Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны : Пән 2022/2023 оқу жылының 7 семестрінде университет стадионында және кешендерінде өткізіледі.
Пререквезиттер – Студенттер " Мамандандыру" пәнінің практикалық және ауызша жағынан толық оқуы үшін мынандай пәндер бойынша білім алуға тиіс.Спорттық морфология, биомеханика, педагогика, спорт психологиясы, жастық және жалпы физиология, анатомия, биохимия, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі.
Постреквезиттер –5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына қатысты пәндерді оқыту барысында гандбол мамандығын меңгерген студенттерге келесі пәндер бойынша білім қажет: «Спорт медицина», Спорт гигиенасы , Спорт түрлерінің физиологиясынан Спорт ілімінен, Спорт социологиясынан, Педагогикалық және жаттықтырушылық практикадан. ПОӘК «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы білім бағдарламасының негізгі бөлімі және FOA 3219 «Футбол оқыту әдістемесімен» оқу пәнін меңгеру мен сапалы оқыту үшін қажетті және жеткілікті оқу-әдістемелік құжаттардың жиынтығы болып табылады. ПОӘК келесі мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді:
2. Оқу пәнінің сипаттамасы 2.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты: студенттерге дене тәрбиесі жүйесіндегі футболдың орны мен маңызы туралы жаңа білім беру және студенттерде әртүрлі білім мекемелерінде, колледждерде, гимназияларда оқыту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін кәсіби-педагогикалық іскерлікті қалыптастыру, дене тәрбиесі жөніндегі әртүрлі мекемелерінде көпшілік-спорттық жұмысты ұйымдастыру.
2.2 Оқу пәнін оқытудың міндеттері:
Футболдың пайда болу және даму тарихы туралы, әлемдегі және Қазақстандағы оның даму жағдайы туралы білім беру;
Арнайы білім мен қозғалыс дағдыларын меңгеру;
Ойынның техникалық қимылдары мен тактикалық әрекеттесу тәсілдерін меңгеру;
Техникалық элементтерін тиімді орындаудың дағдыларын үйрету;
Әртүрлі ойын ситуацияларында және ойын жүйелерінде алаңдағы ойыншылардың тактикалық әрекеттесу дағдыларына үйретіп, білім беру;
Оқу-жаттықтыру үрдісін жоспарлау және ұйымдастырудың дағдылары мен іскерлігін меңгеру;
Студенттерді дене тәрбиесінің кез келген формаларындағы әртүрлі жас шамасы топтарындағы оқушылармен жұмыс жасауға теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау;
Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесін меңгеру.