Әдебиет
1. ҚР Президенті Н.Ә, Назарбаевтың «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына
жолдауы 2009 жылғы 6 наурыз
2. Колонтаев К. «Страна непуганых идиотов» перед лицом грядущей перестройки [Электрондық
ресурс]: www.stor-vestnik.org.ua
3. Айвазов А. Назад, в коммунизм или вперед, в капитализм? [Электрондық ресурс]: www.apn.ru
4. Крюков Р. В. Антикризистік басқару: Мәскеу, 2006. – Б. 98
5. Рубинштейн М. Мировой экономический кризис 1930 года. [Электрондық ресурс]:
https://dvs.rsl.ru
264
ГЛОБАЛЬНЫЙ ХАРАКТЕР СОВРЕМЕННОГО КРИЗИСА
Ш.Д. Жайлаубаева, Е.А.Тілеуғабылова
Доказывается на примере отдельных показателей мирового финансово-экономического
кризиса его всеобщий характер, а также причины данного явления. Показано, что его
источником является несоответствие имеющихся ресурсов и наличного уровня потребления.
Обосновывается, что современный кризис представляет собой целый ряд кризисов разного
характера, что существенно затрудняет его преодоление.
THE GLOBAL NATURE OF THE CONTEMPORARY CRISIS
S.D. Zhailaubaeva, Y.A.Tileugabylova
In article its general character, and also the reasons of this phenomenon is proved on an example
of separate indicators of world fi nancial and economic crisis. It is shown that its source is discrepancy of
available resources and a cash consumption level. Locates that modern crisis represents a number of
crises of different character that essentially complicates its overcoming.
ӘОЖ 336.7(574)
Ж.Б.Мәмірсана, С.Ж. Ибраимова
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Аннотация: Бұл мақалада банк жүйесінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
және ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына талдау жасалған. Сонымен қатар әлемдік
экономикалық дағдарыс кезіндегі банктердің ақша-несие саясатының сценарилері қарастырылған.
Негізгі сөздер: Банк, банк жүйесі, ақша-несие саясаты
Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы тұрақты түрде дамып келе жатыр. Бұған
қолайлы сыртқы экономикалық конъюктура мен Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың
тұрақты қарқыны сеп болды [1].
Әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдердің орталық банктерінің ақша-кредит
саясатына айтарлықтай әсер етті және ақша-кредит саясатының құралдарды пайдалануына белгілі бір
өзгерістер енгізді.
Қалыпты экономикалық белсенділікті, экономикалық өсудің қайта қалпына келуінің
тұрақтылығына қатысты жоғары белсенділікті және негізгі дамыған елдердегі шектеулі инфляциялық
қысымды назарға алсақ, бұл елдердің орталық банктері өктем ақша-кредит саясатын жүргізуді
жалғастыруда.
Екінші жағынан, экономиканың өсуінің қалыпқа келуі инфляцияның көтерілуімен қатар
жүретін негізгі дамушы елдердің орталық банктері ақша-кредит саясатын қатаңдатуға кірісті.
Мәселен, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Үндістан секілді елдердің орталық банктері өздерінің
пайыздық ставкаларын көтеру жөнінде шешімдер қабылдады.
Орта мерзімді кезеңде мемлекеттік органдардың қызметі қаржы қызметін реттеу жүйелерін
қайта ұйымдастыруға, ғаламдық экономиканың теңгерімді өсуін қалпына келтіруге және тұрақтырақ
экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасының төлем жүйелері ел аумағында ақша төлемдері мен
аударымдарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді және қауіпсіздік және тиімділік деңгейінің
жоғары болуымен сипатталады.
Банктерді қорландыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және
депозиторлардың мүдделерін қорғау базасын қалыптастыру кезінде ішкі қаржы көздерінің
тұрақтылығын көтеру мақсатында 2010 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-н ірілендіруді 11 млрд. теңгеге ұлғайтты.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның жарғылық капиталы енді 121 млрд. теңгені
265
құрайды. Бұл шара банктердегі халықтың да, заңды тұлғалардың да депозиттерінің одан әрі тұрақты
өсуіне ықпал ететін болады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы ахуалдың тұрақтануы банк
секторының несиелік белсенділігінің жандануымен қатар жүрген жоқ, экономиканың кредиттер
бойынша берешегінің көлемі аздап төмендеді. Бұл банктердің портфеліндегі сапасыз кредиттердің
жоғары деңгейімен, капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарындағы сақталып отырған
тәуекелдермен, нақты сектор және халық тарапынан кредиттер бойынша төлем қабілетінің белгісіз
перспективаларымен байланысты болды. 2014 жылы елімізде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз
ету және жылдық инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
негізгі мақсаты болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары, сондай-ақ қазақстандық экспорттың
негізгі баға ұстанымына қолайлы баға конъюнктурасы ішкі валюта нарығындағы тұрақты ахуалдың
сақталуына ықпал етті.
Ақша нарығындағы қысқа мерзімді өтімділікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
қысқа мерзімді ноталарды шығару және банктерден депозиттер тарту арқылы реттеді. Пайыздық
ставкалардың ең төменгі деңгейге дейін төмендеуіне қарамастан банктер тарапынан осы құралдарға
деген сұраныс жыл бойына жоғары деңгейде қалды. Соның нәтижесінде банктер Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде резервтерінің көлемін айтарлықтай ұлғайтты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
дағдарысқа қарсы шараларының, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы ахуалдың
арқасында 2013 жылы елдегі экономикалық өсудің қалпына келуі жалғасты. Бұл ретте орта мерзімді
перспективада ЖІӨ-нің өсу қарқындары қалыпты болатын болады. Сонымен қатар әлемдік
экономиканың дамуына қатысты белгісіздік те азаяды деп күтілуде.
1-кестеде 2012-2014 жылдарға Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының
нұсқалары көрсетілген [2].
Ақша-несие саясатын теңестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
кейінгі 3 жылға ортамерзімді жоспарды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы ақша-несие
саясатының негізгі бағыттарын өңдеді.
Көрсетілген сценарии 2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық даму жоспарларын құру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен
келісілді. Қазақстан Республикасы экономикасына әсер ету деңгейін есепке ала отырып, 2012-2014
жылға мұнайға әлемдік баға деңгейлерінің ортажылдық деңгейі анықталды.
Жүйелі және теңдестірілген саясатты әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі кейінгі 3 жылға арналған орта мерзімді болжамдарды есепке ала отырып, Қазақстан
Республикасының ақша-кредит саясатының бір жылға арналған негізгі бағыттарын әзірлеуге шешім
қабылдады.
Кесте 1-Мұнайға әлемдік бағаның ортажылдық деңгейі (долл)
Көрсеткіштер
2012
БОЛЖАМ
2013
2014
I
II
III
I
II
III
I
II
III
Мұнай бағасы, баррель
үшін АҚШ доллары
40
90
100
40
70
100
40
70
100
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының болжамды негізгі көрсеткіштері
Көрсетілген сценарийлер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2011-2015 жылдарға арналған болжамын қалыптастыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
бағаларымен қатар жүретін және келісілген болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасына ықпал ету дәрежесін ескере отырып, 2012-2014
жылдарға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде сцеранийлік нұсқаларға бөлудің негізгі
критерийімен мұнайдың әлемдік бағаларының орташа жылдық деңгейі айқындалды.
Макроэкономикалық ахуалдың дамуының үш сценарийі қарастырылатын болады, олар мұнай бағасы
деңгейінің бір баррель үшін 35, 65 және 80 АҚШ доллары болуын көздейді.
266
2-кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің
болжамдары төлем балансының болжамдарына негізделген, олар айтарлықтай консервативті болып
табылады .
Кесте 2- Нақты ЖІӨ-нің және төлем балансы көрсеткіштерінің 2012-2014 жылдардағы болжамы (%)
Көрсеткіштер
2012ж
2013ж
2014ж болжам
40
90
100
40
70
100
40
70
100
ЖІӨ нақты өсімі, %
-0,5
3,1
4,7
4,7
0,9
3,3
1,9
3,5
5
Ағымдағы шот, % ЖІӨ пайызбен
-7,2
0,9
1,6
1,6
-5,8
1,5
-4,7
1,9
1,4
Төлем баланссы , ЖІӨ пайызбен
-1,9
2,8
2,6
2,6
-0,4
1,9
-1,8
2,2
0,6
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының болжамды негізгі көрсеткіштері
Барлық үш сценарий бойынша да бюджеттен төленетін зейнетақылардың, жәрдемақылардың,
жалақылардың және басқа да әлеуметтік төлемдердің 2013 жылы көтерілуі назарға алынды. Бұл
көтеру экономикадағы жиынтық сұранысқа сәйкес келетін деңгейде жиынтық ұсынысты ұстап тұру
бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
тарапынан тиісті шаралар қолдануды талап етеді.
3-кестеде 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының барлық
сценарийлері іске асырылған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты
бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап
тұруды көздейді [3].
Кесте 3-Ақша ұсынысының динамикасының бірінші сценариі (млрд.теңге, %)
Көрсеткіштер
2011ж
2012ж
2013ж
2014ж
іс жүзінде
болжам
Инфляция, %
7,4
6,0-8,0
6,0-8,0
6,0-8,0
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, %
7,5
6,0-8,0
6,0-8,0
6,0-8,0
Ақша базасы, млрд. теңге
2 836
2 970
3 143
3 362
Ақша массасы, млрд. теңге
9 751
9 821
10 356
11 049
Резиденттердің депозиттері млрд. теңге
8 385
8 502
8 964
9 561
Экономикаға кредиттер, млрд. теңге
8 781
7 873
8 283
8 731
Экономиканы монеталандыру деңгейі %
35,7
36,4
39,4
39,3
Дерек көзі: Төлем балансының болжамы негізінде Қазақстан Республикасы ақша-несие
саясатының болжамды негізгі көрсеткіштері
Бірінші сценарийді іске асырған кезде кейіннен 2014 жылы экономиканың 2%-ға дейін нақты
өсуін қалпына келтіру күтіледі.
Экономиканың ақшаға сұранысының төмендеуі 2014 жылы ақша ұсынысының қысқаруымен
қатар жүреді. 2012-2014 жылдары ақша ұсынысы біршама ұлғаяды, алайда оның өсу қарқыны
шектеулі болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының негізгі мақсатын баға
тұрақтылығы деп айқындағанына қарамастан, инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына көшу
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының құралдары ретінде пайыздық
ставкалардың тиімділігін көтеруге байланысты анағұрлым ұзақ болашаққа көшіріледі.
Ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіру мен көтеру және қабылданған
шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын бұдан әрі күшейту бойынша жұмыс
жалғастырылады.
Теңгенің айырбастау бағамы ауытқуының белгіленген дәлізінің қолданысы аяқталған соң,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшеді.
Бұл ұлттық валютаның тұрақтылығымен байланысты, оған әлемдік нарықтағы қазақстандық
экспорттың негізгі позицияларына қолайлы баға конъюнктурасы және төлем балансының жай-
күйі ықпал етеді. Орта мерзімді кезеңде теңгенің құнсыздануы үшін түбегейлі алғышарттар жоқ.
267
Оған қоса, экономика дамуының сценарийлерін іске асыру кезінде төлем балансының оң сальдосына
байланысты ұлттық валютаның нығаю мүмкіндігі жоғары.
Бұл ретте басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшу Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкін ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттемеден босатпайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары үнемі өзгеріп
отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер
етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларын болдырмауға бағытталады.
Қазақстан
Республикасының
Ұлттық
Банкі
теңге
бағамының
икемділігін
көтеру
мақсатында
валюталық
нарықта
өзінің
қатысуын бұдан
әрі
төмендетуге
талпынатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа
мерзімді құралдардың ақша нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының
дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Бұл ретте пайыздық саясатты бұдан әрі іске асыру
ставкалар дәлізін тарылтуға бағытталатын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі
күш-жігері банктердің өтімділігін алып тастау жүзеге асырылатын ставкалар дәлізінің төменгі
шекарасын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылатын банктердің
депозиттері бойынша ставкалар) анағұрлым икемді реттеуге шоғырландырылады. Оған қоса,
ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын өзгерту орта мерзімді кезеңге болжанатын инфляцияның
динамикасымен айқындалады. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта
қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы ағымдағы жағдайды және инфляция деңгейін ескере
отырып айқындалатын болады.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімдері мен шарттарына
байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары бойынша ставкаларды саралау
туралы мәселені қарайды.
Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қысқа мерзімді
ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің
артық өтімділігін айықтырудың негізгі құралдары болып қалады. Қысқа мерзімді ноталардың
эмиссиясы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қолдауға, мерзімі 1 жылға дейінгі
қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға бағытталады. 2011 жылы ақша
нарығындағы өтімділік жағдайы түбегейлі өзгермейді. Осыған байланысты қысқа мерзімді
ноталардың айналыс мерзімін қазіргі деңгейде – 3 және 6 ай ретінде қалдыру болжанып отыр.
Қажет болғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің қысқа мерзімді
өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді. Бұл операциялардың мерзімі қысқа
болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл ресурстарға сұраныстың өсуін
күтпейді. Сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен операциялар жүргізу арқылы өтімділікті беру
мүмкіндігі қарастырылады. Банктердің өтімділігін реттеу бойынша құралдардың тиімділігін көтеру
мақсатында Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында банктермен тікелей және кері
РЕПО операцияларын жүргізуді жаңарту мүмкіндігі қарастырылатын болады.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптар тетігін
жетілдіру, оны қолданудың тиімділігін, негізінен резервтік активтердің құрамын өзгерту бөлігінде
көтеру бойынша жұмысты бастайды. Банктің резервтік активтерінің базасынан шетел валютасындағы
активтерді алып тастау мәселесі қаралатын болады. Орта мерзімді кезеңде (2014-2015 жылдары)
резервтік активтер құрамынан банктердің кассаларындағы қолма-қол ақшаны алып тастау мәселесін
қарау да жоспарланып отыр. Банктердің өтімділігімен жағдайдың елеулі нашарлауын болдырмау
мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін төмендету мәселесін қарай алады. Барлық сценарийлік нұсқалар бойынша инфляция
бойынша мақсатқа 6-8% шегінде қол жеткізу ақша-кредит саясатының тиісті шараларымен
қамтамасыз етілетін болады. Инфляциялық қысымның күшеюіне әкелуі мүмкін артық
ақша ұсынысының ұлғаюы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айықтыру операцияларының
өсуімен қатар жүретін болады.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты қалыптасып отырған макроэкономикалық
жағдайға бара-бар болады. Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сәйкес келетін
деңгейде сақталады. Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты банк секторындағы
өтімділікті икемді реттеу арқылы кредиттік белсенділікті қайта қалпын келтіру проблемаларын шешу
үшін жағдайлар жасайтын болады. Сонымен қатар бұл шаралардың тиімділігі банк секторындағы
құрылымдық қайта құруларға байланысты болады. Қазақстан Республикасының ақша-кредит
саясаты, оның ішінде валюта саясаты ықтимал экономикалық пайдаларды да, теріс салдарларды да
268
және Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімдері шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске
асырудан туындайтын Қазақстан Республикасының экономикасы үшін тәуекелдерді ескеретін
болады.
Әдебиет
1.
“Қазақстан Республикасы банктері және банктік қызметі” туралы Заң күші бар Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы 31 тамыз 2009 жыл (өзгерістер мен толықтырулар 6
наурыз 2012 жыл, 7 желтоқсан 2012 жыл және 11 шілде 1997 жыл).
2.
«Дағдарыс кезеңінде Қазақстан Республикасы қаржылық секторының даму тұжырымдамасы»
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, №923 1-ақпан 2010 жыл,-б,2.
3.
2011-2014 жылға ақша-несие саясатының негізгі бағыттары // 2011 желтоқсан №146 Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі кеңесінің Қаулысы.
4.
ҚРҰБ статистикалық бюллетені : 2013 жыл,№12 (181)
5.
Ершов М.В., Зубов В.М. Эффективности банковской системы: актуальные аспекты // Деньги и
кредит. 2009. 10. б. 3 -10
6.
Конакбаев А.Г., Кредитная система Республики Казахстан: современное состояние и проблемы
развития // журнал «банки Казахстана», № 5, 2011ж.
7.
Россия; гос.банк; Свод уставов Г. Банка и контор его указов и инструкций об устройстве,
делопройзводстве и отчетности контор и отделений Государственного банка. IV, 330б,24.
Санкт-Петербург 1961г (dvs.rsl.ru)
8.
Скалон, Василий Юрьевич; 1846-1907; Крестьянский банк и его недоимщики. VI, 348с,ил. 1905
(dvs.rsl.ru)
СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ БАНКОВСКОЙ СИСТЕМЫ И ДЕНЕЖНО-КРЕДИТНОЙ
ПОЛИТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Ж.Б. Мәмірсана,С.Ж. Ибраимова
В статье рассмотрено современное состояние банковской системы и денежно-
кредитной политики Республики Казахстан. Кроме того, расмотрены сценарии банковской и
денежно-кредитной политики в период мирового экономического кризиса.
CURRENT STATUS OF THE BANKING SYSTEM AND MONETARY POLICY OF THE
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
J.B.Mamіrsana, S.J.Ibraimov
The article deals with the current state of the banking system and monetary policy of the Republic
of Kazakhstan. In addition, the scenarios examined banking and monetary policy during the global
economic crisis.
269
ӘОЖ 330.322
Е.Сағындықұлы, Б.Қуантқан
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ
ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация: Мақалада Қазақстанның экономикасындағы шетелдік инвестициялардың
алатын орны мен мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: инвестиция, шетел инвестициясы, инвестициялық климат, потенциал,
технология.
Ұлттық экономиканы дамытудың басты мәселелерінің бірі – экономикаға шетел
инвестицияларын тартуға үлкен мән беру болып табылады. Шетелдік инвестициялар – елдің
макроэкономикасы мен жаңа индустриялық саясатын жүзеге асырудың ең негізгі аспектісі.
Индустриялық бағдарлама жүзеге асырыла бастаған алғашқы жылдың өзінде-ақ еліміз бойынша 150
жаңа өндіріс орны ашылып, он мыңнан астам жұмыс орындары құрылған-ды. Жаһандық
экономикалық дағдарыс инвестиция салуға болатын тиімді нысандар тапшылығы мәселесі мен
инвестиция көздерінің тапшы екенін көрсетті. Бұл тұрғыда саяси тұрақтылығымен танылған
Қазақстанның басымдықтары көп. Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған біздің ел логистика
тұрғысынан, географиялық орналасуы жағынан ыңғайлы. Білікті еңбек, табиғи ресурстарымен,
қолайлы инвестициялық заңнамаларымен, тағы да бірқатар артықшылықтарының арқасында
Қазақстан Орталық Азиядағы көршілес елдермен салыстырғанда өзінің тиімділігімен ерекшеленеді.
1993 жылдан бері елімізге шамамен 130 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік
инвестиция тартылды, әрі инвестициялар көлемі жылдан-жылға ұлғайып отырды. Қайта өңдеу
өнеркәсібіне тартылған инвестициялардың көлемі де өсіп отыр. Әлемдік қаржы нарықтарында
қалыптасқан тұрақсыз жағдайға қарамастан, 2010 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңдеу
саласына 2,1 миллиард доллар тартылды. Бұл өткен 2009 жылдың көрсеткіштерінен 17 пайызға
артық. Қазір қайта өңдеу саласына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың үлесі 12 пайыздан
асып отыр. Мұның барлығы – экономикадағы ілгерілеушіліктің белгісі. Ұлттық экономика
шикізаттық бағыттан тартынып, қосымша құны жоғары өндірістерге қарай бетбұрыс жасай бастады.
Ал инвестор-мемлекеттер арасынан Қазақстанға ең көп көлемде инвестиция салған мемлекеттер
қатарына Нидерланды, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Ресей және Канада сияқты елдерді
атауға болады.
БҰҰ-ының сауда және экономикалық даму жөніндегі Конференциясы жариялайтын жыл
сайынғы «Әлемдік инвестицияның есебі» – бүкіл дүние жүзіндегі шетелдік тікелей
инвестициялардың бағыты мен көлемін жан-жақты қамтып көрсете алған бірден-бір құжат болып
саналады. Кезекті жарық көрген есептің ең маңызды ерекшелігі – егер 2003 жылы шетелдік тікелей
инвестициялардың (FDI) басым бөлігін әлемнің дамыған елдері алған болса, 2004-інші жылы тікелей
инвестциялардың денін дамушы елдер тартқан. БҰҰ-ының бүкіл әлемнің қоғамдарындағы азаматтық
және еңбек топтары мен компаниялардың жұмысын үйлестіруші Ғаламдық байланыс тобының
жетекшісі Джордж Келлдің (George Kell) атап көрсетуінше, экономистердің көбі тікелей шетелдік
инвестицияны немесе FDI-ды әлемдік нарықты интеграциялау мен ғаламдастырудың «ең үздік
агенті» деп қарастырады. FDI-дың бағыт-бағдары, оның пікірінше, әлемнің қаншалық өзгергенін
аңғартады [1].
Қазақстан
Республикасының
экономикасының
дамуы
отандық
және
шетелдік
инвестициялаудың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Шетел инвестициялары Қазақстан
Республикасының территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиісті
азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, интеллектуалды қызметті және тағы
басқа мүліктерді, сонымен қатар қызмет пен ақпарат нәтижелеріндегі ақшалай бағасына ие мүліктік
құқықтар түрінде шетел капиталын салу болып табылады [2].
Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде
қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Қай елде болмасын
270
инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей
байланысты. Инвестициялық климатты анықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану
саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел
инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек
бағалауға, үшіншіден шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның қызмет жағын
анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және
мәдени және тағы басқалары бір-бірімен байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни,
инвестициялық климатты бірнеше көрсеткіштер (факторлар) арқылы бағалауға болады. Оларға:
экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы;
табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу
дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің
болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің
болуы; мемлекеттік нарық потенцалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының
және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады [3].
Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің
өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2006 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік
инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд. долларды құраса (2005 жылмен салыстырғанда 60
пайызға өскенін көрсетеді), ал 2007 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы
түсімдері 17,5 млрд. долларды құрады (2006 жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскенін көрсетеді).
2008 жылдың бірінші тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3
млрд. долларды, ал екінші тоқсанында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік
қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың
түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады.
Астанада ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, жалпы, бүкіл Қазақстанның экономикалық және
инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін беретіндігі сөзсіз. Басқасын былай қойғанда, ЕХРО-2017
көрмесін өткізу нәтижесінде еліміз энергетика саласында озық технологияларды өндіріске енгізу
идеяларын қабылдап, бұл саланы дамытуға жаңа тиімді инвестициялар тарту үшін қолайлы
мүмкіндіктерге ие болады.
Сондықтан да, шетел фирмаларының тікелей инвестициялары тек ішкі капитал
салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға,
сыртқы нарықтағы өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу тәсілі ретінде
қарастырылуы мүмкін. Шетел инвесторлары жаңа өндірістерді тез құруға көмектесуі мүмкін.
Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-
әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету
мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады.
Шетелдік инвестицияларды тарту жаңа технологияларды ендіруге, сонымен қатар
менеджмент пен маркетингтің қазіргі кездегі әдістерін ендіруге, инвестициялық салаға жаңа жұмыс
орындарын құруға, жергілікті мамандарды үздіксіз оқытуға жәнеде нарық жағдайына байланысты
олардың біліктіліктерін көтеруге алып келеді. Нәтижесінде, алынған техникалар мен технологиялар
отандық тауар өндірушілердің өндірісін қолдауға және ынталандыруға өз әсерін тигізеді. Демек,
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиялық және тактикалық
мәселелерді шешуге бағытталған объективтік қажет процесс болып табылады [4].
Қорыта келгенде, елдің саяси тұрақтылығы шетел инвестициялардың келуіне зор ықпалын
тигізеді. Ол дегеніміз елдің экономикалық дамуына, әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына,
жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.
Қазақстан негізінен шикізатқа бай мемлекет ретінде барша инвесторлардың назарына іліккен.
Инвестицияның негізгі көзі де сол секторға жолданғаны анық көрінеді. Ендігі мақсат шикізаттық
емес секторға тікелей инвестициялар тарту болып табылады. Бұл ретте сарапшылар көбінесе жаңадан
іске кірісіп отырған Кедендік одақтың әлеуетіне назар аудартып келеді. Өйткені, шикізаттық емес
секторды дамытып, оған инвестиция тарту үшін ең әуелі тұтыну нарығының қаншалықты ауқымды
қамтитындығына назар аударылатыны сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, инвестиция тартымдылығы артқан
сайын ел экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік те арта түсетіндігі белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |