•Мылтықпен аң аулау. Мылтықпен аң аулау бірнеше себептермен кең таралмаған.
Біріншіден, мылтықтың, қазақтардың аңшылықтың бұл түрімен сирек айналысуына байланысты
далалы жерлерде кең таралмауынан. Екіншіден, жергілікті тұрғындарға мылтық, тіпті кез-келген
қару иеленуге тиым салынғандықтан [40, с.39]. Мәселен, Шығыс Қазақстанда генерал
Киндерманның өкімі бойынша «қырғыздарға (қазақтарға – Қ.А.Б.) даланың тұрғындары қару етіп
қайта құяды деп, шойын қазандардан басқа, қандай да бір темір заттарды сатуға тиым салынған»
[41, с.107]. Оларды қолөнерші шеберлер дайындады немесе ортаазиялық, сондай-ақ, қалмақтар
мен башқұрттардан сатып алынды.
Қазақстанда аузынан, пілтемен және сирағымен бөкендердің мүйізінен және ағаштардан от
алатын тегіс оқпаны бар білтелі мылтықтар (қара мылтық, мысық, құлақ мылтық) кеңінен
қолданылған [9, с.163; 40, с.39-40; 42, с.188]. Көп жұртты осы жетілдірілмеген мылтықпен
әкелген табыстар таңқалдырды. Аңды ату үшін аттан түсіп, мылтықты сираққа бекітіп, білтені
шақпақпен тұтатқан, тетіктің көмегімен тұтанған білтені оқ-дәріге босатып, нысанаға алған. Бұл
үрдістің барлығы көп уақыт алған. Оқ-дәріні өздері жасаса да, оның көп бөлігі Бұхарадан, ал
қорғасын – Ресейден тасып әкелінген [43, с.57; 44, с.110].
Аңшының міндетті жарақтарының бірі кісе белдік болды, оның оң жағында шақпақ, шақпақ
тас, қосалқы білте, мылтықты майлауға арналған тоң май салынған арнайы сөмке, сол жағында –
оққа арналған екі шағын қалта, пышақ, артқы жақта – оқ-дәрі сауыты болған. Ақбөкеннің
мүйізінен жасалған бір атар да болды [40, с.40].
ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап капсульді мылтықтар пайда бола бастады [45, 21б.].
Я.Полферов орыс шаруаларының келуімен бірге жергілікті аңшылар арзан ұңғылы мылтықтар,
қосатарлар, сондай-ақ, олардың мақтанышы саналатын алысқа ататын винтовкалар сатып ала
бастады [18, с.37].
Аңшылықта мергендер өздеріне қымбатқа түсетін оқтарын үнемдеп атуға тырысқан. Бұған
басты себеп оқпен қамтамасыз ететін көпестердің оларға оқ-дәрілердің өте жоғары құн қоюында
болды.
Мылтықпен аң аулау жалғыз да және топ болып та жүргізілген. Осындай әдіспен аң аулау
кезінде міністі тұяқтыларды қолданған, ол өте қызықты өткен. Аңшылықтың бұл түрінің айналып
өту, тұзақ құру, қуып ұстау сияқты бірнеше тәсілдері болған. Аңшылар құландардың тобырын
көрген бойда, олардың сыртынан шығып, жоталардың қиырларына кетіп жасырынып қалмаулары
үшін жалғыз аяқ жолмен жазыққа қарай қууға, бұл үшін жартылай шеңбермен немесе тұйықтап
ұстауға тырысқан. Табындағы құландарды бір-бірден бөліп алу үшін адамдар өздерінің
қатарларын сақтап, тықсырып, жақындатқан, осыны пайдаланған мергендер өздері атып алуға
болатындай жерден көздеуге мүмкіндік алған [46, 69-72б; 47,291б.]. Аңшылар құландар мен
сайғақтарды қуып жете алмаса және оны қуып жетуден үміті болмаса, суатқа түсетін құлан
жолына тұзақ құрған. Әдетте аңшылар су маңындағы жағалау жартасының қуысында аңдарды
күзеткен. Белгіленген қашықтықта ағаш бұтақтарының арасына бірнеше адамдар жасырынып
отырған, олардан кейін табын жақындаған кезде белгі беретін тағы бірнеше адам дөң жерге
орналастырылған. Ең соңғы құлан келіп су маңына жеткен кезде аңшылар мылтықтарынан атқан.
Кейде ағаштар орнына құлан жолының жанынан ор қазып, қараңғы түскенше сонда торуылдап
отыртын болған [23, с.122-123; 28, с.208-209; 46, с.72].
Торуыл ақбөкендер мен қарақұйрықтарды аулау кезінде де жасалған. Бұл үшін суат
алдындағы соқпаққа қамыстың жұқа сабақтарынан жарты шеңбер түрінде немесе төрт бұрышты
62
аран құрылған. Жақындаған ақбөкендерге бірнеше ақбөкен тұлыптары орнатылған өткел
жасалған. Қақпаның жиектерінен ұра қазып, онда мылтықпен, таяқтармен, пышақтармен
қаруланған аңшылар тығылып жататын болған. Бұл торға ақбөкендер үйірін алыста жасырынып
тұрған салт аттылар қуып түсіруге тырысқан. Өздерінің алданғанын сезген ақбөкендер жүйріктік
мүмкіндіктерін барынша пайдалануға тырысып суатқа түсуге талпынған және торуылдың тура
ортасына бет алған. Мылтықтың атысынан және адамдардың шу-дабылынан үріккен жануарлар
торуылдан сытылып шығуға тырысқан және үшкір тастардың үстіне шығып кеткен, содан
торуылшылардың қолына түскен [13, с.153; 23, с.118; 48, с.30; 49, с.47-48; 50, с.246].
Аңшылар арқарлар мен тау ешкілерін аулауға өте сақтықпен барған. Оларды бытыра
немесе мылтықпен 500-600 қадам қашықтықтан атып алған. Өйткені оларға жақындау мүмкін
емес болған [51].
Шығыс Қазақстанның Тарбағатай тауларының сілемдерінде мүйіздері Қытайда өтімді
болған маралдарды аулаған [52, с.121-122; 53].
Жыртқыш аңдарды, әсіресе, жолбарысты аулау көп қатер тудырған. Олар ХVІІІ-ХІХ ғғ.
Сырдарияда, Арал теңізінің жағалауында, Шу өзенінің сағасында, Оңтүстік Балқашта және Іле
өңірінде кездесетін болған. Жолбарысты аулау аңшы-кәсіпкерге орасан зор олжа алып келді,
себебі жолбарыс терісі өте жоғары бағалы болып саналған [54]. Жыртқыш аңды үлкен тобырмен
қаумалап ұстаған. «Білтелі мылтықпен қаруланған 20 адам жолбарыс жасырынған қамыстың
жанына жиналып, сабақтарын жел жағынан бастап өртеген. Ыстық пен от аңды мекенінен
шығуына және аңшылардың оғына ұшырауына душар еткен» [48, с.45]. Атыс алдын ала
белгіленіп қойған жерден атылған. Сақтық шарасы ретінде аңшылар киіз үйдің сүйенішін
пайдаланып, соның ішінде асықпай жолбарыстың шығуын тапжылмай күткен. Аң әдетте киіз
үйдің сүйенішіне тарпа бас салады, осы кезде оны нақ басынан атып өлтіреді. Кейде пәршесі
шыққан ірі малды мылтықтармен байластырып қойған, «олардың ілгегі жан-жақтан жануардың
етіне байланған, жолбарыс қай жақтан келсе де, бірнеше мылтық қатар атылған» [55, с.44].
Барысқа арнайы аңшылық жасалмаған. Оның түнде шыққанда немесе биік тауда кездейсоқ
кездесіп қалғанда атып өлтірген. Қабанның орынан жиі кездескен бағалы және жұмсақ жүнді
терісі үшін сілеусінді аулап жүргенде, жиі жабайы шошқалардың сүрлеуіне кезіккен [27, с.12; 52,
с.117].
Жоңғар, Іле, Тарбағатай тауларынан және басқа да жерлерден қоңыр аюды да аулаған.
Көбінесе оны қыста апандарынан олжалаған. Қуғыншылар аңды алдын ала әдейілеп дайындалған
атқыштардың оқ астына қарай қуған. Оларды мал өлімтіктерінің немесе жемтіктердің жанында да
атып алған [56, с.244; 57].
Ұсақ аңдарға жалғыз аң аулауға шығуды қыста, қырбақ қар жауған кезде дұрыс көрген.
Қазақтарда терісі өзге ұлпа жүнділерден ақ тиындар мен бұлғындарды бағалы саналатын
болғандықтан, таулы жоталарда кездейсоқ кездесіп қалған сәттерде аулаған [58, с.30; 59].
Суда жүзіп жүрген жабайы құстарды, әсіресе, үйректер мен қаздарды көктем және күзгі жыл
құстары көші кезінде, кіреберістен немесе су қоймалары мен көлдер маңына құрылған
күркелерден аулаған. Кейде ағаш бұтақтарымен және қамыспен жабылған сулы жерлерді
пайдаланған.
•Аңшылықтың басқа түрлері. Жергілікті тұрғындар «ірі аңдарға көбіне қақпандар, ал, ұсақ
аңдарға тұзақтар мен торлар құрған» [60, с.354].
Қақпан құрып аулау күрделілігімен ерекшеленеді. Оған арнайы дағды қажет және аңның
нағыз мекендейтін жерін таба білу тәсілі керек. Әр аңға лайық кәсіпқой шеберлер жасаған немесе
көпестерден сатып алынған қақпан құрылады. Ондағы әртүрі иістерді жою үшін қақпанды құрмай
тұрып, оған қосылған шынжырды арнайы ыдыста күлмен мен немесе жасыл жусанмен қайнатқан.
Оларды аңдардың суатқа беттейтін жолдарына, апандарының, індерінің жанына орнатқан.
Жем-қоректерді бірнеше топқа бөліп қойған: иісін шығару үшін (жануарлардың, ұсақ
кеміргіштердің еттері, жемдер, жемтіктер (үй жануарларының, өлген жабайы құстардың еттері)
және тірідей жемтіктер [61, с.18-25].
Қояны өте көп Балқашта олардың жолына немесе ескі құдық жандарына қасқыр мен түлкіге
жемтіксіз әдейі қақпандар қойылған.
Маңғыстауда қасқыр мен түлкілерге тас қақпандар қолданылған. Олар тастарды бірінің
үстіне бірін қою арқылы үйшік сияқты алдамшы түрде жасалынған. Қарауылға алдамшы жемтікті
іліп қойған, оған жануардың денесі тиген бетте үстінгі тас құлап, шығатын жолын бөгеп қалған
[62, с.98].
Жолбарыстар мен аюларды аулағанда жемтік жанына күшті серіппесі бар салмағы 30 кг
қақпанға шынжыр байлаған бөрене бекітілген, олар қатты тұрған қақпаннан шығып кете алмаған
63
немесе табандарын тартып ала алмаған. Кейде пышақтармен бекітілген сақтандырушы
бөренелерден қарапайым құрылғы жасалған. Аң қақпанға түскеннен соң да олардың қасына
жақындау өте қауіпті болған, сондықтан оларды атып өлтірген. Жолбарысты балтамен ұрып,
кейде жәй қанжармен өлтірген батыл жүректілерде табылған [28, с.208; 56, с.11].
Аулау олжасы ретінде қолға барыстар да түскен. Бұл жерде қақпан тәсілі қолданылған.
Жолбарыс түсетін қақпанға керісінше тартылған шынжырды қатты нәрсеге бекіткен. Себебі
барыс қақпанға түскеннен кейін босауға талпынбайды, тек ақырып, жерді тырмалайды. Көбінесе
оны қақпаннан тірідей ұстаған. Ол тек жан тапсырар алдында ғана аздап шабуыл жасайтын
болған.
Ұсақ жабайы құстарды (қырғауыл, құр, ұлар, бөдене) аулағанда тор, тұзақтар, қолға
үйретілген құстардың жемдерін қолданған.
Бөденелер, құрлар жылқының талшық жүнінен жасалған бірнеше тұзақтармен ауланды.
Қырғауылдарға қамыстардың ішіндегі бұталарға кең ұяшықты желілер тартып қойып, оларды
сонда қуып түсірген. Кейде өздері-ақ түсіп қалып отырған. Ірі жабайы құстарды (тұйғындар мен
буылдырықтарды) шашты арқандарға өткізе салған бірнеше қатарлы тұзақтармен аулаған. Оларды
ағаш қадалардың арасына бекітіп, бетін қармен жапқан. Жем ретінде қармен араластырып тары
сепкен, құстар оны шоқып жеп, аяқтарымен тұзаққа түскен. Шығыс аймақтарда соңғыларды аулау
үшін орыстардың үлгісімен себеттер пайдаланған [18, с.113-114; 63, с.9; 64, с.10; 65, с.25].
Жергілікті тұрғындар аң аулаудың басқа да: түтіндету, су құю, іннен қазып алу немесе
көптеген халықтарға белгілі улау секілді түрлерін білген [66, с.43].
Сонымен, ежелден Қазақстан аумағында аңшылық нысанасы әр түрлі ұлпа жүнді аңдар,
тұяқты жануарлар, далалық және су құстары болған. Егер «дәулеттілер табы үшін бұл кәсіптен
гөрі думан, ермек» болса, аңшы құсы, тазысы және мылтығы бар халықтардың кедейлер табы
үшін аңшылық кәдімгі кәсіп болып табылады [67, с.100]. Тәжірибелі аңшылар терілер мен
мүйіздерді сатудан айтарлықтай табыс тапқан. Революцияға дейінгі кезеңде тек Торғай және
Ақмола облыстарында ғана ұлпа жүнді аңдарды аулау жыл сайын 300 мың рубльден астам кіріс
келтіріп отырған [68]. Ұлпа жүнді аңдардың және тұяқты жануарлардың терілері әрқашанда
қазақтардың көрші халықтармен қызу саудаларының заттары ретінде қызмет атқарған. ХVІІІ ғ.
қазақтар жыл сайын Орынбор мен Троицк бекінісіне сату үшін 30-дан 40 мың түлкіге дейін алса,
40-50 мың қарсақ терілерін [47, с.292] аулап, өндірді. 1890-1990 жылдар аралығында Жетісуда
21 088 қасқыр, 49 767 түлкі, 23 426 борсық, 28 889 күзен, 810 аю ауланған [69, c.69]. Бұл тек
статистикалық ресми деректер ғана, өлкедегі ауланған ұлпа жүнді және өзге аңдардың нақты
санын анықтау мүмкін емес, өйткені, қазақтар терілердің көп бөлігін өткінші керуендердің әр
түрлі тауарларына айырбастаған. Көптеген терілерді желілік тораптарға байқаусыз әкелген.
Әдебиеттер:
1.
Мариковский П.И. Способы и объекты охоты по мотивам наскальных рисунков Чулакских гор
КазахскаяССР) / Зоологический журнал. – 1953. – Т.ХХХП. – Вып.6. – С.1064-1073.
2.
Кадырбаев М.К., Марьяшев А.И. Наскальные изображения хребта Каратау. – Алма-Ата, 1977.
3.
Смирнов Ю.А. Из истории охоты в Казахстане // По охотничьим просторам Казахстана. – Алма-Ата,
1965. – С.5-27.
4.
Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. – Алма-Ата, 1979. – 160 с.
5.
Арсланова Ф.X. Бобровский могильник // Известия АН КазССР. – 1963. – Вып.4. – С. 79-84.
6.
Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в
древнейшие времена. – Т.1. – М.–Л., 1950. – 381 с.
7.
Петров К.И. Очерки феодальных отношений у киргизов в XV–XVIII вв. – Фрунзе, 1961. – 175 с.
8.
Вайнштейн С.И. Историческая этнография тувинцев. Проблемы кочевого хозяйства. – М., 1972. –
314 с.
9.
Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб. 1. V в. до н.э.– XVIII в. н.э. – Алма-Ата–М.,
1935. – 299с.
10.
Муканов М.С. Охота с ловчими птицами у казахов // Известия АН КазССР. – 1983. – № 3. – С.47-51.
11.
Бабалықұлы Ж. Қырандар. – Алматы, 2009. – 184 б.
12.
Ефремов Ф. Девятилетнее странствование. – М., 1952. – 114 с.
13.
Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб., 1986. –288 с.
14.
Наливкин
В.П.
Особенности
охоты
у
туземцев
Туркестанского
края // Природа и охота. – 1891. – №6. – С.69-79.
15.
Немврод К. Охота с ловчими птицами в Семипалатинской губернии // Охота и пушнина Сибири. –
1926. – №5. – С.12-14.
16.
Народы России. Киргизы. – СПб., 1879. – 172 с.
17.
Шорманов М. Қазақтың салт-дәстүрлері. – Павлодар, 2005. – 126 б.
18.
Полферов Я.Я. Охота в Тургайской области. – Оренбург, 1896. – 184 с.
64
19.
Ширинкин К. Ловчие птицы Туркестана // Природа и охота. – 1890. – №6. – С.68-79.
20.
Симаков Г.Н. Соколиная охота и культ хищных птиц в Средней Азии: (ритуальный и практический
аспекты). – СПб., 1998. – 320 с.
21.
Бабалыков Ж. Беркутчи // Nomad – Kazakhstan. – 2006. – №1. – С.50-56.
22.
Карутц
Р.Среди
киргиз
и
туркменов
на
Мангышлаке.–СПб.,
1910. – 188 с.
23.
Леваневский М.А. Очерки киргизских степей (Эмбенского уезда) // Землевладение. – 1894. – Кн. Ш.
– С.44-56.
24.
Орехов И. Охота с ловчими птицами у киргизов // Туркестанские ведомости. – 1910. – № 65-68.
25.
Сеитов М.Д. Охота с ловчими птицами у казахов Семипалатинского края // Записки Семипалат.
отдела общества изучения Казахстана. – Т.1. – Семипалатинск, 1929. – С.65-74.
26.
Назаров Ф. Записки о некоторых народах и землях средней части Азии. – СПб., 1821. – 98 с.
27.
Скоробогатов В. Туркестанская охота // Туркестанский охотник. – 1895. №9-12.
28.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Ч.ІІІ.
Этнографические известия. – СПб., 1832. – 304 с.
29.
Ибрагимов И. Этнографические очерки киргизского народа // Русский туркестан. – 1872. – Вып.11.
– С.44-65.
30.
Храпский Б.Ф. Степи // Природа и охота. – 1894. – №4. – С.51-54.
31.
Конев Ф.И. Охота с беркутами в Оренбургском крае // Псовая и ружейная охота. – 1902. – Кн.5. –
С.99-105.
32.
Слудский А.А. Азиатская борзая тазы и охота с ней. Алма-Ата, 1939. –48 с.
33.
Шерешевский Э.И. Борзые и охота с ними. – М., 1953. – 34 с.
34.
Харузин А. Киргизы Букеевской орды (антрополого-этнологический очерк). – Вып.1. – М., 1889. –
184 с.
35.
Вулъфсон Э. С. Киргизы. – М., 1901. – 72 с.
36.
Казанский В.И. Охота с борзой. – М., 1957. – 68 с.
37.
Әбдімәлік Б. Тарғытайдың тазысы // Сыр мен сымбат. – 2009. – №1/2. – 14-15 бб.
38.
Шерешевский Э.И. Натаска и нагонка охотничье-промысловьгх собак. – М., 1949. – 116 с.
39.
Бабаджанов
X.С.
Охота
во
Внутренней
киргизской
орде
//
Коннозаводство и охота. – 1871. – № 1. – С.3-6.
40.
Уәлиханов Ш.Ш. Қырғыздардың байырғы кезеңдегі қару-жарақтары мен әскери сауыт-
саймандары // Көп томдық шығармалар жинағы. – Т.4. – Алматы, 2010. – 38-42 бб.
41.
Потанин Г.Н. Поездка по Восточному Тарбагатаю летом 1864 года // История Казахстана в росских
источниках XVI–XX веков. Т. VII. Потанин Г.Н. Исследования и материалы. – Алматы, 2006. – 107-
159.
42.
Гавердовский Я.П. Обозрение Киргиз-кайсакской степи (часть 1-я) или Дневные записки в степи
Киргиз-кайсакской 1803 и 1804 годов // История Казахстана в росских источниках XVI–XX веков.
Т. V. Первые историко-этнографические описания казахских земель. Первая половина ХІХ века. –
Алматы, 2007. – С.155-282.
43.
Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков // Новые ежемесячные сочинения. – СПб.,
1776.
44.
Гавердовский Я.П. Журнал, веденный Свиты его канцелярского величества поручиком
Гавердовским // История Казахстана в росских источниках XVI–XX веков. Т. V. Первые историко-
этнографические описания казахских земель. Первая половина ХІХ века. – Алматы, 2007. – С.17-
154.
45.
Курылев В.П. Оружие казахов // Материальная культура и хозяйство народов Кавказа, Средней
Азии и Казахстана. – Л., 1978. – 18-23.
46.
Степняк Е. Охота на куланов // Природа и охота. – 1896. – № 3. – С.69-72.
47.
Рычков П.И. Топография Оренбургская. – СПб., 1762. – 405 с.
48.
Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – М., 1975. – 181 с.
49.
Шнитников В.Н. Звери Казахстана. – Алма-Ата, 1942. – 112 с.
50.
Бларамберг Н. Воспоминания. – М., 1978. – 261 с.
51.
ЦГА РК. Ф.374. Оп.1. Д.4834. Л.8.
52.
Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Под ред. В.П. Семенова. – Т.18.
Киргизский край. – СПб., 1903. – 478 с.
53.
Киргизская степная газета. – 1895. – №3.
54.
ЦГА РК. Ф.44. Оп.12. Л.15.
55.
Пашино Л.И. Туркестанский край в 1866 г. Путевые заметки. – СПб., 1868. – 318 с.
56.
Слудский А.А. Пушные звери Казахстана. Алма-Ата, 1939. – 286 с.
57.
Киргизская степная газета. – 1896. – №21.
58.
Смирнов Е.Т. Сыр-Дарьинская область. – СПб., 1887. – 355 с.
59.
ЦГА РК. Ф. 393. Оп.1. Д.100. Л.86.
60.
Спасский Г. Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой орды // Сибирский вестник. – 1820. – Ч.Х.
– Кн.6. – С.343-357.
65
61.
Слудский А.А. Волк и борьба с ним в Казахстане. – Алма-Ата. – 1937.– 48 с.
62.
Шнитников В.Я. Млекопитающие Семиречья. – М.-Л., 1936. – 118 с.
63.
Горчаковский А. Семиреченский фазан // Туркестанский охотник. – 1924. – № 1-4. – С.7-9.
64.
Зарудный Я.А. Краткий очерк охотничьего промысла в Сыр-Дарьинской области. – Ташкент, 1915.
– 48 с.
65.
Руденко С.П. Очерк быта северо-восточных казаков // Казаки. Материалы комиссии
экспедиционных исследований. Серия Казакстанская. –Л., 1930. – Вып.15. – С.1-72.
66.
Броневский С.Б. Орта жүз қазақтары туралы. – Павлодар, 2005. – 168 б.
67.
Бларамберг Я. Военно-статистическое описание земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевской) и
Зауральской (Малой) орды, Оренбургского ведомства //Военно-статистическое обозрение
Российской империи. – Т.XIV. – Ч.3. – СПб., 1848. – 119 с.
68.
Киргизская степная газета. – 1897. – № 10.
69.
Шостак А.С. Охотничье хозяйство Джетысу. – Алма-Ата, 1927. –128 с.
ЖОЖ
327(574)
Акмадиева Г.П. Семипалатинский государственный университет имени Шакарима
БУДУЩЕЕ КУЛЬТУРНЫХ ОТНОШЕНИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН И
РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИЙ
В статье рассматривается история международных культурных отношений Республики
Казахстан и Российской Федераций. Российско-казахстанские отношения является одним из
главных внешнеполитических приоритетов Казахстана. Прочный фундамент взаимного
сотрудничества автор видит в близости геополитических интересов двух стран.
In the article history of international cultural relations of Republic of Kazakhstan is examined and
Russian Federations. Russian-Kazakhstan relations is one of main foreign-policy priorities of
Kazakhstan. Durable foundation of mutual collaboration an author sees in the closeness of geopolitical
interests of two countries.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына
байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен
формаларына терең өзгерістер еңгізеді. Әр елдің мәдениеті, білімі, әдет ғұрпы, салт-санасы қай
халықтың болмасын елдігін, өзіне тән ерекшелігін, мемлекттігін білдіретін жағдай екендігі сөзсіз.
Себебі, жер бетінде адам баласы қалай пайда болып тіршілік етсе, сол адамдармен бірге мәдениет,
әдет- ғұрып пайда болып, өркендеп дамыған болатын. Сондықтан да әр мемлекттің даму дәрежесі
оның мәдениетінің, ғылымы мен білімінің, адамдарының әл- ауқатының қаншалықты даму
деңгейде екндігімен өлшенеді, соған қарап бағаланады. Яғни, бүгінгі халықаралық қатынастар
жүйесінде, мемлекеттер арасындағы қарым- қатынаста мәдени сала ынтымақтастықтың маңызды
факторларының біріне айналды.
Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдістерінің күрделене түсуі халықаралық
қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпал жасауда. Сондықтан да мәдени саладағы
ынтымақтастық халықаралық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылары сөзсіз.
Қоғамдық қолдауға сүйене отырып, мемлекеттер өздерінің шетелдегі ықпалдарын, әлемдік
сахнадағы орнын, рөлін күшейту мақсатында өздерінің сыртқы саясатының мүддесінде
халықаралық мәдени алмасуларды, байланыстарды пайдалануға тырысады. Еліміз де өз
тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шыға отырып, өзінің
сыртқы саясатының бағыттарын қалыптастыру мақсатында әлемнің көптеген елдерімен барлық
салада, оның ішінде мәдени салада қарым-қатынастар орната бастады. Сол ретте Қазақстан
Республикасының сыртқы саясатындағы маңызды бағыттарының бірі- көршілес Ресей
мемлкетімен ынтымақтастығын дамыту еді. Екі мемелекет арасындағы қарым-қатынастар өз
бастауын сонау XVI ғасырдан алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, тарихы, оның ішінде
мәдениеті өзара тығыз байланыста дамуда.
Екі ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейін бұл байланыстар ауызбіршілік пен нағыз достыққа
негізделген дәстүрлі байланыстарға айналды, себебі екі елдің мәдени қазыналарды дамытудағы
мақсаттары мен мүдделері бір. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың даму деңгейі екі
өркениет пен мәдениеттің екі жақтың халықтары арасындағы шынайы қатынастарды
қалыптастыруға деген ізгі тілек пен мақсаттан туындаған.
Осыған орай еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған
«Қазақстан – 2030» жолдауында Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын
66
сақтаудың бірден- бір маңызды жолы, ол – «өзімізге жақын, әрі көршілес ірі держава Ресеймен
өзара сенімділікке және тең құқықты қағидаға негізделген қарым-қатынастарымызды нығайтып,
дамыту екендігін» атап көретті [1].
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени ынтымақтастықтың
даму деңгейінің мәні мен маңыздылығы, оның болашағы екі елдің өзара қарым-қатынасы достық,
әріптесітік, екі жақты түсінушілік және халықаралық құқықтың қағидаларына сай негізде жүзеге
асырылуында және осы елдердің ынтымақтастық қатынастары өзінің дәйектілігімен толық
түсіністікке бағытталғанымен сипатталады.
Қазақстан мен Ресей қазіргі кезде мәдени қатынастар саласында тамыры тереңге кеткен
байланыстар орнатқан. Екі ел арасында осы салада ынтымақтастықты дамытуға қажетті құқықтық
негіздің жасалуы, екі жақтық мәдени байланыстарды кең көлемде орнатуға жол ашып беруде және
мәдени ынтымақтастық, жалпы алғанда геосаяси және геостратегиялық қарым-қатынастар тең
құқықты, достық қатынастар негізінде қалыптасуда.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі кезде дамуы білім беру саласының рөлінің өсуімен
сипатталады, ол оның жағдайына едәуір ықпал етеді және барлық адамзаттық өркениет сияқты
жекелеген мемлекеттер мен халықтардың экономикалық және әлеуметтік өрлеуінің негізін
анықтайды.
Білім беру саласы адамдарды бір-біріне жақындатуда үлкен орын алады. Екі мемлекет
арасындағы білім саласындағы ынтысақтастықтың болашақата алар орны ерекше. Қазіргі кезде
Қазақстан мен Ресей арасындағы білім саласындағы кірігуде нақты тәжірибелі қадамдар жасалуда.
Соның ішінде 1994 жылғы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
мәдениет, білім және ғылым салалары бойынша қарым– қатынастарды нығайту» жөніндегі және
1998 жылы 28 қарашада «Білім жөніндегі құжаттар мен ғылыми дәрежелер мен жақтардың
мәртебелерінің тең екенін мақұлдаған, сондай-ақ екі ел азаматтарының ЖОО- на оқуға түсуге де
тең құқық беру» жөніндегі келісім-шарттарды ерекше атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда Ғылым және Білім министрлігінің келісімімен Ресей Федерациясының келесі
ЖОО филиалдары жұмыс жасап жатыр: Челябинск мемлекеттік университетінің, Санкт-Петербург
кәсіподақтарының гуманитарлық университетінің, Еңбек және әлеуметтік қатынастар
академиясының, Мәскеулік эккономика, статистика және информатика университетінің, сондай-
ақ, 1995 жылдан бастап Байқоңыр саласында Мәскеу авиациялық институтының филиалы жұмыс
істеп келе жатыр. [1]
Гуманитарлық саладағы екіжақты келісім-шарттардың нәтижесінде бірнеше бірлескен
жоғары оқу орындары құрылды. Атап айтқанда, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
институты базасында Томск мемлекеттік университеті мамандықтары бойынша жоғары білікті
мамандар даярлаудың халықаралық бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Қрағанды қаласында
мемлекеттік емес Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы гуманитарлық университеті жұмыс істейді.
Университет базасында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Республикалық
қашықтықта оқыту оқу-әдістемелік кеңесі (РҚООӘК) құрылды. Кеңес өз жұмысы барысында осы
технологияны Республикалық білім жүйесінде тәжірибелі түрде қолданып және одан әрі
таратылуына ықпал етуге шақырылады.
Екі мемлекет арасындағы мәдени байланыстардың ең бір маңызды оқиғасы 2001 жылы Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті негізінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу
Мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы
ММУ филиалының ашылуы жоғары білім саласындағы нақты кірігудің және тиімді әріптестіктің
мысалы бола алады. Филиал студенттері– қазақстандық азаматтар жоғарғы курстарда оқуды
Мәскеуде жалғастырады. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін экономиканың әр салаларында
жұмыс істей алады. Сондай ақ Қазақстанда Ресейдің әр түрлі жоғары оқу орындарының
филиалдары бар.
Ресейдегі Қазақстан жылы аясында 2003 жылы 29 қазанда Мәскеу лингвистикалық
университетінде қазақ тілін оқытатын Орталық салтанатты түрде ашылды. Ашылу сәтінде
көптеген қазақ диаспорасының өкілдері, ел дипломаттары, саясаткерлер және ғалымдар қатысты.
Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру саласындағы байланыстардың маңызды бір
нәтижесі Қазақстан- Ресей университетінің ашылуы. Мұның өзі ХХІ ғасырға бағдарланған
мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияға сәйкес шара десе де болады.
Қазақ жерінде атақты оқу орны – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетінің алар өзіндік орны бар. Елімізідің экономикасында, ғылымында ізгі із қалдырған
көптеген белді мамандар аталған оқу орнын бітіріп, бүгінде тәуелсіз Қазақстанның даму жолында
үлкен үлесін қосып жүргені белгілі.
67
Н.Ә. Назарбаев 2005 жылы 17 қаңтарда Мәскеуге барған сапары барысында М.В.
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В. Гадовничиймен кездесіп,
университеттің 250 жылдық мерейтойымен құттықтады, университеттің Ресей тарихында
мәдениеті мен ғылымына қосқан үздік үлесін, бұл идеяның маңызды қағидалары АӨСШК, ШЫҰ,
ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ және БЭК сияқты мемлекетаралық құрылымдардың қызметінде ойдағыдай
жүзеге асырылуда.[2]
Қорыта келе, екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстың өрісінің кеңге
жайылғандығына күмән келтірмеуіміз керек. Білім, ғылым ол- мәдениеттің басты құраушы бөлігі
болып табылады. Осындай байланыстар орната отырып, тарихи-мәдени тамыры тереңге кеткен
көршілес мемлекеттердің ортақ болашағынан зор үміт күтуге болады. Яғни, мәдени
ынтымақтастық үрдісін кеңейте отырып, екі елдің мәдени қазыналарды дамытудағы ортақ
мақсаттары мен мүдделерін сақтап, байытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |