Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет40/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57

Қорыта  келе,  Культ  концептісінің  маңыздылығы  анықталып,  бұл  лексемалардың  ассоциациялық 
өрістері  ажыратылып  топтастырылды.  Біріншіден,  қазақтардың  тұрмыс-салттық,  діни  ырым-
жораларының рухани-дүниетанымдық көзқарастарының түп қайнары тым тереңде жатқанын көреміз әрі 
жазба  ескерткіштер  мен  археологиялық  деректер  бір-бірін  еш  қайшылықсыз  толықтырып  отырады; 
екіншіден,  культ  концептісіне  қатысты  культтік  фразеологизмдер  лексика-семантикалық  топтарға 
топтастырылса, үшіншіден, сол классификация бойынша оларға этнолингвистикалық сипаттама беріліп, 
қазақтың  ұлттық  болмысын  танытатын  коннотация  сипаты  нақты  дәлелденіп,  осы  жіктелген  культтік 
фразеологизмдердің  антропоцентристік  парадигма  аясы  айқындалды;  төртіншіден,  құрылымы  мен 
мазмұны жағынан ұқсас аталмыш концептілірден туындаған культтік фразеологизмдер көптеп кездеседі. 
Бұны түркі халықтарының тарихи сабақтастығынан деп түсінеміз.  
 
1
 
Қайдар  Ә.Т.  Халық  даналығы  (Қазақ  мақал-мәтелдерінің  түсіндірме  сөздігі  және  зерттеу).  –  «Тоғанай  Т». 
Алматы: Тоғанай Т, 2004. -560 б.  
2
 
Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. –Алматы: Ғылым, 1997. -272 б 
3
 
Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск: ТетраСистемс, 2004. -256 с.;  
4
 
Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: фил. ғыл. д-ры дис: Алматы, 2007. - 330 б. 
5 Рысбаева Г.Қ, «Культ» концептісінің лингвомәдени және мифтік көрінісі. //Тіл білімінің қазіргі бағыттары: 
когнитивизм, функционализм, прагматика.-Алматы, -2011. -108-114 б 
 
Резюме 
В нынешнее время в процессе глобализации этносы уделяют больше внимания языкам и культурам друг-друга и 
исследуют  их  с  когнитивной  и  антропоцентристской  стороны.  Язык  –  глубоко  духовно  связан  с  бытьем  народа, 
служит  судьбе  и  живет  судьбой  народа.  Во  всяком  народе  мыслительные  особенности  находят  отражение  в  их 
национальных  языках,  поэтому  рассматривание  языковых  единиц  как  явление  которое  постоянно  находится  в 
развитии,  и  описание  их  в  связи  с  его  взаимодействием  с  окружающим  миром,  с  деятельностью  людей,  с  их 
взглядами на мир, с национальными ценностями является одним из актуальных задач Лингвистики.  
Концепция «Культа» является одной из концептов имеющих собственное место в системе духовно-культурных 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
217 
концептов любого народа. Духовная культура познается с понятиями как воззрение человека на окружающую среду, 
религиозное познание, верованияи поверия, характер, способность и др. Культ по своему абстракционному описа-
нию очень сложный. Исследования культовой лексики не означает исследования религии, оно является тщательным 
рассмотрением и толкованием духовного богатства, духовно культурной жизни, мировоззренческого бытия, верова-
ния, обычаи и традиции, обрядов народа через его язык.  Остонавливаясь в национально-культурных особеннастях 
концепта  «Культ»  в  своей  работе  мы  пользуемся  концептами  мысленная  картина,  фрейм,  сценарий,  гештальт, 
ассоциация при выборе материала. С помощью концепта можно определить национальное мировоззрение, кругозор, 
знания  народа.  Виды  концептов  Культ  мы  рассматриваем  в  языковых  единицах  дающие  много  иформации  о 
мировоззрении прошлого времени в определении когнитивного образа культа связанные с концептами культ Луны, 
культ  Солнца,  культ  Воды,  культ  Огня,  культ  матери  Умай,  культ  Дерева,  культ  Духов  предков  и  культ  Сил 
создателей со стороны этнолингвистики.  
Ключевые  слова:  концепт «Культ», мысленная картина, фрейм, сценарий, гештальт, ассоциация, культ Воды, 
культ Огня, культ Дерева, концепт культа Сил создателей.  
 
Summary 
At the present time in the process of globalization ethnic groups pay more attention to the languages and cultures of each 
other and explore them with cognitive and anthropocentric side. Language - deeply spiritually connected with people’s life, it 
serves to the destiny of the people and lives for the destiny of people. In every nation mental characteristics are reflected in 
their national languages, so viewing linguistic units as a phenomenon which is constantly in development, and a description of 
them  in  relation  to  its  interaction  with  the  environment,  with  the  activities  of  people  with  their  views  of  the  world,  with 
national  values  one  of  the  actual  problems  of  Linguistics.  Considering  the  national  cultural  characteristics  of  the  concept 
"Cult" in our  work in selecting the  materials  we use concepts as mental picture, frame, script, gestalt association. With the 
help of the concept can be determined national outlook, horizons and the knowledge of the people. The concept of a "cult" is 
one of the concepts that have its own place in the spiritual and cultural concepts of any nation. Spiritual culture is cognized 
with the concepts of human’s view on the environment, religious cognition, beliefs and superstitions, character, ability, etc. 
Cult by its abstract description is very complicated. Research of the cult vocabulary does not mean the study of religion, it is a 
careful  consideration  and  interpretation  of  spiritual  wealth,  spiritual  cultural  life,  being,  philosophical,  religious  beliefs, 
customs and traditions, rituals of people through their tongue. Types of Cult concepts we regard as linguistic units giving a lot 
of information about the outlook of the last time in the definition of a cult image cognitive concepts related to the cult of the 
Moon, cult of the Sun, the cult of Water, cult of the Fire, the cult of the mother Umai, cult of the Tree, cult of the Ancestral 
spirits and the cult of the Creators’ Force from the side of ethno linguistics. 
Keywords: concept of "Cult", mental picture, frame, script, gestalt, association, the cult of Water, cult of the Fire, cult of 
the Tree and the cult of the Creators’ Force 
 
УДК 37.01:39(=512.122) 
 
ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ ДАНАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК ОЙЛАР 
 
Н.Сманова – Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің 
құрметті қызметкері 
 
Бұл  мақалада  халық  ауыз  әдебиетіндегі  мақал-мәтелдердің,  афоризмдердің  және  басқа  да  халық  ауыз 
әдебиетіндегі  қанатты  сөздердің  тәрбиелік  мәні  ашылады.  Сондай-ақ  жалпы  білім  беретін  және  басқа  да  оқу 
мекемелерінде оларды оқытудың жолдары көрсетіледі. 
Кілт сөздер: ырым сөздер, тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, мақал-мәтел, айшықты сөздер.  
 
Ұлы  Абай:  «Халық  даналығы  –  қағазға  басылып  кітап  болып  шыққан  шариғаттан  да,  анау  патша 
заңынан да асып түспесе кем түспейтін қазақтың қанатты сөздері, мақал-мәтелдері. Халық сол астарлы, 
ақылды,  ұшқыр  асыл  сөздерімен  билік  айтып,  соны  заң  дәргейіне  жеткізген.  Талқыға  түскен  істерге 
айтылған билік тапжылмайтын үкім деп есептелген... Ал қазақ халқының осындай белгілі сөздері, айтқан 
ойлары,  амал  не,  хатқа  түспей,  көпшілігі  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  таралып  келді...»,  [2].  –  дейді.  Өте 
орынды айтылған ой. Бұл жайт бүгінгі күнге дейін еш құнын жоймағаны сөзсіз. 
Халық  даналығы  дегенде  ең  алдымен  біз  мақал-мәтелдер  мен  айшықты  сөздерді,  бата-тілектерді, 
сондай-ақ, халықтың бай рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін – ырым сөздерін, тыйым 
сөздер  мен  тұрақты  сөз  тіркестерін,  афоризмдерді  еске  аламыз.  Мұның  бәрін  бір  сөзбен  «аталар  сөзі», 
«халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. 
Халық  аузындағы  бабалардан  қалған  дана  сөздердің  қай-қайсысының  да  түп-төркінінде  кейінгі 
ұрпаққа аманат ете айтылған үлкен ақыл, биік парасат иірімдері жатқанына көз жеткіземіз. Өйткені, ол 
сөздер ұлы дала елінің сан ғасырлық өмірінің жинақталған қорытындылары, ұлттық тәрбиенің теңдессіз 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
218 
тәжірибе мектебі, өнегелі өсиеттің өміршең өрнегі іспетті. Сондықтан да мұны кейде «халықтың нақылы 
– елдің ақылы» деп те тұжырым жасап жатады. 
Расында  да,  егер  даналық  сөздерді  жеке-дара  мән  бере  талдап  көрсек,  олардың  жайдан-жай 
айтылмағанына куә болып, ондай рухани-мәдени мұралардың әрбірінің тамыры тым тереңде жатқанын 
көреміз. Олар ел өмірінің әр кезеңдерінде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар 
екенін де сеземіз. Тіпті, кейбірінің тарихи тамырын болжап айту да қиын. Әйтеуір, атам заманнан бері 
халықпен бірге жасасып, қатар өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. 
Қалай  дегенде  де  қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  әрбір  жаңа  буынды  осынау  байтақ  мұра  –  нақыл 
сөздермен оқытып, солар арқылы жастарға тәрбие өнегесін беріп келгені даусыз. 
Өйткені,  аталар  сөзі  халқымызбен  бірге  жасап,  атадан  балаға,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  елдің 
жадында сақталып келе жатқан ұлтымыздың ұлы педагогикалық ой-пікірлерінен саналады. Сол үшін де 
мұндай даналық ойларға халқымыз ертеден ерекше мән берген, күнделікті тұрмыста оған тәрбие құралы 
ретінде айрықша назар аударған [3]. 
Бүгінгі күнде де мақал мен мәтелдерді мектеп қабырғасында үйретудің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан 
зор.  Себебі,  олар  көңілдегі  күрделі  ойлардың  мәнін  дәл,  қысқа  да  нұсқа  жеткізудің,  жинақты  ойды 
көркемдеп танытудың таптырмас құралы. 
Жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  ана  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытуда  ұстаздардың  негізгі 
мақсаты білім нәрі  мен  тәрбие тағылымын ұштастыра жүргізу дейтін болсақ,  онда бұл мәселеде мақал 
мен  мәтел  сынды  даналық  ойлардың  жалпы  мектеп  тұрмысындағы  оқу-тәрбие  жұмысына  тигізер 
пайдасы мол дер  едік. Мұнда елдік нақылдар әуелі  сабақ тақырыбы мен ондағы білім мазмұны жайлы 
жинақты ой түйіндеп, кешенді тәрбие беретін болса, одан кейін шәкірттердің ой-өрісін дамытуға, өмірге 
деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге оқушылардың тілдерін ұстартып, 
ойын  жүйелеуіне,  өз  беттерінше  ізденуіне,  өмірді  тани  білуіне  үйретеді.  Ресми  деректер  бойынша 
тілімізде 15 мыңнан астам мақал-мәтелдер бар [1]. 
Мектеп  қабырғасында  мақал-мәтелдерге  бастауыш  сыныптардан  бастап  назар  аударылып,  ортаңғы 
буында оқу бағдарламасына орай арнайы тақырыппен ажыратылып оқытылады. Әрине, оған бөлінетін 1-
2 сағатта мақал-мәтелдердің танымдық-тәрбиелік астарларын, тақырыптың мазмұнын түгел ашу мүмкін 
емес.  Сондықтан  мұғалім  арнайы  белгіленген  сағат  мөлшерінде  ғана  таныстырумен  шектеліп  қалмай, 
әрбір сабақ үстінде жайшылықтағы өмірде ретіне қарай мақал-мәтелдерді, даналық сөз үлгілерін ұтымды 
пайдаланып,  оларды  күнделікті  тәжірибеде  қолдануға  оқушыларды  дағдыландырып  отырғаны  абзал. 
Мұнда кейде сабақ үстінде шәкірттердің өзін қатыстыру да жақсы нәтиже бермек. 
Әдетте,  сыныпта  немесе  пән  кабинетінде  сабаққа  қатысты  тақырып-тақырыптар  бойынша  жазылып 
ілінетін  даналық  үлгілері,  мақал-мәтелдер  жазылған  тақырыптық  альбом,  жаңа  сабаққа  арналған  стенд 
көрнекілік  ретінде  алдын-ала  әзірленіп,  оқушылардың  әдебиет  пәнінен  жазып  жүрген  жеке  дәптерлері 
қамтамасыз  етіледі.  Бұл  құралдар  сабақтың  мазмұнын  ашып,  шәкірттердің  жаңа  тақырыпты  жеңіл 
түсінуіне, саналы түрде меңгеруіне көмек етеді. 
Тақырып  дегеннен  шығады,  халқымыздың  бай  рухани  мұрасындағы  даналық  ақыл-нақыл  сөздердің 
тақырыптары да, мазмұндары да әр алуан болып келеді. Айталық, жас жеткіншек балаларға, тамақ-асқа, 
мал-жанға,  үй  хайуандары  мен  адам  тіршілігіне,  киім-кешек,  жүру-тұруға,  ыдыс-аяқ,  уақыт-мезгіл, 
жақсылық  пен  жамандыққа,  аман-саулыққа  байланысты  мақал-мәтелдер  күнделікті  тұрмыста  өте  жиі 
кездеседі.  Өйткені,  аталған  тақырыптар  өздеріне  тиісті  мәселелерге  сәйкес  халықтық  тәрбиеде  өзара 
қарым-қатынас әдебін қалыптастыруға, дұрыс пайымдаулар жасауға бағыттайды. Сондықтан өмірде жиі 
қолданылатын мақал-мәтелдерді бірнеше тармақта төмендегіше саралауға болады: 
1.
 
Жас балаларға байланысты айтылған мақал-мәтелдер; 
2.
 
Тамақ-асқа байланысты айтылған нақылдар; 
3.
 
Мал-жанға, үй хайуандарына байланысты айтылған мақал-мәтелдер; 
4.
 
Үй тіршілігіне байланысты айтылған нақылдар; 
5.
 
Киім-кешекке байланысты айтылғандар; 
6.
 
Жүру-тұру, қарым-қатынас әдебіне байланысты айтылғандар; 
7.
 
Ыдыс-аяққа байланысты айтылғандар; 
8.
 
Табиғат, қоршаған ортаға байланысты айтылғандар; 
9.
 
Жақсылық пен жамандыққа байланысты айтылған нақыл сөздер; 
10.
 
Уақыт-мезгілге байланысты айтылған мақал-мәтелдер; 
11.
 
Денсаулық, адам өміріне байланысты айтылған мақал-мәтелдер. 
Аталған  тақырыптар  ауқымында  халықтық  педагогикамыздағы  адамгершілік,  имандылық, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
219 
патриоттық,  ақыл-ой,  еңбек,  этикалық,  эстетикалық  секілді  тәрбие  түрлерінің  барлығы  қамтылады. 
Олардың әрқайсысының жас ұрпаққа тәрбие берудегі мән-маңызын зерделесек, нәтижесінде, бұл даналық 
сөздер  адамның  өмір  сүруіне  қажетті  жақсы  нәрселерден  үлгі  алуға,  жаман  нәрселерден  аулақ  болуға 
үндейтініне көз жеткіземіз [1]. 
Олардың  әрқайсысы  халықтық  педагогикалық  салтқа  айналған,  мазмұнында  нағыз  елдік  идеялар 
жинақталған  ұлттың  интеллектуалдық  меншігі  ретіндегі  қастерлі  сөздер.  Халық,  міне,  осы  секілді 
педагогикалық  мән-маңызы  терең,  идеялық  рухы  жоғары  нақыл  сөздер  арқылы  жас  ұрпақты  үнемі 
тәрбиелі болуға шақырған. 
Жоғарыдағы  аталған  тақырыптардың  ішінен  жас  балаларға  байланысты  айтылған  «бос  бесікті 
тербетпе»,  «бесікті  аяқпен  тербетпейді»,  «бесікті  теппе»,  «нәресте  балаға  көп  қарамайды»,  «баланың 
бесігін  жабусыз  қалдырмайды»,  «ұйықтап  жатқан  баланы  аударып  жатқызбайды»,  «жас  нәрестені  қос 
алақанға  салып  көтермейді»,  «тілі  шыға  бастаған  баланың  киімін  жұлдызды  түнге  қалдырмайды», 
«нәресте баланы қолменен салмақтап өлшемейді» сынды тыйым сөздердің тәрбиелік мәні терең. 
Мұндай  тыйым  сөздердің  халықтың  даналығы  ретінде  айтылу  себебі  ұлттың  мистикалық  ой 
қорытуларына байланысты болғаны белгілі. Өйткені, халықтың нанымында бала бөленіп, тербелген бесік, 
бала  бесіктен  шыққанша  (тәй-тәй  басып,  тұсауы  кесіліп,  бесікке  бөленуден  қалғанша)  бос  тербелсе, 
жамандық  қатары  көрінген,  ол  жаман  ырымға  саналған.  Былайша  айтқанда,  аман-сау  бала  бесіктен 
жайдан-жай  шығарыла  салмайды;  ырыммен  бөленіп,  ырыммен  шығарылады,  сондықтан  ол  құры  бос 
тербетілмеуі керек. Бала аман-есен болса, бесік те ата-ананың көзіне сүйкімді көрініп, үйдегі ең қасиетті 
де қастерлі бұйым ретінде төрден орын алады. 
Ал  егер  нәресте  бала  ауырып,  т.б.  себептермен  бесік  бос  қалып  қалса,  оны  көрген  нәрестенің 
анасының қос емшегі сыздап, қайғысы артқан. Бесік тербетілмей, үстіне жабуы жабылмай, көңілден тыс 
қалған.  Сондықтан  нәресте  жатқан  «тал  бесікті  аяқпен  теппе,  аяқпен  тербетпе,  бесіктің  үстіне  асылып 
жатпа» деген секілді тыйым сөздерді ата-бабаларымыз ежелден өсиет-насихат еткен. 
Оған қоса, қазіргі медицинадағы адамның қорғаныс қабілеттерін, оны сыртқы дерттерден қорғайтын 
биоэнергия, биоөріс ілімі туралы халықтың ертеден мәліметі болғанын, ел ішінде оған «кірнелеу» сияқты 
емдік  ырымдарды  жасағанын  баяғыдан  білеміз.  Ауырып  қалған  баланы  тұзбен,  аршамен  кірнелеп, 
баланың бүкіл денесін сылап, «шық, кірне, шық, сені нәресте балам көтере алмайды, шық, кірне, шық, 
түнде жортқан түлкіге бар, абалап үрген итке бар, көкте ұшқан құсқа бар, шық, кірне, шық» деген сияқты 
ырым  сөздер  айтқан.  Сөйтіп  бөлмеге  арша  немесе  адыраспан  түтінімен  иіс  шығарып  аластаған.  Сол 
арқылы  микробтарды  өлтіріп,  жас  баланың  денесін  қой  майымен  бірнеше  рет  сылап,  бұзылған 
биоэнергияны қалпына келтірген. Сонда ғана ауырған жас нәресте бас көтеріп, сырқатынан тез айығып 
кеткен. 
Мұның  нәресте  балаға  үлкен  (биоэнергиясы  күшті)  адамның  көңіл  қойып,  назар  салып 
қарағандығынан болатын жағдай екенін халықтық медицина жақсы түсіндіреді. 
Өйткені,  биоэнергиясы  әлсіз  жас  нәрестені  үлкен  адамның  «назарынан»  шыққан  бұзылған  биоток 
әлсіретіп  тастаған.  Оны  ел  ішінде  «назарланды»,  «көз  тиді»,  «назарланып  ауырып  қалды»  деп  жатады. 
Сондықтан  халық  «жасы  үлкен  адам  жас  балаға  көп  назар  салып  қарамайды,  көзі  тиеді»  деп  оны 
қорғаштаған, бала денсаулығын ойлап алдын ала қам жеген. 
Тамақ-асқа  байланысты  айтылған  ырым  немесе  тыйым  сөздердің  мән-мағынасы  да  жоғарыдағы 
сөздерден  кем  емес.  Халқымыз  нанға,  дастарханға  ерекше  мән  беріп,  жоғары  бағалаған.  Ел  ішінде  бір 
ұрттам су да, бір сындырым нан да адамның негізгі ырыздығы ретінде есептелген. Үйге келген адамға 
«құтты үйден құр шықпайды» делініп, нан ауыз тигізген. Үй жанынан өтіп бара жатқан жолаушы адамды 
да  «Қырықтың  бірі  –  қыдыр»  немесе  «Ырысты  үйдің  жанынан  құр  ауыз  өтпейді»  деп  ырымдап  дәм 
татқызған. Үйіне жақын көрші болып көшіп келгендерге «ерулік» беріп, сый көрсеткен. 
Ал алдына келген асты күттіріп, басқа шаруамен айналысқандарды ел жақтырмаған. «Алдыңа келген 
ырысқыны  күттірмейді»  деп  қатаң  ескерткен.  Сонымен  қатар,  қонаққа  шақырған  адамы  уақытында 
келмей қалса, оған арнап алып қалған тамақты сол кісінің өзіне беруге әрекет жасаған, сол үшін «біреуге 
қойған несібе-ырысқыны басқаға бермейді» деп үйреткен. Дастарханды теріс қаратып салуды да дұрыс 
көрмеген. Онда дастархан үстіндегі ырыздық аударылып қалады деп есептелінген. Дастарханды аяқпен 
басу әдепсіздік, сорақылық болып танылған. 
Ұлы дала елінің халқы – қазақтар таныс адам ба, әлде бейтаныс адам ба оған қарамай, қонақжайлық 
танытып,  дәм  берген.  Тамақтан  соң  үйдің  ең  кішісіне  үй  иесі  бата  тілеген.  Ақсақал  адам  оған  алақан 
жайып  бата  берген.  Халқымыз  ешқашан  бос  дастарханға  бата  тілеген  емес.  Сол  үшін  «құрғақ  қасыққа 
бата  жүрмейді»,  «құр  дастарханға  бата  жүрмейді»  деп  нақыл  еткен.Үйдегі  отбасы  мүшелері  түгел 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
220 
дастархан басына отырған. Олар қаншама қарны ашып тұрса да, ақсақалдан алдын тамаққа қол созуды 
әдепсіздік санаған. Сондықтан да оны халқымыз, «тамаққа алдын қол салғаннан қарын тоймайды» деген 
мәтелмен түйіндеген. 
Нан  халқымызда  ерекше  бағаланып  тамақ-ас  ретінде  бар  ырыстың  бастауы  деп  есептеледі.  Бұл  күн 
сайын  жас  жеткіншектерге  халықтық  ереже  түрінде  айтылып,  «нанды  теппейді,  нанды  аттап  өтпейді, 
нанды  бір  қолмен  жұлып  жемейді,  тамақ  жеуден  алдын  наннан  ауыз  тиеді,  нанды  теріс  аударып 
тастамайды,  кір-лас  қолмен  нанды  ұстамайды»  деп  ескертіледі.  «Нанның  ұсағын  аяқ  астына  тастама, 
нанды тең бөліп сындырса, ырысқы үйге тең болады, нанды лақтырмайды» деп ұлағат айтқан. 
Төрт түлік малдың ішінде жылқыны қазақ халқы айрықша бағалаған. Оны «Ат – ердің қанаты», «Ат 
сыйлаған  жаяу  қалмас»,  «Жылқы  –  мінсең  көлік,  жесең  тамақ,  ішсең  сусын»  деген  секілді  бірқатар 
айшықты  мақал-мәтелдермен  әспеттеген.  Жақсы  ат  жігіттің  жан  серігі  болған,  онымен  қалаған  жеріне 
жеткен, қашса құтылған, қуса жеткен. Ол иесін жолда қалдырмаған. Сондықтан қазақ халқының жылқыға 
деген  сүйіспеншілігі  өзгеше  болып,  ол  туралы  көптеген  өнегелі  нақыл  сөздер,  ұлағатты  әңгімелер 
қалдырған. Айталық, «Мінген атыңды басқа ұрма, жолыңнан адасасың», деп халық жылқыны күте білуге, 
мәпелеп  міне  білуге  үндеген.  Бұл  сөздің  төркінінде  атты  күте  білу  мәдениеті  мен  ырым-салттар 
жатқандығын аңғаруға болады. 
Балаларға  ерге  теріс  мінуге  тыйым  салған.  Өйткені,  онда  ердің  қасы  түзу,  тура  жолға  бағытталып 
тұрғанын,  ал  егер  ерге  теріс  қарап  отырса,  баланың  жолы  теріс  боларын  алдын  ала  ескертіп  тұрғанын 
байқауға болады. Ол түгілі мінген аттың жалына аяқты салу да кесірліктің белгісі, жылқының қасиетті 
жалын  былғау,  оны  теуіп-тепсіну  деген  ұғымды  меңзеген.  Қысқасы,  ат  құлағында  ойнап  өскен  қазақ 
баласы үшін жылқының орны орасан зор. 
Үй тіршілігіне, отбасы тұрмысына байланысты да айтылған ырым сөздер өте көп кездеседі. Бұл сөздер 
жастарды күнделікті өмір сүру мәдениетіне шақырған халықтық қағидаттар секілді екені сөзсіз. Өйткені, 
олар  ұл  балалардың  да,  қыз  балалардың  да  жастайынан  күнделікті  жадында  болатын,  міндетті  түрде 
орындайтын халықтық педагогикалық құндылықтар қатары қабылданған. Мұнда халықтық тыйым сөздер 
де,  оны  орындауға  үндеген  тәртіптік  қисындар  да,  үгіт-насихат  түріндегі  өнегелі  сөздер  де  молынан 
табылады. 
Халқымыз ырысты ынтымақ пен достық-бауырластықты, кез келген адамға ақ ниетпен қарым-қатынас 
жасауды, ізгілікті әрқашан жоғары қойған. Қонақжайлық, үйіне келген адамды таныс-таныс емес болсын 
ашық, ақжарқын қабақпен қарсы алған. Толеранттылықпен мәміле жасап, кез келген қиын шиеленістің 
алдын  алған,  ондай  қиын  жағдайда  «Сабыр  түбі  –  сары  алтын»  деп  оны  ынтымақпен  реттеуді,  бейбіт 
келісіммен шешуді мұраға қалдырған. 
Бұл  секілді  қарым-қатынастың  ереже-тәртіптері  де  ұлттық  педагогикалық  салт-дәстүрге  айналған, 
қағаз  жүзінде  жазылмаса  да  халықтың  күнделікті  тұрмыс-тіршілігінде  елдің  даналық  ойлары  түрінде 
қатаң сақталған. Мәселен: «Сыпырғышпен адамға тап бермейді»; «Балта, пышақ және мылтықтың серті 
бар,  олармен  бөтен  адамға  қаратып,  ойнап  оқталмайды»;  «Үйге  қонақ  кіріп  келе  жатқанда  үй 
сыпырмайды» деген секілді өсиет сөздер өмір тәжірибесінен туындаған тарихи мәні бар шешімдер. 
Жоғарыда  аталған  тақырыптардың  әрқайсысында  осындай  философиялық  ой  қорытулар,  қаншама 
ғасырлық өмірлік сынақтардан жинақталған  түйіндеулер жасалғанын сеземіз,  олардың адам өмірі үшін 
маңызы  орасан  екенін  байқаймыз.  Айталық,  «Таң  азанда  жас  бала  жыламайды»  деп  жас  нәрестелерді 
тыйса, «Кеш батқанда ауру адамның көңілін сұрамайды», деп түс ауған соң ауру адамның халін білуге 
баруды лайық көрмеген. Түсті де таңертеңмен жорытқан, қараңғыда түс айтпайды да, жорытпайды да деп 
есептеген. Өйткені, кешінде, қараңғы не күн батып бара жатқанда  – «түнде шайтан жайлап жүргенде», 
ондай жақсы ниет істерге тосқауыл болады деп ырымдаған. Кешке (бейуақытта немесе күн батып бара 
жатқанда)  жатпайды  деп  балаларды  жатқызбаған.  Ал  енді  атар  таңды  (ертеңгілікті)  өте  жақсы  үміт-
тілектермен  байланыстырған  да  «таңғы  асты  тастама»,  «күн  шыққанша  ұйықтама,  ырысқы-несібеңнен 
құр  қаласың»  деп  ескертпе  нақыл  айтқан.  Адам  денсаулығына  байланысты  «сау  жаныңды  ауру  деме» 
(ауырып  қаласың),  «екі  аяғыңды  жөні  жоқ  тұсама»  (тұсалып  қаласың),  «қолыңды  жөнсіз  байлама» 
(байланып  қаласың)  деп  ырымдаған.  Егер  жас  бала  «бір  жерім  ауырып  жатыр»  десе,  «бала  деген 
ауырмайды» деп алдын ала олардың денсаулығын психологиялық тұрғыда қорғауға, дем беруге әрекет 
еткен. 
Бұл  айтылған  мәселелерден  шығатын  қорытынды  –  біз  халықтық  даналықтарымызды  үйде  де, 
балабақша  мен  мектепте  де,  қайда  жүрсек  те  үнемі  жастарға  айта  жүріп,  олардың  мәнісін  түсіндіріп 
отырсақ,  осынау  бай  рухани  құндылықтарымыздың  өмірін  ұзартып  кейінгі  ұрпаққа  бұдан  әрі  қарай  да 
мұра  етіп  қалдыра  алар  едік.  Сонда  ғана  жасы  үлкендердің  жастар  алдындағы  үлкендік  парызы 
орындалар еді, әрі ұлттық тәрбие тағылымы қалыптасар еді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
221 
1
 
Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: «Тоғанай», 2004. – 560 б. 
2
 
Нәсенов Б. Айтылмаған әңгіме // «Егемен Қазақстан», 26 тамыз 2015 ж. 
3
 
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы / Оқу құралы. – Алматы: «Санат», 2001. – 320 б. 
4
 
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: 1-том. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 408 б. 
5
 
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: «Жалын», 1991. – 464 б. 
6
 
Ғабдуллин М., Ысқақов Б. Халық ауыз әдебиеті. – Алматы: «Мектеп», 1974. – 220б. 
7
 
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: «Санат», 1995. – 352 б. 
8
 
Ақ бата / Құрастырған М.Аяпұлы. – Алматы: «Мұраттас», 1996. – 63 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет