Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет24/35
Дата06.03.2017
өлшемі5,02 Mb.
#7942
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35

Фенофаза 
Ұзақтығы 
Жалпы сипаттамасы 
1.  Шырын  қозғалу 
(вегетация басы) 
Шырын 
қозғалуының 
басталуынан 
бүршік 
жарғанға дейін. 
Вегетацияның  басталуы.  Су  мен  қоректік 
заттардың  қозғалуы.  Шырын  қозғалуының 
басталуы  –  алғашқы  шырын  тамшысының 
түтікшелерден  дамуы  ағаштың  оңтүстік 
жағынан басталады. 
2. Бүршік жару  
Бүршік 
жарудың 
бастамасы 
мен 
аяқталғанына дейін. 
Ісіну,  бүршік  жару,  гүл  бүршігі  мен 
вегетативті  бүршіктердің,  бүршік  қабығының 
жарылуы, бүршік ұшында жапырақтың көрінуі 
(жасыл конус фаза іші). 
3. Гүл жару  
 
Гүл  жару  басталуы  мен 
аяқталуына дейін. 
Гүлшанақтанудан  кейінгі  гүл  жару  және 
тозаңдану.  Бөрікбасында  5-10%  гүл  болғанда 
гүл жару мерзімі болып белгіленеді. Гүл жару 
мерзімі  мен  аяқталуы  тіркеледі,  бұл  ағашта 
90%    гүл  болғанда  немесе  75%  гүл  күлтелері 
түскенге дейін. 
4. Өркеннің өсуі 
Вегетативті 
бүршік 
жару 
басталғаннан 
өркеннің өсуіне дейін. 
Өркендер  ұзарады,  жапырақ  түзіледі.  Өркен 
дамуының  соңына  дейін  мезгіл  белгіленеді. 
Өркеннің  бүршік  жару  кезеңі  тіркеледі. 
Алдымен  бөрікбасының  жоғарғы  жағындағы 
бүршіктер тіркеледі. 
5. 
Жеміс  түзілу, 
өсу, жемістің пісуі 
Гүлдеудің  соңы  мен 
жеміс 
пісуінің 
басталуына дейін. 
Гүлдеудің  соңында  жас  жемістердің  көлемі 
ұлғайып,  соңында  фенофаза  жеміс  пісуіне 
жақындайды,  жемістің  пісуі  мен  үзілуіне 
мерзім 
белгіленеді. 
Бұл 
кезең 
жазғы 
іріктемелердің  пісуінің  мөлшерлі  шамада 
өсуіне  және  жеміс  түсінің  жетілуіне  сәйкес 
келеді.  
6.Гүл бүршіктерінің 
жіктелуі мен 
орналасуы, 
ұлпаларының 
жетілуі  
Бүршік 
жетілудің 
соңынан 
вегетация 
аяғына дейін. 
Гүл  бүршіктерінің  жіктелуі  мен  орналасуы, 
сабақ  өзегінің  ұлпаларының    толық  жетілуі. 
Ағаштың  жер  үсті  мүшелерінің  ұзақ  мерзімді 
тыныштық  кезеңі  мен  қыстап  шығуға 
дайындығы.  
7. Жапырақ түсу 
Жапырақ 
түсудің 
басталуы 
мен 
аяқталуына дейін. 
Жапырақ  түсу  кезеңі.  Жапырақ  түсудің 
бастамасы  25%  жапырақ  түскенде,  75% 
жапырақ  түскенде  жапырақ  түсудің  соңғы 
мерзімі  болып  есептеледі.  Егер  қар  түскенше 
жапырақтар түгел түспесе белгі қою керек. 
8.Вегетациялық 
кезеңнің  аяқталуы 
және 
ағаштың 
тыныштық 
күйге 
көшуі 
Жапырақ 
түсудің 
соңынан 
белсенді 
тамырлардың 
өсуінің 
тоқтауына дейін. 
Жапырақ  түсудің  соңы  және  белсенді 
тамырлардың  өсуінің  тоқтауы.  Ағаштың 
қыстап  шығуға  дайындығы  және  тыныштық 
күйге көшуі. 
9. Тыныштық күй 
Белсенді  тамырлардың 
өсуінің 
тыныштық 
күйге 
көшуі 
мен 
көктемгі 
тамыр 
жүйесінің  өсуіне  дейін 
және  жапырақ  түсуінің 
соңынан 
жер 
үсті 
мүшелерінде 
шырын 
қозғалуының 
басталуына 
дейінгі 
кезең. 
Ағзалық  терең  және  салыстырмалы  амалсыз 
тыныштық күй. Нөлден жоғары температурада  
өсімдіктерде 
құрылымдық 
және 
органогенездік үдерістер жүреді.  

161 
 
 
Зерттеу  жүргізген  және  оған  дейінгі  де  жылдары  жергілікті  өріктің  зиянкестер  және 
аурулармен зақымдалу байқалмады. Тек кейбір жағдайларда ғана өріктің алхоры жеміс жебірі және 
бітәмен зақымданған даралары кездесті. 
Соңғы  он  жылдықта  Батыс  Қазақстан  облысы  жағдайында  Ресейдің  Волгоград,  Орынбор 
облыстары тәрізді, популяция құрамында пішіні дөңгелек формалар пайда бола бастады, олар әдетте 
нашар түктелген, тығыздығы жоғары, консистенциясы мен дәмі жақсарған, алайда етжеңді бөлігінің 
шырындылығы  төмендеу  болып  келеді  [1].  Сонымен  қатар,  зерттеу  объектісінде  жемісінің  қабығы 
ақшыл – крем түсті мутантты формалар да кездесті. Жеміс беретін ағаштардың орташа биіктігі 3,5 м 
(2,5  –  5,5  м),  шамамен  15  жылғы  бұрынғы  ағаштармен  салыстырғанда  10-25  %  биік.  Жергілікті 
формалардың жемісінің сапалық белгілері: қабығының  түктілігі,  етжеңді бөлігінің  консистенциясы, 
тығыздылығы және шырындылығы. Ірі формаларының үлесі (жемісінің салмағы 23 г жоғары) – 12-19 
%, алайда салмағы 20 г төмен ұсақ формалары басым болды.  
Қабығы  ақшыл-крем  түсті  өрік  Алдыңғы  Азия,  әсіресе  Иранда  өрік  іріктемелері  мен 
формалары арасында жиі таралған. Олардың жемістерінің сапасы өте жоғары болып келеді. Алайда 
жергілікті ақшыл түсті өрік формалары (Орынборлық формалар тәрізді) етінің жоғары сапалығымен 
ерекшеленбейді,  олардың  селекциясын,  әдетте,  түсіне  бола  жүргізеді.  Өріктің  мұндай  түстілігінің 
кездесуі – әртүрлі генетикалық негіздегі белгілер бойынша, өсімдіктерде кең таралған географиялық 
параллелизм құбылысымен түсіндіріледі [4]. 
Батыс  Қазақстан  облысы  жағдайындағы  өріктің  түсі  қызғылт-сары,  әдетте  біртекті  қызғылт 
реңділік  тән.  Батыс  Қазақстан  облысына  тән  жергілікті  өрік  формаларының  жемісінің  салмағы  14-
31,4 г аралығында болды. Өріктің іріктемелерінің орташа салмағы 17,6 г болса, ірі жемістісі 29,3-31,4 
г.  Шаттауығының  орташа  есеппен  алынғандағы  салмағы  1,2-1,5  г.  Шаттауықтың  жемістегі  үлесі  – 
3,6-4,8 %, ал әлемдік селекцияда бұл көрсеткіш 2-3 % - дан 5-7 % аралығында ауытқиды. 
Өріктің  жергілікті  формалары  -30-35
0
  С  аяздарға,  көктемгі  -3-4
0
С  салқындыққа  шыдамды, 
негізгі зиянкестермен, аурулармен зақымдалмаған. 
Біздің  зерттеу  жұмыстарымыздың  жүргізілуі  барысында  мынадай  жағдайларды  байқадық: 
1993-1995 жылдары орташа өнімділік 30 кг (1 ағаштан 10-30 – дан 60-80 кг) болса, ал қазіргі таңда 60 
кг (25-30 – дан 90-100 кг), яғни 3 есеге өскен. Жергілікті формалардың өнімділігі 3 есе дейін өсіп, ал 
олардың  пішіні  іріктемелік  пішінге  жуықтай  бастады.  Соңғы  он  жылдықта  өріктің  өнімділігінің 
жоғарылауы  климаттың  жылынуымен,  сондай-ақ  өрікпен  қарқынды  жүргізілген  сұрыптау 
(селекциялық) жұмыстарының нәтижесінде болып отыр. 
Жергілікті  өріктің  жемісінде  қорлық  және  биологиялық  белсенді  заттар  табылды.  Жеміс 
оралмасында  14-21  %  құрғақ  зат,  оның  ішінде:  сахароза  –  13-18  %,  каротин  (1,8-21,0  мг/100  г),  С 
дәрумені (8-19 мг/100 г), жалпы қышқылдылығы – 1,4-2,8 %. 
Өріктің  тек  қана  етжеңді  бөлігі  ғана  емес,  бөлек  жемісінің  (ядросы)  дәмі  де  үлкен  бағалы 
болып  келеді.  Әлемнің  әртүрлі  елдеріндегі  өсірілетін  өріктің  дәндерінде  51  %  май,  30  %  ақуыз 
болады. 
Сонымен, Батыс Қазақстан облысында жерсіндірілген өріктің етжеңді бөлігінің биохимиялық 
талдауы оның құрғақ заттар, қант, каротинге бай екенін көрсетті. Жемісіндегі құрғақ заттар, сахароза, 
С  дәрумені  бойынша  жергілікті  формалар  оңтүстіктен  әкелінген  іріктемелермен  салыстырғанда 
каротині  артық  болғанымен,  жемісінің  қышқылдылығы  жоғары  болып  келеді.  Жергілікті  өрік 
формалары  белгілерінің  жүйесі  бойынша  Еуразияның  қазіргі  заманғы  қарапайым  өріктеріне  сәйкес 
келеді.  
Қазіргі  таңда  Батыс  Қазақстан  облысының  территориясына  интродукциялық  жолмен  енген 
өріктің формалары қарқынды дамуда. Мұндай қарқындылықты климаттың жылынуымен қатар, аязға 
төзімді  ежелгі  шығыс  еуропалық  мәдени  форма  Armeniaca  vulgaris  Lam.  селекциясының  қарқынды 
жүруімен де түсіндіруге болады. Батыс Қазақстан облысында  Armeniaca mandshurica және Armeniaca 
vulgaris  интродукцияланып,  соңынан  будандар  берген.  Осы  түрдің  және  олардың  будандарының 
негізінде Батыс Қазақстан облысында ХХ ғасырдың соңына қарай Орал өңірлік мәдени өріктің шығу 
тегінің екінші микроошағы пайда болған.  
Бұл ошақта жергілікті халық өрікпен белсенді селекциялық жұмыстар жүргізуде. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Авдеев  В.И.,  В.В.  Шмыгарёва  Краткая  история  и  состояние  культуры  абрикоса  в  Оренбуржье  // 
Всероссийскому  аграрному  журналу  «Аграрный  вестник  Урала».  Екатеринбург:  Урал-  ГСХА, 
2008. − № 2 (44). − С. 162-165.  

162 
 
2.
 
Петренко  А.З.,  Фартушина  М.М.  и  другие.  Природно-ресурсный  потенциал  и  проектируемые 
объекты заповедного фонда Западно-Казахстанской области. – Уральск, 1998. – Б. 34-39 
3.
 
Щепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә. Жеміс-көкөніс шаруашылығы. – Алматы, 2011. – Б. 47-68 
4. Шмыгарёва, В.В. Изучение формового разнообразия абрикоса восточно- оренбургской популяции 
методом электрофореза Аспирантский вестник ОГПУ. − Оренбург: Изд-во ОГПУ, 2006. −№ 5. − С. 
103-105  
 
БИОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ АБРИКОСА В УСЛОВИЯХ 
 ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ 
А.У.Утаубаева, З.Х.Кунашева, А.А.Тайрова 
 
В  данной  статье  описаны  биологические  особенности  и  пути  интродукции  абрикоса  в 
условиях сухостепной зоны Западно-Казахстанской области. 
 
BIOLOGICAL CHARACTERISTICS OF APRICOT IN THE WEST KAZAKHSTAN REGION 
A.U.Utaubayeva, Z.X. Kunasheva , A.A.Tairova 
 
   
  This  article  describes  the  biological  characteristics  and  ways  of  introduction  of  the  apricot  in 
the conditions of dry steppe zone of West Kazakhstan region. 
 
 
ӘОЖ: 582.711.713 (574) 
А.У.Утаубаева, С.Г.Чекалин, А.А.Тайрова 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қаласы 
 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰРҒАҚ ДАЛА ЗОНАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СҮЙЕКТІ 
ДАҚЫЛДАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аталмыш  мақалада  Батыс  Қазақстан  облысының  құрғақ  дала  зонасындағы  өріктің 
биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілген. 
 
Түйін сөздер: Батыс Қазақстан облысы, сүйекті дақылдар, іріктемелер, өрік, алхоры, шие, 
фенофаза, өнімділік. 
 
 «Қaзaқстaн  -  2050»  ұзaқ  мерзімді  дaму  стрaтегиялық  бaғдaрлaмaсындa  Бaтыс  Қазақстан 
облысындa  көкөніс  және  жеміс  өсіруге  бaсымдық  бaғыт  беруінің  қажеттілігі  турaлы  ерекше  атап 
көрсетілген.  Aуылшaруaшылығы  өндірісінің  тұрaқты  дaмуына  қол  жеткізу,  облыстың  aгрaрлық 
секторының  бәсекеге  қaбілеттілігін  және  инвестициялық  тaртымдылығын  aрттыру,  тек  өндіріске 
техника мен ғылымның aлдыңғы қaтaрлы жетістіктерін енгізу кезінде ғaнa мүмкін болмақ. 
Іріктеме бaқ өсіру - Орал өңірінің негізгі бір саласы болып тaбылaды, бұл aуылшaруашылық 
өндірісінің құрaмы. Қазіргі заман даму дәрежесіне сәйкес, бaқ өсіру, өңірдің қaрқынды өнеркәсіптік 
дaмуынa,  болaшaқтa  дамудың  мaксимaлды  деңгейіне  жетіп,  жоғaры  экономикaлық  тиімділігін 
көрсетуге  себеп  болары  сөзсіз.  Бaқтың  іріктемелік  құрaмын  жетілдіру  жұмысы  біздің  елімізде  екі 
бaғыттa  жүргізіледі:  интродукция  жолымен  –  жaңa  тaңдaулы  шетелдік  және  отaндық  іріктемелерді 
жерсіндіру; селекция aрқылы – жaңa бaғaлы іріктемелерді өсіріп шығaру.    
 
 
Соңғы  кезде  шетелдерден  әкелінетін  сүйекті  жемістердің  сaпaсының  белгісіз  болуына 
бaйлaнысты, өз еліміздің сaпaлы жемісін өсіру жолғa қойылуы тиіс. Осығaн орай жеміс aғaштaрының 
әртүрлі  іріктемелерінің, біздің  облысымыздың  құрғaқ  климaтына  aйтaрлықтaй  бейімделген іріктеме 
үлгілерін  ерекшелеп  көбейтудің  жолғa  қойылуы,  болaшaғы  бaр  шие,  өрік,  алхоры  іріктемелеріне 
коллекциондық  телім  құруды,  жергілікті  табиғи-климaттық  жaғдaйдa    өсіп-жетілу  ерекшеліктерін 
зерттеуді,  шaруашылыққa  құнды  белгілерін  (қысқa,  aязғa,  aурулaрғa,  құрғақшылыққа,  зиянкестерге 
төзімділігін, қолaйсыз aуa-рaйынa бейімделуін) анықтап, одан әрі жетілдіруді қажет етеді.  
 
Батыс  Қазақстан  облысы  –  Қазақстан  Республикасының  солтүстік  батысындағы  әкімшілік-
аумақтық бөлініс. Жалпы алып жатқан аумағы 151,2 мың км
2
 немесе Қазақстан территориясының 5,9 
% - ын құрайды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Батыс  Қазақстан  облысы  аумағының  басым  бөлігі  Каспий  маңы  ойпатының  солтүстігінде 
орналасқан [1]. 
 
 
 
 
 
 
 

163 
 
 
Қаңтар  айының  орташа  температурасы  –  -11-14
0
С,  кейде  -40
0
С-қа  дейін  төмендейді.  Қар 
жамылғысы  70  күннен  140  күнге  дейін  жатады.  Жыл  бойына  екпінді  желдер  (кейде  15-20  м/с–қа 
дейін) болып тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қыс  айларында  желдің  орташа  жылдамдығы  4,5-5  м/с–қа  жетеді.  Орташа  көпжылдық 
деректердің көрсеткіштері бойынша қыс кезіндегі боранды күндер: солтүстік аудандарда – 30-35 күн, 
оңтүстік аудандарда – 15-20 күн мөлшерінде болып  отырады.  
 
 
 
 
 
Жаз  айлары  ыссы,  құрғақ.  Шілде  айындағы  орташа  температура  22-25
0
  С,  кейде  40
0
С  дейін 
көтеріледі. Жауын–шашынның көпжылдық орташа мөлшері 190-350 мм. Өсімдіктердің вегетациялық 
кезеңі – 150-170 тәулік. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Батыс Қазақстан облысына тән жағымсыз ауа райының белгілері: кештеу аяқталатын көктем, 
ертерек  түскен  күздің  салқындығы,  атмосфералық  және  топырақтың  қуаңшылығы,  аңызақ  желдің 
орын  алуы,  жылдамдықтары  қатты  желдердің,  құмды  дауылдардың  болуы.  Батыс  Қазақстан 
облысына  тән  құрғақ  дала  жағдайындағы  сүйекті  жемістер  Қазақстанның  батысында  жеміс 
шаруашылығының  өнімділігін  арттырудың  негізгі  көзі  болып  табылады;  олардың  жемістерінің 
сапалы биохимиялық құрамын, жоғары өнімділігін, суыққа және ауруларға төзімділігін сұрыптаудың 
маңызы  өте  зор.  Біздің  2014-2015  зерттеу  жылдарымызда  Батыс  Қазақстан  облысының  солтүстігі, 
солтүстік-батысы,  Ресеймен  шекаралас  аудандары,  қала  маңына  тән  сүйекті  дақылдар  –  шие,  өрік, 
алхоры зерттелді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жеміс  –  жидек  дaқылдары  жемісінің  құрылымынa,  биологиялық  және  өндірістік 
ерекшеліктеріне,  шығу  тегіне  қaрай  мынaдай  топтaрға  бөлінеді:  шекілдеуікті,  сүйекті,  жаңғaқты, 
жемісті, жидекті жемісті, субтропиктік және тропиктік дaқылдар.    
 
 
 
Сүйекті  жеміс  дақылдары  негізінен  −  раушангүл  тұқымдасына,  алхоры  тармағына  жатады. 
Олaр – өрік, шие, шабдaлы, қызыл шие, aлхоры, шомырт өрік т.б. Жемісі - сүйекті жеміс деп аталaды,  
олар  еттес,  нәрлі,  тасымалдауға  қолайсыз,  ұзақ  уақыт  сақтaуға  жарамайды,  негізінен  жасаң  түрінде 
өңдеуге  пайдаланылады.  Сыртқы  қабaты  (экзокарпі)  –  жұқa,  жылтыр  және  түкті  болып  келеді; 
ортaңғы қабаты (мезокарпі) – шырынды, етті; ішкі қабaты (эндокарпі) – қатты, сүйекті. Сүйекшенің 
ішінде  бір  тұқымы  болады.  Мұндaй  жемістер  сүйекті  жемістерге,  шилен  мен  зәйтүн  өсімдіктеріне 
тән. Бұлaрдың жемістері тек гүл түйінінен пaйда болады, ондaй жемістерді нaғыз жеміс деп aтайды. 
Сүйекті  жеміс  дaқылдары  ортa  шaмамен  10-60  жыл  өмір  сүреді,  жеміс  салaр  шағы  3–5  жылдар 
арaлығында,  өнім  мөлшері  бір  гектaрдан  ортaша  шамамен  5-20  тоннaға  жетеді.  Сүйекті  жеміс 
дақылдары басқа жемістермен салыстырғанда пісіп – жетілуі ерте басталады, өнімділігі жоғары, және 
жоғары  сапасымен    ерекшеленеді.  Батыс  Қазақстан  облысындағы  сүйекті  жеміс  дақылдарының 
жалпы бақ ауданына шаққандағы алып жатқан аумағы 362,5 га немесе 14,3%  құрайды. 
Батыс  Қазақстан  облысы  территориясына  тән  сүйекті  жемістілер  тобына  шие  (Cerasus  L.), 
өрік  (Armenica  vulgaris  Lam.)  және  алхоры  (Armeniaca  Mill.)  туыстары  жатады.  Олардың  гүл  жару 
фенологиясы төмендегі кестеде келтірілген (кесте 1). 
 
 
 
 
 
Батыс  Қазақстан  облысы  құрғақ  дала  зонасына  тән  сүйекті  жемістердің  ішінен  гүл 
бүршіктерін  ерте  жаратын  өріктің  іріктемелері  Хурмаи  (20.04.),  Арзами  (20.04.),  Королевский 
(28.04.),  Краснощекий  Никитский  (01.05)  болды.  Ал  алхоры  мен  шиенің  гүл  бүршіктерінің  жаруы 
мамырдың 12-сі, гүлдеудің басталуы алхорының − Карзинская, Еуразия, Жигули іріктемелерінде 18 
мамырда, шиенің Десертная волжская іріктемесінде − 17 мамыр, Любская − 18 мамыр, Расплетка − 19 
мамыр көрсетті.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кесте  1  −  Батыс  Қазақстан  облысы  территориясына  тән  сүйекті  жеміс  іріктемелерінің  гүл 
жару фенологиясы 2014-2015 ж.ж.  
 
Іріктеме 
Гүл 
бүршіктерінің 
жаруы 
 
Гүлдеуі 
Алғашқы бұтақтардың өсуінің 
аяқталуы 
Басталуы 
Тәуліктің 
ұзақтығы 
Алхоры 
Карзинская 
12.05 
18.05 

23.09 
Евразия 
12.05 
18.05 

23.09 
Жигули 
12.05 
18.05 

23.09 
Өрік 
Королевский  
 
28.04 
 
01.05 
 

 
28.09 

164 
 
Хурмаи 
20.04 
25.04 

28.09 
Арзами 
20.04 
25.04 

28.09 
Краснощекий 
Никитский 
01.05 
04.05 

29.09 
Шие  
Расплетка 
 
12.05 
 
19.05 
 

27.09 
Любская 
12.05 
 
18.05 
 

 
28.09 
Десертная 
волжская  
13.05 
 
17.05 
 

 
27.09 
 
Алхорының іріктемелерінде гүл бүршіктерінің жаруы мен гүлдеуінің ұзақтығы  6, өрікте 3-5, 
шиеде  4-7  тәулікті  көрсетіп  отыр.  Ал  алғашқы  бұтақтардың  өсуінің  аяқталуы  осы  іріктемелерде 
қыркүйектің 23-29.09 аралықтарында тіркелді. 
Батыс  Қазақстан  облысының  құрғақ  дала  зонасына  тән  сүйекті  жемістеріне  фенологиялық 
бақылаулар жүргізу барысында, іріктемелердің жекелеген бөлімдерінің үсу деңгейлеріне есептеулер 
жүргізіліп, өнімділіктері анықталды [2]. Зерттеу нәтижелері 2-кестеде берілген. 
Зерттеу  жүргізілген  жылдары  сүйекті  дақылдардың  қыстан  өту  шарттары  қолайлы  өтті  деп 
есептеуге болады. Ауа температурасы желтоқсан айында +17,1
0
С -тан -20,2
0
С дейін, қаңтарда -1,8
0
С – 
тан  -28
0
С,  наурыз  айында  температура  -18,8
0
С  дейін  төмендеді.  Әрине,  бұл  факторлар  сүйекті 
дақылдардың  қысқа  төзімділігіне  әсер  етті.  Екінші  кестеден  көріп  отырғанымыздай:  шиенің  ең  көп 
үсуге  ұшырағаны  Любская  (0,9  ұпай),  төзімдісі  Расплетка  (0,5)  және  Десертная  волжская  (0,7); 
алхорыдан  үсуге  ұшырағандары  Еуразия  (1,0),  Жигули  (0,8)  төзімдісі  –  Карзинская  (0,7);  өріктен  – 
үсуге  ұшырағаны  Арзами  (1,0),  Краснощекий  Никитский  (0,7),  төзімділері  –  Хурмаи  (0,5)  және 
Королевский  (0,3).  Ағаштардың  жалпы  жағдайы:  шиеде  −  ең  жоғарысы  Расплетка  (4,5),  өрікте  – 
Хурмаи (4,7), Краснощекий Никитский (4,5), алхорыда – Карзинская (4,7), Жигули (4,5). Ағаштардың 
қалпына келу деңгейі шиеде Расплетка (4,3), өрікте − Краснощекий Никитский (4,3) және алхорыда – 
Карзинская (4,0).  
 
Кесте  2  −  Батыс  Қазақстан  облысының  құрғақ  дала  зонасына  тән  сүйекті  дақылдар 
іріктемелерінің үсу деңгейі және жалпы жағдайы (балл бойынша) 2014-2015 ж.ж. 
 
Сонымен  қатар,  зерттеу  жылдарында  Батыс  Қазақстан  облысының  сүйекті  жемістерінің 
өнімділігі де анықталды (кесте 3). 
 
Іріктеме 
Үсудің жалпы 
деңгейі 
Ағаштардың жалпы 
жағдайы 
Қалпына келудің 
деңгейі 
Шие 
Расплетка 
0,5 
4,5 
4,3 
Десертная волжская 
0,7 
4,0 
4,0 
Любская  
0,9 
4,0 
4,0 
Өрік 
Королевский 
0,3 
4,0 
3,0 
Хурмаи 
0,5 
4,5 
4,3 
Краснощекий 
Никитский 
0,7 
4,7 
3,5 
Арзами 
1,0 
4,5 
4,1 
Алхоры 
Карзинская 
0,7 
4,7 
4,0 
Жигули 
0,8 
4,0 
3,8 
Евразия 

4,5 
4,0 

165 
 
Кесте  3  –  Батыс  Қазақстан  облысы  территориясындағы  сүйекті  жемістердің  іріктемелерінің 
өнімділігі (ц/га) 
 
Іріктемелер 
2014 
2015 
Өнімділік 
жинағы 
2014-2015 ж.ж. орташа 
өнімділік 
Шие 
Десертная волжская 
28,0 
54,5 
82,5 
41,25 
Любская 
31,2 
45,0 
76,2 
38,1 
Расплетка 
48,9 
32,4 
81,3 
40,15 
Өрік 
Арзами 
47,8 
60,0 
107,8 
52,9 
Краснощекий Никитский 
59,7 
63,2 
122,9 
61,45 
Королевский 
58,7 
59,5 
114,3 
57,2 
Хурмаи 
54,8 
61,0 
115,8 
57,9 
Алхоры 
Евразия 
24,4 
43,6 
79,6 
39,8 
Карзинская 
36,0 
37,4 
71,4 
30,9 
Жигули 
36,8 
51,2 
88 
44 
 
Батыс  Қазақстан  облысы  территориясындағы  сүйекті  жемістердің  іріктемелерінің 
өнімділігінің орташа көрсеткіштері төмендегідей нәтижелер көрсетті: өрік − Краснощекий Никитский 
(61,45  ц/га),  Хурмаи  (57,9  ц/га),  Королевский  (57,2  ц/га),  Арзами  (52,9  ц/га)  іріктемелері;  шие  – 
Жигули  (44  ц/га),  Еуразия  (39,8  ц/га),  Карзинская  (30,9  ц/га);  алхоры  −  Десертная  волжская  (41,25 
ц/га), Расплетка (40,15 ц/га), Любская (38,1 ц/га). 
Жемістердің сапасы мен өнімділігін анықтауда төмендегідей заңдылықтар байқалды: алхоры 
іріктемелерінің  жемісінің  орташа  салмағы  16-30  г  аралығында,  ең  төменгісі  –  Карзинская  (16  г), 
жоғары  салмақтысы  –  Жигули  (30  г);  шие  2,5-3,7  г  аралығында,  ең  төменгісі  Любская  (2,5  г),  ең 
жоғарғысы  −  Десертная  волжская  3,7  г;  өріктің  іріктемелерінің  салмағы  6-31г  аралығында  болды: 
төмендігі – Арзами (18 г), жоғарысы – Краснощекий Никитский (31 г).  
Батыс  Қазақстан  облысының  сүйекті  дақылдарының  2014-2015  жылдардағы  салыстырмалы 
өнімділігін  зерттеу  барысында  өріктің  Краснощекий  Никитский,  Хурмаи,  Арзами,  Королевский 
іріктемелерінің  көрсеткіштері  жоғары  екендігін  байқадық.  Бұл  соңғы  кездегі  климаттың  жылынуы, 
жергілікті халықтың сұрыптау жұмыстарын қарқынды жүргізуімен түсіндіруге болады. 
Сонымен,  біздің  2014-2015  жылдары  жүргізген  зерттеу  жұмыстарымыздың  нәтижесі,  Батыс 
Қазақстан  облысы  жағдайындағы  өсірілетін  сүйекті  жеміс  ағаштарының  шаруашылық  жағынан 
қолайлы екендігін дәлелдеді. Ол дақылдардың маңызды сапалы қасиеттері: қысқа төзімділігі, жеміс 
беру кезеңінің қолайлылығы, өнімділігі, жемістерінің сапалылығы (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға 
жарамдылығы, сақталғыштығы) болып табылады. 
  
Осы  айтылған  қасиеттерге  сай  келген  іріктемелерді  облыстарға  немесе  аудандарға 
ұсынылатын  стандартты  іріктемелер  тізіміне  енгізуге,  өндірістік  жағдайларда,  сонымен  қатар  үй 
іргесіндегі үлескілерде, питомниктерде өсіріп көбейтуге болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет