МОРАЛЬДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ
Т.Ә. Данияров – Халықаралық қазақ-түрік университеті п.ғ.к., доцент, Түркістан қаласы,
А.К. Бимаганбетова – Халықаралық қазақ-түрік университеті, аға оқытушы Түркістан қаласы,
Қ.Қ. Базарбаев – Халықаралық қазақ-түрік университеті, PhD докторант Түркістан қаласы
Түйін
Бұл мақалада жеткіншектерге моральдық-этикалық тәрбие беру – педагогикалық-психологиялық мәселе
қамтылған. Қазақ халқының көне дәуірден бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері тұлға, әсіресе қыз баланы
тәрбиелеуде, оның моральдық-этикалық адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыруда үлкен мәнге ие. Қоғамдағы ұлт
саясатын жүзеге асыру және жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық
тәрбие беру ісі – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр. Өйткені білім берудің негізгі мақсаты –
болашақ ұрпақтың білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде
ертеңгі қоғамның белсенді азаматтарын – өнегелі тұлға ретінде қалыптастыру болып саналады.
Резюме
В этой статье рассматривается педагогическо-психологический вопрос в свете морально-этического воспитания
подростков. Большое значение авторы оказывают традициям, которым казахский народ следовал издревле, особое
внимание уделяется воспитанию девушек, формированию в них нравственности и характера. Приоритеным на
сегодняшний день является общественно-национальная политика и воспитание молодого поколения, изменение
социональной политики, и мышления. Главной целью воспитания является не только образование подрастающего
поколения, повышение квалификации, развитие умений и навыков, а также воспитание всесторонне-развитой
личности на основе народного восптания.
Summary
This article deals with pedagogical-psychological aspect within moral-ethical upbringing of teenagers. Of great
importance are traditions and customs, which a Kazakh person has been following from ancient times. The special attention is
paid to girls upbringing, forming moral qualities of character. Nowadays of great priority is public-national policy and
upbringing of young generation, changing social policy, and mentality. The main purpose of upbringing is not only education
of the growing generation, skills developing as well as upbringing developed in all spheres person on the basis of public
education.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, өркениетті мемлекеттердің санатына қосылуы
жағдайында, гумандық, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-
мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу
көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз
«...арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы
керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін
қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және
дамыта түсеміз»,- деген Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыттары» жолдауынан байқауға болады [1]. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік
тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін
тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да
жетекші міндеттердің бірі болып отыр [2].
Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (оқушы жастардың
тәрбиесіндегі кемшіліктер, ересектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және
т.б.), бүгінгі тәрбие саласындағы инновациялық көзқарасты педагогикада жүйелі түрде пайдалануға
байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде моральдық-этикалық
тәрбиені дағдарысқа әкелуде.
Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық
формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық моральдық-этикалық
дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық этикалық дәстүрлерінің негізі болып
қаланған гуманистік идеялар, адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және
адамзат моралінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-
қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Моральдық-этикалық дәстүрлерді
халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
140
Бұның, әсіресе болашақ мұғалімдер үшін пайдасы зор. Олай дейтініміз, оқушылардың моральдық-
этикалық мәдени деңгейінің дұрыс қалыптасуы мұғалімнің тұлғалық адамгершілікті моральдық-этикалық
қасиеттеріне, осы бағытта меңгерген тарихи-теориялық, практикалық, білім, іскерлік, дағды деңгейіне
байланысты айқындалады. Нәтижесінде бұның бәрі, қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесіндегі
озық дәстүрлерін зерделеуге бағыттайды.
Қазіргі таңдағы түбегейлі өзгерістер, яғни нарықтық қатынастардың туындауына байланысты
жеткіншектерді шынайы тұлға болып қалыптасу үрдісінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет-
ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалану бойынша ғылыми-педагогикалық ізденістер маңызды орын
алады. Сондықтан бізге қазақ халық педагогикасында қыздарды моральдық-этикаға тәрбиелеудің тарихи
тамырына, яғни теориялық-әдіснамалық негіздеріне халықтың рухани мәдениетімен, халық тәрбиесі
дәстүрімен, отбасы тәрбиесімен, ұлттық тәрбие берудегі қоғамдық сананың дамуымен, қоғамдағы
әлеуметтік өзгерістер мен өндірістік қатынастардың жаңғырып жаңаруымен бірге қарастыруға тура
келеді. Ал, ол халық педагогикасындағы жалпы жас ұрпақты моральдық-этикаға тәрбиелеу үрдісінің
әмбебаптығын, атап айтқанда, қыз балалардың моральдық-этикаға тәрбиелеу процесінің халық
педагогикасындағы барлық тәрбие салаларымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді.
Жеткіншектер тәрбиесін ұйымдастырудағы халықтық тәлім-тәрбиенің терең тамырлы мол ықпалына,
әсіресе, адамгершілікке, патриоттық сезімге, елжандылыққа, моральдық және этикалық тәрбиеге баса
назар аударған.
Адам, тәрбие және гуманизм проблемалары педагогика тарихымен бірге дамып, өз маңыздылығын
осы уақытқа дейін жойған емес.
Бүгінгі таңда ұлттық болмыстың көкейтестілігі, оның ішінде халықтың дәстүрлі педагогика
мәдениетінің бұрынғы философиялық педагогикалық тарихи тәжірибесіне оралуды талап етеді. Бұл
қажеттілік ұлтаралық, толеранттық тәрбиеге, жалпыадамзат идеалдары мен құндылықтардың танылуы,
сонымен бірге адамдардың бір-біріне деген түсінушілігі мен сыйластығына керек.
Халық педагогикасын пайдалану мен зерттелуіне басты сөзді, әрине, педагогика ғылымының
классиктері халық педагогикасын ғылыми-теориялық педагогиканың қайнар көзі ретінде қарастырған
Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский болды. Бірақ, ертеректе қайта Өрлеу кезеңінде Томас
Мор өзінің әйгілі «О наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия» кітабында өз ана
тілінде әйелдер мен ер адамдарға бірдей білім беру жаңа адамгершілік түсініктердің қалыптасуына
әкеледі деген пікір айтқан [3].
Барлық ғылымның мәдени және ғылыми даму кезеңінде теориялық ілімнің дербес ғылым саласы
ретінде педагогика Я.А.Коменский есімімен байланысып, жаңа дәуірде өріс алды.
Я.А.Коменский «Адамзат баласы бірлесе иеленетін жалпыға бірдей даналық қазына» деп бағалаған
[4]. Жеткіншектердің тәрбие мәселелерін ұйымдастыру жөнінде өте құнды пікір айтқан алғашқы педагог
Я.А.Коменский болды. Ол жеткіншектер тәрбиесін қоғамдық мекемелерде емес, қайта отбасындағы Ана
мектебінде ұйымдастырудың жолдарын, мазмұны мен маңызын көрсетіп берген. Өзінің «Ұлы дидактика»
деп аталатын кітабының бір саласын «Ана мектебі» деп атап, оны тәрбие жүйесінің алғашқы және
маңызды сатысы ретінде қарастырған. Ұлы педагогтың ойынша Ана мектебінде алдымен дене
шынықтыру, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі бірінші орын алуы тиіс. Баланың дене және рухани
күштері біртіндеп жетілетіндігін, әр баланың жеке басының өзгешеліктеріне мән бере отырып тәрбиелеу,
жас ерекшеліктерін ескеру қажет екендігіне назар аударған. Ол әсіресе жеткіншектердің дене тәрбиесіне
көп көңіл аудару маңыздылығын айтқан. Ата-аналардың әсіресе жас аналардың өз нәрестесінің дұрыс
тамақтануы, киіндірілуі, ойыны, қимыл іс-әрекеті күнделікті тәрбиелік шаралардың нақты талаптарын
сұрыптап көрсеткен. Ананың нәрестесін емізуі, ойнатуы тәрізді мәселелерге жауапкершілікпен қарауға
шақырған. Баланың алаңсыз ойынын құптап, ата-анасының оған кедергі келтірмеуін, қайта ойынға
араласып, дұрыс бағытқа бағдарлап, әділ бағалауын, мадақтауын жақтаған.
Педагогикалық ықпалды педагогикалық технология қамтамасыз ететін болғандықтан, оның мазмұны
педагогикалық ықпал ету құралдарынан тұрады: педагогикалық тіл табысу, педагогикалық баға беру,
педагогикалық талант, ақпараттық тілдік және демонстрациялық ықпал. Бұл элементтер атқаратын нақты
функциялары мен анықталған кілтті операцияларына сай педагогикалық технологиялардың мәнін
құрайды, педагогты тәрбие процесінің субъектісі болатын - тәрбиеленушіге ықпал ету үшін қажетті және
жеткілікті кәсіби мәнді білікпен қамтамасыз етеді. Бірак мұнымен педагогикалық технология мазмұны
шектелмейді: қосымша элементтер - психологиялық климат, топтық іс-әрекет, жасаған қылығына
педагогикалық реакция, ортаны ұйымдастыру және т.б. жалпылама немесе жеке сипатқа ие болып, ықпал
етудің формаларын түрлендіруді және әрбір мұғалімнің дербестігін сақтауды қамтамсыз ететін әрекеттер
қатарына жатады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
141
Біз зерттеу барысында алдымызға оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын жетілдіру барысында
инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау
міндетін қойдық. Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық
болып бөлінеді. Енді осы екеуінің ара жігін ашып көрсетейік.
Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» «қайталанатын» процесс, құбылыс, оқиға, т.с.с.
білдіретін жүрнақ) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл ұғым
кейде «жаңалықты енгізу», «жаңашылдық», «жаңаны жасау», «реформалау» ұғымдарымен теңестіріледі,
ал кең тұрғыдан алғанда жүйедегі кез келген өзгерісті білдіреді.
Әртүрлі анықтамаларды талдау инновацияға мазмұнды өзгерістер тән деген қорытындыға әкеледі, ал
инновациялық өзгерістің басты функциясы өзгерту функциясы болып табылады. Инновация мамандар
даярлау міндеттерін дәстүрлі формалар (мазмұн) арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда пайда болып,
жаңа мақсат пен міндеттерге сәйкес жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігін тудырады.
Дәстүрлі және инновациялық педагогикалық технологиялардың аражігі болғанымен, бұл оларды тұтас
бір-бірінен ажыратып алу деген сөз емес. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен қатар бірін-бірі
өзара байланыстырып тұратын ортақ сипаттары да болады. Мұғалім білім беру мен тәрбие мақсаты және
міндеттерін нәтижелі жүзеге асыру үшін педагогикалық технологиялардың әрқайсысына тән
ерекшеліктерді негізге ала отырып, оларды өзара байланыстырып қолданудың мәнін жете түсіну қажет.
Дәстүрлі технологияларды бірнеше жылдар бойы тәжірибеде сыналып, өзінің нәтижелігін
дәлелдегенін, сондықтан оларды бүгінде ысырып тастауға болмайтынын, ал инновациялық
технологиялардың уақыт ағымына байланысты пайда болып, бүгінгі күннің сұранысына жауап беретінін,
сондықтан оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану қажеттілігін көрсетеді.
Инновациялық технологияны іске асырудың қажетті шарты ретінде ғалымдар (Қ.Қабдықайырұлы,
В.М.Монахов, т.б.) мынадай әдіснамалық принциптерді міндетті түрде орындауға баса көңіл аудару аса
маңызды деп есептейді:
1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі. 2. Мектептердегі кері тартпалық пен
шек қойып тежеушілікті жойып, бүрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс ара қатынаста үйлесімді
пайдалану принципі. 3. Ұйымдастыру мен оқыту технологияларын қолдану мен қальштастырудағы
педагогтік мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі. 4. Мектеп мұғалімдері мен
оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі арақатынасының жарасымды даму бірлігі принципі. 5. Жаңа
технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі.
И.Г.Песталоццидің көптеген идеялары белгілі неміс педагогы Фридрих Адольф Вильгельм
Дистервергтің педагогикалық көзқарастарында жалғасын тапты. Оның педагогикалық ойларындағы
тәрбиелеудің мақсаты – жалпы адами құндылықтар. Дистерверг ұстаздарды жалпы адами құндылықтар
мен ұлттық тәрбиені біріктіруге шақырған. Ол, «При воспитании необходимо принимать во внимание
условия места и времени, в котором родился человек и где предстоит ему жить, одним словом – всю
современную культуру в широком всеобъемлющем смысле слова», – дей келе, жеткіншектер бойында
ұлттық дәстүрге, тарихқа сүйіспеншілік пен сыйластық сезімдерін ендіріп, қоғам өмірі, мәдениет пен
тәрбие арасында тығыз байланыс орнауын қажет деп есептеген.
М.В.Ломоносов отандық гуманистік педагогикадағы «Мәскеу гимназиясының Регламенттік
Жобасында» педагогикалық ойлардың демократиялық дамуының іргетасы қаланған. Ұлттық халық
педагогикасы педагогика құралдары арқылы шығу тегіне қарамастан білім беру, жеке тұлғаны тәрбиелеу
мен оқыту жүйесінде тектілікті дамыту, отандық ғылым мен мәдениетті қалыптастыру қарастырылды [5].
Ресейде XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басында дарынды педагогтар қатары К.Д.Ушинский,
Д.Д.Семенов, Костюк Г.С. өз назарларын білім беру мазмұнын ұлттық негізде құруға аударған. Осы
педагогтардың еңбектерінде отандық педагогикалық ойлардың халықтық бағыты бастау алды.
Ұлттық гуманистік бағыттың негізін қалаушы К.Д.Ушинский. «Халықтықсыз – халық», заңды іріп-
шіруі ғана қалған жансыз дене дей келе орыс халқының ғасырлар бойы жинақталған тәлім-тәрбие
үрдістерін басшылыққа алуды ұсынады. Біздің тәрбиені ойлап тапқымыз келетіні бос әурешілік... тәрбие
орыс халқында, халықтың өзі қанша өмір сүрсе, тәрбие де сонша өмір сүрді, онымен бірге өсті, өз
тұрпатында бүкіл тарихын, жақсы және жаман қасиеттерін бейнелеген» – дей келіп, «Теорияда да, іс
жүзінде де барлық халықтарға ортақ тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың өзінің тәрбие жүйесін пайдалана
алмайды. Соншама тартымды да үлгілі болғанымен бір халықтың тұрмыс тіршілігіндей екінші халық
өмір сүре алмайтыны тәрізді жақсы ойластырып ұйымдастырылған бөтен педагогикалық жүйеде басқа
халықтың тәрбиеленуі мүмкін еместігі анық» – деп, тұжырымдаған. Қазіргі таңғы халықтардың
тәуелсіздікке қолы жетіп, өз ғылымы мен білімін дамуындағы ұмтылыстары тұсында әр халықтың өз
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
142
этнопедагогикалық жүйесіне жүгінуі басты қағидалардың бірі болып табылады. Қай халық та өз ұлтының
этнопсихологиялық және этнопедагогикалық қазанында қайнап, жетілуі тиіс, ол ұлттық мектептің жаңа
үрдістегі оқу-тәрбие процесінде жасалуы қажет.
Қазақ халқы да ұрпақ тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен қараған. Мыңдаған жылдар бойы тарих
талқысынан өтіп, елеулі өзгерістерді басынан кешірді. Сан түрлі нәубеттерге мәңгүрттік моральға
қарамастан қазақ халқы дүниетанымын жоғалтпады. Өзіне ғана тән наным, сенім, әдет, ғұрып,
мінез-құлық, салт және дәстүр қалыптасты. Өмірі тұрмыстық және кәсіптік ережелермен, жазылмаған
моральдық және заң – құқық кодекстермен реттелді. Қазақи ұлттық ерекшелік оның ұл-қыздарының
бойына еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақниеттілік пен парасаттылық,
қажырлық пен төзімділік, ынсапшылдық пен жомарттық, өрлік пен ерлік, сабырлылық пен қайраттылық
сияқты асыл қасиеттерді сіңірді.
Мұндай қасиеттер мен ерекшеліктер дала ұрпақтарына ғана тән бай тарихи-әлеуметтік тәжірибелер
еді. Сонымен қатар қазақ халқы өзіндік тұрмыс-кәсіп нормаларын, өмір сүру ұстанымдары мен
моральдық-этикалық ережелерін қалыптастыра білген халық.
Сондықтан қазақтың халықтық педагогикасы мыңдаған жылдардың тарихи талқысынан өтіп,
шыңдалып бүгінге дейін жетіп отыр. Қазақ этнопедагогикасы саласында 1970-2008 жылдары 100-ден аса
зерттеулер жүргізілген.
Қазақ халқының тәрбие тарихында, соның ішінде қыз тәрбиесінде болашаққа үлгі боларлықтай
тәжірибе жинақтаған. Мәселен, халықтық педагогика идеяларын жүйелеп, сұрыптап, оқу-тәрбие үрдісіне
енгізудің жолдарын ғылыми көрнекті ғалымдарымыз С.Қалиев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, т.б. өз
еңбектерінде нақты көрсеткен. Зерттеу нәтижелері ғылыми негізделіп, практикамен тығыз байланыста
қарастырылады және одан шыққан тұжырымдарды жоғары оқу орны мен мектепте пайдалануға
байланысты қолданбалы әдістемелік ұсынастар жасап, ұсынылымдар ұсынады.
Бүгінгі қазақ қызына моральдық-этикалық тәрбие беру мәселесі қоғамдық сананың дамуы мен
қоғамдық-әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланысты.
Қазіргі жаһандану заманындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тәрбиеге де елеулі әсер етуде.
Қазақ халқының көне дәуірден бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері тұлға, әсіресе қыз баланы
тәрбиелеуде, оның моральдық-этикалық адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыруда үлкен мәнге ие.
Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты
жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр. Өйткені білім
берудің негізгі мақсаты – болашақ ұрпақтың білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу
ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматтарын – өнегелі тұлға ретінде
қалыптастыру болып саналады.
СӨЗДЕР: моральдық-этикалық, қалыптастыру, балалар, тәрбие, педагогикалық-психологиялық мәселе, салт-
дәстүр.
КЛЮЧЕВОЕ СЛОВА: морально-этическую, формирование, дети, воспитание, педагогико-психологический
аспект, обычаи и традиции.
KEY WORDS: moral-and-ethical, formation, children, education, pedagogic-psychological aspect, customs and
traditions.
1. Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыттары. ҚР-ның Президенті – Ұлт
көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 2012ж, 28 қаңтар.
2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы //Егемен Қазақстан, 1999 ж., 11 маусым.
3. Песталоцци И.Г. Педагогическое наследие. –М.: Просвещение, 1989.
4. Джамбинова Т.Н. Воспитание девочек в калмыцкой народной педагогике: автореф... канд.пед.наук. –
Чебоксары, 2004. -25 с.
5. Дистерверг А.В. Основы этики. //Соч.: В 2 т. –М., 1955. - Т. 1. -395 с.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
143
ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Ш.А. Убниязова – Магистратура және PhD Докторантура Институты,
Психологиялық педагогикалық мамандықтар кафедрасының 3-курс докторанты,
Резюме
В статье рассматриваются пути формирование толерантности у студентов. Автор статьи рассмотрел этот вопрос
с точки зрения педагогической и психологической науки. В статье были определены основные черты и отличия
толерантности в психологии. А также рассматриваются педагогические технологии в формировании толерантности
у студентов.
Summary
This article touches upon the problem of students’ tolerance formation. Author gives general characteristics to some ways
and psychological peculiarities of forming tolerance. The main traits and differences of tolerance in psychology have been
defined. Also pedagogical technologies of tolerance formation have been considered by author.
Толеранттылық тұлғаның өзі өмір сүріп отырған әлемге және еліміздегі, отбасындағы, жоғары оқу
орнындағы, сыныптағы келісімге мәдени бағытталу болып табылады. Бұл әркімде болуы тиіс адамдық
қасиеттер: жауапкершілік, ақкөңілділік, ұстамдылық, шыдамдылықты болжайды. Толеранттылық және
оның өндірушісінде басты орын ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің дамуы мәселесіне беріледі.
ЮНЕСКО бекіткен толеранттылық қағидаларының Декларациясына сәйкес толеранттылық–бұл
бейбітшілікке жету мүмкіндігін жасайтын және соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетіне ауыстыруға
қабілетті игі әрекет. Бұл біздің әлеміміздің, өзіндік көрінуіміздің және адамдық даралықтың пайда
болуының амалдарының көп мәдениеттілігін тұжырымдау және мойындау [1].
Толеранттылық әртүрлі халықтар, ұлттар және діндер ерекшеліктеріне қарым-қатынас бойынша
қажет. Ол өзіне деген және басқа көзқарастармен салыстыруға қорықпайтын және рухани нақтылықтан
қашпайтын өзінің жеке көзқарастарына сенімділік санасының белгілері болып табылады.
«Толеранттылық» сөзі әртүрлі тілдерде бірыңғай мағынаны білдіреді; француздарда – адам сенен
басқаша ойлайды және әрекет етеді, сол кездегі қарым-қатынас; қытайша – басқаларға қарым-қатынас
бойынша өте керемет болу; арабтарда – мейірімділік, төзімділік, бірге күйзелу; орыстарда – басқаларда,
ол қалай, солай қабылдау.
Ал, жоғары мектептер толеранттылық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелейтін бірден-бір
маңызды институт болып табылады.
Толеранттылық қағидалары
Толеранттылықтың пайда болу ортасы бойынша төмендегідей бағыттарға бөледі:
саяси толеранттылық – басқа саяси көзқарастағы адамдарға шыдамдылық, олардың саяси бағытын
құрметтеу, өзінің саяси бағытының болу құқығын мойындау.
ғылыми толеранттылық – ғылымдағы басқа көзқарастардың болуына шыдамдылық, әртүрлі теориялар
және ғылыми мектептерге жол беру.
педагогикалық толеранттылық – өз балаларына, білім алушыларға шыдамдылық, олардың жасағанда-
рын түсіну және кешіру шеберлігі.
әкімшілік толеранттылық – қысым көрсетпей және агрессиясыз басқару шеберлігі.
Сондай-ақ заманауи педагогикада, психологияда, әлеуметтанудағы толеранттылық туралы мәселе
қозғалады. Психологияда толеранттылық – бұл биологиялық және әлеуметтік жүйелер қасиеті, басқа
жүйені немесе оның бөліктерін қабылдау деп есептейді. Әлеуметтануда толеранттылық – негізінде өзінің
тобының айрықшалығын түсіну және жеке этномәдени құндылықтарын құптайтын «мәдени»
бағыттылық деп есептейді.
Педагогикалық әдебиеттерде – бұл ұлтаралық қарым-қатынастардың мәдениетін дамыту мәселелерін
шешу. Мысалы, Б.С. Гершунский «толеранттылық менталитеті», «толеранттылық дүниетанымы»,
«толеранттылық мінез-құлық» түсінігін енгізген[2]. Ұлтаралық қарым-қатынас мәселелері контекстінде
толеранттылық туралы мәселені, «ұлтаралық толеранттылықтың» қажеттілігі туралы айта отырып, алғаш
рет академик, РҒА этнография және антропология Институтының директоры В.А. Тишков көтерді. Оның
анықтауы бойынша толеранттылық – бұл әлем және әлеуметтік орта – көп қырлы және осыған сай осы
әлемге көзқарастар әртүрлі және бірыңғайлыққа немесе басқа біреудің пайдасына келуге тиіс еместігін
түсінуді болжайтын тұлғалық немесе қоғамдық сипаттама. Ол толеранттылықтың психологиялық
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
144
деңгейде (тұлға және ұжымның ішкі құрылымы және қарым-қатынасы) және саяси деңгейін (әрекет
немесе жүзеге асырылған қалып ретінде) анықтады[3].
Психологиялық деңгей
а) өз еркімен дара таңдау;
б) тәрбиелік ақпарат арқылы жинақталады;
в) жеке өмірлік тәжірибе.
Саяси деңгей
а) әдейі араласпауға белсенді ұстаным;
б) субъектінің келіспеушілігіне қарсы әрекет
және әртүрлілікке өзара төзімділікке өз еркімен
келіссу.
Заманауи педагогика қазіргі уақытта шынайы шындық студенттердің мәдени ұлтаралық қарым-
қатынасын дамытуға баса назар аударып келеді, осыған орай этникалық толеранттылық қажет, яғни
тұлғаның ішкі құрылымына қатысты құндылықтарды, басқа топтардың этникалық ерекшеліктерін
қабылдау, этникааралық байланысқа дайындығын білдіреді. Этникалық толеранттылық ұлтаралық
қарым-қатынастың басымдық мәдениеті деп есептеледі. Тұлға бағытталуы ретінде оны білім беру
үрдісінде, басқа этностар өкілдерімен құрылымдық өзара әрекет үшін жағдай тудыра отырып дамыту
керек.
Профессор Т.Д. Дмитриев өзінің «Көп мәдениетті білім беру» деген еңбегінде білім берудегі
толеранттылықтың төмендегідей деңгейлерін бөліп көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |