Гуморальдық реттелу


Ішкі секреция бездерінің маңызы



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі18,38 Kb.
#138761
1   2   3   4
Байланысты:
физиология

Ішкі секреция бездерінің маңызы. Адамның және жануарлардың тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі, бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон деп ішкі секреция бездері қанға бөліп шығаратын және организмнің түрлі әрекетін реттейтін күшті биологиялық заттарды айтады. Гормондар қан арқылы бүкіл организмге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді. Ішкі секреция бездері баланың өсіп, организмнің дамып, жетілуінеде өте маңызды қызмет атқарады. Сондықтан ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, организмнің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Балалар организмнің өсуіне ішкі секреция бездері әртүрлі әсер етеді.
Гормондар әрекеті салыстырмалы түрде болады. Сондықтан балалар әр түрлі жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Дұрыс тамақтанбау балалар мен жасөспірімдер организміне әсер етеді, олардың жыныстық дамуының ішкі секреция бездері арқылы реттелуі бұзылады. Бұл адам өмірінің әр кезеңінде оның ішкі секреция бездерінде болып тұратын өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау үшін дене және ой еңбегін мөлшерлеудің қажет екеніне көрсетеді. Ішкі секреция бездері адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлқын, яғни адамның психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады.
Әрбір ішкі секреция безі жабын ұлпасынан тұрады және толып жатқан шеткі жүйке жүйесінің талшықтарымен шырмалады. Ішкі секреция бездері жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Гормондар күніне миллиграмм мөлшерінде бөлінеді. Олар қозуға немесе тежелуге әсер етеді. Бұл үшін гормонның аз ғана мөлшері жеткілікті.
Ішкі секреция бездерінің қызметін жүйке жүйесі басқарады. Бұл, әсіресе организмнің айналадағы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуінде анық байқалады. Биік тауға жаяу көтерілгенде, бір тәуліктің ішінде ауа температурасының күрт жоғарылауынан немесе төмендеуінен жүректің, тыныс алудың өте жылдам жұмыс істейді. Егер жақсы көретін жолдастардың кездескенде немесе сүйсініп тындайтын музыканы естігенде де жүрек соғысы жылдамдайтыны белгілі. Адамның қуануы және үрейленуі ішкі секреция бездерінің әрекетіне байланысты болады.
Ішкі секреция бездері бөлетін гормондар жүйке жүйесіндегі әрекеттерге әсерін тигізеді. Мысалы, қалқанша безі, жыныс безі және т.б. бездерінің гормондары адамның мінез құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді. Сондықтан, ішкі секреция бездерінің адам өміріндегі маңызы зор.
Гипофиз. Қалқанша безі. Қалқанша маңы бездері
Гипофиз- ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Гипофиз сопақша пішінді, салмағы- 0,5-0,7 г. Ол үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы. Алдыңғы бөліктің гормондары зат алмасуға ( негізінен, нәруыздың түзілуіне), қалқанша безінің гормондарының бөлінуіне, бүйрек үсті бездерінің қызметіне, жыныс бездерінің функциясының жақсаруына әсер етеді. Гипофиздің бұл бөлімінде түзілетін гормонды өсу- гормоны (соматропные гормоны) дейді. Бұл гормон көптеп бөлінгенде, балалардың өсуі жылдамдайды, өте биік болады. Егер ересек адамдарда гипофиз өсу гормонын көптеп бөлсе, онда олар акромегалия деп аталатын ауруға шалдығады. Мұндай аурумен ауыратын адамның саусақтары, аяқтары, мұрны, иегі, қабағы үлкейіп өседі. Өсу гормоны аз бөлінгенде, балалардың бойы өспей, аласа болып қалады. Бұл оның жыныс бездерінің қызметінің дұрыс жетілмеуінен болады. Гипофиздің ортаңғы бөлігі меланофор гормонын бөледі. Бұл гормон терінің пигмент клеткасына әсер етеді. Терінің түсі және оның секпілдері осы гормонға байланысты. Жүкті әйелдерде гипофиз бұл гормонды қанға көптеп бөледі. Гипофиздің артқы бөлігі вазопрессин, окситоцин гормондарын бөледі. Вазопрессин организмде су және натрий, калий мөлшерін реттеуге әсер етеді Окситоцин сүт бездерінен сүттің шығуына себепші болады. Бір жасқа дейін баланың гипофизінің салмағы өседі. Содан соң 5-6 жасқа дейін гипофиздің салмағы тұрақты болады. Одан кейін тағы өседі. Сонымен қатар 12-14 жас аралығында нәруыздар, нуклеин қышқылдары көптеп түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет