Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
айнасы. Н.Ю.Шведованың пайымдауынша, тілдегі әлем бейнесі - халықтың көп ғасырлық тәжірибесі
негізінде және тілдегі бірліктер арқылы жасалған бүкіл тіршіліктің бүтін әрі бөлшекті әлем ретіндегі
бейнесі. Өз құрылымында ол біріншіден, адамды, оның материалды және рухани өмірін, екіншіден,
оны қоршаған кеңістік пен уақытты, тірі және өлі табиғатты, сонымен қатар, адамның өзі ойлап
тапқан мифтер мен социумды көрсетеді [3,5-б.].
Адам баласының өзін қоршаған ортаның, ақиқат болмыстың мәнін түсінуінің тәсілі ретінде дүние
суреті мифологияда, религияда, поэзияда, фольклор мен сурет өнерінде, қолөнерде т.б. қабылдау мен
ұғынуға ыңғайлы, жеңілдетілген формада белгіленеді, бейнеленеді және бекиді. Дүние-ғаламның
күллі адамзат баласына ортақ болуы дүние суретіне жалпы адамзаттық әмбебаптық сипат дарытады
десе де, әрбір этномәдени-тарихи қауымдастықтың дүние әлемді өзінше көруі мен тануының,
қабылдауы мен елестетуінің, ұғынуы мен түсінуінің және бұл процестердің нәтижесін бейнелеуі
амaл-тәсілдерінің өзгешелігіне байланысты дүние суреті этноәлеуметтік және этномәдени реңкті
жинақтайды [4,18-19-бб.].
Сөйтіп, дүние суреті адамның дүние-әлемді тануын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар
ол адамның өмірлік іс-әрекетінде бағыт-бағдар қызметін де атқарады, ұлттық дүниетаным әлемін
құрайды. Сондықтан дүниетаным – дүниенің тілдік бейнесіне қарағанда әлдеқайда күрделі құбылыс
саналады. Дүниенің халық танымындағы көрінісі, яғни дүниетаным – дүние-ғаламның сан алуан
құбылыстарына, адамзаттық қоғамдық құрылыстың барлық қабаттарына, этникалық мәдениеттің
құрамдас бөліктеріне қатысты көзқарастар жүйесін құрайтын ұғымдар мен түсініктердің және
олардың өзара байланысының санадағы бейнесі. Демек, ұлттық дүниетаным, түптеп келгенде,
дүниенің концептуалды бейнесінің нысаны.
Ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлемнің тілдегі бейнесі жаңарып та, өзгеріп те отырады, басқа
этноспен, өзге мәдениетпен араласу арқылы толығып та тұрады. Жалпы, ұғым ұлттың өзі сияқты
баяу да болса, даму үстіндегі құбылыс деп түсінілгенімен, ұлттық нышан, белгіні танытатын тіл
бірліктерінің мызғымайтын, өзгермейтін түрі болады, ол, әрине, қай тілге де ортақ дүние -
фразеологизмдер құбылысы. Фразеологизмдердегі өзгеріс көбінде экстралингвистикалық жағдайға
байланысты жүзеге асады, онда да азды-көпті түрленетін ішкі мазмұн емес, форма.
Тілдердің қайсысында да фразеологизмдердің қоры олардың әлемді тануының ұлттық-тілдік
моделінің негізіне алынатын фразеологиялық дүние бейнесін жасайды. Онда ұлттың есте жоқ ескі
замандардағы өзін қоршаған орта, шындық болмыс туралы терең философиялық ой-танымы, ұлттық
рухани мәдениетінің қайнар көздері көрініс табады. Фразеологизмдер арқылы берілетін бейненің түп
негізінде белгілі бір этномәдени ұжымның сан ғасырлар бойы қоршаған ортаны меңгеруі,
игеруі және
онымен мүмкіндігінше үйлесе өмір сүруі үдерісінде қалыптасатын әлемді айшықты, бейнелі етіп
көруі және тануы жатады, сондықтан фразеологизмдердің этномәдени мазмұны негізінен
адамдардың күнделікті қарапайым тұрмыстық қарым-қатынасы аясындағы бейнесінен құралады.
Ә.Қайдардың тұжырымдауынша, бүгінгі фразеологизм, мақал-мәтел деп жүрген тұрақты тілдік
единицалардың басым көпшілігі - бір замандағы күнделікті қарапайым тірліктің, құбылыстың
нәтижесі ретінде қалыптасқан тілдегі көрінісі. Олар бара-бара тұрақталып, мағыналық өзгерістерге
ұшырауы салдарынан этнофразеологизм және мақал-мәтел дәрежесіне көтеріледі. Олардың дүниеге
келуі о баста малға, аңға, өсімдіктерге, аспан әлеміне, табиғат құбылысына байланысты болса,
бүгінде бәрі айналып келіп адам тұрмысына, мінез-құлқына, жақсы-жаман қасиетіне, ішкі-сыртқы
көрінісіне бағышталады [1,214-215-бб.].
Демек фразеологиялық бейнені адамды қоршаған зат-құбылыс тудырады, мәдени ақпарат олардың
негізгі қасиеттеріне сүйеніп жинақталады. Адам баласы өзін қоршаған ортаның әрбір бөлшегін: жан-
жануар, өсімдік, тұрмыстық зат, ұғым, өзін (дене мүшесі т.б.) - зерттеп игеріп, оның жақсы-жаман,
пайдалы-зиянды белгілерін айқындайды, осының бәрін өзі көріп жүрген, көңіліне түйген зат,
құбылыс бейнесімен салыстыру арқылы өмір сүру ережелерін жасап, оның ұлттық белгілерін
қалыптастырады. Осыған орай, Ә.Т. Қайдар: «...И любопытно то, что в этих ассоциативных
параллелях, получаемых на основе наблюдений за животным миром, с одной стороны, и
взаимоотношениями людей и их поступками в разных жизненных ситуациях с другой, носители
находят много общего или схожего, что и служит образно-фоновой основоой образования УВ и
мотивами их переноса и переосмысления. Так например, в казахском языке выражение
сиыр
сипағанды білмейді (букв. «корова не понимает, что ее гладят») употребляется по отношению к
людям, которые не понимают и не ценят проявляемых к ним добрых чувств и благородных
намерений. В данном случае физиологические свойства животного ассоциативно переносятся на
2
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
анологичное человеческое поведение или психологию [1,215-б.], - деп жазады. Қазақтың дәстүрлі
көшпелі тұрмысына сиыр малы қолайсыз, сондықтан оны өсірумен қазақ халқы отырықшылыққа
ауысқаннан кейін айналыса бастаған. Қазақ тұрмысында
жылқы, қой, түйе жануарлары жоғары
коннотацияға ие болады, ал сиыр малы мешкейлік, талғамсыздық көрінісі саналады. Адамның
талғамы жақсы мен жаманды ажыратып бағалаудан туады.
Жүрегінің түгі бар фразеологизмі
”батыр, батыл, еш нәрседен тайсалмайтын, қаймықпайтын адам“ мағынасын білдіріп,
жүрек
Достарыңызбен бөлісу: