Х.Доспанова атындағы № 30 жалпы орта білім беретін
мектебінде өткізілген ата-аналарға
арналған сауалнаманың
қорытынды
Анықтамасы
2018 жылдың 24 қаңтар күні Х.Доспанова атындағы № 30 ЖОББ мектебінің МАД тобының ата-аналарына мектеп пен ата-ана арасындағы қарым – қатынасты, ата-ананың мектеп өміріне деген көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамаға барлығы – 50 ата-ана қатысты. Жауап берушілердің қорытындысы бойынша:
1.Балаңыздың №30 ЖОББ мектебінде білім алуына не себепкер болды?
А. Тұрғылықты жерге байланысты – 39 / 78%
Ә. Өз таңдауымыз – 8 / 16%
Б. Балаларымның осы мектепте білім алуы себепті – 1 / 2%
В. Оқу тәрбие процесі нәтижелі болған себепті – 2 / 4%
2. Мектеп өміріне белсенді араласасыз ба?
А. Иә, барынша – 35 / 70%
Ә. Кейде – 3 / 6%
Б. Тырысамын – 10 / 20%
В. Қажет деп есептемеймін – 1 / 2%
Г. Жоқ, мүлдем араласпаймын – 1 / 2%
3. Балаңыздың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қаншалықты қатысып тұрасыз?
А. Үнемі – 30 / 60%
Ә. Кейде – 17 / 34%
Б. Уақытым болмағандықтан қатыса алмаймын – 3 / 6%
4. Балаңыздың бойынан, іс-әрекетінен соңғы 6 ай ішінде өзгеріс байқадыңыз ба?
А. Иә, байқадым – 49 / 98%
В. Өз жауабым, жақсы жақтарын байқадым – 1 / 2%
5. Баланы неше жастан бастап өмірге бейімдеу қажет деп ойлайсыз?
А. 5-6 ж. – 40 / 80%
Ә. 10-12 ж. – 4 / 8%
В. Дүниеге келгеннен бастап – 6 / 12%
Қорытынды: Сауалнама нәтижелерін өңдей келе, білім алушылардың басым бөлігінің тұрғылықты мекен жайы мектепке келуге ыңғайлы, ата-аналар мектеп өміріне барынша араласады және үнемі балаларының оқу іс-әрекетіне қатысып отырады. Мектеп қабырғасына келген балаларының бойынан жағымды өзгерістер мен дамуды байқағаны анықталды. Осы жастан бастап, балаларды өмірге бейімдеу қажет деп есептейді.
Мектеп психологтары
Достарыңызбен бөлісу: |