Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет8/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  - 
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдау. Астана, 2012 ж. 
2. 
Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі». «Дарын» 2007 ж. 
3. 
Мұсаева С.А., Бегалиев Т.Б. «Жас ерекшелік педагогикасы» Астана 2006 ж. 
4. 
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика» Алматы 2000 ж. 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
46 
АРАБ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ 
фил.ғыл.канд.,доцент 
Абдрахманова К.Х. 
 
Резюме 
В  данной  работе  на  арабском  и  казахском  языках  мы  остановились  на  современном  состоянии  и 
изучении корней глаголов, видов производных корней, определив морфемный состав. 
Summary 
This  article  deals  with  the  modern  condition  and  teaching  the  base  forms  of  the  verbs  ,  types  of  derivative 
verbs, having defined the morphemic structure in Arabic and Kazakh languages.  
Тірек сөздер: морфема, түбір етістік, ұяшық, тиянақсыз дауыссыз дыбыстар. 
 
Араб  етістігі  –  өте  күрделі  сөз  табы  және  жаңа  сөз  жасаудың  негізі.  Араб  тіліндегі  етістіктерге  араб 
лингвист  ғалымдары  мынандай  анықтамалар  береді:  «белгілі-бір  уақытта  іс-әрекеттің  өту  барысына 
негізделген  сөз»  [1.18],  «жеке  лексикалық  мағынасы  және  баяндауыштың  синтаксистік  функциясы  бар 
сөз» [2.25], «лексикалық мағынасы нақты уақытты білдіретін мағынасымен сәйкес келген сөз» [3.46]. Осы 
пікірлерді жинақтай келе, араб тіліндегі етістіктер – біреудің немесе бір нәрсенің қимыл-әрекетін, жай –
күйін білдіретін сөз табы деген тұжырым жасалады.  
XIX-ғасырдан  бастап  тілші  ғалымдар  семит  түбірлерінің  ішінде  үш  дауыссыздан  құралған  түбірдің 
шығу  тарихын  зерттеуге  баса  назар  аударады.  Европалық  ғалымдардың  басым  көпшілігі  араб  тілінің 
диалектісінің  деректеріне  сүйене  отырып,  үш  дауыссыз  түбір  етістіктердің  алғашқы  екі  дауыссызы 
туыстық  түсінік  (родовое  понятие)  мағынасын  берсе,  үшінші  дауыссыз  бұл  туыстық  түсінікті  түрге 
дифференциялайды деген пікір айтып, алғашқы екі дауыссыз түбірге «tarkib» (тіркес) деп терминдік атау 
берген  [4.95].  Араб  тіліндегі  екі  дауыссыз  түбір  мен  үш  дауыссыз  түбірдің  шығу  тегі  жайындағы 
тұжырымдар  семитолог  ғалымдар  арасында  әлі  күнге  дейін  өзінің  шешімін  таппай  келе  жатыр.  Кейбір 
ғалымдар үш дауыссыз түбір  екі дауыссыз түбірден  шыққан десе, М.Мюллер  екі дауыссыз түбір  бұрын 
қолданса да ол үш дауыссыз түбірмен бірге пайда болған деген пікір айтады, ал, Фр. Деличтің ойынша, 
алғаш  тиянақты  дауыссыз  дыбыстан  құралған  түбір  пайда  болды  да,  кейін  құрамында  тиянақсыз 
дауыссыз дыбысы бар түбір пайда болған [5.97]. Мұндағы тиянақсыз дауыссыз дыбыстар деп отырғаны 
араб тілінде түбір құрамында келген алиф, уау, йа әлсіз дыбыстары: kāna, rama, nasia. Ал Юшманов Н.В. 
үш  дауыссыз  дыбыстан  құралған  түбір  етістіктердің  бастапқы  негізі  екі  дауыссыз  дыбыстан  құралады, 
тілдің даму барысында негізге үшінші  дыбыстың жалғануына байланысты үш дауыссыз түбір жасалған 
деген пікір айтады. Мысалы: 
 َ ﺄَﺒَﻧ
 – [naba

a]- ( биік болу); 
 
 -
 
  َ ﺖَﺒَﻧ
[nabata] (өсу); 
 
 -
 
 َﺚَﺒَﻧ
 
[nabaşa] (көтерілу қамырға байланысты) ; 
 
 َﺞَﺒَﻧ
 
-[nabaja] (жоғары дауысқа ие болу),  
 
 َﺢَﺒَﻧ
 –[nabaha] (үру) 
Осы  мысалдардан  байқағанымыздай  наба  ұяшығынан  өрбіген  етістіктің  бастапқы  екі  дауыссыз 
дыбысы  іс-әрекеттің  іштен  сыртқа  қарай  бағытталуын  білдірсе,  соңында  жалғанған  қосымшалар  үстеме 
мағына береді.  
Түбірдің  шығу  тарихын  зерттеумен  айналысып  жүрген  көптеген  зерттеушілер,  олардың  ішінде 
еуропалық  семитолог  ғалымдар  да  жоғарыда  аталған  ұяшықтардың  дыбыстық  еліктеу  сипатына  ие,  ал 
үшінші дауыссыз сол сөзге арнайы сипат беретін жұрнақтың қызметін атқарады деп  есептейді. Басқа да 
семит  тілдерінде  кездесетін  мұндай  материал  араб  тіліндегі  түбірдің  бастапқы  кезде  екі  әріптен  ғана 
тұруы  мүмкін  екенін  растайды,  ал  екінші  жағынан  толып  жатқан  араб  сөздерінің  ішінен  дыбыстық 
еліктеу сипатындағы лексиканы ажырата білуге мүмкіндік береді [6. 45].  
Мұндай  мәселе  түркі  тектес  тілдерді  зерттеуші  түрколог  ғалымдардың  да  еңбектерінен  байқауға 
болады.  Ғалымдардың  әуел  бастан  ерекше  көңіл  бөліп,  сөз  еткен  түбірлері  дыбыстық  құрамы  жағынан 
дауысты-дауыссыз-дауыссыз  (ГСС)  және  дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз  (СГСС)  түрінде 
болған.  Әуел  бастағы  түбірлердің  түрі  СГС  (дауыссыз-дауысты-дауыссыз)  болған  деген  пікірді  алғаш 
ұсынған ғалымдардың бірі Н.А.Баскаков екені мәлім. Мысалы, С-Г-С: т-а-с, к-е-л, ж-ү-р, б-а-р. [7.100].  
В.Л.Котвич қазіргі алтай тілдерінде түбірдің 5 түрі бар екенін атап көрсетеді: Г, СГ, СГС, С, ГСС. Бұл 
түбірлердің ең алғашқы түрі СГ болған. Алғашқы түбірлердің пайда болғаны жайлы ғалымдардың пікірін 
төрт түрлі бағытқа бөліп қарауға болады: 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
47 
1. Бастапқы түбірлер СГС болған, одан СГ және ГС түбірлері жасалып, ең ақыры Г тұлғасына жеткен 
деген пікірді ұсынушы – Н.А.Баскаков;  
2.  СГ  түбірінен  СГС  формасы  пайда  болған  деген  пікірді  ұсынушылар  –  Б.Котвич,  Э.В.Севортян, 
А.Н.Кононов;  
3.  Әуелгі  түбірдің  негізгі  түбірлері  қандай  формада болғанын ашып  айтпаса  да,  СГС  формасы  іштей 
бөлшектеуге келетін тұлға деген пікір. Бұл пікір Б.М.Юнусалиев зерттеуінде кездеседі; 
4. Әуелгі түбірлердің құрамында Г мен СГ, ГС мен СГС түбірлердің бәрі де болған деген пікір.Бұны 
алғаш айтушылардың бірі Б.М.Юнусалиев болған [8]. 
Бастапқы түпкі түбірлерді іштей тұлғалап бөлшектегенде ғана барып түбірлердің құрамы анықталады. 
Мысалы: -йан, -йаң, -йал дегеннің түпкі түбірі -йа болып табылады. Сондай-ақ иір - тұлғасының бастапқы 
формасы  и  -  болған.  Оған  -  р  элементі  қосылып,  иір  болып  қалыптасқан.  Кейіннен  -и  дыбысы  і 
дыбысымен сіңісу нәтижесінде е пайда болған да, ер - болып айтылған деген болжамдар бар.  
Қазақ  тіліндегі  етістіктер  өзінің  шығуы  жағынан  туынды  түбір  етістіктерге  қарағанда  негізгі  түбір 
етістіктер  тілдің  өте  әрідегі  көне  тарихи  даму  кезеңіне  жатады  [9.  40].  Негізгі  түбір  етістіктер-  одан  әрі 
қарай  сөздің  түбірі  және  жұрнақ  деп  бөшектеуге  келмейтін:  ақ,  айт,  ал,  бу,  күт,  ер,  сен,  ұйғар,  қорық, 
тоқы  және  т.б.  негізгі  түбір  етістіктерге  жатады.  Мұндай  негізгі  түбір  етістіктер  бір  буынды  болып 
келеді. Екі буындылар әлдеқайда аз, ал үш буындылар жоқтың қасы деуге болады.  
Араб тіліндегі түбір етістіктерді көптеген Ресей семитолог ғалымдары да зерттеді, мысалы, Заворский 
А. «Префикс» [10], Дьяконов И.М., Порхомовский И.Я. «О принципах афразийской реконструкции» [11], 
Белова  А.Г. «Структура семитского корня и семитская морфологическая система» [12] , Юшманов Н.В. 
«Структура семитского корня» [13].  
Ғалымдар пікірі бойынша араб тілінің грамматикасы үш дауыссыз дыбыстан құралған түбір етістіктер, 
ал, аз дауыссыз дыбыстан құралған түбірлер өздеріне жетпейтін дауыссыз дыбыстарды қосып алады. Бір 
және екі дауыссыз дыбыстан құралған түбірлер үш не одан да көп дауыссыз дыбысқа жету үшін : 
-әлсіз дауыссыз «w, y, h, ‘» дыбыстарды; 
-дауыссыз дыбыстардың екі еселенуін; 
-созылыңқы дауысты дыбыстарды; 
 - өлі жұрнақтарды өздеріне қосып алады. 
Араб  тілінде  түбір  дыбыстары  мынандай  ерекшеліктерімен  айқындалады:  кейбір  дыбыстар  түбірде 
қатар  келмейді.  Мұндай  дауыссыздар  сыйымсыз  (несовместимый)  дыбыстар  деп  аталады. 
Сыйымсыздарға: 
1.Көмей және көмей арты дауыссыз дыбыстар: 
ح
[h], 
 خ
[

], 
ع
[‘a] ,
 
غ
[

],
 
ه
 [ĥ]; 
2.Дауыссыздар: 
ب
 мен 
م

ف

س
 мен 
ض
 , 
ص
 
ت
 мен 
ث
 ; 
ش
мен 
 ض
 
ج
 мен 
ع
 ,
ق
 ,
ك
 ; 
ص
 пен 
ض
 
ث
мен 
س

ص
 , 
ض

ط
,
 ظ

ض
 пен 
ط

ظ
 
خ
 мен 
ظ

ق

ك
;
ط
 
мен 
ظ

ك 
د
 мен 
ذ
 
;
ظ
 мен 
غ

ق 
غ
 мен 
ق

ر ك
 мен 
ل

 
ز
 мен 
ص

ض

ظ
;
 
ل
 мен 
ن 
Фонетикалық  ерекшелігіне  байланысты  бұл  дыбыстар  қатар  келмейді  деген  сөз  емес,  осы  аталған 
дыбыстардың  біреуі  түбірде  келіп,  екіншісі  аффиксте  келе  береді:
ﺖﯿﺒﺜﺗ
  [taŝbīt]  «бекіту»  етістігіндегі  сөз 
басындағы 
ت
 - та - префикс, 
 َﻚﺟﺮﺳ
 [sarjuka] «сенің ер-тоқымың» деген сөздегі 
ك
 - ка – суффикс. 
Түбір  сөз  –  сөздердің  ешқандай  тұлғалық  бөлшектерге  бөлінбейтін  түпкі,  негізгі  қазығы,  ұйытқысы, 
жаңа  сөз  жасаудың  мағыналы  бөлшегі.  Егер  түбір  өздігінен  ешқандай  қосымшасыз  жеке  тұрып,  белгілі 
бір  мағынаға  ие  болса,  оны  негізгі  түбір  деп  атайды.  Мысалы  ,  kataba  –  ол  жазды  деген  сөзді  алып 
қарасақ,  оның  түбірі  ktb  болады.  Себебі,  араб  тілінде  түбір  сөздің  рөлін  тек  дауыссыз  дыбыстар  ғана 
атқара  алады.  Ал,  дауысты  дыбыстар  сөзжасам,  сөзөзгерім,  сөз  түрленім  қызметін  атқарады.  Үш  әріпті 
түбір  етістіктің  ішіндегі  өткен  шақ  формасындағы  етістіктер  араб  тілі  грамматикасында  негізгі  сөз 
тудырушылар және етістіктің осы-келер шағы мен бұйрық райының жіктелуінің түбірі болып саналады. 
Араб грамматистері түбір  етістіктерді символды түрде белгілейтін араб алфавитінен «фа», «айн», «лам» 
әріптерін  алып,  етістіктің  негізгі  моделін  жасаған.  Етістіктің  бірінші  буынын  ﻞﻌﻔﻟا  ءﺎﻓ
 -
  fa’ul  fi’l,  екінші 
буынын  ﻞﻌﻔﻟا ﻦﯿﻋ
 -
 ‘ainu l-fi’l, үшінші буынын  ﻞﻌﻔﻟا مﻻ
 -
 lāmu l-fi’l - деп терминдік атау берген.Осы модельмен 
түбір  етістікті  белгілеп,  одан  өрбіген  туынды  түбір  етістіктердің  ара  жігін  ажыратқан.  Олардың  өткен 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
48 
шағы үш түрлі формада жасалады: (  َﻞَ ﻌَﻓ
 ) fa’ala, (
 
 َﻞِ ﻌَﻓ
) fa’ila,( 
  َ ﻞُﻌَﻓ
) fa’ula формаларыОсындағы fa’ala (
 
  َ ﻞَ ﻌَﻓ) 
формасымен  жасалған  етістіктер  іс-әрекетті  білдіреді,  fa’ila  (
 
  َ ﻞِ ﻌَﻓ)  формасымен  жасалған  етістіктер  іс-
әрекеттің  жай-күйін  білдіреді,  fa’ula  (
 
  َ ﻞُﻌَﻓ )  формуласымен  жасалған  етістіктер  іс-әрекеттің  сапасын 
білдіреді:  ( َ ﺐَﺘَﻛ
)  kataba-  жазу-іс-әрекетті;  fahima  (
 
  َ ﻢ ِ ﮭَﻓ
)  –түсіну-  іс-әрекеттің  жай-күйін  ; 

agura  ( 
  َ ﺮُﻐَ ﺻ
)–
кішірейу  -іс-әрекеттің  сапасын  білдіріп  тұр.Жалпы  түбірдің  өзі  одан  әрі  грамматикалық  бөлшектерге 
бөлінбейді.  Оның  өзі  соңғы  «бөлінбейтін»  сөздің  морфологиялық  қалдығы,  лексика-грамматикалық 
абстракцияны көрсетеді. Түбірді құрайтын дыбыстарды - түбірдыбыстары деп атайды. Көп жағдайларда 
араб  сөздерінің  түбірі  дауыссыз  дыбыстардан  құралады.  Бірақ,  түбір  құрамына  و-  ū  және  ي  -i 
дауыстылары  да  кіреді.  Оны  араб  грамматистері  басқа  «қатты»,  «дұрыс»,  «күшті»  дауыссыздарға 
қарағанда  «әлсіз»  дауыссыздар  деп  атаған.  Түбір  дауыссыздарының  орнын  ұзақ  дауысты  дыбыс  басуы 
мүмкін.  
Белгілі  арабист  ғалым  С.С.Майзелдің  түбір  сөзге  жүргізген  санағы  бойынша  араб  тіліндегі  түбірлердің 
саны - 6 586 6 соның ішінде үш әріпті дауыссыз түбір - 5 417, яғни түбір  сөзің 82% пайызын үш әріпті 
дауыссыз түбір құрайды екен [5.78] 
Түбірде  топталған  «күшті»  түбір  дауыссыздары  сөздің  барлық  ұяларында(жерлерінде)  тұрақты, 
өзгермейді ( 

araja→a +

raja, ta+

arraja, ta+

arruj+un). Ал, «әлсіз» дауыссыздар белгілі бір өзгерістерге 
ұшырап, созылыңқы дауыстылармен алмасып немесе сөз құрамынан түсіп қалуы да мүмкін. 
Қазақ  тілінде  етістіктер  басқа  да  мағыналы  сөз  таптары  сияқты  түбір  күйінде  де,  әр  түрлі 
грамматикалық  тұлғаларда  да  қолданылады  деп  жүрміз.  Етістіктің  түбір  тұлғасы  қимылды,  іс-әрекетті, 
процесті т.б. білдіреді және ол – етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, 
негізгі  және  грамматикалық  мағынасы,  ал  бұйрық  рай  ІІ  жағы  –  сол  етістіктің  сөйлеу  процесінде  басқа 
сөздермен  қарым-қатынасқа  түсудің  нәтижесінде  пайда  болатын  грамматикалық  нөлдік  форма  арқылы 
көрінетін 
түрлену 
мағынасы, 
яғни 
категориялық 
мағынасы 
болып 
табылады: 
Мен 
бар+айын 
Біз 
бар 
+айық 
Сен 
бар 
Сендер 
бар 

ыңдар 
Сіз 
бар 

ыңыз 
Сіздер 
бар 

ыңыздар 
Ол бар + сын Олар бар + сын  
Етістік  тұлғаларының  жүйесін,  оның  грамматикалық  сипаттарын  түсіну  үшін,  етістіктің  сөйлемде 
қолданылу ерекшеліктеріне назар аудару керек. Себебі етістік: 
Біріншіден, етістік түбір тұлғасында тұрып қолданылмайды; 
Екіншіден,  етістік жіктеліп барып немесе тұйық  етістік,  есімше, көсемше  түрлерінде ғана қолданыла 
алады; 
Үшіншіден,  етістік  түбірі  тікелей  жіктелмейді.  Етістіктің  түбір  тұлғасына  үстелетін  грамматикалық 
құрылымының барлығы бірдей жіктеле бермейді; 
Төртіншіден,  етістік  формаларының  белгілі  жалғану  тәртібі  бар:  сөйле+т+кіз+бе+й+міз, 
айт+ыл+ыңқыра+ма+йтын т.б. Рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары етістік түбірге тікелей де жалғана 
алады: келген, келіпті. Сондай-ақ етіс, күшейткіш етістік, болымсыз етістік тұлғалары бірінің үстіне бірі 
қосыла  берсе,  рай,  шақ,  есімше,  көсемше  тұлғалары  бірінен  соң  екіншісі  қосылмай,  біреуі  ғана 
жалғанады: сөйле+т+кіз+бе+се+м. Бұның өзі етістіктің басқа тұлғаларына қарағанда, рай, шақ, есімше, 
көсемше  тұлғалары  грамматикалық  сипаты  жағынан  қатарлас,  реттес,  мәндес,  қызметтері  жақын, 
ыңғайлас екендігін көрсетеді.  
Жалпы етістіктің мағыналық өзгерісін екі тіл арасында салғастыра зерттеу тақырыбы әрі күрделі, әрі 
қызықты  тақырып  болғандықтан,  осы  тақырып  бойынша  әлі  де  көптеген  еңбектер  жазылады  деген 
ойдамыз. Келешекте жұрнақтардың сөз жасаушы, мағына туғызушы қызметіне кеңірек тоқталу, олардың 
шығу  тарихы  мен  төркіні  туралы  негізді  де  тұжырымды  ойлардың  тууына  себепкер  болады  деп 
ойлаймыз. 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
1. 
Хасан  Мухаммад  Хасан  аль-Бажури.  Аль  мужамат  аль-арабиату  бейна  ат-тахлил  уа  ат-татбиқ. 
Каир , 2000ж. 
2. 
Фуад  Наама.  Араб  тілі  ережелерінің  қысқаша  баяндамасы.  Каир,  аль-Мактабу  ль-ыльми  ли  т- 
таалиф уа т-таржама.1993. 
3. 
Амин Али Ас-Саид. Грамматика 2 томдық. Каир. Дар аль-Маариф,1994. 
4. 
Э.В.Севортян. Об этимологическом словаре тюркских языков. «Вопросы языкознания» №6, 1971. 
5. 
Майзель С.С.Пути развития корневого фонда семитских языков. Наука. 1993. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
49 
6. 
Степаненко Л.К. Арабский язык и его история. М., 2001. 
7. 
Ибатов А.Сөздің морфологиялық құрылымы. А., 1986. 
8. 
Баскаков  Н.Суффиксальное  словообразованиесовременном  татарском  литературномязыке, 
Казань, 1974. 
9. 
Юлдашев А.А. Система словообразования и спряжения глаголов в башкирском языке.М.,1958 
10.  Zaborski  A.  Prefixes.  Root-Determinatives  and  the  Problem  of  Biconsonantal  Roots  in  Semitic. 
FoliaOriemtalia, 1970. 
11.  Дьяконов И.М., Порхомовский И.Я. О принципах афразийской реконструкции. М.,1971. 
12.  Белова А.Г. Структура семитского корня и семитская морфологическая система. –ВЯ, №3, 1991. 
13.  Юшманов Н.В. Структура семитского корня . –ВЯ , №3, 1992. 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРГЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІН ЕНГІЗУ 
ӘДІСІНІҢ МОДЕЛЬДІК ЖҮЙЕСІ. 
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті. Астана қ. 
п.ғ.к.,доцент Қожаева С.Қ. 
 
Түйін 
Экологиялық  тәрбиені,  экологиялық  білімді  ,  экологиялық  мағлұматтарды  иерархиялық 
тұрғыданталдап  ,  оның  кеңінен  мүмкіншілігін  ашып  көрсету.  Экологиялық  білім  негіздерін  педагогика 
пәніне  енгізу  әдісі  педагогикалық  жүйенің  құрылымы,жалпы  жүйелеу  түрінде  енгізілді.Берілген  модель 
арқылы «Экология - педагогика» негізінде экологиялық білім арқылы дүниетанымын кеңейту.Оны сабақ 
беру тәсілінің негізгі элементтері ретінде ұсыну. 
 
Summary 
To discuss the ecological upbringing, ecological knowledge, ecological information from the hierarchical side, 
to widely explain it's abilities.The method of introducing the ecological knowledge base in pedagogy is introduced 
into  the  structure  of  pedagogical  system,  system  at  all.  To  extend  the  worldview  by  the  help  of  ecological 
knowledge  on  the  base  of  the  given  model  "Ecology-pedagogy".  To  represent  it  as  the  main  method  of  lesson 
leading element.  
 
 
Қазіргі  жалпы  білім  беретін  жоғары  оқу  орындарындағы  адекватты  әдістемелік  оқыту  жүйесінің 
жоқтығы  және  студенттердің  бойынан  экологиялық  мәдениеттің  қалыптасуының  қажеттілігі  арасында 
оқу  орындарында  экологиялық  мәдениеттің,  білімнің  теориялық  тұрғыдан  негізделуінің  жеткіліксіздігі 
байқалады.Экологиялық тәрбиені қалыптастыруда білім беру жүйесінде жан-жақты қарастыру қажеттілігі 
туындады. Осы қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында экологиялық білім негіздерін «Педагогикалық 
пәндерге » енгізу әдісінің модельдік жүйесін жасауды мақсат еттік. 
 Білім  –  интеллектуалды  капиталдың  стратегиялық  факторы  болып  саналады.  Сондықтан  Ел 
басымыздың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты студенттерге 
арнайы  оқыған  дәрісінде  (  2006  жыл  26  мамыр)  білімді  құнттау,  сапасын  арттыру,  бағалау  –  Қазақстан 
жоғары мектебінің күн тәртібіндегі көкейкесті міндеті. Осы ретте Елбасымыздың дәрісі – ақыл-ой өрісін 
биіктететін,  өңірлік  және  халықаралық  өрісте  кеңейтетін  тағылымды  дәріс.  Өйткені,  білім  экономикасы 
әрқашан  қоғамның  дамуын  анықтайтын  көрсеткіш  болып  табылады.Білім  –  ұлттық  мәдениеттің  ұдайы 
дамуы мен жаңаруының берік негізі. Ол – өмір сүрудің мәні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи 
тағдырын, болмысын айқындайтын бірден бір жүйе. Демек жоғары оқу орнының ел экономикасының әр 
түрлі  салалары  үшін  мамандар  даярлаудың  сапасына  қарай  анықталады.  Жоғары  оқу  орындарының 
қойнауларында  жүргізілетін  ғылыми  зерттеулер  кадрлар  даярлауда  жоғары  сапаға  жетуде  ерекше  рөл 
атқарады.  Ресей  мен  Батыс  елдерінің  барлық  жетекші  жоғары  оқу  орындары  ғылыми  зерттеулерінің 
жоғары  нәтижелілігі  арқасында  осындай  беделге  жетті.  ХХІ  ғасырдың  шебінде  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  құру  ғылымның  студенттерді  даярлау  сапасына  ықпалын  бұрынғыдан  да  күшейтеді, 
өйткені  ХХІ  ғасырдың  табалдырығында  білім  өзінің  маңыздылығы  жөнінен  елдің  стратегиялық 
ресурстарымен бәсекелесе алатын капиталға айнала алады. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін 
игерудің  және  жаңа  технологияларды  жасаудың  жоғары  білікті  мамандарды қажет  ететіні  айқын  болып 
отыр. Республикамызда қабылданған Конституцияда (30 тамыз 1995 жыл) қоршаған ортаны қорғау әрбір 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
50 
қазақстандықтың  абыройлы  мақсат  –  міндеті  болып  саналатыны  атап  көрсетілген.  Онда  «Мемлекет 
адамның  өмір  сүруі  мен  денсаулығы  үшін  қолайлы  қоршаған  ортаны  қорғауды  мақсат  етіп  қояды»,- 
делінген  [1].«Экологиялық  кодексте»  2006  жылы  қабылданған  экологиялық  саясатты  дәйектілікпен 
жүзеге  асырудың  механизмі  реттеліп,  оның  жоғары  деңгейде  шешілуі  қажеттігі  басты  назарда  болды. 
Қазақстан  Республикасының  2004–2015  жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігін  сақтау 
тұжырымдамасында  еліміздегі  толассыз  белең  алған  экологиялық  ахуалды  жақсартудың  жаңаша 
мүмкіндіктері  айқындалып,  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  мәселесіне  ерекше  мән  беріледі. 
Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны 
қорғаудың  құқықтық  негіздері  көрсетіліп,  биологиялық  алуан  түрлілікті  сақтау  мен  табиғатты  ұтымды 
пайдалануға  бағытталған  іс-шаралар  белгіленген.  Студенттерімізге  экологиялық  білім  бере  отырып 
тәрбиелеу  –  бүгінгі  күннің  өзекті  міндеттерінің  бірі.Үздіксіз  білім  берудің  негізгі  сипаты  білім  беру 
жүйесінің біртұтастығымен айқындалып, білім беру сатыларының арасындағы тығыз байланыстың болуы 
сабақтастықты  білдіреді.  Ал,  бұл  болса  үздіксіз  білім  беру  процесіндегі  экологиялық  тәрбие  беру 
сабақтастығын  білім  беру  процесінің  барлық  сатыларында  жүзеге  асыруды  талап  етеді.Осы  тұрғыдан 
алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат - міндеттерін, республикамыздың 
үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  барлық  сатыларында  жүзеге  асыруды,  жастардың  көзқарасын,  табиғатқа 
жауапкершілік  қарым-қатынасын  қалыптастыруды,мектепке  дейінгі  мекемелерден  бастап  жоғары  оқу 
орындарына  дейінгі  аралықты  экологиялық  білім  мазмұнымен  жаппай  қамтып,  оны  сабақтастықта 
жүргізуді  талап  етеді.  Қазіргі  ғылымда  экология  білімінің  мазмұны  мен  әдістері  туралы  теориялық 
білімдердің  маңызды  қоры  жинақталған,  адам  мен  табиғаттың  қарым-қатынасының  аксиологиялық 
негіздері  қарастырылған.  Яғни,  экологиялық  ой-тұжырымдар  студентті  қоршаған  табиғи  орта  мен  өмір 
сүріп  отырған  қоғамында  қалыптасқан  ғылыми  ұғым  түсініктермен  байланыстырып,  оларды 
сабақтастырылған  жағдайда  туған  жерін,  елін  қорғауға  тәрбиелеу  тиімді  түрде  жүзеге  асады. 
Экологиялық  зардаптардың  алдын  –  алу  жолдарын  қарастыру  үшін,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру, 
ізгілендіру,  дамытуда  студенттерге  экологиялық  білім  беруде  маңызы  зор.  ЖОО  –  да  кез  келген  пәнді 
оқытуда  пәнаралық  байланыс  арқылы  білімнің  жинақтаушы,  қорытындылаушы  және  үйлестіруші 
қызметін атқаруға болады. 
 
Осы  тұрғыда  студенттердің  экологиялық  білімін  дамытудағы  оқытудың  интерактивті  әдісі  және 
кіріктірілген  дәріс  беру  өте  тиімді.  Себебі,  бұл  әдіс  студенттердің  жеке  өмірлік  тәжірибесіне  сүйене 
отырып,  оның  бойында  білім,  дағды  және  құндылық  жүйесін  қалыптастырады.  Сабақ  оқытушы  мен 
студенттер  тобы,  шағын  топтармен  жеке  студенттер  арасындағы  қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Мұнда  оқытушы  хабарлама  беруші  модератордың  қызметін  атқарады.  Сондықтан  да  қоршаған  ортамен 
табиғатты қорғау, экологиялық  мәдениет пен  саналылығын арттыра отырып, ой - өрісін дамыту, жалпы 
дүниетанымын тереңірек қалыптастыру оқытушы, ұстаз, тәрбиеші, ата- ана, жалпыадамзат туралы құнды 
дүние. 
 Бұл  мәселелерді  жүзеге  асырудың  негізгі  бағыттарының  бірі-  орта  мектеп,  орта  техникалық  және 
жоғары  білім  беру  орындары.  Қоршаған  табиғи  ортаның  ластану  жолдарын  жан  -жақты 
ашаотырып,олардың  назарын  экологиялық  негізгі  ұғымдарға  аудару  қажет.  Олардың  ішіндегі  маңызды 
салалары: 
-ластану көздері 
-ластанудың тигізетін экологиялық әсері (экологиялық білім, ғылыми бағыт). 
-экологиялық түрлі күрес тәсілдері (тәрбие жұмыстары). 
Сабақ  жүргізупроцесінің  негізгі  элементтері:  мақсаты,мазмұны,  көрнекті  құралдары,  әдістері, 
ұйымдастырылуы  өзара  араласып  жататыны  белгілі.  Экологиялық  білімді  тиімді  енгізу  осы  сабақ 
барысында  жүзеге  асырылатындықтан,  әрбір  сабақтың  мазмұнының  ғылыми  негізделген  идеялығына, 
мұғалімнің адамгершілік бағыты мен экологиялық сауаттылығына, оның көзқарас мен жалпы адамзаттық 
ізгілікті қасиеттерді түсіне білуіне тәуелді болады. Бұл салада экологиялық мәселелерге арналған ғылыми 
практикалық  конференциялар,  семинарлар,  симпозиум  материалдарымен  таныстыру,  пікірталас 
кездесулер,  үгіт-  насихат  жұмыстарын жүргізіп  талдау  жасау, қоршаған  табиғи  ортаға  деген  және  оның 
адам  өмірінде  алатын  маңызды  орны  мен  іс-  әрекеттеріне  есеп  беру  өте  қажет.  Мұнымен  қатар, 
студенттерді экологиялық мәдениеттілікке  бейімді тәрбиеленуі дәріс үстінде  оқытушымен және құрбы - 
құрдастарымен, жанұяда болатын ұдайы қарым- қатынас негізінде қалыптасады. Жас ерекшеліктеріне сай 
өмірлік  тәжіриебесінің  молаюы  және  жас  кезінен  бастап  бойына  экологиялық  тазалықтың  қалыптасуы, 
оның рухани байлығының мол болуына әсер етеді. Экологиялық мәдениеттілікке, саналылыққа тәрбиелеу 
-  ұзақ  уақытты  керек  ететін  күрделі  процесс  болғандықтан,  бұл  процестің  негіздерін  баянды  етуге 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
51 
мектептің,  жанұяның,  қоғамның,  жоғары  оқу  орындарының  бір  жүйеге  келтірілген  оқу-  тәрбие 
жұмыстары  арқылы  ғана  қол  жеткізуге  болады.  Бұл  бағытта  оқытушылардың,  олардың  топ 
кураторларының және жеке бастарының үлгісі көп роль атқарады. 
 Қорыта  келгенде,  экологиялық  -  саналылық  үздіксіз  тәрбиеленіп,  өзгелердің  үлгі  өнегесі  арқылы 
біртіндеп қалыптасатын комплексті қасиет. Басқа оқу пәндерімен қатар, экологиялық білімді студенттер 
санасына  тиянақты  қалыптастыруда  «Педагогика»  пәнінің  алатын  орны  ерекше.  ЖOO-  да  2  курстан 
басталатын «Педагогика» пәні экологиялық сананы қалыптастыратын пәндердің біріне жатады. Экология 
ғылымындағы жаңалықтармен тығыз байланысты техниканың, өндіріс салаларының қауырт дамуы яғни 
техника – қоғам- адамзат үшін өте қажет бола отырып, экологиялық дағдарыстың да негізгі себептерінің 
біріне айналды. 
 Осы  ретте,  «Педагогика»  пәнін  оқыту  барысында  табиғат  заңдары  мен  құбылыстарын  студенттерге 
табиғатты қорғау жөнінде көптеген тәрбиелік мағлұматтар арқылы түсіндіру және пән аралық байланыс 
арқылы экологиялық ой санасын арттыру әдісін жүйелік талдау тұрғысынан ұсынып отырмыз. 
 Оқу  үдерісін  ұйымастыруда  жаңа  ізденістерге  мүмкіндік  туғызып,  «жалпыға  ортақ  білім» 
парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасатады. 
 Ұсынылып  отырған  (1-суреттегі)  экологиялық  білім  негіздерін  меңгеруді  тиімді  дамыту  әдісін  көп 
деңгейлі  иерархиялық  жүйе  теориясының  принциптік  ерекшеліктерін  қолдану  арқылы  қалыптасты.Бұл 
тұрғыда педагогика пәні гуманитарлық ғылымдарынын ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие процесінің 
өзекті негізгі есебінде қолданылды. 
Деңгейлік иерархия құрамына 3 деңгей кірді: 
бірінші  бастапқы  деңгей-педагогика  пәнінің  кейбір  негізгі  тақырыптарының  құрамын  экологиялық 
тұрғыдан қалыптастыру ;(2 курс) 
екінші  бірінші  деңгейдегі  тақырыпқа  сүйене  отырып,  пән  аралық  байланыс  арқылы  педагогикалық 
яғни тәрбиелік мәнін экологиялық тұрғысынан дифференциялау, анықтау және тиімді толықтыру; 
үшінші  иерархиялық  деңгей  педагогикалық,  экологиялық  ғылымның  негіздерін  қолдана  отырып 
проблемалық сұрақтардың мазмұнын құру. 
Ал  енді, иерархиялық дамудың нәтижелік қорытындылау деңгейі ретінде студенттердің тақырыптың 
мазмұны  және  оған  қатысты  қойылатын  сұрақтарға  толық  және  сапалы  меңгергендігін  білдіретін 
жауаптар  беруінде.  Бұл  деңгейлердің  құрамын  қалыптастыру  үшін  иерархиялық  интеграциялау  және 
дифференциялау жолдары қолданылды. Біз қолданған негізгі белгілер: Педагогика- экологиялық ұғымды 
бастапқы сатыда игеру негіздері. 
Педагогикалық тақырып пен экологияның байланысы. 
Педагогика тақырыбында экологиялық білім, тәрбие беретін ғылыми тану мүмкіншілігі. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
52 
 
1-сурет.Экологиялық білім негіздерін «Педагогика» пәніне енгізу әдісінің модельдік жүйесі. Автор С. К. 
Кожаева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет