Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4(39), 2015



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата03.03.2017
өлшемі6,15 Mb.
#5651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

ҚОРЫТЫНДЫ 
Қорыта  айтқанда,  саяси  болжамдау  әрбір  елдің  дамуында  үлкен  рөл 
атқарады.  Болашақ  саяси  оқиғалар  мен  жағдайларды  алдын  ала  көре  білу  саяси 
өмірдің  даму  заңдылықтарын  зерттеудің,  өткен  кезең  мен қазіргі  саяси  оқиғаларға 
талдау  жасаудың  нәтижесі.  Саяси  болжамдауда  адамдардың  санасына  және 
олардың  қызметіне  өзара  әсер  етуді  есепке  алуы  тиіс,  бұл  олардың  саяси 
белсенділігіне  немесе  енжарлығына  алып  келуі  мүмкін.  Қоғамның  өзі  дамудың 
нұсқалары, баламалары түріндегі ғылыми болжам жасауды талап етеді. Дұрыс саяси 
болжам  адамзатты  алға  жетелейді,  талпындырады.  Сондықтан  саяси  болжамдау 
проблемасы-саясаттану ғылымының басты проблемаларының бірі. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Ципко А. Жизнь во лжи //Московские новости.- 1993, 28 марта. 
2  Әбсаттаров Р. Саяси болжамдаудың өзекті мәселелері //Ақиқат. - 2009, №9. - 14б. 
3  Зеркин Д.П. Основа политологин.- Ростов на Дону: «Феникс», 1997. – 502 с. 
 
Резюме 
В статье раскрываются объект, сущность, функции, формы, типы, признаки, 
этапы развития процесса политического прогнозирования. 
 
Summary 
The article describes   the object, essence, functions, forms, types, characteristics 
and stages of development of process of political forecasting. 
 
Қабылданған күні 02.11.2015 ж 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 

 
ӘОЖ 94 
М.С.Касенов 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы 212 
E-mail: kasenov.1959@mail.ru 
 
ТАЙСОЙҒАН ҚҰМЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР 
 
Аңдатпа 
Мақалада  Атырау жеріндегі, Тайсойған  құмында жүргізілген  археологиялық 
зерттеу есебі берілген. Нарын құмы ұзақ жылдар бойы зерттеуден тыс қалған өңір. 
Негізгі себебі оның климатық, қатал өлкеде жатуы. Құм арасы жолсыздығымен және 
сусыз  аймақта  орналасуы  оны  зерттеуге  кедергі  болды.  Бұндай  құм  ертедегі 
адамдар  мекендеуіне  қолайсыз  болды,  деген  жорамал  қалыптасқан.  Соңғы 
зерттеулер көсеткендей құмда адамдар сонау неолит заманынанда ақ қоныстанғаны 
айқындалды. Жаңа тас ғасырының бірнеше тұрақтары ашылды. Сонымен бірге қола, 
темір  және  ортағасыр  қоныстары  анықталды.  Құдық  маңдарында  ежелгі  тұрақтар 
шоғырланған.  Құмдардың  көшуіне  байланысты  бұл  тұрақтар  нашар  сақталған 
немесе жойылып кеткен. Сақталған тұрақтар өте құнды деректер берді. Келешекте  
Тайсоған  құмын  жүйелі  зерттеу  көптеген  археологиялық  нысандардың  ашылуына 
себеп болатынына сенеміз. Осы мәселе мақалада баяндалады.  
Сонымен  бірге  Тайсойған  өңірінде  мазарлар  мен  құлпытастардан  тұратын 
ХVII-ХХ  ғасырдағы  қазақ  бейіттері  бар.  Олар  сол  замандағы  қазақтар  тұрмысы 
туралы құнды деректер береді. 
Негізгі  сөздер:
  Неолит,  қола,  темір  тұрақтары.  Қоныстар  мен  тұрақтарды 
зерттеудегі алғашқы тәжірибелер. Қазақ бейіттері. Отрықшылықтың болмау себебі. 
Тайсойған  құмы Атырау жеріндегі ерекше аудан.  
 
 КІРІСПЕ  
Атырау  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайы  2013  жыл  Қызылқоға 
ауданындағы  Тайсойған  құмына  археологиялық  барлау  жүргізіп,  жаңа  тарихи 
ескерткіштерді    іздестіру  қарастырылған  болатын.  Жұмыс  мақсаты:  аталған 
территорияда  жаңа  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  іздестіру  және  анықтау. 
Аумақты  жан-жақты,  мұқият  барлау  және  жаңадан  тарихи  мұра  объектілерін 
анықтау.  Анықталған  ескерткіштерді  графикалық    және  фото  тиянақтау,  ғылыми 
сипаттамасын  жазу,  мәдени-хронологиялық  уақытын,  елеулі  белгілері  мен 
ажырағысыз қасиеттерін көрсету. Археологиялық барлау жұмыстарын жүргізбестен 
бұрын,  зерттелуге  тиісті  аймақтың  осыған  дейін  қандай  дәрежеде  зерттелгені 
қарастырылды. Ғылыми айналымға енген әдебиеттерде, осы кезге дейін Қызылқоға 
ауданы  жеріндегі  тарихи  ескерткіштерді  зерттеуде  кезеңдерге  бөлу  және  жүйелеу 
болмағаны белгілі болды [1]. 
Археолог  Л.Л.  Галкиннің  1970-1990  жылдардағы  зерттеулері  Қызылқоға 
жеріндегі  бірқатар  ескерткіштерді  қамтығанымен,  зерттелу  тарихы  туралы 
сараптама жасалмаған. Оның көптеген ғылыми еңбектері әлі де архивтерде жатыр. 
Бірнеше мақалалары ғана жарияланған [2].  
Ал,  2004  жылдары  С.Әжіғалидің  басшылығымен  Батыс  Қазақстан  кешенді 
этно-археологиялық  экспедициясы  Тайсойған  құмының  орталық  және  оңтүстік 
бөлігінде  жұмыс  істеп,  жүздеген  обьектілерді  зерттеді.  Оның  ішінде  неолиттік 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
10 
 
тұрақтар, қола және ерте темір кезеңінің құм төбелі қабірлері, ірі қазақ қорымдары 
мен сәулеттік қабір үсті жерлеу ескерткіштері бар [3].  
2006-2007  жылдары  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университетінің  «Археология–этнология  ғылыми  орталығы»  Тайсойған  құмының 
батыс  шетінде  орналасқан  Қорғанша  қаласына  археологиялық  қазба  жұмысын 
жүргізді.  Археолог  М.С.  Касенов  Қорғанша  қаласы  XV-XVIII  ғасырға  жататынын 
анықтады [4].  
2009  жылы  «Атырау  облыстық  тарих  және  археология  орталығының»  
экспедициясы  Қызылқоға  ауданынан  20  шақты  сәулет  және  археологиялық 
ескерткіштер  анықтады.  Олар  неолиттік  тұрақ,  ерте  темір  кезеңіне  жататын 
қорғандар және көне қазақ қорымдары болатын [5].   
Одан басқа, жергілікті  өлкетанушылар әр кезеңде өз зерттеулерін жүргізіп, 
жергілікті  жердің  өткендегі  тарихына  қызығушылықтарын  көрсеткен.  Олар 
ортағасырлық  Қорғанша  қаласы  мен  тарихи  мекендерге,  ескерткіштерге  қысқа 
хабарлар  мен  мақалалар  беріп  тұрды.  Бірақ  көбіне  сол  ескерткіштер  туралы 
аңыздар  жазып  алумен  шектеліп  қалып  отырды.  Жергілікті  және  сырттан  келген 
өлкетанушылар  ескерткіштер  туралы  құнды  деректер  жариялағанымен,  кең 
көлемдегі зерттеулер жүргізілмеді [6].    
Тайсойған құмының батыс жағында неолит дәуірінің бірталай ескерткіштері 
кездесетіні бұрын дәлелденген. Ол жерлердегі тұрақтардан әртүрлі тастан жасалған 
еңбек  құралдары  табылды.  Біздің  заманымыздан  бұрынғы  ІII-І  мыңжылдықтарда 
өмір  сүрген  адамдардың  еңбек  құралдары  олардың  аңшылықпен,  мал 
шаруашылығымен  айналысқанын  көрсетеді.  Көне  заман  мәдениетінің  іздері  бұл 
аймақта  жиі  кездеседі,  бірақ  олардың  сақталуы  өте  нашар.  Өйткені,  бұл  аймақта 
негізгі  құрылыс  материалдары  –  ағаш  пен  қатты  жынысты  тау  тастары  сирек 
кездеседі.  
Қола дәуірінің ескерткіштері бұл аймақта аз зерттелген. Қола ғасыры (б.з.б. 
II-I  мыңжылдықтар)  кезінде  бұл  жер  екі  ірі  –  андронов  және  қима  мәдениетінің 
тоғысқан жері деп саналады. Олар осы аймақта бір-біріне сіңісіп кеткен. 
Ерте  темір  дәуірінде  көшпелілер  ескерткіштерінің  ішінен қорғандар  өте  көп 
кездеседі. Қорғандардан табылған жәдігерлер, б.з.б. I - мыңжылдықтың орта және 
кейінгі  кезеңдеріндегі  савромат-сармат  және  массагет  тайпаларына  қатысты 
болатын.  Сондай-ақ,  сармат  тайпаларының  жерлеу  дәстүрінде  табиғи 
құмшағылдарды пайдалану кең таралған.   
Ерте  ортағасырда  бұл территорияны  бірінен  соң  бірі  ауысып  отырған  алан, 
ғұн,  хазар,  оғыз,  печенек,  қыпшақ  сияқты  тайпалар  қоныстанған.  Тарихтың  осы 
кезеңі қазіргі кезде мүлде зерттелмеген деуге тұрарлық. Бұл кезең өлке тарихында 
«ақтаңдақтар» ретінде қалып отыр.  
Б.з.  XIII  ғасырында  Шыңғыс  хан  империясының  қол  астына  қараған  Батыс 
Қазақстан жері Жошы Ұлысы, Алтын Орда мемлекетінің құрамына кіреді. Осы кезде 
көптеген  қалалар,  қоныстар,  керуен-сарайлар  бой  көтеріп,  сауда-экономикалық 
қатынастар Шығыс пен Батыс арасында күшейе түседі. Керуен жолдары қарқынды 
жұмыс істеп, сауда-саттық күшейеді.    
Алтын  Орда  мемлекетінің  ыдырауы  XV  ғасырдың  басында  жаңа 
мемлекеттердің құрылуына мүмкіндік берді. Батыс Қазақстан жерінде Ноғай Ордасы 
мемлекеті  күшейе  түседі.  Ноғай  Ордасының  шаруашылығы  көшпелі  малшылық 
дәстүрде  дамиды.  Ноғайлар  Орталық  Поволжьеден  Арал  теңізіне  дейінгі  аралықта 
көшіп жүрген.    

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
11 
 
XVI    ғасырдың  ортасынан  бастап  Ноғай  Ордасы  ыдыраған  кезде  кейбір 
рулар, соның ішінде күшті алшын рулар тобы Қазақ хандығының құрамына кіреді. Ең 
бастысы  Кіші  жүз  қазақтарының  қауымдастығының  қалыптасуын  айтуға  болады. 
Ноғай Ордасы құрамындағы қазақ рулары Кіші жүздің өзегі болып табылады.   
Осындай 
тарихи 
деректерді 
ескерсек, 
бұл 
аймақтағы 
адамзат 
қауымдастықтары  өмір  сүруге  және  мал  өсіруге  ыңғайлы  аймақтардың  кез-
келгенінен  құрылыс іздерін  немесе пайдаланған әр  түрлі  бұйымдарды кездестіруге 
болады.  Аудандағы  сәулет  ескерткіштерінің  батыс  қазақстандық  сәулет  өнерінің 
ішіндегі  өзіндік  орны  бар.  Қорымдардағы  әшекейлі  құлпытас,  сағанатам,    күмбезді 
мазар  сынды  аса  сәнді  архитектуралық  ескерткіштер  өлкедегі  қазақтарға  дейінгі 
дәуірлерде еш кездеспейтін, қазақ сәулетшілерінің қолынан шыққан жаңа түрлерге 
жатады. Ал, құлпытастағы жазулар қазақ халқы үшін ұлттық тілдің қалыптасу, даму 
жолдарын зерттеуде құнды дерек боп табылады.    
 Оның үстіне әрі этнографиялық, әрі археологиялық құжат болып табылатын 
бұл  ескерткіштер  өз  тұсының  материалдық  тұрмысымен  қоса,  рухани 
атмосферасынан да нақты хабар береді. Тайсойған құмы ерекше аудан, құм шағыл 
арсындағы ескерткіштер сақталуымен және ерекшелігімен маңызды. 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Археологиялық  барлау кезінде анықталған ескерткіштер: 
Айыртам  қорымы.  GPS  координаты:  N  48° 30,863';  Е  053° 33,134'.  
Айыртам қорымы Миялы ауылынан оңтүстікке 50 км, Тайсойған ауылынан оңтүстік-
шығысқа  21  км.,  жерде  орналасқан.  Сәулет  және  құрылысы  ескерткіші  болып 
табылады (1, 2 сурет). 
Қорым  көлемі:  100×100  м.,  болады.  Ескерткіш  төбе  үстіне  орналасқан  
Құлпытастар,  темір  қоршаулар  мен  төртқұлақтар  және  топырақ  сұлбасы  түріндегі 
50-60  шақты  жерлеу  орындары  бар.  Саз  балшықтан  тұрғызылған  құрылыстардың 
бәрі құлап, жерде топырақ сұлбасы ғана байқалады, ортасындағы қабір орны ойыс 
боп қалған. 6 төртқұлақты бейіттер кейіннен салынған, оның біреуі жартылай құлап 
жатыр. 3 темір қоршаулы бейітте кейінгі кезде қойылған. 
4  темір  рамаға  қондырылған  мрамор  тақталар  да  бір  кезде  құлап  қалған 
бейіттердің басына қойылған. Қорымда барлығы 12 құлпытас орналасқан. Олардың 
басым көпшілігі құлаған, бөлініп сынып жатыр  
           Тек  5  құлпытас  қана  толық  сақталған.  Құлпытастар  тұтас  құмды  ізбестас 
блогынан  тік  бұрышты  бағана  түрінде  жасалған.  Тегіс  бедерлеу,  көлемдеу  және 
нұсқалай ою әдісін қолдана отырып өңделген. Арасында құрылымы көп ярусты етіп 
жасалған,  күрделі  өңдеуден  өткен  құлпытастар  да  бар.  Оларға  қос  бұрыштық 
бағаналар,  шар  түріндегі  мәнерлі  элементтер  салынған.  Құлпытастардың  қырлары 
өсімдік  тәріздес,  геометриялық,  меандр  өрнектермен  безендіріле,  батыс  қырына 
араб  графикасымен  жазылған  эпитафиясы  орналасқан  боп  келеді.  Кейбір 
құлпытастарда  боялған  сыр  іздері  бар,  сары,  қызыл  түске  бояп,  әшекейлегені 
байқалады. Құлпытастарда таз руының таңбасы салынған. Қорымның уақыты ХIX – 
XX ғасырдың І-жартысы.   
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
12 
 
     
 
                              
1 суреттер - Айыртам қорымындағы құлпытас 
 
 
і 
           
2 сурет - Айыртам қорымындағы  боялған құлпытас 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
13 
 
Қуыс  қорымы.  GPS  координаты:  N  48° 28,686';    Е  053° 37,407'.  Қорым 
Миялы ауылынан оңтүстік  – оңтүстік-батысқа 46 км, Тайсойған ауылынан оңтүстік-
шығысқа  17  км.,  жерде  орналасқан.  Сәулет  және  құрылысы  ескерткіші  болып 
табылады. (3-5 сурет). 
Қуыс  қорымының  көлемі  шамамен  100×100  м.,  болады.  Айналамен 
салыстырғанда  биіктеу  келген  төбе  үстіне  орналасқан.  Қорымда  22  құлпытас,  8 
төртқұлақ,  2  темір  қоршау,  3  мрамор  тақта  белгі  қойылған.  Ұлутас  кірпіштен 
алынған  төртқұлақтар  кейінгі  салынған  құрылыстар,  қорымның  оңтүстік  жағында 
орналасқан.  Темір  қоршаулар  қорымның  солтүстік-батыс  және  солтүстік-шығыс 
шетіне таман орналасқан. Құлпытастардың 6 ғана бүтін, басқалары құлаған, сынған. 
Қимасы  тікбұрышты,  ірі  көлемді,  бағана  түріндегі  құлпытастар  құмды  ізбестас 
блогынан  кесіліп  жасалған.  Тегіс  бедерлі,  көлемдей  және  нұсқалай  ою  әдісімен 
өңделіп,  араб  графикасымен  эпитафиясы  жазылған.  Қырлары,  бұрыштары 
геометриялық,  өсімдік  тәрізді  өрнектермен,  қазақ  оюларымен  сәнделіп,  солярлық 
белгілер салынған. Бір құлпытаста сопақ жиек ішіне шағын түрде салынған қанжар, 
найза,  қылыш  суреттері  бейнеленген.  Құрылымы  бойынша  көп  ярусты  келген, 
сәулеттік элементтері салынған, ұштығы бар құлпытастар орналасқан. Қызыл түсті 
бояудың  ізі  де  сақталған.  Құлпытастарда  шеркеш  руының  таңбасы  басылған. 
Қорымның уақыты ХIX – XX ғасыр. 
 
 
                
3 сурет - Қуыс қорымындағы құлпытас пен темір қоршау 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
14 
 
     
 
 
4 суреттер - Қуыс қорымы құлпытастары 
 
 
                     
5 сурет - Қуыс қорымындағы ірі көлемді құлпытас 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
15 
 
     
 
 
6 суреттер - Алдай ата қорымындағы құлпытастар 
 
  Алдай  Ата  қорымы.  GPS  координаты:  N  48° 33,633';  Е  053° 39,441'. 
Алдай  ата  қорымы  Миялы  ауылынан  оңтүстік  –  оңтүстік-батысқа  36  км, Тайсойған 
ауылынан  шығысқа  15  км.,  жерде  орналасқан.  Сәулет  және  қалақұрылысы 
ескерткіші болып табылады. (6,7 сурет).  
Қорым  көлемі  шамамен  50×50  м.  Төбелі  жердің  үстіне  орналасқан. 
Ескерткіште  шамамен  30-40  шақты  бейіт  сұлбасының  орны  бар.  Қорымдағы 
құлпытастар  құлап  сынған.  Бүтін  тұрған  құлпытас  темір  бетоннан  жасалған, 
кейіннен ескі бейіт қасына қойылған. Басқа 3 құлпытас сынып құлаған. Оның бірін 
орнына  тұрғызып,  цементпен  жабыстырып  қалпына  келтірген.  Сыртынан  темір 
қоршаумен қоршалған. Қоршаудың батыс жағына темір рама ішіне орнатылған қара 
мрамор тақтаны қондырған. Тақтадағы жазу бойынша бейітте қазақтың Жаппас руы 
Қаракөз бөлімінің бір тармағы Бесбалуанұлы Алдай жерленген. Қалпына келтірілген 
құмды  ізбестастан  жасалған  құлпытас  үш  бөлікке  бөлініп  сынған.  Құрылымы 
бойынша  көп  ярусты,  көлемдей,  тегіс  бедерлей  және  нұсқалай  ою  әдісімен 
өңделген. Бірінші  ярус  бұрыштары  сүйірленіп,  колонна  бағанасы  түрінде  өңделген. 
Олардың  ортасындағы  қыры  қуыс  түрінде  жасалған.  Батыс  қырында  араб 
графикасымен  жазылған  эпитафиясы  жазылған.  Басқа  жағының  қырларының 
безендірілуі  анық  көрінбейді.  Қуыстың  үстінде  бір-біріне  қарама-қарсы  орналасқан 
түйемойын  оюы  салынған.  Екінші  ярус  төрт  қырлы  қиық  бипирамидалы  түрде 
жасалған.  Төменгі  жағы  тігінен  жуан  ойық  сызықтармен  безендірілген  болса, 
жоғарғы  жағының  қырына  өсімдік  тәріздес  өрнектен  салынған.  Үшінші  ярус 
төртбұрышты  текше  түрінде  жасалған,  қырларына  өсімдік  тәріздес  өрнектер 
салынған. Ұштығы дөңгелек плита түрінде жасалған, төрт бұрышында кішкене шар 
түріндегі көлемдер орналасқан. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
16 
 
 
              
           
7 сурет - Алдай Ата қорымындағы темір қоршау 
 
Басқа екі құлпытастың бірінің эпитафиясы кирил графикасымен қазақ тілінде 
жазылған,  екіншісі  үшке  бөлінген,  шар  түріндегі  ұштығы  бар,  қызыл  бояумен 
сырланғаны  байқалады.  Олардан  басқа  қорымда  1  металдан  құйылған  тақта 
орналасқан. Қорымның уақыты ХIX – XX ғасыр. 
Сарықыз  құлпытасы.    GPS  координаты:  N  48° 37,085';  Е  053° 40,659'. 
Сарықыз құлпытасы Миялы ауылынан оңтүстік – оңтүстік-батысқа 30 км, Тайсойған 
ауылынан  шығысқа  16,5  км.,  жерде  орналасқан.  Сәулет  және  қалақұрылысы 
ескерткіші болып табылады (8 сурет). 
Сарықыз  деп  атататын  ескерткіш  биік  төбенің  солтүстік-шығыс  жағында 
орналасқан. Бұл жердегі жалғыз құлпытас солтүстік-батысқа қарай аздап қисайған. 
Құрылымы бойынша көп ярусты, қимасы тік төртбұрышқа жақын ескерткіштің шар 
түріндегі  ұштығы  бар.  Құлпытастың  жер  бетінен  есептегендегі  жарты  бөлігіндей 
болатын  діңінің  батыс  және  солтүстік  қырына  араб  графикасымен  эпитафиясы 
жазылған (Шығыс және оңтүстік қырына өсімдік тәріздес өрнектер салынған. Шығыс 
жағында  өрнек  астында  араб  графикасымен  «1866»  саны  басылған.  Екінші 
ярусының бұрыштарына ойылып мәнерлі қос бұрыштық элемент салынған. Қырлары 
жиектеліп,  ішіне  өрнек  салынған.  Әр  қырындағы  өрнек  әр  түрлі  .  Үшінші  ярустың 
қырлары  асты  тегіс,  үсті  доға  түрінде  өрнектеліп  жасалған.  Ортасында  солярлы 
белгі сұлбасы бар. Төртінші аралық ярустың бұрыштары кесілген, сегізбұрышты сөре 
қалпында жасалған. Бесінші ярустың астыңғы жағының бұрыштары кесіліп, тарыла 
келгенде, ортадағы қыры тік қалпында қалып, айқындалған. Осы көлемдер беті әр 
жағында  әр  түрлі  өрнектелген.  Бұл  ярустың  жоғарғы  жағының  қимасы  тік 
төртбұрышты келеді. Қырында көлденеңінен кішкене шар түріндегі кескіндер тізбегі 
оюланған. Осы ярус үстіне ірі көлемді шар түріндегі ұштығы орналасқан. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
17 
 
   
 
 
8 суреттер - Сарықыз  құлпытасының  шығыс және оңтүстіктен көрінісі 
 
Ескерткіш  бұрыштары  кертіліп,  сынып,  өз  пішінін  жоя  бастаған.  Өрнектері 
мен  эпитафиясы  да  көмескіленіп,  айқын  көрінбейді.  Құлпытастың  шығыс  жағына 
тақап темір сырық көмілген, онда ақ шүберектер байланған. Құлпытас тұтас құмды 
ізбестас  блогынан  кесіліп  алынған,  көлемдей,  тегіс  бедерлі  және  нұсқалай  ою 
әдісімен  өңделген.  Ескерткіштің  биіктігі  1,90  м.  Қимасының  көлемі  27,5×27,5  м. 
Уақыты 1866 жыл. 
Аяпберген қорымы. GPS координаты: N 48° 41,585'; Е 053° 39,697'. Қорым 
Миялы ауылынан оңтүстік-батысқа 22 км, Тайсойған ауылынан солтүстік-шығысқа 19 
км.,  қашықтықта  орналасқан.  Сәулет  және  қала  құрылысы  ескерткіші  болып 
табылады (9 сурет). 
Аяпберген  қыстағының оңтүстік  жағында  екі  құлаған  құлпытас орналасқан. 
Олардан  шығысқа  қарай  құрғап  қалған  көл  орны  –  сор  жатыр.  Құлпытастардан 
басқа бұл жерде белгісіз құрылыс орындарының сұлбасын байқауға болады. Саман 
тастан  салынған  құрылыстар  шағын  мешіт  –  забияның  орны  болуы  мүмкін.  Одан 
басқа да шағын құрылыс орындары кездеседі. Олардың бейіт немесе басқа құрылыс 
орны екені белгісіз. Құлпытастар ірі бейіттердің топырақ сұлбасының батыс жағында 
жатыр. Топырақ сұлба көлемі шамамен 4×4 м., және 5×4 м., болады. Құлпытастың 
бірі қимасы тік бұрышты бағана тәріздес келген, екі тігінен орналасқан шар тәрізді 
көлемдерден  тұратын  ұштығы  бар.  Бағанасының  батыс  қырында  жиек  ішіне  араб 
графикасымен  жазылған  эпитафиясы  нұсқалай  ойылған.  Бағананы  эпитафиясынан 
жоғарғы жағы көлденең сопақша етіп ойылған. Оның ішінің өрнектелуі көмескіленіп 
көрінбей  қалған.  Құлпытастың  басқа  қырлары  өсімдік  тәріздес  өрнектермен 
безендірілген. Ескерткіш тұтас құмды ізбестас  блогынан кесіліп алынып, көлемдей, 
тегіс бедерлі және нұсқалай ою әдісімен өңделген. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
18 
 
      
    
 
 
9 суреттер - Аяпберген қорымындағы құлпытастар 
 
Екінші  құлпытастың  құрылымы  үш  ярусты,  жұмыр  көлемді  ұштығы  бар. 
Бірінші  ярус  бағана  түрінде  келген,  қимасы  тік  бұрышты,  қырлары  ойылып 
жиектелген.  Батыс  қырында  эпитафиясы  бірнеше  текшеге  бөлініп  толтырылған. 
Араб  графикасымен  жазылған  эпитафиясы  қатты  мүжілу  салдарынан  оқуға 
келмейді.  Басқа  жағының  қырлары  тегіс  бедерлі  оюлау  әдісімен  өсімдік  тәріздес 
өрнектермен  толтырылған.  Екінші  ярус  бұрыштары  қос  бұрыштық  элемент  түрінде 
жасалынып  эшекейленген.  Ортасындағы  төртбұрышты  қыры  кішкене  томпақтар 
тізбегімен  жиектеліп,  ішіне  қошқармүйізге  ұқсас  өсімдік  тәрізді  өрнек  салынған. 
Үшінші яруста екіншіні қайталайды, тек, қырындағы өрнек басқа нұсқада салынған. 
Бұл ярустар арасы жіңішке сөремен айқындалып тұр. Құлпытас үшінші ярус үстіндегі 
жіңішке сөреде, көлденең орналасқан сопақ көлемді ұштығымен аяқталады. Қорым 
уақыты ХIX ғасырдың ІІ-жартысы – XX ғасырдың басы.               
Шажабай  қорымы.  GPS  координаты:  N  48° 45,756';  Е  053° 45,669'. 
Шажабай  қорымы  Миялы  ауылынан  оңтүстікке  12  км,  Тайсойған  ауылынан 
солтүстік-шығысқа  30  км.,  қашықтықта  орналасқан.  Сәулет  және  қала  құрылысы 
ескерткіші болып табылады (10,11 сурет). 
Қорым көлемі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 200 м, оңтүстік-батыстан 
солтүстік-шығысқа 60 м. Биіктеу келген төбе үстіне орналасқан. Қорымда шамамен 
40  шақты  бейіт орындары  бар.  Көбінің  ешқандай қабір  үсті  белгілері  сақталмаған. 
Кейбір  бейіттердің  қасында,  кейіннен,  қайтыс  болған  адамның  ұрпақтары  мрамор, 
гранит  тақтадан  қойған  белгі  ескерткіштер  бар.  Қорымда  осындай  5  белгі 
орналасқан.  Сақталған  қабір  үсті  ескерткіштерінен  6  құлпытас  қана  бар.  Олардың 
барлығы  сынып  құлатылған.  Осы  сынық  фрагментеріне  қарап  құлпытастардың 
сәулеттік  шеберлігі  жоғары  деп  бағалауға  болады.  Құлпытастар  қырлары  өрнек 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
19 
 
түрлеріне  бай  сәнделген,  өсімдік  тәріздес,  зооморфты,  геометриялы  өрнектер 
салынған.  Құрылымы  көп  ярусты,  жұмыр  келген  ұштығы  бар,  араб  графикасымен 
эпитафиясы  жазылған,  бағана  тәріздес  түрде  жасалғандары  байқалады.  Қорым 
уақыты ХIX ғасыр. 
 
 
10 сурет - Шажабай қорымының жалпы көрнісі 
 
 
 
11 сурет - Шажабай қорымы құлпытастары 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
20 
 
           Мәтен Қожа қорымы.  Әулие Мәтен Қожаның (1711-1802 жж.) жерленген 
жері.  1995  жылы  мазар  салынған.  Тасшағыл  ауылынан  оңтүстікке  қарай  18  км., 
қашықта  жатыр.  20    жуық  құлпытастар  бар.  Құлпытастар  жартылай  құмға  көміліп 
қалған. (12-15 сурет). 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет