ҚОРЫТЫНДЫ
Тақырыпты оқытудағы қорытынды сөз Д. И. Менделеев жасаған периодтық заң
мен периодтық жүйе және шығармашылығы жайында болуы керек. Периодтық заң
мен периодтық жүйенің жасалуы қазіргі химия ғылымының алғашқы дәуірі болды.
Химиялық элемент және оның қосылысының қасиетін ашуға арналған көптеген
эксперименттік мәлімдеме, ақпараттар бір жүйеге бірікті. Нақты ғылыми болжаулар
жаңа элементтерді іздеудегі анықталмаушылық және кездейсоқтықты жойды.
Периодтық заң радиоактивтілік табиғатын ашуға, атом ядросы және атом
құрылысының теориясы теориясының ашылуына септігін тигізді. Нильс Бор
периодтық заңды «химия, физика, минерология, техника саласының бастау жолы»
деп атап көрсетті. В. И. Вернадский периодтық жүйедегі элементтердің орналасуы
және геохимиялық қасиеттері арасында тығыз байланыс орнатты [4].
Әдебиеттер тізімі
1
И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесі»
Алматы 2005 ж.
2
А. Мырзабайұлы «Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері» Алматы
«Білім» 2004 ж.
3
К.Аханбаев « Жалпы және анорганикалық химия» , Алматы «Санат», 1999 ж.
4
http://www.studmed.ru/docs/document5341?view=4
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
171
Резюме
В статье рассматривается методика обучения периодическому закону Д.И.
Менделеева в средней школе. Показываются различные приемы описания основных
принципов периодической системы химических элементов, понимание которых
помогает эффективному усвоению данного материала учащимися средней школы.
Summary
The article considers the methodology of teaching the periodic law of D.I.
Mendeleyev at a secondary school. The author shows some techniques of description
the basic principles of the periodic table of chemical elements, the understanding of
which can help improve the learning of this difficult material for pupils of high school.
Қабылданған күні 23.11.2015 ж
ӘОЖ 54:528.942
З. Ж. Тукеева
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының жоғары санатты химия пәні мұғалімі,
мектеп директорының бейінді-бағдарлы оқыту орынбасары
E.mail:
ZuIfya.tukeeva.70@mail.ru
ХИМИЯ ПӘНІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ДИАЛОГТІК ӘДІС АРҚЫЛЫ
ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ
Аңдатпа
Мақалада ұстаздың мақсаты әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау керектігін
баяндайды. Мақсат пен нәтижеге жету үшін жаңалыққа бет бұрып, өзгерістер енгізе
отырып, үнемі кәсіби шеберлігін дамытуды қозғайды. Мұғаліммен және басқа
оқушылармен әңгімелесу - оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және
түсінігін дамытатын әдіс екенін көрсетеді.
Негізгі сөздер:
диалогтік әдіс, сұхбат, алкадиендер, номенклатура, изомерлену.
КІРІСПЕ
Болашақтан үміт күтетін, келешегін ойлайтын әр адам өз ұрпағының сауатты
да білімді болғанын қалайды. Сондықтан білім алатын мектептен де жаңаша
өзгерістер күтеді. Әр баланың адам болып жетілуінде ең маңызды орны оның – білім
алатын ортасы. Орта білім берудегі мақсат: Қазақстан Республикасын қоғамдық,
әлеуметтік және қоғамдық саяси өміріне араласатын тұлғаны дайындау. Білім -
жаһандану жағдайында өркениеттің өлшемі, тетігі, құндылығы болып есептелінеді.
Кез келген мемлекеттің дәрежесі халқының білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Білім беру саласы - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке
жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Осы кезеңдегі білім беру
ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай,
олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ
ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір
сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиетті дамыту болып табылады [1,2-б].
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
172
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жаңа заманның білім бағыты оқу тәрбиедегі технологиялардың түрлілігімен
ерекшеленеді. Себебі, педагогиканың іскерлік жүйесінің жаңа жолы қалыптасты,
оқытуда жеке белгілей оқыту, ұстаз бен оқушы арасында қарым - қатынас орнату,
білімге қызығушылығын арттыру, бағытындағы әдіс - тәсілдердің түрі жаңарды.
Қазіргі қарыштап дамыған заманның талабы өзгеше. Сол өзгермелі қоғам мұғалімі
де тек кәсіби шеберлігі жағынан емес, рухани жағынан бай, мәдениетті білім
құндылығын түсінетін, ғылым мен техника жетістіктеріне жеткен болуы тиіс. Жаңа
білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға
итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім
оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің
сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы
тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп
жіберуіне тура келеді. Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен
оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа
алдым.
Мен, оқушыларға химия пәні бойынша сабақ бергенде диалогтік оқыту
әдісін қолданамын. Өйткені, кейбір оқушылар өз ойларын ашық айта алмайды,
ұялады, қорқады. Көптеген сыныптағы оқушылардың әңгімеге қатысуы шамалы.
Зерттеулерде көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар
қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы
қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерінде, сөйлеу дағдыларында
дамытпайды. Сол себепті оқушыларды қорықпай өз ойларын ашық айтуға,
көпшіліктін алдында ұялмай дұрыс ұстай білуге, сондай-ақ шешен сөйлеуге, терең
ойлай білуге қалыптастыру мақсатында диалогтік оқыту әдісін пайдаланамын.
Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу- оқушының қызмет белсенділігін
қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал болып табылады.
Александер (2004) оқытуындағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың
бірсарынды үдерісі емес, керісінше әңгіме барысында идеялар екі жақты бағытта
жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс
деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар сонымен қатар мұғалімдер де
келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін бірлесіп жұмсайды. Александер
(2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме
күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша,
диалог арқылы мұғалімдер күнделікті оқушылардың дамып келе жатқан
идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе
алады. Мұғалім оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және
кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке
түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндік оқушылардың тілді, білімді құру
құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.
Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»
барысында олар тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу
оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен
зерттеу барысында да анықтай алады. Мерсердің зерттеулеріне сәйкес, әңгімелесу
оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғалым әңгіменің үш
түрін ажыратып, сипаттама берген:
-
Әңгіме –дебат;
-
Кумулятивтік әңгіме;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
173
-
Зерттеушілік әңгіме.
Әңгіме-дебат барысында:
1)
ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде
қалады;
2)
ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3)
қатынас көбіне «Иә, бұл солай» , «Жоқ , олай емес» деген бағытта жүзеге
асады;
4)
орта бірлесуден гөрі, көбінесе бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1)
айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе
береді;
2)
әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылар өзгелер
ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3)
идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермеді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1)
әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2)
әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3)
қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4)
қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде
дәлелдеме көрінеді;
5)
топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де,
келмеуі де мүмкін, ең бастысы- келісімге ұмтылу) [2.26-б].
11 –сыныпта өткен «Алкадиендер, жалпы формуласы, молекула құрылысы,
изомерленуі мен алынуы» тақырыбындағы сабақтың мақсаты алкадиен туралы
түсінік беру, изомерін, номенклатурасын, алу жолын анықтау, молекуласын сипаттау
болатын.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
1. Мотивациялық кезең Сабақ алды сергіту, стикер
арқылы топқа бөлу. Бағалау критерийлерімен
таныстыру, бағалау бетшесін тарату
Сынып оқушылары өздеріне
таңдаған
түстерді
таңдау
арқылы төрт топқа бөлінеді.
Тапсырма 1 Кестемен жұмыс
Жалпы
формуласы
өкілі
Байланыс
сипаты
алынуы қасиеті
Тапсырма 2; 2 метилпропен, 3 -метилпентен-2
құрылымдық формуласын жаз.
Презентация қорғау
Ратация әдісі арқылы бір-бірін тексерту.
Әр оқушы кесте толтыра
отырып, білімдерін дәлелдейді.
Берілген тапсырмаларды орын-
дай отырып, презентацияға
баға береді.
Топтар бір-бірінің жұмысын
ратация
әдісі
арқылы
толықтырады.
2. Операциялық кезең
Тапсырма 3
1 топ Алкадиен туралы түсінік
2 топ Изомерленуі, номенклатурасы
3 топ Құрылысы
4 топ Алынуы
Топ мүшелері бірлесіп жұмыс
жасайды, флепчарт дайын-
дайды, талқылайды. Топтар
бірін – бірі тыңдап, ойларын
толықтырады, номенклатура-
сын,
молекула
құрылысын
сипаттап үйренеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
174
-
Слайдпен жұмыс
-
Топтық тапсырма
-
Постер құрайды
Флепчарттарын
қорғайды,
дәптерлеріне түртіп алады.
Жоба арқылы бір – біріне сұрақ
кояды, түсіндіреді.
деңгейлік тапсырма беріледі
А тобы
0,3 моль бутенді жаққанда түзілетін көміртек оксидінің
көлемі(қ.ж) мен судың массасы қандай:
а) 44,2л,89г в)26,88л,21,6г с)88,4л,20г д)22,4 л,19г.
В тобы
Процестің атауы мен термин арасындағы сәйкестікті
көрсет: Гидрлеу сутектің бөлінуі
Гидратация сутектің қосылуы
Дегидрлеу судың бөлінуі
Дегидратация судың қосылуы
4. 2,4 диметилпентадиен-1,4 формуласын жазу.
С тобы Дивинилдің молекулалық формуласы
2. Лебедев әдісі бойынша бутадиен алынатын қосылыс:
а) этан б) бутан с) этанол д) бутанол-1
Деңгейлік
тапсырмаларын
орындайды,
зерделейді,есептер шығарады.
Өз беттік жұмыс
Жұптасып орындайды,
бір-бірін тексереді.
3. Рефлексиялық кезең
«Үш адамды сұхбат» әдісі арқылы білім
қорытындылау, білім тексеру, ойларын біріктіреді,
тұжырым жасайды.
Корреспондент - сұрақ қою-
шы, респондент - сұраққа
жауап береді, тілші болған
жайтты
жазып
алады.
Оқушылар білім алмастырып,
сұхбаттасады.
Бағалау өлшемдеріне талап қойылады.
Өзін-өзі бағалайды
Тақырыпты түсініп оқу, 7-8 жаттығу
Кері байланыс - алған әсерін стикерге жазып қалдырады.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру,
түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта
оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік
бердім.
1.
Мотивациялық кезеңде оқушылар стикерлер арқылы бөлініп, әрқайсысы өз
білімдерін кесте толтыру арқылы дәлелдеді, осылайша кесте толтыру арқылы
дәлелдеме көрінді. Яғни бұл әдіс Мерсердің зерттеушілік әңгімесіне сәйкес.
Өйткені, оқушы өзінің білімін зерттей отырып дәлелдеп шықты.
2.
Операциялық кезеңде топтар бірін-бір тыңдап, ойларын толықтырып молекула
құрылысын сипаттап үйренеді. Қарым –қатынаста көбіне « иә, бұл солай» немесе
«жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асты –бұл әңгіме-дебат түрінде өтті.
3.
Деңгейлік тапсырмада оқушылар «А», «В», «С» деп 3 топқа бөлінді. Деңгейлік
тапсырмаларды орындап, есептерді шығарып және бірін- бірі тексерді. Әрқайсысы
ақылға қонымды мәліметтер ұсынды. Әркімнің идеясы пайдалы деп санағанымен,
мұқият тексеріп, бағалау жүргізілді. Зерттеушілік әңгіменің жүргізілу үстіндегі
деңгейлік тапсырма болып табылады.
4.
Рефлексиялық кезең оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын одан әрі
арттырып, белсенді болуға ықпал етті. Сұрақ қою арқылы өз ойларын дұрыс
жеткізуді және қойылған сұраққа мүдірмей анық әрі нақты жауап беруге, болып
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
175
жатқан оқиғаны шынайы шындықты ешқандай қатесіз жазуға, бір –біріме
сұхбаттасу арқылы оқушының білсем, үйленсем, тағы да білсем, тағы да үйренсем,
үйрендім, білем деген дәрежеге жету үшін рефлексиялық кезеңді ұйымдастырдым.
Бұл – әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіменің барлығын қамтыды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, болашақ мұғалімдердің оқу үдерісіндегі әрекетінің құрылымын
талдау қазіргі заманғы формация мектебінде жұмыс істеуге қабілетті болашақ
мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге
мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының білім саласындағы реформалар мен
сындарлы өзгерістер мен жаңалықтарды әрбір педагог ойланып, жаңа идеялармен
жаңа жүйемен толықтыруы керек. Ол бүгін білім кеңістігіндегі оқытушының
қажырлы шығармашылық еңбегімен келмек. Сондықтан жаңартылған технологияны
меңгеруге бетбұрыс жасауды талап ете отырып, өзгеріске бағытталамыз.
Жоғарыдағыдай әдістер бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын
талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі
болып шығады. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір-бірінің
түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге
тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік
тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына
көмектесетінін түсіндім. Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау
үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.
Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім
оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану
арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады.
Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне
барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады. Диалогтік идея тәсіліне
сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне
және бағалауына ықпал етеді.
Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыпты дүние емес, сол себепті мұғалімдер
оқушыларға бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.
Оқушыларды білімге деген қызығушылығын дамытып, әрі қарай жетілдіре түсу
қажет. Қазақстанның дамуы, гулденуі, 30 елдің қатарына қосылуы үшін
ұрпақтарымыз білімді болуы өте маңызды. Оқушыларды білім нәрімен сусындататын
мұғалімдер болғандықтан, өздері де жан-жақты ізденімпаз, еңбекқор болуы керек.
Өйткені, «Келешектің кепілі-білім болса, жұрты-жастар».
Әдебиеттер тізімі
1 «Педагогтың кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты
шарты». Білім беру қызметкерлерінің бірінші Республикалық Педагогикалық
Оқулары баяндамалар жинағы. Алматы, 2013 жыл.
2 Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей. 2 – басылым. 2014 жыл.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
176
3 Мұғалім және қоғам республикалық педагогикалық-әдістемелік журналы, №3,
2013 жыл.
Резюме
В
статье раскрывается воспитательный потенциал естествонаучного
предмета «Химия» в средней школе. Мастерство учителя, его умение внести в
процесс обучения новые интересные элементы, способствуют его тесной
взаимосвязи с учащимися.
Summary
The article shows the educational potential of the natural science of subject
"Chemistry" in a secondary school. The teachers’ skills, their ability to contribute into the
learning process new and interesting elements promoting to their close contact with the
pupils of high school.
Қабылданған күні 23.11.2015 ж
ӘОЖ 573.6(574)
Б.Ж. Жанетов, Ф.Б. Жанетова, Т.Б. Жанетов
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы 212
E-mail: Fati-75 @mail.ru
МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫ
Андатпа
Бұл мақалада мұнаймен ластанған топырақта өсімдіктердің өсуі мен дамуы
дәрежесін анықтайтын эксперименттік зерттеулерге анализ жасалған. Мұнайдың
ластануына шыдамды өсімдіктер анықталған және олардың өсуі мен даму
қарқындылығының нәтижесі көрсетілген. Топырақты тазартуда қолданылатын
пайдалы микроорганизмдердің рөлі анықталған. Фиторемедиатор ретінде күнбағыс,
жүгері және сояның атқаратын қызметі сипатталады, оның ішінде мұндай
мақсаттарға соя өсімдігін қолдану үйлесімділігі басымдырақ.
Негізгі сөздер:
биопотенциал, микробиологиялық әдістер, фиторемедиация,
канцерогенді және токсиндік заттар, эксперимент.
Табиғи ортаның мұнай өндіргенде және мұнай өнімдерін тасымалдауда
ластануы табиғатқа және экономикаға үлкен әсері: ауылшаруашылығында
пайдаланатын
жерлердің
деградациясына,
ауылшаруашылық
дақылдары
өнімділігінің төмендеуіне, ормандар мен жайылымдардың өнімділігінің азаюына,
ауылшаруашылық айналымынан біраз өнімді жерлердің ауданының жоғалуына,
грунтты және жер асты суларының ластануына әкеледі. Сонымен қатар бұл
ластанған жерлердің табиғи қалпына келуіне жүз жылдаған уақыт, тіпті мың
жылдықтар қажет. Сондықтан қазіргі уақытта мұнай өндіруден, оны тасымалдау мен
өнімдерін пайдалануды өңдегенде бұзылған жерлерді қалпына келтіру ерекше
маңызға ие.
Қазіргі уақыттағы қарапайым рекультивациялық шаралар, атап айтсақ,
ластанған учаскелерді грунтпен жабу, мұнай мен мұнай өнімдерін жағу, ластанған
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
177
қабаттарды қоқыс тастайтын орындарға апару жұмыстары жүзеге асырылады. Бірақ
бұл шаралар топырақтың өнімділігінің қалпына келтіру қабілетін тежейді және
табиғатқа ұзақ уақытэкологиялық нұсқан келтіруге алып келеді. Мұнайды жаққан
кезде биопотенциалдың бірден төмендеуінде және атмосфераның ластануында
өсімдіктер мен фитоценоздардың өлімі өсімдіктерде және топырақта канцерогенді
және токсиндік заттардың жиналуынан болады. Мұнайдыараластырған жерде оның
іріп-шіру процесі баяулайды. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді
жауып тастағанда, оның ыдырауы тек топырақ-грунт секілді екінші реттік ластануды
емес, сонымен қатар жер асты мен грунтты сулардың ластануын туғызады. Соңғы
уақытта мұнаймен ластанған топырақтарды тазарту бойынша бірнеше зерттеулер
бар.
Мұнаймен ластанған топырақтардың рекультивациясы үшін жоғары
өсімдіктерді технологиялық тізбектегі шынжыр ретінде қолдану мүмкіндігі зерттелді.
Бұл үшін мұнаймен ластанған топырақтағы өсімдіктердің өсуі мен дамуына
эксперименттік зерттеулер жүргізілген. Лабораторияда эксперимент «Флора-1»
жылыжай жинақтамасында пластмасса кеселер пайдалану арқылы жүзеге
асырылады. Әрбір кесе орташа саз бен құмнан тұратын тау жынысы
топырақтарымен толтырылды. Өсімдіктердің дамуына әртүрлі концентрациядағы
мұнайлардың әсерін зерттеуде топырақтары бар әрбір кесеге 1, 5, 10, 20, 30 немесе
50 мл шикі мұнайды құяды. Кеселерге құйылған мұнайларды мұқият топырақпен
араластырады және 80% толық ылғалды көлемді есепке ала отырып суды құяды.
Қайталама құюлар топырақтың құрғақшылық жағдайы бойынша 2-4 күннен кейін
іске асырылады. Әртүрлі жабайы өсетін және ауылшаруашылық өсімдіктерінің
дәндерін 10 дана 1 кесеге 1-2 см тереңдікке отырғызады. Фенологиялық бақылаулар
және өсімдіктердің өсуін өлшеу жалпы қойылған әдістерге сәйкес 1-3 күннен кейін
жүргізіледі. Ал, өсімдіктердің өсуі жер үсті бөлігінің биіктігі бойынша анықталады.
Фенологиялық көрсеткіштердің арасынан өсімдіктерде бір, екі, үш және төрт
жапыраққа дейін көктеуі тіркеледі.
Лабораториядағы ауаның температурасын апталық термографпен, ал
ылғалдылықты апталық гигрографпен өлшеді. Алынған мәліметтер биологиялық
және экологиялық-физиологиялық жұмыстарда жалпы қабылданған статистикалық
әдістерді пайдалану арқылы өңделеді [1].
Топырақ грунттарының ластану дәрежесінің айырмашылығы өсімдіктердегі
өсінділердің
өсу
процестерінің
ерекшелігі
арқылы
көрінеді.
Мәселен,
«жеребковский» сортты жүгерінің өсінділерінің мөлшері 1, 5, 10 мл мұнай
концентрацияларында 200 г топырақта өсуі мұнайсыз бақылау нұсқасына жақын.
200 г топырақтағы 20 және 30 мл концентрацияда өсудің жылдамтежелуі
байқалады, ал 200 г топырақтағы 50 мл концентрацияда жүгерінің дәндері тіптен
өспей қалған.
Өсінді фазасында бірінші жапырақтың пайда болуы 0, 1, 5 және 10 мл мұнай
концентрациясындағы 200 г топырақта 7 күннен кейін көрінеді. 200 г топырақтағы
20 және 30 мл концентрациядағы бұл фаза тек тәжірибенің 9-шы күнінде
байқалады.
Қазіргі таңда, көптеген ғалымдар фиторемедиация процестерімен белсенді
түрде айналысуда. Фиторемедиация төмен орташа ластану деңгейіндегі бөліктерде
ғана тиімді, нәтижелі болады. Көмірсутек сүйгіш өсімдіктер мұнаймен ластанған
топырақтарды өз тамырларының өсу тереңдігіне қарай тазалауға қабілетті. Сонымен
қатар, ағаштар мен бұталар шөпті өсімдіктерге қарағанда, топырақты үлкен
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
178
тереңдікте тазалайды. Өсімдіктердің фиторемедиация потенциалы метаболизм
белсенділіктері (ыдырау кезінде) немесе өсімдік мүшелеріндегі токсикант
концентрациясына және соңғысының массасына (жиналу кезіндегі) тәуелді.
Алғашында фиторемедиация процестері топырақтағы ауыр металды жою
үшін тазарту негізінде пайдаланылған. Өсімдіктердің кейбір түрлері қорғасын,
сынап, мырыш иондары сияқты басқа да ауыр металдардың жұтылу қасиеттеріне
қарай сорбциялық белсенділіктерін анықтайтын ғылыми жұмыстар жүргізіледі. Бұл
жаңалықтар оңай шешім табуға мүмкіндік жасады. Енді топырақты тазалау үшін бар
— жоғы оған қажет өсімдік түрін сеуіп тастау, ал маусым соңында ауыр металдар
«өнімін» жинап алып, арнайы механизмдер арқылы тазартуда [2].
Өсімдіктер фиторемедиацияға жанама түрде де қатыса алады. Мәселен,
кейбір өсімдіктер токсиканттары тамырлардың бетіне сорбцияланады: өсімдік
тамырының маңында тіршілік ететін қоңыздар мен микроағзалар улы заттарды
ыдыратып, оларды зиянсыздандырады.
Ластанған аймақты өсімдіктер көмегімен тазалау үшін қажет уақыт бірнеше
факторларға: өсімдіктердің түр-тұқым құрамы мен олардың тығыздығына (саны),
ластану типі мен қарқындылығына,ластанған аймақ көлемі мен тереңдігіне, топырақ
типі мен климаттық жағдайларға тәуелді.
Бұл факторлар, сонымен қатар, топырақты тазалау жылдамдығына да әсер
етеді. Жағымсыз ауа-райы мен өсімдіктің жануарлармен желінуі тазалану уақытын
ұзартуға қабілетті. Жалпы айтқанда, фиторемедиация едәуір ұзақ уақыт жүреді
және ондаған жылдарға да созылуы мүмкін. Фиторемедиацияның басқа топырақты
тазалау әдістерінен артықшылығы, арнайы қондырғылармен жабдықтауды, еңбек
күші мен қосымша шығынды қажет етпейді. Себебі, жұмыстың көп бөлігін өсімдіктер
флорасы атқарады. Сонымен қатар, бұл әдіс экономикалық жағынан тиімді.
Жер беті топырақтарынан асыл металдарды алу жайлы ұсыныстарды
көптеген зерттеулер дәлелдейді. Себебі, кейбір өсімдіктер, мәселен, соның ішінде
жай қырыққабаттың жерден күміс пен платинаның тамыр жүйесіне ғана тиесілі
барлық иондарын табу арқылы көп мөлшерде өзінде жинақтауға қабілетті екені
анықталды [3, 4].
Соңғы он жылдықта биотехнологияның қарқынды даму мәселесі ластанған
топырақтарды тазартуда оң шешімдер табуға мүмкіндік жасады. Ғылыми
журналдардың мұнай және мұнай өнімдерін деградациялау процестерінде
микробиологиялық әдістер де жиі кездеседі. Биоремедиация әдістері қоршаған
ортаны ластаушы көмірсутектердің мұнай немесе мұнай өнімдерін өз азығы ретінде
пайдаланатын микроорганизмдер көмегімен тазартуға негізделген [5].
Краснодар өлкесінің Анастасиевск-Троицк кен орнының ауыр мұнайын (ІV
горизонт) қара топырақтың 25/50 г/кг есебінен, көлемі 2 шаршы метрге бөлінген
арнайы тақтайшалардың бетіне (2м х 1м) жағып зерттеген. Бірқатар нұсқаларда,
егін егу кезінде топыраққа саңырауқұлақтарды, яғни,
Penicillium canescens,
Aspergillus ustus, өнеркәсіптік триходерминдерді мұнаймен ластану жағдайында
ауыл шаруашылық дақылдарының дамуына микроорганизмдердің жағымды әсерін
анықтау үшін енгізген. Зерттелетін өсімдіктердің тұқымдарын (жүгері, күнбағыс, соя)
егуден бұрын екі сағат бойына сәйкес келетін саңырауқұлақтың суспензиясында
ұстаған. Саңырауқұлақтардың ұшпаларының (споралары) есебі келесі шаманы
көрсетті:
Penicillium canescens үшін егіннің бір шаршы метріне кеткен саңырауқұлақ
ұшпалары және саңырауқұлақтың көп мөлшердегі мицелиялары 6,4 х 10
7
,
Aspergillus
ustus – 8,0 х 10
6
, триходермин үшін – 2,2 х 10
6
БТШ (бірлік түзуші шоғыр).
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
179
Нәтижесінде
аталған
нұсқалардан
басқа
тәжірибеде
минералды
тыңайтқыштар мен суландырудың әсері де зерттелген.Тәжірибелік өсімдіктердің өсуі
мен дамуы ластанған топырақ қабатындағы мұнай өнімдерінің мөлшеріне тікелей
байланысты екендігі анықталған. Сонымен, соя өсімдігінің 50 г/кг мөлшердегі
нұсқасында өскіндер фазасында барлығы өліп қалды. Күнбағыс пен жүгері мұнаймен
ластануға берік болып шықты: бұл мөлшерде барлық өсімдіктер сақталған. Алайда,
алғашқы жапырақ фазасына жеткенде, олар дамуын тоқтатқан. 25 г/кг мөлшерде
келесідей көрініс байқалған:сояның жер үстілік массасының төмендеуі мұнайды
енгізбей бақылаудың 80-90 %-ын құраған. Күнбағыс пен жүгері өсімдіктері өніп
шыққаннан кейінгі алғашқы уақытта олар баяу өскен, сонан соң, 4-5 жапырақ
қалыптасқаннан кезеңде олар қарқынды өсе бастайды, ал вегетация соңында
ауқымды биомасса құрап, бұл көрсеткіш бойынша мұнайсыз ортада өскен
өсімдіктерге теңесіп қалды [6].
Сонымен,
ғылыми
мәліметтерді
сараптай
келе,
күнбағыс
дақылынамикроорганизмдерді қолданыпзерттегенде, бірде-бірі мұнайдың теріс
ықпалын жеңе алмаған. Жүгеріде де осындай тенденция байқалған. Ең жақсы
нәтижелерді соя өсімдігі көрсетті: тек триходермин ғана осы дақылдың массасын
арттырмаған. Осы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде мұнайдың құрамы тым
жоғары болғанда да, жақсы өсетін өсімдіктер мен ластанған топырақта өсімдіктердің
өсуін белгілі бір дәрежеде тездететін микроорганизмдер анықталған. Мұндай
микроорганизмдер таза дақылдарды зерттеу үшін шығарылып, коллекция түрінде
сақталуда және оларды болашақ зерттеулерде пайдалануға болады.
Қорыта айтсақ, мұнайға төзімді және вегетативті массаны тез жинақтайтын
күнбағыс пен жүгері, потенциалды фиторемедиаторлар түрінде қарастырыла алады.
Бірақ, бұл үшін осындай өсімдіктердің мұнай өнімдеріне төзуінің айқын көрінетін
қасиеттеріналдын-ала анықтауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |