Қыздар жиналысының хатамасының №1 Күні



Дата15.11.2023
өлшемі38 Kb.
#122703
түріСабақ

Қыздар жиналысының хатамасының № 1
Күні: 18.09.2023
Катысқандары: 22
Қатыспағандары: 1
Қаралатын мәселелер
1. Мектеп формасын сақтау
2. Қосымша сабақтарға қатысу
3. Қыздар арасындағы қақтығыс
4.Түнгі рейд

1 Мәселе бойынша 11 «А» сынып жетекшісі Базарбаева М.М. Сыныптың нақты қыз балалардың формаларын (классикалық) сақтау керектігі туралы атап өтті. Сыртқы келбетке және шашты жинау туралы тоқталып өтті. Мектепке боянып келуге болмайтындығы туралы ерекше тоқталып өтті.


2 мәселе бойынша сынып жетекшісі Базарбаева М.М. оқушылардың қосымша сабаққа баруын және уақыттарын босқа өткізбеу туралы қысқаша тоқталып кетті.
3 мәселе бойынша мектепішілік қыздар арасындағы қақтығысқа араласпауларын талап етті.
4 мәселе бойынша оқушалардың жолда жүру ережесі туралы және түнгі рейд мәселелері айтылды. Кешкі сағат 19.00 ден кейін далаға шықпауын қадағалау, алыстан қатынайтын оқушылар жолдан сақ болуын қыздарға ескертілді.
Шешімі
Қорытындылай келе оқушылардың тыйым салынған сайттарға кірмеуін, құқықбұзушылықтың сақталуын қатаң ескертті.
Сынып жетекшісі: Базарбаева М.М.
Қыздар хатшысы: Бақшабай Ү.
Ұлдар жиналысының хатамасының № 1
Күні: 19.09.2023
Катысқандары: 4
Қатыспағандары: 0

Қаралатын мәселелер

  1. Мектеп формасын сақтау
    2. Қосымша сабақтарға қатысу
    3. Құқық бұзушылық
    4.Түнгі рейд

1 мәселе бойынша 11 «А» сынып жетекшісі Базарбаева М.М. сыныптың нақты ұл балалардың формаларын (классикалық) сақтау керектігі туралы атап өтті.Сыртқы келбетті,форманы сақтау туралы мәселеге ерекше тоқталып өтті.


2 мәселе бойынша Сынып жетекшісі Базарбаева М.М. оқушылардың қосымша сабаққа баруын және уақыттарын босқа өткізбеу туралы қысқаша тоқталып кетті.
3 мәселе бойынша сынып жетекші Базарбаева М.М. мектепішілік ұлдар арасындағы құқықбұзушылыққа жол жоқ екендігі туралы басып атап өтті. «Үлкенге құрмет кішіге ізет» атты баяндама жасалды. Мектепішілік және жалпы құқық бұзушылыққа араласпауларын талап етті.
4 мәселе бойынша оқушалардың жолда жүру ережесі туралы және түнгі рейд мәселелері айтылды. Кешкі сағат 19.00 ден кейін далаға шықпауын қадағалау, алыстан қатынайтын оқушылар жолдан сақ болуын ескертілді.

Шешімі
Қорытындылай келе оқушылардың тыйым салынған сайттарға кірмеуін, құқықбұзушылықтың алдын алуын қатаң ескертті.

Сынып жетекшісі: Базарбаева М.М.


Ұлдар хатшысы: Әзімхан Б.
Ата-аналар жиналысының хатамасының № 1
Күні: 18.10.2022 ж
Катысқандары: 27
Қатыспағандары: 0
Қаралатын мәселелер
1. Мектеп ережесі (форма,оқушы құралдары, тәртібі, сабақтан кешікпеу)
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу
3. Жолда жүру ережесі
4.Түнгі рейд
5.Ағымдағы мәселелер (ыстық тамақ, тыйым салынған сайттар, ақша жинамау, бопсалау мәселелері)

1 мәселесі бойынша 11 «А»сынып жетекшісі Базарбаева М.М. мектепішілік ережелерімен таныстырды. Мектеп формасы еркін классикалық болу керек, оқушыларды толық мектеп құрал-жадбықтарымен қамтамассыз етілуі, сабақтан кешікпеу және себепсіз қалмауы туралы атап өтті.


2 мәселе бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы баяндама жасады. Бұл мәселе бойынша оқушылар арасындағы бірін-бірі бопсалау,әлімжеттік көрсету туралы қысқаша тоқталып кетті.
3-4 мәселе бойынша оқушалардың жолда жүру ережесі туралы және түнгі рейд мәселелері айтылды. Кешкі сағат 20.00 ден кейін далаға шықпауын қадағалау, алыстан қатынайтын оқушылар жолдан сақ болуын ата-аналарға ескертілді.
5 мәселе бойынша аз қамтылған оқушыларды ыстық тамақпен қамтамассыз етілгені, оқушылардың тыйым салынған сайтқа кірмеуі туралы қадағалауын ата-аналарға тапсырды.
Шешімі
Қорытындылай келе ата-аналарға оқушылардың мектепішілік ережелерін сақтауын, сабақтан кешікпеуін, тыйым салынған сайттарға кірмеуін, құқықбұзушылықтың қатаң сақтауын ата-аналар тарапынан қадағалансын.

Сынып жетекшісі: Базарбаева М.М.


Ата-аналар хатшысы: Сейтбекова М.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет