Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата09.03.2017
өлшемі2,45 Mb.
#8632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Түйіндеме 
Н.Н. Мусалаев – д.философ.н., профессор КазНПУим.Абая 
Ж.А. Айпеисов – Дене мәдениеті кафедрасының меңгерушісі 
М.Оспанов атындағы Шығыс-қазақстандық мемлекеттік медициналық университет   
 
Адам: білім мен ой парадоксы (П.Т. де Шарденнің кейбір философиялық идеяларды талдау) 
Мақала табиғаттың жоғары жетістігін қарастыруға арналған. Оның Адамға және онымен байланысты мәселелерді 
ғалымдардың  қарастырған  ғылым  нысанының  құпиялықтарын  да  қарастырады.  Бұл  адамның  пайда  болуының 
қысқаша  тарихы,  оны  тұлға  ретінде  оны  қайта  жасау  процестің  басында  тұлғаны  индивидтің  жеке  адам  ретінде 
биология және физиологияның жалпы заңдылықтарының шеңберінде қарастырылады. Оны «рефлексивті қабілеті» 
ретінде сипаттайтын саналы тіршілік иесі ретінде өмірдің даму әдістерін зерттеу.   
Бұдан басқа, авторлар «гоминизация» терминіне тоқталады. Бұл түсініктің мәнін ашуға тырысып анықтама береді.   
Түйін сөздер: адам, сана, рефлексия, логика, тұлға, іс-әрекет. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
15
 
Summary 
B.Serzhanuly – Doctor of Philosophy., Prof. Kazakh Pedagogical University named after Abai,   
Jolay Aypeisov – Associate Professor, Head of the Department of Physical Education 
West Kazakhstan State Medical University named after M.Ospanov 
 
Man: the paradox of thought and knowledge (Analytical presentation of some philosophical ideas P.T. de Chardin) 
The article considers the supreme achievement of nature, its most mysterious crown is confusing science research object - 
the person and the associated problems. This is a brief history of the appearance of man, converting it to a person and the 
beginning of the individual personalization of the process beyond the general laws of biology and physiology, studying it as a 
rational being, characterized by "reflexive ability" approaches of scientists to human transcendence in relation to the rest of 
nature, and of course the same methods of the development of life. 
In addition, we stop at the term "hominization" in an attempt to reveal the essence of a definition of this concept. 
Keywords: person, reason, reflection, logic, personality, activity. 
 
 
УДК 378.016 
 
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МАМАНЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН 
Қ
АЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
  Ұ.Қ. Қыяқбаева –   
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры., п.ғ.к. 
Абай атындағы ҚазҰПУ     
 
Мақалада  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастырудың  басым  бағыттары 
қарастырылған.  Болашақ  бастауыш сынып  мамандарын даярлауда олардың  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастырудың 
маңыздылығы  қазіргі  таңда  жаңа  технологиялармен  оқытуды  жүйелі  түрде  жүргізумен    байланысты.  Сондықтан 
кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруде болашақ мамандардың теориялық білімін тереңдетумен қоса шеберліктің жиын- 
тығын,  яғни  кәсіби  қызметті  орындау  әдістеріне  де  үйретудің  маңыздылығы  атап  көрсетілген.  Аталған  құрамдас 
бөлікті жүзеге асыру тиімділігі педагогтың сыни ойлау, талпыныс пен талдау жасау, өзінің ұстанымын дәлелдей алуы, 
ақпаратты сәйкесінше қабылдауы сияқты қасиеттерге ие болуымен байланысты. 
Түйін  сөздер:  болашақ  маман,  кәсіби  құзіреттілік,  біліктілікті  жетілдіру,  педагогикалық  шеберлік,  ұйым- 
дастыру-басқарушылық, ғылыми -зерттеушілік, құндылық, шығармашылық болжам, ізденіс. 
 
Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындары- 
ның үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты 
дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны 
мен  сипаттарының  өзгеруіне  және  еңбек  сапасына  талаптың  жоғарылуына  байланысты  өз  ісін  жетік 
білетін, кәсіби білігі мол мамандарды    даярлауды қажет етеді. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасын іске асыру нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, 
кәсіби  қызметтің  тұлғалық  және  қоғамдық  маңызын  түсінуге,  оның  нәтижелері  үшін  жауап  беруге 
қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін 
білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» атап    көрсетілген. [1] 
Аталған  міндеттерді  жүзеге  асыруда  Қазақстанда  болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлаудың  қазіргі 
кезеңдегі жай-күйіне талдау жасауда жоғары оқу орындарының алдына әлеуметтік-этикалық, экономика- 
лық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзіретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып   
отырғандығы анықталды. 
Қазіргі  замандағы  білім  берудің  негізгі  мақсаты:  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті,  құзыретті,   өз 
жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі 
жұмысқа,  кәсіби  өсуге,  әлеуметтік-саяси  оңтайлы  тез  әрекет  жасауға,  болып  жатқан  өзгерістерге  тез 
бейімделуге  қабілетті  білікті  маман,  индустриалды-инновациялық  жағдайды  шешуге  лайық,  өз  қалауы 
мен  қоғам  талабына  сай  өзін  көрсете  білуге  бейім,  өз  ойын  еркін  айта  алатын,  жоғары  білімді,  ұлттық 
тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, 
оңтайлы кәсіби маман дайындау. 
Құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  кәсіби  маманның  –  қазіргі  студенттердің 
шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың,  интеллектуалдық  белсенділіктің  жоғары 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
16 
деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге 
бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. 
Студенттердің  кәсіби  құзыреттілік  мәселелері  туралы  пікірлер  кәсіби  маман  даярлау  мәселелерімен 
айналысып  жүрген  отандық  және  шетелдік  ғалымдар,  педагогтар,  психологтар  еңбектерінде  көрініс 
табуда. 
«Құзыреттілік»  түсінігі  білім  беру  саласында  1960-1970  жылдардағы  шетел  әдебиеттерінде,  ал  1980 
жылдардың  соңында  отандық  әдебиеттерде  кездесті.  «Кәсіби  құзыреттілік,  жете  білушілік»  ұғымын 
енгізудің  қажеттілігі  оның  мазмұнының  кеңдігімен,  интегративтік  сипатымен,  «кәсіптілік»,  «біліктілік»,   
«кәсіби мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді. 
Д.И.  Ушаковтың  редакциясымен  жарық  көрген  түсіндірме  сөздіктің  авторлары  «құзыреттілік»  және 
«құзырет» сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. «Құзыреттілік» – хабардар 
болушылық, абыройлық; «құзырет» – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты 
жиынтығы. 
Ғалым  С.М.  Вешниякованың  «Кәсіптік  білім  беру»  сөздігінде:  «Кәсіби  құзыреттілік 
competenens – қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің 
мөлшері», - деген анықтама берілген. 
Г.Ж.  Ниязова  зерттеу  жұмысында  «құзыреттілік»  ұғымына  «Білім  беру  құзырлары  –  бұл  студенттің 
мағыналық  бағдарлары,  білімдері,  біліктіліктері  мен  тұлғалық  және  әлеуметтік  іс-әрекетін  жүзеге 
асыруына  қажетті  нақты  анықталған  объектілер  шеңберіне  қатысты  тәжірибелерінің  жиынтығы»,  -  деп 
анықтама береді. 
Б.Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: «Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегiнiң нәтижесiне қарап 
пайымдау қажет. Кез келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға 
жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады» -, деп анықтама береді. [2] 
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз   «құзыреттілік» ұғымына – студенттердің жеке 
тұлғалық  психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  меңгерген  білімдерін,  дағдылары  мен  біліктерін, 
танымдық және тәжірибелік іскерлігін    өмірде дұрыс қолдануы деген түсінік бере аламыз. 
Демек,  педагог-психолог  ғалымдардың  пікірі  бойынша  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті,  кәсіби 
оңтайлы маманның бойында белгілі бір құзіреттіліктерді қалыптастыру: 

 
бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б.); 

 
мәдениеттанымдылық  құзіреттілік  (ұлттық  ерекшеліктерді  тани  білу,  өз  халқының  мәдениеті  мен 
өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 

 
оқу-танымдық  құзіреттілік  (өзінің  білімділік  қабілетін  ұйымдастыра  білу,  жоспарлай  білу, 
ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 

 
коммуникативтік  құзіреттілік  (адамдармен  өзара  қарым-қатынас  тәсілдерін  білу,  мемлекеттік  тіл 
ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); 

 
ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік  (ақпараттық  технологиялармен,  техникалық  объектілер 
көмегімен  бағдарлай  білу,  өз  бетінше  іздей  білу,  таңдай,  талдай  білу,  өзгерте  білуді  жүзеге  асыра  білу 
қабілеті); 

 
әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай 
білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); 

 
тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзіреттілігі  (отбасылық  еңбек,  экономикалық  және  саяси  қоғамдық 
қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті) арқылы жүзеге асырылады. [3] 
Құзіреттілік  бірінші  орынға  білімгердің  ақпаратты  сауаттылығын  емес,  оның  мәселені  дұрыс  шеше 
білу  қасиетін  қояды.  Егер  болашақ  педагогтың  құзыреттілігінің  қалыптасуын  орта  кәсіби  білім  беру 
жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық 
қызметке  маманның  қаншалықты  дайын  екендігі  туралы  айтуға  болады.  Кәсіби  құзіреттілік  деп 
педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби 
біліктілігі  мен  дағдысының,  тәжірибесінің  бір  арнада  тоғысуы  деуге  болады.  Болашақ  маман  өз  ісінің 
шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз 
елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, 
әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек. 
Бастауыш  сыныптарда  баланың  жеке  басының  дамуын  қамтамасыз  етуші,  маңызды  тәлім-тәрбие 
өнегесінің  бастаушысы,  жарқын  істердің  үлгісі,  бала  қиялын  самғатып,  арманын  көкке  ұсындырушы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
17
 
басты тұлға ұстазы. Бала тәрбиесінде бастауыш сынып мұғалімі жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік 
шығармашылық  иесі,  халықтық  дәстүр,  әдет  ғұрыппен,  салт-сана  ерекшеліктерін,  әлеуметтік  қарым- 
қатынастар  түрлерін  кәсіби  түрде  меңгеруі  тиіс,  әсіресе  осы  кәсіби  біліктілік  дағдыларын  шыңдау 
олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып табылады. Педагогтің кәсіби біліктілігі өз кезегін- 
де оның жеке педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған әрбір маманның жеке мәдени деңгейі, 
адамгершілігі,  таным  түсінігі,  тәрбиесі,  ізденімпаздығы,  зерттеушілігі  т.б.  жатады.  Олар  жаңалықтың 
жаршысы  ретінде  оқытудың  тәсілдерін,  озық  тәжірибелерін  сараптап,  үнемі  шығармашылық  ізденіс 
үстінде болуы талап етіледі. Бастауыш сынып маманының    рухани адамгершілік қасиеттері, психология- 
сы, кәсіби даярлығы, қарым-қатынас мәдениеті қай кезеңде болсын білім саласының алғы шарты ретінде 
бағаланады. Осыған сәйкес мамандарды қайта даярлау, біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін көкейкесті 
мәселе.  Ол  үшін  педагогтардың  кәсіби  біліктілігін  арттыруда  олардың  кәсіби  даярлығын,  шеберлігін, 
педагогтардың  кәсіби  құзіреттілігін,  мәдениетін  қалыптастыруға  ықпал  ету  көзделеді.  Мамандардың 
кәсіби қалыптасуы, бағыт-бағдар алуы, мектеп өміріне бейімделуі мен машықтануы және педагогикалық 
интеллект,  қызметтің  жеке  өзіндік  стилі,  кәсіби  шеберлігінің  шыңдалуы  мен  еңбекке  шығармашылық 
қабілеттері, ынта-ықыластарының арта түсуіне байланысты болмақ. Өйткені, ынтымақтастық педагогика- 
сы негізінде тәрбие екі жақтан: отбасы және мектептің бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. 
Білім беру реформасын жүзеге асырудағы негізгі тұлға педагог болып табылады. Мемлекеттің педагог 
мамандарға  бағдарланған  әлеуметтік  тапсырысы  ең  алдымен,  мектеп  таңдау  жағдайында  өз  бетімен 
жауапты  шешім  қабылдай  алатын,  ынтымақтастыққа  икемді,  ел  тағдырына  жанашырлықпен  қарайтын 
жоғары құзыретті адамдарды қалыптастыруды көздейді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби 
құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары: бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту – қазақстан- 
дық  білім  беру  жүйесін  өзгертудің  негізгі  бөлігі  болып  табылады.  Алайда  білім  берудің  сапасы  мен 
тиімділігін арттыру міндеттері мен осы міндеттерді жүзеге асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан 
келер  мүмкіндіктері  арасындағы  қарама-қайшылықтың  сақталып  отырғанын  атап  айтуға  болады.  Білім 
беру саясатындағы басым бағыттардың бірі–білім беру үдерісін құзыретті тәсілге бағдарлау болып    табы- 
лады.  Білім  мазмұны  мен  оны  жүзеге  асыру  жолдарындағы  жоғары  сипатқа  ие,  өзгерістердің  жалпы 
бағыты мен оны іске асыру жолдарын қамтамасыз ететін маңызды міндеттер: 

 
педагогтарды  білім  берудің  жаңа  технологияларын  меңгеруден,  кәсіби  рөлдерді  (кеңесші,  топтық 
талдауды  ұйымдастырушы,  тьютор)  сәйкесінше  игеруден  тұратын  құзыретті  тәсілдері  аясындағы 
жұмыстарға даярлау; 

 
педагогтарды баланың және өзінің денсаулығын сақтау технологиясымен қамтамасыз ету; 

 
білім беру үдерісін барынша дараландыру жағдайындағы іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру; 

 
баланың  негізгі  құзыреттіліктерінің  қалыптасу  деңгейін  бағалауға  дайындық  педагогтың  негізгі 
құзыреттіліктерінің деңгейімен тікелей байланысты. 
Педагогтарды  кәсіби  құзіреттілігін  жетілдіруде  жаңа  білім  беру  стандартының  талаптарына  сәйкес 
даярлау қажеттілігі жалпы алғанда педагогтың: 

 
жаңа білім беру стандарының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға; 

 
білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік өзгертуге; 

 
педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне; 

 
білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа 
тәсілдерін қолдануға даярлығының қалыптасуын көрсетеді.   
Мұнда  бастауыш  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  мәселесіне  де  ерекше  көңіл  бөлу  қажет. 
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру үдерісінің ресурсына айналуы педагогтың өзін- 
дік жұмысқа арналған тапсырмалар жүйесін пайдалануына және түрлі педагогикалық жағдаяттар арқылы 
ақпараттық-коммуникативтік  технологияның  мүмкіндіктерін  қолдануға  бағдарлау  қабілетіне  тікелей 
байланысты.  Ол  АКТ  озық  қолданыс  деңгейінде  игеруін  және  ақпараттық  ортада  бастауыш  сынып 
маманының  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  әдістері  мен  дидактикалық  тәсілдерін  меңгеруге  тікелей 
байланысты  болмақ.  Кәсіби  педагогикалық  білім  беру  жүйесін  жетілдіруде:  жоғары  және  орта  кәсіби 
педагогикалық  білім  беру  жүйесіндегі  жаңарту  бағыттарының  ортасынан  ең  алдымен,  педагогикалық 
мамандар даярлаудағы ресурстарға қойылатын талаптарды бөліп алуға болады: 

 
құзіреттілік-бағдарлы білім беруге көшу негізгі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді; 

 
тар  мамандандырудан  түлектің  кәсіби  белсенділігінің  базасын  құратын  кең  профильді  даярлыққа 
өту; 

 
кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты күшейту; Білім беру жүйесін жаңарту 
жағдайында  кәсіби  қызметтің  жаңа  тәсілдерін,  педагогикалық  үдеріске  қатысушылар  арасындағы  жаңа 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
18 
қатынас құрылымын игерген, жан-жақты даярлығы жеткілікті маман даярлаудағы қажеттілік туындайды. 
Кәсіби  құзіреттердің  білім  беруді  ақпараттандыруға  байланысты  талаптарға  сәйкестігі  -  педагогикалық 
оқу  орындарының  түлектері  соңғы  уақыттарда  бастапқы  қолдану  дағдыларын  игергенін  көрсетіп  жүр.     
Кәсіби  педагогикалық  білім  беру  мамандар  даярлауға  қойылатын  талаптарды  екі  топқа  бөліп   
қарастыруға болады: жалпы даярлық және кәсіби даярлық. 
Жалпы  даярлығы:  бастауыш  сыныптың  маманы  негізінде  философиялық  және  мәдени  тұжырымдар 
жатқан білім беру парадигмасының тұжырымдамасын білуі тиіс; 

 
жалпы психология негіздерін, педагогика негіздерін, іс-әрекет теориясын білуі тиіс; 

 
мемлекеттік тілді жетік білуі тиіс; шет тілін кәсіби қажеттілігіне қарай білуі тиіс; 

 
табиғаттың,  қоғамның,  адам  өміріндегі  өзгерістерді  тұжырымдай  отырып,  техникалық  дамудың 
қарқындылығын сезінуі тиіс; 

 
ақпараттық-коммуникативтік технологияны еркін игеруі тиіс; 

 
оқытудың техникалық құралдарын меңгере білуі тиіс. 
  Кәсіби даярлығы: 

 
жас және жеке ерекшелік психологиясын; 

 
педагогика тарихын; 

 
педагогиканы; 

 
түзету педагогикасының негіздерін; 

 
тәрбие теориясын; 

 
қазақстанның қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді; 

 
педагогикалық технология мен әдістеменің мәнін ажырата білуі; 

 
саралап оқытуды, жобалау әдістерін, денсаулық сақтай оқыту технологиясын; 

 
тұлғалық-бағдарлы  оқыту,  құзіретті  бағдарлы  оқытудың  академиялық,  прагматикалық,  құры- 
лымдық тәсілдерін білуі; 

 
ақпаратты сақтау, талдау, жеткізу негіздерін білуі; 

 
қосымша білім беру бағыты бойынша білім беру саласының мазмұнын білуі; 

 
қосымша білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін жекеленген әдіс-тәсілдерді білуі; 

 
бағдарламаға, оқу-әдістемелік кешенге талдау жасай білуі; 

 
дидактикалық материалдарға, электронды тасымалдау тәсілдеріне талдау жасай білуі; 

 
педагогикалық зерттеу жүргізе білуі; 

 
тренинг ұйымдастыруға және өткізуге икемді болуға; 

 
элективті курстың жеке бағдарламасын жасай білуі; 

 
элективті  курстар  мен  қосымша  білім  беруге  қажетті  дидактикалық  материалдарды  әзірлей  білуі 
тиіс. [4] 
Сонымен ойымызды қорытындылай келе, болашақ бастауыш сынып мұғалімі өзінің кәсіби құзіретті- 
лігін  жетілдіруде  мына  мәселелерге:  білім  мазмұнын  жаңарту  жолдарын  анықтай  алуға;  бағдарлама 
бойынша жаңартылған білім мазмұнын игертудегі қызығушылықтарының болуына; қажеттіліктері, бел- 
сенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруге; білім, білік, дағдылардың дәреже- 
сіне  сәйкес  болуын  қадағалай  білуге;  болашақ  маманның  білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесіне  қатысты 
теориялық, әдістемелік дайындығының жеткілікті деңгейде болуына; мақсатқа жетуге байланысты тиімді 
жолдарды таңдай алуға; ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен, 
қызығушылық пен қабылдауға; балалармен жүргізілетін ойын, еңбек, оқу іс-әрекетінің міндеттерін жүзеге 
асыруға, талдау жасауға, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуға; шығармашылықпен болжам 
жасай білуге, нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына баса назар аударуы қажет деп ойлаймыз. 
 
 
1  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. – Астана, 2010. 
2  Кенжебеков  Б.Т.  Жоғар  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардң  кәсіби  құзіреттілігін  ұалыптастыру.  – 
Қарағанды, 2005. 
3 Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары.    – Алматы, 2006. 
4  Тәттібаева  Г.Б.  Кәсіптік  оқыту  мамандығы  білімгерлеріне  руани-мәдениет  құндылықтарын  игерудің 
педагогикалық маңызы. – Алматы, 2014. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
19
 
Резюме 
У.К. Кыякбаева – д.п.н., профессор кафедры дошкольного образовании и социальной педагогики. КазНПУим.Абая 
   
Формирование возможности профессиональных компетенций будущих специалистов в начальных классах   
В  статье  рассматриваются  основные  направления  формирования  профессиональной  компетенции  будущих 
учителей  начальных  классов.  Значение  формирования  профессиональной  компетенции  в  подготовке  будущих 
учителей начальных классов связано с обучением по новой технологии. Поэтому при овладении профессиональной 
компетенцией  будущие  специалисты  должны  закрепить  теоретические  знания  с  системой  мастерства.  Также 
раасматривается  значение  обучения  методам  выполнения  профессиональной  деятельности.  Эффективность 
реализации  составной  части  связано  с  умением  педагога  критически  мыслить,  принимать  меры  и  анализировать, 
умением доказывать свои принципы, воспринимать информации. 
Ключевые  слова:  будущий  специалист,  профессиональная  компетенция,  совершенстование  квалификации, 
педагогическое  мастерство,    организационно-управленческий,  научно-исследовательский,  ценность,  творческая 
гипотеза, поиск.     
 
Summary 
U.K. Kiyakbaeva  Ph.D., professor Department of pre-school education and social pedagogy 
Kazakh Pedagogical University named after Abai, Almaty, Kazakhstan 
 
Formation of the possibility of professional competencies of future professionals in the primary grades 
  In  this  article  considers    the  priority  directions  of  the  formation  of  professional  competence  of  future  primary  school 
teachers. Importance  of  formation  of  professional  competence  of  specialists  training  of  future  primary  school  is  currently 
associated  with the teaching of new technologies on a regular basis. Therefore, is mentioned    the importance of deepening 
the theoretical knowledge of future specialists and professional recruitment, including teaching methods of professional work 
in  the  study  of  professional  competence.  The  effectiveness  of  the  implementation  of  this  component  is  associated  with 
teacher’s abilities as a critical thinking, analysis, and an attempt to prove the position, the adoption of appropriate information. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет