Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57

 
Резюме 
В этой статье расматривается дидактические условии повышения качества знания учащихся начальных классов 
на основе  интеграции учебных предметов.  Также определены дидактические условия повышения качества знания 
учащихся начальных классов путем интеграции учебных предметов. Актуальность выбранной темы данной статьи 
связана с делением особого внимания повышение качество знаний в начальных классах в последнее время.  
В  статье  освещаются  вопросы  понятие  повышение  качество  знание,  дидактические  условия.  Интегрирование 
учебных предметов начальных классов на повышение качества знания учащихся осуществляется на основе создания 
дидактических условий, являющихся составной частью педагогической системы в целом. 
Ключевые слова: повышение качество знание, дидактические условия, интеграция учебных предметов 
 
Summary 
This  article  deals  with  the  didactical  requirement  for  improving  the  quality  of  knowledge  of  pupils  of  primary  classes 
based on the integration of educational subjects. Also in this article defined didactical requirement of improvement of quality 
of knowledge of pupils of primary classes through the integration of educational subjects. The actual of the chosen theme of 
this article connected with the division of special attention to improving the quality of learning in primary school recently.  
The article  highlights the issues the concept of  improving the quality of  knowledge, didactical requirement. Integrating 
educational subjects in primary classes on improving the quality of pupil’s knowledge is based on the creation of didactical 
requirement, which is part of the pedagogical system as a whole. 
Key words: improving the quality of knowledge, didactical requirement, and integration of educational subjects 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
267 
УДК 7.03 (512.122) 
 
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘЛІМДІК 
ТАҒЫЛЫМДАРЫ 
 
Б.Т. Махметова – Абай атындағы ҚазҰПУ, жалпы педагогика кафедрасының п.ғ.к.,профессоры., 
Г.А. Абылханова – Абай атындағы ҚазҰПУ, жалпы педагогика кафедрасының аға оқытушысы 
 
Бұл мақалада тәрбие арқылы қыздарды арлы болып, адамгершілігін биік ұстауға; өнерлі іскер болып, ар-абырой-
ын таза ұстауға баулиды. Ерлерді қадірлеуге, құрметтеуге, отбасының ұйытқысы, перзенттерінің тәрбиешісі, ұстазы 
болып, адамдық арына дақ түсірмейтін өнегелі, үлгі-тағылымды адам болып есеюге баулиды. Ұл тәрбиесінде, ұлдар-
ға  болашақ  ел  мен  жұрттың  қорғаны,  отбасының  ұйытқысы,  халыққа  бақыт-байлық  жаратушы  екендігін  шынайы 
ұғындыру  басты мақсат  етіледі. Ержігіттің  қалай  болу  керектігі, ел-жұрт, үлкен-кіші,  кәрі-жас алдында өзін  қалай 
ұстап, әйелдер мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер 
мен  ел  басына  күн  туған  сын  сағаттарда  қалай  ерлік  көрсетіп,  қалай  азаматтық  таныту  секілді  істердің  барлығы 
мұқият үйретіледі. 
Кілт  сөздер:  тәрбие,  адамгершілік,  өнер,  ар-абырой,  құрмет,  қарапайымдылық,  сыпайылық,  инабаттылық, 
имандылық 
 
Өз  тіршілігінің  сан  ғасырлық  тарихының  ішінде  қазақ  халқы  тәрбие  саласында  мол  тәжірибе 
жинақтады.  Нақтырақ  айтқанда,  педагогикалық  қағидаларды,  ережелерді,  заңдылықтар  мен 
принциптерді,  құралдарды,  әдіс-тәсілдер  мен  амал-жолдарды  жинақтап  жүйеге  келтірді.  Тәрбиенің 
біртұтас  өзіндік  жүйесінің  қалыптасуына  ықпал  етуші  басты  себеп  қазақ  халқының  балажандылығы, 
балаға деген ерекше махаббаты, ілтипаты болса керек. Бала өміріндегі әрбір маңызды кезеңдерді: дүниеге 
келуін (шілдехана), балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, тілашар тойы, алғаш рет 
ат жалын тартып мінуін, бәйгеге қатысуын және т.б. қуаныштай білген. 
 
 
 
Сөз басын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман 
елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – 
біздің қазақ», – деген пікірінен бастасақ. Рухани тарихымыздың тарғыл беттерін парақтасақ, қазақ қызда-
ры мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен, оның үстіне жүрек 
тербер,  сезім  қоздырар  қазақтың  халық  әндеріне,  немесе  мақал-мәтелдеріне  бір  сәт  көңіл  аударып 
көрелікші.  Бұларда  аналарға,  қыздарға  тән  әрі  тәрбиелік,  әрі  тағылымдық  мәні  ерекше  толғамдар  бар. 
Қазақ қауымында қыз баланың орны ерекше болған. Оны мынадай мақал мәтелдерден анық аңғарамыз. 
Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. 
Барынша  ізетті,  сыпайы,  мейірімді  де  ісмер,  қылықты  да  қырмызы  болуын  үнемі  қадағалап  отырған. 
Еркін  ұстаған,  бірақ  тым  еркінсітпеген.  «Қыз  –  өріс,  ұл  –  қоныс»  деп  білгендіктен  қазақ  халқы  өрісін 
кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға 
қырық үйден тыйым» жасайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге ролі де көзден таса болмайды. «Қызы бар үйдің 
жеңгесі сүйкімді келеді». Өйткені әке-шеше айта алмаған сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс 
бітімі мен тәрбиесінің басы қасында аяулы жеңгелер жүреді. Сүйген жігіті мен екі арадағы әдепті қарым – 
қатынастың  табиғи  өрбуіне  сеп  болатын  осы  жеңгелер.  Ата-ана  қызынан  ешнәрсені  аямайды.  Оның 
ешнәрседен  мұқтажсыз,  бұла  өсуін  қадағалайды.  Өйткені  қызға  бергенді  қызыр  өтейді  деп  біледі. 
Сонымен  бірге  қазақ  халқы  қызды  бетімен  де  жібермейді.  «Қызды  қымтап  ұстаған  ұялмайды»  дей 
отырып,  оларды  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқтырмай  өсіруды  парыз  санайды.  Олардың  ар-
ұятының  сақшысы  бәріне  жауапты  екенін  ешуақыт  ұмытпаған.  Содан  да  болар,  бір  жағынан  «қыз  бен 
жылқы жаудыкі» деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қарайды. «Қыз баққанан қысырақ баққан оңайлығын» 
жадынан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің, жауапты екенін еш ұмытпаған. Сөйте тұра қызды 
жағадағы құндыздай күтеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
«Күйеу  жаман  болса  қызыңнан»  деуінде  үлкен  мән  бар.  Өзінің  отбасында  керекті  тәрбиенің  бәрін 
көріп  өскен  қыз  бала,  соған  қоса  мінезді  де  қылықты  болса,  парасатты  да  пайымды  болса  екен  дейді. 
«Қызды күте алмаған күң етеді, жібекті түте алмаған жүн етеді» мұның көбі, негізінен қыздың шешесіне 
байланысты дүниелер. Сондықтан, қыз көретін жігіттер, алдымен жеңгесі арқылы шешесінің қандай адам 
екенін  анықтағысы  келеді.  «Шешесі  жаманның  қызын  алма,  немесе  «шешесін  көріп  қызын  ал»  деуге 
осындай мақсат бар. Заманның бағыт бағдарына қарай мақал мәтелдер де түрленіп, өзгеріске түсіп отыра-
ды. «Шешесі отырып, сөйлеген қыздан безін» деп келе, қыздың жақсысын іздейді. «Ақылды қыз білімге 
жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі. Осындай негізгі тәрбиелік жұмыстарды жүргізіп алған соң, 
қазақ  халқының  құдайдан  тілейтіні  қызының  барған  жеріне  тастай  батып,  судай  сіңуі.  Барған  жерінде 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
268 
бағының ашылғанына қатты қуанады, бағы тайса қатты күйінеді. Қорқатыны – «қайта шапқан жау жаман, 
қайтып  келген  қыз  жаман»  екені.  «Шыққан  қыз  шиден  тысқары»  қыз  баланың  ендігі  жердегі  тіршілігі 
шектеулілеу  болатыны.  Ол  келіндік  және  әйелдік  дәуір.  Бұл  қыз  бала  үшін  мейілінше  жауапты  кезең. 
Жаңа түскен келінге сыншы көп. Ол енді төркінінде алған тәрбиенің қаншалықты екенін көрсетуге тиіс. 
Жеңгесі мен шешесінің көргенін істеп, қайын жұртының көңілінен шығуға тырысады. 
Қазақ қыздың өз жұрты мен бірге қайын жұртының да тәрбиеге жауапты екенін қатты сезінеді. Оның 
қандай елге, қандай отбасына  келін болып түсуіне  көп нәрсе байланысты.  «Жақсы елге түскен келін  – 
келін,  жаман  елге  түскен  келін  –  келсап».  Бұл  жерде  қайын  ененің  рөлі  көріне  бастайды.  Көбінесе 
«Келіннің  қайын  ене  топырағынан  жаралғандай»  болып  келуін  қалайды.  Шынында  көргенді  елден 
шыққан  қыздың  көсегелі  елге  тап  болуы  зор  бақыттың  кепілі.  Сонымен  бірге  келген  келін  татулық 
жаршысындай  болса  деп  армандайды.  Әсіресе  абысындар  арасының  ынтымақты  болуы  көзделеді. 
«Ағайын  тату  болса  ат  көп,  абысын  тату  болса  ас  көп».  «Ағайынның  азары  болса  да,  безері  жоқ», 
«ағайынға қарап, мал өсер, ағашқа қарап тал өсер». 
Қыз, әйел, абысын ажын, ағайын туралы мақал мәтелдерді саралай отырып, халық даналығына қайран 
қаласың. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай-ақ әрі қысқа, әрі нұсқа нақылдармен тәрбие 
тағылымнаң  тамаша  үлгісін  түйіп  айтып  отырған.  Халқымыз  «қыз-қонақ»  деп,  төрінен  орын  беріп, 
қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне 
өте көп көңіл бөлген.  Ата-бабаларымыз  «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген 
мақалға  қаншама  ой  сыйғызған.  Яғни,  қыз  бала  тәрбиесіне  тек  анасы  жауапты  емес,  бүкіл  ауыл,  ел 
жауапты  болып  отырған.  Ал  қазіргі  заманда  бала  тәрбиесіне  тек  қана  ана  емес,  радио  мен  теледидар, 
газет-журнал, түрлі кинофильмдер жан-жақты әсер етуде. Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайым-
дылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты 
қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша 
Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала 
тәрбиесін  құрсақтан  бастаған.  Ұлжан  ана  данышпан  Абайды  ғұсыл-дәретсіз  емізбегені  –  адамзаттың 
баласын тәрбиелегені болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әр халықтың бала  тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. 
Халқымыздың «Он үште – отау иесі» деген дәл айтылған аталы нақыл сөзінде үлкен, ауқымды көп тәрби-
елік негіз жатыр. Бұл сөз  ұл мен қызға бірдей қатысты. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, 
қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсар-
лыққа,  кешірімді  болуына,  өнерге,  білімге,  салт-дәстүрімізді  сақтауға  тәрбиелеген.  Ұл  бала  –  қазақта 
шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы 
кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше 
тұрып  қыздың  орынсыз  сөйлемеуінде.  Қазақ  отбасындағы  үлкенді  құрметтеу  әдеті  жауапкершілік, 
адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отаға-
сына,  қадірлі  ағаларына  байланысты.  Халқымыз  ұл  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген.  Қай  халықта 
болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, 
қазақ  отбасында  әкелер  өзінің  білетін  бар  өнерін  алдарына  үйретіп,  оларды  мерген,  аңшы,  яғни  «сегіз 
қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ 
иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, 
жақсыдан  үйрен»  деген  сөздерді  құйып  отырған.  Халқымыз  ер  баланың  12-15  жасынан  бастап,  оның 
алдында  өмірдің  дайындаған  талай  қиын-қыстау  шақтары  мен  қуанышты  сәттері  бар  екендігін  ескере 
отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, 
түзде  өлетін  жігіттерді  айт»  деп  таңдандыратын,  «Өнерлі  жігіт  өрге  озар,  өнерсіз  жігіт  жер  соғар»  деп 
шамдандыратын,  «Ерді  намыс  өлтіреді,  қоянды  қамыс  өлтіреді»,  «Ерлік  білекте  емес,  жүректе»  деп 
қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, 
ата  жолын  қуса  игі  еді»  деп  армандайтын  еді  халқымыз.  Қазақтың  ұлы  ойшыл  ғұламаларының  бірі 
Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, 
үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен 
өнерге,  еңбекке  баулу  арқылы  жаны  мен  тәні  сабақтас  жетілген  парасатты  ұрпақ  өсіретінімізді  атап 
көрсеткен.  
 
 
 
 
Баласағұнның бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарға берген ақыл –кеңестері де үлгі боларлықтай. 
Мәселен, ғұлама ойшыл ата-ананың басты парызы: 
-
 
баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;  
-
 
балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
269 
-
 
баланы  аруақтарды  ардақтауға,  ата-баба  дәстүрін  сақтауға,  құрметтеуге,  ұрпақтан-ұрпаққа  көздің 
қарашығындай жеткізе білуге баулу; 
-
 
балаға өзінің мінез-құлық этикасы мен үлгі бөлу; 
-
 
балаға әділетті, қайырымды болу; 
-
 
баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру; 
-
 
баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезін қалыптастыруға көңіл бөлу; 
-
 
баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару; 
-
 
балаға өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттігін ескерту және 
т.б.   
Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады.  «Әкесін  аман сақтап қалу  үшін 
жанын  қиған  ұлдың  өлімі  –  ең  бақытты  өлім  болып  табылады»  –  деген  Баласағұнидың  ұстазнамалық 
тұжырымдамасында  осындай  керемет  ойлар  жатыр.  Шығыстың  басқа  ұлт  өкілдерінің  отбасындағы 
сияқты  қазақта  дүниеге  ұл  келсе,  ұрпағымыздың  жалғасы,  шаңырақ  иесі  туды  деп  ұлан-асыр,  ат 
шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен 
мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында  қалған баласы бар ма еді  деген сауалы болады. Бар 
деген  жауап  естісе,  «орнында  бар  оңалар»  деп  бата  береді.  Отбасындағы  ер  баланың  өз  орны  бар. 
Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы 
бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау 
құрып  жатса  да  кенже  ұл  әке-шешенің  қолында  қалады.  «Ұлға  отыз  үйден  тыйым,  он  сан  үйден  сын» 
демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – 
«жігіт  сыны»  деп  аталады.  Қазақ  халқының  менің  ұлым  деп  көкірек  қағып,  мақтаныш  тұтар  ұлының 
қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай бейнеленеді:  
а)  кескін-келбеті:  «Еңсегей  бойлы,  өткір  көзді,  қара  қасты,  кең  маңдайлы,  қыр  мұрынды,  кең 
маңдайлы, кең иықты, жуан білекті, темірдей саусақты».  
ә)  қадір-қасиеті:  «Қырандай  алғыр,  сұңқардай  өр,  арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  қайратты, 
қасқырдай өжет, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ».  
б) қабілет-икемі:  «Көсем  жігіт» – ел басқаратын жігіт,  «Шешен жігіт» – дау  шешетін тұлға,  «Батыр 
жігіт» – еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, 
қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы – бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, 
күмбірлете  күй  тартатын  өнерлі  жігіт.  «Жомарт  жігіт»  –  дастарқаны  берекелі,  пейілі  кең,  өзі  жайдары, 
«Палуан  жігіт»  –  мойыны  жуан,  жауырыны  қақпақтай,  бұлшық  еті  темірдей,  қимылы  шапшаң,  иненің 
көзінен өтердей епті, алып күш иесі. Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, 
онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын 
ер  жігіттің  келешегі  жарқын,  жолы  ашық.  Осы  орайда  ойға  оларға  берілетін  тәрбиенің  артықшылығы 
неде деген сұрақ оралады. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен 
ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы 
ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық. Ал, керісін-
ше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, 
отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? 
Осындай  керағар  тәрбиеленген  ұрпақ  өкілдерінің  тәрбиесіне  кімді  кінәлаймыз?  Қоғамды  ма,  әлде  ата-
ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Атасыз ұл ақылға 
жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала тәрбиесі – бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбие-
сінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарлама-
лары  жасалуға  тиіс.  Өйткені,  ер  баланың  дұрыс  тағылым-тәрбие  алуы,  дүниенің  сырын  танып  білуі 
отбасындағы  ата-аналардың  ақыл-кеңесі  мен  үлгі  өнеге  көрсетумен  байланысты.  Ұлттық  тәрбиенің 
бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен 
жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың 
бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халық-
тың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті. 
Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер-азаматтардың 
ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбие-
сінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір қасиеттерін бойына жинап  өсуі де осыдан. 
Жүрегі  жұмсақ  аналарымыз  кейде  ұлды  тым  еркелетіп  жібергенде,  әкенің  салмақты  сөзі  таза  ауадай 
қажет.  Ата-бабамыз  қан  тазалығына,  тектілікке  қатаң  қараған.  Қазақта  «Тектіден  текті  туады,  тектілік 
тұқым қуады» деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Жеті атаға дейін өз руының қыздарына 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
270 
үйленбеуге тырысқан. Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп дайындаған. Бала дүниеге келгенде 
кіндігін кім кеседі, бесікке кім бөлейді сол адамға тартады деп те ырымдаған. Адамгершілік, қайырымды-
лық, әдептілік сияқты қасиеттер үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» 
дейді дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла.  Алты жастан он алты жасқа 
дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі 
бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп 
бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде 
санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала ерлерге тән 
ойлау  жүйесін,  жігіттік  болмыс-бітім,  мінез-құлықты  бойына  қайдан  сіңіреді?  Қыздардың  –  анасына, 
ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық.  Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін әкесінен асып 
түсер  мықты  адам  жоқ:  ол  көлік  айдайды,  ауыр  заттарды  оп-оңай  көтереді,  ештеңеден  қорықпайды. 
Қазақта үстелдің төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан 
ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. 
Әкенің  мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-қатынасы  ұл  баланың  көз  алдындағы  үлгі-өнеге  алатын,  соған 
қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі 
еді,  көргенді  бала  екен,  өнегелі  жерден  шыққан  ғой  деп  мақтайды.  «Ұл  тәрбиелей  отырып,  жер  иесін 
тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін 
сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасын-
да, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара 
түсіністік,  сүйіспеншілік  пен  сыйластық,  отбасы  мүшелерінің  бір-біріне  деген  құрмет  сезімдері,  яғни, 
отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Қазақта ұлдар әкесі немесе атасының 
бойындағы  қасиет  пен  өнерін  үйреніп  өскен.  Шығармашылықта,  ақындықта  танылған  жас  баланың 
тәрбиесіне  аса  назар  аударған.  Ата  өнерін  ұрпағының  қууы,  оны  мирас  етуі  қазақ  отбасыларында  жиі 
кездесетін дәстүр. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, 
баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын 
үйлендіру  –  қазақ  отбасының  басты  міндеттерінің  бірі.  Қандай  ата-ана  болсын  баласының  дұрыс  адам 
болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл – ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдыр-
мау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі 
мүмкін.  Ақыл  да  анадан  дариды,  дана  да  әйелден  туады.  Қыз  бала  тәрбиесін  ұрпақ  тәрбиесі  деп  қарау 
қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани 
тәрбие болғанын қалаймыз. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана 
аналарына айналары сөзсіз.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Сөз соңын  Елбасымыздың:  «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз  түзелмейді, 
бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен қорытындылағымыз келіп отыр. Қаракөзде-
ріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан 
ерекшелене білгей. 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 Әлімбаев М. Халық - ғажап тәлімгер. А., Рауан, 1998. 
2 Омарова Р.С. Халық тәлімі - тәрбие бастауы. Қазақстан мектебі, 2007. 
3 Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985. 
4 Қ. Жарықбаев “Ақылдың кені” Алматы-2008ж 
5 Халел Арғынбаев “Қазақтың отбасылық дәстүрлері” . 
6 А.Жумадуллаева. «Отбасы некелік тәрбие негіздері» Алматы 2007ж 143б 
7 Әтемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі» Қазақстан мектебі, 2006 №1 
 
Резюме 
В этой статье вы найдете ответы на вопросы о воспитании будущего поколения казахского народа. Воспитание 
является одним из важных моментов жизни, как родителей, так и детей. С ранних лет девочек воспитывали высокой 
нравственности, добродушию, рукоделию и быть честными. А также их воспитывали уважать мужчин, сохранять 
очаг семьи, быть примером и воспитательницой своих детей, не запятнать свое достоинство и быть примером для 
всех  потому  что  девушка,  прежде  всего  лицо  не  только  семьи  но  и  народы.  Поэтому  на  воспитание  девушек 
уделялось особое внимание. Целью воспитания мальчиков считалось объяснить им что они будущее страны, опора 
семьи, и они способны обоготить и осчастливить народ. Их тщательно обучали как мужчина должен держать себя, 
защищать родину, уважать старших и женщин, заботиться о семье, быть мужественным, и умелым. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет