Гуморальдық реттелу



бет1/4
Дата15.12.2023
өлшемі18,38 Kb.
#138761
  1   2   3   4

Гуморальдық реттелу (гуморальная регуляция); (ге- gulatio humoralis; лат. regulatio — реттеу, реттелу; humor — сұйық, ылғал) — организмнің ішкі сұйық ортасына (қанғалимфаға, ұлпа сұйығына) шығарған эндокринді бездер немесе жекеленген эндокринді жасушалар гормондары мен биологиялық белсенді заттарының болмаса ұлпа сұйығында еріген басқадай заттардың әсеріне байланысты мүшелер қызметтерінің реттелуі, яғни организмнің сұйық ішкі ортасының қатысуымен мүшелер қызметтерінің реттелуі (сұйықтық реттелу
Организмдегі физиологиялық құылыстарды реттеудегі ішкі секреция бездерінің маңызы
Организмдегі физиологиялық құбылыстарды реттеу. Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Жүйкенің реттелуі рефлекстер арқылы өтеді. Рефлекстер барлық клеткаларда, ұлпаларда, мүшелер жүйелерінде бар. Олар жүйке жүйесінде пайда болған өзгерісті жылдам қабылдайды. Әр түрлі мүшелер жүйелерінде жүйке жүйесінің тарату жылдамдығы, сондай-ақ бір секундтан аз уақыт ішінде қозу пайда болады. Жүйке жүйесі оларды өзара байланыстырып, жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімдік әсерін тигізіп отырады.
Гуморальдық реттелу қан құрамындағы заттардың әсерінен болады. Организмде пайда болатын күрделі биологиялық белсенді қосылыстар қанның ағымымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Бірақ бұлардың әсері жүйкенің әсеріне қарағанда баяу болады.
Жүйкелік және гуморальдық жолмен реттелу өзара тығыс байланысты. Мұндай реттелу балалық шақтың алғашқы кезеңінде онық өсуін, денесінің дамуын және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Гуморальдық реттелуге ішкі секреция бездерінің қатысы бар.
Сыртқы және ішкі секреция бездері. Организмдегі бездер, негізінен, екі топқа: сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді тікелей қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, қарын, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне сөл өзектері арқылы бөледі.
Ішкі секреция бездеріне гипофиз ( мидың төменгі қосалқы безі) және эпифиз (жоғары қосалқы без), қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті безі жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін тікелей қанға бөледі. Бұл екі топта сыртқы және ішкі секрециялық қызмет атқаратын бездер болады. Оларды аралас секрециялық бездер деп атайды. Аралас секрециялық бездерге- ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық бөлімінің сөлі арнаулы түтікшелер арқылы ас қорыту мүшесіне құйылады. Жыныс бездерінен шығатын бөлінді бір жағынан тікелей қанға түседі (бұл ішкі секреция қызметі), екінші жағынан түтікше арқылы жыныс мүшесіне шығады (бұл сыртқы секреция қызметі).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет