Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері



бет30/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#12086
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс

Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері

Мақсаты:

Мектеп басқарудағы менеджерлік іс-әрекеттің теориялық негіздерін меңгеру және оларды тәжірибеде пайдалану жолдарымен танысу



Міндеттері:

Курс соңында студенттерден күтілетін нәтижелер:

  1. Мектеп менеджері іс - әрекетінің жүйелік – функционалдық моделін меңгереді.

  2. Тәжірибелік іс-әрекеттегі мектеп менеджерінің құзырлық түрлерін ажырата алады.

  3. Мектеп менеджерінің атқаратын қызметтерін өз бетімен айқындай алады және тәжірибеде пайдалану жолдарын меңгереді.

Дәріс мазмұны:

Мектеп басқарудың әдіснамалық негізі ретінде әлеуметтік жүйелерді басқарудағы гуманистік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялар; отандық және шетелдік басқару теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі менеджменттің адамға бағытталған әлеуметтік-психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, басқаруды демократияландыру және ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар аударудың маңызы зор.

Мектеп басқару теориясы туралы еңбектерде "тұлға ретінде адамға бағдарланған басқарудың мәні - басты назарды адамға аудару", -деген анықтама беріледі. Мысалы, американдық психолог А.Маслоудың пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады.

Оның идеясын зерттеуші, педагог, психолог Карл Роджерс әрі қарай дамыта отырып былай дейді: "Білім берудің басты міндеті - тұлғаның өзіндік танымына, өз проблемаларын айқындай алуына және оларды шешуге өзіндік мүмкіндіктерін пайдалана білуге, сөйтіп өзін-өзі дамытуына көмектесу".

"Тұлға" - адамдар арасындағы өзінің орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туа алмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. Тұлга ұғымы- психологиядағы негізгі ұғым, ал оқу-тәрбие үрдісінің ізгілендірілуіне орай педагогикада жиі қолданылатын санатқа айналды. Осыған сәйкес педагогикада "тұлғалық көзқарас тұрғысы" (личностный подход) түсінігі қалыптасты. Ол - педагогтың тәрбиеленушілерге тұлға ретінде бірізді көзқарасы және өзіндік саналы жауапкершілікті субъектіге тәрбиелік өзара қарым-қатынасы. Соңғы кездері Карл Роджерстің психологиялық даму сырттан келетін өзгерістер арқылы емес, тұлғалық қарым-қатынастар мазмұнын өзгерту, жетілдіру арқылы жүзеге асырылатын құбылыс ретінде қарастыратын теориясы кеңінен таралуда. "Тұлғалық-бағдарлы" ұғымы Роджерстің "реrsоп-сепtеrеd" (личностно-центрированное), немесе "риріl-сепtеrеd" (центрирование вокруг ученика), яғни оқушыға бағдарланған әрекеттер туралы еңбектерінен бастау алатыны және оның тұлғаға қатысты "психологиялық және педагогикалық қызметтердің жемісті болуы эмпатиялық қатынасты, яғни өзге адамның жан дүниесіне үңілуді, оны бойындағы барлық касиеттерімен қабылдай алуды, шынайы карым-қатынасты кажет етеді," деген идеялары мектептер тәжірибесінде.

Қазақ тіліндегі педагогикалық-психологиялық сөздіктерде "тұлға-(личность) ұғымы - отандық психологиядағы негізгі ұғымдардын бірі, сонымен қатар, оқу-тәрбие үрдісінің ізгілендірілуіне орай педагогикада да жиі қолданылады" деп көрсетілген, ал "тұлғалық бағдарлы" ұғымы "тұлғага субъектілік көзқарас негізіндегі қарым-қатынас" ретінде түсіндіріледі.

Мектеп басқару жүйесіне оқушы, мұғалім, әкімшілік мүшелерінен тұратын адам ресурстары, оқу-тәрбие үрдісі, түрлі әдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары, шығармашылық және ізденістік топтар жатқызылады. Дәстүрлі басқаруда аталған құрылым "басқару субъектілері" және "басқару объектілері" сипатында болып, басқару "субъектіден-объектіге" қарай бағытталады және жүйенің ішкі құрылымдарына сәйкес субъектілік және объектілік сипаттары өзгеріп отырады. Мысалы, оқыту мен тәрбие үрдісінде оқушы объект ретінде алынып, мұғалім оған сырттан ықпал ету субъектілері деп есептелсе, әкімшілік қатынастар барысына мұғалім - басқарылушы объект, ал әкімшілік-басқарушы субъект ретінде карастырылады. Бұл жағдайда дәстүрлі басқару әкімшілік - авторитарлық сипатта болғандықтан оқушы мен мұғалім "орындаушы" қызметін атқарады. Педагогикалық менеджмент теориялары екі негізгі топқа бөлінеді. Бірінші топқа алдын ала белгілеген нәтижеге бағытталған басқару технологиялары жатқызылады. Оларға қызметтік (функционалдык) басқару, жүйелі басқару, ситуациялық тиімділік тұрғысынан басқару, ізденістік адаптивтік басқару технологияларын жатқыза аламыз. Басқару теориясында өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің жиынтығын құрайтын қызметтік басқарудың өзі бірнеше бөліктерден тұрады. Басқару теориясының авторы А.Файоль оны алдын ала болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, тәртіп беру, үйлестіру және бақылау деп бөледі. Н.В.Кузьмина оны педагогикалык жүйе ретінде карастырып: танымдық, жобалау, кұрастыру, ұйымдастыру, қарым-катынастық деген бөліктерін айқындай отырып, танымдык бөлікті барлық іс-әрекеттің негізі деп қарастырады.

Басқарудың қызметтік бағытын ұстанатын Ю.К.Бабанский,
В.С.Лазарев, М.М.Поташник еңбектерінде жоғарыда аталған жоспарлау,
ұйымдастыру, басқару, бақылау қызметтері өзіндік біртұтас кұрылымы бар күрделі цикл ретінде қарастырылады. Бүл зерттеулерде басқару қызметтері: ақпараттық талдау, мотивтік-мақсаттық, жоспарлау-жобалау, ұйымдастыру-орындау, бақылау-бағалау, реттеу-түзету болып бөлінеді.

Қызметтік басқаруға қатысты тұжырымдар мен технологиялардың сан алуандығын басқару қызметінің күрделілігінен туындайтын заңды құбылыс деп санауға болады. Біздің ойымызша, басқарудың бұл бағыты өзара байланысты объективті функционалдық қызметтерді орындаумен ғана шектеліп, білім берудегі субъективтік факторларды қамти алмайды. Менеджер басқарудың бұл бағытын негізге алған жағдайда, білім беру үрдісіне қатысушылардың субъектілігіне бағытталған шарттар қосымша түрде жасалуы қажет болады.



Басқарудың бұл тобына менеджердің жүйелік тұрғыдан басқаруы да жатады. Оқыту мен тәрбие жұмысын басқарудың жүйелік сипатын В.С.Ильин, В.В.Краевский, П.И.Пидкасистый, И.А.Колесникова т.б. ғалымдар зерттеген болатын. Осы кезеңде түрлі тұжырымдамалар, оқытудың тиімділігін арттыру жолдары ретінде педагогикалық технологиялар пайда болып, оқу жоспары мен бағдарламалары өзгерістерге ұшырады. А.М.Моисеев, В.М.Монахов педагогикалық жүйе - оқытудың әдістемелік жүйесі - оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары және оған сәйкестігі дидактикалық үрдістердің жиынтығы деп қарастырады. Жүйелік басқару теориясы бір мақсатқа бағытталып нәтижеге жетудің көп варианттылығы арқылы икемді және өзгерістерге ене алады.

Қызметтік және жүйелік бағыттар басқарудың нақты белгіленген құрылымына негізделіп, оның алгоритмдік тәртібін қатаң сақтауды көздейді. Олардың орындалу жолдары алдын-ала айқындалғандықтан, тәжірибедегі біртектес және қайталанып келетін мәселелерді тиімді жолдармен шешіп отыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда басқарудың назары негізінен ұйымдастыру-құрылымдық қызметтерге аударылып білім берудің тұлғалық мазмұны ескерілмейді; басқару қызметін орындау бакылауға бағытталып, педагогикалық үрдіс негізінен "субъектіден-объектіге" құрылады, басқару тәртібі белгілі құрылымнан шығарылмай, педагогикалық әрекеттерді жетілдіру тиісті деңгейден төмен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет