Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата27.01.2017
өлшемі2,38 Mb.
#2802
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35

УДК 316.722 
«МӘДЕНИЕТ» ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ 
 
А.О. Устемирова – магистрант 
 
 Аңдатпа:  Автор  бұл  мақалада  қазіргі  қоғамдық  ғылымдарда  жиі  ұшырасатын  «мәдениет»  термині  іргелі 
ұғымдар  екенін  көрсетіп  кетеді.  Мәдениет  ұғымының  қалыптасу  тарихына  сипаттама  бере  отырып,  «мәдениет» 
сөзінің  екі  түрлі  мағынасын  ашып  көрсетеді.  Бұл  мақалада  «мәдениет»  сөзінің  ауыспалы  мағынасы  арқылы 
табиғаттаға түзілістен бөлек, одан басқа адамның қолымен жасалған дүниелер түсінігі жайында айтылады. Жалпы 
мәдениеттің адамнан тыс тұра алмайтындығы, онсыз өмір сүре алмайтындығы қарастырылған. Автор мәдениеттің 
көрінісі саналатын салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, жалпыға бірдей келетін ортақ тәртіптер мен ережелер әр халықта 
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады деген қорытындыға келеді. 
 Кілт сөздер: мәдениет, болмыс, әлеуметтік фактор, нормативті фактор, таным. 
 Аннотация: Автор в этой статье рассматривает термин фундаментального понятия «культуры», который часто 
встречается в современных общественных науках. Описывая историю становления понятия «культуры», раскрывает 
два значения данного термина. В этой статье говорится не только о переносном общепринятом значении термина 
«культура»,  но  и  о  понятии  искусственно  созданного  мира.  Рассматривается  то,  что  культура  неотъемлeма  от 
человека,  и  имеет  неразрывное  существование  с  ним.  Автор  приходит  к  заключению,  что  в  каждом  народе  от 
поколения к поколению передаются культурное богатство обычаев, традиции и общепринятые морально этические 
нормы.  
 Ключевые слова: культура, бытие, социальный фактор, нормативный фактор, познание 
Abstract:  The  author  of  this  article  examines  the  fundamental  concept  of  the  term  "culture",  which  is  often  found  in 
modern social sciences. By describing the history of formation of the concept of "culture", the author reveals two meanings of 
the  term.This  article  discusses  not  only  of  conventional  figurative  meaning  of  "culture",  but  also  about  the  concept  of  an 
artificially created world. In this article considers that the culture is inseparable from human and has an indissoluble existence 
from  it.  The  author  concludes  that  in  every  nation  from  generation  to  generation  passed  the  cultural  richness  of  customs, 
traditions and generally accepted moral ethical standards. 
 Key words: culture, existence, social factor, regulatory factor, cognition 
 
Қазіргі  қоғамдық  ғылымдарда  жиі  ұшырасатын  «мәдениет»  термині  іргелі  ұғымдардың  бірі  болып 
табылады. Бұл  терминнің  этимологиясы  мен ғылыми айналымға енуі туралы  көптеген  зерттеушілердің 
еңбектерінде  аз  айтылған  жоқ.  Олардың  қатарына  М.С.Каган  [1],  А.Арнольдов  [2],  С.Артановский  [3] 
және тағы да басқа ғалымдарды атауға болады.  
«Мәдениет» терминінің шығу төркіні шетел тілдері сөзігінде былайша көрсетілген: латынша «cultura» 
-  бастапқыда  өңдеу,  егу,  айдау  деген  ұғымды  білдірген  [4,  499  б.].  Яғни  ауыл  шаруашылығындағы  жер 
телімдерін  өндеуге  қатысты  сөз  болып  табылады.  Кейін  уақыт  өте  келе  бұл  сөздің  семантикалық 
құрылымына  «табыну»,  «оқып  шығу»  секілді  мағыналық  реңктер  қосылған.  Дегенмен  көне  рим 
цивилизациясы кезеңінің өзінде-ақ бұл сөздің бойында келесі мағыналар болған. Мәселен, атақты римдік 
шешен  Цицеронның  еңбегінде  мәдениет  терімсөзі  агротехникалық  термин  ретінде  емес,  ауыспалы 
мағынада қолданылған және ол білдірілген ауыспалы мағынасы «адамның жаны мен ақылының жасауы» 
дегенге  саяды.  Мәнмәтінде  бұл  «мәдениет»  деген  сөздің  ауыспалы  мағынасы  арқылы  табиғаттағы 
түзілістен  бөлек,  одан  басқа  адамның  қолымен  жасалған  дүниелер  түсінік  қалыптасқан.  Осылайша, 
«мәдениет» сөзі латынның екінші бір «табиғи» деген ұғымды беретін сөзіне қарсы қойылған. Осы кезден 
бастап мәдениет түсінігі осы арнада, осы бағытта түсінілетін болған.  
Сонымен,  мәдениет  дегеніміз  –  адамзат  баласының  ақыл-ойы  мен  маңдай  терінен  туындаған 
жетістіктердің бәрін қамтиды [5, 14 б.].  
Мәдениет бұл ұғымда он жетінші ғасырдың соңына дейін қолданылып келді. Алайда Ағартушылық 
дәуірінің  соңына  қарай  мәдениеттің  бағалауыштық  түсіндірмесі  пайда  болып,  осыған  сәйкес  аталған 
терминде  бағалауыштық  мағына  компоненті  қалыптасты.  Сөйтіп,  мәдениет  өмірдің  жайлы,  ыңғайлы 
жағдайларымен теңестіріліп қаралды.  
Дәл осы түсіндірме-интерпретацияда аталған термин он сегізінші ғасырда Германияға келді. Бірақ көп 
уақыт өтпей-ақ оған жаңа мағына үстелді. Ол мағына білімділік және ағартушылық сөздеріне мағыналас, 
синоним  болды.  «Мәдениет»  терімсөзінің  бұл  жаңа  мағынада  қолданылуы  неміс  заңгері  Самуэл 
Пуфендорфтың есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің «О праве естественном» атты еңбегінде Цицерон 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
88 
қолданған  мәдениет  сөзінің  түсінігінен  алшақ  кетіп,  мәдениет  сөзін  адамның  ішкі  және  сыртқы  табиғи 
болмысын  толықтыратын,  адамды  адамның  өз  әрекеті  нәтижесі  ретінде  жоғары  деңгейде  көрсететін 
жағымды сапалардың жиынтығы ретінде сипаттайды.  
Қалың  көпшілікке  арналған  қазақ  әдеби  тілінің  он  бес  томдық  түсіндірме  сөздігінде  «мәдениет» 
сөзінің  екі  түрлі  мағынасы  ашып  көрсетілген.  Олар:  «МӘДЕНИЕТ  –  ар. 
  зат.  1.Жетілгендік, 
дамығандық,  өркениеттілік;  2.  ф  и  л  о  с.  <лат.  cuitura>.  Адамдардыңөмірі  мен  іс-әрекетінен,  олардың 
материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму 
дәрежесі» [6, 116 б.]. 
Философиялық  сөздікте  бұл  сөзге  берілген  анықтама:  «М  ә  д  е  н  и  е  т  –  адамзаттың  болмыс  пен 
сананың  барлық  салаларындағы  әлеуметтік-прогрестік  шығармашылық  қызметі;  бұл  қызмет  өмір 
шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның кен байлығына айналдыруға, адамның 
мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағыт алады» [7].  
Ал  мәдени-философиялық  энциклопедияда  бұл  терминнің  анықтамасы  төмендегіше  көрсетілген: 
«МӘДЕНИЕТ  –  адамдардың  әлеуметтік  болмысты  сақтау  мен  жаңарту  жөніндегі  қызметі  және  осы 
қызметтің  жемістері  мен  нәтижелері.  Әлеуметтік  болмыс  адамсыз  тірлік  етпейді,  оның  табиғаттан 
айырмашылығы да дәл осы қасиетінде» [8, 172 б.].  
Дегенмен,  мәдениет  ұғымына  қатысты  бірізді  түсінікті  ғылыми  еңбектерден  таба  қою  қиын.  Оған 
өткен ғасырдың сексенінші жылдары өткен философтардың алқалы бас қосуында осы терминге берілген 
екі жүз елуге жуық анықтаманың берлігендігі дәлел бола алады. Бірақ осы анықтамаларда негізге алынған 
шарттарды  топтастыра  келгенде,  мәдениетке  берілген  түсініктемені  әлеуметтік,  тарихи,  нормативті, 
психологиялық, дидактикалық және антропологиялық жағынан қаралған деп топшылауға болады [9, 19-
22 бб.]. 
Әлеуметтік  фактор  мәдениетті  адамдардың  ұжымдық  әрекеттерін  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік 
институттардың ұстанымдары мен идеяларының жиынтығы ретінде ұғынылады. Сөйтіп, қоғамдық өмірді 
ұйымдастырушы фактор болып танылады. 
Тарихи тұрғыда мәдениет адамның тәжірибесімен жасалып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қоғам 
тарихындағы өнім болып саналады. Сонымен қатар, мәдениет ұғымы адам өміріндегі әрекеттерді реттеп 
отыратын  ережелер  мен  тәртіптердің  жиынтығы  деп  түсінілетін  нормативті  фактор  ретінде  де 
анықталады.  
«Мәдениет – бұл өмір сүру бейнесі, біз бірбірімізбен қарым–қатынас жасайтын, ойлайтын, сезінетін 
тіршілігіміз  өтетін  контекст»  ретінде  түсінілетін  мәдениет  ұғымының  негізінде  оны  адам 
психологиясымен өзара байланыста қарайтын психологиялық фактор жатыр. 
Ал  «мәдениетке  бала  кезден  үйренеді  және  мәдениетті  бала  кезден  игереді»  деген  түсінікпен 
астасатын  анықтамада  оның  генетикалық  жолмен  берілмей,  керісінше,  адам  өз  өмірінде  оны  оқып 
үйренетіндігін негізге алатын түсінікке дидактикалық фактор арқау болған.  
Антропологиялық тұрғыдан мәдениетке берілетін анықтамада мәдениет әрекет ретінде танылып, оның 
мәні «адам өмірінің барлық саласындағы әрекет нәтижелерінің жиынтығы» деп түсініледі.  
Мәдениетке  қатысты  бұл  анықтамалардың  барлығы  да  бір  нәрсені  анық  байқатады:  ол  –  мәдениет 
мәселесінің  ғылыми  ортада  қашанда  талқыланып,  зерттеушілерді  қызықтырғандығы  және  мәдениетті 
зерттеудің  бірнеше  бағытын  қалыптастырғандығы.  Ал  бұл  бағыттардың  барлығы  мәдениеттану  деп 
аталатын ғылымның құрамдас бөліктері болып табылады. 
Сонымен қатар, осы мәдениетке берілген анықтамалардың ішінде бәріне ортақ болып табылатын бір 
желіні байқауға да болады. Сөйтіп, осы ортақтықтар негізінде мәдениеттің жалпы сипаттамасын жасауға 
болады және оларды былайша топтастырып бере аламыз:  
1)
 
мәдениет – адам өміріндегі әмбебап құбылыс; олай болса, бірде-бір әлеуметтік топ – социум немесе 
адамзат қоғамы өзіне тән болып келетін мәдениетсіз болмайды;  
2)
 
мәдениет адамдардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде пайда болады; 
3)
 
мәдениет құндылықтар, ережелер мен әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден көрініс табады; 
4)
 
мәдениетке түрлілік тән, оның себебі адамзат тұтастай бір әлеуметтік топ емес: мұны адамдардың 
түрлі 
популяциясы 
әр 
алуан 
этникалық, 
әлеуметтік 
және 
аймақтық 
мәдениеттерді 
қалыптастыратындығымен түсіндіруге болады; 
5)
 
мәдениетке динамикалы сипатқа ие болып келеді, ол адамдардың қызығушылығы мен талаптарын 
қанағаттандыратын  түрлі  тәсілдер  мен  формаларда  жаңаша  сипат  алып  отырады;  әрине,  бұл  тұста 
ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  мәдениет  тұтастай  жоқ  болып,  орнына  жаңасы  пайда  болады 
деген түсінік тумауы керек. Мұнда қоғамдық дамуға сәйкес мәдениет түрлері де жаңаша сипатта көрінеді; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
89 
6)
 
мәдениетті  ұжым  ісінің,  әрекетінің  нәтижесі  десек  те,  оны  тұтынатындар  жеке  тұлғалар  болып 
табылады; 
       7) мәдениет қоғам мен қоғам мүшелерінің өзін-өзі иднтификациялауға арналған негіз ретінде қызмет 
етеді.  Соның  нәтижесінде  өзге  халық  пен  мәдениет  әрекеттестігінде  МЕН,  ӨЗІМДІКІ  және  ӨЗГЕНІКІ 
деген ажырату пайда болады.  
Осы көрсетілген мәдениет туралы берілген барлық анықтамалардың желісінен табуға болатын ортақ 
сипаттар  және  мәдениеттің  анықтамалары,  интерпретациялары  мен  методологиялық  жақтары  бұл 
ұғымның адамзат тұрмысының барлық жағын қамтитын өте күрделі және сан қырлы құбылыс екендігін 
аңғартса  керек.  Осымен  байланысты  мәдениетке  ғылымның  басқа  салаларының  қызығушылықтары 
артып отыр.  
Мәдениет  –  семиотика,  әлеуметтану,  тарих,  антропология,  аксиология,  лингвистика,  этнография 
сияқты  басқа  да  ғылым  салаларының  зерттеу  нысаны  болып  отыр.  Осы  ғылымдардың  әрқайсысы  өз 
саласындағы ерекшеліктермен байланысты жоғарыда мәдениеттің әр түрлі аспектісін алып, қарастыруда.  
Жалпы мәдениет адамнан тыс тұра алмайды, онсыз өмір сүре алмайды. Мәдениет пен адам ұғымдары 
бірін-бірі толықтыратын және бірін-бірі айқындайтын, бірінсіз-бірі «анықталмайтын», екеуін бөле жаруға 
болмайтын ұғым – түсініктер. Адамзат баласы үшін тану әлемі мен әрекет ету әлемі өмірдің әлеуметтік 
шарттарымен айқындалған. Адам қайсы бір қоршаған ортаға тап болған кезде оған бейімделу үшін өзінің 
екінші жасанды әлемін – екінші табиғатты жасайды. Бұл екінші табиғат материалдық заттардан, рухани 
құндылықтар,  қоғамдағы  тәртіптер  мен  әдептер,  символдардан  тұрады.  Бұл  адамзаттың  өзі  жасаған 
жасанды  екінші  әлемі  өмір  сүру  ортасын  ғана  белгілемейді.  Адам  баласы  материалдық  және  рухани 
заттар  мен  құбылыстарды,  белгілі  ортада  өзін  өзі  ұстаудың  тәртіптері  мен  дағдыларын  жасай  отырып, 
оны  дамыта  отырып  өзін  де  соған  бейімдейді.  Осылайша  ол  өзінің  тарихын,  өзінің  танымының,  өз 
әрекетінің өнімін жасайды.  
Сонымен, жоғарыда мәдениет ұғымына берілген түрлі анықтамалар мен түсіндірулер негізінде оның 
күрделі  құбылыс  екендігін  аңғару  қиын  емес.  Мәдениеттің  көрінісі  саналатын  салт-дәстүрлер,  әдет-
ғұрыптар, сондай-ақ, жалпыға бірдей болып келетін ортақ тәртіптер мен ережелер әр халықта ұрпақтан 
ұрпаққа беріліп отырады. Осы мәдениеттің арқасында адамдардың өзара, табиғатпен және өзімен-өзінің 
қарым-қатынасы реттеліп отырады.  
 
1 Каган М.С. Философия культуры. СПб., 1996.-621 с. 
2 Арнольдов А.И. Введение в культурологию. – М.: НАКиОЦ, 1993. – 349 с. 
3  Артановский  С.  Историческое  единство  человечества  и  взаимное  влияние  культур:  Философско-
методологический анализ современных зарубежных концепций. – Л.: Просвещение, 1967.-540 с. 
4 Новый словарь иностранных слов. – Минск: Современный литератор, 2005. -1088 с. 
5 Сейдімбек А. Күңгір-күңгір күмбездар. –А.: Жалын, 1981. – 240 б. 
6 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11 том. – А.: Арыс, 2009. – 752 б. 
7 Философиялық сөздік. – А.: Қазақ эниклопедиясы, 1996. – 526 б. 
8 Мәдени-философиялық энциклопедия. – А.: Раритет, 2007. – 336 б. 
9 Садохин А.П. Межкультурная коммуникация. – М.: Альфа М, 2004. – 288 с. 
 
ӘОЖ 811.512.122.373:070 
БАҚ-ТАҒЫ ЗАТТЫҚ-МӘДЕНИ ЛЕКСИКАНЫҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ 
 
Л. Т. Ермахан - 
Абай ат. ҚазҰПУ 2 курс магистранты 
 
Аңдатпа:  Этностильдік  қолданыстар  тілдің  мәдени  ақпаратты  бейнелеуші,  сақтаушы  қызметін  атқарады. 
Сонымен  қатар  ол  бүгінгі  ұрпақтың  тарихи  түпбастауымен  байланысын  нығайта  түсетін  дәнекерлік  қызметін 
атқаратын  негізгі  тетік  болып  табылады.  20  шақты  жыл  бұрын  үкімет  цензурасының  қарауында  болған  баспасөз 
бетінен  аталмыш  атауларға  барынша  аз  берілетін  еді.  Ал  қазіргі  тәуелсіздік  жылдарындағы  баспасөзде  асыл 
қазынамыздың бір бөлігі ретінде этнографизмдер барынша белсенді қолданылатын, газети лексиканың өзекті рөлін 
атқарып отыр. Заттық-мәдени лексика тиімді тәсіл әрі мәдениет құралы ретінде актив қолданыла бастады. 
Тірек  сөздер:  антропоцентрлік,  этникалық  қоғамдастық,  фразеологиялық  оралым,  әлеуметтік  сипат, 
этнографизм, этностильдік қолданыстар, аялық білім, когнитивтік сана, газети лексика 
Аннотация: Единицы этностилей служат изобразителями и хранителями культурной информации языка. Наряду 
с  этим,  он  является  основным  инструментом,  выполняющего  функцию  связующего  звена,  укрепляющая  связь 
современность с историческими глубинами потомков. Ранее, около 20 лет назад, из-за государственной цензуры в 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
90 
периодической  печати,  перечисленные  наименования  по  возможности  старались  не  упоминать.  А  с  обретением 
независимости,  считающиеся  драгоценным  достоянием  –  этнографизмы,  начали  активно  использовать  в 
периодической  печати,  выполняя  ключевую  роль  газетной  лексики.  Вещно-культурная  лексика  начала  активно 
употребляться как эффективный способ и инструмент культуры.  
Ключевые  слова:  антропоцентрические,  этнические  сообщества,  фразеологические  обороты,  социальная 
характеристика, этнографизм, единицы этностилей, отраслевые знания, когнитивное сознание, газетная лексика.  
Abstract: Units of ethnostyles serve as creation and keepers of cultural information in a language. Along with it, it is the 
main  unit,  which  links  the  function,  strengthening  relations  of  the  present  with  historical  depths  of  descendants.  About  20 
years  ago,  because  of  the  state  censorship  in  the  periodicals,  the  listed  units  were  not  much  used.  And  by  geting  the 
independence of our country, ethnographizmsarestarted to use actively in periodicals, carrying out a key role of newspaper 
vocabulary. The real and cultural vocabulary started to be used actively as an effective way and the instrument of our culture. 
Keywords: anthropocentric, ethnic communities, set phrases, social characteristic, ethnographizm, units of ethno styles, 
branch knowledge, cognitive consciousness, newspaper vocabulary. 
 
 20  ғасырдың  соңғы  он  жылдығына  дейін  тілдің  негізгі  үш  қызметі  маңызды  болып  келгені  белгілі. 
Олар: хабарлау, қарым-қатынас жасау және әсер ету құралы ретіндегі қолданысы.  
 Алайда  адам  факторы  бірінші  орынға  қойылатын  антропоцентрлік  бағыттағы  зерттеулерде  оның 
үшеуінен маңыздылығы жөнінен аталмаш кем түспейтін тағы бір қырына баса назар аударылып келеді. 
Ол  тіл  иесі  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  мәдениет  әлемінің  таңбалық  көрсеткіші  ролінен 
байқалады. Яғни тіл адам әлемі мен мәдениетін бейнелеп қана қоймайды, сол мәдениетті сақтаушы қойма 
қызметін атқарып, оның ұрпақтан ұрпаққа тұтас қалпында жеткізілуіне себепкер болады. Сондықтан да 
тілдің, тұлғаның, ұлттық мінездің, этникалық қоғамдастықтың, халықтың, ұлттың қалыптасуындағы ролі 
орасан. Бұл лингвистикалық әдебиетте тілдің кумулятивтік қызметі деп анықталып жүр. Қазақшалағанда 
«жинақтаушы,»  «сақтаушы» мәнін беретін бұл ұғымның шеңберіне тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, 
тұрақты  теңеулер,  эпитет-метафоралар  сияқты  бейнелі  қолданыстардың  барлығы  белгілі  бір  дәрежеде 
қатысты болады.  
 Жалпы тілдің идиоматикалық қабатында этностилдің ұлттық табиғаты айрықша нақышталады. Онда 
тілдің  ұжымның  өзіне  тән  құндылықтар  жүйесі,  қоғамдық  ізгілік  қағидалары,  өзге  халықтарға,  сыртқы 
әлемге  деген  көзқарастары  түгел  көрініс  табады.  Яғни  фразеологиялық  оралымдар,  мақалдар  мен 
мәтелдер  белгілі  бір  мәдениетті  иемденген  қауымның  өмір  салтын,  географиялық  ахуалын,  тарихын, 
дәстүрлерін  барынша  көрнекілендіретін  құнды  материал  болып  табылады.  Сондықтан  да  идеоматикаға 
қалам  тартпаған  зерттеуші  сирек  кездеседі  десек  қателеспейміз.  Біз  де  зерттеу  нысанымыз  баспасөз 
тіліндегі  этностильдік  қолданыстар  болғандықтан  осындай  формасы  жағынан  тұрақты  тіркестердің 
мағыналық-мазмұндық түрленуіне тоқталуды жөн санадық.. Қазақ халқының тарихында отырықшылық 
салты бір кезде болғанымен түрлі саяси жағдайларға байланысты көшпелілік салтына ауысқан ұзақ та бай 
мәдени  қазынасы  бар  тамыры  аса  тереңге  кететін  ежелгі  этностардың  бірі  болып  табылады.  Өкінішке 
орай, сол қазыналардың бір бөлігі уақыттың сан иірімдерінің тасасында қалып, бүгінгі ұрпақ  үшін қол 
жеткізсіз,  жұмбаққа  айналды.  Алайда  «заты  жоқ  аты  бар»  сол  дүниелер  жөнінде  белгілі  бір  дәрежеде 
түсініктер қалыптастыруға болады. Мұндағы негізгі құрал тілімізде сақталған мағынасы белгісіз немесе 
күңгірт көне атаулар. Түрлі паремиялар мен фразеологизмдердің құрамында кездесетін көне тұлғалардың 
мағынасын олардың контекстік қоршауына сүйене отырып реконструкциялау тәжірибелері тіл білімінде 
қолданыс  тапқан.  Осы  тұста  тіліміздегі  мәдени  лексиканың  заттық  саласын  құрайтын  этнографизмдер 
қолданысына қатысты мынадай тұжырым жасауға  болады; қоғамның  экономикалық,, саяси, әлеуметтік 
сипатының  өзгеруіне  байланысты  белгілі  бір  дәрежеде  тұрмыстық  саладағы  қолданысы  сиреген, 
шектелген  заттар,  керісінше  тілдік  салада  актив  қолданылып  келеді.  Мәселен,  қазіргі  қоғамымызда 
малшылар  тұрмысында  және  кейбір  мерекелік  шаралар  өткізу  барысында  ғана  қолданылатын  киіз  үй 
және  оны  құраушы  компоненттердің  атаулары  іс  жүзінде  қазақ  қауымындағы  ресми  тілдік 
қолданыстардың актив бөлігін құрайды деуге болады. Сөзімізді қазіргі қазақ газеттерінен жиналған тілдік 
материалмен дәйектейік .  
 Шаңырақ:1.Киіз  үйдің  уықтарын  біріктіріп,  еңсесін  көтеріп,  тұтастырып  ұстап  тұратын  дөңгелек 
шеңбер.  
 2.Ауыс.Әркімнің тұрған, туған үйі. (Қазақ тілінің сөздігі.А,1999,20-бет)  
 Қазіргі қазақ баспасөзінде бұл этнографизм біршама жиі қолданылатын, семантикалық аясы өте кең 
бірлік  саналады.  Мысалы:  Қазақтың  егемен  ел  болуы  тегін  емес  сияқты.Олай  дейтінім,  одақтас 
республикалардың да тәуелсіздікке қол жеткізуі осы қара шаңырақта болған 1986 жылғы «Желтоқсан» 
көтерілісімен тікелей байланысты. («Әдебиет айдыны» 11.12.2008ж№50 1-бет) Жақында Қазақстанда 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
91 
құрылған  алғашқы  оқу  орындарының  бірі,  қасиетті  қара  шаңырақ  Абай  атындағы  университеттің 
құрылғанына  75  жыл  толуына  орай  көптеген  жоғарғы  оқу  орындарының  профессор-оқытушылары 
қатысқан  шахмат  жарысы  болып  өтті.  («Қазақстан  мұғалімі  »8,11,2003ж  11-бет)  Ел  әлемді 
дүрліктірген  осынау  ұлы  дүбірлі  сілкіністі  Балтық  жағалауы  елдерінен,  немесе  Украина  мен  Қап 
тауларындағы  халықтардан  күтіп  еді.  Алайда,  Нұхтың  дүмпуі  тағы  да  елеусіз  де,  ескерусіз  келген 
қарапайым  қазақтың  киелі  шаңырағынан  орын  алды.(«Әдебиет  айдыны»  №50  11,12,2008ж  1-бет) 
Оңтүстік астанамыздың көрікті жерлерінің бірі Әуезов ауданында орналасқан №122 орыс-қазақ орта 
мектебінің  шаңырақ  көтергеніне  35  жыл  толып  отыр.  («Қазақстан  мұғалімі»18,10,2003ж  2-бет)  Оны 
сездіртіп,  жаман  үйдің  қонағын  шаңыраққа  қарататын  да  мемлекет  құраушы  қазақ  халқы  екендігін 
ескерсек,  біздің  БАҚ  пен  қоғам  мойнындағы  қыларқанның  қандай  екендігіне  көз  жеткіземіз.(«Ана  тілі 
№44 10,30,2008ж»3-бет), Сыр еліндегі өнердің қара шаңырағы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма 
театры  өзінің  таланттарымен  республикаға,  көрерменіне  жақсы  таныс  ұжым.  («Ана  тілі  №45, 
17.12.2013ж,14 бет») Бұл мысалдардағы қара шаңырақ, киелі шаңырақ, қасиетті қара шаңырақ, шаңырақ 
көтеру  қолданыстары  қазақтың  байырғы  сөздік  қорынан  алынып  қалыптасқан  күйінде  жұмсалған 
өзгеріссіз  нұсқалар  екені  белгілі.  Яғни  білім  ордасы  –  мектеп  пен  жоғары  оқу  орындары  туралы 
баяндағанда  автордың  этномәдени  мазмұны  бай,  айқын  атауды  қолдануы  заңды  және  уәжді  болып 
табылады. Бұл үзінділердегі аталмыш этнографизмнің мағынасы сөздіктегі дефинциясынан алшақ емес. 
Бір  ғана  айырмашылық  «адамның  тұратын  жері,  туған  үйі»деген  түп  мағына  біршама  кеңейіп,  білім 
алатын орын – оқитын жер семасына ауысқан. Бұлайша ауыспалы мәнде жұмсалуы қазақ тілдік ұжымы 
үшін  үйреншікті  жағдай  болғандықтан  оқырманы  автордың  ойын  адекватты  түрде  қабылдайды,  тіпті 
сөздің ауыспалы мәнде жұмсалуы құбылысына аса мән де бермейді: Демек мұнда автор газет мәтініне 
біршама стилистикалық бояу үстеу мақсатын көздеген.Ал төртінші мысалдағы шаңырақ көтеру тіркесіне 
кеңірек  тоқталғанымыз  жөн.  «Мектептің  құрылуы»  жөніндегі  ақпаратты  бейнелі  түрде  жеткізу  үшін 
автор  «отау  тігу»,  үй  болу,  үйлену,  жанұялы  болу,  тұрмыс  құру  мәнін  білдіретін  «шаңырақ 
көтеру»тұрақты  оралымын  [әдейі]мақсатты  түрде  таңдаған.  Мұндағы  негізгі  ой  тірек  мектептің  «білім 
мен тәрбие де беретін қасиетті орда» екендігі.  
 Адам өмірінің маңызды бір кезеңінің (ересектік) басталуынан хабар беретін «шаңырақ көтеру» тіркесі 
қабылдаушы  санасында  «құрылу»,  «қалыптасу»,  «орнығу»  сияқты  негізгі  семалармен  қатар  ,  «есею», 
«өсіп-жетілу»,  «толығу»,  «кемелдену»  сияқты  қосалқы  семаларды  актуалдандырады.  Ал  адам  өмірінің 
материалдық өлшемі «жас» (жыл) түрінде көрініс табатынын ескерсек мәтіндегі («35 жыл толып отыр») 
сандық көрсеткіштің («35») мәні айқындала түседі. Яғни 35 жастағы адамның (ер азаматтың ) көптеген 
табыстарға қол жеткізіп үлгеретіні белгілі. («30-ында орда бұзар» т.б. ) Ал 35 жылдық тарихы бар білім 
ордасының  қандай  жетістіктері  бар  екен  деген  (любапытный)  сұрақ  оқырман  санасында  қылаң  беріп 
үлгереді! Демек мақаланың басқа бөлігіндегі ақпараттың адресат санасына қозғау салып,оның материалға 
деген қызығушылығын оятып, мәтінді оқып шығуына түрткі болады.  
Бесінші  мысал  алдыңғы  төртеуінен  едәуір  ерекшеленеді.  Өйткені  мұнда  тіліміздегі  «жаман  үйді 
қонағы  билейді»  мәтелі  мен  ескерту  мәнді  «шаңыраққа  қара!»  тіркесі  біріктіріліп,  автордың  түпкі 
прагматикалық  ұстанымына  орай,  перифразаланған.  Яғни  тілдік  жағдаятқа  қатысты  жұмсалатын  тілдік 
бірліктер мәтін авторының негізгі бағдарын да байқатады:  
 Газет  мақаласында  қазіргі  қоғамымыз  бен  БАҚ-тың  ахуалы  «кісіні  қуантарлық  »күйде  еместігі 
жөнінде ой қозғалып, «қоғам айнасы» болып саналатын баспасөздің өз қызметін тиісті дәрежеде атқара 
алмай  отырғандығы  қынжыла  баяндалады.  Журналшы  бүгінгі  баспасөздің  «мойнына  салынған 
қыларқанның» «көзге көрінбейтін қасиеті» барын ескертіп,{оқырман қауымнан}қалың бұқарадан «араша 
сұрағандай»  әсер  қалдырады.  Бір  кездері  қазақтың  «құдайы  қонақты»  «құдайындай  күтетін  »  дарқан 
мінезін «пайдаланып», «есіктегі кіре , төрге озып», сол төрге нық отырып, енді босатпақ былай тұрсын, 
«қонақ» екенін ұмытып, келген жеріне билік жүргізуге кіріскен «кірмелерге» «шаңыраққа қара» дейтін 
мезгіл  жеткенін  автор  «шырылдай»  отырып  еске  салғандай  Әрине,  адресанттың  жан  айқайына  түрткі 
болған бүгін де ұлттық дертке айналған- тіл мәселесі екені түсінікті  
 Сонымен  қазіргі  қазақ  баспасөзіндегі  этностильдік  қолданыстардың  актив  қолданылуы  үйреншікті 
жағдай деуге болады. Әсіресе жиі кездесетін этножұмсалымдар қатарына: отау, босаға, қамшы, мәдени 
отау, қамшы, шымылдық, сандық, көрпе сияқты заттық-мәдени атауларды жатқызуға болады: Күндердің 
күнінде  әлгі  байдың  босағасына  бір  мүсәпір  келеді.(«Қазақстан  мұғалімі»  8,11,2011ж  11-бет)  Олардың 
барлығына  жоғары  білімді  диплом  алуларына  себепкер  болып,  әрқайсысын  өз  алдына  отау  еткен. 
(«Қазақстан мұғалімі» 8,11,2012ж 10-бет) Түрлі мәдени отаулар мен спорт үйірмелері заман талабына 
сай тәрбие беруде. («Қазақстан мұғалімі» 8,11,2012ж 7-бет) 20-30 жылдардағы ұжымдастыру туралы 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
92 
халық  арасында  «қырық  құлақ  қазаннан  бәрі  бірге  ас  ішіп,  қырық  құлаш  көрпенің  астында  жатады 
екен»  деген  алып-қашпа  әңгіменің  гулегені  мәлім.(«Ана  тілі»  30,10,2008ж  7-бет)  Тамаша  қойылымның 
шырқау  шыңына  жеткен  шақта  сахна  шымылдығы  жабылып,  ортаға  автордың  шығуын 
сұрады.(«Әдебиет  айдыны»11,12,2008ж  2-бет)  Әлгі  ұл  бір  күні  жалғыз  қара  жолмен  келе  жатып,  бір 
кішкене  сандық  тауып  алады.  Бұл  бай  баласының  байлықтан  айрылып  жұтаң,  жүдеу  тартқан  кезі 
еді.(«Қазақстан  мұғалімі»  8,11,2003ж  11-бет)  Жаңа  жұмысына  төс  табанын  сала  кіріскен  Ельцин  аз 
уақытта герман барлау қызметінің Түркістан жағын ғана емес, империялық С С бас басқармасының 
саяси  жұмысын  да  өрім  қамшыдай  үйірді.  («Ана  тілі»  30,10,2008ж  13-бет)  Бұл  мысалдарда  ұлттық 
мәдениетіміздің үлкен бір саласын құрайтын тұрмыстық лексика бірліктері негізінен тура мағынасында 
алынып, мақала тілін шұрайландыру, стильдік бояуын қоюлату мақсатына байланысты жұмсалады. Бұдан 
бөлек төл мәдени атауларға тән бір қасиет қазіргі адресатты ойша бұрынғы бағзы көне заманға жетелеп, 
сол кезеңде қалыптасқан, үстемдік еткен рухани дүниенің үзіктерін еске салады. Яки материалдық сала 
тілдік  ұжымның  бірнеше  дәуір  бұрынғы  рухани  әлемінен  хабардар  ететін  сияқты.  Яғни  этностильдік 
қолданыстарды тілдік социумның когнитивтік санасындағы терең астыртын құрылымдарда жинақталып 
сақталған аялық білім қорын активтендіретін, стимулдық мәні күшті құрал болып табылады.  
 Сонымен,  тіл  халықтың  мәдениетін,  әлеуметтік  құрылысын,  менталитетін,  дүниетанымын  бейнелеп 
қана  қоймай,  этнос  жинақтаған  әлеуметтік  мәдени  қабатты  сақтай  отырып,  кейінгі  ұрпақтардың 
қалыптасуында маңызды тиімді тәсіл ретінде мәдениеттің құралы болып табылады.  
 Қорыта  айтқанда,  этностильдік  қолданыстар  тілдің  мәдени  ақпаратты  бейнелеуші,  сақтаушы 
қызметімен  қатар  бүгінгі  ұрпақтың  тарихи  түпбастауымен  байланысын  нығайта  түсетін  дәнекерлік 
қызметін атқаратын негізгі тетік болып табылады. 20 шақты жыл бұрын үкімет цензурасының қарауында 
болған баспасөз бетінен мұндай атауларға барынша аз берілсе (ол кезде мұндай қолданыстар «ескіліктің 
сарқыншағы» саналатын), тәуелсіздік жылдарындағы баспасөзде асыл қазынамыздың бір бөлігі ретінде 
этнографизмдер барынша белсенді қолданылатын, газети лексиканың өзекті рөлін атқарып отыр.  
 
1  Бабушкин  А.П.  Типы  концептов  в  лексико-фразеологической  семантике  языка,  их  личностная  и 
национальная  специфика  [Текст]  А.П.  Бабушкин:  10.02.19,  автореферат  диссертации  на  соискание 
ученой степени доктора филологических наук, Воронеж, 1998.-3-14 с.  
2 Гак В.Г. Языковые преобразования [Текст] / В.Г. Гак.-м. Школа «Языки русской культуры», 1998.-
768 с. 
3  Смағұлова  Г.  БАҚ  тілінің  ұлттық  менталитетіне  әсері  //  Мемлекеттік  тіл:  терминология,  іс 
қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. 
5
 
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998.- 304 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
93 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет