Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет104/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   375
Түйін  сөздер:  көмей  дауыс,  ерін  дауыссыз,  тіл  ортасы  дауыссыз,  тілшік  дауыссыз,  тіл  ортасы  дауысты, 
тілшік жуысым, көмей қуысы. 
 
Қазіргі  қазақ  тілінің  мектеп  пен  жоғары  оқу  орнына  арналған  оқулықтары  мен  оқу  құралдары 
дәстүрлі  фонетика  нәтижелеріне  сүйеніп  жазылып  келе  жатқандығы  белгілі.  Сондықтан  да  оларда 
қабылданған  фонетикалық  (артикуляциялық)  талданымның  бір-бірінен  айырмашылығы  жоқ. 
Сондықтан да олардың бәріне тоқталып жатудың қажеті жоқ. Ең соңғы шыққан озық үлгідегі және 
Білім  министрлігі  арнайы  ұсынып  отырған,  теория/практикалық  тәжірибесі  жоғары  ұжымдық 
авторлар тобының оқу құрал ретінде дайындаған «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика бөлімінде қазіргі 
кездегі кең тараған жіктелім белгілер қамтылған. 
Қазақ  тілі  дыбыстарының  дауысты/дауыссыз  болып  бөлінетін  артикуляциялық  белгілері 
көрсетілген:  «Дауысты  дыбыстар  дауыс  желбезегінің  толық  тербелуінен  жасалады.  Ал  дауыссыз 
дыбыстарды  айтқанда  дауыс  желбезегі  аз  тербеледі  немесе  дауыссыздарды  жасауға  мүлде 
қатыспайды.., Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің 
барлығы дерлік қатысады... Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, белгілі бір дыбыстау 
мүшелерінің  қатысуымен  жасалады»  [1,  132-133  б.].  Дыбыстардың  басты  жіктелім  белгісі  ретінде 
дауыс желбезегінің орны бөлек екендігі көрсетілген.  
Әрі қарай дауысты/дауыссыз дыбыстар ішкі жіктелім белгілеріне қарай топтастырылады. 
Мысалы,  дауысты  дыбыстар  алдымен  жалаң  (монофтонг)  және  құранды  (дифтонг)  болып 
таралады. Құранды дауыстыларға о, ө, е дауыстыларыме қатар и, у «дауыстылары» қосылған. Соңғы 
екі дыбысқа қатысты «дауысты» дегенді тырнақшаға алып отырмыз, өйткені олар орыс тілінен енген 
и,  у  дауыстылары  ма  (олар  он  екі  дауыстының  қатарына  қосылған),  жоқ,  әлде,    қазақ 
дауыстыларының қатарына қосылып жүрген и, у таңбалары ма, ол жағы белгісіз болып қалған. 
Дауыстылардың негізгі жіктелімі артикуляциялық тұрғыдан берілген: (2-сурет) 
– 
тіл  қатысына  қарай  жуан  (гуттураль)  және  жіңішке  (палаталь),  басқаша  айтқанда  «Жуан 
дауыстыларды  айтқанда,  жіңішкелермен  салыстырғанда,  тіл  сәл  артқа  қарай  тартылады,  ортасы 
көтеріліңкірейді,  жіңішкелерді  айтқанда  тіл  сәл  ілгері  жылжиды».  Алайда  артикуляциялық 
анықтамадан  туындайтын  атау  перцепциялық  (естілім),  яғни  жуан/жіңішке  болып  қабылданған. 
Артикуляциялық анықтаманың атауы да артикуляциялық, яғни тіл арты/тіл алды болу керек еді.  
 – 
ерін қатысына қарай еріндік (лабиаль) және езулік, басқаша айтқанда «Еріндік дауыстыларды 
айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу 
жиырылады». Артикуляциялық анықтамадан оның артикуляциялық атауы туындап тұр. 
– 
жақ қатысына қарай ашық және қысаң, басқаша айтқанда «Ашық дауыстыларды айтқанда үстіңгі 
жақ  қозғалмай,  астыңғы  жақ  барынша  төмен  түседі  де,  қысаңдарды  айтқанда  бір-біріне  жуықтай 
түседі» [1, 135 б.]. Бұл жерде де артикуляциялық анықтамадан оның артикуляциялық атауы туындап 
тұр. 
Дауыстылардың  артикуляциялық  жіктелімі  жұп  белгілерге  құрылған,  өйткені  жіктелім  белгілер 
өзара жұптасып тұр. 
Дауыссыз  дыбыстардың  жіктелімі  естілім  (перцепция)  мен  жасалым  (артикуляция)  белгілерін 
аралас қамтыған: 
47 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
– 
дауыстың  (салдырдың  деуге  де  болады)  қатысына  қарай  үнділер,  ұяңдар,  қатаңдар  болып 
жіктелген,  ұяңдар  мен  қатаңдарды  үнсіздер  деуге  болатыны  ескертілген.  Анықтама  түгелдей 
перцепциялық (естілім) тұрғысынан берілген: «Үнділерде  дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда 
керісінше,  салдыр  басым  да,  дауыс  аз  болады.  Ал  қатаң  дауыссыз  тек  салдырдан  жасалады  (яғни 
оларға  дауыс  қатыспайды)».  Егер  анықтама  артикуляциялық  тұрғыдан  берілген  болса,  онда  дауыс 
желбезегінің қатысына сүйенген болар едік. 
– 
дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай шұғыл (эксплозив), ызың (фрикатив), діріл 
болып  жіктелген.  Анықтама  артикуляциялық  тұрғыдан  берілген:  «Шұғыл  фонемаларды  айтқанда 
дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ал 
ызыңдарды  айтқанда  дыбыстау  мүшелері  бір-біріне  жуысып,  ауаның  жолын  барынша  тарылтады, 
бірақ ауа бір жола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз тіл ұшының дірілдеуінен 
пайда болады». Дәстүрлі артикуляциялық анықтамалар мен дәстүрлі атаулар кеңінен пайдаланылған. 
– 
жасалу  немесе  айтылу  (артикуляциялық)  орнына  қарай  ерін  (лабиаль),  тіл  (лингваль),  көмей 
(фарингаль) болып жіктелген. Мұнда да анықтама ерін қатысына байланысты ғана артикуляциялық 
тұрғыдан  берілген:  «Еріндіктерді  айтқанда  екі  ерін  біріне-бірі  жабысып  немесе  дөңгелене  жуысып 
тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады» [1, 144 б.]. Әрі қарай 
тіл дыбыстары тіл алды, тіл ортасы, тіл арты болып іштей таратылады. 
Кірме «тіс-ерін» дауыссыздары туралы жоғарыда жан-жақты айтылған. Ал қ/к, ғ/г дауыссыздары-
ның артикуляциялық ерекшеліктеріне қарамай, тіл арты тобына енгізілгені ойландырады. Олардың 
артикуляциялық  моделі  (1-сурет)  жасалу  орындарының  әртүрлі  екенін  көрнекі  дәлелдейді 
(артикуляциялық  анықтамасы  соңғы  бөлімде  жан-жақты  талданады).  Бұл  жерде  олардың  жасалу 
орнына  (тілішік/тіл  орасы)  қатысты  бір жіктелім  топқа  ене  алмайтындығын  көрнекі  бейнелеп  қана 
өттік. 
Сөз  басында  айтылғандай,  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқу  құралының  фонетика  бөлімінің  талданымы  
білім  беру  саласындағы  қазақ  тілі  оқулықтарының  дәстүрлі  үлгісін  көрсету  үшін  ғана  жасалды. 
Өйткені оқулықтар аздаған өзгешеліктері болмаса, бір үлгімен дайындалған. 
       
 
     
 
1-
сурет – Қатаң қ/к (жоғарғы қатар) және ұяң ғ/г дауыссыдарының  артикуляциялық өзара 
салыстырма моделі 
 
Ал қазақ тілінің дыбыстарының артикуляциялық моделін талдау амалы ретінде пайдаланып, оның 
зерттеу нәтижесін А.Жүнісбек [5] еңбектерінен көреміз. 
Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  артикуляциялық  түрлері  дәстүрлі  фонетикада  арнайы  зерттеу 
нысаны  болмағанымен,  талданған  сәттерін  кездестіруге  болады.  Бірақ  ол  талдаулардың  негізгі 
мақсаты үйлесім белгілердің құрамы мен жүйесін анықтау емес, сол үйлесім дыбыстар «фонема ма, 
фонема  емес  пе?»  деген  сұрақтың  жауабын  іздеу  болып  қалады.  Мысалы,    қ-к,    ғ-г  дауыссыз 
дыбыстарының  сыңарларының  фонологиялық  мәртебесі  «фонема  деңгейінде  ме»,  әлде,  керісінше, 
«вариант  деңгейінде  ме»  деген  сұрақтың  жауабында  бір  пікір  жоқ.  Бір  топ  ғалымдар  [2;  73  б.] 
48
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
артикуляциялық  ерекшеліктерін  ескеріп,  фонема  деп  қарайды:  «...қ,  к,  ғ,  г  дауыссыздарын  әзірше 
қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады» [7], енді бір топ ғалымдар [8] 
тілдегі  фонологиялық қызметін  ескеріп,  варианттар  деп қарайды.  Соңғы  пікірге  орыс және  қырғыз 
фонетистері де қосылады [9; 10; 11]. 
Дыбыс  артикуляциясының  анықтамасы  толық  берілмейді,  және  артикуляциялық  анықтама 
жіктелім  кезінде  емес,  көбінесе  «дыбыстардың  түрлері»  деген  атпен  соңында  жарым-жартылай 
ескеріліп  жатады.  Артикуляциялық  талдаудың  ішінде  перцепциялық  (естілім),  кейде  акустикалық, 
атаулар  үздіксіз  қолданылады.  Соның  нәтижесінде  дыбыстың  артикуляциялық  атаулары  аталмай 
қалады. 
Артикуляциялық (жасалым), акустикалық (айтылым) және перцепциялық (естілім) талданымның 
әрқайсысы  өз  орнымен  жеке-жеке  жүргізіліп,  өз  анықтамалары  мен  өз  атаулары  орнымен 
пайдаланылғаны жөн. 
Соның  нәтижесінде  алдымен  дыбыстың  артикуляциялық,  акустикалық  және  перцепциялық 
анықтамалары  жеке-жеке  беріліп  алған  соң,  олардың  нәтижелері  қосылып  дыбыстың  кешенді 
сипатамасы шығады.  
Қазақ тілі оқулықтары мен оқу-құралдары қазіргі қырық екі таңбаны қамтыған әліпби талданымын 
пайдаланады. Талданым негізінде акад. І.Кеңесбаевтың еңбектері жатыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-
сурет – Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жіктелімі  (оқу құралы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет