Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет187/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   375
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз» атты ғақлиясын: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман 
өткіздік  пе,  әйтеуір  бірталай  өмірімізді  өткіздік:  алыстық,  жұлыстық,  айтыстық,  тартыстық  – 
әурешілікті  көре-көре  келдік.  Енді  жер  ортасы  жасқа  келдік:  қажыдық,  жалықтық;  қылып  көрген 
ісіміздің  баянсызын, байлаусызын  көрдік, бәрі  қоршылық екенін  білдік.  Ал    енді қалған  өмірімізді 
қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ақыры ойладым: осы ойыма келген 
нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз 
тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, 
енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ»,–деген оймен түйіндейді [1, 174-б.]. 
Ақын  Абай  Құнанбайұлының  қара  сөзбен  өмірді  жырлаған  қырық  бес  бөліктен  тұратын 
шығармасының  «Бірінші  сөз»  атты  туындысы  –  күнделікті    қарнының  тойғанын  ғана  көздейтін 
қарапайым пенденің, немесе қара басының қамын ойлап, қайтсем дүние қуып  алға шығам, сол жолда 
кімді  алдап,  арқасына  мініп,  ақысын  жеймін,  кімді  таптап  өтіп,  табысқа  жетем,  мансап,  билікке 
жетуде қандай алаяқтықты, екіжүзділікті, қатыгездікті үйренсем екен деген тоғышар жандардың сөзі 
емес. Бұл табиғат ақылды, ойлы, алғыр, адамгершілігі жоғары етіп жаратқан, сонымен бірге әдепті 
отбасынан тәлім алған, өмірге өз көзқарасы қалыптасқан,  дүниетанымы биік дара тұлғаның ішкі жан 
дүниесінің ашық сыры, адал пейілі. 
Ол өмірдің арпалыстан тұратынын ерте түсініп, дүние жаратылысының қайшылыққа толы екенін 
ұғып,  жақсылық  пен  жамандықтың  үнемі  бітіспес  шайқаста  болатынын  толық  таныған  «қылып 
жүрген ісінің баянсызын, байлаусызын көрген, бәрі қоршылық екенін білген» нағыз кемел  адам. Ізгі 
ниетті осы Кісі кемеңгерлікке тән қасиетімен мына дүниенің қыр-сырын толық меңгеріп, 45 жасқа 
жеткенде «қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз» деп ой теңізіне шомылған. Мына сөз жалғыз 
ғана  Абайдың  жан  дүниесінің,  көңіл  толқынысының  көрінісі  емес,  әрбір  есі  бүтін  адам  солай 
толғануы  керек.  Дана  Абай  «Бірінші  сөз»  шығармасын  жұртшылыққа  сол  мақсатпен  ұсынған,  сол 
ниетте жазған. Көздегені халық санасын ояту. 
Табиғат заңдылығына сүйенсек, жердің де, күннің де, айдың да, жұлдыздардың да, әрбір Адамның 
да өз жолы бар. Сондықтан барша жұрт бір-біріне «Жолың болсын» дейді. Кейде көздеген мақсатына 
жете  алмай  қиналғандар  «жолым  болмай  жүр»  деп  мұңаяды.  Олар  қайткенмен  алға  қойған 
нысанасына  жетуге  жан  сала  ұмтылады.  Біз  де  солай  жасауымыз  керек.  Осы  «Бірінші  сөз» 
ғақлиясында дана Абай өзінің алдына өмір сүруде таңдап алатын бірнеше жолды ұсынады. Мұнда біз 
ол  Кісіні  «Дана  Абай»  деп  әншейін  мадақ  үшін  айтып  отырғанымыз  жоқ.  Көктегі  құдірет  оны  әу 
баста аса қабілетті етіп жаратты. Бұған қосарымыз, ол текті жерден шыққан. Абай бүкіл қазаққа есімі 
мәлім,  жалпы  Тобықтыны  аузына  қаратып,  досын  да,  дұшпанын  да  ақыл-парасатымен  тәнті  еткен 
атақты болыс Құнанбай шаңырағында тәрбиеленген, оны дүниеге әкелген анасы да, шарана сәтінен 
бауырына басқан әжесі де қазақтың бәйбішесі  дәрежесіне көтерілген айрықша тұлғалар. 
Сондай-ақ,  Құнанбай  шаңырағына  елдің  ең  игі  жақсылары  бас  сұғып,  қонақ  болады.  Олар  дала 
дәстүрін, дала мәдениетін, дала кәсібін, ел билеу шараларын түбегейлі меңгерген сахара алыптары. 
Зерек Абай сәби шағынан сол дуалы ауыздардың сөзін тыңдап өсті. Сонымен бірге, заман талабына 
орай  Ресей  империясының  үстемдігі  шалқар  сахараның  қуыс-қолтығына дейін  тарап,  құмға  төккен 
судай  шапшаң  сіңіп,  ентелей  ене  берді.  Өйткені,  әр  жаулап  алушы  мемлекет  боданына  айналған 
жұртқа  өзінің  заңын,  дәстүрін,  жазуын,  тілін,  билігін  күштеп  енгізіп,  мәдениетін  де  ала  келеді. 
Дарынды Абай өмірі сондай кезеңнің ортасында өтті. 
Қаһарынан  қар  жауатын  сол  империяның  саясатына  көнбегендердің  көбісі  қазақ  даласына  жер 
аударылды.  Олар  өз  ақылының  азабына  ұшыраған  ойлы,  адамгершілігі  асқан  адамдар  еді.  Сол 
қуғынға түскендердің бәрі дерлік күн өткізу үшін, аштан өлмес ниетпен Құнанбайдай мықтылардың 
ауылын  паналады,  Абайдай  ақылды,  сөз  ұғар  жастарды  бауырына  тартып,  орыс  тілін,  мәдениетін, 
әдебиетін  үйретті.  Есейе  келе  Абай  бар  уақытын  игі  іске  қарай  жұмсады,  адамгершіліктің,  адал, 
әділдіктің  озық  қасиеттерін  бойына  сіңіруге  ұмтылды.  Жастайынан  білуге,  білімге,  басқаның 
бойындағы сүйсінерлік жетістіктерді игеруге талпыныс жасады. Қазақ халқының даналығынан шөлі 
қанғанша  сімірді.  Өзге  елдерден  келген  адамдарға,  әсіресе,  биліктегілердің  бақылауында  жүрген 
кісілерге жатырқай емес, өзіне жақын тартып, танысу, сырласу ниетімен қарады. 
Олармен  емен-жарқын  әңгімелесу  арқылы  басқа  халықтардың  мәдениетін,  дәстүрін,  әдебиетін, 
үлгі етер жетістігін барынша бойына сіңіріп, есте сақтады. Ежелден іргелі ел орыстың тілін, жазуын 
игеруге  ерен  құштарлық  танытты.  Сөйтіп    сол  халықтың  озық  ісімен,  өркениетімен,  классикалық 
шығармаларымен,  даналық  мұраларымен  танысты.  А.С.  Пушкин,  М.  Лермонтов,  И.  Крылов 
шығармаларына аударма жасау арқылы  әсте тозбайтын мұра жасаудың тәсілін үйренді. Солардың 
105 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет