Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік


ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет36/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50

ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ 
 
Қартабаева Е.Т. – əл-Фараби атындағы  аз¥У дCние жCзі тарихы, тарихнама жəне деректану 
кафедрасыны  доценті, т.ғ.к., erke_66@mail.ru 
 
Мақаланы  жазудағы  негізгі  мақсат,  ғылымда  қалыптасып  кеткен  сақтардың  ирантілді  халықтарға 
жатқызылуы  туралы  мəселені  қайта  қарап,  осы  мəселені  басқаша  қарастыратын  ғалымдардың  еңбектеріне 
тарихнамалық  талдау  жасау  болып  табылады.  Сонымен  бірге,  мақала  авторы  сақтардың  ирантілді  емес, 
түркітілді  халықтарға  жататындығын  терең  деректанулық  жəне  тарихнамалық  талдаулар  негізінде  анықтауға 
тырысады.  Мақала  авторлың  осыған  дейін  аталмыш  тақырыпта  жазылған  мақалаларының  жалғасы  болып 
табылады.  
Түйін сөздер: этнос, тайпа, сақтар, скифтер, түркілер 
 
Түркі  халықтарының  жəне  олардың  этномəдени  дəстүрлерінің  қалыптасуы  ғылымдағы  ең  бір  аз 
зерттелген тақырыптардың қатарына жатады. Оның кеңінен зерттелуіне ғылыми базасының əлсіздігі 
ғана  емес,  ең  алдымен,  бұл  мəселеге  көптеген  ғалымдардың,  соның  ішінде  əсіресе  иранис-ғалым-
дардың біржақты көзқарастан қайтпай отыруы кері əсерін тигізіп отыр. Үндіеуропалықтардың тари-
хын зерттеушілер түркітанушыларға түркі халықтарының этногенезін, жəне тарихы мен лингвистика-
сының  басқа  да  мəселелерін  зерттеуіндеөз  тəсілдерін  таңып,  мəселені  жаңаша,  жаңа  методология 
тұрғысынан қарастыруға жол берер емес. Тілші-иранистердің ықпалынан Б.Н. Граков[1], М.Н.Арта-
монов[2], А.П.Смирнов [3] жəне т.б. тəрізді түркілердің этникалық мəселелерімен айналысушы «шы-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
232 
найы» археологтар да шыға алмай қалып отыр. Олар археологиялық жəне этнографиялық мəліметтер 
бойынша андроновтықтардың, скифтер, сақтар, массагеттер, сарматтар мен аландардың иран халық-
тарына  жатпайтындығын  дəлелдеген  болатын.  Алайда  лингвистер  олардың  ирантілді  екенін  қайта-
қайта  дəлелдеумен  болғандықтан,  аталмыш  археологтар  лингвистердің  айтқанына  лажсыз  көніп 
отырған сыңайлы. 
Алайда кеңестік идеологиялық қысымнан бірте-бірте ажырап жатқан қазіргі поткеңестік елдердегі 
ғылым, ескі догматикалық ұғымдардан бірте-бірте көз ашып, көптеген ғылыми мəселелерді жаңаша 
қарай  бастаған  сыңайлы.  Ғылымдағы  осы  үрдіс  жалғасын  табатын  болса,  түркілердің  шығу  тегі 
мəселелесінде де ғылыми ақиқатқа қол жеткізетін уақыт та жақындай түседі деген ойдамыз.  
Түркі  халықтарының  этногенезін  зерттеу  тек  академиялық  мақсаттағы  қызығушылықтан  ғана 
туындап отырған жоқ. Бұл мəселенің өзіміздің, яғни түркі халықтарының бірінен саналатын – қазақ 
халқының қайдан шыққанын, қалай қалыптасқанын білу үшін – таза практикалық көкейкесті маңызы 
бар.  Оның  үстіне,түркі  халықтарының  өткен  тарихын  білмей,  қазіргі  күнгі  көптеген  мəселелерін 
түсіне  алмайсың.  Бұл  мəселені  зерттеу  қазіргі  таңдағы  түркі  мемлекеттері  арасындағы  мəдени-
гуманитарлық  интеграцияның  жолдарын  таңдауда,  болашағын  болжарлауда  дамаңызды  болып 
табылады.  
Түркі халықтары мен тайпалары туралы көптеген ежелгі жəне ортағасырлық авторлар жазған, атап 
айтқанда: Гекатей, Гесиод, Геродот, Страбон, Плиний, Птоломей, Мовеес Хоренаци, Ананий Шира-
каци, Ибн ал-Асир, Рашид ад-Дин, Хордадбек, Абу-л-Фида, Ибн Хаукаль жəне т.б. Ал алғаш болып, 
түркі  халықтарының  тарихы  туралы,  1713-1722  жж.  Сібірде  қызмет  еткен  кезінде,  ғылыми  зерттеу 
жүргізген, швед офицері Ф.И. Табберт-Страленберг болатын. Ол түркі халықтарының алтайлық шығу 
тегі туралы теорияны жасаушылардың бірі болды [4, 5]. Страленбергтің пікірінше, Еуропаға түркілер 
Азиядан,  яғни  Алтайдан барған  [5,  3-4]. Түркі  халықтарының  тарихы  мен этнографиясын  зерттеуге 
XVIII  ғасырдың  саяхатшылары  мен  шығыстанушылары  –  И.А.  Гюльденштедт,  П.С.  Паллас, 
Г.Ю.Клапроттар маңызды үлес қосты.  
Академик  Э  И.  Эйхвальд  ең  алғаш  болып,  түркі  халықтары  Еуропада  біздің  заманымыздан  көп 
бұрын өмір сүргені жайлы қағиданы негіздеді. Ол былай деп жазды: «Скифтерге көбіне əртүрлі түркі 
ұрпақтары жатқызыла беретін... Скифтер деп түрік тайпаларын атауы мүмкін екендігін дəлелдейтін 
көптеген  айғақтар  бар.  Геродот  Тюррагеттермен  Түріктер  туралы  айтады  (кн.  IV,  21)...  Днестрдің 
жоғарғы ағысына Геродот аңшылықпен күнелтетін Түріктерді, Тирастар немесе Тюрастарды орналас-
тырады.  Днестрді  түіктер  əлі  күнге  дейін  Тур  деп  атайды....  Страбонда  ур-ги  атты  тайпа  кездеседі. 
Бұл көшірмешілердің қате жіберуінен болған қате жазу болуы мүмкін. Түркі сөзін урки, урги деп те 
қате жазған [6, 56-60, . 63, 75-78]. Ресей академигі А.Н: Аристов та осы пікірді қолдайды. Ол былай 
деп  жазады:  «Геродот  жəне  басқа  да  ежелгі  авторлар  жазып  кеткен  скифтердің  бір  бөлігі,  қазіргі 
зерттеушілер айтып жүргендей түркі тайпаларына жатуы əбден мүмкін[7, 400]. 
Эйхвальдтың,  Аристовтың  жəне  басқа  да  XIX  ғ.  көптеген  авторларының  скифтердің  тілі  мен 
мəдениеті  туралы  пікірін  бірқатар  кейінгі  зерттеушілер  де жаңа фактілер арқылы қолдай  түседі. [8, 
361; 9, 62-64; 10, 55]. Скифтердің арасында түркітілді тайпалар болғаны жөнінде Геродоттың «Тари-
хын» алғаш рет орыс тіліне аударған Лызлов А. И.[11]XVII ғ. екінші жартысында жазғанболатын. 
Бұл көзқарас, барлық бірдей ежелгігрек жəне рим авторларының скифтер мен сарматтарға берген 
атауларына, атап айтқанда, «жылқы етін жеушілер», «бие сауушылар, қымыз ішетіндер», «қымыздан 
ірімшік  жасайтындар»  жəне  т.б.  атауларына  байланысты  туындаған  [12].  Бұл  скифтермен  алғаш 
танысқан  кезден-ақ,  оларға  ежелгі  грек  жəне  латын  дəстүрлері  берген  өзіндік  бір  этномəдени  төл-
құжат  болды  десек  болады.  Ежелгі  үндіеуропалықтардың  ұрпақтарына,  өздеріне  мүлдем  жат  мəде-
ниет  əлементтері  бірден-ақ  тайға  таңба  басқандай  болып,  ерекше  көрінген  болуы  керек.  Бұл  мəде-
ниеттің  ундіеуропалықтарға  жат  болғаны  соншалық,  бірде-бір  үндіеуропалық  халық  скиф  мəдение-
тінің жоғарыда көрсетілген элементтерінің бірде-бірін қабылдап алған жоқ. Алайда, патшалық дəуір-
дегі  Ресей  тарихшыларының  көпшілігі  дəстүр  бойынша,  ал  бірқатар  заманауи  тарихшылар  да,  бір 
кездері  ресми  биліктің  «пантюркизммен»  күресінен  қорқып  қалған,  немесе,  кезіндегі  ғұндардың, 
хазарлардың,  қыпшақтардың,  моңғолдардың  шапқыншылықтарын  еске  түсіруден  қорқа  ма  екен, 
əйтеуір  түркі  халықтарының  тарихын  біржақты  жазудан  əлі  күнге  бас  тартар  емес.  Түркілерді 
барынша жасартып, Азия мен Еуропадағы ғұндар дəуірінен ғанабастауды, одан əрі асырмауды жөн 
көреді.  
Бірақ  осындай  ғылымдағы  кедергілерге  қарамастан,  түркітанушылар  мен  тарихшылардың 
кейбіреуі түркілердің шығу тегі мəселесін зерттеуді əлі де болса жалғастырып отыр. Атап айтқанда, 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
233 
бірқатар ғалымдар түркі тайпаларының ата-мекені Еділ-Орал өзенаралығы болғандығы туралы пікір-
ді  қолдайды  [13].  Еділ-Орал  өңірі,  əсіресе,  оның  жазық  жəне  орманды-жазық  жерлері,  ол  жерге 
қоныстанған халықтар үшін қолайлы болды. Бұл жерде мал жаю үшін керемет жайылымдар, жабайы 
аңдар мен құстарға толы ормандар, балығы мол өзендер мен көлдері, пайдалы қазба кендері жеткі-
лікті  еді.  Дəл  осы  Орал  Алтай,  Оңтүстік  Сібір  жəне  Кавказбен  бірге,  металлургияның  алғашқы 
орталығына  айналды,  Орал  өңірі,өзімен  көршілес  жатқан  аудандардың  шаруашылығының  дамуы 
үшін  өте  қолайлы  жағдай  туғызды.  Бұл  өңір  адамдар  б.з.д.  XIII  мыңжылдықтан  бастап  жабайы 
жануарларды  қолға  үйрете  бастаған  өңірлердің  бірі  болатын.  Əсіресе,  Оралдың,  Еділдің,  Солтүстік 
Каспийдің, Солтүстік Қара теңіздің, Солтүстік Кавказдың жазық жəне орманды жазық аймақтарында, 
сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан жазықтарында б.з.д. IV мыңжылдықта жабайы жылқыларды 
қолға  үйрету  аса  маңызды  болды.  Бұл  мəдениеттің  əлемнің  өзге  аймақтарына  дəл  осы  жерден 
таралғанын  ғалымдар  анықтады.  Əлемнің  ең  озық  егіншілік  өңірінде  –  Алдыңғы  Азияда  жылқы, 
шамамен б.з.д. II мыңжылдықта ғана пайда болды. Алыс жолдарға жылықыға мініп (салтатты) немесе 
арбаға жегілген аттармен баруға мүмкіндік туды. Бұл мал өсіруші көшпелілер мен сарбаздар үшін аса 
маңызды  еді.  Ежелгі  түріктер  осылайша,  ең  алғаш  болып  жаяужүргіншіден,  салтатты  жолаушыға 
айналды. Сондықтан болар, ғылымда түркілерің ең алғашқы мəдениетін «салтаттылар мəдениеті» деп 
те атайды. 
Еділ-Орал аймағының ерте дəуірде қарқынды түрде дамуына географиялық орналасуы оң ықпал 
еткен  тəрізді.  Аймақ  Еуропа  мен  Азияның  түйіскен  жерінде  орналасқан,  бұл  жер,  ежелден  тоғыз 
жолдың торабы болды. Аймақта əр түрлі этностар өзара араласып отырды, олар прототүркілер, финн-
угорлықтардың  жəне  басқа  да  халықтардың  арғы  ата-бабалары  болатын.  Мезолит  жəне  неолит 
дəуірлерінің өзінде аймақта халық тығыз қоныстанды. Бұл жерде əр түрлі мəдениеттер мен дəстүрлер 
араласып жатты. Аймақ əр түрлі мəдени ағымдардың байланысқа тусу өңірі болды. Қоныстарының 
кіші-гірім ғана болғанына қарағанда, аймақтың халқы көшпелі өмір салтын кешкен. Олар үңгірлерде, 
шалаштарда,  киіз  үйлерге  ұқсас  жертепелерде  өмір  сүрген  [14.  91-92].Оңтүстік  Орал  мезолиттік 
мəдениетінің  шекарасы  оңтүстікте  қазіргі  Қазақстан,  Өзбекстан,  Түркменстан,  ал  шығыста  Батыс 
Сібір  аудандарымен  шектесіп  жатты  [14,  144,  146-147].Археолог  Г.  Ф.  Коробова  өзінің  «Мезолит 
Средней Азии и Казахстана» аты еңбегінде Шығыс Еуропаның, Батыс Сібір мен Орта Азияның мезо-
литтік мəдениеттері бірдей дерлік ұқсас, тек бір мəдениеттің əр түрлі нұсқалары деуге келеді, - деген 
қорытындыға  келді  [15,  162].  Оның  пікірінше,  бұл  аймаққа  жоғары  дамыған  мəдениет  Алдыңғы 
Азиядан келді деген пікірді қолдаушы ғалымдар қателеседі[15, 186].  
Ежелгі үндіеуропалық егінші тайпалардың б.з.д. ІҮ мыңж. қоныс аударулары, ең ежелгі көшпелі 
малшылардың  –  «ежелгі  оршылардың»  «(древнеямники)»  Еуразия  далаларындағы  миграциясымен 
сəйкес  келеді.  Дəл  осы  «ежелгі  оршылар»  түркілердің  арғы  тегі  болуы  керек.  Кейбір  зерттеушілер 
оларды  финн-угор  халықтарының  арғы  ата-бабалары  деп  есептейді  [16,  370-387].  Финн-угор 
тайпалары мен түркілердің Еділ-Орал аймағында сан мыңдаған жылдар бойы бірге өмір сүргендігін 
мойындай  отырып,  сонымен  бірге,  аймақтың  орманды-далалы  жəне  далалы  бөліктерінде  прототүр-
кілердің  басым  мекендігін  айтпай  кетуге  болмайды.  Бұлайша  кесіп  айтуымызға  еділ-орал  «ежелгі 
оршыларының»  этно-мəдени  кешені  ХҮІ-ХҮІІ  ғғ.  дейін  Еуразияның  түркі  тайпаларының  тұрмысы 
мен  мəдениетінде  ешбір  дерлік  өзгеріссіз  сақталып  жеткендігі  туралы  бұлтарпас  айғақ  мүмкіндік 
береді.  
Тарихи-археологиялық зерттеулер б.з.д. ІҮ мыңж. аяғы – ІІІ мыңж. басында малшы тайпалардың 
мал  басының  өсуіне  жəне  малға  қажет  жайылымдардың  өсуіне  байланысты  олардың  негізгі 
территориясы  айтарлықтай  кеңейгендігін  көрсетеді.  Шығыста  Ембіден,  батыста  Днестрге  дейінгі 
орасан зор территорияда «ежелгі оршылар» деген атау алған мəдени-тарихи аймақ қалыптасты. Осы 
кең-байтақ далалы аймақ үш ерте егіншілік орталықтарымен – Еуропамен, Алдыңғы Азиямен жəне 
Орта  Азиямен  тікелей  шектесетін  болды.  Осы  уақыттан  бастап,  далалы  аймақ  тайпаларды  ажыра-
тушы фактордан, оларды біріктіруші факторға айналды. Бұл кеңістік малшылардың үлкен топтары-
ның  көшіп-қонуларына  мүмкіндік  туғызды,  ежелгі  тайпалардың  араласуын,  ассимиляцияға  түсу 
процесін жеңілдетті, сондай-ақ малшы тайпалардың өз ішінде де, малшылармен байланысқа түскен 
басқа  аймақ  халықтарының  да  арасында  экономикалық  жəне  мəдени  жетістіктердің  тез  таралуына 
ықпал  етті.  Дəл  осы  себептерге  байланысты,  ең  алғашқы  жəне  ең  ежелгі  мəдени-тарихи  аймақтың 
қалыптасуы, далалы кеңістікті кеңінен игеру, онда экономиканың өндіруші формаларының таралуы, 
яғни мал өсіру, жəне шаруашылық жүргізудің көшпелі формасының қалыптасуына алып келді.  
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
234 
Белгілі  венгр  түркітанушы  ғалымы  Юлиус  Немет  те  жоғары  келтірілген  ғалымдардың  көзқарас-
тарын қолдай келе, былай деп жазады: «Түркілер ежелгі дəуірлерде мекендеген территория Орталық 
жəне Шығыс Азия болғандығы ғылымда əбден орнығып қалған. Мен бұл көзқарасқа қарсы пікірімді 
білдірген  болатынмын,  тілдік  мəліметтерге  қарағанда,  түркілердің  ежелгі  дəуірде  мекендеген 
территориясын Батыс Азиядан іздеу керек. Түркі тайпаларын Орал тайпаларынан бөлудің қажеті жоқ 
тəрізді  жəне  Орал  тайпаларының  алғаш  мекендеген  территориясын  Орта  Азиядан  немесе  Шығыс 
Азиядан  іздеудің  негізі  жоқ  [17,  127].  Неметтің  концепциясын  белгілі  поляк  түркітанушысы 
А.Зайончковский,  ресей  ғалымдары  –  тарихшы  əрі  лингвист  3.М.  Ямпольский  жəне  антрополог 
В.П.Алексеев,  азербайджандық  лингвист  М.Ш.  Ширалиев,  қазақ  зерттеушілері  –  антрополог 
О.Исмғұлов  пен белгілі жазушысы əрі ғалым О. Сулейменов, археолог Э.Б. Вадецкая, қарашайлық 
түркітанушы К.Т. Лайпанов жəне т.б. қолдайды. «Ұзақ уақыт бойы түркі тілдерінің тарихы Орхон–
Енисей  ескерткіштерінен  басталады  деп  есептелді  –  деп  жазады  М.Ширалиев  пен  С.Асадуллаев,  – 
өйткені  олар  түркі  тілдерінің  ең  көне  ескерткіштері  деп  есептеліп  келді.  Ал  іс  жүзінде,  біздің  эра-
мызға дейін жəне біздің эрамыздың басында Орал тауларынан бастап Еуропаның батыс бөліктеріне 
дейінгі  территорияда  ежелгі  түркі  тайпалары  мекен  еткені  белгілі»  [18,  8].  Оның  үстіне,  орхон 
жазбаларынан көп бұрын, б.з. І ғ.  ғұндардың өз руникалық жазуы болған[13]. 
Соңғы  уақытта  ғылымда  жаңа  бір  үрдіс  қалыптаса  бастады  –  алдыңғы  қатарлы,  озық  ойлы 
ғалымдар  ескі,  ғылымилықтан  аулақ  стереотиптерден  арылып,  ғылыми  ізденістерге  жаңаша  қарай 
бастағаны  аса  қуантарлық  жағдай.  Мысалы,  белгілі  украиндық  скифологтар  В.И.  Ильинская  мен 
В.А.Тереножкин,  ғылымның  ең  жаңа  мəліметтеріне  сүйенеотырып,  скифтердің  аң  үлгісіндегі 
мəдениеті Сібір мен Алтайдың түркітілді халықтарымен тамырлас болып келетіндігін дəлелдеді. Ал 
Сібір  мен  Алтайда  иран халқы  қайдан  болсын?  [19,  380].Ежелгі  түркілердің  Қара Теңіз  жағалауын, 
Алдыңғы  Азия  мен  Кавказды  қоныстануы  туралы  аса  маңызды  мəселені  белгілі  лингвист  əрі 
тарихшы  З.И.Ямпольский  зерттеді.  Ол  Геродот,  Помпоний  Мела,  Аға  Плиний  жəне  Страбонның 
еңбектеріне сүйене отырып,  түркілер аталған территорияларда б.з.д. V ғ. кеш емес, мүмкін одан да 
бұрын мекен еткендігін дəлелдеді.  [9, 25 ]. Ғалым, түркілер мен түркі тілдері бағзы замандардан өмір 
сүріп келе жатқанын айтады.  
Қазақстандық  белгілі  ғалым-антрополог  О.Исмағұловтың  түркі  халықтарының  бірі  –  қазақ 
халқының қалыптасуы туралы пікірі ерекше назар аудартады. Оның пікірінше, ең ежелгі дəуірлерден 
бастап  Қазақстан  территориясында  түркі  халықтарынан  басқа  халықтар  өмір  сүрмеген.  Мысалы, 
археологиялық  зерттеулердің  нəтижелері  бойынша  алғашқы  қауымдық  құрылыстан  темір  дəуіріне 
дейінгі  адамдардың  даму  жолдарын  байқауға  болады.  Бұлдəуірлерде  Қазақстан  территориясында 
сақтар, қаңлылар, сарматтар жəне басқа да тайпалар өмір сүрген. Қола дəуірінде (б.з.д. ІІ мыңжылдық 
–  б.з.  І  мыңжылдығы)  Қазақстан  территориясында  еуропоидтық  типтегі  андронов  тайпалары  мекен-
деген.  О.Исмағұловтың  пікірінше,  сақтардың,  сарматтар  мен  үйсіндердің  бет  келбеттері  олардың 
алдында осы аймақта өмір сұрген андроновтықтарға өте ұқсас. Əсіресе, үйсіндер мен андроновтық-
тардың бет-əлпеттері ерекше ұқсас болып келетіндігін айтады.  
Алайда, Қазақстан территориясына шығыстан ғұндардың басып кіруімен, жəне олардың жергілікті 
сақ, сармат, үйсін жəне басқа да тайпалармен араласуынан кейін моңғолоидтық белгілер пайда болған 
болатын.  Бұл  белгілер  ерте  орта  ғасырларда  (VI-IX  ғғ.)  одан  сайын  арта  түсті.  Алайда,  жергілікті 
халық  та,  келімсектер  де  түркітілді  халықтар  болған.  Олардың  өмір  салты,  олардың  шаруашылық 
жүргізу ерекшелігі,əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени даму аспектілері бір болатын. Осылайша, 
ежелгі дəуірлерден бастап, Қазақстан территориясында қазақ халқының ата-бабаларының этникалық 
жəне антропологиялық негіздері қалыптаса бастады. Ақиқатты анықтауда, тарих ғылымына, археоло-
гия, антропология, этнология, лингвистика, жəне басқа да ғылым салалары көмекке келеді. Пəнара-
лық зерттеулердің нəтижелерін пайдалана отырып, тарих ғылымы Еуразия даласында ежелден түркі 
тайпалары мекен еткенін дəлелдеп бере алады деген сенімдеміз.   
 
1
 
ГраковБ.Н.. Скифы. Научно-популярный очерк. – М.: МГУ. 1971. – 200 с. 
2
 
Артамонов М.И. Киммерийцы и скифы : (От появления на исторической арене до IV в. до н. э.). – Л. : 
Изд-во Ленингр. ун-та, 1974. 156 с. 
3
 
Смирнов А.П. Волжские булгары. Издание Государственного Исторического Музея, –М., 1951. 
4
 
КляшторныйС.Г.Древнетюркские  рунические  памятники  как  источник  по  истории  ...  как  источник  по 
истории Средней Азии. – М.: «Наука». 1964. 214 с. 
5
 
Страленберг Ф.И. Историческое и географическое описание полуночно-восточной части Европы и Азии. 
Выдержки из него о сибирских инородцах см. в «Сибирском вестнике» (1888, № 18–24). 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
235 
6
 
Библиотека для чтения // К. Лайпанов, И. Мизиев О происхождении тюркских народов.–Черкесск, ПАО 
«ПУЛ», 1993. 
 
7
 
АристовН.А.  Заметки  по  этническому  составу  тюркских  племен  и  народностей  //  Живая  старина.  – 
1896. – Вып. III–IV.). 
8
 
Лаппо-ДанилевскийА.С. Обозрение скифских древностей. –Петербург, 1887. 
9
 
ЯмпольскийЗ.И. Древняя Албания. (III-I вв. до н.э.). Тезисы. – Баку, 1966 г. 169. 
10
 
Мизиев И.М. История рядом. –Нальчик, 1990 
11
 
11.Лызлов А.И. Скифская история. – М.: Наука, 1990. – 519 с. 
12
 
Латышев В.В. Известия древних писателей, греческих и латинских, о Скифии и Кавказе. Т. |: Греческие 
писатели. – СПб., 1890 . 
13
 
ЛайпановК., МизиевИ. О происхождении тюркских народов. Черкесск, ПАО «ПУЛ», 1993, с. 138.  
14
 
14.Мезолит СССР. // Серия: Археология СССР. Т. 2. – М.: 1989. 352 с. 
15
 
15.  Коробова  Г.Ф.  Мезолит  Средней  Азии  и  Казахстана  //  Мезолит  СССР.    Серия:  Археология  СССР. 
Т.2. – М.: 1989. 352 с. 
16
 
16. Халиков А. Х. Древняя история Среднего Поволжья. – М.: Наука, 1969. – 396 с 
17
 
17. Немет Ю. К вопросу об аварах / перевод с немецкого И. Г. Добродомова. // Turcologica. К 75-летию 
академика А. Н. Кононова. – Л.: Наука, 1976. – С. 298–305. 
18
 
18. Ширалиев М.Ш., Асадуллаев С.Г. Советская тюркология и задачи журнала «Советская тюркология» 
// Советская тюркология –1970. – №1. – С.5. 
19
 
19. ИльинскаяВ.А., ТереножкинА.И. Скифия VII-IV вв. до н.э. – Киев: 1983. 
 
Резюме 
Об этническом происхождении тюркских народов 
Картабаева Е.Т. – доцент кафедры всемирной истории, историографии и 
источниковедения,erke_66@mail.ru 
Цель  написания  статьи  еще  раз  пересмотреть  проблему  о  ираноязычности  древних  саков,  которая 
установилась  в  исторической  науке,  и  сделать  историографический  анализ  на  труды  ученых,  которые  иначе 
рассматривают  эту  проблему.  Вместе  с  тем,  автор  статьи  на  основе  глубокого  источниковедческого  и 
историографического  анализаделает  попытку  определить  принадлежность  саков  не  иранаязычным,  а 
тюркоязычным  народам.  Статья  является  продолжением  статей  автора,  которые  ранее  были  написаны  на  эту 
тему.  
Ключевые слова: этнос, племя, саки, скифы, тюрки 
 
Summary 
About an ethnic origin of the Turkic people 
E.T. Kartabayeva – associate professor of world history, historiography and source study, erke_66@mail.ru 
The purpose of writing of article once again to reconsider a problem about an Iran-language of ancient juice which 
was  established  in  historical  science,  and  to  make  the  history  graphic  analysis  on  works  of  scientists  who  differently 
consider this problem. At the same time, the author of article on the basis of the deep source study and history graphic 
analysis  does  attempt  to  define  accessory  of  juice  not  of  Iran  to  the  lingual,  and  Turkic-speaking  people.  Article  is 
continuation of articles of the author which have been written on this subject earlier.      
Keywords: ethnos, tribe, Saks, Scythians, Turkic peoples 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
236 
УДК 316.35:39  
 
РАЗВОДЫ В ПОЖИЛОМ ВОЗРАСТЕ В КАЗАХСТАНЕ 
 
Калыш А.Б. – профессор кафедры археологии, этнологии и музеологии  
КазНУ имени аль-Фараби, д.и.н. 
 
В  статье  исследуются  проблемы  конфликтных  семей  и  разводы  в  современном  Казахстане  на  примере 
представителей  старшего  поколения.  Показано,  что  они  являются  не  чем  иным,  как  скрытым  или  явным 
показателем  наметившихся  изменений  в  установках  поведений,  состоящих  в  браке  супругов  относительно 
ценности семейной жизни. И это, не что иное, как уход от решения назревшей и безотлагательной проблемы. В 
настоящее время наличие или отсутствие детей не влияет на число расторгаемых браков, хотя еще недавно по 
традиции,  особенно  у  казахов  и  других  тюркских,  а  также  исповедующих  ислам  этносов  казалось,  что  они 
могут  удержать  супругов  от  поспешных  и  необдуманных  действий.  Нельзя  забывать  и  того,  что  на  уровень 
разводимости  значительное  влияние  оказывают  такие  факторы,  как  отсутствие  разветвленной  и  профессио-
нально-функционирующей  службы  помощи  семье,  особенно  в  сельской  местности  и  районных  центрах; 
легкость  бракоразводного  процесса,  мнимая  «свобода»  супругов  и  пр.  Следует  констатировать  и  то 
обстоятельство,  что  разводы  встречаются  чаще  в  северо-восточных  и  центральных  регионах  республики, 
преимущественно среди европейских этносов, чем тюркских. Это же можно сказать о значительной расспрос-
траненности нестабильных семей среди городских жителей по сравнению с сельскими. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет