С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті КеАҚ
Х.Досмухамед атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
СӨЖ
Тақырыбы:
«
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Елдің саяси жүйесінің
компоненттері: Президент, Парламент, Үкімет»
Орындаған:ҚДС/21-002-2к тобы студенті
Сапарбек Қазбек
2021-2022 оқу жылы
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Елдің саяси
жүйесінің компоненттері: Президент, Парламент, Үкімет
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан
Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол
келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі
ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары
мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен
әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның
территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын
легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы
түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі
мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан
Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік
туғызды.
Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары
бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі
тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар
арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі
дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген
позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше
аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою — Қазақстан
басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз
— Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-
экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай —бұл жақын көршілікте
түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава,
супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады.
Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты
мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа
еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде
қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония,
Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік
үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға
қойды.
Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу ШЫҒЫС, Балқан елдері тәрізді
"дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси мүдделері
жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз.
Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президешінің басшылығымен құрамына сыртқы істер
министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын атқарушы орган — дипломатиялық
қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде
табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан
Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда
жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты
түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады.
Ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық
бөлімшесі болып табылады.
Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:
1. Бөлімнің құзыреті шегінде Президенттің ішкі саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды
қамтамасыз ету;
мемлекеттің ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын, азаматтық
қоғам мен адам құқықтарын қорғауды дамыту салаларындағы саясатты, конфессиялар арасындағы
қарым-қатынастарды, білім, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласындағы, денсаулық сақтау
(қаржылық-экономикалық мәселелерді қоспағанда), демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт
саласындағы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, сондай-ақ конфессияаралық қатынастар мәселелерінде
қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
Президентті елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың дамуы туралы хабардар етіп отыру;
Елбасының және Әкімшілік басшылығының азаматтық қоғам институттарымен, сонымен қатар
саяси партиялармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен, қорлармен, өзара іс-қимылын
қамтамасыз ету;
Президенттің қызметін, сондай-ақ оның қатысуымен өтетін іс-шараларды Бөлім құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың
қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің және басқада құрылатын консультативтік-кеңесші
органдардың жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, олардың қызметі туралы есеп берулерді
дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ шешімдерінің орындалуын бақылау;
мемлекеттік рәміздер жөніндегі, шетелдерде кадрлар дайындау жөніндегі, Тұңғыш Президенттің
Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан Республикасының
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан
Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі
республикалық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындауға қатысу.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;
елдегі ахуал және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттары
туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының Бөлім құзыретіне
жатқызылған бөлігін дайындауға қатысу;
бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттің жүргізіп отырған ішкі саясатын түсіндіруді
ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |