Б.Д.Парыгиннің зерттеуі бойынша көшбасшылықтың классификациялық стилдерін жазыңыз. Профессор Б.Д. Парыгиннің зерттеуі бойынша көшбасшылықтың классификациясын стиль, мінез-құлық және іс-әрекет түрлеріне бөлді.
Көшбасшылықтың классификациясы Іс – әрекет бойынша Көшбасшы шабыттандырушы және орындаушы
Стиль бойынша Авторитарлы Демократиялық Либералды
Мінез – құлық бойынша Әмбебап Ситуациялық
Б.Д. Парыгиннің айтуы бойынша көшбасшы өзінің қабілеттерін іс-әрекет барысында көрсетеді. Бұл үрдіс барысында тәжірибе алмасу жүзеге асырылады. Іс-әрекет көп қырлы, олардың көбі жаңа міндеттерді, тың мәселелерді шешуге жұмсалады. Оқушы игерілген білімін, іскерлік дағдыларын жұмылдырады, ізденіс жұмыстарын, әртүрлі амал-айлаларды жүзеге асырады. Оқушы сабақ барысында белсенділік танытып, өз бетінше шешім қабылдауға жаттығады, танымдық қызығушылығы артады, нәтижесінде белгілі істі атқару мүмкіндігі, белсенділігі, өзіндік жұмыстарға қабілеттілігі дамиды. Адамның бойында іс-әрекеттің пайда болуын мына түрлерге бөліп қарастырған:
– Көшбасшы – шабыттандырушы – ұжым мүшелерін ынталандыра отырып, оларды іс – әрекетке жұмылдырады. Шабыттандыру адамды басқарудың негізін құрайды. Басқарудың тиімділігі шабыттандыру процесінің қаншалықты деңгейде жүретіндігіне байланысты. Осы теориялардың мазмұнын толық қарастыру үшін шабыттандыру мәнін ашу керек. Оны мынадан көруге болады.
1. Әрбір адам организмінде тұрақты және табанды іс-әрекетке шабыттандыратын тілектер болады.
2. Адамның бүкіл саналы іс-әрекетін адамның жүріс-тұрысынан сипаттайтын терминдермен түсіндіруге болады.
3. Әрбір адам интенсивтілік және табандылық бойынша түрлендіретін адамгершілік қажеттіліктер жиынтығы болады.
4. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру шабыттандырылған мінез-құлықтың мақсаты болып табылады.
5. Саналы түрде меңгерілген мақсат-тілекке ауысады.
6. Индивидуум шабыттанып, мақсатқа жетеді. Тұлға іс-әрекетті орындауға ынта білдіреді.
7. Іс-әрекеттің мақсатқа сай орындалуы, оқушыны шабыттандыру, мадақтау немесе ынтаны қолдану нәтижесі болып табылады. – Көшбасшы – орындаушы – өзінің біліміне, қабілетіне, салқынқандылығына, сабырлылығына сүйенеді. Қиын мәселелерді шешімін табу үшін аналитикалық жолдарды қарастырады.Көшбасшы жауапты істі өз мойынына алады. Қалған ұсақ-түйек тапсырмаларды ұжым мүшелеріне тапсырады. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, өз күшіне ғана сенеді. – Көшбасшы шабыттандырушы – көшбасшы – орындаушы – ұжым мүшелерін шабыттандыра отырып, іс – әрекетті орындауға қатысады. Ұжым мүшелерін қолдай отырып, өзі де мақсатқа жетуге атсалысады. Өзінің бойындағы тәжірибемен, қабілеттерімен бөліседі. Қиын мәселенің шешімін табу үшін тиімді жолдарды қарастырады. Барлық ұжым мүшелерін ісәрекетке жұмылдырады.