Байланысты: Силлабус по Истории Казахстана 2022-2023 (1) (1) (1)
5 тақырып. Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.) Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай.Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі. Қоғамды демократияландыру үдерісінің күшейтілуі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық армияның құрылуы.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.Мемлекеттік бірегейлікті дамыту, азаматтық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты нығайту.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы. Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы. Атқарушы вертикаль ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту. Орталықсыздандыру, орталық пен өңірлер, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң. Құқық қорғау органдарын (сот, прокуратура, полиция, арнайы қауіпсіздік қызметтерін) құру. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы және оның нәтижелері.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы.Қазақстан астанасыныңкөшірілуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. Нарықтық экономикаға өту, жекеменшік институттардың орнығуы және Отандық бизнес негізінің қалануы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиыншылықтар мен кемшіліктер. Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
БҰҰ-ның даму жөніндегі Бағдарламасы (БҰҰДБ), адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының индексі (АДИ). Қазақстанда Адам дамуы туралы есептің тұңғыш басылымы. БҰҰДБ Қазақстанда АДИ-нің өсуі туралы. Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. 2025 жылға дейінгі «ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.
Қоғамдық-саяси даму Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.). Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.). Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі. Демократиялық үдерістердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйенің енгізілуі және партиялық тізім бойынша сайлау нәтижелері. Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы. ҚР ақпаратсаясаты, БАҚ-ның дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия және оның қызметі. ҚР Адам құқықтары бойынша өкілдік институтын (Омбудсмен) құру.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының арихи маңызы. Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.
«Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Демократиялық қайта құрулардың кеңеюі. Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер.Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету. Ұлттық Құрылтайды құру.
Рухани даму Білім және ғылым жүйелеріндегіреформалар. «Болашақ» бағдарламасы. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі.
«Мәдени мұра», «Тарих толқынында»мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құру.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту.
Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
«Ұлы даланың жеті қыры».
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы.Шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы.
Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар. Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздік проблемалары.