1
Лихачев Д.С. Текстология. Краткий очерк. – Москва: Издательство наука, 1964. – 602 с.
2
Рейсер С.А. Палеография и текстология. – Москва: Просвещение, 1970. – 336 с.
3
Мұхамедханов Қ. Көптомдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы: Алаш,2005. – 352 б.
4
Саламат Р. «Абай мұрасының текстологиялық тұрғыдан зерттелуіндегі жалғастық» // «Қазақ
тілі мен әдебиеті» журналы, 2002. - №11. - 92-95 бб.
5
Хасанова С. «Ы.Алтынсарин шығармаларының текстологиясы»// Қазақстан мектебі. 1966. -
№11. - 71-75 бб.
ӘОЖ 80181 ББК 81.2.
Ы. МАМАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰСТАНЫМЫ
Г.Т. Бейбітова -
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистранты,
Г.Қ. Жылқыбай - ф.ғ.к., доцент, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Аңдатпа:Қазақ тіліндегі сөз таптарыныңі шінде ең күрделі сөз табы етістік болғандықтан, оның лексикалық,
мағыналық ерекшеліктері де мол. Әр саласы жеке-жеке зерттелгеніне қарамастан кейбір мәселелерінің күні бүгінге
дейін бірізді шешімін таба қоймағандығы да етістік сөз табының сол күрделілігін аңғартса керек. Қазақ тіл білімінің
морфология саласында бірыңғай пікір қалыптаспаған сондай мәселелердің қатарына етістіктің шақ категориясын,
шақ түрлерінің саралануын, аталуын жатқызуға болады. Мақалада ғалым Ы.Мамановтың шақ түрлеріне байланысты
ұстанымдары сараланады. Шақ категориясына байланысты Ы.Мамановтың ой-пікірлерін сараптай келе, қорытынды
тұжырым жасалады.
Тірексөздер: шақ категориясы, етістік, сөзтабы, мағыналық ерекшелік, ұстаным.
Түйін: Етістік – қазіргіқазақтіліндегікүрделісөзтабы. Шақ категориясы да етістіктің күрделі грамматикалық
категорияларының бірі. Мақалада ғалым Ы.Мамановтың қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы
жайындағы ұстанымы қарастырылады.
Аннотация: Среди частей речи казахского языка весьма сложной частью речи является глагол, который имеет
свои особенности как лексические, так и семантические. Несмотря на то, что исследованы многие категории глагола
по отдельности, некоторые проблемы до сегодняшнего дня не нашли единого решения, что еще раз подтверждает о
сложности данной части речи. В казахском языкознании в области морфологии к таким проблемам можно отнести
категорию времени глагола, его анализ и понятие.
Резюме: Глагол – сложная часть речи в современном казахском языке. Категория времени тоже является одним
из сложнейших грамматических категорий глагола. В данной статье рассматриваются принципы ученого
Ы.Маманова о категориях времени глагола в современном казахском языке.В настоящей статье, анализируя и
основываясь на принципы Ы.Маманова,даются соответствующие выводы о категории времени глагола.
Ключевые слова: категория времени, глагол, часть речи, семантическая особенность, принцип.
Abstract: Very difficult part of speech among the parts of speech in the Kazakh language is the verb as its lexical
meaning has very significant feature. Despite some problems of separate studying of each branch with participation of many
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
80
scientists, it isn't found the consecutive solution of this difficult concept of a verb till today. There isn’t created the identical
opinion about the branches of morphology of the Kazakh language, it is possible to carry out such problems as a category of
time of a verb, their analysis and names. There are analyzed Y.Mamanov's views connected with types of tenses in this article.
By analysingY.Mamanov's opinion, we are giving a conclusion connected with categories of time.
Key words: category of tenses, verb, part of speech, semantic feature, principle.
Summary: Verb is a difficult part of speech in modern Kazakh language. Category of Tense is also one of the most
difficult categories of a verb.
This article deals with scientist Y.Mamаnov’s principles about Verb categories of Tense in modern Kazakh language.
Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішінде ең күрделі сөз табы етістік болғандықтан, оның лексикалық,
мағыналық ерекшеліктері де мол. Көптеген ғалымдардың қатысуымен әр саласы жеке-жеке зерттелгеніне
қарамастан кейбір мәселелерінің күні бүгінге дейін бірізді шешімін таба қоймағандығы д аетістік сөз
табының сол күрделілігін аңғартса керек.
Қазақ тіл білімінің морфология саласында бірыңғай пікір қалыптаспаған сондай мәселелердің
қатарына етістіктің шақ қатегориясын, олардың саралануын, аталуын жатқызуға болады. Қазіргі қазақ
тілінде шақ түрлерін саралауда бірізділіктің жоқ екенін қазақ тілі морфологиялық еңбектерінің
бірнешеуін-ақ салыстыру барысында көз жеткіземіз.
Айталық, 1967 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің грамматикасының» авторлары «Шақ іс-қимыл жай-
күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынастарды білдіретін
грамматикалық категория» десе [1,198], «Осындай істің әр түрлі уақытта істелгенін, я істелетіндігін, я
істеліп тұратындығын адам санасының дәл ажыратуы – етістіктің шақ категориясының көп салалы
болуының негізгі себебі» [2,130] деген Н.Сауранбаевтың пікірі де, К.Ахановтың өзінің тіл біліміне
қатысты еңбектерінде шақ категориясы туралы «Грамматикалық категориялардың бірі – шақ категориясы
етістіктерге тән категория ретінде танылады. Бұлай болуы заңды да: қимыл, іс-әрекет уақыт ұғымымен
тығыз байланысты, ол белгілі бір мезгілде өтетің процесс ретінде ұғынылады» [3,145] деп айтқан
анықтамасы да бір-біріне жақын деуге болады. Ал ғалым Қ.Жұбанов өз грамматикасында етістіктің
шақтарын өз таным-түсінігі бойынша көп тұста басқа зерттеушілерге қарағанда өзгешелеу жіктейді.
Мәселен, «сөйлеп тұрған кезден бұрын болған іс» [4,388] деп көрсететін өткен шақты өз ішінде тоғызға
бөліп қараған ол әр сипатына жеке-жеке атау ұсынады. Яғни, бұлай ерекшелеу түрі қазіргі тіл білімінде
аракідік болғанымен осы күйінде атаушылық жоқ.
Ы. Маманов еңбектерінде шақ категориясына былайша сипаттама беріледі: «Грамматикалық шақ
категориясының қарастыратын мәселесі, обьектісі – істің, қимылдың болған нақты мезгілі де емес, нақты
мезгілін білдіретін жеке сөздер де емес, шақтық мағына білдіретін етістіктің қалыптасқан грамматикалық
формалары. Шақ формалары істің, қимылдың нақтылы өту кезін дәл көрсетпейді. Олардың шақтық
мағынасы абстракт түрде сөйлеу кезімен өлшенеді. Былайша айтқанда, етістіктің шақ формалары сөйлеу
кезінен бұрын, сөйлеу кезінен кейін және сөйлеу кезінде болатын қимылдың, уақиғаның уақытын жалпы
түрде көрсетеді» [5,72]. Ғалымның тұжырымдауынша, қимылдың, уақиғаның дәл өту мезгілін сөйлемде
нақты түрде мезгіл үстеулерімен және жыл санын көрсететін сан есімдермен тіркесу арқылы ғана білдіре
алады. Бұл тұжырымның функционалды грамматиканың зерттеу нысанына сай айтылғандығын айту
керек. Сөйлеуде шақтық мағына, Ы.Маманов көрсеткендей, лексикалық бірліктер арқылы ғана анық
көрінеді.
Ы.Маманов шақ формаларының мағыналық ерекшелігіне баса назар аударған. Шақ түрлерінің
атаулары шартты түрде алынған терминдер деп көрсетеді. Өткен шақ формаларының түрлі жағдайларда
кездесетінін атап көрсетіп, олардың арасындағы айырмашылық әр түрлі мезгілдік мағына білдіруінде
емес, әрқайсысына тән өзіндік семантикасында екендігін дәлелдейді. Ендеше ғалымның өткен шақтың әр
түріне байланысты көрсеткен мағыналық реңктің сөйлемде берілуіне тоқталайық:
1. Жедел өткен шақ формасы сөйлеушінің сөйлеу кезінен бұрын болып өткен қимылды жай хабарлау
түрінде баяндауын білдіреді (Мен кітапханаға кеттім).
2. Бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болған істі жай хабарлау түрінде
емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл
аудару керек болған жағдайда қолданады (Мен ол жігітті жақсы танимын, институтта бірге оқығанбыз).
3. Бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болып өткен істі, қимылды өз
көзімен көрмей, екінші бір адамның айтуымен немесе басқа бір жағдай арқылы білдірсе, оны ежелгі өткен
шақ формасында баяндайды (Қайырбек кеше Москвадан қайтыпты).
4. Дағдылы өткен шақ сөйлеу кезінен кем дегенде жарты не бір жыл бұрын болып өткен істі, қимылды
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
81
білдіреді және істің, қимылдың ертеректе бірнеше рет қайталанып, әдетке, дағдыға айналғандығын
көрсетеді (Әбдірахман әкесі үшін қатты қиналып, оңашада ұзақ ойланып жүруші еді).
5. Қатысты өткен шақ формалары сөйлеу кезінен бұрын болып өткен іс, қимылмен ұштасып, соған
байланысты өткендігін немесе белгілі бір мезгіл ішінде өткендігін көрсетеді (Мен кеше киноға барып
едім).
Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары бұрынғы өткен шақтың
формаларын жасаушылар екені белгілі. Олардың беретін анықтамаларына қарсақ та, Қ.Жұбанов ізін
көруге болады. Н.Сауранбаев «Бұрынғы өткен шақта болған істің айқын, ақиқат екендігі тұжырымды
болып көрсетіледі» [2,131] деген анықтамамен түсіндірсе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында « Өткен
шақдеп сөйлеу кезінен бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын
айтамыз»,-деп, анық (айғақты), танық (айғақсыз), неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ түрлері көрсетілген
[6,328]. Осындай құбылыстарды жинақтаған Ы.Маманов: Қазақ тілінде еді көмекші етістігі күрделі шақ
формаларын жасауда үлкен рөл атқарады. Бұл есім сөздермен және етістіктің кейбір формалармен
тіркесіп, сол тіркескен сөздеріне әр түрлі грамматикалық рең береді. Солардың ішінде еді көмекші етістігі
өткен көсемше (-п/ -п/ -іп), өткен шақ есімше (-ған/ -ген/ -қан/ -кен) және қалып етістіктерімен (отыр, тұр,
жатыр, жүр) тіркесіп, қатысты өткен шақ формаларын жасайды, - дейді [5,112].
Ал келер шақ жөнінде ғалым «сөйлеу кезінен кейін болатын істі, қимылды білдіретін етістік формасы»
деген анықтама береді де, оның үш түрін көрсетеді: а) ауыспалы келер шақ (жаз+а+мын), ә) болжалды
келер шақ (жаз+ар+мын), б) ниет келер шақ (жаз+бақ+пын).
Ауыспалы келер шақ формасы дәл сөйлеу кезіндегі болып жатқан істі, қимылды білдіре алмайтын,
оның негізгі мағынасы – осы шақтық емес, келер шақтық. Ал осы шақ мағынасында жұмсалуы оның
ауыспалы мағынасы екендігін білдіреді. Яғни бұл мағына контекске байланысты анықталады.
Әрбір шақ формаларының шақтық мағынасы сөйлемде мезгіл үстеулерімен тіркескенде айқындала
түсетіні белгілі. Бұл тұрғыдан ғалым мезгіл үстеулерін горизонтальды және көлемдік деп екіге бөледі.
Мезгіл үстеулерін етістік формаларын тіркестіре отырып, тұжырым жасайды: горизонталь мезгіл
үстеулері (әлгінде, кеше, баяғыда, былтыр, біраздан, ертең, бүрсігүні, ендігі жылы т.б.) өткен шақ және
келер шақ етістік формаларымен тіркесіп, осы шақ формасымен тіркеспейді. Ал көлемдік мезгіл үстеулері
(қазір, бүгін, осы кезде, осы айда, биыл т.б.) етістіктің өткен шақ, келер шақ, осы шақ формаларымен
түгел тіркесе береді(Биыл келдім. Биыл келемін. Биыл келіп жүрмін). Сөйтіп, ауыспалы келер шақ көп
жағдайда жалпы осы шақ мағынасын беріп, кейде алдыңғы сөйлемнің әуеніне қарай өткен шақтық
ұғымда да жұмсалатындығына тоқталады [5,115].
Ы.Маманов болжалды келер шақ формасын сөйлеушінің сөйлеу кезінен кейін бір қимылдың, істің
болу-болмауы туралы сенімді түрде айтпай, болжай айтуын білдіреді деп түсіндіреді. Сонымен бірге,
субъективтік мәнде сөйлеушінің бір іске көзқарасын білдіретіндіктен, болжалды келер шақты ашық райға
жатқызбайды.
Ғалым –мақ, -мек... –мақшы, -мекші.. жұрнақты есімшенің жіктелген түрін ниет келер шақтың
грамматикалық көрсеткіші қызметін атқарады деп таниды. Болжалды келер шақ сияқты ниет келер шақ
формасы да сөйлеу кезінен кейін болатын қимылды, істі объективтік шындық түрінде білдірмейді. Мұнда
сөйлеушінің немесе қимыл иесінің болашақта бір істі, қимылды орындау туралы ниетін, ойын білдіреді,
яғни қимылға субьективтік қатысты білдіреді.
Ниет есімшеге «еді» және «бол» көмекші етістіктері тіркесіп ниет өткен шақ формасын
жасайтындығын айтады. Сонда қимылдың өзі келер шақпен де, өткен шақпен де ұштасып жатады екен.
Мысалы, «Қапан келесі айда қайтпақшы еді» десек келер шақты, «Қапан былтыр қайтпақшы еді» десек
өткен шақты білдіреді. Сөйтіп, ғалымның пікірінше, болжалды келер шақтағыдай ниет есімшенің «еді»
және «бол» көмекші етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалған күрделі формасы ашық рай мәнінде белгілі
грамматикалық шақ мағынасын білдірмейді.
Ы.Маманов етістіктің осы шағына мынадай анықтама береді: «Осы шақ – сөйлеу кезінде болып
жатқан қимылды білдіретін етістік формасы». Қазақ тілінде осы шақты білдіретін арнайы грамматикалық
морфема жоқ. Осы шақ қалып етістіктеріне және созылыңқы сипатқа жіктік жалғауы тікелей жалғану
арқылы жасалады деп қорытынды шығарады. Етістіктің ауыспалы келер шақ формасы қимылдың әр
түрлі ағымын білдіріп, осы шақ мағынасында жұмсалады деп көрсетеді. Ал осы шақ мағынасы оның
ауыспалы мағынасы екендігін айтады.
Шақ категориясына байланысты Ы.Мамановтың ой-пікірлерін сараптай келе, оның төмендегідей
мәселелерге қатысты пікірлерін орынды деп есептейміз:
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
82
1. Етістіктің шақ формалары қимылдың, уақиғаның уақытын жалпы түрде көрсетеді. Ал дәл өту
мезгілін жыл санын көрсететін сан есімдермен тіркесу арқылы және мезгіл үстеулері арқылы білдіре
алады.
2. Шақ формаларының арасындағы айырмашылық - әр түрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес,
олардың әрқайсысына тән өзіндік семантикасында.
3. Болжалды келер шақ субъективтік мәнде сөйлеушінің бір іске көзқарасын білдіретіндіктен, ашық
райға жатпайды. Тек мақал-мәтелдерде ғана ашық рай мәнінде айтылады.
4. Ниет есімшенің «еді» және «бол» көмекші етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалған күрделі
формасы ашық рай мәнінде белгілі грамматикалық шақ мағынасын білдірмейді (бармақшы болды – кеше
бармақшы болды – ертең бармақшы болды).
5. Етістіктің ауыспалы келер шақ формасы қимылдың әр түрлі ағымын білдіріп, осы шақ мағынасында
жұмсалады. Ал осы шақ мағынасы – оның ауыспалы мағынасы. Ғалымның етістік шақтарын мағыналық
жақтан топтағанда оған қойылатын атаулар шартты түрде алынды деген пікірі өте орынды. Өйткені бұл
атаулар кейінгі ғалымдар еңбектерінде әлденеше өзгеріске түсті деп есептейміз. Ы.Маманов қазақ
тіліндегі көмекші етістіктер мәселесін зерттеуде қалып етістіктеріне арнайы тоқталып, оларды
созылыңқы шақ көрсеткіштері деп таниды [ 5,172].
Сонымен, қазіргі қазақ тіл білімінде етістіктің шақ категориясы біршама зерттелгенімен, әлі де шешуін
таппаған мәселелер баршылық. Оларды оқулықтарда, лингвист ғалымдардың монографияларында шақ
категориясының әр түрлі топтарға бөлініп, түрліше аталып жүргенінен байқаймыз. Бұл - аталған
грамматикалық категорияның әлі де зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
1.
Қазақтілініңграмматикасы. -А., 1967. - 264 б.
2.
Сауранбаев Н.Қазақтілі. -А., ОПБ., 1953. - 220 б.
3.
Аханов К. Грамматика теориясыныңнегіздері. -А.: Мектеп, 1972. -215 б.
4.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - өңд., 3- бас. -А.: Мемлекеттік тілді дамыту
институты, 2010. - 608 б.
5.
Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -А.: Арыс, 2007. - 488 б.
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. -А.: Ана тілі, 1991. - 384 б.
УДК: 811.512.12237
АУДАРМА ТЕРМИНДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК-СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
А.Т. Қоңырова - ф.ғ.к.,
Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы
Тірек сөздер: аударма, термин, этнолингвистика, метатіл, қазақ тіл білімі, когнитивтік құрылым, контрастивті
лингвистика, лингво мәдениеттану, мәдениаралық коммуникация, сигнификативтік мағына, құрылымдық мағына,
парадигматикалық құрылымдық мағына,
Аннотация: В данной статье рассматривается виды переводческих терминов в казахском языке, виды
мотивированности слова, их взаимодействие и роль в лексическо-семантических изменениях. А также
рассматривается проблемы когнитивно-семантической системыпереводческих терминов. В данной системе
рассматривается языковая природатерминов с точки зрения семасиологической, ономасиологической и когнитивной
лингвистики.
Ключевые слова:природы переводоведческих терминов, «языковая картина мира»,терминологическое поле,
терминологическая система, концептуальная структура,теория мотивации и ономасиологии, когнитивная
лингвистика и лингвоконцептология.
Abstract:This article examines the kinds of translation of terms in the Kazakh language, types of motivation words, their
interaction and role in lexical and semantic changes. And also consider the problem of cognitive-semantic
sistemyperevodcheskih terminov.V the system language is considered from the standpoint of prirodaterminov semasiological,
onomasiological and cognitive linguistics.
Keywords:nature of of translating terms,"language picture of the world", terminological field, terminological system,
conceptual structure, theory of motivation and onomasiologičeskoj, cognitive linguistics and lingvokontseptologiya.
Бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой
танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан
этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвистикалық
елтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
83
тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Бұл жағдай
қазіргі таңдағы мемлекеттік мәртебесіне сәйкес әлеуметтік, қоғамдық, коммуникативтік қызметі ерекше
өзектелу үстіндегі қазақ тіліндегі терминологиялық жүйеге де тікелей қатысты.
Ғалымдардың ғылым метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз
байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану
үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа
бағыттарымен тығыз байланысты.
Осы орайда қазіргі кездегі қазақ тіл білімі метатілінің бір құрамдас бөлігі, жеке бір терминологиялық
жүйе, жаңа ғылым саласы–аударма терминдерін даралап, когнитивтік-семантикалық құрылымын
зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстарды санада қалыптастырып қана
қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-
санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың
тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Осы қағидаға сәйкес терминдерді де адамның табиғи танымына белгілі деңгейде өлшем бола алатын
когнитивтік құрылым ретінде арнайы қарастырамыз. Термин біздің зерттеуімізде субъектінің қабылдауы,
ойлауы, танымы және практикалық әрекеті арқылы тілде тұтылған білімдердің байланысы, адам
санасында ғаламның ғылыми бейнесіндегі ұйғарылған түсінігі ретінде анықталады.
Сонымен қатар, бұл тектес зерттеулер тілдік құрылымды тереңдеп қарастыруды мақсат етеді, өйткені
қазіргі кезде тілді антропоөзектік бағытта зертеу тілді «өз ішінде» ғана емес, тілден тыс, яғни, ақиқат
шындықпен тығыз байланыста қарауды қажет етеді.
Тақырыпқа сай тілдік бірліктердің семасиологиялық, ономасиологиялық, когнитивтік қырларын
сабақтастықта зерттеудің мәні ерекше. Аударма терминдеріне когнитивтік-концептуалдық талдау жасау
мен сол атаулардың ономасиологиялық негізін уәжтанумен байланысты сабақтастыра зерттеу.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударманың
лингвистикалық теориясы.
Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа
салалардың бірі. Тіл білімінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың әрқайсысының
өзіне тән ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараты болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары,
ұғымдар жүйесі мен терминдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, аударматану саласындағы
терминологиялық жүйенің тілдік, соның ішінде, лексикалық ерекшеліктерін айқындау, аталған
терминологиялық жүйе шеңберіндегі ұғымдар жүйесі мен сипаты сияқты тілдік фактілерге талдау жасау
бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Тілдің өзі нысан ретінде алынатын зерттеулерде тіл білімі терминдері жүйесінің бірлігі «метатіл» деп
аталады. Мамандар арасында «метатіл» анықтамасы туралы пікірлер көп: метатіл – «екінші дәрежедегі»
тіл 1, 7 ; «метатіл» – ерекше семиологиялық жүйе 2, 3 ; тіл білімінің «метатілі» – терминдер арасындағы
жүйелі қатынастар мен жалпы ғылыми лексиканы білдіретін күрделі құбылыс 3, 297 және т.б.
Әрбір ғылым саласының дамуы тіл білімі метатілінің дамуын талап етеді. Белгілі бір ғылымның, оның
ішінде, аударматану саласы метатілінің қалыптасуы мен дамуына өзара байланысты бірнеше себептер
ықпал етеді: аударма теориясы бағытындағы зерттеулердің күрделенуі мен тереңдеуі; аударма
теориясында жаңа бағыттардың пайда болуы; жаңа терминдік бірліктердің пайда болуы; жаңа
концептуалдық аппараттың қалыптасуы мен белгілі терминдердің жаңа мазмұнмен толығуы. Соңғы
жылдары аударма мәселесі көптеген лингвистикалық қырларынан қарастырылып келеді. Мысалы,
психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика, мәдениаралық
коммуникация, салғастырмалы стилистика және т.б.
Осы тұрғыдан алғанда, терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл
аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің
семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен
байланысты.
Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін зерттеуші Л.А.Новиков өзінің зерттеуінде
мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады 1 :
1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа (ұғымға, мән-
мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады). Ол сөздің толық семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-
мағыналық көрінісін айқындайды. Мысалы, аударматану – аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде
зерттейтін тіл білімінің саласы; жағдаят – сөйлеу әрекеті сәтінде болатын немесе айтылымда
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
84
сипатталатын шындыққа сай болмыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы; түпнұсқа – аудармадағы
бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен жасалады) т.б.;
2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі). Бұл мағына семиотика
теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы
анықталады. Осы негізде ол өз ішінде синтагматикалық құрылымдық мағына және парадигматикалық
құрылымдық мағына түрлеріне бөлінеді:
а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-синтагматикалық
аспектісі). Құрылымдық мағынаның бұл түрін валенттілік деп те атайды. Мысалы, аударма тілі,
аударма теориясы, аударма процесі, аударма бірлігі, аударма лингвистикасы, аударма нормасы,
аударма баламалығының нормасы және т.б.
ә) парадигматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-парадигматикалық
аспектісі). Ол белгілі бір топ құрайтын лексикалық бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы
мағыналарын белгілейді. Мәселен: аударма→жазбаша аударма→көркем аударма .
3) Прагматикалық мағына (лексикалық мағынаның прагматикалық аспектісі). Мағынаның бұл түрі,
негізінен, сөздің эмоционалды және экспрессивті-стилистикалық сипатын көрсетеді. Сондықтан
бағалаудың спецификалық тілдік көрінісін белгілейтін лексикалық мағынаның бір түрі болып саналады.
Ол аталымның экспрессивті түрінде ғана орын алады;
4) Сигматикалық (заттық, денотативтік, жағдаяттық) мағына (лексикалық мағынаның сигматикалық,
заттық, жағдаяттық аспектісі). Сигматикалық мағынаның атқаратын негізгі қызметі тілдік бірліктердің
нақты жұмсалуы мен белгілі коммуникативтік міндетті атқаруымен байланысты. Мысалы, «Жоғарыда
айтылғандай сорақы кемшіліктер осы аудармалардың көпшілігінде-ақ бар» (Қ.Аманжолов, Шығ.жин.);
«Бірақ та, мен де бір кезде асқан ақындық шеберлікті керек қылатын аудармашылық өнерге ден
қоярмын деген игі тілектің жетегінде болатынмын» («Қаз.әдебиеті»); «Абайдың өз шығармалары мен
аударушылықеңбегі қатар жүріп отырған» (Ғ.Мүсірепов). Байқап отырғанымыздай, метатілдік
бірліктердің мағынасы лексикалық мағынаның үш түрінде ғана көрініс табады.
Сонымен, тіл білімінде «термин-мағына-ұғым» мәселесіне қатысты үш түрлі көзқарас қалыптасты:
1.Терминдердің лексикалық мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық сәйкес келе бермейді
(Л.С.Ковтун, Д.Н.Горский, К.Н.Левковская);
2.Терминдердің лексикалық мағынасы бар және ол сол ұғымды толық сипаттайды (Е.М. Галкина-
Федорук, П.С.Попов, А.Шафф);
3.Терминдер – ұғыммен сәйкес келетін лексикалық мағынаға ешбір қатысы жоқ тілдік бірліктер
(В.А.Звегинцев, А.А.Реформатский, Л.Н.Капанадзе).
Сонымен бірге, «Терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес, мазмұн межесінде, яғни, оның
мағына сипатында. Ғылыми термин – бұл ғылыми ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік.
Бірақ бұл мағына ғылыми ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді» деген пікірлер
бар екені белгілі 4, 37 .
Біздің ойымызша, термин-сөздер – ғылыми ұғымдарға сәйкес келетін арнайы терминологиялық
лексикалық мағынасы бар тілдік құрылымдар.
Аударматану саласының терминологиялық жүйесіне жататын терминдердің барлығына бірдей ортақ
сема (архисема) – «аудару ісі» болып табылады. Бұл – «аудару» мағынасын білдіретін өзекті сема.
Жалпылаушы сема барлық терминдік атауын «аударма» деген жалпы атау төңірегіне топтастырса,
даралаушы сема әр терминдік бірліктің «көркем аударма», «сөзбе-сөз аударма», «төлтума аударма»,
«толыққанды аударма», «еркін аударма», «баламалы аударма» секілді мағыналық ерекшеліктерін
көрсетеді.
Жалпы қолданыстық мағыналарында болмайтын термин семемасының нақтылаушы кәсіби
семаларының қайталануы бір ғылыми ұғымның тілде екі түрлі лексемасының болуымен түсіндіріледі.
Осыған байланысты сема табиғатын арнайы зерттеген М.Ш.Мұсатаева еңбегінде семалар
классификациясының өзгеше жіктемесін кездестіруге болады 5, 204 :
1) Референттілік қасиеті тұрғысынан: экстралингвистикалық және лингвистикалық;
2) Міндеттісема (актуалдыланған, интенсионалды);
3) Прагматикалық мәртебесі мен білдіретін ақпарат сипатына орай: денотативті және
коннотативті;
4) Импликационалдысемалар (жасырынды, қосымша, потенциалды);
5) Білдіретін ақпараттың категориалдық мәртебесі тұрғысынан: архисемалар мен дифференциалды
семалар;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
85
6) Семалардың иерархиялық қатынасы тұрғысынан: маркерлер мен дистингвишерлер немесе
логикалық белгісі бойынша – гиперсемалар мен гипосемалар;
7) Ұғым сипаты бойынша: терминологиялық және терминологиялық емес семалар;
8) Тіл мен сөйлеу тұрғысынан: узуалды және окказионалды;
9) Сема құрамының тіркесімділік қасиеті бойынша: болымдыжәнеболымсыз.
Қазіргі таңда «тіл мен мәдениет», «адам және тіл» байланысын когнитивтік тұрғыдан қарастыру өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Когнитивті бағыттың маңыздылығы мен өзектілігі оның тек қана
теориялық лингвистикадағы контексті полипарадигматизміндегі доминанттылығында ғана емес, сонымен
бірге ауқымды кең ғылыми бағдар ұсынуында,мәселен, тілдік құбылыстарды экспликациялау, тіл мен
мәдениет байланысындағы адамның рөлі, адам және тіл мәселесі, басқа тіл құбылыстарын және
аппаратын қарастыру (Е.С.Кубрякова, Ю.Д.Апресян, В.З.Демьянков, В.В.Колесов, Е.В.Рахилина,
В.Б.Касевич, Ю.С.Степанов және т.б.). «Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің
шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм
негізінде туындайды» [6, 9].
Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады. Өйткені бұған дейінгі
дәстүрлі семантикалық, жүйелі-құрылымдық парадигмалар жоққа шығарылмай, қайта керісінше,
терминологиялық процестерді жаңа тұрғыдан зерттеп ұғынуға ұмтылыс жасайды. Когнитивтік
лингвистика жалпы лингвистиканың аумағынан шыға отырып, философия, психология, логика,
әлеуметтану пәндерімен байланыс жасап, осы саладағы ғылымның ауқымын кеңейтеді.
Әр ұлт тілінде дүние, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік фактілер арқылы таңбаланып,
қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, негізінен, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі
жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын
лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін
құраса, құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып-білуге болады.
Ғаламның ғылыми бейнесі мен тілдік бейнесі арасындағы айырмашылықтар турасында ғалым
В.В.Воробьев төмендегідей тұжырымдаманы ұсынады [7, 9]:
1) когнитивтік жүйе әмбебап сипатта болады, оның көлемі мен тұтастығындағы айырмашылық түрлі
ұлт өкілдері өркениетінің деңгейіне байланысты. Лексикалық жүйе ұлттық сипатта болады, түрлі
тілдердің лексикалық жүйелері арасындағы айырмашылық, алдымен, ішкі бөліктерге бөлінуіне
байланысты (Осы тұрғыдан келгенде, терминдер әмбебаптық сипатқа ие болғандықтан, когнитивтік
жүйенің негізгі бір бөлігін құрайды);
2) функционалдық айырмашылықтарға келсек, когнитивтік жүйе тану процесі мен еңбек әрекетіне
бағытталған болса, лексикалық жүйе коммуникацияға бағытталған (Терминдер аталған екі қызметті де
атқаруымен ерекшеленеді);
3) генетикалық тұрғыдан когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге қарағанда алғашқы болып табылады
және табиғатынан консервативтік саналатын лексикалық жүйеге қарағанда тезірек қарқынды жетіліп,
дамып отырады (Генетикалық тұрғыдан терминологиялық жүйе лексикалық жүйенің бір бөлігі болып
табылады. Бірақ даму тұрғысынан когнитивтік жүйенің құрамдас бір бөлшегі деп қабылдауға болады);
4) когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге және жалпы тілдік жүйеге қарағанда толығырақ, байырақ
болып көрінеді, лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады
(Терминологиялық жүйе терминдік қоры жағынан лексикалық жүйе секілді когнитивтік жүйенің бір
бөлігі болып саналады).
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор.
Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің
коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, оны
концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп
қарастыруға болады. Бұл арада тілмен тікелей байланыс мазмұнды аспект арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан концептуалдық құрылымның өзі де белгілі бір семантикалық және ұғымдық категориялармен
сипатталады. Бұл үшін біз «сема» немесе «семантикалық белгі» категорияларын қолданғанды жөн көрдік.
Егер терминді тек жеке сөз ретінде ғана қабылдамай, оны белгілі бір терминологиялық жүйе бірлігі
ретінде қабылдайтын болсақ, онда ол өзінің негізінде бүкіл сол жүйенің құрылымдық және мазмұндық
жақтарын сипаттауымен қоса, онымен семантикалық қатынаста болуы тиіс. Яғни, бір жеке терминнің
концептуалдық құрылымын айқындау арқылы сол терминологиялық жүйенің де концептуалдық
құрылымын анықтауға болады.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
86
Біздің зерттеуімізде «концептуалдық құрылым» терминісөздің терминологиялық мағынасының
семантикалық белгілер жиынтығын, олардың иерархиялық құрылымын көрсетеді.
Концептуалдық құрылым категориясы жекелік (жеке термин) пен жалпылық (терминологиялық жүйе)
арасындағы диалектикалық байланысты экспликациялауға мүмкіндік береді. Жеке термин
концептуалдық құрылымының семантикалық негізі жалпы терминологияның мазмұн межесіндегі
жүйелілік сипатын айқындайды.
Концептуалдық құрылымның жұмсалымдық негізі терминнің когнитивтік-семантикалық ерекшелігін
айқындауға, лингвистикалық логикалық (білім) бірлігін көрсетуге бағытталады.
Терминологиялық жүйелердің концептуалдық құрылымын айқындаудың практикалық маңызы арнайы
ұғымдар жүйесі мен тұрақты тілдік тәсілдер байланысының экспликациялануында болып табылады.
Когнитивтік семантика тілді түсіну және қолдану мәселесін негізгі назарға ала зерттеп, мағына санада
кодталатын процесс, ғаламның тілдік, ғылыми бейнесін құрушы элемент екені ескеріледі. Соның
нәтижесінде когнитивтік процестің «әрекет етуші әрекет мақсат нәтиже» қатынасы негізінде ғана
жүзеге асатыны мойындалады. Әрекет етуші (сана, аралық әлем) әрекетті белгілі бір мақсат көздеп
жасайды және ол белгілі бір нәтижеге бағытталады. Ал нәтиже – обьективтік шындықтың тілдік
бейнеленген формасы (мағына, мазмұн), концептуалды жүйесі (семантикалық құрылымдар – терминдер,
терминдік бірліктер, кәсіби атаулар т.с.с.), ал ол мағына – санада кодталатын процесс. Ғылыми танымның
кодталуы әрекет түрінде сөз, дыбыстық құрылым мен мазмұн бірлігі арқылы ойша және бейвербалды
емес, вербалды түрде жүзеге асады. Вербалды түрде кодталған ғылыми, тілдік таным мағынасы
(терминдер, терминдік бірліктер т.б.) ғаламның ғылыми бейнесі ретінде көрініс береді. Ал обьективті
дүниені тану, яғни, тілдің шындықты тануға бағытталуы мақсат ретінде анықталады.
Аударма коммуникациялық қарым-қатынаспен тығыз байланысты практикалық қызмет атқаруымен
сипатталады. Аударманың тілдік негіздеріне мыналар жатады: 1) аударма алғашқы емес, қайталанатын
қызмет; 2) бұл қайталанатын қызмет табиғи тілдердің материалы негізінде тілдің нормалық-бағалау
сәйкестігі жолымен жүзеге асады. Яғни, бұл – тілдік-мәтіндік қызмет.
А.Попович аударма процестерін зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер мен ұғымдарды
енгізді. А.Попович енгізген «мәтін түпнұсқа мәтіні протомәтін», «екінші деңгейдегі мәтін аударма
мәтіні метамәтін» деген терминдер тілде түпнұсқа және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп
аталатын зерттеу аппаратына кірді. А.Поповичтің пікірі бойынша, протомәтін-метамәтін қатынасы
инвариант пен вариант арақатынасы бойынша құрылады. Ғалымның пайымдауынша, «метамәтін жоғары
деңгейде протомәтінді қайталай алмайды. Себебі мұнда ең басты рөлді атқаратын – автор-аудармашы, ал
метамәтін авторлық стратегияның құндылығы болып табылады» [9, 184].
Бұл терминдер денотаттағы ақпаратты дәлірек ашып беруге және аударма процесін талдау барысында
дұрыс бағытты ұстануға септігін тигізеді.
Қазақ тілінің терминологиясында ерекше терминологиялық жүйе ретінде орын алатын аударматану
терминдері тек тілдік тұрғыдан ғана емес, когнициямен байланысты зерттеліп, олардың
экстралингвистикалық қырлары когнитивтік лингвистика аясында концептологиялық қасиеттерінің
анықталуы арқылы және «ғаламның тілдік бейнесі» теориясына сай лингвокогнитивтік негізде кешенді
түрде анықтала алатындығы айқындалды.
Аударматану терминдері болашақта терминдер мәселесін салғастырмалы лингвистика,
психолингвистика тұрғысынан қарастыруға, кез келген ғылым мен білім саласы терминдерінің
когнитивтік концептосферасын қалыптастыру мен біріздендіру мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
Терминдер мәселесі кез келген тілдер материалында сол халықтың ұлттық когниция ерекшеліктерімен
жете танысуға мүмкіндік береді.
1 Новиков Л.А. Семантика русского языка. – М., 1982. – 173 с.
2 Ахманова О.С. Предисловие// Словарь лингвистических терминов. – М., 1966. – 608 с.
3 Лингвистикалықэнциклопедиялықсөздік. – М., 1990. – 685 с.
4 Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. – М., 1974. – 197с.
5 Мұсатаева М.Ш. Двуязычная лексикография: тенденции и перспективы. – Алматы: РИО ВАК
РК, 2000. –204 с.
6 Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие.–Минск.: Тетра Системе, 2004. –225.
7 Воробьев В.В. О русской национальной личности в языке и культуре // Язык и культура. – 1998.
– ч.1.- С.52-57.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
87
9 Попович А. Проблемы художественного перевода. – БГК им. И.А.Бодуэна де Куртенэ, 2000. –280.
10. Левицкий В.В. Виды мотивированности слова, их взаимодействие и роль в лексико-семантических
изменениях // Материалы семанара по проблемам мотивированности языкового знака. – Л.: Наука, 1969.
– С.21-25.
Достарыңызбен бөлісу: |