Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет42/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52

 
ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕР 
 «Ей, перзентім, тамақтан аш қалсаң да, ақыл-парасатқа тоқ бол. Адамдарға дөрекілік жасама. Ойпыл-
тойпыл сөйлеуден сақтанып, тіліңді тыйып ұста. Сонда ғана сен әр қилы қырсықтардан аулақ боласың. 
Адамдар бойында жоқ және болып та көрмеген қасиеттерді сенде бар деп мақтаса, ондай мақтауға сеніп, 
мардымсыма. 
Ей, перзентім, шынайы ілімге ынтық бол. Өз айтқаныңнан қайтпайтын бір мойын болмай, өзгелердің 
де айтқанына мән беріп, құлақ сал. 
Ей, перзентім, сырын біліп алмай тұрып, бір көрген кісіге көңіліңді жайып  салма. Өз-қадір қасиетін 
білмейтін кісілерден жақсылық күтпе. Күн шыққанша ұйықтап жатып алма. Орынсыз күле берме. Әйелі 
жаман кісілермен сұхбаттас болма. Жасы үлкен және егде кісілердің алдына түсіп жүрме. Сөйлесіп отыр-
ғандардың  сөзіне  орта  жолдан  килігіп,  бөлме.  Қонақтың  алдында  бәзбіреуге  кіжініп,  ренішіңді  айтпа. 
Басыңды салбыратып отырма» (Қабуснамадан). 
 «Бірі түзу болса – түзу бәрі де, 
  Бәрі түзу болса – түзу мәні де. 
  Бір қыңырдан – бәрі қисық шығады, 
  Бір қисықтан – әмән, қырсық туады»                  
(Ж.Баласағұн). 
«... Елік айтты:  Ізгілік екі түрлі ұқсаңдар, 
  Бірі – ізгілік жолын шыңдап тұтқандар. 
  Бірі – анадан ізгі болып туғандар, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
262
 
 
  Сүтпен сіңіп, сай-сүйегін буғандар. 
  Енді бірі – өткінші ісі, тұрағы, 
  Ессізге ерсе – ессіз болып шығады...»                 
(Ж.Баласағұн). 
 «Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, 
  Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма. 
  Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі, 
  Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі. 
  Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер, 
  Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер».
                 
(Ж.Баласағұн). 
 «Әуелі балаңды өзің алдайсың:  «Әне, оны берем, мұны берем» деп. Баста балаңды алдағаныңа  мәз 
боласың. Соңы ... ... балаң алдамшыл болса кімнен көресің? «Боқта» деп біреуді боқтатып: «көпірқияңқы, 
осыған тимеңдер» деп, оны масаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молда-
ның ең арзанын іздеп, «хат таныса болады» деп, «қу, сұм бол» деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан 
сатып  кетеді»  деп  тірі  жанға  сендірмей,  жат  мінез  қылып,  осы  ма  берген  тәлімің?  Осы  баладан  қайыр 
күтесің бе?!»         
 
(Абайдың оныншы қара сөзі). 
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар 
тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді. Екіншісі – білсем деген, 
не көрсе соған талпынып... көзі көргеннің, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Ал мұның 
бәрі жан құмары.»                     (Абайдың қара сөздері). 
 «Іштегі жан қуатымен жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой»  
                                                                                                                 (Абай) 
 «Сезім арқылы қабылдай алмайтын адамдар білімнен де құралақан»   
                                                                                                                    (Абай) 
«Адамның  адамшылдығы  –  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы  құрбы,  жақсы  ұстаздан 
болады»         (Абай) 
«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан 
гөрі,  көргеніне  көп  еліктегіш  келеді.  Солай  болған  соң  балаға  не  жақсы  мінез  болсын,  іспен  көрсету 
керек»         
(Ж.Аймауытов). 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық 
қылып шығару» (М.Жұмабаев). 
«.... Ал қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымың мен бесігіңді түзе...»  (М.Әуезов ). 
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» (М.Әуезов). 
«Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық» (Ғ.Мұстафин ). 
«Жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, 
баланың  бас  ұстазы  –  ата-ана.  Ата-ана  күнделікті  өмір  тіршілігінде  еңбегі,  адамдық  бейнелері,  жақсы 
мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы арқылы балаға үлгі. Сондықтан отбасы мен бала тәрбиесіне бірлес-
кен жан жылулық, рухани жылылықты дарытатын мезгіл жетті». (Сара Алпысқызы). 
Сонымен қатар тәртіп – әр адамның өзін-өзі қадағалауының, өзін-өзі басқаруының көрінісі мен оған 
қол жеткізер құралы. Бұл адамның өз қалауымен, саналы түрде жасалмаса, сырттан жүктеліп таңылған, 
күштеу немесе зорлау ретінде қабылданса, адам бойындағы жағымсыз ауыртпалыққа немесе іс жүзіндік 
мәні жоқ бос сөзге айналуы ықтимал. Тәртіпті адам - барлық жерде,  үйде, мектепте, қоғамдық орындар-
да,  жұмыс  үстінде,  демалыста,  адамдар  арасында  немесе  жеке  өзі  жүргенде,  өзінің  басқа  адамдардың 
алдындағы жауапкершілігі мен міндетін ұмытпайтын тұлға.  Ондай адам сыпайы әрі талапшыл болады. 
Оның  сөзі  мен  ісінде  алшақтық  болмайды.  Адамның  тәртіптілігі  оның  мәдениеттілігінің  де  белгісі. 
Өйткені  жұмыста  немесе  отбасыдағы  қарым-қатынас  мәдениеттілігі  қалыптасқан  ол  үшін  тәртіптілік  – 
амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап. Осы себепті барлық ата-аналарға 
айтылатын  және  оған  шақырылатын  үндеу  –  отбасыдағы  ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынас 
мәдениетін қалыптастыру мен әдепті, көрегенді де өнегелі ұрпақ тәрбиелеу – болашағымызды ойлау. 
 
1.  «Әдеп және жантану» хрестоматия. 

Алматы: «Атамұра», 1996 ж. 
2.  Асылов Ұ., Ж.Нұсқабайұлы «Әдеп. Инабаттылық дәрістері».  

Алматы: «Нұрлы әлем», 2005 ж. 
3.  Ғаббасов С. «Халық педагогикасының негіздері».  

 Алматы: «әл-Фараби», 1995 ж. 
4.  «Қазақтың мақал-мәтелдері».  

 Алматы: «Раритет», 2004 ж. 
 
Резюме 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
263 
Жумадуллаева А.А. – кандидат педагогических наук, Международный казахско-турецкий университет имени  
Х.А. Яссави, e-mail: 
juma033@mail.ru
 
Мейрбекова Г.П. – Phd доктор,  Международный казахско-турецкий университет имени Х.А. Яссави, e-mail: 
guma0711@mail.ru
 
Беркинбаева Г.О. 

 магистр-преподаватель,  
Казахский национальный педагогический университет им. Абая, e-mail: g_u_l_n_a_z_k_e_n@mail.ru 
 
Философия национального воспитания в семье 
Семья 

 наиболее распространенный  вид  социальной  группы,  основная ячейка общества, в которой рождается,  
формируется,  развивается  и  большую часть времени в течение жизни находится человек. Семейные  отношения  
обычно определяют психологию и поведение человека, поэтому семья представляет особый интерес для   социально-
психологического  исследования.  Человечество  развивается  неравномерно.  В  периоды  затишья,  относительной 
стабильности общественной  жизни  подростки  не  столь  резко выбивались из ее колеи и без особого напряжения 
включались в нее.  И  совсем иначе ведут себя подростки в периоды бурного развития  общества,  ломки привычного 
образа жизни.  
Все  большее  значение  социологи  придавали  и  придают  коммуникативной  функции    семьи.  Можно  назвать   
следующие   компоненты этой  функции: посредничество  семьи в контакте  своих  членов  со  средствами   массовой 
информации (телевидение, радио, периодическая  печать), литературой и искусством; влияние семьи на многообраз-
ные связи своих членов  с  окружающей природной средой и на характер ее  восприятия;  организация  внутрисемей-
ного  общения. 
Какое бы общество не было, оно требует дисциплины и будет заинтересовано в этом. Поэтому для всего мира 
актуальная  обязанность  -  это  навести  порядок  в  обществе.  Воспитание  поддерживает    сплоченность  в  порядке  
семьи,  общества  и составных частей государства. Основная цель семейного воспитания казахского народа  - это 
воспитание «талантливого сына» и  «достойную» дочку 
 
Ключевые  слова:  семья,  образование,  национальное  образование,  традиции,  пословицы,  большие  слова, 
поведение, и культура. 
 
 
 
Summary 
Zhumadullaeva A.A.
 –
 Candidate of Pedagogical Sciences, Kh.Yasavi International Kazakh-Turkish University, 
 e-mail: 
juma033@mail.ru
 
Meirbekova G.P. 

 Phd Doctor,  Kh.Yasavi International Kazakh-Turkish University     
e-mail: 
guma0711@mail.ru
 
Berkinbaeva G.O.
 – 
Lecturer  M.A., Kazakh National Pedagogical University named after Abai,     
e-mail: g_u_l_n_a_z_k_e_n@mail.ru
 
 
The philosophy of national education in the family 
Family is the most common type of social group, the main unit of society, which is born, formed, developed and most of 
the time during the life of a person is. Family relationships are usually defined psychology and human behavior, so the family 
is of particular interest for socio-psychological research. Humanity has developed unevenly. In periods of calm, the relative 
stability  of  social  life  of  teenagers  not  as  dramatically  knocked  out  of  its  rut  and  without  strain  included  in  it.  And  very 
different teenagers behave during periods of rapid development of society, breaking traditional way of life. 
The increasing importance of social scientists gave and give the communicative function of the family. You can call this 
function,  the  following  components:  family  mediation  in  contact  with  its  members,  the  media  (television,  radio,  printed 
media), literature and art; influence of the family on multiple communications of its members with the natural environment 
and the nature of its perception; intra-organization communication. 
What society would not be, it demands discipline and will be interested in it. Therefore, for the whole world the actual 
duty  is  to  keep  piece  in  society.  Education  maintains  unity  as  a  family,  society  and  components  of  the  state.  The  main 
objective of family education of the Kazakh people is an education of "the talented son" and “the worthy" daughter 
Key words: family, education, national education, traditions, proverbs, behavior  and culture. 
 
 
УДК: 371.013.770 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ФОЛЬКЛОР АРҚЫЛЫ    
КОММУНИКАТИВТІК-ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
264
 
 
Кошкимбаева Р.Х. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,  
Педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы 
baykulov85@mail.ru
 
Райымбек Л.  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,   
Жалпы педагогика және психология кафедрасының оқытушысы 
 
Мақала  мектеп жасына дейінгі балалардың  фольклор арқылы коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін қалыптас-
тыру  мәселесін  қарастырады.  Мұнда  балабақшадағы  тәрбие  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  айтылады.  Мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  коммуникативтік-тілдік  құзыреттілігін  дамытудың  жолдары  қарастырылады.  Мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  коммуникативтік-тілдік  құзыреттіліктерінің  жоғары  деңгейде  қалыптасуы  оның  кез-
келген  әлеуметтік  ортаға  бейімделуінің  кепілі  екені  сөз  етіледі.  Қозғалып  отырған  мәселеге  қатысты  ғалымдар 
еңбектеріне  шолу  жасалынады.  «Коммуникативтік  құзіреттілік»,  «құзыреттілік»,  «құзырет»,  «компетенция»    ұғы-
мына қысқаша мәлімет беріліп, талданады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің, ақыл-ойының дамуына тіке-
лей  әсер  ететін  балалар  фольклоры:  санамақ,  ертегі,  өтірік  өлең,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  мақал-мәтелдер  туралы 
қысқаша мәлімет беріліп, қорытылады. 
Тірек  сөздер:  мектеп  жасына  дейінгі  балалар,  «құзыреттілік»,  «құзырет»,  балалар  фольклоры,  жұмбақ, 
жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі. 
 
Қазіргі таңда бала тілін сәби кезінен бастап дамыту, ойын өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыпта-
суына  жағдай  жасау  –  оқу-тәрбие  мәселесіндегі  негізгі  мақсаттардың  бірі.  Бала  өз  ойын  тіл  арқылы 
жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі 
үрдіс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асатыны мәлім.  
Олай болса, балабақшадағы тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты – баланың тілін ұстартып, байла-
ныстырып  сөйлей  білуге  үйрете  отырып,  оның  ой-өрісін  дамыту.  Яғни,  білім  беру  жүйесінің  алғашқы 
деңгейі ретінде қазіргі өзгермелі әлемде талапқа сай бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы 
мен дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.  
Демек  балабақшада  тәрбиеленіп  жүрген  баланың  тілі  мен  ой-өрісі  отбасында  тәрбиеленген  баладан 
анағұрлым жақсы дамитыны сөзсіз. Себебі балабақшада баланың тілін жаттықтырып, ойын дамытуға көп 
көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызық та тартымды өлеңдер, тақпақ-
тар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік 
қорын байытады [1; 230 б.]. 
Бұл  дегеніміз,  адам  әлеуметтік  ортаның  мүшесі  болғандықтан,  өмірінің  алғашқы  айынан  бастап 
айналасындағы  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсудің  қажеттілігін  бастан  өткеретіндігін  байқауымызға 
болады.  Ал  қарым-қатынас  күрделі  де  көп  қырлы  әрекет,  сондықтан  адам  баласына  алдыңғы  аға  буын 
жинақтап жеткізген әлеуметтік тәжірибені игеру үдерісінде қажетті білім мен білікті қажет етеді.  
Сол себепті қазіргі уақытта өскелең ұрпақты тәрбиелеуде М.Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді 
түзе» деген өсиетті сөзін естен шығармауымыз керек. Егеменді еліміздің жастарын өмірге келген сәтінен 
бастап, елін, жерін, Отанын, өз Ата Заңын сүйіп, құрметтеп, қадір тұтып, мақтан тұтатындай етіп тәрбие-
леуіміз  керек.  Сондықтан  да,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  білім  беруде  балалар  фольклорымен 
таныстыру  арқылы  қарапайым  ұғымды  қалыптастыра  отырып,  балалардың  коммуникативтік-тілдік 
құзыреттілігін қалыптастырудан бастағанымыз жөн деп санаймыз. 
Себебі,  Н.Ә.  Назарбаев  «Интеллектуалды  ұлт 

  2020»  жобасында  қазіргі  заманғы  білім  берудің 
болашақтағы міндеттерін атай келе, жас қазақстандықтар бастапқы интеллектуалдық әлеуетпен және терең 
ақылмен,  шексіз  қызығушылықпен  және  өмірлік  күш-қуатпен  ерекшеленуге  тиіс  деген.  Бұл  міндеттерді 
жүзеге  асыруда  жаңа  білім  беру  жүйесінің  балабақша  сатысында  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  базалық 
білім,  білік,  дағдылар,  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде  балалардың  түйінді  құзы-
реттілігін қалыптастыруды қажет етеді. Осыған сәйкес балалар бақшасынан  бастап, балалардың бойында 
коммуникативтік-тілдік құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып табылады [2; 3]. 
Олай  дейтініміз,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  коммуникативтік-тілдік  құзыреттіліктерінің 
жоғары деңгейде қалыптасуы оның кез-келген әлеуметтік ортаға бейімделуінің кепілі болып табылады.  
Осы тұста «құзыреттілік», «құзырет» ұғымдарына берілген анықтамаларға және олардың теориялық 
негіздеріне тоқталуды жөн көрдік. Кеңестік энциклопедиялық сөздікте  құзырет  (лат. Тіл compete - қол 
жеткіземін,  сәйкес  келемін)  -  1.  Заң,  жарғы  немесе  нақты  орган  немесе  лауазымдық  тұлғаға  берген 
өкілеттілік  шеңбері.  2.  Белгілі  бір  саладағы  білім,  тәжірибе  деп  анықталса,  Ғ.Ғ.  Мұсабаевтың  орысша-
қазақша  сөздігінде  «компетенция»  ұғымын  «хабардарлық»  және  «заң»  саласының  термині  ретінде 
«міндет, қызмет бабы» деген. Демек, құзырет ұғымы өткен ғасырдың ортасынан бастап белгілі бір 
салада білімі бар, өзінің білімімен немесе өкілеттілігімен бірдеңе істеуге, шешуге құқығы бар деген 
түсінікке  ие  болған.  Құзыреттілік  ұғымы  тұлғаның  сапалы  көрсеткіші  ретінде  алдына  қойған 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
265 
міндетін  нәтижелі  шешуге,  сауатты  түрде  пікірін,  ойын,  бағасын  бере  білуге  мүмкіндік  беретін 
білім  мен  біліктілікті  меңгеруі.  Құзырет  құзыреттіліктің  одан  әрі  дамуы  мен  қалыптасуына  негіз 
болатын сапа түрінде қарастырылады [4; 5; 6]. 
Сондай-ақ  коммуникативтік-тілдік  құзыреттіліктің  қалыптасу  маңыздылығының  баланың  мектепте 
білім  алу  кезеңіне  өту  барысында  аса  ерекше  орын  алатындығын  М.И.  Лисина,  Е.Е.  Кравцова,                       
Г.Г.  Кравцов,  В.А.  Петровский,  А.Г.  Рузская  сынды  ғалымдар  өз  еңбектерінде  анықтағанын  да  айта 
кетуімізге болады [7; 8; 9; 10].  
Ал  балалардың  өзгелермен  қарым-қатынасқа  түсуінің  қарапайым  түрінің  тапшылық  етуі  оның 
құрдастарымен  және  үлкен  адамдармен  өзара  іс-әрекетінде  үлкен  қиындықтар  туғызатынын  естен 
шығармауымыз  қажет.  Себебі  олардың  қорқыныш  сезімдері  артып,  білім  алу  үдерісіне  үлкен  нұқсан 
келтіретіні  сөзсіз.  Міне,  сондықтан  коммуникативтік-тілдік  құзыреттіліктерінің  қалыптастыру  мектепке 
дейінгі кезең мен бастауыш мектепте білім беру кезеңінің сабақтастығын қамтамасыз етудің басымды-
лығы,  оқу  әрекетінің  табыстылығын  қамтамасыз  етудің  қажетті  шарттары  әлеуметтік  жеке  тұлға 
дамуының маңызды бағыттары болып табылады. 
Сонымен қатар тіл – ойдың жемісі екенін ескерсек, бала тілінің жоғары деңгейде жетілуі оның жеке 
басының интеллектуалды дамуына, балалар фольклоры туралы берілетін білімнің орны ерекше.  
Яғни мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы болып – тілдің халық-
тық  қасиетін  ауыз  әдебиет  үлгілері,  көркем  әдебиет  арқылы  бала  бойына  сіңіруде.  Оқыған  шығармасы 
бойынша ойын көркем етіп жеткізе білу де – тіл мәдениетін меңгерудің бірден-бір шарты. 
Ол үшін ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту, халық қазынасы ауыз әдебиеті, 
балаларға арналған көркем әдеби шығармаларды кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Осы тұрғыда 
мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің, ақыл-ойының дамуына тікелей әсер ететін балалар фольклоры 
болып табылады деп толықтай айта аламыз. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты тілінің дамуына 
көркем  әдебиет  шығармаларының,  ауыз  әдебиет  туындыларының  ықпалы  зор  екенін  жоғарыда  айтып 
өттік. Олай дейтініміз, балалар нақ осы жаста санамақ, ертегі, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-
мәтелдерді және т.б. өте қызыға айтады.  
Әсіресе халықтық шығармалар ішінде балалар үшін жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар бала-
ны  байқағыштыққа,  тапқырлыққа  баулып,  ой-қиялын  ұштастыруға  көп  әсер  етеді.  Ал  келесі  жанр  – 
жаңылтпаш.  Ол  да  баланы  дұрыс  та,  айқын  сөйлеуге  үйрететін,  тілін  жаттықтыруға  бейімдейтін  жанр. 
Балалар  жаңылтпаш  арқылы  сөздерді  дұрыс  сөйлеуге,  жеке  дыбыстарды  алмастырмай  дұрыс  айтуға 
үйренеді.  Сондай-ақ  халықтың  асыл  ойының  көркем  жиынтығы  мақал-мәтелдер  арқылы  да  беріледі. 
Қышқаша айтар болсақ қазақтың мақал-мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, 
инабаттылықты қамтиды.  
Сол себепті де халық ауыз әдебиетін балабақшадан бастап пайдаланудың маңызына тоқталар болсақ, 
ол баланың тілін дамыту үшін, ой-өрісін кеңейтуге білімдік – тәрбиелік маңызы зор екеніне көзіміз жетеді 
[11].     
Демек, күнделікті оқу үрдісінде мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, жұмбақ жасыру, ертегілер, жаңылтпаш-
тар кеңінен пайдаланылуы қажет. Осылардың қай-қайсысы болса да баланың сезімін селт еткізіп, ойына 
оралып, тіліне үйіріліп, сөзге әсерлендіреді. 
Қорыта айтар болсақ мектеп жасына дейінгі сәбилерді өз ана тілін жақсы меңгеруге үйрету, тәрбиеші-
нің  кәсіби  даярлығына,  әдіскерлік  шеберлігіне  байланысты.  Сол  себептен  де  қазақтың  фольклорлық 
шығармаларын  мектепке  дейінгі  балалардың  ой-өрісін,  дүниетанымын  дамытатын,  қиял  сезіміне  әсер 
етерлік, табиғаттың таңғажайып сырын ұғындыратын, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге баули-
тын негізгі құрал ретінде жас ерекшеліктеріне сай кеңінен қолдануға тиіспіз.  
Сондай-ақ ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, 
дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек. Яғни құзыретті тұлғаны қалыптастыру мектеп 
жасына  дейінгі  кезеңнен  басталуы  тиіс  деп  тұжырымдаймыз.  Демек,  әрбір  күн  өзгеріске  толы  бүгінгі 
жауапты  кезеңде  замана  көшінен  қалмай  уақыт  талабына  сай  ертеңгі  болашақ  ұрпақты  білімді  етіп 
тәрбиелеу  тәрбиешілерге  көп  жауапкершілікті  жүктейді.  Ол  тәрбиешіден  үздіксіз  ізденуді,  өз  білімін 
жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің  ертеңі  - бүгінгі жас ұрпақтың қолында екенін естен 
шығармауымыз керек. 
 
1.  Ананьев  Б.Г.  Познавательные  потребности  и  интересы,  Ученые  записки  ЛГУ,    Психология. 
– 
Ленинград: 
Изд-во ЛГУ, 1959. 

 230 с. 
2.  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010 ж. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
266
 
 
3.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға  міндетті  мектепке  дейінгі оқыту  және  тәрбиелеудің 
стандарты. 
– 
Астана,2009. 
– 
30 б. 
4.  Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Республикалық баспа кабинеті. 
– 
Алматы, 1995.  
– 
185 б. 
5.  Қазақ  тілінің  түсіндірмелі  сөздігі  /  Жалпы  редакциясын  басқарған  А.Ы.  Ысқақов.  Қазақ  ССР-інің  «Ғылым 
баспасы». 

 Алматы, 1982.
 – 
623 б. 
6.  Российская  педагогическая  энциклопедия.  В  2-х  томах. 
– 
Москва:  Научное  издательство  «Большая 
Российская энциклопедия», 1993.  
– 
Т.1. 

 607 с. 
7.  Ожегов СИ. Словарь русского языка / Под ред. Н.Ю.Шведовой. 

 Москва: Русский язык, 1986.  
– 
795 с. 
8.  Петровский  В.А.,  Виноградова  А.М.,  Кларина  Л.М.  Учимся  общаться  с  ребенком:  руководство  для 
воспитателей детского сада. –М.: Просвещение, 1993. 
9.  Лисина М.И. Общение и речь: развитие речи у детей в общении со взрослыми. –М.:Педагогика, 1995. 
10. .Лисина М.И., Силвестру А.И. Психология самосознания у дошкольников.
 – 
Кишинев: Щтиинце, 1983. 
11. Жұмағожина Р. Ауыз әдебиеті үлгелерін балалар бақшасында пайдалану. –Алматы: Мектеп, 1981.
 – 
42 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет