Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет40/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Репрессия – қуғын-сүргін жалғасты,
Кем соқпады қырғыннан да алғашқы.
Халқымыздың бар қаймағын сыпырды,
Батты сол бір трагедия жанға ащы, 
– деп бейнелейді. 
Ұлы Отан соғысына еркек кіндіктің бәрін қойша кө
-
гендеп бергеніміз, кем-кетік пен жарымжан, ақыл-есі 
кемтар жандардың да әскер қатарына алынғандығы жа
-
сырын емес. Ақын ел өміріндегі осындай шындықты 
шынайы бейнелеген. Сталинград, Ленинград, Москва, 
Курскі түбіндегі қанды шайқастарда қазақ жауынгер
-
лерінің ерекше ерлік көрсеткендігімен мақтана отырып, 
сол сұрапыл соғысқа қазақтың құрбандыққа шалынған
-
дығына күйінеді: 
Майданда өлген әр ұлттардың өкілін – 
Бас-басына санағанда өкіндім,
Әрбір ұлтты шаққан шақта пайызға
Қазақ алға шыққанында опындым! 
Өз ойын Бауыржан Момышұлының «Соғыстан соң екі 
жарым миллион Қалғаныңа қуандың ба, күн шығып?!» де
-
ген сөзімен дәлелдей отырып, «Жеңіс! Жеңіс!» деп қуан
-
ған елге, сол Жеңістің оңайшылықпен келмегені жөнінде 
ой салады. Одан кейін қазаққа келген тағы бір қасірет тың 
және тыңайған жерді игеру науқаны еді. Мыңғырған мал
-
дың жайылымына егін салу арқылы тың жердің эрозияға 
айналғанын ақын жүрек «Мыңғырған мал шиырлаған кең 
дала Ұқсап кетті келбетіне тозақтың» деп жеріне жеткі
-
зе бейнелейді. Осылайша қазақтың кең жазира даласы 
эрозияға ұшырап, отарлаудың және бір түрі жүзеге асты. 
Тыңға келген өзге ұлт өкілдерінің басым бөлігін қазақ 


243
жерінің шұрайлы жерлеріне қоныстандыру арқылы қа
-
зақты өз жерінен тау-тасқа, шөлейтке қуып шығарғанды
-
ғы да жасырын емес. Миллиард пұт астық өндірген қазақ
-
тардың Қытай, Куба, Эфиопия, Ангола сынды аш елдерді 
тойындырамыз деп өздері ашқұрсақ болып отырғандығы 
да кеңестік заманның бір шындығы ретінде бейнеленген. 
«Етікшінің етікке жарымайтыны» тәрізді миллиард пұт 
астық өндірген шаруалардың ашқұрсақ күн кешуі ащы 
болса да ХХ ғасырдың шындығы-тын. Бұл Шерхан Мұр
-
таза айтқандай, қазақ халқының «алтын сандықтың үстін
-
де жалаң пұт отырумен» бірдей еді. 
Кеңестік дәуір тұсында орыс тіліне көңіл аударылып,
қазақ тілі тасада қалуының салдарынан ана тілін біл
-
мейтін мәңгүрт ұрпақ өсті. Тілін білмеген адамнан еш
-
қандай патриот шықпайтынын ескеретін болсақ, мұның 
өзі белгілі саясатпен жасалған қасірет еді. Тәуелсіздік 
жолында шейіт болғандардың соңғы өкілдері – 1986 
жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастары. 
Мұздай қару-жарақпен құрсанған әскердің бейбіт шеру
-
ге шыққан қазақ жастарын жер жастандырғаны да заман 
шындығы. Оны ақын «Ерлік кетті кең жайылып Одаққа. 
Жастар жайы түсіп шыққан тозаққа» деп бейнелеген. 
Олай болса, ақынның екі-үш мың жыл бойы тәуелсіздік, 
бостандық үшін күрескен бүгінгі тәуелсіздігін:
Ақырында теңдік алған ел болдық! 
Тәуелсіздік! Таудан биік жер көрдік.
Елбасының ерен ісін құптадық
Халқымызды «ұлы» елдермен теңгердік,
 
– деп жоғары бағалауы орынды. 
Жоғарыда аталған жинақтың «Шабытым шақырғанда», 
«Өмірдің белортасы», «Бақытты шақ» атты бөлімдеріне 
соңғы жылдары жазған лирикалық өлеңдері топталған. 
Кез келген қаламгердің өз заманының жырын жырлай
-
тыны тәрізді Нұрғожа ағамыз да тәуелсіздік дәуірінің 
жыршысы. Сондықтан ол бүгінгі тәуелсіздігімізді, қазақ 
халқының ХХІ ғасырда қол жеткізген табысын шаттана 
жырға қосты. «Сен мені ғашық етіп қолдағалы, Өмірдің 


244
белортасын кешіп келем» дейтін ағамыз өлеңге шабы
-
тым шақырғанда кешікпе деп еркелейді. Шабытына мін
-
ген кезде ол халқының өткені мен бүгінін ой елегінен 
өткізеді. «Халқымен бірге Елбасы» өлеңінде «Бірінші 
Алла, екінші патша» дейтін» әкесінің өсиетін есіне ал
-
ған ақын халық пен Елбасын бөліп-жаруғы келмейтін 
егіз ұғым ретінде қабылдайды. «Ханның күні қарашасы
-
мен» екенін жадында ұстаған ол бұқара халық пен Елба
-
сының бірлігі мен берекесін тілейді. «Ердің күні елімен» 
болатындығын «Арманымның ақ сыры» өлеңіндегі «Сол 
қазақ қой жан дүниесі сырымның Сол халыққа тебіре
-
нем де талпынам» деген жолдармен жеткізсе, «Халқым 
– менің бақытым» өлеңінде жетпісінде «Жігітсің»» деп 
ақ тілегін ақтарған халқына «арманыма қанат берген ел-
жұртым» деп еліне, халқына деген ризашылығын білді
-
реді. «Әр адам бір тамшысы теңіздің» өлеңінде теңіздің 
тамшыдан құралатыны тәрізді әр адамның қазақ орма
-
нының бір талы екенін еске салады. Мұның өзі ақынның 
қара басын күйттеген замандастарын шеней отырып, ха
-
лықты әр қазақтың құрайтындығына сендіреді. 
Кім-кімге де туған жері ыстық болатыны белгілі. Қа
-
зақ ақындарының барлығы да өз туған жерін жер жан
-
натына теңейтіні секілді Нұрғожа ақын да кіндік қаны 
тамған жерін жер біткеннің төресіне балайды. Туған 
жердің сыбдыр қаққан тал, терегі, қайыңы мен құста
-
рының бұлбұлдай сайраған үніне деген сағыныш лири
-
калық кейіпкердің өзегін өртейді. «Елде болып шалқы
-
дым» өлеңінде ақын туған-жер мен жерлестеріне деген 
сүйіспеншілігін «Әр адамын жырыма орап алып, Орама
-
сам, сағынып тоңары анық» деп жеткізеді. Осы қатарды 
«Аяулы анам – ауылым», «Ардағым – Қаршығалым», 
«Қаршығалы», «Сол жандарды сағындым», «Ауылым 
қайда?», «Асыл елім – Қостанай», «Аманбысың, ақ қа
-
йың?», «Асыл елім – Қостанай», «Тобылым менің ар
-
маным», «Сандуғашты ауылымды сағындым», «Туған 
жерге жетейін...» сынды ө


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет