 
«Ақ шағыл» романы – аты айтып тұрғандай шағыл-
шағыл құм арасында отырған қазақ ауылының Ұлы Отан 


321
соғысы тұсындағы өмір тіршілігін бар болмысымен еш
-
қандай боямасыз көрсетуге құрылған шығарма. Бұл ро
-
манға 1942-1946 жылдар аралығындағы оқиғалар арқау 
болған. Алғашында еркек кіндіктің бәрін майданға ат
-
тандырған ауыл тұрғындары жеңістен кейін Темірәлінің 
үстінен домалақ арызды топырлатып оны да елден алас
-
тап тынды. Бас көтерер азаматын қолдан ұстап берген 
елдің күні жалақор мен бәлеқорға, ақсақ пен сақауға, 
есер мен тентекке қарап қалды. Осылайша, бірінші ро
-
ман автор бас көтерер азаматы жоқ елдің алдағы күні не 
болмақ деген сауалмен аяқталған.
1973 жылы «Лениншіл жас» газетінде үзінділері жа
-
риялана бастаған «Кішкентай» романы 1975 жылы жеке 
кітап болып оқырманның қолына тиді. Бұл романда да біз 
жоғарыда аты аталған кейіпкерлермен қайта кездесеміз. 
Оқиға 1946 жылғы Қарашаштың отбасынан басталады.
«Әжеке-ай, қайт дейсің? Жалғыз қалдым ғой, жал
-
ғыз!..». Бір қолын майданға беріп келгені болмаса, жал
-
ғыз ұлы шүкір алдында. Талжібегі бой жеткен соң, қыз 
бала жат жұрттық деп жылап отырғаны болса керек. Сон
-
дықтан да Әжімгерей қарт оны былайша жұбатады: «Қа
-
рашаш олай деме. Жат жұрттық баланың жасы келгесін 
босағасын тапқаны мақұл. Шүкір, Жібегің сүтіңді ақта
-
ды, жаман атын жайып, сүйек сындырған жоқ, бесігінің 
табын жоймай есігіне жетті, қайта қуану керек. Жалғыз 
деген сөз жаман, оны неге айтасың?! Азамат ұлың бар, 
шүкір ет, шүкір ғой, құдайға мың шүкір». Өмірәлі до
-
сының ауданда қызметке орналасқанын білген Қабен 
Қарашаштың қолына кіріп алмақ оймен Талжібекке сөз 
салады. Болашақ күйеу баланың: «Апа! Сізге оңай емес. 
Әрі кешегі күнде жұбаныш, серік болған жанды кісіге 
қию. Тіпті осында-ақ тұра берейік. Мен де өз балаңыз
-
бын» деген сөзін естігенде: «Ой, а-ана-аңды ғана, күшік 
күйеу! Шық үйден! Намыссыз неме!», – деп қуып шық
-
қаннан кейін ол біржола жоғалады да, Талжібек Жанбо
-
таға күйеуге шығады.


322
Бұл кезде ауыл адамдары атың өшкір қу соғысқа бар 
лағнет-қарғыстарын ақтарумен болды. Себебі, жеңіске 
жеткен халықтың жай-күйі де адам қуанарлықтай емес 
еді. Оны автор былайша бейнелеген: «...Пішен шабу, құ
-
дық қазу, қауға тарту сынды ауыр жұмыстарда еңсеріп 
кетер еркек ілуде біреу-ақ. Құрық, бұғалық ұстар қуат
-
ты қолдың тапшылығынан жылқының көбі шу-асау. Он 
екі, он жастағы балалар тайды әрең үйретеді. Ал, ересек 
жылқының – құнаны дөнен, дөнені бесті боп, сол жүген-
құрық тимеген күйі кетіп барады. Сонымен Қошалақ 
соғыстың әбден жұтатып салғанын бір-ақ білді. Біреу – 
ақсақ, біреу – шолақ, біреу – соқыр, біреу – сақау, біреу 
– есер. Қайсы бірі әрі ақсақ, әрі шолақ, әрі соқыр, әрі 
сақау, әрі есер. Қалғаны шетінен атқамінер әкім. Есесіне 
әйелдердің күш-қайраты көзге айқын түсті. Сөйтіп төрт 
жыл бойы мұнша ауыртпалықты арқалап шыққан сол 
әйелдердің иығы екеніне де осы, 1946 жылдың көктемі 
көз жеткізді. Әйткенмен жазда, пішенге адам іріктегенде 
«Жаңа өмір» бес-алты әйелге бір «бөрік кигеннен» қо
-
сып бөлді». 
Көңіл аударарлық оқиғаның бірі – бандының ізіне 
түсу. Мұнда да автор қуғыншылардың бір жерден түс
-
теніп, бір жерден қонақ асы жеп асықпай жүруін тұтқын 
қыздың хатымен аша білген. Ел ішіне тығылған қаш
-
қындардың әрекетін автор банды оқиғасымен көрсетуге 
тырысқан. Мұнда да мылтық ұстап көрмеген қыр қаза
-
ғының бандыны атудың орнына құла қасқаны басып са
-
луы арқылы автор сол тұстағы Қанішкен милициялары 
сынды ел қорғаушылардың іс-әрекеттерін сынай білген.
Бұл романда да оқырман өзіне таныс кейіпкерлерімен 
қайта табысады. «Садықжанға тұрсын» деп қолына түс
-
кен тәуірдің бәрін сандыққа тыққыштайтын, қазысын 
ұнға салып сүрлейтін кемпір сол тұстағы күніне бір қыр
-
ға шығып жалғызының жолын қарауылдайтын аналарды 
еске салары даусыз. Ғұмар жездесінің сөзіне еріп, құдай 
қосқан қосағын талақ еткен Сейсімет бұл кезде «Қайан 
нағашы екі-ай, ж-жиеніңіз қой болды ғой, қой. Қади біл
-


323
мес қайаңғы ағайынның ойтасында сойы қайнап...», – 
деп араққа тойып балпылдап жүрді. Автор Сейсіметтің 
ішімдікке үйір бола бастауын да соғыспен келген дерт 
екенін жеткізе білді. Алғашында елден жасырып ішетін 
ол, келе-келе шайтанның азғырындысына еріп кеткенін 
байқамай да қалды. Арыстай азаматтың ішімдікке беріліп 
қор болған бейнесі арқылы автор майданнан аман келген 
бірен-сарандардың өзі қарғысатқыр соғыстың таусыл
-
майтын ылаңына кез болғанын бейнелей білді. 
Автор түсті де белгілі бір мақсатпен пайдаланған. Мә
-
руаның екі баламен амалсыз күйеуге шыққалы жатқан 
шағындағы оның қамкөңілін автор түс арқылы аша түс
-
кен. Алғашында ажырасуға себепкер болған Ғұмардың 
осыдан кейін жалма-жан атқа отыруы да сол түстің үл
-
кен күдік туғызуынан. 
«Кішкентай» – тұралаған елдің әлеуметтік, экономи
-
калық тұрмысын қалпына келтіру жылдарындағы ауыр 
тұрмысты арқау еткен роман. Бұл романдағы негізгі 
кейіпкердің бірі – «бәйге бала» атанған Әжімгерей қарт
-
тың кішкентай қара баласы. Негізгі оқиға Идаят төңі
-
регінде жүріп жататындықтан, автор бұл шығарманы 
«Кішкентай» атаса керек. Романның екінші бөлімінде 
әңгіме қара бала төңірегінде өрбиді. Ес білгеннен «бәй
-
ге бала» атанып көптің құрметіне ие болған Әжімге
-
рей қарттың «жалғыздан қалған жалғызын» осы күнге 
дейін жан баласы бетінен қақпағаны мәлім. Бұзауды су
-
ғармағаны үшін екі беттен кезек-кезек салғылаған қара 
қатын (өз анасы) да көкесінен жақсылап сөз естіген. 
Қыркүйектің екісі күні Әжімгерей қарт баласын аудан 
орталығында дүкенші болып істейтін Темірәлінің жұ
-
байы Қызбалаға алып келеді. «Ө-өөй, Әжатаның жал
-
ғызы! Же, садағаң кетейін!» деп үпектеп үстіне төніп 
отыратын жеңгесі тек Идаятты күту үшін жаралғандай. 
Идаяттың қалтасына кәмпит, пешенесін сыға толтырып 
беретін жеңгесі оның бетінен қақпақ түгілі, бетіне тура 
келмейтін. Алайда, «Жалғыздан қалған жалғыздың» 
бетінен жан адамның қақпауы пайдасымен бірге зиянын 


324
да алып келген еді. Мектепке алғаш барған күні төбелес 
ашатын қара бала өз мінезімен даралана түседі. Күнде 
өзімен бірге ханжаппай ойнап жүрген завшкол Қанағат
-
тың мұны тәртіпсіздігі үшін жер бауырлатып жүргізген 
жазалауы қара баланың тағы бір қырын аша түсті. Оның 
оңашада қамқорсып жүріп, достарының алдында жаза
-
лағаны жанына батты. Илектелген саз балшықтың кет
-
пей қаларын білгенде өлсе де жер бауырламайтын Идаят 
оны ауылдың шағыл құмы тәрізді деп ойлап қапыда қал
-
ды. Осы оқиғадан кейін үлгілі озат оқушы бір күнде ізім-
қайым жоғалып кетті. Етегі жасқа толған Қызбала мен 
бүкіл мектеп жабыла іздесе де Идаятты табар емес. 
Осы оқиға үстінде Әжімгерей қарт пен немересі екеуінің 
де бір-бір қыры ашыла түскен. Қарт баласына жазаламаса 
несіне мектеп болады деп, Қанағаттың ісін орынды деп 
түсіндіріп бақты. Ал, «бәйге бала» өзін жазалату түгіл ба
-
сынан сөз асырмайтын өр мінезімен танылды. 
Мектепке дейін Талжібектен әріп таныған Идаят 
бірінші тоқсанды бестікпен аяқтап, екінші тоқсанда 
екінші сыныпқа көшеді. Жазғы демалыста мектептен 
көрген тәрбиесін, оқу-білімін қарындастарына үйретпек 
болған ол өзін оқыған, сауатты жігіт санайды. Қара бала 
биыл да бәйгіге қатысқанмен, «бәйгі бала» басқа атану 
басқа біреуге бұйырды. Мұны көрген кемпір: «Құдай
-
дың қара талауы келгір! Жалғыздан қалған жалғыздың 
тауын шақты-ау. Қайдан ғана мініп едің иттің малына!» 
– деп түс ауғанша бат-бұттап жүрді. Осылайша қара 
бала «бақ» деген қайырымсыз ұғымды жек көріп кетті. 
Бес жылда мектепті тәмамдамақ болған баланың ойы да 
өзі ойлағандай болған жоқ. Сынып жоғарылаған сайын 
үштік көбейіп, оның да көптің бірі екендігі байқала бас
-
тады. Идаят осылайша алдыңғы шептен шығып, көптің 
қатарына қосыла берді. 
Автор бұл романда аудан орталығындағы жаңалықтар
-
дың ішінен өнерпаздардың тіршілігіне көңіл бөле түсті. 
Қыз күнінде жігіт біткеннің қол жетпес арманы болған 
Талжібек сахнаға шығып ән салғаннан кейін-ақ әйел ба
-


325
қытынан айырыла бастады. Енесі мен күйеуі бұдан күдік
-
теніп, әншілігімен көпті таңқалдырған талантты келіннен 
жиреніп, белгісіз де өнерсіз жан болғанын қалайтынды 
шығарды. Бұл тұстағы ел азаматтарының да ой-пиғыл
-
дарын автор олардың істеген істері арқылы көрсетуге 
бақты. Оны бір Талжібек төңірегіндегі алып-қашпа сөз
-
дер мен Темірәлінің түбіне жеткен журналистің мақала 
жазбақ болған ниеті аша түсті. Соғыстан құтылған бейбіт 
елдің арасын ендігі кезекте бос мылжың мен сөз қуғандар 
бүлдіре бастағанын жазушы нақты кейіпкерлердің нақ
-
ты әрекеттері арқылы шеней білді. Осы екі романның да 
негізгі көркемдік жетістігін сыншылар кезінде М.Сықақ
-
баев айта білді: «Сонымен, бұл екі романда байқалатын 
әуелгі жетістік – жазушының жанды характерлер жасауға 
икемділігі десек, екінші ерекшелігі ретінде кітаптың өн 
бойына ыстық қан жүгіртіп, тамырын лүп-лүп соқтырып 
тұрған ойнақы юмордың молдығын атар едік».
1977 жылы «Даңқ пен дақпырт» атты романы жарық 
көрді. Бұл романдағы негізгі оқиға Идаяттың төңірегін
-
де өрбиді. Бұл роман қаладан келген Идаяттың өміріне 
шегініс жасау арқылы басталады. Мектеп бітірген жылы 
Әжімгерей қарт дүниеден озып, баласына: – Иә, кет, бұ 
жерде не бар саған? Оқу ізде, өнер тап, – депті деген лақап 
тарап-ақ кеткен еді. Сондықтан да оның көкесінің қыр
-
қын берген күннің ертеңіне қалаға оқуға кеткенін ешкім 
артық санаған жоқ. Идаяттың қаладан елге келуімен ауыл 
тіршілігінен хабар беруді көздеген жазушы бізге таныс 
кейіпкерлердің араға біраз уақыт салғаннан кейінгі жай-
күйлерімен таныстырады. Бұл тұста алғашқы романнан 
бізге таныс Еділхан ел басқарған ел басшысы қызметін 
атқарады. Ескінің көздері бұл тұста қатары сиреп, некен-
саяқ қана қалған. Жалғыздан қалған жалғыздан қуаныш
-
ты хабар күткен кемпірдің бұл шақта сұрақ белгі құсап 
иіліп қалған кезі. Немере мен кемпір арасындағы мына 
бір диалог олардың бүкіл сырын ашуға қызмет етеді: 
« – Үлкен кісі, осы мен нешедемін?..
– Сен құдай қойса, жиырма алтыға толасың. 


326
– Сонда келіншек алатын жасқа келдім бе, жоқ па?..
– Қа-ша-ан келгелі. Сенің жасыңда Садықжанның 
үш... Баласы тағы бөліп жіберді:
– Ендеше мен үйлендім.
– А-а-а? – Кемпірдің тізесінде жатқан ұршық домала
-
нып кетті. – А-аа-а? Не дейді? – деп күбіге сүйеніп тұр
-
ған келініне қарады. Жанары әйнектеніп, шыңылтырла
-
на қойды.
– Иә, үйлендім, келіншек алдым. – Кемпірдің сексеуіл 
бұталарындай буын-буын, кәрі саусақтары дір қақты. 
Кенет жастыққа, қайратқа тән жылдамдықпен баласын 
бас сап құшақтай алды. Арада дастарқан ұзындығындай 
жер бар-ды. Бұған ол атылып келген сияқтанды. Маңда
-
йынан, желкесінен жұлқылай сүйді. Бет-жүзі ебіл-себіл:
– Құлыным-ай, қарағым-ай, неге айтпадың? Қара қас
-
қа, мен қара қасқадан несін аядың? Қуаныштың несін ая
-
дың? Қуанайын-дағы мен де бір, мен қасқа, – деп балпыл
-
дады. Бұл сөздердің ұлына пәлендей әсер етпегенін көріп, 
кенет қысылып қалды: сөлекет бірдеңе істеп қойған кісі
-
ше келіні мен немересінің аузына кезек аңтарылды». 
Бұл диалогтан екі сырды аңғаруға болады. Біріншісі, 
жалғызынан айырылған кемпірдің үлкен қуанышты за
-
рыға күтуі, екіншісі, немересінің өз қуанышына жан-
тәнімен қуана алмауы. Оқырманның осы сырдың се
-
бебін іздеуі заңды. Оның жауабын Идаят қалаға келген 
соң-ақ табамыз. Ақсаңдай басып сандықтан үш қайтара 
үшкіріп, «Сфу! Сфу! Сфу! деп. Құдды құранның пара
-
ғы сын-ды үбектей» берген Садықжанның қалампыр иісі 
сіңген ит көйлектің қадірін түсінбеген келіннің: «Фу, га
-
дость какая! Твои родители так бедны, да? Для будущего 
внука дали вот это дерьмо, да? – деп, лақтырып жібер
-
генін көргенде қайран кемпірдің өмір бойы сақтаған ең 
асыл затының құны көк тиын болғанына қарның ашады.
Міне, осындай екі бөлек ортада өскен екі жастың өмір ту
-
ралы пайым-түсінігі де кереғар болып шығады. Осылай
-
ша Идаяттың еліне жалғыз барғандығы оқиғаны ширата 
түседі. Оны Зібайра мені менсінбегені ме деп күдіктеніп 


327
қана қоймай, жарының бойынан мін іздей бастайды. 
Адам баласы не нәрсені де мақтаса көкке шығаратын, 
жамандаса жерге тығатын әдеті ғой. Идаятқа сын көзбен 
қараған Зібайра оның бойынан адам сүйер ештеңе таппа
-
ғанын жазушы былайша жеткізеді: «... Ел құрып, су құ
-
рып, қайдағы бір қарабайыр қалқан құлаққа тап қылған 
тағдырын тілдеп, тағы талай төгіледі. Ақыры өзі сын-ды
сүйкімді, сүйіп алған жарын ертпей, жалғыз тастаған ері
-
нен тастай түңіледі. Әсіресе, осы соңғы қорлығына төзе 
алмайды, бұл кеткесін, сөйтіп, алты күн зарлап, жетінші 
күні Күреңөзектегі төркініне тартып отырады...». Бір ша
-
ңырақ астындағы онсыз да үзіліп кетуге шақ тұрған жіп 
тырнақ астынан кір іздеген сайын жіңішкере түседі. 
Бұл романда жазушы Идаяттың білім-ғылым іздеп, 
арман қуып келген қала тіршілігіне көп көңіл бөледі. 
Негізгі оқиға Идаят төңірегінде жүріп жататындықтан 
әңгіме төркіні ауылдан алыстап, Қазақстанның астана
-
сы Алматы қаласына ойысады. Жазушы бұл романда да 
қала тұрғындары арқылы сол ортаның шынайы картина
-
сын жасауға тырысқан. Бұл мақсатына жеткен де. Мұн
-
дағы Зібайра, Соня сынды сұлулар – ауыл әйелдеріне 
мүлде ұқсамайтын жандар. Жазушының негізгі жетістігі 
– қала тіршілігінің көлеңкелі жақтарына көңіл бөлу. Оны 
әйелдер бейнесінен Зібайра мен Соня аша түссе, жұрт 
сүйген Жолымбол Жарқынов сынды атақты компози
-
тордың Идаяттың табиғат берген дара талантына құрмет 
жасаудың орнына оның жекебасындағы сәтсіздіктерін 
жіпке тізіп табалауы, өнердегі жолына кедергі жасауы 
оған мысал бола алады. Жазушы зиялы қауым арасын
-
да да атақ-даңқтың арқасында неше түрлі жолсыздық
-
тарға жол беріп жататын аға буын өкілдері бар екенін 
Жолымболдың Қайырболаттың әндеріне ерекше құрмет 
көрсетіп, өз қамқорлығына алып, беделін салып қолдан 
талант жасау ниетімен көрсетуге ден қойған. Ал, Кемел 
– таным-түсінігі мүлде басқа кейіпкер. Кемел бейнесі қа
-
зақтың «Жігітті жолдасына қарап таны» деген даналы
-
ғына жарқын мысал. Ол атаққа да даңққа да құмар емес, 


328
тек әділетті жақтаған, жақын досының мінін жылатып 
айта алатын, ұлттық өнердің жарқын болашағын ойла
-
ған кіршіксіз жан. Осындай мысалдарға қарап отырып, 
ауыл мен қала тұрғындарының да арасында көп айыр
-
машылық жоқ екенін байқауға болады. Жазушы әртүрлі 
мінез бен әртүрлі ниет-пиғылдың адамдары екі ортада 
да араласып жүруі арқылы бір-бірне керғар мінез бүкіл 
адам баласының бойынан кездесетінін ұғындыра білген. 
Бір қарағанда, бұл роман даңқ пен дақпыртқа мас
-
танған өнер иелерінің озық үлгідегі шынайы өнерден 
айырылу себептерін ашуға ғана қызмет ететіндей болып 
көрінеді. Себебі, негізгі оқиға өнер иелерінің төңірегін
-
де жүріп жатады. Осындай өзекті мәселенің жанында 
қосақтала жүретін жанама тақырып бар. Ол – жас отау 
иелерінің өмірі арқылы көрсетілген қазақтың демогра
-
фиясы. Береке-бірлік – отбасының негізгі шаттығы, ба
-
қыты болса, осыдан айырылудың себебін автор жас отау 
иелерінің өмір жолдарынан шынайы мысалдар келтіре 
отырып дәлелдеуге тырысқан. Оны Идаят пен Зібайра, 
Идаят пен Соня арасындағы махаббат линиясынан та
-
бамыз. Құдай қосқан қосағының бойынан мін іздеген 
Зібайра кінәсіз сәбидің көрер жарығына балта шабу 
арқылы қазақ демографиясына зиян келтіріп отыр. Ол 
шолақ ойлаудың салдарынан әйел бақытынан айырыл
-
ған бақытсыз жан. Идаятты бір алдап, екінші күйеуін екі 
алдап жүрген оның негізгі және үлкен қылмысы нәрес
-
тенің дүниеге мезгілсіз келуімен толыққан. 
Елге еңбегі сіңген, атақты әншінің жалғыз қызы Соня 
да өмір жайлы келте ойлайтын жан. Біркүндік қызықтан 
басқаны ойламаған оның да өмірі адам қызығарлықтай 
емес. Әке-шешесі жалғыз деп бетінен қақпаған, өмір
-
ден ешқандай қиындық көрмеген, барға мастанып өс
-
кен жастардың көбінің бақытсыз болу себебін осындай 
кейіпкерлердің өмір жолынан байқауға негіз бар. Көп ба
-
ланың ішінде өскен ауыл балалары көбіне өмірге икемді 
келіп жататыны олардың бар мен жоқтың қадірін түсі
-
нуінен, қолқанат болғаннан бастап еңбекпен тәрбиеле
-


329
нуінен екенін байқауға болады. Жазушы ішкені алдын
-
да, ішпегені артында, ең соңғы үлгідегі киімді бірінші 
болып киюді ғана ойлайтын бір-екі баланың эгоист, 
өзімшіл, өркөкірек болып өсуі өмір заңы екендігін қала 
жастарының тыныс-тіршілігімен түсіндіруге тырысқан. 
Оған жеңіл мінезді Соняның ел сыйлаған әкесін жерге 
қаратуы мен Зібайраның әке үмітін ақтамауы мысал. 
Жоғарыда сөз болған романдар Ұлы Отан соғысы бас
-
талған шақтан бастап, шаруашылықты қалпына келтіру, 
елдің бейбіт күнге жету кезеңдерін қамтиды. Бірінші ро
-
манға барын майданға аттандырып, аш-арық тұралаған 
елдің ауыр тұрмысы арқау болса, екіншісіне соғыстан 
кейінгі бандымен күрес, шаруашылықты қалпына келті
-
ру жылдарындағы әртүрлі оқиғалар, үшіншісіне ұлттық 
өнердің қазіргі жай-күйі мен болашағы, қазақ отбасы, 
қазақ демографиясы сынды өзекті мәселелер арқау бол
-
ған. Қырқыншы жылдардың ауыр тіршілігімен ес жиған, 
әкесін майданға беріп атасын әкем деп өскен «жалғыздан 
қалған жалғыздың» өмір атты үлкен майданға араласуда
-
ғы әртүрлі сәтсіздікке ұшырауын автор шынай бейнелей 
білген. Бұл романдар қазақ ауылы мен қала қазақтарының 
көлеңкелі тұстарын ащы болса да өмір шындығы етіп 
көрсетуімен құнды. Кеңестік дәуір тұсында сыншылар
-
дың назарына іліккен бірінші мәселе де өмірдің көлеңкелі 
жақтарын баса көрсетуі болатын. Шығармадан жағымды, 
жағымсыз кейіпкер іздеген сыншылар Идаяттың бойын
-
дағы әралуан қасиеттерге тосырқай қарап, кейіпкерлерді 
қай топқа жатқызарын білмей дал болды. Ал, автор бірың
-
ғай ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер бейнесін сомдаған 
жоқ еді. «Мен қарасөзбен жазылған кітаптарымда (әсіре
-
се, «Даңқ пен дақпыртта») осы, өзімше, адам санасына 
әсер еткен дәуір, уақыт белгісін тек өз құралыммен көр
-
сетуге тырыстым» дейтін Жұмекен ақынның поэзиядағы 
таныс-бейтаныс кейіпкерлері осылайша қазақ прозасына 
да келіп қосылды. Ауыл мен қала тіршілігі жөнінде ой 
түйген жазушы екі аяқтылар арасындағы мәңгілік май
-
данның бітпес дауын өмірден алынған шынайы қалпын
-


330
да жеткізе білген. Олай болса, бұл романдар жетпісінші 
жылдардағы қазақ прозасын шынайылығымен, тақыры
-
бының өзектілігімен байытты. Кеңестік дәуірдің ақын-
жазушыларға қойған бірінші талабы өмірдің күнгей жа
-
ғын көрсету болса, бұл шығармалар өмірдің көлеңкелі 
жақтарын баса бейнелеуімен құнды. Жазушы «Ауруын 
жасырсаң, өлгенде қайда қоясың» деген ел ішіндегі «ін
-
деттің» алдын алуды көздеген болса, ол бұл мақсатына 
жетті де. Шығармаларды оқыған кез келген оқырманның 
әрбір кейіпкерге өзінше баға беріп, олардың сөзі мен іс-
әрекетіне төрелік берері даусыз. 
Бұдан шығатын түйін Жұмекен Нәжімеденов – ұлт 
әдебиетін поэзиялық, прозалық туындылармен байытқан 
дара талант иесі. Бекмұрат Уахатовтың сөзіне жүгінер 
болсақ: «Рас, Жұмекен Нәжімеденовтің прозаик ретінде 
өзгелерге ұқсамайтын ерекшелігі, өзіндік дара стилі, сөз 
қолданысы, бейнелеу құралдары бар. Автор жас азамат
-
тарды жамандықтан жиренуге шақырады. Шығарманың 
мәні де осында болса керек».
«Бетпе-бет» повесінде жазушы 1947 жылғы Ханшәйіні 
ұрлап кететін банды оқиғасынан кейінгі жайдан кеңірек 
мағлұмат беруді көздеген. Романда банды оқиғасы да 
Ханшәйім де жанама қызмет атқарып, негізгі оқиға Идаят
-
тың төңірегінде өрбіп отыратын. Жазушы сол оқиғаны 
толықтыру мақсатында аталған повесті жазды. Повесте 
небары үш-ақ кейіпкер бар. Оқиғалар сол кейіпкерлердің 
өміріне жасалған лирикалық шегініс арқылы өрбіп отыра
-
ды. Жазушы бар шешімді, бар үкімді оқырманның өзіне 
қалдырған. Повестің соңындағы прологына қарағанда бұл 
соғыстан кейінгі жылдардағы шалғайда жатқан құм ішін
-
дегі бір оқиғаның бейбіт өмір тұсындағы жалғасы екендігі 
айтылады. Жұмекен өзі өскен ауыл тұрғындарының басы
-
нан өткізген тарихы жөніндегі ауыздан-ауызға аңыз бо
-
лып тараған оқиғаны көркем бейнелеуде проза жанрында 
да жетістікке жетті. Үш бөлімге арқау болған үш тағдыр 
иесінің бір хат арқылы табысуының өзі автордың повестің 
құрылысын ерекше құра білуі деп айтуға негіз бар. 


331
«Домбыра және көсеу» әңгімесіне Едіге күйшінің 
қырық жыл түсіне томар кіріп, дұрыс домбыра жасай 
алмай дүниеден озуын арқау еткен. Ұлттық мұраларға 
балта шапқан кеңестік дәуір шындығын жазушы атақты 
күйшінің баласы жаңа үкімет келгенде бай баласы болып 
қудалауға түскендігімен көрсете білген. Осылайша, Жұ
-
мекен Нәжімеденов поэзиядағы лирикалық кейіпкерінің 
бейтаныс тағдырын прозамен толықтыруды көздеді. Тек 
ақындығымен танылған ол – ұлттық прозамызға ша
-
ғыл-шағыл құм арасындағы қазақ ауылы мен олардың 
тыныс-тіршілігіне жан бітіріп, көпшілік оқырманмен та
-
ныстырған жазушы. Оның шағын жанрға құрылған про
-
залық туындылары мен кең құлашты эпикалық повесі 
мен үш романы жетпісінші жылдардағы қазақ прозасы
-
на қосылған соны үлес. 
Қазақ поэзиясын мазмұн, түр жағынан байытқан жа
-
ңашыл ақынның тәуелсіз қазақ елінің ән ұранына айнал
-
ған «Қазақстаным» ән-өлеңі – ақын мұрасының қазақ 
халқымен бірге жасайтындығының белгісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет