Х. Досмухамед атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі


Елдің саяси жүйесінің компоненттері: Президент, Парламент, Үкімет



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата01.03.2023
өлшемі244,86 Kb.
#70604
1   2
Байланысты:
СӨЖ 1

Елдің саяси жүйесінің компоненттері: Президент, Парламент, Үкімет 
Президент- 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық 
талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар 
арасынан белгілі бір мерзімге сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде бір реттен 
артық президент бола алмайды. Бірқатар елде қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті 
тікелей 
азаматтар,іріктелген 
сайлаушылар, 
парламент, 
арнаулы 
сайлау 
алқасы 
сайлайды.Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі 
және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат 
шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ 
президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген 
мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте 
ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан 
айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін;2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т.б. ұйымдардың 
басшысы.Бүгінгі күні
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, 
Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда ҚР 
Конституциясының 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған Президент ретінде 
Мемлекет басшысының лауазымына кірісті. 
Қазақстан Республикасының Парламенті — елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең 
жоғарғы өкiлдiктi орган. 
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес 
Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы) сайланды. 


Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған 
Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда 
көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң 
ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен 
белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — 
Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады. 
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта 
қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы 
есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен 
алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына 
қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер 
шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; 
Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол 
сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың 
үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР 
Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
1 ақпанда Ерлан 
Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк 
органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы 
органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. 
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің 
алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан 
Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. 
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V 
тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Бүгінгі күні үкімет басшысы Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайылов. 
Әдебиеттер тізімі 
1.« Қазақстан тарихы» порталы. 
e-history.kz/ru 
2. 
https://www.elib.kz/ru/search/read_book
3. 
https://openu.kz/kz/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет