Коммуникативтік біліктілік дегеніміз – шетел тілінің грамматикалық құрылымы мен тілдік бірліктер-
дің қызметін толық білетін, тілді жақсы меңгерген, яғни лингвистикалық білімі сөйлеу әрекетінен жоғары
деңгейде көрінетін шетел тілінде еркін қарым-қатынас жасайтын адамның қабілеттілігі. Коммуникативтік
дағды белгілі бір тілдік ортада немесе арнайы ұйымдастырылған оқу процесінде қалыптасады.
Тілді үйрену барысында адам жетістігіндегі қандай да бір әрекеттің нәтижелі жүзеге асуы қалыптасқан
белгілі бір коммуникативтік мәдениеттің деңгейімен байланысты. Ол деңгейлер: тілдік біліктілік, комму-
никативтік біліктілік және кәсіби-сөйлеу біліктілігі.
Коммуникативтік акт – бұл коммуниканттардың интенциясына бағынатын интенциялық акт. Адамдар
қатысымға тек сұхбаттасу үшін ғана түспейді, олар әрекет етеді. Олардың әрекет етуі, яғни, сөйлеу әреке-
ті сипаты мақсаттарын айқындап, сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз қандай да бір ашық (эксплицитті)
немесе жасырын (имплицитті), кейде тіпті көмескі ниетпен сөйлеуші қашанда өз мақсатына жету үшін бір
нәтижеге ұмтылады.
Коммуникативтік актіде уәждемелік мәнбірлер маңызды роль атқарады. Себебі сөйлеу әрекеті сөйлеу-
шінің сөйлеу мақсатына, демек коммуникативті ниетіне негізделеді. Сөйлеу интенциясы – бұл белгілі
психикалық жағдай: уәж және сөйлеу актісінің мақсаты. Уәжді – сөйлеу актісінің басты себебі, ықпал
етуші күші деп түсінуге болады. Ал, мақсат – әрекеттің қалаулы нәтижесін ойша сезіну. Интенцияның
қалыптасуы қарым-қатынаспен байланысты және сөйлеушілердің қатысым жасау қажеттілігіне тәуелді.
Сондықтан зерттеушілер макроинтенция ұғымын енгізеді. Макроинтенция диалогте объективті түрде
көріну себебі, ол әлеуметтік уәждемелерге бағынады.
Интенциялардың өзара ықпалдасуын, яғни бірін-бірі тудыратын өзара байланысын Л.П. Чахоян мен
Ш.А. Паронян интеракция деп атайды. Зерттеушілер мақсаттардың мұндай байланысы адамдар арасын-
дағы қатысым түрлерін белгілейтінін жазады. Себебі қарым-қатынасты анықтайтын психологиялық
мәнбір – қатысымның мақсаты мен қатысым тапсырмасы екені анық [1].
Сонымен коммуникативті интенция факторы – бұл коммуниканттың алдына қойған қатысым мақсаты-
на жету үшін қолданатын қатысымның коммуникативті стратегиясы мен тактикасына жоспарланған сөй-
лесімнің коммуникативті мақсаты. Сөйлесім – әрекет, сөйлеу актісі өнімі, ол тыњдаушыға әсер ету үшін
пайдаланылады. Сөйлеу актісі – тыңдаушының бақылау нысаны, сондықтан, ол осының негізінде сөйлеу-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
42
ші жоспарына қорытынды жасайды. Басқша айтқанда, сөйлеушінің тілдік құрылымдары сөйлеу жағдая-
тының көрсеткіштерін дұрыс ескере отырып таңдауына тәуелді, ал сөйлеу актісінің ықпал ету күшінің
сипаты көздеген мақсатттың орындалу – орындалмауына байланысты. Бір пропозицияның әртүрлі берілуі
сөйлесімнің құрылымы мен мағынасы арқылы берілген ықпал етуші күшін де өзгертеді. А.Бежбицка-
ның пікірінше, сөйлесімнің мазмұны мен оныњ сөйлеушіге қаншалықты қатысты екендігіне тікелей
байланысты мәнбірлер сөйлеу актісі – кеңесті ме, талапты ма және т.б. әр түрлі ниеттерді жеткізумен
қатар, басқа да маќсаттарды жанама түрде беруі мүмкін. Тыңдаушы бақылай отырып, оның кеңес пе, әлде
мысқыл ма, болмаса т.б. ма екенін түсініп, айырып, қабылдауы керек.
Сонымен коммуникативтік интенция – сөйлеушінің мүддесі мен қажеттігіне сай сөйлеу әрекетін
қалыптастырушы шарт екені анықталды. Ол – сөйлеу әрекетінің қозғаушы күші, оны қалыптастырушы
негіз. Кез келген сөйлеу актісі сөйлеушінің тіл арқылы өз мақсатын жеткізуі болып табылады. Өз тілегін
жеткізе отырып, сөйлеуші белгілі бір мәдениеттің өкілі ретінде өзінің тілді қаншылықты білетіндігін, өз
білімін көрсетеді. Сондықтан, коммуниканттар біріншіден, интенцияны белгілей, таба, сипаттай алуы,
екіншіден, олардың (интенциялардың) қолдану аясын, тілдік құрылымын білуі, үшіншіден, әр түрлі
рольдік позицияда, әр түрлі коммуникативтік жаѓдаятта интенцияныњ ќызметін айыра алуы керек.
Жалпы коммуникативтік біліктілік ұғымының мағынасы не және ол қандай түсінік береді, сондай-ақ
оның шетел тілін оқыту әдістемесіндегі алатын орны мен маңыздылығы қандай деген сұрақтар туындай-
ды. Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру
болып табылады. Осы негізде «коммуникативтілік» ұғымының мағынасын қарастырамыз. Мұндай
мәселелі сұрақтарға танымал әдіскер ғалымдар пікірлері мен ұсынған ұстанымдарына тоқталатын болсақ,
И.А. Зимняяның айтуынша, тілдік құбылыс жеке тұлғаның сөйлеу әрекеті бойынша оқытудың басты
обьектісі ретінде қарастырылады [2]. Ең алдымен адамның коммуникативтік әрекетте сөйлеу әрекетінің
орны мен рөлі анықталады.
И.А. Зимняяның пікірінше, адам әрекетінің жалпы құрылысы өзіне тек қана қоғамдық-өндірістік пен
танымдықты ғана қабылдап қоймай, сонымен қатар сөйлеу әрекетін оқытудағы ортақ білік пен ережені
қабылдай отырып, қоғамдық коммуникативтік әрекетті де іс жүзіне асырады.
Шетелдік әдістемеде коммуникативтік деген сипаттамаға үш талап қойылады. Олар: біріншіден, бұл
әрекет түрін ұйымдастыру барысында қарым-қатынас процесіне ерекше мән беріліп, сөйлеушінің білім
деңгейі қатар қолданылуы қажет. Екіншіден, сөйлеушінің тілдік форманы немесе арнайы ақпарат тарату
үшін тілдік құрылымды таңдауға мүмкіншілігі болуы керек. Үшіншіден, қарым-қатынастың өз мақсатына
жетті ме, жоқ па, соны талдау керек, яғни байланыстың болуы. Сондай-ақ коммуникативтік әдістеме
материалдың түпнұсқасын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен тапсырмаларды қажет деп санайды.
Коммуникативтілік-әңгімелесушіге бағытталған амал. Қазіргі кезде коммуникативті амал шетел тілін
оқыту барысында шетел тілінің негізгі мақсаты – коммуникативтілік біліктіліктің қалыптасуын талап
ететін мәдениетаралық қарым-қатынастың дамуында қабілеттілікті арттыру болып табылады. Сөйлеу –
оқытудың мақсаты. Сөйлеу – өте көп аспектілі және күрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде
қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Оқытушыға ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның
қалайша жүзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу – бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі.
Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі – пікір айту пайда болады. Сөйлеу – қарым-
қатынас құралы. Қарым-қатынас ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда
сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым-қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап түсінуді,
екінші жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеру қажет. Сондықтан, сөйлеу – сөздік қызметтің түрі ретінде
қарым-қатынастың құралдарының бірі болып табылады. Көптеген шетел әдіскерлерінің пікірінше бұл
әдіс қазірге дейін көптеген елдерде ағылшын тілін оқыту жүйесінде басым болып есептеледі. Осы тәсілге
орай үйренушілер әртүрлі күрделіліктегі мәтіндерді оқуға, жаттығулар орындауға, тестер мен эсселер
жазуға көп көңіл бөледі. Сөйлеу тілін дамытуда үйренушілер диалог-үлгілерді тыңдап, оларды қайталау-
ға, жаттауға ыңғайланады.
Тілдегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес тілдік материалды оқыту да өзгерді. Ағылшын тілін оқыту-
дың дәстүрлі түрлері аясында оны шетел тілі ретінде қарастыруда «контексті тәсілді» атауға болады.
Мұнда барлық грамматикалық ережелер нақты контекстерден алынған – ауызша және жазбаша әртүрлі
қызметтік түрлерде мысалдармен безендіріледі. Мысалдардан берілген тілдік құбылыс әртүрлі контексте,
тіл иелерінің сәйкес коммуникативті жағдайларда тіл бірліктерін қалай қолдануына байланысты алынға-
нын көруге болады. Бұл контекстер тіл үйренуші берілген форма қашан және қайда қолдануы туралы өзі
қорытынды жасай алатындай таңдалуы тиіс.
Қазіргі таңда «қарым-қатынас» ұғымы бір-біріне арнайы белгі арқылы сөйлеу әрекеті барысында
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
43
адамдардың өзара бірлескен әрекеттерінің белсенділігі деп түсіндіріледі. Осы жағдайда қарым-қатынас
арнайы мақсатқа жету үшін бағытталған қарапайым ақпарат алмастыру ғана емес, көбінесе тілдік емес
сипатқа ие болған сөйлеу әрекетіне қатысушылардың өзара белсенді әрекеті.
Сонымен қатар әдістемеде күрделі міндеттердің бірі коммуникативтік біліктіліктің компоненттерін
анықтау болып табылады. Оқытуда коммуникативті біліктіліктің бірнеше тәсілдері пайдаланылады.
Г.П. Мильруд пен И.К. Максимова коммуникативтілік біліктілік грамматикалық, әлеуметтік-лингвисти-
калық, дискурсивтік және стратегиялық біліктерді құрамына енгізеді деп көрсетеді. П.Г. Козлов өз
мақаласында коммуникативтік белсенділіктің лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, дискурсив-
тік, стратегиялық, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік компоненттеріне назар аударады.
Г.П. Мильруд пен И.К. Максимова өз зерттеулерінде коммуникативтік біліктіліктің негізгі компо-
ненттері деп шетел тілінде сөйлейтін сөйлеу-ойлау әрекетінің қаруы болып табылатын біліктілікті
санайды [3].
Ал Е.И. Пассов өз зерттеу жұмысында коммуникативтік біліктілікті арнайы ұйымдастырған оқу
үрдісіндегі жеке тұлғаның сөйлеу әрекетінің нақты сапасы деп көрсетеді [4]. Е.И. Пассовтың пікірінше,
біріншіден, коммуникативтілік оқыту үрдісінде сөйлеу бағытын болжайды. Екіншіден, коммуникативті-
лік сөйлеу әрекетін оқытудың жекелігін қарастырады, яғни кез-келген студентті жеке тұлға ретінде қарай
отырып, сөйлеу әрекетін оқытады, әрі оның сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, оқуға деген қабілет-
тілігін арттырады.
Қазіргі кезде тілді меңгеруде тек теориялық емес, сол сияқты әрекетшілдік білім қажет екенін
жаңашыл заман ғылымы көрсетіп отыр, оның астарында қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайдағы
қызметі формальды емес жеке қатынасы адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесе алатын қабілеттілігіне
байланысты. Шетел тілін дамытуда коммуникативті бағытталған міндеттерді шешу барысында тіл білімі-
нің әрекетіерекше мағынаға ие. Коммуникативті мәдениет тануға бағытталған міндеттерді шешу
барысында тіл білімінің әрекеті ерекше мағынаға ие. Коммуникативтік мәдениет тануға бағытталған
оқып-үйренудің мақсаты – лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдени-әлеуметтік және
стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастық болып табылады.
Лингвистикалық компоненттің мазмұны – оқып үйренетін тілдің лексикалық, грамматикалық құбы-
лыстары және сол тілдің заңдылықтарын студенттердің кәсіби коммуникативтік әрекетінде қолдана білуі.
Дискурсивтік компоненттің мазмұны – нақылы мәдени-әлеуметтік контексте тауып айтылған тілдік
және тілдік емес құралдармен берген нақтылы серіктес, өзге мәдениет өкілімен кқммуникативті ниетті
іске асыра білудің іскерлігін болжайды.
Коммуникативтік стратегия – нақтылы сөйлеу жағдаятында сөйлеу- ойлау үрдісінде бейімделу. Бұл
стратегияға төмендегілер кіреді:
- әңгімелесушінің көңілін аулау;
- әңгімелесушіні түсінуге жағдай жасау;
- сөз қорын байыту, тіл байлығын жетілдіру;
- грамматикалық жетіспеушілік мәселелерін шешу, қателерін дер кезінде өзі түзету;
- сөйлеу барысында тақырыпқа байланысты қарым-қатынас жасап отырған адамға қолдау көрсету.
Коммуникативтік біліктілік – коммуникативті сөйлеу әрекетінде дайындықты көрсетеді, яғни ойлау
құралы болып табылады.
Ағылшын тілін қарым-қатынас тілі ретінде барынша ерте қолдану “Community Language Learning”
нұсқасында ұсынылады. Бұл тәсіл ағылшын тілін үйренуші ересек адамға тән барынша аз қобалжу мен
тынышсыздықты туғызбай, кез-келген тақырыпта қызығушылық тудыратын әңгіме жүргізуде қолданыла-
ды. Үйренушілер бір-біріне қарама-қарсы отырады да оқытушы олардың артында тұрады. Егер үйренуші-
нің бірі бірнәрсе айтқысы келсе, ол оқытушығы белгі беріп шақырады даоған өз ойы туралы ана тілінде
жәй айтады. Оқытушы ол фразаны ағылшын тіліне аударып, сыбырлап айтады. Үйренуші фразаны бірне-
ше рет қайталайды да, оны дұрыс айтуға машықтанады. Аз уақыттан кейін, яғни сөйлем жеткілікті дұрыс
айтылғанда, үйренуші оны дауыстап айтады. Бұл сөйлем бір уақытта, мысалы, таспаға жазылып отырады.
Араға аз уақыт салып талқылауға үзіліс жасалады да, осы диалогта кездесетін тілдік құбылыстарды түсін-
діру басталады, оның ішінде грамматикалық ереже және құрылымдар, лексикалық бірліктер талданып,
қарастырылады.
Коммуникативті-бағдарлы білімі жоғарырақ деңгейдегі үйренушілер үшін “Task Based Learning” тәсілі
қолданылады, яғни, күнделікті өмірге керек және қажетті етілікті қамтитын жұмыс түрінің негізінде
оқыту тәсілі алынуы мүмкін. Коммуникативті міндеттер осындай тапсырмаларға дайындық кезінде,
оларды орындауда және оны жан-жақты талдауда шешіледі. Сырттай қарағанда бұл тәсіл жобалы әдісте-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
44
мені еске түсіреді, бірақ мұнда шешілетін міндеттер барынша қарапайым – мысалы, балалар мерекесін
ұйыдастыру және т.б. [5].
Дәстүрлі оқытудан кейін ілесе пайда болған «Коммуникативті оқыту» тәсілі ағылшын тілін оқытуда
маңызды орын алады. Үйренушілерге тиімділігі жөнінен бұл тәсіл барлық сөйлеу әрекеті түрлерінде
қатынас дағдыларын игеру туралы мақсатты көздейді. Білімді, ептілік пен дағдыны анықтауды, қалыптас-
тыру әдістерін, бақылау мен бағалауды қамтиды. Шетел тілдерін оқытудағы бұл жетілген жүйе бұрын да
педагогикалық қоғамдастықпен қабылданған болатын және қазір де оның бір бөлігі болып саналады [6].
Ағылшын тілін үйретуде коммуникативті- бағдарлы оқыту тәсілін тәжірибеге енгізу қарқынды хабар-
ламалармен алмасуға, ғылым мен техника саласындағы жаңа ойлар мен пікірлерді қарастыруға, мәдениет
саласындағы үлкен жетістіктермен алмасуға әкелді. Сондай-ақ әр түрлі іс-әрекет өрісіндегі мамандармен
алмасу қарқыны өсті.
1. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М.: Просвещение, 1991. - 22 с.
2. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке. – М.: Просвещение, 1978.
3. Мильруд Г.П., Максимова И.К. Современные концептуальные принципы коммуникативных обучения
иностранным языкам // ИЯШ. 2000 - №4.
4. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методике обучения иноязычному общению. - М.: Русский язык, 1989.
5. Scrivener J. Learning Teaching. A Guidebook for English Language teachers.
6. Миролюбов А.А. История отечественной методики иностранным языкам. - М.: СТУПЕНИ, ИНФРА-М.,
2002. – 448 с.
МӘДЕНИАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТІ
Г.А. Болтаева – Шет тілі: екі шет тілі магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ
Резюме
В данной статье рассматриваются межкультурная коммуникация этносов в любой сфере нашей общественной
жизни. Принимая во внимание религиозно-бытовые или социально-политические факторы того или иного этноса,
межкультурная коммуникация определяет основной уровень его мобильности в развивающемся глобальном мире.
Summary
Intercultural communication of ethnic groups in any area of our public life is considered in the given article. Taking into
account the factors of religious spheres and everyday life or socio-political factors of a particular ethnic group, intercultural
communication defines the basic level of its mobility in the developing global world.
Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы қарым-қатынас олардың ұлтына, сеніміне, діліне, қай мәдениет-
тің өкілі екендігіне қарамастан диалогтық тілдесім арқылы жүреді. Мұны халықтар арсындағы өзара
түсіністікті талап ететІн мәдениеттер диалогы дейді. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың
жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы
мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе – мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі
мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам
болмайтыны сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай
қарым-қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?...
Көптүрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлігі, бағалылығы және өзара қарым-
катынасы, байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан мәдениеттер диалогы мәдениеттанудың
басында тұр десек, артық айтпаған болар едік. «Диалог» ұғымы «екі адамның әңгімелесуі, сырласуы»
деген тікелей бастапқы мағынасының тар шеңберін бұзып шығып, қазіргі заман талабының, мәдени-
әлеуметтік контексінің негізгі ұғымына айналып отыр. Бүгінгі таңда диалог адамның және адам іс-әреке-
тінің жемісі мәдениеттің болмыстық сипаты ретінде кең мағынада қарастырылуда. Жалғыз басты, өзімен-
өзі ғана шектелген адам баласының болуы мүмкін емес. Адам жасампаздығының қайнар көзі – адамның
басқалармен бірлесе өмір сүруінде жатыр. Сондықтан мәдениет те тек мәдениеттер диалогы ретінде
тіршілік ете алады.
Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қарастырмай, өзіндік
болмысты кеңейту, үлғайту мүмкіншілігі деп те карастырғаны жөн. Мәдениеттер диалогі мәдениеттерді
байытады, өйткені «Басқа» – менің шегім емес, менің басқа мүмкіншілігім. Мұндай қағида қандай да
болмасын мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениетара-
лық, халықаралық, ұлтаралык және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден бір пәрменді құралы – мәдениет-
тер диалогі болып отыр [1, 33 б.].
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
45
Мәдениеттер диалогі ұғымын біз тар мағынада да, кең, көлемді мағынада да қарастырамыз. Диалогтың
тілшілердің кәсіби еңбектерінде термин ретінде қаралатыны, сонымен бірге оның өзінше жеке ұғым
екендігі де қазіргі күні белгілі құбылыс. В.Г. Костомаров: «Диалог понимается в широком смысле – это
беседа, взаимный разговор, то есть обмен сведениями, мнениями. Без желания понять друг друга диалог
немыслим, без взаимного обогащения он бессмыслен», – деп жазды [2, 9-11 б.].
Мәдениеттер диалогі адам баласының жалпы дамуы үшін де өте маңызды. Біз бұл маңыздылықты
адамдар арасындағы ғылым мен мәдениеттің кез келген саласына қатысты өткен сұхбаттардың қызығу-
шылық пен ынтымақ жағдайында жүргеніне қарап, адамзаттың қалыпты өмір сүруінің, ең соңында тірші-
лік етуінің шарттарының бірі екендігін растайтын шындық ретінде қабылдаймыз. Мәдениеттер диалогі
коғамның барлық мүшелері үшін олардың өзара түсіністігі мен ынтымағын қалыптастыру үшін де өте
қажет. Е.И. Пассов былай дейді: «Только подлинный диалог культур способен обеспечить «культурный
запас» учащихся, и только благодаря диалогу культур происходит формирование человека духовного,
человека культуры» [3, 439 6].
Мәдениеттер диалогі әртүрлі мәдениеттер өкілінің бірін бірі түсінуге тырысуы деп қарапайым түрде
түсіндіруге де болады. Алайда түсінісу мен түсінуге қол жеткізу үшін тілдік, психологиялық, мәдениетта-
ну бағытындағы толып жатқан кедергілерден өту керек. Олай болмағанда мәдениеттер диалогінде диалог-
ке қатысушы адамдар тарапынан наразылыққа тап болуыңыз ықтимал. Мұндайда: «Мы интересны друг-
другу, потому что мы разные», – деген Костомаров пікіріне жүгінген дұрыс сияқты [2, 9 б.].
Мәдениеттер диалогінде зерттеушілер екі үлкен мәселеге ерекше назар аударады. Олар: ұлттық мінез-
кұлық және ұлттық діл. Ұлттық мінез-құлық – адамдардың психикасындағы ұлттың өмір сүруіне қажет
өзіндік шарттарды бойына жинаған ерекшелік, әрбір ұлтқа тән психологиялық айырмашылықтар мен
қасиеттердің жиынтығы. Бұл мінез-құлық белгілі бір ұлтты басқа ұлт өкілдерінен айырып көрсететін сол
ұлт өкілдерінің басым көпшілігінің бойынан табылатын қасиеттер. ¥лттык мінез-құлыққа осы көзқарас-
пен келгенде C.M. Арутюнянның берген анықтамасы өте әділ көрінеді. Ол: «Бұл дегеніңіз әрбір ұлттың
тарихи даму ерекшеліктеріне, материалдық тұрмыс-тіршілігіне қарай қалыптасатын және ұлттык мәдени-
ет сипатында көрініс беретін адам бойындағы сезім мен әсердің, бейнелі ой мен әрекеттердің, тұрақты
әдет-ғұрыптардың өзінше ұлттық бітім болмысы», – дейді [4, 271 б.].
Кез келген диалогік тілдесім адамды әлеуметтендіру мәселесімен тығыз байланысты. Мұның ішіне оқу
үрдісіндегі, сабақ кезіндегі тілдесім де кіреді. Педагогикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылған тілдесім
қазақ тілі сабағында үйреніп жатқан тіл қазақ тілі болғандықтан, қазақ халқының әлеуметтік-мәдени
ерекшеліктерімен таныстырудан басталуға тиіс. Осылайша өзге ұлт студенттерін екінші, үйреніп жатқан
тіл халқының, әлеуметтік өміріне тартудан басталады. Бұл жөнінде тіл мен мәдениет мәселесін зерттеп
жүрген ғалымдар Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаровтар былай дейді: «В процессе ценностного соизуче-
ния социально-культурного опыта народов стран родного и изучаемого иностранных языков происходит
формирование личности на рубеже культур, для которой характерно сложное взаимодействие общечело-
веческого, национального и социально-классового в бикультурном механизме ценного восприятия мира»
[5, 36 б.].
Қарым қатынасқа түсуші әріптестердің әлеуметтік-рухани және ұлтық ерекшеліктердің мәнін білудің
маңызды екеніне дау жоқ, осы этнос мәдениетіндегі қайталанбас ерекшеліктердің тіл өкілінің сөзінде
бейнеленуі тілді мәдениет аралық қарым қатынас құралы ретінде қолдануы мүмкіндік береді және ол
мәдениет өкілдері мен қоғамның бірін-бірі түсінуінің алғышарттары болып табылады. Бұдан шығатын
нәрсе, тілге, тілдің мағаналық мазмұнына үйрету керек деген пікірмен келіспеуге болмайды, тіл мәдени-
етті толық түрде көрсететін бірден-бір құбылыс. Тілдер мен мәдениеттер арасында қаншалықты айырма-
шылық болса, шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру соншалықты күрделі екені аян. Әртүрлі
мәдени-тарихи бірліктерге тән болудің әсері оқыту ерекшеліктерін де анықтайды, сондай-ақ ол шетелдік
ғылым мен тәжірибеде жаңа әдістемелік бағыттық кескініне ие болып отырған, сонғы уақытта өз үстемді-
гін ала бастаған шетел тілін оқытудағы мәдениет аралық әдіс деп аталатын дидактикалық тұғырнаманы
тандауда да өз септігін тигізеді.
Адамды, оның жан дүниесін тілінен тыс зерттеуге болмайды. Сондай-ақ тілді де адам арқылы,
адамның жан дүниесі арқылы зерттемей болмайды. Адам өз сөзінің иесі, өз сөзінің қожасы болса, тілдің
иесі де, қожасы да халық. Дәлірек айтқанда, тілдің субъектісі біріншіден, тілдік түлға (жеке адам, тілді
түтынушы), екіншіден, халық, ұлт (тілдік үжым).
Тілді халық арқылы, халықты тілі арқылы, сондай-ақ адамды тілі (сөзі) арқылы, сөзі арқылы адамды
тану идеясы әр дәуірдегі ұлы ойшылдарда да айтылған. «Адамына қарап сөзін алма, сөзіне қарап адамын
ал» дейтін Абайдың философиялық ойы осыған дәлел секілді.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
46
Тіл – өмірдегі жаратылыстардың ішіндегі ең күрделі құбылыс. Оны тек лингвистер ғана емес, барлық
ғылымның мамандары айрықша атап көрсетеді. Қазіргі халықаралық байланысы күшті барлық елдерде
тілдік қатынас мәселесіне ерекше назар аударылуда.
1. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану. - Алматы: Раритет, 2005. - 33 б.
2. Костомаров В.Г. Роль русского языка в диалоге культур // РЯЗР, - № 5/6. 1994. - С. 9-11.
3. Пассов Е.И. Коммуникативное иноязычное образование как развитие индивидуальности в диалоге культур. //
Материалы IX международного конгресса МАПРЯЛ: Доклады и сообщения российских ученых.-М., 1999.-с.422-439.
4. Арутюнян С.М. Нация и ее психологический склад. – М.: Краснодар, 1966. – 271 с.
5. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. – М.: Русский язык, 1980. - 320 с.
Селиванова С.И. Обучение пониманию художественных произведений с учетом национальной культуры учащихся
(на материале русских сказок): дис. ... канд.пед.наук - М.: МГУ, 1993. - 241 с.
Достарыңызбен бөлісу: |