Аннотация: В настоящей статье рассматриваются пословицы, поговорки и крылатые выражения
паремиологической науки как самостоятельная наука. Пословицы и поговорки группируются в зависимости от
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
59
содержания и структурных особенности. В этой статье казахские пословицы и поговорки группируются на основе
классификации Г.Л.Пермякова.
Ключевые слова: паремиология, логико-семантические инварианты, логико-семантические группы,
содержательно- тематические группы, пословицы и поговорки, сходство и различие, абстракционное понятие.
Abstracts: This article deals with the proverbs, sayings and popular expressions of paremeological science as independent
science. Proverbs and sayings are grouped depending on the peculiarities of contents and structure.
This article is classified with the Kazakh proverbs and sayings on the basis of classification of G.L.Permyakov.
Keywords:paremeology, logical- semantic invariants, logical- semantic groups, pithy-thematic groups, proverbs and
sayings, similarity and difference, abstract concept.
Өмірдегі әр қилы қарым-қатынастарды әсерлі де көркем бейнелейтін тіліміздегі тақырыбы, мазмұны
бай әрі құнарлы салаға – ММ-дер жатады. ММ-дер арқылы халықтың ғасырлар бойы жинақтаған еңбек,
өмір тәжірибесі небәрі бірнеше ауыз сөзбен тұжырымдалып беріледі. Олар өмір шындығын дәл де
нақтылы, әрі көркем бейнелеп көрсетеді. ММ-дер бір ғасырдың ғана емес, сан ғасырдың жемісі
болғандықтан мазмұны да, тақырыбы да кең, сөз етер объектісі де сан алуан болып келеді. Сондықтан да
оларды зерттеп, мән-мағынасын терең түсіну үшін жүйелеп, тақырыптық, логикалық тұрғыдан
топтастыра, өзара салыстыра қарау қажеттігі туындайды.
ММ-дер, оны жасаушы, қолданушы этнос та өзімен ғасырлар бойы бірге жасап, өзгеріп, дамып
отырады. Осыған байланысты қазақ ММ-дері халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен
тәжірибесіне байланысты тақырып жағынан өте кең әрі алуан түрлі болып келеді. Олар халықтың әдет-
ғұрпы, салт-санасы, дүниетанудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы,
айтатын ақыл-өсиеті мен тыйым салуы тағы басқа осы сияқты халық өмірінің барлық жақтарын қамтиды.
ММ-дерді топтастыра қарауға байланысты паремиологиялық зерттеулер жалпы түркі тілдерінде
әсіресе қазақ тілінде жан-жақты зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселе көбінесе әдебиетшілердің міндетіне
жүктеліп, тілшілер зерттеуінің объектісі болмай келеді.
Қазақ ММ-дерін қолданыс (әдеби норма, авторлық-окказионалды тағы басқа) ерекшеліктеріне
байланысты [1] қарастырған кейбір еңбектер болмаса [2] тақырыптық-логикалық топтастыруға
бағышталған еңбектер жоқтың қасы.
Осы орайда, жалпы Шығыс тілдеріндегі ММ-дерді зерттеудегі елеулі еңбектердің бірі ретінде қазақ
ММ-дерін топтастыруда біз Г.Л.Пермяковтың [3] еңбегін атауымызға болады. Онда 200 ұлт тілі бойынша
50 мыңға жуық ММ-дер жинастырылып, жүйеленіп, тақырыптық топтарға бөлініп қарастырылған.
Г.Л.Пермяковтың теориялық принциптеріне сүйене отырып қазақ тіліндегі мыңдаған ММ-дерді іштей
жіктеп, 70 тақырыптық топқа бөліп қарауға болады екен.
ММ-дер – халықтың өмір тәжірибесінде көрген-білгенін қорытып айтқан ақиқат, айқын ой-
тұжырымдар. ММ-дерден қоғамдық өмірдегі түрлі оқиғаларды, халықтың сергек ақыл-ойын,
тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, адам баласының тұрмыс жайы, үміт-тілегі, халықтың өнері мен іс-
әрекеті, адамгершілік, тәлім-тәрбие тәрізді алуан түрлі мәліметтерді, даналық қорытындыларды көреміз.
Осыншама мол объектінің ішінде ММ-дердің ерекше көңіл бөліп, өзінің барша мазмұн-мәніне арқау
етіп келе жатқан тақырыптарының бірі – “Адам болмысы” , яғни адамның жақсы-жаман әдеттері мен
жағымды, жағымсыз қасиеттері, өнегелі өмірі мен бей-берекет ретсіз де сүреңсіз өткізіп жатқан тіршілігі,
көрген рахаты мен тартқан азабы, жеке басының кемшілігі мен артықшылығы, моральдық, этикалық,
әдептілік, имандылық тағы басқа осы сияқты адам бойындағы сан алуан қасиеттер болып саналады.
Осы қатардағы өзекті мәселелердің санатына адамның игі жақсы, зиялы қасиеттері де (ар, ұят, намыс,
борыш, парыз, міндет т.б.) ММ-дердің өте жиі сөз ететін тақырыптарына жатады. Бұл тақырыптар тек
сан жағынан ғана емес, ішкі мазмұн, мән-мағына жағынан да алуан түрлі. Тіпті оларды санамалап, тізіп
шығудың өзі мүмкін емес.
Осыған байланысты мақал-мәтелтану (паремиология) саласында оларды іштей жіктеп, логикалық
жүйеге салу, тақырыптық, мағыналық ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне қарай саралап, топтастыра
қарау дәстүрі қалыптасып келеді. Алайда, бұл дәстүр қазірше орыс паремиологиясында қалыптасып,
кейінгі жылдары ғана Шығыс тілдеріндегі, соның ішінде түркі тілдеріндегі ММ-дерді зерттеуде қанат жая
бастады. Осы орайда, ең алдымен Г.Л.Пермяковтың еңбектерін [3, 4, 5, 2] қазақ ММ-дерін жүйелі түрде,
топтастыра зерттеуде үлгі боларлық, арқа сүйерлік соны ізденістердің бірі деп айта аламыз.
Г.Л. Пермяков ұстанған принциптер бойынша, тіліміздегі ММ-дер сан жағынан қаншама көп, мағына-
мазмұн, құрамы мен тұлғасы жағынан алуан түрлі болып келсе де, іштей жүйелеуге болатын, өзара
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
60
жақын, әрі ұқсас, нақтылы да жалпылама белгілері бойынша топтастырып қарауға болатын тілдік
құбылыстар қатарына жатқызылады.
Бір қарағанда, бір-бірінен тым алшақ, іштей байланысы жоқ, мүлдем екі басқа объектіге қатысты
айтылатын тіліміздегі ММ-дердің мазмұн-мағынасын зерделей түсіп, олардың нақтылы лексикалық
мағынасынан абстракцияланып барып туындайтын ауыспалы мағынасы тұрғысынан қарастырсақ, олар
кейде ортақ арқау болып тұрған өзектес, өзара сәйкес тақырыптардың төңірегінде шоғырланып, топ-топ
болып тұратындығын көреміз. Керісінше, кейбір өзара жақын, құрамы мен тұлғасы, нақтылы мағынасы
жағынан ұқсас, тіпті абсолютті сәйкес көрінетін ММ-дер абстракцияланған жалпы да ауыспалы мағынасы
бойынша бір-бірінен мүлдем жырақ, екі басқа тақырыптық топтың құрамына жатуы мүмкін.
Мәселен осы принцип тұрғысынан қарастырғанда қазақ тіліндегі ондаған, тіпті жүздеген ММ-дерді
өзара қатысты“Сәйкестік” және “Сәйкессіздік” деген “Мүдделестік және мүддессіздік”, “Тұрақтылық
және тұрақсыздық”, “Заттардың, құбылыстардың өзара қатыстылығы”, “Шарттылық”, “Біртіндеп
(эволюциялық) даму” тағы басқа осы сияқты (біз олардың 30 шақты түрін ғана қарастырамыз) топтарға
шоғырландырып, екі-үш түрлі деңгейде: ең жоғарғы – логика-семиотикалық инварианттық деңгейде,
одан кейінгі сатыдағы логика-семантикалық топтар деңгейінде және кішігірім мағыналық-тақырыптық
топтар деңгейлерінде қарастыруға болады.
“Сәйкестік пен сәйкессіздік” деген абстракцияланған ұғым, бірде өзара логикалық байланыста тұрған
екі объектінің (заттың, құбылыстың т.б.) белгілі бір қасиеттері мен сипаттары бойынша бір-біріне
сәйкестігін, үйлесімділігін, ұқсастығын, ыңғайластылығын, баламалылығын, жарасымдылығын тағы
басқа қасиеттерін білдіріп тұрса, енді бірде осы қасиеттер мен сипаттардың сол тәрізді екі объектінің
арасында керісінше сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Мысалы:
Ағасына қарай – інісі,
Апасына қарай – сіңлісі <>
деген мәтелді алайық. Мұнда өзара логикалық байланыстағы екі объект ретінде бір атаның балалары
(бірде ағасы мен інісі, бірде апасы мен сіңлісі) алынып, олардың өзара сәйкестігі сөз болып отыр. Басқаша
айтқанда, бірге туған ағайынды апалы-сіңлілі адамдардың үлкендері – ағасы мен апасы – отбасынан,
жастайынан қандай (жақсы, жаман) тәлім-тәрбие алып өссе, оларды көріп, соларға еліктеп өскен жете-
ғабыл інісі мен сіңлісі де сондай (жақсы, жаман) болмақшы. Демек, бұл мәтелде нақтылы түрде аға меніні,
апа мен сіңлі арасындағы абстракцияланған түрінде – жалпы адам баласына тән, алдыңғы буын мен соңғы
буын ұрпақтары арасындағы сәйкесе жалғасып тұратын заңды процесс паш етіліп тұр.
Енді “Сәйкессіздікке” келсек, ол да принцип жағынан “Сәйкестіліктің” екінші бір түрі, яғни олар бір
медальдің екі жағы іспеттес өзара қатысты құбылыстар. Өйткені болмыстағы өзара байланысты ММ-дер
объектілері ылғи да бірыңғай – не сәйкесті, не сәйкессіз бола бермейді. Кейде бір ММ объектісі мен
екінші ММ объектісі өзара әрі сәйкес, әрі сәйкессіз қатынастарда бола береді.
Мысалы:
Біреу тойып секіреді ,
Біреу тоңып секіреді <>
деген мақалды алсақ, осындағы “біреуге” “ортақ процесс – секіру”. Бірақ осы “секірудің” (яғни
салдардың) себебі бірдей емес, біреулер үшін оның нақтылы себебі –“тамаққа тою”, ауыспалы
мағынасы –“рахат өмір сүру” болса, ал екінші біреулер үшін секірудің нақтылы себебі – “суықтан,
аяздан тоңу” денесін қорғайтын жылы киімнің жоқтығы, ал ауыспалы мағынасында “жай-күйінің
болмауы”. Демек, өзара байланысты бір процестің салдары (“секіру”) бірдей болғанымен, себептері
басқа-басқа. Ал, бұл фактіні логикалық тұрғыдан бағалайтын болсақ, бір мақал ішінде – сәйкестілік
(“тоңып секіру” – әдетте тоңған адам ғана секіреді) пен сәйкессіздік (“тойып секіру”– тойған адам
секірмейді) қатар келіп, жарыса қолданылып тұр.
Осы бір логикалық жүйе, принцип бойынша жасалған ММ-дер қазақ тілінде баршылық және олар
объект, тақырып жағынан адам болмысының, қоғамдық өмірдің табиғат құбылыстарының барлық
саласын түгел қамтиды. Демек, бұл универсалды тілдік құбылыс деген сөз. Бірақ ММ-дердің осы бір ең
жоғарғы логика-семиотикалық инвариант деңгейіндегі “Сәйкестілік” пен “Сәйкессіздікті” паш ету
тәсілдері мен мотивтері, ММ объектілері арасындағы логикалық қатысы мен құрамдық-тұлғалық
моделдері сан алуан.
Негізгі зерттеу объектісін сөз етуден бұрын, жалпы тақырыпқа қатысы бар, оның ғылымдағы мақсат-
мүддесі мен адам өміріне, ана тілін жетік те терең білгісі келетін қауымға қажетті бір-екі мәселенің басын
аша кеткенді жөн көрдік. Олар:
1)
“Онсыз да жалпы мағынасы түсінікті, әркім-ақ өз білгенінше қолдана беретін ММ байлығын
іштей жіктеп, тақырыптық-мағыналық топтарға бөліп, тәптіштеп, таратып жатудың не қажеті
бар?”
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
61
2)
“Өмірдің сан алуан саласын қамтып, асып-төгіліп жатқан рухани байлығымыздың шеңберін
тарылтып, белгілі бір логика-семантикалық, мағыналық-тақырыптық топтардың аясына сыйдырып,
шектеп, топтастырып, жүйелеп көрсетуден тілдік қауым, жас ұрпақ не ұтпақшы?” деген сұрақтарға
барып саятыны мәлім.
Шынында да, бұлар – паремиология (мақал-мәтелтану) проблемасына байланысты негізінен әдебиетші
ғалымдар [6] тарапынан бұрын-соңды жүргізіліп келе жатқан дәстүрлі зерттеулерден өзгешелеу тілдік,
этнолингвистикалық тұрғыдан жаңаша көзқарасқа байланысты қойылуға тиісті заңды сұрақтар.
1)
ММ-дер әрбір этностың болмысында бар, ғасырлар бойы қалыптасып, мәңгі-бақи бірге
жасайтын рухани мұра, халық даналығының жадында сақталып, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отыратын мәдени мирас.
2)
ММ-дер көркем сөздің көрікті де бейнелі, ажарын ашатын, нақыш бояуын келтіретін айшықты
да, адуынды, құнарлы да құдіретті құралы.
3)
ММ-дер біле білген адамға, сыры тұңғиық терең, айтуға жеңіл, тіл ұшына үйіріліп тұратын, “әрі
қысқа, әрі нұсқа”, көл-көсір ойды бір ауыз сөздің қауызына сыйғызып, нысанаға дөп тигізетін, ауыз
әдебиеті дәстүрінде қалыптасқан ерекше жанр.
Міне, осы тәрізді ерекше қасиеттері тіліміздегі ұлан-ғайыр (шамамен 15 мыңнан астам) ММ-дерді тек
сыртынан ғана қызықтау, есте қалған бірлі-жарымын ретін тауып қолданумен ғана шектелуге
болмайтынын көрсетеді. Халық өмірінің тұңғиық терең сырын, толассыз ой-толғаныстарынан өз бойында
тоқып, көркемсөз өрнегімен өріп, өміріміздің шындығын айнадай айқындай түсетін даналық
энциклопедиясы саналатын –ММ-дер байлығын толық болмаса да, ой-пікір түйіндері тоғысқан тұстарын,
өмірдің әр саласында сараланып жатқан тармақтарын тап басып, қажетіне керектерін тез тауып ала білу,
өзін сыйлайтын қазақ ретінде ата-бабадан қалған даналар сөзін сыйлайтын әрбір азаматтың абзал міндеті
болса керек.
Алайда 15 мыңнан астам ММ-дердің ішінен қажеттісін, сөз қисынына оралып, оның күш-құдіретін
асыра түсетін ММ-ді сол бір сәтте жадыңнан тауып ала қою, ММ-дер жүйесін меңгермеген адамға теңіз
түбінен асыл тас (маржан) іздегенмен пара-пар.Басқаша айтқанда, мақалнама жүйесінің тетігін білу деген
сөз – өмірдің өзімен бірге өріліп жатқан шындықты дәлелді, деректі, уәжді сөз өрнегінен олардың
мағыналық-тақырыптық, логикалық жүйелері арқылы тап басып, дәл таба білу. Аз сөздің аясына
сыйдырып айта білген ата-бабаларымыздың өзіңе дәл қазір қажетті болып тұрған ойын қай тұстан
іздеудің құбыланамасы да мақалнаманың жүйесін білуде. Ой жүйелілігі, тақырып жүйелілігі, мағына-
мазмұн жүйелілігі, сайып келгенде, әрбір ММ-дің мағына, мазмұн, тақырып, ой жүйесі – логика жағынан
іштей шоғырланып тұрған топтардың ішкі сырына ұлттық салт-дәстүр өзіндік дүниетаным тағы басқа
ментальдық қасиеттер тұрғысынан үңіле түсу қажет.
Қазақ ММ-дерінің осы бір ерекшеліктерін Н.Уәлиев былай деп сипаттайды: “Халық тілінде
байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз орамдарының (мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық
тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны, халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін,
түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше
өрнектей білген” [7] .
Шынында да, адам өзінің ой-пікірін көл-көсір етіп, көп сөзбен баяндауы, қысқа да нұсқа” түрінде,
“тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” етіп, аз сөздің аясына сыйдырып, тоқ етерін бір-ақ айтып қарап
отыруы мүмкін. Бұл тәсілдің екеуі де қажет. Бірақ бұлардың біріншісі, жалпы халыққа, қалың көпшілікке
тән тәсіл болса, екіншісі, көбінесе сөз шеберлерінің сөз саптау мәнеріне, өнеріне тән қасиет. Алайда, ылғи
мақалдатып, мәтелдетіп сөйлеу шешендіктің белгісі емес, жадағай жаттандылыққа көбірек берілудің
белгісі болып танылады. Демек, бұдан ММ-дердің сөз жүйесінде қолданылатын өз орны, өз реті, өз
қажеттілігі бар деген ұғым туады.
Мақал-мәтелтаным ғылымының бірімен бірі жалғасты, бірінен бірі туындайтын үш түрлі аспектісі бар.
Олар:
1)
ММ-дердің дүниеге бір кезде келуі, бұл олардың тарихтағы белгілі адамдардың дуалы аузынан
шығып, өмір тәжірибесі арқылы расталып, халық жадында сақталу процесіне байланысты;
2)
ММ-дердің белгілі бір ұғым, түсінікті, идея мен ой-пікірді білдіретін азаматтық, діни,
құқықтық талаптарды түсіндіретін моральдық, этикалық, эстетикалық нормалар мен әдептілікті,
имандылықты уағыздайтын халықтың салт-дәстүрін, жөн-жоралғысын сақтауды талап ететін,
ғибрат, ақыл-кеңес беретін ерекшеліктері. Біздің зерттеп отырған мәселеміз осы аспектіге
байланысты ММ-дерді толық игеру жолдарын қарастыру.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
62
3)
ММ-дерді практика жүзінде дұрыс қолдану деген сөз – білген ММ-дерін әйтеуір бір қолданып
қалу мақсатында емес, оны тиісті орнын тауып, жалпы түрде бір сарынмен айтылған ой-пікірді
ширатып, шегелей түсу үшін, сөзіне ажар беріп, тыңдаушының құлағын бір елең еткізіп, оның көңілін
бірден өзіне аудару үшін қолдану болып саналады. Қазақ болмысында мақал сөздің байыбына бара алмау,
орағытып, тұспалдап, айтылған сөздің астарына бойлай алмау, нарқы мен парқын ажырата алмау зор
қасірет, бишаралық.
Мақал-мәтелтанудың өзара байланысты, астарлас, бірін-бірі толықтыра түсетін үш аспектісі оның
негізгі де, ең өзекті зерттеу объектілеріне жатады.
Жоғарыда сөз болған “Сәйкестік пен сәйкессіздік” тобын құрайтын ММ-дердің мұндай қатынасқа
енетін ұғым-түсініктердің сан алуан түріне байланысты жасалатындығы. Анығырақ айтқанда, өзара
байланыста тұрған екі объектінің (заттың, құбылыстың) сәйкес, не сәйкессіз болып келуі сол
объектілердің бірде сапасы мен санына, ұқсас, не әр алуан түр-түсіне, сын-сипатына, енді бірде –
жаратылысы мен табиғатына, көлемі мен ауқымына, өлшемі мен мөлшеріне, енді бірде уақыт мезгіліне
байланысты болып келеді.
Енді осылардың арасындағы “Сәйкестіктер” мен “Сәйкессіздіктерді” нақтылы мысалдар келтіре
отырып, жеке-жеке қарастырайық. Біздің топшылауымыз бойынша: “Сәйкестік пен сәйкессіздік”деп
аталатын абстракцияланған ең жоғарғы деңгейдегі логика-семиотикалық инварианттар тобына жататын
ММ-дер жоғарыда көрсетілген ерекшеліктеріне қарай төменгі деңгейдегі 10 түрлі тақырыптық-
мағыналық топ құрайды және әрбір топтың өзі мағынасына қарай іштей бірнеше кішігірім топтан тұрады
[5].
Қорыта келгенде, Г.Л.Пермяков ұсынып отырған топтастыру жүйесі мен принциптері кез-келген
тілдердің мақал-мәтелдеріне қатысты қолдануға болатындығы этнолингвистикалық тұрғыдан
айқындалды.
1 Турабаева Г. Окказиональные преобразования пословиц и поговорок в казахском языке. Рукопись
канд. Дисс., –Алматы, 1989. - 229 с.
2 Пермяков Г.Л. От поговорки до сказки. –М., 1970. 240 с.
3 Пермяков Г.Л. Избранные пословицы и поговорки народов Востока. - Москва, 1968, 376 б.
4 Пермяков Г.Л. Основы структурной паремиологии. –М., 1988, 240 с.
5 Пермяков Г.Л. Пословицы и поговорки народов Востока. –М., 1979.- 375 с.
6 Қожахметов Қ. Қазақтың мақал-мәтелдері. - Алматы, 1950.
7 Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. - Алматы, 1998. - 12 б.
ӘОЖ 81’ 371
М.ӘУЕЗОВ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ ПОЭТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
А. Б. Күшібар - Абай атындағы ҚазҰПУ
Магистратура және PhD доктарантура институты филология мамандығының 2курс магистранты
Андатпа: Бұл мақалада ұлы суреткер М.Әуезов пьесалары тіліндегі фразеологизмдердің поэтикалық қолданысы
жан-жақты қарастырылады.
Әуезов еңбектерінде фразеологизмдер өте мол кездеседі.Фразеологизмдер – ойды әсерлі берудің негізгі тәсілдері.
Осы мақалада, М.Әуезовтың бірнеше пьесаларының тілдік ерекшеліктерін айқындап, автор шығармаларында
қолданған фразеологизмдерді талдауға тырыстық.
Кілт сөздер: поэтикалық фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, тұрақты тілдік бірліктер, образдар жүйесі, идиолект.
Аннотация: В статье рассматриваются разносторонние языковые особенности поэтических фразеологизмов в
пьесах великого писателя М.Ауезова.
В произведениях М.Ауезова встречаются много фразеологизмы.
Фразеологизмы – это способы передавать впечатляющие мысли.
В статье мы рассматривали разносторонние языковые особенности в пьесах и фразеологизмы в произведениях
М.Ауезова.
Ключевые слова: поэтические фразеологизмы, пословицы-поговорки, устойчивые языковые единицы, образная
галерея, идиолект.
Abstract:The article deals with various language peculiarities of poetic phrase logical units in the poems of great writer
M.Auezov.
A lot of idioms found in the works of M.Auezov.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
63
Idiom – a way to get impressive thoughts.
In this article we considered versatile linguistic features in plays and collocations in the works M.Auezov.
Key words: poetic phrase logical units, proverbs and sayings, language set-expressions, system of characters, idiolect.
Мұхтар Әуезов десек, бірден ауызға «Абай жолы» түсері сөзсіз. Одан бөлек, жазушы әдебиет
қоржынына «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Қарагөз»,
«Бәйбіше-тоқал» т.б. сынды көптеген өлмес туындыларын қалдырды. Шығармалары арқылы қоғам
бейнесін ашып, тұспалды ой айтты.
Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен жазушы. ХХ ғасырға дейін қазақтың халық
әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Суреткер сол халық әдебиетінен нәр алды.
Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, ойындары тұңғыш реет драмалы0
шығармаларға арқау болды. Бұл тәжірибе жазушыға сахна сырын жете үйретті. Әуезов қаламынан 30-дан
аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады.
Әуезов еңбектерінде фразеологизмдер өте мол кездеседі. Фразеологизмдер – ойды әсерлі берудің
негізгі тәсілдері. Жеке қаламгерлердің қолданысындағы бейнелі сөз тіркестері де, халықтың тұрмыс-
тіршілігінде күнделікті қолданған ауызекі сөздерінен алынып отырған.
М. Әуезов әңгімелері сан түрлі образдарды суреттеп, сол образдар арқылы қазақ тілінің бай, әдеби
сөздік қорын кеңінен көрсетуімен ерекшеленеді.
«Бүгінгі фразеологизм, мақал-мәтел деп жүрген тұрақты тілдік бірліктердің басым көпшілігі бір
замандағы күнделікті қарапайым тіршіліктің, құбылыстың, шаруашылықтың, кәсіпшіліктің өзара қарым-
қатынасының нәтижесі ретінде қалыптасқан тілдегі көрінісі», - дейді академик Ә.Қайдар [1,102 б.].
«Қазақ халқының өзіндік болмысын көрсететін, салт-дәстүр айырмашылықтарын айғақтайтын тілдік
тұлғаларын таныту, талдау тіл арқылы ұлт мәдениетін таныту болып табылмақ», - дейді А.О.Тымболова
өз еңбегінде [2, 214 б.].
М.Әуезов шығармаларындағы фразеологизмдер жөнінде мынадай басты сипаттарды атап көрсетуге
болады:
Проза тілі фразеологизмдерін де жазушылар қалай болса солай, оңды-солды қолдана бермейді.
Тұрақты тіркестерді атқаратын қызметіне қарай, қолданылу заңдылықтарына қарай шығарманы
көркемдем, әр қаламгер өз стиліне сай, өз орнында қолданады.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің жан-жақты зерттелуі академик І.Кеңесбаевтың, профессор
С.Аманжоловтың, профессор К.Ахановтың ғылыми зерттеулерімен тікелей байланысты.
Жалпы, тілші ғалымдарымыз фразеологизмдерді көркем шығармада қолданудың екі тәсілі бар дейді.
І. Жалпы халықтық формада қолдану;
ІІ. Өзгертіліп, авторлық өңдеуден өткізіп қолдану;
Осы тәсілдерге М.Әуезовтің қаламынан туған тұрақты тіркестердің үлгісін қосып,үшінші тәсіл деп
алуды дұрыс деп таптық.
Автор қаламынан туған тұрақты тіркестердің үлгісі молынан кездесіп отырады: кеуде жарған арман,
өмірдің өрі, желікті күлкі, сұр өмір, шын сезімнің тілі, шер күні, ашулы көз, қызуы мол толық өмір,
қараңғы тағдыр, ауыр дәулет т.б. Бұл тәсіл – Әуезовтің қазақ тілін байыту, көркейту, айшықтау әлемін
туғызған шеберлік сырының бір бөлігі.
«Фразеологизмдерді осылайша орнын тауып қолдану үлкен суреткердің ғана қолынан келеді. Алуан
түрлі тіркестер суреткердің қаламына іліккенде кең өріс алып, стиль жағынан ширатыла түседі». [3,214
б.]. Фразеологизмдердің образдылығы, бейнелілігі, сезімнің күйін жеткізу күші айырықша. Драманың
күштілігі де, әлсіздігі де тілінде, сол шығармада қолданылған сөз айшықтарында көрініс табады.
М.Әуезов шығармаларының табиғаты соншалықты күрделі. Автордың пьесада көрсетпек болған әр
қилы образдар жүйесі, шығармаға желі болған жалпы композициялық тұтастық – тек тілдік құралдар
арқылы ғана беріледі.
Осы мақалада, М.Әуезовтың бірнеше пьесаларының тілдік ерекшеліктерін айқындап, автор
шығармаларында қолданған фразеологизмдерді талдауға тырыстық.
Мысалы, «Аз жерге бармастан қарасы өшіп, боранмен араласып көрінбей кетті. ...әйелдер де
дауыстың естілмейтінін білген соң ішінен зор қауіпке түсіп, зарлап тұрды» («Оқыған азамат») [42 б.].
«Ғазиза да екі шешесімен қосылып, жүректерін жеген қайғыларын сыртына шығарып сөйлескенде,
бұрынғы өткен күндерін сағынушы еді» («Оқыған азамат»). [42 б.].
«Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ түтегінен адасып өліп, мәңгі
толас тапқандай» («Қорғансыздың күні») [1,56 б.].
«Еңлік-Кебек» пьесасындағы «Тынбаған көңіл, талмаған көкей күшік!..», «Қиғаш қасты, қолаң
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
64
шашты», «Әр лебізің алтындай», «Асқар таудай ақылың», «Қыздырманың қызыл тілі» т.б. немесе
«Мұрнын тескен тайлақтай қып», «Бойына сенген түйедей боп», «Алалы жылқы, ақтылы қой», «Еркек
тоқты құрбандық» деген халықтық тіркестерде де поэтикалық мағына айқын байқалады.
М. Әуезовтің прозалық шығармаларында сол алғашқы кезеңнің өзінде тұтастай фразеологизмдерден
құралған сөйлемдер аз кездеспейді.
Фразеологизмдерді мәндес сөзімен қатар беру М.Әуезов шеберлігінің, стильдік ерекшелігінің,
даралығының бір көрінісі.
«Еті қашып, арыған жіңішке қолдар, іш күдік-қауіп, сансыз үміт, сансыз қиял, бет ажары
суықтанып-бұзылып, құрық көрмеген асау т.б.»
«Бұл уақытта Жұмағұл жаратылысындағы тақыстық қулығына салып, бойын бағып отырды»
(«Оқыған азамат»). [2,222 б.].
Жазушының халық тіліндегі фразеологизмдерді мақсатты түрде өзгертіп айтуы әңгіме тілінің әсерін
күшейтіп, өткір сөз жасауына мүмкіндік береді. Мысалы:
Ар-намысын тілгілеу (жырту), барар жерім жоқ (барар жер, басар тауым жоқ), дәме болу (дәме
ету), сөздің құйрығы (өтіріктің құйрығы), жерік ас (пәре), жүрек ояну (селк ету), құдайына жылап
(құдайдан тілеп), уайымның сызынан шытынау ( қайғыға бату) т.б.
«Бір күні кешке жастар жүрердің алдында сөзді бір жерге байламақ үшін, үй ішінің аз ғана кеңесі
болды» («Оқыған азамат»). [222 б].
Құлашын кеңінен сілтеуге мұрсат бермеген ғұмырының ішінде, ол кең құлашты прозалық
шығармаларымен қатар хас шебердің өміріндей әсем, ондаған әңгімелер, пьесаларды, әңгімелерді дүниеге
алып келді.
Аса терең, мәнді шығармасының бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің
орныққанын көрсеткен туынды. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер
проблемасын шешкен туынды.
«Еңлік-Кебек» пьесасының тілі де осындай айшықты сөз оралымдарына өте бай. Мысалы: «Екпінін су
сепкендей басу, сағы сыну, зықысы шығу, намысын жырту, шіріген жұмыртқа, сыныққа сылтау таба
алмай, қой аузынан шөп алмау, еңкейген кәрі, еңбектеген бала» т.б. тұрақты тіркестер шығарма шырайын
аша түседі.
«Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын
пайдаланған.
Пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, мағыналы да мәнді болуы шарт. Халқымыз көкейге қонымды
көркем, алуан түрлі орамды сөз мәйегін орнымен дұрыс пайдаланып отырған:
«Күшікпай батыр жиырма бір жасында дүние салған екен. Ерте күннен жортуылға аттанып,
Уақтың көп батырларының арасында бұғанасы қатпағандығына қарамай, талай қиын-қыстауда ақыл
тауып, қажымай, қайрат, ерлік көрсеткен» («Қорғансыздың күні») [1,36б].
«Көркем сөз жолын кеңес дәуіріне дейін-ақ драмалық шығармадан бастаған Мұхтар Әуезов 1920
жылдардың басында алғашқы прозалық шығармаларымен, әңгіме-повестерімен әлеумет назарын өзіне
қаратып, құлағын елең еткізді. Тырнақ алды әңгімесі «Қорғансыздың күні» жас жазушының ауыл өмірін
терең біліп, әдемі суреттей алып, адам да, құдай да аямаған қорғансыз жандардың өлмелі күн кешуі, жан
түршігерлік тұрмыс-тіршілігі бар ауыртпалығымен, азап-қиыншылығымен жанды сурет болып көз
алдыңнан өтіп жатады», - дейді профессор С.Исаев.
«Жол үстінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен
мұң, қабағында қалың қайғы бар» («Жетім») [79 б].
« - Болат-ау, сенің де базарың тарқамағаны ма, жаным-ау – дейді...» («Қаралы сұлу») [87 б].
Суреткер өзінің сөз қорын молықтыру үшін жалпы халықтық тілдің тілегей-теңіз бай қазынасын,
мүмкіндігінше молырақ игеруі, оның қилы-қилы, әрі қызық құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні
мен мағынасындағы ұлан-ғайыр өзгерулер мен өңдеулерді, құбылу мен құлпыруларды дәл аңғара білуі
қажет.
М.Әуезовте халық тілінде қолданылу қалпынша алып пайдаланған фразеологизмдер де өте көп
кездеседі.
Мысалы, «...топырағы торқа болу, тырнағына татымау, құдай сүйер қылық, жаны шығу, мойнына
су құйылу, күні біту, табанынан таусылып, бал жалау, өңі қашу, дүние салу, іштен тыну, қайғы жұту,
төрінен көрі жуық, жүдеп келу, көз түсу, көрер күн, күдер үзу, басын ашу, мал табу, айла іздеу, үй
ішінен үй тігу, оқты көзбен ату, үстіне шыбын қондырмау, іргені аулақ салу, өкпемен қағу, көзге түрткі
қылу, қанаты сынған торғайдай...» т.б.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
65
Сонымен, М.Әуезов әңгімелеріндегі, пьесаларындағы фразеологизмдерді ажыратуда І.Кеңесбаев,
Е.Жанпейісов, М.Балақаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Ә.Хасенов, Ә.Болғанбайұлы, Г.Смағұлованың
айғақ-тұжырымдарының зор әсері болған.
Фразеологизмдер негізінен үш тірек белгісіне қарай ажыратылатындығы белгілі. Фразеологимздердің
өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын үш түрлі белгісі:
1.
Даяр қалпында жұмсалу белгісі;
2.
Мағына тұтастығы;
3.
Тіркес тиянақтылығы.
Г.Смағұлова бұл белгілерді былайша атап көрсетеді:
1.
Қолдану тиянақтылығы;
2.
Мағына тұтастығы;
3.
Тіркес тиянақтылығы [4, 96 б.].
Фразеологизмдердің бұл мағыналық тұжырымдама, сипатынан басқа басқа толып жатқан айырым-
белгілері бар екендігі де белгілі.
Фразеологизмдерді ғалымдар сөйлемнің бір мүшесі болу қызметіне орай сөз таптарына телиді,
міндетті түрде тіркес болғанның өзінде де ол тіркес компоненттілігі әр қилы болып келеді.
Әрине, бұл тұжырым М.Әуезов шығармашылығын да жатсынбайды. Сонымен бірге, тек адам деп
емес, жалпы жаратылыс құдіретін әр қалыпта, әр мәнде бейнелеуге ұмтылудың көркем сөздің негізгі
мәндерінің бірі екендігін еске ұстай отырып, Әуезов прозасындағы фразеологизмдерді сөз таптарына
қарай бейімдеп қарастырдық.
М.Әуезов прозасындағы қолданылған фразеологизмдерді олардың грамматикалық сипатына қарай
қарастырғанда негізінен етістік мағыналы фразеологизмдердің жиірек қолданылғанын байқадық:
«Жақсысын асырып, жаманын жасырып; тіс жарып ішін ашып; дауыс айтып; көз майын ағызып;
күдердеі әбден үзгендей болып; сөзді байлау қылып ұстап қалу; қолға қондыру; жота көрсету т.б.».
Драматург көсемше, тұйық етістік формаларына сүйеніп жасалған фразеологизмдерді белгілі бір мәнді
күшейте түсу мақсатында жиі қолданған.
Кез-келген қаламгердің тілі қандай элементтен тұрса да, жалпыға ортақ әдеби тіл нормасынан
ауытқымауы керек.
«Біздіңше, М.Әуезовтің мұрасын жалпы қазіргі қазақ тілінің таза тілдік лингвистикалық мұраттары
тұрғысынан да, жазушылық стиль даралығы тұрғысынан да тұтас қарастырған дұрыс. Себебі, Әуезов
әлдеқалай бір роман ғана жазып жазушы санатына қосылған жан емес. Ол – көп жанрда дәлірек айтқанда,
новеллистикада, драматургияда, әдеби сында, әдебиеттануда, тіпті, поэзияда әрі қазақ әдеби тілін
қалыптастырушы, әрі дара стильді сөз зергері», - дейді М.Т.Жұманазарова [5, 115 б.].
М.Әуезов шығармаларындағы фразеологизмдерді арнайы зерттеу, тереңдете қарастыру – қазақ тіл
біліміне қыруар тіл фактісін беріп, зерттеу нысандарын кеңейте түсері хақ. Фразеологизмдер жөніндегі
тұжырымдардың тиянақтала түсуіне әсер етері даусыз.
1 Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. -Алматы, 1998. - 304 б.
2 Тымболова А.О. Драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы. - Алматы, 2013. -328 б.
3 І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы,1977-711 б.
4 Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. -Алматы, 1998. -196 б.
5 Жұманазарова М.Т. «М.Әуезов әңгімелерінің тілі» - Алматы, 1998.
6 Әуезов М. «Қилы заман» - Алматы, 2004. -280 б.
7 Әуезов М. Повестер, әңгімелер. -Алматы :Мектеп, 1983. - 332 б.
Достарыңызбен бөлісу: |